Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Технология және биоресурстар факультеті
___________________________________ ______________ кафедрасы

Тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері.Қабылдау ережелері
және сынау

Орындаған:_____________________

Тексерген: _______________________

Алматы 2019 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Сүт және сүт өнімдері
2.2. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
2.3. Сүт өнімдерін ветеринрлық- санитарлық сараптау және сынау
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе
Сүт - адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенгенді үйренген секілді. Келе - келе біздің ата - бабаларымыз сүтті рәсуа етпей сақтау жағын да ойластырған, сондай - ақ құрамында майлы, ақуызы, дәрумендері жеткілікті сүт саууға тырысқан . Осы жағдайға байланысты сүт тағамдары дүниеге келсе керек.
Сөйтіп, сүтті ашытып - сусын, қайнатып - құрт, ірімшік, тағы басқа тағамдар дайындаған. Бұл баға жетпес тағамдар талай ғасырлардан бері өз мәнін жойғанын жоқ. Қазіргі таңда осы сүт өнімінен жасалған тағамдардың сапасын мемлекеттік стандартқа сәйкес бақылау жүзеге асырылуда.
Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, адам ағзасына сүттің құрамдас бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүт сондай - ақ амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзі болып табылады. Сүт өсімдік өнімдерімен және мал өнімдерімен қосылып, адам тағамының биологиялық құндылығын арттырады. Себебі, сүт ағзаға түсетін қоректік заттардың жалпы көлемін ғана арттырып қоймай, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздармен, сондай - ақ дәрумендермен біріге отырып, ағзаға сіңу үшін өте қолайлы жағдай туғызады.
Сүт -- барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.
Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз - биенің сауылған сүті - саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын малдан, яғни жылқыда -- биеден, түйеде -- інгеннен, сиырда -- сауын сиырдан, қой, ешкіде -- саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында жарымаған" деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. "Ақты төкле", "ақты аттама", "ақты ысыраптама, малдың желіні қетеді" деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығару, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Ел ішінде, ауылда бұл әдет әлі де сақталған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас адамдарды сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнерінде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. Мыңдаған жылдар мал өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен май, қаймақ, құрт, ірімшік, ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың дарқан дастарқанын барынша байыпты. Бұлардың бәрі де жеңсік, дару әрі зәру тамаққа айналды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі де дәмді тағам. Оны қайнатып ішеді, шайға қатады. Сөйтіп сүт және оның өнімдері аты да, заты да халық мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және мақтанарлық дастарқан мәзірі. Демек, сүт қазақтың тағам байлығының бірі жəне оның қайнар көзі.
Сүт - адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат.
Мал сүті - құнды тағамдық зат, одан әртүрлі сүт тағамдары, май, балмұздақ, т.б. жасалады. Адамның күнделікті тағамдық рационында сиыр сүті көп пайдаланылады. Сиыр сүтінің құрамында су (87,5%), сүт қанты (4,7%), май (3,9%), ақуыздар (3,3%), минералды заттар (0,7%), витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің құрамындағы ақуыздар: альбумин - жас организмнің өсуі; глобулин - иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0,1 - 20 мкм болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) - таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериологияда қоректік орта дайындау үшін қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер (кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний, т.б.) мен микроэлементтерден (цинк, мыс, темір, күміс, т.б.) тұрады. Сондай-ақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі. Сүт құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік түрін) жою үшін пастерлеу әдісін қолданады.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Сүт және сүт өнімдері
Сүт - барлық компоненттері мұқият дисперсті күйін қамтамасыз ететін сұйық консистенциясы бар көп компонентті полидисперстік жүйе.Қазіргі уақытта сүт адам қолданатын көптеген өнімдердің бір бөлігі болып табылады, және оның өндірісі ірі өнеркәсіпке айналды.
Сүт өнімдері - қайта өңдеуге арналған функционалды қажетті ингредиенттерді қамтуы мүмкін сүт құрамына жатпайтын майларды және белокты пайдаланбай-ақ сүттен және оның құрамдас бөліктерінен дайындалатын тағамдық өнім.
Кеден одағының кедендік аумағында айналымда болатын сүт өнімдері арналуы бойынша пайдаланған кезде белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде Кеден одағының кедендік аумағында қауіпсіз болуға тиіс.
Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сада объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын сүтті және сүт өнімдеріне қойылатын талаптарды қолдану және орындау үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 ж. 09 қазандағы № 67 шешімімен Кеден одағының техникалық регламенті (ары қарай - техникалық регламент) 0232011 Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне арналған техникалық регламенті қабылданды.
Осы техникалық регламент Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын тағамдық мақсатта пайдаланылатын сүтті және сүт өнімдеріне таралады, сонымен қатар, келесі өнімдерге таралмайды:
а) арнайы тамақтануда пайдалануға арналған (балалар тағамына арналған сүтті және сүт өнімдерін қоспағанда) сүт және сүт өнімдері негізінде жасалған өнімдер;
б) сүт негізіндегі немесе сүт өнімдерін пайдаланып жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдер, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар, дәрілік заттар, жануарларға арналған азық, тағамдық емес тауарлар;
в) үй жағдайында және (немесе) жеке қора шаруашылығында азаматтар алатын сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ тек жеке тұтыну үшін ғана арналған және Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығару үшін арналмаған сүтті және сүт өнімдерін өндіру, сақтау, тасу және кәдеге асыру процестері.
Аталған техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау, арналуы мен қауіпсіздігіне байланысты сүтті және сүт өнімдерін тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-қимылдың алдын алу мақсатында Кеден одағының кедендік аумағында қолдану мен орындау үшін міндетті Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №881 шешімімен бекітілген Кеден одағының Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері техникалық регламентінің (КО ТР 0222011) және Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы №769 шешімімен бекітілген Орауыштардың қауіпсіздігі туралы Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 0052011) талаптарын қолдану мен орындау үшін міндетті және оларға қайшы келмейтін талаптарды белгілейді.
Сүт өнімдері - сүттен дайындалатын әртүрлі тағамдар. Сүттен әртүрлі тағамдық өнімдер дайындалған кезде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Қазіргі кезде мұнымен қатар сүт консервілерін, ашытылған сүт өнімдерін өндіру кеңінен дамып келеді. Сүттің майлылығы оның негізгі сапа көрсеткіші болады. Әртүрлі мал сүттерінің майлылығы (% есебімен) мынадай: сиыр сүті -- 3,9, ешкі -- 4,3, қой -- 7,2, шошқа -- 5,9, түйе -- 5,0.
Қышқылсүт өнімдерін шикізаты (натурал сүтті) таза сүтқышқыл бактериялары ұйытқысы арқылы ашыту жолымен алады. Шикізат ретінде пастерленген, стерилденген сүт, сүт және кілегей қоспасын, т.б. пайдаланылады. Олардан қышқылсүт ішімдіктерін, қаймақ, ірімшік және ірімшіктен жасалған өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, қышқылсүт өнімдеріне әртүрлі қоспалар (қант, жидек, бал қайнатпа, т.б.) қосып жасалуы мүмкін. Қышқылсүт өнімдерінің адамзат тамақтануында маңызы зор, өйткені олардың қоректік мәнімен қатар диеатлық және емдік әсері бар. Себебі, ашыту барысында сүт белоктарының қасиеттері өзгеріп, ішімдік сүтпен салыстырғанда тез және жақсы сіңетін жағдайға жетеді. Медициналық деректеріне жүгінсек, қышқылсүт өнімдері құрамындағы сүт қышқылы адамның тәбетін ашып, шөлін қандырады, ас қорыту жүйесі мен бүйректерінің жұмысын жақсартады. Қышқылсүт өнімдерін алудағы негізгі процесс - ашыту (ұйыту). Ол - күделі биотехнологиялық процесс: ұйтқы микроағзалардың әсерінен бөлінген ферменттер сүт қантын (лактоза) ыдыратып, сүт қышқылы және басқа қышқылдар, спирт, көміртегі диоксиді және т.б. түзіледі. Осы кезде пайда болған заттарға қарай сүтқышқыл, спирттік және аралас (спирттік және сүтқышқыл) ашыту жүреді. Осыған байланысты қышқылсүт өнімдерін өндіруде шартты түрде екі негізгі топ: сүтқышқыл ашыту жолымен (ірімшік, қаймақ, простакваша және басқалар) және араласашыту әдісімен (кефир, ацидофилин және басқалар) алынған өнімдер. Қышқылсүт өнімдері технологиясы ұйытқы (ашытқы) микро-ағзалары әсерінен лактозаның әртүрлі дәрежеде ашуына негізделген. Ашытқы дайындау. Сүт өңдеу кәсіпорындарында ашытқыларды сүтті таза сүтқышқыл бактериялармен (штаммдар) ашыту арқылы даярлайды. Штаммдар арнайы лабораторияларда шығарылып, кәсіпорындарға құрғақ немесе сұйық ашыту ретінде жеткізіледі. Қышқылсүт өнімдерін алуда ашытқының рөлін еске алып, соңғысын даярлаға көп көңіл бөлу керек.

2.2 Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы кезіндегі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу өндіріс процесіне қойылатын талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.
Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне, жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар оны әзірлеу (жасау) кезіндегі нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленеді.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Өткізуге арналған сүт және сүт өнімдерінде уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің болуы, сондай-ақ тотығып бүліну көрсеткіштерінің ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.
Сатуға арналған сүт шикізатында, кілегей шикізатында, сүт және сүт өнімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерде және нормаларда белгіленген деңгейден жоғары микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.
Дайын сүт өнімдерінде фосфотазаның және (немесе) пероксидазаның болуына жол берілмейді.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Мерзімінен бұрын бүлінуі туындау қаупінің алдын алуды қамтамасыз ететін дайын сүт өнімдерін шығару кезіндегі температура нақты сүт өнімдерінің түріне арналған гигиеналық нормативтер мен нормативтік құжаттарға сәйкес дайын сүт өнімдерін өткізу мерзімін ескере отырып белгіленуге тиіс.
Аралас құрамдағы сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін анықтау салмақтық үлесі бойынша да, сол сияқты нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша да негізгі шикізат түрі бойынша жүргізіледі.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Сүтті және сүт өнімдерін тағамдық қоспалармен және витаминдермен байыту Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. P080032
Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиетін төмендетпеуі, оның ішінде тағамдық заттарда қамтылғанды және олардағы басқа да қамтылғандарды игеру деңгейін төмендетпеуі және олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуі тиіс.
Сүт өнімдерін витаминдермен және тағамдық қоспалармен байыту кезінде байытылатын қоспалардың өзара және байытылатын өнімнің компоненттерімен химиялық өзара іс-әрекетке түсу мүмкіндігін ескеру және байытылған өнімдердің айналымы процесінде барынша сақталуын қамтамасыз ететін олардың үйлесімін, нысанын, тәсілдері мен енгізу дәйектілігін таңдау қажет.
Сүт өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен байыту үшін пробиотикалық қасиеттері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған дақылдардың ресми коллекцияларында сақтауға берілген штаммаларды пайдалануға жол беріледі.
Экологиялық таза сүт пен сүт өнімдері генетикалық түрлендірілген объктілерді қамтымауы тиіс, ал контоминанттарды, микроорганизмдерді, уытты элементтерді, радионуклидтерді, пестицидтерді, микотоксиндерді қамту деңгейі бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Сүт және сүт өнімдерін дайындау және өндіру (дайындау) жөніндегі ғимарат пен оған іргелес маңдағы аумақ объектісі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылады.
Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Сүт өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдар нормативтік және техникалық құжаттамаларға сәйкес мамандандырылған кәсіпорындарда дайындалуы тиіс.
Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнайы бөлінген және тиісті үлгіде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі, ол мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) өндірістік цехтардан оқшауландырылған үй-жайларда негізгі тұтынушы-цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орналастырылуы;
2) ұйытқылар мен дақылдарды микроорганизмдердің, бактериофагалар мен басқа да ластаушылардың ластауынан қорғауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасайтын және күтіп ұстайтын жекелеген үй-жайлары болуы;
3) тасқынды-сорғыш желдеткіші және (немесе) ауаны тазалау мен өңдеудің басқа да тиімді жүйесінің болуы.
Кәсіпорынның кәріз жүйесінің құрылғысы құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бұру үшін ұйымдар жалпы қалалық кәрізге қосылуы немесе дербес кәрізі және су объектісіне ағын суларды шығаратын тазалау құрылыстары болуға тиіс.
Ашық су тоғандарына өндірістік, тұрмыстық және нөсер жауынның ағын суларын қашыртқылауды тиісті тазалаусыз жүргізуге жол берілмейді.
Фекальді-шаруашылық және ластанған өндірістік ағын суларды жұтып қоятын құдықтарға және бұрғылау ұңғымаларына жіберуге тыйым салынады.
Ағын суларға арналған қайта айдау станцияларының тазалау құрылыстары мен өзге де қондырғылар жарамды қалпында, таза ұсталуға әрі суларды, топырақты және ауаны ластау көздері болмауға тиіс.
Өндіру (дайындау) объектілері:
1) қоршаған ортаны ластау объектілерінен және сүтті және сүт өнімдерін ластау қауіпін тудыратын өнеркәсіптік қызметтен;
2) жеткілікті алдын алу шараларының қабылданған жағдайларынан басқа, су тасқынына душар болған өңірлерден;
3) зиянкестердің шабуылына ұшыраған аудандардан;
4) қатты немесе сұйық өндіру (дайындау) қалдықтары тиімді аласталмайтын аудандардан қашықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меркі ірімшік зауыты ЖШС сүт өнімдерін өндіріске дайындау
Сүт өнімдері. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Сүт және сүт өнімдері
Сүт өнімдерінің сапасын бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тамақ өнеркәсібіндегі технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі
Сүт өнімдерін өндірудегі биотехнологиялық әдістер
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Пәндер