Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануының құрылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
І Теориялық бөлім
1.1 Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануының
құрылуы
Қазақстан азаматтарына жер келесі мақсаттар мен қажеттіліктерге беріледі: шаруа (фермер) қожалығын, жеке меншікті қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, бау-бақшаға, мал өсіруге, құрылысқа, тұрғын үй шаруашылығын жүргізу және саяжай салу үшін.
Қазақстан Республикасы азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері жекеменшік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейін, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін, маусымдық жайылым уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарына сәйкес беріледі. [1,101 бап].
Жаңадан жер иелігін немесе жер пайдалануды құрғанда жер алушының алдына қойған мақсатына байланысты жерге орналастыру жұмыстарының көлемі мен мазмұны әртүрлі болады. Мысалы шаруа қожалығы құрылғанда жерге орналастыру жұмыстарының барлық кезеңдері орындалады: жерге орналастыру мәселесін көтеру; дайындық жұмыстары; жобаны жасау; жобаны қарау, бекіту; жобаның шешімін жер бетіне көшіру, тиісті құжаттарды тағайындап иесіне тапсыру.
Шаруа қожалығын құру, ол үшін жер бөліп беру және басқа жер пайдаланулардың және жер иеліктерінің құрылуы заңдық және теориялық негіздері келесі құжаттар болады: Жер кодексі 20.06.2003 ж. №442-ІІ, Жер реформасы жайында, Шаруа (фермер) қожалығы туралы ҚР заңы 31.03.98 ж. N 214-I., ҚР Президентінің заң күшіне ие Үкімдері: Жер қатынастарын жақсартужайында 5.04.94 ж. №1639, Жер жайында 22.12.95 ж. және т.б. [19, 20, 21, 22].
Қазіргі заңдылық бойынша шаруа қожалықтарына үлестері мына жерлерден беріледі: бұрынғы мемлекеттік ауылшаруашылық жұмысшыларына және ұжымшар мүшелеріне сол шаруашылықтардың жерлерінен;
ҚР басқа азаматтарына - аудандық арнайы жер қорынан немесе эмигранттық қордан беріледі. Шаруа қожалығына жер иелікке және арендаға беріледі. Бұл екі жағдайда да жерге орналастыру жұмыстары бірдей болады, тек қана пайдалану құжаты бірінші жағдайда - мемлекеттік Акт, ал екінші жағдайда - арендалық келісім. Арендалық келісімге арендаға берушілер мен алушылардың құқықтары және міндеттері беріледі және олардың арасындағы экономикалық келісімщарттар көрсетіледі.
5
Шаруа-фермерлік қожалықтарының үйлері елді мекенде орналасса үй қасындағы учаске иелікке беріледі. Ол жер шаруа қожалығының жер пайдалануына кірмейді, оның мөлшері: 0,25га - телімі, 0,15га - суарылатын жерлерде.
Шаруа қожалығының жер телімі үй қасындағы және далалық (бірнеше далалық) бөліктерден тұрады. Шаруа қожалығы жер телімін қай жерден алса да өз еркі:
далалық (бір, екі немесе бірнеше бөлек жерлерде беріледі, үй қасындағы жер бөлігі - ауылда, селода орналасады);
хуторлық (үй жер телімінде орналасады);
кооперативті (бірнеше жер телімі біріктеріледі, жұмыстарын бірігіп істейді).
Жердің топырағының құндылығына, рельефке, ауыл шаруашылық алқаптардың бытыраңқы орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай, егістік, мал азықтық және басқа алқап түрлерінен тұратын далалық жер бөлігі бір немесе бірнеше жерде, басқа жер пайдаланулармен жолақтана орналасуы мүмкін.
Бірақ әр шаруа қожалығының жер бөлігінің неғұрлым біртұтас болуына немесе бірнеше шаруа қожалықтарының жер бөліктерінің қатар орналасуына тырысу керек. Бірнеше шаруа қожалықтары жер өңдеу жұмыстарын бірігіп істеуге, өндірістік және әлеуметтік проблемеларын бірігіп шешуге жер бөліктерінің іргелес болғаны өте ыңғайлы. Мысалы: эрозияға қарсы шаралар жүргізу; тыңайтқыштар, гербицидтер және пестицидтер енгізу; жол және басқа инженерлік коммуникацияларды салу.
Кооператив мүшелері мүшеліктен шығып, жеке шаруа қожалығын құрғысы келсе, сол шаруашылқтан бөлініп алынған жерлер беріледі.
Ол жерлердің кадастрлық құны осы шаруашылық бойынша орташа кадастрлық құнға сәйкес болуы керек. Ал жер бөлімінің көлемі ұжымның бекіткен мөлшерімен немесе өкіметтің аудандық органымен бекітіледі.
Басқа адамдардың жер үлесінің мөлшері орташа аудандық жер қамтамасыздығына және жанұяның құрамына байланысты болады.
Жер телімі берілу үшін мына құжаттар керек:
- шаруа қожалығымен айналысқасы келген адамның өтініші. Бұл өтініште сұралған жер бөлігінің орны, көлемі, шаруа қожалығының құрамы және шаруа қожалығының айналысатын ауылшаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы және сол бағдарламадағы жерді тиімді пайдалану дәлелі;
- аудан әкімшілігінің шаруа қожалығына жер беруі және сол жердің көлемі
6
жайында шешімі;
- аудандық әкімшіліктің шаруашылық бойынша орташа жер бөлігінің көлемі жайында шешімі;
- селолық әкімшіліктің шаруа қожалығының жанұясы жайында анықтамасы: онда әр мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген.
Дайындық жұмыстары жалпы жаңа жер иеліктерін және жер пайдалануларды құру жобаларын жасағандай орындалады. Оларға қосымша келесі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қажет:
- шаруашылық бойынша топырақ бониттеу материалдарын зерттей отырып, ауылшаруашылық алқаптарының орташа бонитет балын анықтау керек;
- шаруа қожалығының сұраған жер телімі бойынша көшірме жасалып, оның бонитет балы есептелінеді және ол жер берілетін шаруашылық бойынша орташа балмен салыстырылады;
- дала ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы шаруа қожалығы сұраған жерлердің, олардың ауылшаруашылық алқаптары бойынша құрамының, орналасуының щаруа қожалығының шаруашылық жүргізу бағдарламаларына сәйкес келуі тексеріледі, трансформациялау, ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту мүмкіншіліктері анықталады;
- шаруа қожалығының үй жанындағы және дала жер бөліктерінің көлемі, сапасы, орналасатын орны жайында тілектері анықталады.
1. 2 Шаруа қожалығының жер пайдалануын жобалау
Жиналған дайындық материалдары бойынша дала және үй жанындағы жер бөліктерінің пайда болу жобалары жасалады. Жобаның тиімділігі экономика және экология жақтарынан дәлелденеді. Шаруа қожалығы жерлерінің көлемі мен сапасы орналасқан аймақтың табиғи жағдайларымен тығыз байланысты болады. Мысалы, оның мамандандығы, демек бүкіл өндірістік құрамы, осы жағдайлармен себептеледі.
Егер шаруашылық шөл, шөлейт аймақтарында орналасқан оның негізгі өндірістік бағыты қой, түйе немесе жылқы шаруашылығы болуы мүмкін. Ал мамандандығына қарай жердің шаруашылық пайдалануы, жер иеленудің жалпы ауданы, алқаптарының ара қатынастары, үлес салмақтары және басқа сол сияқты параметрлері қалыптастырылады.
Сонымен бірге шаруа қожалығының көрсеткіштері бірқатар әлеуметтік-эко номикалық факторлармен байланысты. Олардың ішінде елді мекендердің түрлері мен орналасу ерекшеліктері, халықтың саны мен қоныстану тығыздығы,
7
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның сипаттамасы және т.б. Мысалы, шаруа қожалығы туралы Заң бойынша бұрынғы жекешелендірілген шаруашылықтардың жер пайдалануының жалпы ауданын оның еңбекке жарамды мүшелерінің санына бөле отырып, әр адамға қатысты жер үлесінің мөлшері анықталған.
Шаруа қожалығының жер үлесінің орналасуына елеулі түрде елді мекендердің көлемі, орналасу ерекшеліктері, сонымен қатар гидрография мен ландшафт элементтері әсер етеді. Егер шаруа қожалығы иесінің әулеті шағын көлемді немесе бригада орталығында мекендесе, онда жер үлесі сол елді мекеннің жанында, не болмаса жуық жерде орналасуы мүмкін. Бұл ұйымдастыру формасын отрубті деп атайды.
Ал ірі елді мекендерден, шаруашылықтың орталық елді мекенінен, тұрғындарының жер үлестері шалғай жерлерде орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда шаруа қожалығының үйі жер иелігінің аумағында орналасуы мүмкін - бұл мекендеу түрі хуторлық деп аталады. Хуторлық форма қағида бойынша халықтың шоғырлана орналасқан аймағына тең. Ол әрбір жанұяға ауыл маңына жер бөліп беруге мүмкіншіліктің жоқтығы есебінен себептеледі.
Шаруа қожалығы ойдағыдай табысты болу үшін оны су көздерімен қамтамасыздандыру мәселесі өте маңызды. Сондықтан оның жер иеленуінің орналасуы гидрография элементтерінің орналасуына тәуелді. Бұл жағдайларды елемеуге болмайды және әрқашан, міндетті түрде ықылас салып ескерілуі қажет.
Қзіргі кезеңде жерге орналастырудың ландшафтқа бейімді болуына ерекше назар аударылады, сондықтан барлық шешімдер оған негізделе орындалуы тиіс. Бұл жерге орналастырудың басты ғылыми бағыты деуге де болады, оынң мәні - жер пайдалану жөніндегі іс-әрекеттер мен жердің реттестірілуін оның табиғи элементтерімен (бедер, гидрография т.б.) сәйкестендіру. Демек, ландшафтқа бейімделген, экологиялық тұрғыдан тұрақты шаруашылық жүйелерін қалыптастыру қажет.
Сондықтан шаруа қожалығының жер иеленуін құрғанда бедердің кеңістік қасиеттерін, гидрография мен жасанды нысандарға (жол, канал т.б.) мұқият ескеріп отыру керек. Мысалы, шаруа қожалығының жер иелігін орналастырғанда оның межелерін өзен-көл жағаларымен, бедері табиғи жерлерімен (жол, жота, ылди) сайма-сай келіп отырған жөн.
Шаруашылықтың өз міндеттерін ойдағыдай атқару оның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, инфрақұрылымның элементтерінсіз жұмыстың тиімді нәтижелеріне жету оңай емес. Сондықтан бұл факторларды әрдайым ескеріп отыру қажет. Инфрақұрылымның нашар дамуына байланысты, әсіресе жол торабының, электр және байланыс жүйелерінің, жоғарыда айтылған жер
8
иеленушілікті құрудың екі формасының (хуторлық пен отрубтік) қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайда отрубтік формасы қолайлы. Болашақ инфрақұрылымның дамуына қарай хуторлық жер иелену кең бой алуы мүмкін, өйткені шаруа ауылшаруашылық өндірісінің әрқашанда басында болуы тиіс.
Жобалау жұмыстарына келесі талаптар қойылады:
- жер пайдаланудың далалық және үй маңы бөліктерінің мөлшерлері әр адамға тиісті орташа жер үлесімен анықталады;
- өлінген жер пайдаланудың құрылымы, орны, құнарлылығы шаруа қожалығының өндірістік іс-әрекеттер бағдарламасына, тауарлық өнім алу үшін белгіленген әртүрлі салалар қатынастарына сәйкес алынады;
- жер телімі біртұтас, дұрыс немесе мүмкіндікке қарай конфигурациясы күрделі емес болуы тиіс. Жер пайдаланудың кемшіліктерін: аттамалы, оның ішінде топографиялық аттамалы, кірме-жергілікті, алыс-ұзын жерлікті болдырмау;
- негізгі жер иелігіне қосымша арендаға алынған жерлермен қатар, немесе компакті массивтер ретінде жақын арадан бөлінуі тиіс; мүмкіншіліктерге қарай мұнда да аттамалы, алыс-ұзын жерлер, кірме жерлердің пайда болмауына тырысу керек;
- шаруа қожалығының негізгі және арендалық жер үлестерін жобалағанда табиғи және жасанды шекараларды (жол, ұзын шұңқыр, су қоймасы), орман жолақтарын және бұрын жасалған инженерлік жобалардың шешімдерін жақсы зерттеп, пайдалану керек;
- шаруа қожалығының жер бөлгенде қалыптасқан территориялық-шаруашылықтың ішкі ұйымдастырылуын бұзбауға тырысу;
- жобада шаруа қожалығының мекені мен далалық жер бөлігінің (егістік, мал азықтық алқаптары) арасындағы қарым-қатынас, сыртқы байланыс пунктілерімен (өндірісті шикізатпен, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету және дайын өнімді қндеу, сату орындарымен) ыңғайлы қатынас болуына тырысу керек. Транспорттық шығынның мөлшері неғұрлым аз, шаруашылық мүшелерінің жұмыс орнына баратын уақыты және малды айдау жолы неғұрлым қысқа болуы тиіс.
Шаруа қожалығының жер пайдалануын құру жобасын жасау үшін 1:10000 -1:25000 масштабтардағы пландық картографиялық негіздер жасалады. Ол үшін ірі масштабты аэротүсірістер материалдары немесе 1:5000 масштабтағы планның көшіріндісін пайдалануға болады.
Топырақ картасы топографиялық планның кез келген тәсілмен орындалған
9

көшірмесінде жасалады. Топырақ картасының күрделі болмаған жағдайларында оларды пландық негізбен біріктіруге болады.
Жобаның мәтіндік бөлігіне кіретіндері:
жерге орналастыру ісін көтеру материалдарының жиынтығы;
камералдық және далалық дайындық жұмыстарының материалдары;
жобаға түсініктеме;
жобаны қарау, қабылдау және бекіту құжаттары.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Арнайы және эмиграциялық қорлардан жер берудегі жерге орналастыру іс-әрекеттерінің ерекшеліктері
Бұрынғы ауылшаруашылық мекемелерінің жұмысшыларынан басқа адамдарға, оның ішінде эмигранттарға берілетін жер үлесінің мөлшерін Үкіметтің аудандық органы, ауданның жермен қамтамасыз етілмегендігіне және шаруа қожалығын құрушының жанұя құрамына қарай белгілейді. Бұл категориядағы азаматтарға жер телімі жер қорынан, арнайы және эиграциондық қорлардан беріледі.
Арнайы және эмиграциялық қорлардан жер берудегі жерге орналастыру іс-әрекеттері:
- алынуға белгіленген жер телімі бойынша инвентаризациялау, сапасын анықтау материалдарын жинап, жүйелендіру;
- пландық-картографиялық материалдарға керекті, жер иеліктері мен жер пайдалануларының шекараларын көрсету; жер бедерін, гидрографияны, ауылшаруашылық алқаптары түсіру; инженерлік коммуникацияларды, ашық су қоймаларын, су көздерін (шахталық және құбыр құдықтар) белгілеу;
- орны және өту тереңдігін, су сапасын анықтау, топырақ және геоботаникалық карталардың көшірмесін түсіру, олардың легендаларын көшіру, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін ауылшаруашылық алқаптары, су және басқа ресурстарды қолдану ерекшеліктерін сипаттайтын зерттеу және ізденіс жұмыстарының материалдарын жинау, талдау;
- пайдалануға енгізілетін жерлер болса, оларда далалық ізденіс жүргізіледі;
- арнайы жер қорының экспликациясынан көшірме жасалады;
10
- жаңадан құралған шаруа қожалықтарының және кооперативтердің жерлерініңэкспликациясы құрылады;
- беруді негіздеу, есептеу және түсініктеме жазу;
- аудандық әкімшіліктің арнайы жер қорын құруы, шаруа қожалығына немесе кооперативке жер беруі жайында шешімдерінің көшірмесін дайындау.
Шаруа қожалығының жер иеленуі арнайы қордан құрылғанда оның мөлшерін анықтау іс-әрекеттерінің әдістемелері келесідей:
- шаруашылықтың маманданғандығы, өндірісінің көлемі, еңбекке жарамды адамдардың саны анықталды. Өсіруге жоспарланып отырған малдың түрлері мен саны, осыған байланысты жыртылған жердің пайдалану құрамы (бірінші жуықтауда). Бұл мәліметтер қағида бойынша, жер иеленудің жоспарларына қарай белгіленеді. Осы мақсатпен құрылған бірнеше шаруа қожалықтарының анкеталарын қолданған қолайлы. Анкетаға респонденттер жоғарыда келтірілген мағлұматтарды толтырады;
- өндірістің салалық құрылымы мен қажеттілігіне қарай ауылшаруашылық алқаптары беріледі;
Жалпы жер көлемін анықтау келесі әдістемелік жүйеде жүзеге асырылады:
малдың басы мен түріне қарай жем-шөп қажеттілігі есептеледі;
дақылдардың түсімділігі ескеріле отырып олардың егістік аудандары анықталады;
жыртылған жердің пайдалану құрамы мен дақылдардың үлес салмақтары есептеледі;
жайылымдардың және басқа мал азығы алаптарының аудандары есептен шығарылады;
- жер иелігінің жалпы ауданы есептеледі.
- жер иеленуді, оның ауданын және басқа көптеген факторларды ескере отырып, орналастырады, талапқа сай межелер жүргізіледі;
- жер салығының көлемі есептеледі;
- жоспарланған өндірістің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етулілуі анықталады;
- белгіленген тәртіп бойынша керекті құжаттар рәсімделеді.
Жер үлесі арқылы құрылатын жер иеленушіліктердің пайда болуы бұған қарағанда едәуір күрделілеу. Оның себебі әрбір болашақ жер иеленушіге тең экономикалық алғашқы шарттарды жасау талабы, жердің ауданымен қатар
11
сапасын ескере отырып, шаруа қожалығына бірдей жағдай қамтамасыз ету.
Осыған байланысты әдістемесі де едәуір өзгеше. Бұнда шаруа қожалығының жер иеленушілігі мынандай жүйелікте құрылады:
жер алуға құқығы бар азаматтардың саны мен алаптардың аудандарына қарай әрбір адамға тиісті үлесі есептеледі:
P n
Р = A (2.1)
онда: Р - бір адамға тиісті жер үлесі, га;
Рп - алқаптардың аудандары, га.;
А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны, адам;
шаруа қожалығының жер пайдалануының алғашқы (бірінші жуықтаудағы)
ауданын анықтау;
Рш =Р * n (2.2)
онда: Рш - жер пайдалануының алғаш.қы ауданы, га.;
n - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.
- жер пайдалануының алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;
- жердің сапасын ескеретін коэффицентті есептеу.
К с= Б орт
Б шк (2.3)
онда: Борт - шаруашылық бойынша орташа бал бонитеті;
Б ш.к - шаруа қожалығы бойынша орташа бал бонитеті;
Бұл коэффицент алқаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған жер, шабындық, жайылым).
жер пайдалануының ауданын жердің сапасын ескеретін коэффицент арқылы нақтылау:
Рш.қ =Рш. *Кс (2.4)
12
онда: Рш.қ. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га.;
Рш - алқаптардың шаруа қожалығы бойынша аудандары га.;
Кс - жердің сапасын ескеретін коэффицент;
жер салығын есептеу:
С =Рш.қ * Ц (2.5)
онда: С - жер салығының көлемі, теңге;
Ц - 1 га, жер үшін төлем (бонитет балына қарай алынады), теңге;
- есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.
- есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшеріне және шаруашылықтың жоспарланған мамандығына қарай мал басын нақтылау;
- мал басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін есептеу арқылы жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу;
- осы өнідіріс көлемі бойынша мағлұматтарды пайдалана отырып, еңбек ресурстарының керектігі есептеу және өнідіріс көлемін соңғылармен сәйкестендіру;
- күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың көлемдерін, сонымен бірге болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
- шаруа қожалығының жерді пайдалану немесе құқығын рәсімдеу.
Жер учаскелерін шауашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін қатысушылар құрамынан шыққан кезде өзінің жер учаскесін бөліп шығаруға немесе құнын төлетіп алуға құқылы.
Шаруашылық серіктестікке қатысушының немесе өндірістік кооператив мүшесін жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесі сыйақысыз нақтылы қалпында қайтарылады.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда тұрғын үйі бар азаматтардың үйі жанындағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа қожалығының жер учаскесінің құрамына кірмейді.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қорының
13
жерінен және босалқы жерден беріледі.
2.2 Өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелері
Қазақстан Республикасының азамтаттарына өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жекеменшікке жер учаскелері ауылшаруашылығы мақсатындағы жерден, аулдық елді мекендердің жерінен және босалқы жерден беріледі.
Саяжай салуға, жеке немесе ұжымдық бау-бақша салуға кейде арнайы жобалау жұмыстары жүргізілуі мүмкін (әдістемесіжалпы ауылшаруашылық қажеттілігіне жер бөліп берудегідей). Бірақ көбінесе жер бетінде олардың шекараларын балгілеп, тиісті құжаттарды тапсырумен жерге орналастыру жұмыстары аяқталады. Басқа жағдайларда жерге орналастыру жұмыстары жер бетінде объектінің жер иелігінің шекараларын бекіту және тиісті құжаттарды иесіне тапсыру жұмыстарымен шектеледі.
Өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерінің меншік иесі болып табылатын азаматтар ортақ мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде құқықтық жағдайы белгіленетін серіктестіктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтеріне бірігуге құқылы.
Бағбандыққа немесе саяжай құрылысына арналған жер учаскелері азаматтардың бөлек меншігінде болып, ал жер учаскелерінің меншік иелерінің ортақ қажеттерін қанағаттандыруға арнылған жер учаскелері мен басқа да мүлік олардың ортақ үлестік меншігінде болған жағдайда меншік иелері арасындағы ортақ мүлікке байланысты қатынастарға кондоминиум нормалары қолданылады.
ІІІ Жалпы қағидалар
Республика территориясының басым бөлігінде ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындар орналасқан. Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулар көбінесе ауылшаруашылық жерлерінде орналасады. Сондықтан әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық мұқтаждықтарға қажетті жер учаскелері ауылшаруашылық мекемелерінің үлесінен бөлінеді. Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде басқа заңдық мәнге ие болады. Енді олар негізінен жер иеленуі қалпынан жер пайдалануы статусына ауысады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі экономикалық және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер пайдалануларды құқықтық тұрғыдан рәсімдеу ic-әрекеттерін қамтиды. Демек, жерге орналастыру процесіне жобаны жасау және дәлелдеумен бірге жер учаскесін белгілеу, оның межелерін жер бетіне түсіру және жер пайдаланушыға пайдалануға құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі
14
мемлекеттік органдардың тиісті шешімін орындау жатады.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттілікте жер бөлу шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасау арқылы орындалады. Бұл жерге орналастыру жобаларында экономикалық тиімділігін дәлелдеумен бірге, заңдық және техникалық мәселелерді шешудің мәні көтеріледі.
Әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттық және басқа ауылшаруашылық емес объектілердің орналасуы өндіргіш күштерді орналастыру принциптерінің негізінде халық шаруашылығы салаларының экономикалық даму жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. Олардың орындары халық шаруашылығының салаларының экономикалық, қоғамдық даму барысында белгіленеді. Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы сол объектілердің орны нақтыланып, алып жатқан аумағы, шекарасы анықталып, бекітіледі.
