Қаржы, ақша айналымы және несие



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарына факторингті де жатқызу керек.
Қазақстанда факторингтің қаржы тәуекелдерін басқару, факторингтік операцияларды реттеу, факторингтік операцияларды жүргізудің дұрыс және уақтылы процедуралары жүзеге асырылатын жеткілікті дәрежеде орнықты рыногының әзірше қалыптаса қоймағанын ескерсек, осы үдерістердің барлығын жүйелі түрде зерттеу барынша өзекті болып табылады.
Қазіргі таңда факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарының жағдайын теориялық талдау, факторинг түріндегі қаржылық инновацияларды тәжірибеде қолдануды дәйектеу, факторингтік операцияларды жүзеге асыру барысында қаржы тәуекелдерін басқару, факторингті сақтандыру үдерісін қолдану айрықша өзектілікке ие болып отыр. Бұл жағдайда ғылыми ізденіс және ғылыми зерттеу орталығына қазақстандық факторинг рыногының дамуының басым бағыттарының дәйектемелері ұсынылады.
Сонымен бірге осы көп қырлы мәселе әлі де жан.жақты зерттеуді қажет етеді. Маңызды және шешілмеген мәселелердің бірі «факторинг және факторингтік операциялар рыногы» ұғымын теориялық және тәжірибелік дәйектеу, факторингтік операциялардың түрлерін нақты ажырату болып табылады, факторинг жүргізу процедураларын реттеу проблемалары да толығымен әзірленген жоқ, Қазақстан Республикасында өзінің қызметі тұрғысынан екінші деңгейлі банктерді толық құқықпен алмастыруы қажет, факторинг компанияларын қалыптастырудың және дамытудың жаңа мүмкіндіктері аз зерделенген, факторингті сақтандыру проблемасы шешілмеген.
Зерттеліп отырған проблеманың күрделілігі мен көп жоспарлылығы, шешілмеген және таласты мәселелердің көптігі, олардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіру қажеттігі диссертациялық жұмыстың өзектілігін анықтады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Несие рыногы мен факторингтік операциялар рыногының даму проблемаларын зерттеудің теориялық.әдіснамалық негізін Дж. М. Кейнстің, Г. Кассельдің, А. Смиттің, Д. Рикардоның, П. Самуэльсонның, С. Харристің, М. Фридманның, Мельтцердің, Лейдлердің және басқалардың еңбектері қалады.
Факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарының дамуының жаңаша тенденциялары ресейлік ғалым.экономистер мен тәжірибешілер . Л. И. Абалкиннің, Н. Бурениннің, Д. М. Михайловтың, А. Киреевтің, Л. Н. Красавинаның, М. Г. Капустиннің, А. Г. Наговициннің, Д. В. Смысловтың, В. Платонованың, М. К. Бункинаның, И. Г. Балабанованың және басқалардың үлкен қызығушылықтарын туғызды.
Қазақстан Республикасы факторинг рыногының стратегиялық дамуының қаржы саясатындағы нарықтық қайта құрулардың ұзақ уақыттық бағдарларын белгілеген түбегейлі желісі Қазақстанның 2030 жылға дейін даму
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарына факторингті де жатқызу керек.
Қазақстанда факторингтің қаржы тәуекелдерін басқару, факторингтік операцияларды реттеу, факторингтік операцияларды жүргізудің дұрыс және уақтылы процедуралары жүзеге асырылатын жеткілікті дәрежеде орнықты рыногының әзірше қалыптаса қоймағанын ескерсек, осы үдерістердің барлығын жүйелі түрде зерттеу барынша өзекті болып табылады.
Қазіргі таңда факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарының жағдайын теориялық талдау, факторинг түріндегі қаржылық инновацияларды тәжірибеде қолдануды дәйектеу, факторингтік операцияларды жүзеге асыру барысында қаржы тәуекелдерін басқару, факторингті сақтандыру үдерісін қолдану айрықша өзектілікке ие болып отыр. Бұл жағдайда ғылыми ізденіс және ғылыми зерттеу орталығына қазақстандық факторинг рыногының дамуының басым бағыттарының дәйектемелері ұсынылады.
Сонымен бірге осы көп қырлы мәселе әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Маңызды және шешілмеген мәселелердің бірі «факторинг және факторингтік операциялар рыногы» ұғымын теориялық және тәжірибелік дәйектеу, факторингтік операциялардың түрлерін нақты ажырату болып табылады, факторинг жүргізу процедураларын реттеу проблемалары да толығымен әзірленген жоқ, Қазақстан Республикасында өзінің қызметі тұрғысынан екінші деңгейлі банктерді толық құқықпен алмастыруы қажет, факторинг компанияларын қалыптастырудың және дамытудың жаңа мүмкіндіктері аз зерделенген, факторингті сақтандыру проблемасы шешілмеген.
Зерттеліп отырған проблеманың күрделілігі мен көп жоспарлылығы, шешілмеген және таласты мәселелердің көптігі, олардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіру қажеттігі диссертациялық жұмыстың өзектілігін анықтады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Несие рыногы мен факторингтік операциялар рыногының даму проблемаларын зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін Дж. М. Кейнстің, Г. Кассельдің, А. Смиттің, Д. Рикардоның, П. Самуэльсонның, С. Харристің, М. Фридманның, Мельтцердің, Лейдлердің және басқалардың еңбектері қалады.
Факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарының дамуының жаңаша тенденциялары ресейлік ғалым-экономистер мен тәжірибешілер - Л. И. Абалкиннің, Н. Бурениннің, Д. М. Михайловтың, А. Киреевтің, Л. Н. Красавинаның, М. Г. Капустиннің, А. Г. Наговициннің, Д. В. Смысловтың, В. Платонованың, М. К. Бункинаның, И. Г. Балабанованың және басқалардың үлкен қызығушылықтарын туғызды.
Қазақстан Республикасы факторинг рыногының стратегиялық дамуының қаржы саясатындағы нарықтық қайта құрулардың ұзақ уақыттық бағдарларын белгілеген түбегейлі желісі Қазақстанның 2030 жылға дейін даму

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 336. 717. 061.3: 336.713
Қолжазба құқығында

ЖОРАБАЕВА ЖУЛДЫЗАЙ КУТТИЕВНА

Қазақстан Республикасындағы факторингтік операциялар рыногы: теориясы және
даму келешегі

08.00.10 – Қаржы, ақша айналымы және несие

Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде
орындалды

Ғылыми жетекшісі экономика
ғылымдарының

докторы К.Ж. Бертаева

Ресми опоненттер экономика
ғылымдарының

докторы С.С. Арыстанбаева

экономика ғылымдарының

кандидаты Г.А. Раматуллаева

Жетекші ұйым Қазақ
экономика, қаржы

және халықаралық сауда

университеті

Қорғау 2010 жылдың 26 ақпанында сағат 16.30 Халықаралық бизнес
университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену
бойынша Д 20.01.07 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8А, 208 бөлме.

Диссертациямен Халықаралық Бизнес Университетінің кітапханасында
танысуға болады.

Автореферат 25 қаңтарда 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы э.ғ.д.,
А.О. Мухаммедов

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қаржы
секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру
жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың
қатарына факторингті де жатқызу керек.
Қазақстанда факторингтің қаржы тәуекелдерін басқару, факторингтік
операцияларды реттеу, факторингтік операцияларды жүргізудің дұрыс және
уақтылы процедуралары жүзеге асырылатын жеткілікті дәрежеде орнықты
рыногының әзірше қалыптаса қоймағанын ескерсек, осы үдерістердің барлығын
жүйелі түрде зерттеу барынша өзекті болып табылады.
Қазіргі таңда факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарының
жағдайын теориялық талдау, факторинг түріндегі қаржылық инновацияларды
тәжірибеде қолдануды дәйектеу, факторингтік операцияларды жүзеге асыру
барысында қаржы тәуекелдерін басқару, факторингті сақтандыру үдерісін
қолдану айрықша өзектілікке ие болып отыр. Бұл жағдайда ғылыми ізденіс және
ғылыми зерттеу орталығына қазақстандық факторинг рыногының дамуының басым
бағыттарының дәйектемелері ұсынылады.
Сонымен бірге осы көп қырлы мәселе әлі де жан-жақты зерттеуді қажет
етеді. Маңызды және шешілмеген мәселелердің бірі факторинг және
факторингтік операциялар рыногы ұғымын теориялық және тәжірибелік
дәйектеу, факторингтік операциялардың түрлерін нақты ажырату болып
табылады, факторинг жүргізу процедураларын реттеу проблемалары да толығымен
әзірленген жоқ, Қазақстан Республикасында өзінің қызметі тұрғысынан екінші
деңгейлі банктерді толық құқықпен алмастыруы қажет, факторинг компанияларын
қалыптастырудың және дамытудың жаңа мүмкіндіктері аз зерделенген,
факторингті сақтандыру проблемасы шешілмеген.
Зерттеліп отырған проблеманың күрделілігі мен көп жоспарлылығы,
шешілмеген және таласты мәселелердің көптігі, олардың мәнін ғылыми тұрғыдан
түсіндіру қажеттігі диссертациялық жұмыстың өзектілігін анықтады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Несие рыногы мен факторингтік
операциялар рыногының даму проблемаларын зерттеудің теориялық-әдіснамалық
негізін Дж. М. Кейнстің, Г. Кассельдің, А. Смиттің, Д. Рикардоның, П.
Самуэльсонның, С. Харристің, М. Фридманның, Мельтцердің, Лейдлердің және
басқалардың еңбектері қалады.
Факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарының дамуының жаңаша
тенденциялары ресейлік ғалым-экономистер мен тәжірибешілер - Л. И.
Абалкиннің, Н. Бурениннің, Д. М. Михайловтың, А. Киреевтің, Л. Н.
Красавинаның, М. Г. Капустиннің, А. Г. Наговициннің, Д. В. Смысловтың, В.
Платонованың, М. К. Бункинаның, И. Г. Балабанованың және басқалардың үлкен
қызығушылықтарын туғызды.
Қазақстан Республикасы факторинг рыногының стратегиялық дамуының қаржы
саясатындағы нарықтық қайта құрулардың ұзақ уақыттық бағдарларын белгілеген
түбегейлі желісі Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында және
Қазақстанның қаржы рыногының даму тұжырымдамасында және басқа құжаттарда
анықталған. Қазіргі жағдайларда қаржылық тәуекелдерді басқару саясатының
басым бағыттарын таңдау мәселелері, факторингтік операциялар процедураларын
реттеумен, екінші деңгейлі қазақстандық банктердің несиелік қарыздарын жаңа
банктік қызметтерді қолдану есебінен қысқартумен, Қазақстанның халықаралық
қаржы-несие институттарына қатысуымен байланысты проблемаларды қазақстандық
ғалым-экономистер мен тәжірибешілер зерттеді: К. А. Сағадиев, А. К.
Арыстанов, К.Ж. Бертаева, В. Д. Ли, Г. А. Марченко, С. Б. Мақыш, Г. С.
Сейтқасымов, У. М. Искаков, В. Д. Мельников, Д.А. Шыныбеков, С. Ж.
Ынтықбаева, М.Х. Тусеева, С.С. Арыстанбаева, Г.Т. Абдрахманова, Ж. М.
Елубаева және т.б.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
мақсаты факторингтік операциялардың қазақстандық рыногын қалыптастыру мен
дамытуға қатысты теориялық тәсілдемелер дайындауда және оны дамытудың басым
бағыттарын халықаралық факторинг рыногының әлемдік даму тәжірибесін және
тенденциясын ескере отырып әзірлеуде болып табылады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай зерттеу міндеттері қойылды:
– факторинг және факторингтік операциялар ұғымын анықтау және дәйектеу
бойынша теориялық сипаттағы ғылыми әзірлемелерге талдау жасау;
– факторингтік операциялар түрлеріне жаңа жіктелім әзірлеу;
– қаржы ағымдарын реттеу үдерісіндегі факторингтік компаниялардың
қызметтерінің экономикалық ерекшеліктерін ашу;
– қазақстандық факторинг және факторингтік операциялар рыногының
қалыптасуына, олардың одан әрі дамуының негізгі заңдылықтары мен
тенденцияларын айқындай отырып, сатылы талдау жүргізу;
– қазақстандық факторинг рыногының институционалдық құрылымын
жетілдірудің қажеттігін дәйектеу;
– қазақстандық факторинг рыногында факторингтік операциялар жүргізу
процедураларын әзірлеу және факторингтің несиелік операциялардан айырым
ерекшеліктерін анықтау;
– Қазақстан Республикасы қаржы рыногының даму Тұжырымдамасын ескере
отырып, Қазақстан Республикасы факторинг рыногының басым даму жолдарын
ұсыну.
Зерттеу пәні ретінде Қазақстанның факторингтік операциялар рыногын
қалыптастыру мен дамыту процесінде қалыптасатын ұйымдық-экономикалық
қатынастар әрекет етеді.
Зерттеу нысанасы Қазақстан Республикасындағы факторингтік операциялар
рыногы болып табылады.
Диссертацияның теориялық және әдіснамалық негізі отандық және шетелдік
ғалымдардың қазақстандық факторинг рыногының әрекет ету және даму
заңдылықтарын, мемлекеттің экономикалық саясатының ақша-несиелік
аспектілерін ашатын еңбектері болды. Зерттеліп отырған проблеманың
әдіснамалық мәселелерін дәйектеу және шешу барысында автор қазіргі
экономикалық теорияның фундаменталды ережелеріне сүйенді. Зерттеу жүйелі
талдауға негізделді, нақты проблемалардың шешіміне саралауды, топтау
тәсілін қолдану арқылы салыстырмалы, статистикалық және графикалық талдау
жасау көмегімен қол жеткізілді.
Диссертациялық зерттеуде нормативтік актілер, жалпы және арнайы
басылымдардың материалдары, ірі халықаралық банктер мен бірқатар шетелдік
зерттеу орталықтарының әзірлемелері, халықаралық және аймақтық ұйымдардың,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің нормативтік актілері, Қазақстан Республикасы статистика
жөніндегі агенттігінің ресми ақпараты кеңінен пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы – мұнда Қазақстан
Республикасының факторинг рыногын қалыптастыру мен келешектегі дамуы және
басым бағыттары әзірленген.
Зерттеу барысында алынған едәуір маңызды нәтижелер мен олардың ғылыми
жаңалығы мынада:
– факторинг және факторингтік операциялар ұғымын анықтау бойынша
теориялық сипаттағы ғылыми әзірлемелер ұсынылды;
– факторингтік операциялардың түрлеріне жіктелім әзірленді;
– қаржы ағымын реттеу үдерісіндегі қазіргі факторинг компанияларының
жұмысының экономикалық ерекшеліктеріне автордың көзқарасы ұсынылды;
– қазіргі қазақстандық факторинг және факторингтік операциялар
рыногының даму заңдылықтары мен тенденциялары айқындалды;
– қазақстандық факторинг рыногында факторингтік операциялар жүргізу
процедуралары әзірленді және тәртіпке келтірілді;
– факторингтік операциялар жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару
қағидалары анықталды;
– қазақстандық факторинг рыногының негізгі қалыптасу және даму
бағыттары әзірленді.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
– факторинг және факторингтік операциялар ұғымдарын дәйектеудің
және нақтылаудың теориялық тәсілдемелері;
– факторингтік операциялар түрлерін жіктеу;
– қазақстандық факторинг рыногында факторингтік операциялар жүргізу
процедураларын әзірлеуге жүйелі тәсілдеме;
– қазақстандық факторинг рыногында факторингтік операциялар жүргізу
барысында тәуекелдерді басқару үдерісін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;
– отандық факторинг рыногын дамытудың басым бағыттары.

Диссертацияның тәжірибелік мәні зерттеудің нәтижелерінің төмендегілерге
мүмкіндік беретінінде болып табылады:
– оларды факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарын дамыту
проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға;
– Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріне факторинг
операцияларын жүргізу процедураларын жетілдіру жөнінде, факторинг жүргізу
кезінде тәуекелдерді басқару жөнінде тәжірибелік ұсыныстар беру және т.б.;
– екінші деңгейлі банктердің Қазақстан Республикасындағы жаңа қаржылық
операциялар рыногын кеңейту және дамыту тұрғысынан қазақстандық факторинг
рыногын жетілдірудің дәйектелген қажеттілігін қолайлы деп есептеуіне;
– оқу процесінде Банк ісі және басқа қаржылық пәндер бойынша курс
жүргізу кезінде теориялық ережелері мен қорытындыларын пайдалануға.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы. Зерттеу нәтижелері халықаралық,
республикалық ғылыми конференцияларда, семинарларда баяндалып, талқыланды,
соның ішінде: Халықаралық Бизнес Университетінде UIB 15 жылдығына арналып
өткен Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер атты
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2007); Қазақстан-
2030 Стратегиясының 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясының материалдары, Қазақстан және Орта Азия экономикасын жан-
жақты үдемелі модернизациялау: қазіргі заман және болашағы (әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, 2007); Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінде өткен Қазақстан экономикасының
ғаламдандыру жағдайындағы инновациялық дамуы және интеграциялануы атты
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2008); Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Жоғары білім
модернизациясы ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде
(Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 2009).
Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі
3,5 баспа табақ болатын 7 жұмыс жарияланды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Дүниежүзілік қаржы рыногында факторинг қаржы индустриясының қуатты
дербес саласына айналды. Оны әр алуан қызмет саласындағы, сатып алушыларға
тауарлық несие, яғни төлемді кейінге қалдыруды ұсынатын жүз мыңдаған
компаниялар пайдаланады. Осыған байланысты соңғы жылдары факторингті
нақты анықтау, оны несиелік немесе таза қаржылық операцияларға,
факторингтік операциялардың нақты қатысушыларын анықтау және т.б. жатқызу
мәселесі бойынша көптеген даулы сәттер жиі пайда болып жүр.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту,
оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен
операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарында маңызды орын алатын
факторингті айта кету керек.
Әлемдік тәжірибеде өндірістің және нарықтық қарым-қатынастардың даму
үдерісінде факторингтік қызмет көрсетудің белгілі бір түрлері бөлініп
шықты. Көптеген мамандар факторингті талап құқығын сатып алумен ғана
шектейді, бұл осы қаржылық операциялардың көптүрлілік шеңберін тарылтады.
Ю. А. Бабичевтің анықтамасына жүгінсек, ол тауарлар мен қызметтерді
коммерциялық несие жағдайында сату үдерісінде контрагенттердің арасында
пайда болатын қарыз талаптарын (шот-фактураларды немесе вексельдерді)
жеткізушінің бухгалтерлік, ақпараттық, өткізу, сақтандыру, заң және басқа
қызмет көрсету элементтерімен бірге факторинг компаниясының пайдасына беруі
ретінде көрсеткен.
Факторинг – шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ерекше пайдалы
қаржыландыру формасы, ол кәсіпорындар басшылары мен қызметкерлерінің
өндірістік проблемаларға және пайданы арттыруға баса көңіл бөлулеріне
мүмкіндік береді, төлемдердің басым бөлігін алуды жеделдетеді, қарыздың
толық өтелуіне кепілдік береді және есептерді жүргізу шығындарын азайтады.
Факторинг төлемге кепілдік береді және жеткізушілерді банктен қосымша және
едәуір қымбат тұратын несие алу қажеттілігінен құтқарады. Мұның барлығы
кәсіпорынның қаржы жағдайына оң ықпал етеді.
Қазіргі жағдайда қаржы рыногында факторингтік операциялардың жеткілікті
дәрежеде әр алуан түрі пайда болуда, оларды таңдау отандық қаржы рыногының
ұлттық белгілеріне және қаржылық қызметтер көрсетудің шарттарына байланысты
деген қорытынды жасауға болады. Осыған орай халықаралық тәжірибені ескере
отырып, факторингтік операциялар түрлерін жүйелеп және жіктеу қажеттілігі
туындады. Бізбен факторинг түрлерінің жіктелімін жүйелеуді көрсететін сызба
әзірленді (1-сурет).

1-сурет – Факторингтік операциялар түрлерінің жіктелімін жүйелеу

Ескерту – Автор құрастырған

Тәжірибеде факторингтің құрамына операциялардың мынадай ірілендірілген
түрлері кіреді: өткізуді несиелеу, төлемеу тәуекелдерін қабылдау;
дебиторларды бухгалтерлік есепке алу; қарыздарды бақылау және инкассация;
сауда статистикасы және т.б.
Қазақстандық қаржы-банк жүйесі және несиелік, банктік операцияларды
реттейтін және бақылайтын қаржы органдары үшін факторингтің және
факторингтік операциялардың сәйкес түрлерін таңдау бойынша позицияларын
қайта қарау қажеттілігі туды, ол үшін факторингтік компаниялар құру өте
маңызды.
Нарықтық экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы дамыған елдерде
факторинг компаниялары немесе осындай қызметпен айналысатын коммерциялық
банктер өз клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетулердің алуан түрлі жиынтығын
ұсынады және мұны клиенттердің өз ақшалай талаптарын беруі ретінде
қарастырады. Факторинг мынадай негізгі қызметтерге ие:
– сәйкес бухгалтерлік операцияларды жүргізу
– ұсынылған коммерциялық несиені, төлемдерді алуды қосқанда, қадағалау
– несие тәуекелдерінен қорғау
– клиенттің ағымдағы жұмысын қаржыландыру.
ЕО елдеріндегі факторинг және факторингтік операциялардың даму
тәжірибесі, атап айтсақ Германия мен Ұлыбританияның факторинг және
факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторингтік
рыногына, әсіресе мемлекеттік реттеу және арнайы факторингтік компанияларын
құру тұрғысынан алғанда, толығымен сай келеді. Мысалы, Қазақстан үшін
мемлекеттік факторингтік реттеудің Австрия, Франция, Греция, Италия,
Испания елдерінде қолданатын нұсқалары мүмкін болады және спецификалық
ерекшелікке ие. Бұл елдерде факторинг тікелей арнайы заң көмегімен,
мемлекетпен немесе банктік заңнама шегінде реттеліп отырады.
Сонымен қатар, келесі қаржылық өнімдердің, атап айтқанда реверсивтік
факторингтің, интернет шешім және Қазақстан банктеріндегі электронды
факторингтің, факторингтік қызметті белсенді жүзеге асыруда өсу потенциалы
өте жоғары.
Қазіргі кезде қазақстандық банктік тәжірибеде факторинг қалыпты
дебиторлық қарызды емес, тек мерзімі өтіп кеткен қарызды ғана бір реттік
беру, төлеушіге төлем несиесі деп аталатынның баламасын ұсыну болып қалып
отыр. Мұндай тәжірибе төлемнің дер кезінде жүргізілуі тұрғысынан алдын ала
күмәнді төлем талаптарын сатып алатын, факторингтің жеткізушіні оның төлем
талаптарының дер кезінде төленбеуі тәуекелінен сақтандыру, мұндай
талаптарды алдын ала төлеу ретінде несиелеу, сондай-ақ жеткізілген
тауарларға және жеткізушінің дебиторлық қарыздарына есеп жүргізу секілді
маңызды элементтерін ескермеген және пайдаланбаған банктердің тәуекелдерін
недәуір арттырады, нәтижесінде банк мекемелерінің тәуекелдері күрт өсті,
себебі мерзімі өтіп кеткен жеткізушіге берілетін қарыз банкке берілетін
мерзімі өтіп кеткен қарызға айналады, айналымды баяулатады, демек оның ақша
құралдарын пайдалану тиімділігін төмендетеді.
Қазақстанда факторингті ұйымдастырудың өзіндік спецификалық сызбасы
бар. Ол 2-суретте көрсетілген.

өнімді төлеу
талапты төлеу

2-сурет – Қазақстан Республикасында факторингті ұйымдастыру сызбасы.

Ескерту – Автор құрастырған

Әдетте, факторингтік операцияларға үш тарап қатысады: банктің
факторинг бөлімі - өз клиенттерінен шот-фактураларды сатып алатын
мамандандырылған мекеме; клиент (тауарды жеткізуші, кредитор) – факторинг
компаниясымен мәміле жасасқан өнеркәсіптік немесе тауарлық фирма; кәсіпорын
(қарыз алушы-фирма – тауарды сатып алушы).
Коммерциялық банктің факторинг бөлімі мен жеткізушінің операциялар
жүргізу бойынша өзара қарым-қатынастары келісіммен реттеледі. Атап өтетін
нәрсе, факторингтік келісім, өзінің дәстүрлі формасында, тек жеткізушіге
қызмет көрсетуді ғана қарастырады. Келісім жасаспас бұрын компания
потенциалды клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын, оның қызмет
саласын, өткізетін өнімдерінің түрлерін, рынок коньюктурасын мұқият
зерделейді. Сондай-ақ кәсіпорынның соңғы жылдардағы баланстары мен қаржы
нәтижелері туралы есептері де талданады. Сатып алушылар кәсіпорынның
тұрақты немесе кездейсоқ сипатта болуы мүмкін іскери байланыстарына да баса
көңіл бөледі. Мұндай талдау әдетте 1-2 аптаға созылады. Содан соң компания
өз келісімін береді немесе қызмет көрсетуден бас тартады.
Біздің республикамызда факторингтің жеткілікті дәрежеде дамымауының
салдарынан екінші деңгейлі көптеген банктерде осы операциялардың жоқтығы
байқалады. Нарықты экономикалы елдерде факторингтік операциялармен, әдетте,
банктермен тығыз байланыстағы арнайы факторинг компаниялары айналысады.
Экономикасы дамыған елдерде факторинг қаржы индустриясының өз алдына дербес
үлкен саласына айналды. Осылайша, факторинг компанияларын құру бүгінгі
жағдайда көкейтесті мәселе болып табылады. Бұл компанияның негізгі міндеті
– Қазақстан Республикасындағы факторингтің дамуына кәсіпорындардың ақша
талаптарын белгілі бір шарттармен сатып алу арқылы ықпал ету болып
табылады. Ал мақсаты – Қазақстан Республикасындағы факторингті жүзеге асыру
процедураларын стандарттандыру және бірегейлендіру (жүйелеу). Бұл факторинг
компаниясы дебиторлық қарыздарды сатып алумен қатар, төлемді кейінге
қалдырумен байланысты тәуекелдерді сақтандыруды, дебиторлық қарызды
басқаруды және ақпараттық-талдау қызметін көрсетуді жүзеге асырар еді.
Факторинг – ақша талабын беру есебінен жеткізушінің айналым құралдарын
толықтыруға бағытталған қаржыландыру (аванстық төлем төлеу) ғана емес, бұл
жеткізушінің кәсіпорындарына олардың сатып алушылармен жұмысын ұйымдастыру
тұрғысында, сатып алушыларды тауарлық несиелеуді бақылау тұрғысынан
көрсетілетін қызметтер кешені, қызметтер, бұл сауда компанияларының
тәуекелдерін басқару және оларды сақтандыру, бұл клиенттерді ақпараттық-
аналитикалық қолдау.
Факторинг – бұл экономиканың нақты секторын қолдау мен дамытуға
бағытталған банк өнімдерінің бірі. Факторинг Қазақстанның банк қызметтері
рыногында алғашқы қадамдарын жасап жатқанына қарамастан, банкпен
факторингтік қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықта жұмыс істеудің келешегі
айқын және оны әлемдік тәжірибе растайды.
Сонымен бірге Қазақстандағы факторингтің келешегін қалыпты оптимистік
тұрғыдан бағалауға болады. Бұған, бірінші кезекте, факторингтік жұмыстарды
табысты жүзеге асырып жатқан қазақстандық банктер қатарының өсуі дәлел бола
алады. Біздің диссертациялық зерттеуіміздің нысаналары факторингтік
операцияларды жүргізу барысында айырымдық ерекшеліктері анықталған
АльянсБанк, ТұранӘлемБанк және ЦентрКредит Банк болып табылады.
АльянсБанктің 2006-2008 жж. ішіндегі қаржылық-экономикалық жұмысын тұрақты
жұмыс ретінде сипаттауға болады. Осы банктің несие портфелінің жағдайы 1-
кестеде көрсетілген.

