ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ

5
1.1 Құқық бұзушылықтың мәні, белгілері, түрлері
5
1.2 Құқық бұзушылықтың себептері, факторлар
7
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДАРДЫ ҰСТАП БЕРУ

13
2.1 Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жазасы
13
2.2 Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары
18
2.3 Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы
23
ҚОРЫТЫНДЫ
26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
27

КІРІСПЕ

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық -- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық -- заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты "осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес" деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады. Құқыққа қарсы мінез-құлық азаматтық-құқықтық, тәртіптік қылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды жасауда көрінеді.
Жалпы, құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады.
Заңды жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.
Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады - саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
1.1 Құқық бұзушылықтың мәні, белгілері, түрлері

Кез келген қоғамда құқықтық норма нұсқауларын бұзу жалпылама сипатта және қоғамға мәнді, сезілетін материалдық және моральдық зиян келтіреді. Құқық бұзушылық құқықтық мінез-құлыққа қарсы әрекет.
Құқық бұзушылық - заңды жауапкершілік тудыратын деликт қабілетті адамдардың кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті.
Құқық бұзушылықтың белгілері:
* іс-қимыл әрекет немесе әрекетсіздік;
* қінә;
* құқыққа қарсылық;
* қоғамға зияндылық зиянды нәтиже;
* іс-қимыл мен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;
* заңды жауапкершілік.
Құқық бұзушылық әлеуметтік қауіптілігі зияндылығына байланысты қылмыс және теріс қылық болып бөлінеді.
Қылмыс (қылмыстық құқықбұзушылық) қоғамға зияндылығының ең үлкен дәрежесімен, қауіп-қатерден қылмыстық заңнамалармен қорғалғандығымен, әлеуметтік елеулі мәнді мүдделерге бағытталғандығымен ерекшеленеді. Құқықбұзушылықтың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық әрекеттер тізімі толық түрде беріледі, кеңейте талқылауға болмайды.
Теріс қылық азаматтық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар аймағында жасалатын, ұйымдар мен жеке азаматтарға мүліктік зиян келтірудегі т.б. көрінетін әрекет.
Өз кезегінде теріс қылықтар келесідей жіктеледі:
Азаматтық (мүліктік және мүліктік емес қатынастар саласында шарт бойынша міндеттемені орындамағаннан тұратын, жеке азаматтарға немесе мекемелерге зиян келтірумен, азаматтардың ар-намысын, атақ абыройын кірлететін мәліметтер таратумен көрсетілген құқықбұзушылықтар);
Әкімшілік (заңмен тағайындалған қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік органдарды атқару жарлық ету әрекеті аймағындағы қатынастарға қызметтік міндетті жүзеге асырумен байланыссыз зиян келтіретін құқықбұзушылық);
Тәртіптілік (еңбектік қатынастар аймағында жасалатын кәсіпорын мекеме, ұйым әрекетіндегі ішкі тәртіпке қол сұғатын құқықбұзушылық).
Құқық бұзушылық құрамы дегеніміз заңды жауапкершілікті жүктеуге жеткілікті және қажетті құқықбұзушылық белгілерінің жүйесі. Бұлардың бірі болмаған жағдайда тұлға жауапкершілікке тартылмайды.
Құқықбұзушылықтың заңды құрамына мыналар жатады:
1. құқықбұзушылық субъектісі (осы әрекетті жас аған құқықтық әрекетқабілеттілігі бар жеке немесе заңды тұлға);
2. құқықбұзушылық объектісі (құқықбұзушылық бағытталған қатынас; қоғамдық қатынас текті объект, адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, мүлкі және т.б. түрлі объектілер),
3. құқықбұзушылықтың субъективті жағы (тұлғаның өз әрекетіне және салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде негізгі өлшем кінә (ҚР ҚК 19 бабы). Кінә деп тұлғаның құқыққа қарсы жасаған әрекетіне деген психикалық қатынасын айтамыз. Кінә екі нысанға бөлінеді - қасақана (ҚР ҚК 20 бабы) және абайсыз (ҚР ҚК 21 бабы). Қасақана тікелей кінә - тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін біледі, зиянды нәтиже туындау мүмкіндігін немесе тиістілігін көре біледі, соны қажет етеді. Жанама қасақана кінә - субъект өз әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын алдын ала біледі, зиянды нәтиже болу мүмкіндігін көре біледі, тілемейді, бірақ заңда көрсетілген зиянды нәтиже туындауын саналы түрде мүмкін етеді немесе оған бейжай қарайды. Абайсыздықтың да екі нысаны бар: менмендік және немқұрайдылық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екендігін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткіліті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған деп танылады. Егер тұлға қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жас алған қылмыс деп танылады); азаматтық заңнамада кінәнің дөрекі және жеңіл абайсыздық нысаны берілген. Субъективтік жақтың қосымша белгілері - ақсат және ниет.
4. құқықбұзушылықтың объективті жағы - осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілерінің жиынтығы, бұларға мыналар жатады:
* әрекет (қоғамға кауіпті, кінәлі, құқыққа қарсы, жазаланатын);
* зиянды нәтиже (мазмұды аспектісі);
* әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себепті байланыстар (нәтиже салдар болуға тиіс, ал сол мінез-құлық осы нәтиженің себебі болмақ).

4.1 Құқық бұзушылықтың себептері, факторлары

Қылмысты зерттеуге арналған ғылымның бір саласы криминология 19 ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Алғашқыда оны қылмыстық этимология, қылмыстық социология деп, атап жүрген.
Назарға алған жөн, кейбір криминалистік концепциялар, құқық бұзушылыққа көзқарасттар, ғылымның пайда болғанға дейін айтылған және осы салаға байланысты зерттеулер жүргізілген. Осы саладағы алғашқы теориялық құрылымды Аристотель мен Платонда таба аламыз. Құқық бұзушылық мәселесін шешуге 18 ғасырдың көп ойшылдары зерттеуге күш салған, бұлар Беккариа, Бентам, Вольтер, Гельвеций, Гольбах, Дидро, Локк, Монтескье және т.б. Олар құқық бұзушылықтың пайда болғаның социальдық тұрақсыздықтан, қоғамның тәртіпсіздіктен көріп, репрессияларды тоқтатуға, профилактикалық жұмыс жасауға шақырған.
Құқық бұзушылық жайлы және оның пайда болу себебін, социалист - утопистер көп зерттеген. Соның ішіндегі Томас Мор, қоғамды өзгерту үшін, оны қайта социалистік бастаумен құру керек деп ұсынған. Ж. Мелье, католик шіркеуінің қылмыстарын ашық жариялағанда, қоғам ішіндегі құқық бұзушылықты тоқтату үшін, жеке меншікті жою керек деп, адамдар арасындағы теңсіздік, қылмыстың ошағы деп айтқан. Мелье көзқарасына Морелли де қосылған, ол да қылмыстың басты себебі жеке меншік деп ойлаған. А. Сен-Симон, Ш. Фурье бойынша, құқық бұзушылықтың табиғи тамыры жекеменшіктік қоғамның ішінде, адамды қанау және эксплутациялау, құқық бұзушылықпен тек қылмыстық жауапқа тартумен тоқтату мүмкін емес деп, айтқан.
Сондай көзқарасты дамытқандар Ж. П. Марат және А. Н. Радищев. Марат құқық бұзушылықты құл мен қожа -- дан тұратын қоғам ішінде іздеген эксплутарлық жүйеде көрген. А. И. Герцен бұл мәселені зерттегенде, көбінесе, экономикалық факторларға көп назар аударып, социальдық теңсіздікке, кедейлікке, сонымен бірге, Герценнің ойынша буржуаздық қоғам, қылмыспен күресе алмайды деген, тұжырым жасаған.
