Салқындатылған ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кipicпе
ІІ. Негiзгi бөлiм:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасы аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) ережесі
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салқындатылған ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салқындатылған ет және ет өнімдерді темір жол көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
4. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салқындатылған ет және ет өнімдерді әуе көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
5. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салқындатылған етті және ет өнімдерін, жануартекті шикізаттарды темір жол көліктерімен тасымалдау
6. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тасымалдау кезінде ауру жануарларды анықтаған кездегі іс-шаралар
ІІІ. Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кipicпе

Ет - тамақтық және биологиялық құндылығы жоғары азық болып табылады. Оның құрамында құнды ақуыздар, майлар, В1, В2, В6, РР, В12 дәрумендері, минералды элементтер - фосфор, темір, калий, натрий, күкірт, мырыш, мыс, экстрактивті заттар бар.
Әр түрлі жануарлардың етінде ақуыздардың мөлшері бірдей емес: қой етінде - 15,6-19,8 %, сиыр етінде - 18,6-20 %, жылқы етінде - 19,5-20,9 %, шошқа етінде - 11,7-17 %. Сорпалық өнімде (субпродукты) ақуыздардың мөлшері осыларға жақын - 9,5-25,2 % аралықта ауытқиды, бірақ егер 1-санатты сорпалық өнімдердегі - бауырдағы, тілдегі, жүректегі, бүйректердегі - ақуыздар жоғары биологиялық құндылығымен ерекшеленеді, ал екінші санатты сорпалық өнімдердің (ми, өкпе, көкбауыр, құйыршық) құрамына кіретін ақуыздардың құндылығы төмендеу, бірқатар алмастырылмайтын амин қышқылдары жеткіліксіз.
Жануартекті өнімдер тез бүлінетін өнімдерге жататындықтан, олардың тасымалдау жұмыстарын мұқият орындау қажет. Жүктерді тасымалдау алдында жөнелтуші жүктерді дұрыс сақтап жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Тез бүлінетін арнайы иісі бар және ылғалды, иісті тез сіңіретін азықтарды бірге тасымалдауға болмайды.
Қатырылған, суытылған, ерітілген ет және ыстандыларды бірге тасымалдауға болмайды. Бі камерада ет пен балықты тасымалдауға болмайды. Егер қой, ешкі, шошқа, сиыр етін бірге тасымалдау керек болса, онда оларды жүктік жердің әрбір бөліктеріне бөлек бөліп қояды. Қой етінің үстіне салмағы ауыр басқа мал түрінің ұшасын қоюға болмайды. Ерітілген немесе суытылған етті тасымалдау кезінде ұшалар ілініп тұратындықтан, жүкті тасымалдау орыны биік болуы керек, сондықтан оларды ыдыс қораптарға салуға болмайды.
Жануартекті азықтарды техникалық жабдықтармен, металл өнімдерімен, бояу заттармен бірге қосып тасымалдауға болмайды.

ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Қазақстан Республикасы аумағында орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) ережесі

Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына және 8-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және республика аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринариялық сертификат - республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық құжат;
2) ветеринариялық анықтама - жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық құжат;
3) дезинфекция - объектіні тазалағаннан кейін жүргізілетін жануарлардың инфекциялық және паразитарлық ауру қоздырғыштарын жою бойынша рәсім;
4) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
5) шел - теріні бөлу кезінде дермадан ажыратылатын тері қабаты;
6) төсеме - жануарларға жұмсақ, құрғақ, таза және жылы құндақ жасау үшін пайдаланылатын материал қабаты;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
8) тасымалдау - тасымалдаудың кез келген құралдарын (авто, темір жол, әуе, су) пайдаланып бір пункттен басқасына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстырумен байланысқан рәсімдер кешені.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты (мал айдау трассалары) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісім бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарымен анықталады.
4. Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушы 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6029 тіркелген) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектілерге ветеринариялық құжаттарды беру ережесіне сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 432 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 тіркелген) Жануарлардың және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалданғанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық домдау туралы ережесіне сәйкес дауалауға жатады.
6. Жануарлар мен құстарды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жүк жөнелтуші оларды жүру кезеңіне жемшөп және төсемелермен қамтамасыз етеді.
7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауы (бұдан әрі - бақылау) оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде оларды тиеу, түсіру жүргізілетін аумақтың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты жүретін аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен (бұдан әрі - Инспектор) жүзеге асырылады.
8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиеу кезінде инспектор:
1) тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық құжаттардың болуына (ветеринариялық құжаттарды толтырудың дұрыстығы (толықтығы), ветеринариялық құжаттарды берушілердің қолдарды және мөрлерінің болуы);
2) көлік құралдарының жағдайына және температуралық режимнің (көлік құралдары мен өнімнің) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес сақталуына;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын көлік құралдарына дауалау жүргізу туралы куәландырушы құжаттардың болуына;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы мөлшерінің таңбалаудың ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігіне;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің тасымалдау режимі мен жағдайларына ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
6) тірі жануарлардың орнын ауыстыру кезінде ветеринариялық тексеріп қарауға (таңдамалы термометрияға, тамыр соғысы мен тыныс алуын өлшеуге) бақылауды жүзеге асырады.
Жануарлар тиеу орындарына (темір жол станциясы, порт, пристань) тиеудің басталуына дейін кемінде 3 сағат бұрын жеткізіледі және тиісті аумақтың Инспекторымен тексерілуге жатады. Инспектор жануардың денсаулық жағдайын, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) мүмкіндігін анықтайды.
9. Жұқпалы аурулармен ауыратын немесе күмәнді жануарлар мен құстар, ветеринариялық құжаттарға сәйкес келмейтін деректер анықталған немесе ветеринариялық құжаттар болмаған жағдайда Инспектор жүк жіберушінің қатысуымен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау актісін жасайды.
10. Бақылау нәтижелері бойынша Инспектор ветеринариялық құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиеуге, түсіруге рұқсат берілгендігі туралы белгі жасайды.

ІІ.2. Ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

Жануарлардан алынатын өнімдерді облыс сыртына тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды сақтап, арнайы жабдықталған автокөліктерде жүзеге асырылады (етті қатарлау және асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі).
Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес температуралық режим сақталады.
Автокөлік құралымен жануарлардың етін тоңазытылған, мұздатылған немесе суыған қалпында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі (кебу қабығы пайда болып, 6 сағат бойы суытылған).
Жаңа сойылған немесе дефростацияланған (ерітілген) етті тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
Суытылған немесе тоңазытылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын аралықтарға тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оны үйіп, бірақ екі қабаттан асырмай артуға рұқсат етіледі. Автокөлік кузовының еденін жуады, таза брезент, содан кейін таза мата төсейді.
Құстың ұшаларын жәшіктерге қатарлайды.
Жұмыскер-жүк тиеушілерге немесе басқа тұлғаларға тиелген етпен немесе ет өнімдерімен бірге автокөлік құралының кузовында болуға жол берілмейді.

ІІ.3. Ет және ет өнімдерді темір жол көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

Ет және ет өнімдерді тасымалдаған (орнын ауыстырған) кезде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалардың және талаптардың (қатарлап және асып қою тәртібі, температуралық режимі, тоңазыту жүйесінің әсері) сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған вагондарды пайдаланады.
Буып-түюсіз тасымалданатын етті вагонның торлары мен қабырғаларының арасына суық ауаның алмасуына арналған саңылаулар қалдыра отырып, алдын-ала еден торларымен, сондай-ақ қабырғаларды тиеу биіктігіне немесе қағазбен төсеп, тығыз қатарлармен тиейді.
Тоңазытылған және суытылған етті вагондарға ілмекке іліп, ұшалардың, жартылай ұшалардың және ширек ұшалардың өзара, еденмен және вагонның қабырғаларымен үйкелуіне жол бермей тиейді.
Сиыр етінің жартылай ұшаларын оң жақ жартылары вагондар есіктерінің бір жағында, сол жақ жартылары басқа жағында, ал ішкі жақтары вагонның тік қойылған қабырғаларына қарайтындай асып қояды.
Сиыр етінің ширек ұшаларын және қой ұшаларын екі қабат қылып асып қояды - сиыр еті мен қой етінің екінші қабатын бірінші қабатқа жіппен асып қояды. Үлкен көлемдегі жартылай ұшаларды немесе ширек ұшаларды шахматтық тәртіппен ілмекке іледі. Мұздатылған еттің сүйегінің жанындағы бұлшық ет қалыңының температурасы тиеу кезінде -8 -12 С-ден артық емес болады.
Буып-түйілген мұздатылған ет блоктарының температурасы -8 С-ден артық емес, тоңазытылған еттің бұлшық ет қалыңында -0-ден +4 С-ге дейін, салқындаған етте +4-тен + 12 С-ге дейін. Салқындатылған қалыпта сиыр етін, қой етін және жылқы етін тасымалдайды.
Ұзынынан жартылай ұшаларға бөлшектенген шошқа етін сиыр еті мен қой еті сияқты асып қояды.
Кесілген шошқа еттерін тоңазытылған күйде тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
Инспектор бұлшық ет қалыңы мен сүйектерде тасымалдауға ұсынылған орындарының кемінде 5%-да температурасын өлшейді.
Өндірістік қайта өңдеуге арналған етті мұздатылған күйінде тасымалдайды (орнын ауыстырады), бұндай ет қандай мақсатта жолданылатыны қоса берілетін құжаттарда көрсетіледі.
Мұздатылған ет және киттердің бауыры температурасы -10оС артық емес блоктарда буып-түйіліп тасымалданады (орнын ауыстырады).
Құс еті ыдыстарда тасымалданады (орнын ауыстырады):
мұздатылған күйінде - бұлшық ет қалыңдығындағы температурасы -18оС-ден артық емес, тазаланған және жартылай тазаланған;
тоңазытылған күйінде - бұлшық ет қалыңдығындағы температура 0-ден +4оС-ге дейін.
Үй қоянының ұшалары бұлшық ет қалыңдығындағы температурасы - 6оС артық емес, терісіз, бассыз және ішкі мүшелерісіз (бүйректен басқасы), көгерудің, кілегейленудің, ылғалданудың ізісіз жәшіктерде тасымалданады (орны ауыстырылады).
Субөнімдерін (тілдерді, миларды, еріндерді, жүректі, бауырды, бүйректерді, құйрықтарды, асқазандарды) ұлпа қалыңындағы температурасы - 6оС артық емес, балауса, таза, бұзылудың белгілерісіз тасымалданады (орны ауыстырылады).
Инспектордың рұқсаты бойынша субөнімдердің аңдарға арналған жемшөп екенін тауарлық - қоса жүретін құжаттарда көрсетіп, жемшөпке арналған брикеттелген мұздатылған субөнімдерді тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жібереді.
Ысталған еттерді саңылаулары бар жәшіктерде тасымалдайды (орнын ауыстырады). Ысталғандарды оларға тамақтық ерітілген майды құйып тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі.
Шикідей ысталған және жартылай ысталған шұжықтар таза құрғақ беткеймен, қабығы зақымдалмай тасымалданады (орны ауыстырылады). Жартылай ысталған шұжықтарды +4оС артық емес температурамен тиейді.
Келесі өлшемдерге сәйкес келетін шпикты тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол беріледі:
1) түсі - ақ немесе сарғаюсыз, қараюсыз немесе басқа реңдерсіз қызғылт реңі бар ақ
2) консистенциясы - тығыз, майлы емес, тұтқыр емес;
Жануарлардың тамақтық ерітілген майлары (сиыр майы, қой майы, шошқа майы және сүйек майы) май өткізбейтін қағазға оралып және 4 С жоғары емес температурадағы жәшіктерге буып-түйіліп ағаш бөшкелерде, қаңылтыр және шыны банкаларда тасымалданады (орны ауыстырылады).
Тұздалған ет кесегі тұздық құйылған бөшкелерде тасымалданады, тұздықтың жарамдылық мерзімі 10 күннен аз болса, тасымалдауға жіберілмейді.

