Сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш беру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Технология және биоресурстар факультеті
___________________________________ ______________ кафедрасы

Тақырыбы: Өнімді сәйкестігін растау тәртібі

Орындаған:_____________________

Тексерген: _______________________

Алматы 2019 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Өнімді сәйкестігін растау тәртібі
2.2. Өнімге сәйкес сертификатын толтыру тәртібі
2.3. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе
Техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту жағдайында стандарттаудың басты мақсаты халықаралық талаптармен үндесетін мемлекеттік стандарттар түріндегі техникалық регламенттерге дәлелдеуші базаларды қалыптастыыру болып табылады.
Стандарт сөзі латынша Standard эталон, яғни үлгі, қалып деген мағынаны білдіреді. Адамдар ерте кезден-ақ күнделікі өмірде өздеріне қажетті қандай да бір бұйымды белгілі үлгі бойынша жасайтын болған. Сонымен қатар әрбір халық өзіндік өлшем бірліктерін сауда саттықта қолданып келген. Мысалы етікші етік жасауда әр түрлі мөлшердегі қалыптарды пайдаланса, адым құлаш, қарыс, елі сияқты өлшемдерді ұзындық өлшемі ретінде қолданған. Осылайша белгілі бір үлгіге (қалыпқа) сай тауар өндіріп, белгілі үлгі бойынша өлшем жұмыстарын жүргізген.
Қолөнер мен сауда - саттық ілгерілей дамып, өнеркәсіптену дәуірі басталған кезден стандарттың маңызы арта түсті. Себебі өнеркәсіптен шыққан өнім ең әуелі тұтынушының қажеттілігін сапалық тұрғыда толығымен қанағаттандыра алғанда ғана өтімді болмақ. Сонымен қатар өнім өндіру жұмысы белгілі бір технологиялық режим, тәртіп, нормаланған үрдіс бойынша жүргізілгенде ғана өндіріс тиімділігі артып, экономикалық көрсеткіштер жоғарылайтыны белгілі болады. Сондықтан өнеркәсіп саласы қарқынды дами бастаған кезден (XVIII-XIX ғасыр) Еуропа елдерінде стандарттау жұмысы кеңінен өріс алды.
1926 жылы Кеңес одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Халық комиссарлар Кеңесінен халық- аралық өлшем және таразылар жүйесін енгізу туралы 1918 жылғы қыркүйектің 14-інде шағарған шешімінен (заңынан) басталған стандарттау жұмысы Кеңес үкіметі жылдарында едәуір жоғары деңгейге көтерілді.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Өнімді сәйкестігін растау тәртібі
Тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің (әрі қарай - тағам өнімдері) сәйкестігін растау тәртібі ҚР СТ 3.4 және ҚР СТ 3.27 стандарттына сай жүргізіледі.
Сертификаттау жүргізу тәртібі:
* сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш білдіру;
* өтінім берушіге өтінім бойынша қабылданған шешімді жолдау;
* өтінім беруші сәйкестікті растау жөніндегі орган арасында сертификаттау
* жұмыстарын жүргізу жайында келісім шарт жасасу;
* өтінілген өнімнен сынама іріктеу, бірдейлендіру және оны сынау
* зертханасына жеткізу;
* өтінілген өнімнің сынамаларын сертификаттау мақсатында сынау
* жұмыстарын жүргізу және сәйкестікті растау тәсіміне сәйкес басқа да
* жұмыстарды атқару;
* өндірістін жағдайын немесе СМЖ талдау (егер бұл сәйкестікті растау
тәсімінде қарастырылған болса);
* сертификат беру, сертификатты ҚР МТРЖ - нің мемлекеттік тізіліміне тіркеу
* және өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгімен таңбалуға құқық беру;
* инспекциялық тексеру жүргізу (егер бұл сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған болса);
* түзетуші шараларын жүргізу (өнім көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда);
* өнімді сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат беру.
Сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш беру
Өнімді сертификаттау өтінім берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға жолдаған өтінімі негізінде жүргізіледі. Лицензиялық қызмет үшін лицензиясының көшірмесі өтінімге ілестіріле жіберіледі.
Өтінімнің жалпы формасы ҚР СТ 3.4 стандартының Б қосымшасында келтірілген.
Өтінім беруші өз қалауы бойынша өнімді 9 немесе 10 сұлбаларына сай сертификаттау үшін, сәйкестікті растау жөніндегі органға ҚР СТ 3.4 стандартының В қосымшасында келтірілген өтінім формасын рәсімдеп жолдайды. Өтінім беруші сәйкестікті растау жөніндегі органмен бірлесе отырып сәйкестікті растау тәсімін таңдайды. Сәйкестікті растау тәсімін таңдау туралы ұсыныс ҚР СТ 3.4 стандартының Г қосымшасында келтірілген.
Өтінім берушіде тұрғылықты мекені бойынша тиісті (аккредиттеу аясына сай келетін) сәйкестікті растау жөніндегі орган жайында ақпарат болмаған жағдайда, ол ақпаратты Мемстандарттан немесе оның аумақтық басқармасынан алады.
Егер өтінілген өнімнің сәйкестігін растайтын бірнеше орган болса, онда өтінім беруші өз өтінішін олардың кез келгеніне жіберіледі. Ал егер де өтінілген өнімнің сәйкестігін растайтын бірде бір орган болмаса, онда өтініш бірден Мемстандартқа жолданады.
Өтінім берушіге өтінім бойынша қабылданған шешімді жолдау
Сәйкестікті растау жөніндегі орган, өтінім алынған және тіркелген күннен бастап екі апта ішінде, өтінім берушіге өтінішті қарау негізінде қабылданған шешімді және өтінілген өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған келісімшарттың екі данасын жібереді. Келісімшарттың формасы ҚР СТ 3.4 стандартының Д қосымшасында келтірілген.
Шағын шаруашылық субъектілері үшін бұл жұмыс 1 аптаның ішінде жүргізілуі тиіс.
Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары: ұсынылған сәйкестікті растау тәсімі, сынау зертханасы, сертификатталған өнімге жүргізілетін инспекциялық тексеру жүргізу шаралары көрсетіледі.
Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесі өнімді сертификаттауға тікелей қатысушыларға жіберіледі. Өтініш бойынша қабылданған шешімнің формасы ҚР СТ 3.4 стандартының Е қосымшасына сай болуы тиіс.
Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш бойынша қабылданған шешіммен бірге нақты, негізделген бас тартумен бірге шаруашылық субъектілерімен барлық (нормативтік құжаттарды, сапа жүйесіне немесе өндіріске берілген сәйкестік сертификатын көшірмесін, өтінішті қарау жұмыстарының ақысын төлеу туралы төлем қағаздарының көшірмесін) құжаттарын қайтарып береді.
Үлгіні іріктеу тәсілі
Өтінілген өнімнің нұсқаларын таңдап алуды сертификаттау мекемесі немесе оның тапсыруымен Қазақстан Респуликасы Техникалық комитеттің аймақтық мекемесі шаруашылық келісім шарт бойынша жүргізіледі. Нұсқаларды таңдауды сертификаттау мекемесі өтінушінің өзіне тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда нұсқаларды ау құрамы аз дегенде үш адамнан мүдделі емес мекемелердің өкілдерінен тұратын құзіретті комиссияға жүктеледі.
Нұсқалар алу актісіне комиссия мүшелерінің жұмыс ақысын өтінуші төлейді. Қажетті жағдайда сертификаттау мекемесі үлгілерді таңдап алуды акредиттелген сынақ зертханасына тапсыруы мүмкін. Алынатын нұсқалардың саны оларды таңдау тәсілі, ұқсастыру және сақтау өтінілген өнімге тапсырылған нормативтік құжаттарда баяндалған талаптарға сай болуы керек.
Егер бұл құжаттарда нұсқаларды іріктеу тәртібі мен тәсіліне қойылатын талаптар болмаған жағдайда онда нұсқаларды таңдап алу сертификаттау мекемесінде қабылданған тәсілдер бойынша не басқа құжаттарға сай жүргізіледі. Таңдап алынатын нұсқалардың конструкциясы құрамы және дайындау технологиясы тұтынушыға жеткізілетін өтінілген өніммен бірдей болуы керек. Нұсқаларды таңдап алу актілінеді. Актіге үлгілерді таңдап алғандар және өтінуші кәсіпорынның өкілі қол қояды. Өтінуші қажетті деңгейде ұқсастырылған буып түйілген нұсқаларды таңдап алушының көзінше бекітілген нұсқаларды таңдап алу актімен және құрамы мен мазмұнын сертификаттау мекемесі белгіленген олардың ескерілген техникалық құжаттарымен бірге сынақ зертханасына жібереді.
Өндірілген өнімге сынақ жүргізу
Өнімнің сапасын сынау мынадай көрсеткіштермен бағаланды:
* Тағамдық және биологиялық;
* Оргонолептикалық;
* Физикалық-химиялық;
* Қауіпсіздігі;
Өнім сапасы зертханада жоғарыда аталған тиісті көрсеткіштер бойынша сынақ (ҚРСТ 3.4 талабы бойынша) жүргізіледі. Сынақ нәтижелері сынақ хаттамасында толтырылып келтіріледі.
Өнімге сынау жүргізу алдында өнімді бірдейлендіреді.
Өнімді бірдейлендіру - белгілі бір өнімді ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім.
Өнімді бірдейлендіруді ҚР СТ 3.34, ҚР СТ 1014 стандарттарына, нақты өнімнің нормативті құжаттарына және сынау әдістемелеріне сәйкес жүргізеді.
Нақты тағам өнімі бойынша ақпарат толық сипатталмаған жағдайда немесе оның атауына (сипаттамасына) сай болуын растау қажеттігі туындаған жағдайларда бірдейлендіру жүргізіледі.
Тағам өнімдерін бірдейлендіруді сәйкестікті растау жөніндегі орган тиісті нормативті құжаттарда белгіленген негізгі тұтынушылық қасиеттерін, органолептикалық көрсеткіштерін, таңбалауға қойылатын талаптарын бағалау негізінде жүргізеді.
Бірдейлендіру өнімнің белгілері, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша жүргізіледі.
Тағам өнімдерін бірдейлендірудің негізгі мақсаты:
- өнімнің бірегей топтарының негізгі бірдейлендіру критерилерін анықтау;
- өнімді бірдейлендіру әдістерін анықтау;
- бірдейлендіруді жүргізу тәртібін анықтау;
- сәйкестікті растау мақсатында сынау көрсеткіштерін анықтау.
Бірдейлендіру міндетіне қарай екі түрге бөлінеді:
- ассортименті (түрлілік);
- сапалы (квалиметриялық).
Тағам өнімдерін бірдейлендіру барысында көрнекті және органолептикалық бағалау үшін мына әдістер қолданылады:
- көрнекті әдіс - көру, сырт көрінісі және түсі, ішкі құрылымы және де басқа көрсеткіштері бойынша анықтау;
- дәм әдісі - тіл мен таңдайдағы дәм нүктелері арқылы анықтау;
- иіскеу әдісі - өнімді иіскеу арқылы (аромат, хош иіс) анықтау;
- сезім әдісі - өнімнің консистенциясын көріп, сезу арқылы анықтау.
Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сынау жұмыстары техникалық аспаптар көмегімен жүргізеді.
Бұл әдістер қолданылатын өлшеуіш аспаптарына байланысты келесі топтарға бөлінеді:
- физикалық әдістер - салмақ, көлем өлшеу аспаптары және қондырғылар көмегімен тағам өнімдерінің физикалық көрсеткіштерін анықтауға арналған;
- химиялық әдістер - стандартты үлгілер, өлшеу аспаптары және қондырғылары көмегімен тағам өнімдерінің химиялық көрсеткіштерін анықтауға арналған.
Бірдейлендіру әдістерінің салыстырмалық талдауы 3-кестеде көрсетілген.
Физикалық және химиялық әдістердің қосалқы түрлері: микроскопия, фотометрия, фотоэлектроколориметрия, хромотография, спектрография, ионометрия, флюоресценция пайдалануы мүмкін.

Кесте 3.2 - Бірдейлендіру әдістерін салыстыра талдау

Әдістер тобы

Әдістің басымдылығы

Әдістің кемшіліктері
ілеспе құжаттар бойынша

ашықтығы
арзандығы
нәтижесінің салыстырмалығы
білікті мамандардың қажеттігі тексерілетін нәтижелердің болмауы;
нәтиженің сипатталу мінездемесі
көрнекті және органолептикалық әдістер
қарапайымдылығы
ашықтығы
жылдамдығы
арзандығы
бағаның субъективтілігі;
салыстырылатын нәтижелердің болмауы;
нәтиженің сипатталу мінездемесі

өлшеу әдістері
Объективтілігі,
қайталанымы,
нәтиженің салыстыр малығы және тексерілімі; нәтиженің жалпы қабыл данған өлшем бірлік- терінде берілуі
өлшеуге жұмсалған материалды және уақыт шығындардың жоғарлы ғы (техникалық өлшеу құралдарын қолдану қажеттігі және сынау мерзімінің ұзақтығы);
білікті мамандарға және сынау базасына деген қажеттілік

2.2. Өнімге сәйкестік сертификатын толтыру тәртібі
Өтінілген өнімге белгіленген сертификаттау үлгісімен жасалған жұмыстардың нәтижесі оңды болған жағдайда сертификаттау мекемесі сертификат дайындайды. Сәйкестік сертификатын белгіленген үлгідегі бланкіге қазақ және орыс тілдерінде өнімді сертификаттаудан өткізген, сертификаттау мекемесі толтырады.
Текстіні сызуға, түзетуге, тазартуға болмайды. Сертификаттың тарауда төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:
Сертификат берген мекеменің атауы, мекен-жайы, тіркеу куәлігінде көрсетілген атау мен бірдей болу қажет.
Бланкіні шығарған кезде қойылған сертификат бланкісінің есептік нөмірі.
Сәйкестік сертификаты тізілімінде тіркелген уақыты, күні екі
араб цифрімен, айы жазбаша жылы араб цифрімен белгіленеді.
Сертификаттың тіркелу нөмірі ҚРСТ 3.15 сай сертификаттау мекемесі құрайды.
Сертификаттың күшінің жүру мерзімін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген ережесі бойынша сертификаттау мекемесі анықтайды.
ОКП сілтемесі бойынша өнімнің коды.
Өнімнің сыртқы экономикалық әрекеті мен тауарлық қатар жіктелуі бойынша коды.
Өнімге байланысты нормативтік құжатқа сәйкес түрі, атауы, маркасы.
Сертификатталатын өнімді дайындаушы кәсіпорынның елдің толық атауы, қай жерде және қайда тіркелгендігі.
Сәйкестікке сертификаттау жүргізілген нормативтік құжаттың және олардың тармақтарының белгісі.
Сертификаттың кімге берілгендігіне байланысты тиісті сөздің асты сызылады. Дайындаушы немесе сатушы. Өтінушінің атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Сондай-ақ өтінушінің өнімді сәйкестік нышаны мен таңбалау немесе өнімнің жеке топтарын не онаң бір данасын белгіленген үлгідегі бланкідегі сертификат көшірмесі мен жіберу құқығы.
Тіркелген зертхананың атауы мен тіркеу нөмірі. Егер зертхана Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелмеген болса, онда қай жүйеде аккредиттелгенін көрсетеді. Тіркеу нөмірі, уақыты бұл құжатты берген мекеме.
Инспекциялық бақылауды іске асыратын мекеме туралы мәліметтер және сертификаттау мекемесі енгізу қажет деп тапқан мәліметтер.
14. Сертификат берген сертификаттау мекемесінің жетекшісінің және сертификаттау жүргізген сарапшы аудитордың аты-жөні мекеменің мөрі.
Сәйкестік сертификаттарын мемлекеттік тізілімге енгізу ҚР СТ 3.11 стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Сурет 3.2 - Сәйкестік сертификатын беру тәртібі

Сертификаттың әрекетті мерзімін сәйкестікті растау жөніндегі орган келесі жайттарды ескере отыра үш жылдан аспайтын мерзімге бекітеді: өнімді сертификаттау тәсімі; өнімнің нормативті құжаттарда бекітілген жарамды мерзімі және сапа менеджменті жүйесінің сертификатталған мерзім.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің жарамдылық мерзімі аясында сертификаттың әрекетін ұзарта алады. Бірақ, бұл жағдайда сертификаттың әрекетті мерзімі берілген күннен бастап есептегенде үш жылдан аспауы тиіс.
Сертификаттың әрекетті мерзімін ұзарту өтінім берушінің қалауы бойынша келесі әдістердің бірі бойынша жүзеге асырылады:
сертификаттың " ____ дейін" деген бағанасының сол жағына "әрекетті мерзімі ________ дейін ұзартылған" деген жазу жазылады және ол жауапты адамның қолымен әрі сәйкестікті растау жөніндегі орган мөрінің түпнұсқасымен расталады;
ұзартылған сертификаттың нөмірін сақтай отырып, жаңа сертификат рәсімделеді.
Егер сериялы өндірілген өнімге берілген сертификаттың әрекетті мерзімі аяқталған болса, ал өнім сатушының қолында жарамды әрі дұрыс сақталған болса, онда сертификаттың әрекетті мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Сертификаттау барысында дәлелденген көрсеткіштерге ықпал ететін өнімнің құрамына немесе өндіріс технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайда сертификат ұстаушы дереу сәйкестікті растау жөніндегі органға хабар береді, ал ол сертификаттың әрекетін жою немесе оның әрекетін толық немесе ішінара сынау жүргізу немесе ол өнімнің өндіріс жағдайын бағалауға дейін сертификаттың әрекетін тоқтата тұруға шешім қабылдайды. Бұл жағдайда сертификат ұстаушы сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімін күтпей жаңартылған өнімді сертификатталған өнім ретінде сата алмайды.
Егер өнімді сертифаттау кезіндегі нормативті құжаттарда бекітілген нормалар бұрынғысынан қатаң болып өзгерсе, онда сертификаттың әрекеті сол өзгеріс енгізілген күннен бастап жойылады.
Өнімді сертификаттауға қатысты жоғарыда жазылған жайттар тек ҚР МТРЖ-сіне ғана тән. Ал егер өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италиядағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық жүйесі
Сертификаттауға өтініш беру
Республикасының сертификаттау жүйесі
Құрылыс саласындағы метрологиялық қамтамасыз ету
Сапа менеджменті жүйесі
Сәйкестік сертификаты
Міндетті немесе қалауы бойынша сертификаттау
Сапа менеджмент жүйесі туралы түсінік
Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Аккредиттеу тәртібі
Пәндер