Қылмыстың пайда болғаның зерттегенде, ғылымдар екі көзқарасты топқа бөлінеді. Бірінші топ мүшелері, қылмысты социальдық көрініс, ал екінші топ биологиялық көрініс ретінде қарастырады.
Буржуаздық криминологияны дамытуда үлкен үлес қосқан, қылмыстық антропологиялық мектептің өкілі, итальян психиатры Чезаре Ломброзо (1835 -- 1909). Ломброзианство және неоломброзианство терминдер сияқты, психиатрдың есімі де қазіргі күнге дейін өте белгілі. Құқық бұзушылық, Ломброзо бойынша, -- адамның дүниеге келуі, өтуі сияқты, айқын және керекті құбылыс. Құқық бұзушылықтың пайда болуы, бұл биологиялық процесс. (Бірақ өмірдің соңғы жылдарында Ломброзо, қоршаған ортаны да ескере бастады.) Қылмыскер адам, Қылмыс, оның себебі, емдеу процессі кітаптарында, ғалымның айтуы бойынша, туылған кезінен бастап қылмыскерлер болады, оларда спецификалық физиология, психология, антропогендік жағынан белгілер болады және олар барлық қылмыскерлердің 35 пайызын құрайды. Ломброзо табиғи қылмыскерлердің тұрақты бейнесін іздей бастаған. Ол адамның қаңқасын, сүйек басын, бойын, дене салмағын және басқа аномалияларын зерттеген. Уақыт өткен соң, Ломброзо тағы да әр түрлі, бір - біріне ұқсамайтын 16 факторларды ашқан (бұған кіретіндер: метерологиялық, географиялық, экономикалық, рассалық және т.б.). Психиатор табиғи қылмыскерлерді алдын - ала тоқтату үшін, емдеу процессінде, өмірлік изоляция, жер бетінен жою процесстерді қолданған. Әрине, болашақта бұл теория және методика фашистер мен КСРО мемлекетінде жиі қолданыс тапты. Ломброзаның ашық, реакциялық көзқарастарды оның шәкірттері жұмсартуға, яғни гуманизациялауға күш салды. Итальян фашистік қылмыс кодекстін авторы Э. Ферри, биологиялық ломброзианство көзқарасына, социальдық факторды айқын енгізеді.
Уақыт өткен сайын биологиялық көзқарастың авторитеті төмендей бастайды. Оның себебі, фашизм мен коммунизм кезіндегі жиі қолданысы. Бірақ та, модернизацияға ұшыраған биологиялық көзқарас, әлі де қолданысты тауып тұр. Не себепті? Себебі, құқық бұзушылыққа барған кейбір тұлғаның мотивациясын түсіну қиын. Социальдық көзқараз барлық сұраққа жауп бере алмайды, сондықтан да аса қауіпті қылмысты түсіну үшін, адамның ішкі сана - сезімін зерттейді, осындай жағдайларда биологиялық тұрғыдан зерттеу процессі өз үлесін қосады. Әсіресе, қазіргі заманда түсініксіз немесе мотивациясыз құқық бұзушылықтың көпшілігі, психологиясы сау емес адамдармен орындалады. Есірткенің, арақ-шараптың әсері қоғамға үлкен зиян әкеліп тұр.
Қазіргі сәтте медицина мен гендық инженерияның жоғарғы дамуынан, ген арқылы мұраға берілетін құқық бұзушылық, деген көзқарас пайда болды. Оның өкілдері: О.Кинберг, О.Ланге, Е.Гейер, А.Штумпль және т.б. Көзқарасты қолдайтындар екі топқа бөлінді: юристер мен медиктер. Олардың ойынша, тұлғаға көптеген мінездік белгілер беріледі, сондықтан құқық бұзушылық та, ген арқылы берілу мүмкін.
Белгілі австралиялық психолог З.Фрейдтің психоанализ теориясы, көпшілікте қолданыс тапты. Фрейд, құқық бұзушылықты адамның ішкі сана сезімінде, оның психиканың тереңдігінде жатқан құбылыс деп айтқан. Адамды қылмысқа итермелейтін, ол -- өлімнен қорқу инстинкті және сексуальдық мінезді нәпсі (либидо) сезімі.
Жоғарыда жазылған көзқарастар мен теориялар, құқық бұзушылыққа дұрыс түсінік беру жұмысында, мәселенің бір жағын ғана көрсетеді. Әрине, биологиялық теорияға ғана сүйеніп, тұлға психологиясы қылмыс жасауға жақын деген айыппен, жазаға тарту оңай. Бірақ, бұл адамзатқа қандай ауыр әсер тигезітінің елестету қиын емес! Бұл жағдайды прогрессивті саясаткерлер мен ғалымдар жақсы түсінген. Және биологиялық көзқарасты мүлдем жойып тастауға да күш салған. Сонымен де, социальдық көзқарасты әрі қарай дамыту үшін, биологиялық көзқарас маңызды орын алды. Сондықтан да, социологиялық бағыт өте қиын кезеңдерден өтті.
Құқық бұзушылықты социальдық жақтан зерттеуді, алғашқы рет ғалымдар - статистиктер бастады. Ағылшын ғалымы Д.Говардтың құқық бұзушылыққа деген көзқарасы қызық. Оның айтуынша, қылмыскерлерді түзету процессінде, еңбекке тарту, тәрбиелеу, білім беру шаралары қолдану керек. Және де, оларға міндетті түрде сыйластықпен, адамгершілікпен қарау керек, себебі оларды, қоғамның өзі қылмыскерлерге айналдырды.
Француз ғалымдары П. Дюпати және Ж.-П.Бриссоның көзқарастарына назар аударғаның жөн болар. Олардың айтуынша құқық бұзушылықтың себебі, қоғам ішінде адамдар арасындағы экономикалық және саяси теңсіздік. Статикалық ақпаратқа анализ жасағанда, Дюпати бір шешімге келді, яғни әр жылдарда жасалған құқық бұзушылықтың саны өзгерісіз қалады. Осы кездерде, ХIХ ғасырдың соңында -- XX ғасырдың басында, Э. Дюркгейм, мен Н. Д. Сергеевский дамытқан құқық бұзушылық мәңгі процесс деген теория пайда болды. Теорияны жақсы ашқан және дамытқан француз теоретигі Э. Дюркгеймнің құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі, деген сөзі шығады.
Антропологиялық теорияны сынға ұшырауымен, социологиялық теорияның көптеген өкілдері, құқық бұзушылық мәселесін шешу үшін, социологиялық реформа жасауға шақырумен бірге, басты бір сұраққа жауап таба алмады. Экономикалық, климаттық, мәдениеттік, географиялық факторладың ішінен, олар ең маңыздысын таңдай алмады.
Социологиялық мектептің өкілдері, криминалогияда құқық бұзушылықтың себебін зерттегенде 2-3 классификацияға (факторлар) тоқтаған. Бұл факторлар: индивидуальді (жынысы, жасы, ұлты); физикалық (географиялық орта, жыл мезгілі, климаттық жағдай және т.б.); социальдық фактор (жұмыссыздық, азық - түліктің бағасы, жұмыс ақысы, алкоголь немесе есіртке пайдалану және т.б.).
Социологиялық теориялардың көптеген көзқарастарын зерттеуге болады, бірақ шынында, құқық бұзушылықтың табиғатын түсіну үшін, теорияларға жалпылама көзбен қарау керек. Әсіресе қазіргі кезде пайда болған теорияларға басты назар аударған жөн.
Жалпы, құқық бұзушылықтың пайда болуы, қоғам ішіндегі тұлғалар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени теңсіздіктен пайда болады деп, айтуға болады. Әр тұлға өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін, заңды немесе заңсыз әрекеттер жасайды. Адамның табиғатында тәубешілік сезімі аз мөлшерде болады. Керісінше, адам қаншалықты экономикалық, саяси, мәдени жетістіктерге жетсе де, ол тұлғаға аз болып көрінеді. Қоғам ішіндегі бір - біріне қызығушылық (психикасы сау емес адамдарды жатқызбаймын), теріс әрекеттерге әкеледі. Оның барлығын түсіну үшін, құқық бұзушылықты әр жақтан толығымен зерттеу дұрыс болар.
Құқық бұзушылыққа әкелетін экономикалық факторды зерттегенде, еске алған жөн, бұл үлкен масштабты фактор. Капиталистік қоғамның алдында болған құл иеленушілік пен феодалдық қоғам, құқық бұзышылықты басқаша сипаттаған. Капиталистік қоғам, құқық бұзушылықты өзі тудырат, деген сөз бар. Капитализм өзі құрған айқын экономикалық және әлеуметтік теңсіздік, ең басында адамзаттың қиындықтардың шеше алмайтындығын көрсетті.
18 ғасырдың философтары мен ғалымдар, капитализмді орнытқанда, жаңа гуманистік идеалдарды енгізуге, шіркеуден еркін болуға, адамзатты орта ғасырлық қараңғылықтан жарқын болашаққа жол ашып тұрмыз деп сенген. Шындыққа келсек, теңдік те, бостандық та, болған жоқ. Экономикалық теңсіздік, класстарға бөлінуі сол қалпында қалды.
КСРО елінде капитализм стадиясына енбей, тура социализмге өтуі, болашақта коммунизмді құру идеялары өз жасандығын көрсетті. Себебі, тоталитарлық жүйеде, бюрократизмнің өсуі, жалған үгін -- насихат саясаты, қоғамды басында алдағанмен, соңында күйзеліске ұшырады. Совет елдердің ғалымдары, қоғамдағы болып жатқан қылмыстарды, коммунизмге жат әрекеттерді, капитализмнен қалған немесе бұрынғы кезеннен қалған мұра деп, сипаттаған. КСРО елінде күштеп еңбекке тартуы, жалған теңдікті мен бостандықты құруы, елде проституция мен наркоманияның жоқ болуы, жарқын коммунизмге жақындауы, бұның барлығы қоғамды алдау саясатында жүрді. КСРО елінің мерзімі ұзаққа созылмайтындығын, дүкенге кіргенде түсінікті болған. Азық - түлік, киім - кишек, басқа да қарапайым қажетті тауарлардың дефицитте болуы, КСРО азаматтарды еріксіз құқық бұзушылыққа әкеліп отырды. Г. Мендешевтің Профессия - сыщик кітабында, КСРО кезіңдегі құқық бұзушылықпен қалай күрескені жақсы жазылған. Мысалға, есіртке сатушыларға өте жұмсақ жаза қолданылған, көбінесе есіртке сатушылар штраф төлеп, қайта бостандыққа шыққан. Себебі, КСРО - ның қылмыс кодексінде есіртке сатушыларды түрмеге отырғызбаған. Есіртке сатушыларды қатаң жазалайтын заң 80-жылдарына дейін бекітілмеген, басшылардың ойынша бұндай заңның кажетті болмаған, себебі КСРО мемлекетінде наркомания деген, капиталистік ауру, социалистік елде мүлдем болмаған. [14]
Бірақ та, 90-жылдары КСРО мемлекеттің жойылуы, Қазақстанды одан да жаман апатқа әкелді. Капитализм стадиясынан өтпеген, нарықтық қатынастарға түсінбеген, қайта құру реформасына бет бұрып, мықты заңдық базасы болмай, елді тонауға келген шетел инвесторларға есік ашып, инфляция мен кризиске ұшырап, халық КСРО агитацияларынан әлі емделе алмай жүргенде, елді құқық бұзушылықтың ең жоғарғы деңгейіне әкелді. Сол кезде рэкит, тонау, ұрлық, адам өлтіру, есірткені сату, проституция, наркомания, рейдерство кең қанат жайды. Аталған құқық бұзушылықтардың пайда болуына басты себепкер болған, экономикалық фактор.
Құқық бұзушылықты азайту үшін, қоғамды жаңа заңдармен, қабылданған нормативтік-актілермен таныстыру үшін, юриспруденция жағынан сауаттылғын көтеру үшін, маңызды рольді ақпарат атқарады. 20-21 ғасырды ақпарат ғасыры деп атайды. Сондықтан қоғамдағы процесстерді реттеу үшін, кейде СМИ-ні жазалау орган, ашық саясат жүргізу, демократиялық қоғам құру құралы ретінде қолданылады. Сондықтан, бұл факторды еске алған жөн.
Енді, құқық бұзушылықты қоғамдық масштабта емес, жеке тұлғалық масштабта қарастырған жөн. Адамды экономикалық, социальдық, биологиялық фактордан басқа, ішкі сезімге байланысты, эмоциялар да, тұрақсыз психика да қылмысқа итермелейді. Қоғамның кіші ұяшығы, бұл - отбасы. Отбасы ішіндегі болып жатқан процесстер де, жиі қылмысқа әкеледі. Отбасы ішіндегі кейде болып тұратын негативтік жағдайлар, ер мен әйел адамның арасындағы қатынастардың ішінде де құқық бұзушылықтың себебі кездеседі. Бұл қатынастарға жақсы анализ жасаған және зерттеуге көр күш салған Ресей психологы Е.И.Тереньтев болды. Оның Бред ревности кітабында, адамның эмоциялары туралы жақсы зерттеме жұмысы істелген. Отбасы ішінде, қылмысқа әкелетін фактор ол ер мен әйелдің арасындағы қызғану сезімі.[15]
Отбасы микроклиматына қоршаған факторлар да әсер етеді. Әсіресе, экономикалық, яғни отбасыда ақшаның жетіспеуі немесе керісінше, ақшаның көптігі де, теріс қылыққа әкеледі. Отбасы ішіндегі қатынастар, оның отбасылық құндылықтар заманға байланысты өзгеріске ұшырап тұрды. Мысалы, 20 ғасырға дейін, әйелдің статусы ер адамнан өте төмен болып, отбасы ішіндегі конфликт нәтижесінде әйел өлтірілсе, ер адам жаупқа тартылмаған. Қазақ қоғамында, әйел баласы көбінесе, ата-аналарына пайда алу көзі ретінде болған. Оны қазақ фольклорінде сақталған мақал-мәтелдер дәлелдейді. Бірақ, қазақ қоғамында Фукстың айтуынша, әйел өлтірілсе, оның туыстарына құн төлінетін. Ал керісінше, әйел өз күйуінің өліміне себепкер болса, ол қатаң жазаланған. Жалпы, 20 ғасырға дейін, ер адамның әйелден доминанты болуы, экономикалық, физиологиялық фактор басты әсер еткен. Себебі, өмірге деген қатаң күресте, физикалық күштен басқа, елді жаудан қорғауда ер адамның басты жұмысы болғандықтан, әйел қоғамдық иерархияда статусы төмен болды. Сонымен де, шыңдыққа келсек, отбасының барлық үй -- шаруалық, бала тәрбиеу, малға қарау, киім - кишек тігу жұмысы, астық дайындау, барлығы әйелдің мойынында болды. Мысалы, 13 ғасырдағы монғол халқында, ер адамдар тек соғыс мәселесінде белсенді рөль атқарды, ал мал бағу, оны күту, киім тігу, балаға қарау, астық дайындау, ауыр жұмыстың барлығы әйел орындаған. Діндердің қоғамның дамуына үлкен әсер еткенің біз жақсы білеміз. Ал, көпшіліке тараған ислам мен христиан діні, белгісіз себептен, басыннан бастап әйелдің рөлін онсыз да төмендетті. Еуропаның өзінде 18-19 ғасырға дейін, әйелдің рөлін қоғамда катты кеміткен. 20 ғасырда, феминисткалардың пайда болуы, әйелдердің құқық үшін белсенді күресуі, радикалды қозғалыстар жасау нәтижесінде, ер мен әйел құқықтары теңестірілді. Бұл жалпы адамзат прогресс жолының бір қадамың өткен екенің белгіледі.
20 ғасыр жыныстық теңдік пен бостандық әкелгенмен, сонымен қоса жаңа проблемаларды туғызды. Әйел адамның ер адамнан экономикалық тәуелсіз болу себебі, ер адамдардың доминанты рөлінен айырыла бастауы қатты психологиялық - эмоциялық күйзеліске әкеліп соқты. Сол себептен, қазіргі заманның проблемасы, ол отбасы ішіндегі қылмыс, отбасылық құндылықтан айрыла басталуы, ер мен әйел арасындағы көп түсінбеушіліктің пайда болуы. Сондықтан да, проблеманы шешу үшін, жаңа жолдарды іздеп, отбасыға тек психологиялық, экономикалық көмек емес, сонымен бірге құқықтық жақтан көмек беруге бүкіл күшті салу керек. Әрине, отбасы ішіндегі қарым - қатынастарды реттейтін нормалар аз емес. Бірақ олардың қаншалықты пайда әкелетіндігін, реформа жасауға қажеттілігі қаншалықты екенің білу, кешікпей өз уақытында шаралар жүргізілу тиіс.

2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДАРДЫ ҰСТАП БЕРУ
2.1 Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жазасы

Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі - күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады. Осыған орай, бір де бір қоғам қылмысты мүлдем жоя алмайды. Олар болған, бар және әрқашан болады.
Нақ сондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет. Қылмыс, басқа әлеуметтік құбылыс ретінде үнемі дамып, жаңа түрге ие болады.
Осы санкциялар өз беттерінше емес, құқық қолдану қызметі процесінде жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Ізденімді қолдану, құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.
Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін.
Құқық бұзушылықтың бәрі түгелдей табиғат пен заттардың күш әрекеттері емес, жануарлардың әрекеті емес, адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері құқық бұзушылық болып саналмайды.
Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің алуан түрлі себептеріне, жағдайларына, субъектілері мен сипатына қарамастан олардың бәрінде, құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылысқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер бар.
Сонымен, құқық бұзушылық деген не?
Құқық бұзушылық - бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті.
Қылмыс бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын (адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары) бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.
Құқық бұзушылық - бұл адамның әрекет етунен немесе әрекетсіздігінен байқалатын қылық. Құқық бұзушылыққа ой, сезім, ниет жатпайды, себебі олар адамның қылығының белгілі бір актісінде байқалмайынша, құқықпен реттелмейді. Егер адам құқық нормаларында қарастырылған белгілі бір әрекетті жасау керек болып, бірақ жасамаса (мысалы, өміріне қауіп төніп тұрған адамға көмек көрсетпегенде), онда бұл әрекетсіздік болып табылады [1].
Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян - материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді.
Жазаланушылықты құқық бұзушылық белгісіне жатқызуға да болады, сондықтан кез келген құқық бұзушылықты жасағаны үшін заңды жауапкершілік қарастырылуы керек.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі қорытындыға келуге болады:
Құқық бұзушылық - қоғамдық қауіпті (зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекет.
Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған - қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады.
Теріс қылықтар - бұл, қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтарудың объективті белгілері
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қажетті қорғану
Кылмыстық құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар саны
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Қылмыстың көптігінің түрлері
Пәндер