1-кесте – АльянсБанктің несие портфелінің салалық құрылымы (мың теңгемен)

Сала

Атап өтетін нәрсе, АльянсБанктегі факторингтік операциялар елеусіз
ғана көлемді құрайды және банктің қаржылық есебінде көрсетілмейді.
Дегенмен, осы банктегі факторинг жүргізу процедурасы қызықты.
АльянсБанктегі факторинг сауда-комиссиялық операциялардың клиенттің айналым
капиталын несиелеумен үйлесетін бір түрі ретінде ұсынылған; оның құрамына
клиенттің дебиторлық қарызын инкассациялау, несиелеу және несиелік және
валюталық тәуекелдерден сақтандыру кепілдігі кіреді.
2005 жылдың 13 қыркүйегінде Альянс – Лизинг АҚ International Factor
Group (IFG) құрамына енді. International Factor Group – IFG құрамына ену
Ассоциацияның халықаралық деңгейінде Экспорттық және Импорттық факторингте
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
IFG мүшелері арасындағы деректермен алмасудың барлығы, дебиторлардың
несие қабілеттілігін тексеру жөніндегі операцияларды, несие лимиттерін
белгілеуді, жеткізілімдерді төлеу жағдайына мониторинг жүргізуді және т.б.
қоса алғанда, ақпараттар берудің IFexchange электронды жүйесінің құралдары
арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты беру толығымен автоматтандырылған және
байланыстың электронды арналары арқылы жүзеге асырылады, бұл жұмыс
тиімділігін арттырады және факторингтік қызмет көрсету сызбасы бойынша
жұмыс істейтін жеткізуші мен сатып алушының уақытын үнемдейді.
АльянсБанктің несие портфелінің валюталық және уақыттық құрылымдары
негізінен теңгелік несиелермен және ұзақ мерзімді сипаттамамен көрінеді.
Бұл 2-кестеде берілген.

2-кесте – 2008 жылғы АльянсБанктің несие портфелінің валюталық және
уақыттық құрылымдары (мың теңгемен)

Несие 1 айға 1 айдан 33 айдан 11 жылдан 55 жылдан
валютасы дейін айға жылға жылға жоғары Барлығы
дейін дейін дейін
Доллар 3081 145 101 636 13727 470112 441 238 948 368 299
367 272 890
Еуро 0 0 240 235 22 421 81615 368 55038 030 601
Басқа 0 0 0 18 135 564 398 582 533
Барлығы 3 577 8312 424 89132094 489438 226 377 351 853 675
757 741 709
Ескерту – АльянсБанктің есептік мәліметтері негізінде автор
құрастырған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің классификациясы бойынша несие
портфелінің сапасы – бұл қазіргі жағдайларда екінші деңгейлі банктің несие
қабілеттілігінің және өтемділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Айта
кететін нәрсе, АльянсБанктің үмітсіз несиелерінің үлес салмағы жыл өткен
сайын ұлғайып келеді және 2008 ж. 11 665 423 теңгені құрады, бұл 3-кестеде
көрсетілген.
3-кесте – АльянсБанктің несие портфелінің сапасы (мың теңгемен)

2006 ж. 2007 ж. 2008 ж.
Несие типі
несие % несие % несие %
2. Күмәнді: 60 840 569 33.03 127 825 047 20.2 420 575 199 49.3
1) күмәнді 1 54149140 29.73 82 201 160 13.0 111 498 012 13.1
Категориялар
2) күмәнді 2 1706250 0.93 22 953 700 3.6 289 245 629 33.9
категориялар
3) күмәнді 3 2515107 1.32 4 680 815 0.7 1 021 141 0.1
категориялар
4) күмәнді 4 846108 0.51 6 027 696 1.0 9 571 737 1.1
категориялар
5) күмәнді 5 1623964 0.54 11 961 676 1.9 9 238 680 1.1
Категориялар
3. үмітсіз 2806433 1.87 8 141 666 1.3 11 665 423 1.4
Барлығы