ІІ.4. Ет және ет өнімдерді әуе көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі

Тез бұзылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (ыстық ысталған балық, ұзақ сақтауға шыдамайтын ет және сүт өнімдері, асыл тұқымды жұмыртқалар, ұсақ үй жануарлары, тәуліктік балапандар) әуе көлігімен тасымалданады. Объектілердің ұшаққа жеткізілу уақыты жүк жөнелтушінің аэропортпен келісімі бойынша белгіленеді.
Сапасы, буып-түйілуі және термиялық дауалануы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жануарлардан алынатын өнімдер
тиеуге жіберілмейді. Ет және ет өнімдерін тасымалдау (орнын ауыстыру)
кезінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес температуралық режим сақталады.
Сүтті, қаймақты ұшақтың жүкке арналған үй-жайында белгілеп, мықтап жабылатын құтыларда тасымалдайды.
Жұмыртқалар мықты қораптарда арнайы буып-түю материалдарымен тасымалданады (орны ауыстырылады). Жұмырқаларды жоңқамен немесе сабанмен буып-түюге жол берілмейді.
Суық ысталған, қақталған және басқа балықты ыдыста (жәшіктерде, қораптарда, себеттерде, банкаларда, тұздалғанды - бөшкелерде) тасымалдайды.

ІІ.5. Салқындатылған етті және ет өнімдерін, жануартекті шикізаттарды темір жол көліктерімен тасымалдау
Ет және ет өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ерекшелігі сапасын сақтай отырып, жылдам жеткізу керек. Ветеринариялық инспектор ветеринариялық сертификаттың дұрыс рәсімделгенін, олардың берілген өнімге сәйкестігін тексереді, құжаттары дұрыс толтырылмаған жүк тасымалдауға жіберілмейді. Оларды жеткізу үшін арнайы тоңазытқышты көлік - машинамен суытылған және электрмен жылытылған изометриялық вагондар, сонымен қатра мұзды - тұзды суытылатын мұздық вагондар, рефрижераторлы вагондар пайдаланылады. Рефрижераторлы вагондар мұздақ вагондарға қарағанда артықшылығы молырақ, онда 15С тен - 18С дейінгі температуралық режимін ұстануға болады. Мұздатылған 30 т дейінгі етті артып, түсіруге 3 сағаттан көп емес уақыт беріледі
Қоңдылығы ортадан төменгі жануарлардан сойылған суытылған етке тасымалдау мерзімі 25% қысқартылады, оны үлкен жылдамдықпен жеткізуі шарт. Суытылған, тоңазытылған сиыр, шошқа, қой еттерін вагондарға ілмектерге іліп тасиды.Мұздатылған етті және субөнімдердіжазғы мерзімдерде тек рефрижераторлыы вагондарда тасымалдайды. Тасымалдау барысында салмақ түсуі орын алады.
Ет пен өзге өнімдер тасымалдауға арналған изотермиялық вагондарда артар алдында техникалық және санитарлық сәйкестігі тексеріледі. Бөгде иісі бар вагондарды пайдалануға болмайды. Жөнелтерден 2-4 сағат бұрын мұздақ вагондарға мұз бен тұз салынуы керек.Жазда тасымалдағанда мұздатылған етті мұз бен тұзға 4 сағат, ал суытылғанда 2 сағат бұрын салады.
Жолда мұздақ-вагондарды әрбір 24-48 сағат салып мұзбен толықтырады. Қыста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кептірілген терілерді тасымалдау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жануарлар ауруларының қоздырғыштары
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Мал шикізат өнімдері
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Тағамдық өнімдердің сапасы
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Пәндер