Жыныстық циклді қалыптастыратын факторлар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

«Технология және биоресурстар» факультеті

кафедрасы

Тақырыбы: «Жыныстық циклді қалыптастыратын

факторлар»

Орындаған :

Тексерген :

Алматы 2019 жыл

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Қой малдарын шағылыстыру

2. 2 Жыныстық циклдің қалыптастыратын факторлар

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе

Ветеринарлық акушерлік (француз тілінен аударғанда accoucher-туу, туғызу) жануарлардың жыныстық жүйесінің қалыпты және патологиялық үрдістерін зерттеумен (ұрықтану, буаздық, туу және туғаннан кейінгі кезең), сондай-ақ, жаңа туған төл мен сүт безі ауруларымен айналысатын клиникалық пән. Ветеринариялық гинекология (грек тілінде gyneәйел, ұрғашы, logos-ілім, ) -бұл ұрғашы малдың жыныстық және басқа да органдарында, физиологиялық жетілгеннен кейін немесе туғаннан кейінгі кезеңде туындайтын, бедеулікке әкеп соқтыратын, патологиялық үрдістерді зерттейді.

Кейбір малдардың жыныстық жетілуі бойынша ерте (7-8 айда), кейбірінде кеш (9-10 айда) жетіледі. Ол мал тұқымына, климатқа және азықтануына байланысты, олардың жыныстық жетілуі және өсуі қанға бөлінетін гипофиз гормонымен реттеледі. Малдың жас кезінде гипофиз гормоны өсуді тездетеді. Өсуі баяулағанда, гипофиз жыныстық мүшелердің дамуын үдететін гормондар бөле бастайды.

Қойларды жыныстық жетілу өсуден бірінші дамиды, сондықтан оларды жыныстық жетілсе де, ұрықтандыру тиімсіз. Ерте ұрықтандыру малдың қалыпты өсуін тежейді, оның өсуіне қажет барлық қоректік заттар төлдің өсуіне жұмсалады, ал төлдегеннен кейін сүттің түзілуіне кетеді. Сонымен қатар өте кеш ұрықтандыру да зиян. Мұндай жағдайда төлді азықтандыруға кететін қорек мал организмінде май қорын түзеді. Саулықтың аналық безіне жиналған май өсіп-өну қызметіне кері әсерін тигізеді.

Кейбір биязы қой тұқымдарын өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарда ең бірінші ұрықтандыруды 2, 5 жаста жүргізуді ұсынады. Мұндай жаста алғаш ұрықтандырылғандарды тұсақ (переярка) деп атайды. 2, 5 жаста алғаш ұрықтандыруға барған малдар тек өмірінің бірінші жылында дұрыс азықтанбағаннан немесе ауырғаннан дұрыс өспей қалу жағдайына байланысты болады. Ал барлық басқа жағдайларда жыныстық-жастық топқа тұсақтар тиімсіз.

Барлық тұқымдар үшін ұрғашы тоқтыларды алғаш ұрықтандыруға 12-18 айлық жаста жіберу ұсынылады. Және олардың тірі салмағы ересек саулық салмағының 70-80 %-ын құрауы тиіс.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Жыныстық және физологиялық жетілу

Малдың өсіп-өну, төл беру қабілеті тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныс мүшелерінде, эндокринді жүйесінде, бүкіл ағзада өте
күрделі морфологиялық, физологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда ұрық безінде фолликулдер өсіп жетіле бастайды, аналық ұрық безінде жыныстық гормондар пайда болады.
Бұл гормондардың әсерінен (эстрон, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне тән ерекше белгілері айқындала бастайды, жыныстық мүшелері өсіп жетіледі мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап ұрық безіндегі овогенез үдерісі белгілі бір мерзімде, әрдайым қайталанып отырады да, мал қартайғанға дейін жалғаса береді. Сүт бездері де өсіп дами береді.

C:\Users\User\Desktop\slide-6.jpg

C:\Users\User\Desktop\slide-7.jpg

Жыныстық жетілудің мерзімі әртүрлі факторларға байланысты, яғни малдың түлігі, тұқымы, жынысы, климат, азықтандыру, бағып-күту, күйіттеуші еркек малмен қатынаста болу дегеннің бәрі де әсер етеді. Неғұрлым өмірі қысқа болса, оның жыныстық жетілуі ерте дамып, бағып-күтімі жақсы малдың жыныстық жетілуі де тезірек болады.
Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап-ақ қашыруға ұрықтандыруға болмайды, себебі бұл кезде организм әлі толық жетілмеген, жамбас сүйектері тар. Мұндай жас малдың буаздығ анасының организміне де (өспей қалады), іштегі төлдің дұрыс дамуына да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан ұрықтандыру үшін малдың жыныстық жетілуімен қатар, организмнің физологиялық, яғни толық жетілуін күту керек. Физиологиялық тұрғыдан толық жетілген малдың сыртқы пішіні және тірілей салмағы ересек малдың 65-70% құрайды.

C:\Users\User\Desktop\slide-13.jpg

2. 2 Жыныстық циклді қалыптастыратын факторлар

Жыныстық цикл - жыныстық жетілген малдың организмінде әсіресе жыныс жүйесінде белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын, өте күрделі морфологиялық. физиологиялық құбылыс. Бұл өзгерістер гипотолямус - гипофиз,
ұрық безі мен басқа да эндокринді жүйелердің арақатнастық жағдайына байланысты, әрі орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асады. Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды.
Жыныстық циклді жан-жақты зерттеп, оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А. П. Студенцов. Оның анықтамасы бойынша жыныстық цикл 3 сатыдан тұрады:
1. қозу сатысы,
2. тежелу сатысы,
3. теңелу сатысы.

C:\Users\User\Desktop\slide-17.jpg

Қозу сатысында малдың организмінде оның шағылысуына, ұрықтануына, эмбрионның пайда болуына қажетті жағдай туады. Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды, ырғақты және ырғақсыз, жарамды және жарамсыз болып өтеді. Синхронды жыныстық циклде барлық феномендер бір-біріне ілесіп, әр қайсысы белгілі бір уақыт аралықтарында көрінеді. Мысалы: шылым ағу 24-36 сағат болса қалған феномендерде сондай уақыт аралықтарында байқалады. Қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын көрінеді. Жарамды жыныстық цикл деп барлық феномендері түгел байқалған жыныстық циклді атайды. Жарамсыз жыныстық циклде бір немесе екі феномендер дұрыс көрінбей қалады. Мысалы, анэстралды реактивті-жалпы реакция қозу феномені болмайды. Альбидті - күйлеу феномені жоқ. Ановуляторлы жыныстық цикл овуляция феномені болмайды. Жарамсыз цикл кезінде мал ұрықтанбайды.

C:\Users\User\Desktop\slide-18 (1).jpg

ІІІ. Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық циклдің қалыптастыратын факторлар
Аналық жыныс безі күлдіреуігінің туындау себептері
Жыныстық цикл
Эмбриология негіздері
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Эндокринология пәнінен дәрістер
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды
Қимыл дағдылары қалыптасуының кезеңдері
Популяция құрылымы және таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz