Азаматтық құқық субъектісі коммерциялық емес тұлғасы ретінде


МАЗМҰНЫ
- ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
- Заңды тұлғаның құрылуы мен таратылуы
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
- Комерцилық емес заңды тұлға туралы түсінік
КІРІСПЕ
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай түжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Занды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады".
Бұл жерде "оперативное управление" деген термин "жедел басқару"' деп аударылған, ал Кодекстің 10-тарауында "оралымды басқару" деп аталган. Осыңцай өртүрлі аудармалар біздін Азаматгық кодексте жиі кездесіп тұратынын ескертеміз.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:
1) ұйымдасқандық бірлігі;
2) мүліктік оқшаулығы;
3) дербес мүліктік жауапкершілігі;
4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір занды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. ¥йымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы кызмет аясы айқындалады. Занды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Міндеттер:
- Заңды тұлға туралы ұғымды анықтау;
- Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдерді (теорияларды) зерттеу;
- Заңды тұлғалардың түрлерін анықтау;
- Заңды тұлғаларды құру ерекшелігін зерттеу;
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуді талдау;
- Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін анықтау;
- Заңды тулғалардың негізгі түрлерін зерттеу.
- ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЗаңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, қүрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: ''заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Құқықтық санат ретіңде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ. иКеңес мемлекеті өмір сүріп түрған кезеқде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А. В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне "ұжым теориясы" деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е. А. Сухановтың пікірі бойынша, " . . . осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралган - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе - ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу. Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К. Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері - жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтык катынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рүқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған. Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д. Маршаддың корпорацияга берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: "Корпорация дегеніміз - бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзіңде ғана өмір сүретін жасанды қүрылым".
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңдытұлғаны мемлекеттін қалыпты тіршіпік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды. Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға үқсас құрастыра отырып, Савиньи үстанған идеалистік үстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқык тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады. [1]
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтык заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж, дейін "заңды тұлға" деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтық кодексінде 1942 ж. заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: "Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады". Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық қүкықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды қүру, қайта қүру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағыңда баянды етілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікгік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауалкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс". [1]
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңдытұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:
ұйымдық бірлік;
мүліктік оқшауланушылық;
дербес мүліктік жауапкершілік;
азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынган азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңдытұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртүтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан түратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті үдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан түратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден түратын акционерлік қоғамдар қүруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан түратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік қүруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рүқсат ететін заң актілері қабыдданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар еддердің заңдарында да осындай қүбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғаңда бір адамнан тұратын корпорациялар қүруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әдде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шекгеусіз жауапкершілікгі жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан түратың заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан түратын заңды тұлғалар қүруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары) . Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. [2]
АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтайшартын - құрылтайшылар жасайды. Жарғыңа заңды тұлғаның атауы, түрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлүматтар болуы тиіс. Жарғының болуы - заңды тұлғаның - мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-баптары) .
Мүлікгік оқшауланушылық - заңды тұлғаның іргелі белгісі, бүдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулаушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю. К. Толстой "заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бүрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз) . [2]
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке мешшктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысгы. Егер бұл мемлекелік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады. Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы - заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы) . Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабыңда былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да. мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие беруішлердін борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағыңдағы 2-абзацты қараңыз) . [2]
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) » мемлекеттік қызмет стандартыжоғарыда айтылған стандарт бойынша жүзеге асырылады.
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, «Комерциялық емес ұйымдарды тіркеу туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеу осы стандарттың 1-қосымшасының 2 бөлігіне сәйкес құжаттар тапсырады.
2013 ждылдың 9 қаңтарында күшгіне енген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша салық басқармасынан қарызы бар (жоқтығы) туралы анықтама талап етілмейді.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізіледі.
Қағаз тасығышта қайтадан куәлік немесе ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының бекітілген стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған кезінен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), ал дайын құжаттарды беру 5-күні жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар немесе оның уәкілетті өкілі орталыққа:
1) қайтадан куәліктерді немесе мұрағаттық анықтамаларды беру туралы белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы) ;
2) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжатты;
3) өкілдің уәкілеттілігін растайтын құжат ұсынады.
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру - бұл заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайының тоқтатылуы немесе өзге де өзгеруі.
Қайта тіркеу - белгілі бір әрекеттерді жүргізгеннен кейін тіркеу құжаттарына өзгертулер енгізуді тіркеу.
Қайта ұйымдастырудан қайта тіркеудің басты айырмашылығы жүргізілетін өзгертулер сипаты болып табылады. Мысалы, атауын өзгерткенде кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қажеті жоқ, бірақ міндетті түрде қайта тіркеу керек. Сондай-ақ егер қатысушылар/құрылтайшылар құрамы өзгерсе, ал кәсіпорын басқа заңды нысандарға біріккенде/жұтылғанда/қайта ұйымдастырылғанда қайта ұйымдастыру қажет.