Факторингтік операцияларды жүргізу процедурасы Қазақстандық лизинг
ассоциациясының және Қазақстандық қаржыгерлер ассоциациясының, сондай-ақ
Халықаралық топтың (International Factor Group) мүшесі болып табылатын
Альянс Лизинг АҚ жұмысының үлгісінде қарастырылады.
Альянс Лизинг АҚ-ның негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындардың
лизингтік және факторингтік қаржыландыруға деген қажеттіліктерін
қанағаттандыру. Компанияның жұмысы компанияға қолайлы экономикалық
тиімділікті қамтамасыз ете отырып, клиенттің қажеттіліктерін барынша
қанағаттандыруға ұмтылуға негізделеді.
ТұранӘлем банкі – рыноктағы 37,4%-дық үлесімен саудалық қаржыландыру
саласында мойындалған көшбасшы болып отыр. Саудалық қаржыландыру бойынша
банктің портфелі 2008 жылдың соңында 3 345 млн АҚШ долларын құрады, бұл
жалпы бланктік несие желілерімен жиынтықта БТӘ пайдасына 4 315 млн АҚШ
долларын құрайды. Рыноктың осы сегментінде күннен-күнге күшейіп бара жатқан
бәсекелестік клиенттер үшін саудалық қаржыландырудың тартымдылығын
арттырады және банкті өз өнім желісін Қазақстан Республикасындағы клиенттер
үшін де, ТМД елдеріндегі клиенттер үшін де кеңейтуге және
диверсификациялауға итермелейді. БТӘ-нің саудалық қаржыландыру портфеліне
аккредитивтер, кепілдіктер, экспорттық-несие агенттіктерін қаржыландыру,
форфейтинг, алдын ала экспорттықалдын ала импорттық қаржыландыру, жобалық
қаржыландыру, клубтық мәмілелер секілді өнімдер кіреді, мұнда қаржыландыру
мерзімі 1 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта.
Қазақстанның және бірқатар ТМД елдерінің дамуының экономикалық
тенденцияларын ұстана отырып, БТӘ өз жұмысының стратегиялық бағыттарының
бірі ретінде несиелеудің тартымды жағдайын жасау арқылы шағын және орта
бизнестің дамуына ықпал етуді анықтады. Бұл стратегияның жүзеге асыру
мақсатында БТӘ қаржылық лизинг бағдарламасын іске қосты.
Ол бірқатар салық жеңілдіктерін және қаржыландырудың минималды мерзімін
– 36 ай – көздейді. Қаржыландыру көзі ретінде негізінен БТӘ-нің шетелдік
банк-корреспонденттерден алынатын несие желілері пайдаланылады. Сондай-ақ
банктің қарқынды дамуының арқасында көптеген бланктік несие желілерінің
мерзімі БТӘ пайдасына 4-5 жылға дейін ұлғайды, бұл, сәйкесінше,
клиенттердің жобаларын банктің қаржыландыруының ұзағырақ мерзімге созылуына
әкелді. Елдің экспорттық потенциалы жыл сайын артып отырғанына байланысты
БТӘ-нің клиенттерінің көпшілігі өздерінің келісім-шарттарын преэкспорттық
қаржыландыруға қызығушылық танытып отыр. Банк клиенттері үшін бұл өнімнің
негізгі артықшылығы қаржыландырудың салыстырмалы түрде төмен бағасы болып
табылады. Саудалық қаржыландыру банк жұмысының басым бағыттарының бірі
болып табылады, және БТӘ осы сегменттегі көшбасшылық ұстанымын сақтап
қалуды көздеуде, осы мақсатта өз клиенттерінің қажеттіліктерін толық және
үздік қанағаттандыру үшін жаңа өнімдер мен идеяларды әзірлеп, іс жүзіне
енгізу жұмыстарын жалғастыра береді. БТӘ-нің несие портфелінің сапасы 4-
кестеде көрсетілген.

4-кесте – БТӘ-нің несие портфелінің сапасы

Атауы 2008 ж.
Жұмыс істемейтін несиелер жалпы несиелер 0,6%
Провизиялар портфелі жалпы несиелер 5,0%
Ескерту – БТӘ-нің есептік мәліметтері негізінде автор құрастырған

БТӘ-нің несиелік жұмысы клиенттерге берілетін қарыз көлемінің үлкендігімен
сипатталады, факторинг оның елеусіз бөлігін ғана алады: 2008 жылы – 241,
яғни 0,01%-ды ғана құрайды. Бұл 5-кестеде көрсетілген.

5-кесте – 2008 жылы БТӘ-нің клиенттерге берген қарыздары

мың теңгемен
Клиенттерге берілетін қарыздарға мыналар
кіреді: 2008 ж
Клиенттерге берілетін қарыздар 2.236.301
Қаржылық лизинг 5.399
Овердрафтар 2.552
Қарыздық міндеттемелер 310
Факторинг 241
2.244.803
Қарыздардың құнсыздануына арналған минус – резерв (81.830)
2.162.973
Ескерту – БТӘ-нің есептік мәліметтері негізінде автор құрастырған

2008 жылдың соңындағы жағдай бойынша, банк алатын сыйақы қойылымдары
теңге түріндегі қарыздар бойынша жылдық 11%-дан 18%-ға дейінгі аралықта
болды және еркін конвертацияланатын валюта түріндегі қарыздар бойынша -
жылдық 10-нан 16%-ға дейінгі аралықта.
БТӘ Лизинг АҚ-да факторингтік операциялар жүргізу процедурасының
өзіндік айырым ерекшеліктері бар. Банк шаруашылық жүргізуші объект-
сатушыдан өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушыдан дебиторлық
қарызды өндіріп алу талабын сатып алады және 2-3 күн ішінде шаруашылық
жүргізуші субъектіге төлем құжаттары ұсынылған сәтте жеткізілген өнім үшін
төлемнің сомасының 80%-ын аударады. Осы шоттар бойынша сатып алушылардан
төлемді алғаннан кейін банк шаруашылық жүргізуші субъектіге шот сомасының
қалған 20%-ын пайыздар мен комиссиялық сыйақыларды шегеріп тастағаннан
кейін аударады.
БТӘ Лизинг АҚ факторинг шеңберінде ұсынатын қызметтер тауарлық
несиені аванстаумен ғана шектелмейді. Айналым құралдарын қаржыландырудан
басқа, банк жеткізушінің бірқатар тәуекелдерін өзіне жүктейді.
ЦентрКредит Банкте факторинг ұсыну келесідей жүзеге асырылады:
- өз жұмыстарын тауарлар мен қызметтерді төлемді 90 күнге дейін кейінге
қалдыру шартымен сату саласында жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға
немесе жеке кәсіпкерлерге;
- төлем мерзімі белгілі және Клиент пен Қарызгер арасындағы келісімде қатаң
анықталған ақша талаптарын бергені үшін.
- Клиент Банкке ақша талабын тауарлар жеткізілгеннен соң (қызметтер
көрсетілген, жұмыстар орындалғаннан кейін) кез келген уақытта, бірақ төлем
мерзімі аяқталғанға дейін бере алады.
- Тауарлар жеткізу (қызметтер көрсету, жұмыстар орындау) келісімінде
Клиенттің Қарызгерден ақшаны талап ету құқығын үшінші тұлғаға беруін шектеу
қарастырылмау керек.
- Тауарлар жеткізу (қызметтер көрсету, жұмыстар орындау) келісімі бойынша
төлем шарттары тек қолма-қолсыз есептесуді ғана көздеуі керек.
Факторингтік операциялар төмендегі талаптарға жауап беретін Клиенттерге
ғана ұсынылады:
- 4-тен (төрттен) кем емес тұрақты сатып алушыларының болуы;
- жұмыс істеу мерзімі 1 жылдан кем емес;
- Клиенттің Қарызгерлермен өзара қарым-қатынасы 6 айдан кем емес;
- Қарызгерлермен тауарлар жеткізу (қызметтер көрсету, жұмыстар орындау)
келісімі бойынша бұрын орындалған және төленген міндеттемелерінің болуы;
- ұнамды несие тарихы;
- қарыз алушының алдыңғы үш ай ішінде және факторинг бойынша қызметтер
көрсетуге өтініш берген күнге ағымдағы шотқа қосымшаға төленбеген
құжаттардың ұзақ мерзімді (5 күннен артық) картотекасының, соның ішінде
бюджет және бюджеттен тыс қорлар алдында қарыздарының жоқтығы;
- факторинг бойынша және басқа қарыз түрлері бойынша, соның ішінде басқа да
банктерде (жекелеген банктік операцияларды жүргізетін) ұйымдарда мерзімі
өтіп кеткен қарыздарының жоқтығы.
Банк ЦентрКредит АҚ-ның несие портфелінің құрылымы 2006-2008 жылдар
ішінде маңызды өзгерістерге ұшырады, бұл сауда, тамақ өнеркәсібі және т.б.
салаларында берілген несиелер көлемінің артуына байланысты. Центр Кредит
Банкте 2006-2008 жж. экономика секторын қаржыландыру 6-кестеде
көрсетілген.

6-кесте – 2006-2008 жж. ЦентрКредитБанктің экономика секторын
қаржыландыруы

мың теңгемен

Сала 2006 ж. Үлес, 2007 ж. Үлес, %2008 ж. Үлес, %
%
1 2 3 4 5 6 7
Сауда 66 996 233 15,6 86 117 766 13,0 115 130 114 17,4
Бөлшек несие 145 390 47033,8 278 503 81842,2 224 567 560 33,9
және ипотека
Тамақ 25 944 726 6,0 32 251 866 4,9 43 708 792 6,6
өнеркәсібі
Ауыл 29 085 901 6,8 31 090 478 4,7 26 673 818 4,0
шаруашылығы
Өндіріс 21 171 791 4,9 25 437 320 3,9 28 990 706 4,4
Құрылыс 52 586 767 12,2 110 966 22416,8 98 724 467 14,9
Негізгі 15 218 173 3,5 9 057 085 1,4 14 790 351 2,2
кәсіпорындарғ
а
көрсетілетін
қызметтер
Мұнай-газ 18 496 626 4,3 19 995 693 3,0 13 468 254 2,0
өнеркәсібі
Жылжымайтын 18 705 697 4,3 15 603 229 2,4 20 045 645 3,0
мүлік
Асыл металдар1 626 008 0,4 2 481 163 0,4 1 327 729 0,2
шығару және
өндіру
Транспорт 5 316 588 1,2 7 395 571 1,1 6 624 945 1,0
және
телекоммуника
циялар
Машинажасау 3 198 853 0,7 3 189 530 0,5 2 287 228 0,3
Бұқаралық 2 006 174 0,5 2 956 928 0,4 2 666 233 0,4
ақпарат
құралдары
Металлургия 172 954 0,0 1 102 059 0,2 1 198 781 0,2
Энергетика 456 245 0,1 618 512 0,1 303 649 0,0
Қаржы секторы17 715 520 4,1 22 724 253 3,4 50 242 991 7,6
Басқа 6 553 818 1,5 10 272 447 1,6 11 763 061 1,8
Инвестициялар430 642 544100 659 763 942100 662 514 324 100
дың барлығы
Ескерту – ЦентрКредитБанктің есептік мәліметтері негізінде автор
құрастырған

ЦентрКредитБанктің несие портфелінің 2008 жылдың соңындағы валюталық және
уақыттық құрылымдары 7-кестеде көрсетілген.

7-кесте – 2008 жылғы ЦентрКредит Банктің несие портфелінің құрылымы
мың теңгемен
Несие валюта
сы

2008 жыл ішінде несие портфелі 2750382 мың теңгеге ұлғайып, 2009 жылдың
1 қаңтарында 662 514 324 мың теңгені құрады. Несие портфелінің өсуі
ресурстық базаның ұлғаюына және Банктің шағын және орта бизнесті
қаржыландыруды кеңейтуге бағытталған стратегиясына, сондай-ақ бөлшек, төлем
және ипотекалық несиелендіру бағдарламаларының дамуына байланысты. Өткен
жылы Банк жалпы сомасы 691 051 094 мың теңгеге несие ұсынды, соның ішінде:
– Заңды тұлғаларға – 400 736 988 мың тенге
– Жеке тұлғаларға – 290 314 106 мың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және ақша нарығы
Ақша айналымы және құрылымы
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Ақша айналымы туралы түсінік
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Қаржы және несие
Пәндер