Жер өндіріс құралынан кеңістік базисына айналады. Бұндай жағдайда шаруашылық аралық жерге орналастыру салааралық сипатқа ие болады, өйткені жердің бір саладан екіншісіне, бір категориядан басқасына ауыстыруы орын алады.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілер әртүрлі болады. Сонымен қатар бұлардың жер пайдалануларының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілерге жататындар:
- өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптер, энергетика, транспорт, байланыс кәсіпорындары;
- мәдени, ғылыми, денсаулық сақтау, демалу мекемелері;
- су, орман шаруашылығы, табиғатты қорғау және т.б. объектілер.
Уақыт аспектісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша берілуі мүмкін.
Ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің жер пайдалануын құру жобасын жасағанда келесі мәселелер шешіледі:
- ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілерді жермен қамтамасыз ету;
- олардың өндірістік жұмыстарын орындау үшін территориялық жағдай жасау;
- жерді тиімді пайдалануды және қорғауды ұйымдастыру.
Бұл жұмыстарды орындауда міндетті түрде шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы қамтитын шаруашылықтардың, мекемелердің, халық
15
шаруашылығының әр саласының мүддесі және ауыл шаруашылығының жерді пайдаланудағы құқығының үстемділігі міндетті түрде орындалып отырады.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын қоғамдық және мемлекеттік қажеттіліктерге жерлер барлық санаттардан беріледі. Жерге орналастыру жұмыстарының бұл түрінде экономикалық жағына қарағанда заңдық және техникалық жақтарының мәні жоғарылайды.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулардың көлемдері, алып жатқан орындары, конфигурациясы әртүрлі болады. Олар алып жатқан ортаға әртүрлі әсерлерін тигізеді. Кейбіреулері топырақ пен суды ластайды, жерді ылғалсыздандырады немесе керісінше су алдырып жібереді. Осының барлығы жерге орналастыру барысында еске алынулары керек.
Территорияны ұйымдастыруда, жерді пайдалануда, қоршаған ортаға тигізер әсеріне байланысты ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулар келесі түрлерге бөлінеді:
- қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері;
- жер аумағы үлкен өндіріс кәсіпорындары, қалыптасқан территорияны бұзады; құрылыстарды бұзуға, адамдарды көшіруге әкеледі, ортаға кері әсерін тигізеді, жерді, суды ластайды;
- ұзын объектілер: жер көлемі аз болса да, қоршаған ортаға тиетін әсері үлкен;
- пайдалы кендерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер. Өндіріс кәсіпорындары - көмір және темір кендерін; құрылыс материалдарын және т.б. өндіру - жер пайдалануын бөлгенде, жердің бетінде өте үлкен өзгерістер болады, оның құнарлығы жойылады.
- су қоймаларына бөлінген ірі жер массивтері.
Ауылшаруашылығы өндірісіне ең жақсы, құнарлы жерлер берілуі тиіс. Осы принципке байланысты, ыңғайына қарай, ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттілікке ең құнарсыз, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі. Ауыл шаруашылығы пайдалануынан алынған жерлердің құны төлену керек.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттілікке жер алушы субъект алынған жерінің құнарлы қабатын тіліп алып, сақтап, кейін рекультивациялау үшін немесе құнарсыз жерлердің құнарлылығын жоғарылату үшін пайдалануы тиіс. Уақытша алынған жер учаскесін қажетіне пайдаланып болғаннан кейін, жер пайдаланушы өзінің қаражатына жердің құнарлылығын қайта орнына келтіріп беруі керек.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құрғанда
17
шаруашылық аралық жерге орналастырудың шешетін мәселелеріне бұл мекемелердің жұмыс жасауына қажетті орын, кеңістік базис дайындау ғана емес, осымен бірге республикалық жер ресурстарын тиімді пайдалануға әсер ету және құнарлы жерлерді орынсыз пайдалануға жол бермеу көзделеді.
Жер заңдары бойынша ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдаланушыларға жер учаскесі бөлініп берілгенде, ауыл шаруашылығының жерді пайдаланудағы құқықтық үстемділігі ескерілуге тиіс. Бұл принципті жүзеге асыру үшін келесі шарттарды орындап отыру қажет. Ауыл шаруашылығына жатпайтын мекемелерге жер бөлгенде міндетті түрде орындалуға тиісті жайлар:
- ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды жерлер, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне берілуге тиісті;
- ауыл шаруашылық емес мұқтаждықтарға ауыл шаруашылық өндірісіне жарамсыз немесе сапасы өте төмен жерлер берілуі тиіс;
- берілетін жер учаскелері ауылшаруашылығына жатпайтын мекеменің функционалдық қажеттілігіне сәйкес болуы керек және көршілес мекемелерге ыңғайсыздық туғызбауы қажет;
- берілген жердің ауданы, конфигурациясы мекеменің алдына қойған мақсатына сәйкес келулері керек;
- қоршаған ортаны сақтауды, жерді, суды, ауаны ластамауды қамтамасыз ету.
- бұндай объектілерге ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ерекше жағдайларда үкіметтің шешімімен, жер иеленушілердің келісімі бойынша ғана беріледі;
- ауыл шаруашылық өндірістің шығындарын жер алған кәсіпорындар міндетті түрде өтеуге тиісті;
- сонымен қатар олар берілген жер учаскесінің топырағының құнарлы қабатын алып, басқа жерлерді жақсарту мақсатымен қолдануға міндетті, ал уақытша берілген жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін бұрынғы қалпына келтіруге тиісті.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру іс барысы:
- берілетін жердің орны және ауданы жайында қызығушылығына тиетін мекемелермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке азаматтармен алдын ала келісім жасау;
- жергілікті жерде сол жер учаскесін таңдап алу;
- жер бөліп беру жобасын жасау және оны пайдалануға беру.
18
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құруға өтініш берушінің арызына байланысты тиісті деңгейдегі әкімшіліктің объектінің орналасатын орнын анықтау бойынша шешімі негіз болып келеді.
Жеке адамдар, мекемелер, шаруашылықтар, басқа жер алуға мүдделілер жобалау жұмыстарын жүргізер алдында жер иелерімен, жер пайдаланушылармен және тиісті Үкімет орындарымен алдын ала объектінің орналасатын орны және алынатын жер учаскесінің ауданы жайында келісім жасаулары керек.
Дайындық жұмыстарында тиісті құжаттар мен материалдар жиналады: жер бөліп беруде қамтитын жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің пландарының көшірмелері және жер-есептік деректері; жерге орналастыру объектісінің территориясында жүргізілген топырақты бонититеттеу және жерді экономикалық бағалау материалдарын жинау және зерттеу; өндірістік маңызы бар пайдалы қазбалардың болуы жайында анықтама алу; бұрынғы жүргізілген зерттеу және ізденіс жұмыстарының (топырақ, геоботаникалық, агрошаруашылық, мелиоративтік және т.б.) материалдарын жинау, жүйелеу және зерттеу; бөлінетін жерде үйлердің, ғимараттардың, жеміс-жидек, қорғаныш орман алқаптарының, аяқталмаған өндірістің бар болуы және олардың бағасы жайында деректер жинау.
Жергілікті жерде жер учаскесін таңдап алудыаудан әкімшілігінің Үкімі бойынша құрылған комиссия орындайды. Ол комиссия жер учаскесін беру мүмкіндігін: жер қорынан, қолданыстағы заңдылық негізінде басқа біреуден алып қою немесе сатып алу жолдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруа қожалықтары
Шаруа қожалығының меншігі
Шаруашылық - аралық жерге орналастыру
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Қызылoрдa oблыcы Қaзaлы aудaнының Oрынбeк шaруa қoжaлығын құрудa тиімді жeр үлecін aнықтaу
Ауыл шаруашылық жерлерін бағалау
Шаруа қожалықтарының даму концепциялары
Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері
Аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Пәндер