Егер қайта ұйымдастыруда жаңа заңды тұлғалар бөлінсе, оларды тіркеу қажет. Көбінесе, қайта ұйымдастыру нәтижесінде сондай-ақ қайта тіркеу талап етілуі мүмкін. Қайта ұйымдастыру және қайта тіркеу шарттарымен сіз төменде таныса аласыз. [5]
Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркеуге жатады:
- жарғылық капиталдың мөлшерін азайту;
- атауын өзгерту;
- шаруашылық серіктестіктеріне қатысушылардың құрамын өзгерту (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелерін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының тізілімін жүргізетін шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) .
Филиалдар және өкілдіктердің атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
Қандай жағдайларда компанияларды қайта ұйымдастыру қажет?
- біріккен жағдайда: 2 және одан да артық заңды тұлғалар бір заңды тұлғаға қосылғанда;
- қосылу жағдайында - бір немесе бірнеше заңды тұлғалар басқа заңды тұлғаға қосылғанда;
- заңды тұлға екі немесе одан да артық заңды тұлғаларға бөлінген жағдайда;
- бөліну (бірінші заңды тұлға әрекетін жалғастырып, заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғалар бөлінгенде) ;
- қайта құру (бір ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға басқа ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаға өзгергенде) .
Заңды тұлғаны қайта тіркеу тәсілдері
Заңды тұлғаларды қайта тіркеу рәсімін әділет органдары жүзеге асырады. Заңды тұлғаны қайта тіркеу үшін сіз тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на жүгіне аласыз. Қайта тіркеу туралы шешімді қабылдауда білікті заңгерге жүгінген жөн. Кәсіпқой заңгер барлық қажетті операцияларды жиынтықта жүргізеді. Мысалы, жаңа қатысушыларды қабылдаумен мәмілелерді және құрылтайшылардың басқа өзгертулерінде немесе олардың үлестерінің мөлшерлерін жасауды алып жүруге көмектеседі, тиісті шешімдер, хаттамалар және өзгелерін құрастырумен жарғыға және құрылтай құжаттарына өзгертулерді сауатты енгізуге көмектеседі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ заңды тұлғаны қайта тіркеуге арналған құжаттар тізімі:
- Нысан бойынша өтініш.
- Заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, филиал немесе өкілдік туралы ереже, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына толықтырулар және өзгертулерді енгізуді көздейтін мемлекеттік қайта тіркеу туралы шешім немесе шешімнен көшірме.
- Жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдарының/өкілдіктерінің субъектісіне жатпайтын заңды тұлға үшін енгізілген өзгертулер және толықтырулармен құрылтай құжаттарының/ережелерінің 3 данасы.
- Жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ акционерлік қоғамның субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары, олардың филиалдары/өкілдіктері туралы ережелер.
- Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиал/өкілдікті есептік қайта тіркеу үшін тіркеу алымын бюджетке төлеуді растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
- Құрылтайшылар құрамын өзгерткенде серіктестіктің немесе оның бөлігінің мүлкіндегі/жарғылық капиталындағы үлесіне шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының құқығының иеліктен шығуын растайтын құжат ұсынылады.
Операциялар жүргізудегі тіркеу жарнасының мөлшері
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік тіркеу (соның ішінде қайта ұйымдастыру), олардың филиалдарын және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу), есептік тіркеуден алу үшін -6, 5АЕК.
- бюджет қазынасынан қаржыланатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және бөлме (пәтер) иелерінің кооперативтерін мемлекеттік қайта тіркеу, , олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін, есептік тіркеуден алу үшін -0, 5АЕК.
- балалар және жастар қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу (соның ішінде қайта ұйымдастыруда), республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын, олардың филиалдары мен өкілдерін есептік тіркеу (қайта тіркеу), есептік тіркеуден алу үшін -2АЕК.
- балалар және жастар қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын және өкілдіктерін, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркеуден алу үшін -1АЕК.
- шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары және өкілдіктері -2АЕК.
- саяси партиялар, олардың филиалдары және өкілдіктері -14АЕК.
Шығатын құрылтайшының беру шартындағы қолын серіктестіктің (жарғылық капиталдағы) мүлкіндегі үлесін беру шартында нотариалды растау қажет.
Шаруашылық серіктестігін қайта тіркеуде оның қатысушысының салымының ақшалай бағасы серіктестіктің бухгалтерлік құжаттарымен немесе аудиторлық есеппен расталуы мүмкін.
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәсілдері
Құқық мирасқорлығын қайта ұйымдастыру нысанына байланысты (мүліктік құқықтар және міндеттердің ауысуы) әр түрлі тәсілдермен іске асырылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz