Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қоғамдық бірлестіктер ұғымы және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері ... ... ... ... ... ... .. ..7
2 ҚР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бірлестіктеріне қойылатын шектеулер туралы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Азаматтардың қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтың құқықтық мәртебесін және оның маңызды бөлігі ретінде -- азаматтың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайын, оның әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайды, бекітеді және оған кепілдік береді. Әкімшілік заңнама азаматтың мемлекеттік басқарудағы құқықтық жағдайының негізгі екі сәтін -- оның әкімшілік құқық қабілеттілігін және іс-әрекет қабілеттілігін айқындайды.
Әкімшілік құқық қабілеттілігі оның өзіне кұқық және міндеттер алу мүмкіндігін білдіреді. Ол азаматтың тумысынан басталып, қайтыс болуымен аяқталады. Азаматты әкімшілік құкық қабілеттілігінен айыруға немесе оны басқа біреуге беруге болмайды. Оны жекелеген азаматтарға ғана қатысты және белгілі бір уақытка (мысалы, заң бас бостандығынан айыру, әкімшілік тұтқындау сияқты санкцияларды көздейтін қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты) шектеуге ғана болады. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілік -- бұл азаматтың басқару аясында өзінің құқықтары мен міндеттерін саналы және дербес түрде жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттіліктің туындауы азаматтың белгілі бір жасқа толуына байланысты (мысалы, мемлекеттік қызметке орналасуы) болады.
Жұмыстың өзектілігі. Қоғамдық ұйымдар - ерікті өзін-өзін басқара алатын ассоцация. Сондықтан, қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына мемлекет қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктер мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге заң тиым салады[4].
Көптеген қоғамдық бірлестіктер саяси өмірге белсене араласады, мемлекеттік өкімет органдарын сайлауға қатысады, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер өкілдері депутаттар қызметін атқаруға сайланады, мемлекеттік қызметте жұмыс атқарады. Өздігімен қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік билікті жүргізе алмайды, өйткені мемлекеттік билік өкілеттігіне ие емес. Бұл мемлекеттік органдарға ғана қатысты.
Қоғамдық ұйымдар өз өкілеттігі шегінде көптеген құқықтарды іс-жүзіне асырады. Олар өз қызметі туралы ақпарат таратуға; соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға, бұқаралық ақпарат құралдарын құруға хақылы. Сонымен бірге, олар жиналыстар, митингілер, демонстрациялар шерулер мен пикеттер өткізуге, баспа қызметін жүзеге асыруға, халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де өкілеттілікті жүзеге асыруға құқылы.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі азаматтарға қоғамдық бірлестіктерді құру кезінде қойылатын шектеулерге тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
қоғамдық бірлестіктер ұғымы және олардың түрлерін, құқықтық мәртебесінің негіздерін сипаттау;
Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бірлестіктеріне қойылатын шектеулер туралы сипаттамасын беру;
азаматтардың қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, таратуын қарастыру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғамдық бірлестіктерге, құқықтармен бірге, міндеттер жүктейді. Айталық, еліміздің заңдарын, сондай-ақ өз жарғыларында көзделген нормаларды сақтауға, өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен олардың танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; ақша қаражатының келіп түсуі мен жұмсалуы туралы өз мүшелерін хабардар етуге; тұрақты жұмыс істейтін басшы орган орналасқан жердің және бірыңғай мемлекеттік тізбеге енгізілетін мәліметтер көлемінде басшылар туралы деректердің өзгергені туралы тіркеуші органға хабарлап отыруға міндетті. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттерін атқарған кезде мемлекет тыс қалмайды. Өйткені ол олардың қызметтерін ұдайы бақылап, қадағалап отырады. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы мәселен, қоғамдық бірлестіктердің заңдарды қалай орындайтындығын бақылайды. Тіркеуші органдар қоғамдық бірлестіктердің қызметі жарғы мақсатына сай не сай еместігін бақыласа, ал қаржы органдары олардың кірістері мен шығындарын есептеп бақылау жұмыстарын жүргізеді. Басқа мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы органдары (экология,өрт сөндіру т.б) қоғамдық бірлестіктердің тиісті Ереже нормаларын орындауларына бақылау жасауға қатысады.
Курстық жұмыстың объектісі - қоғамдық бірлестіктер болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ
Қоғамдық бірлестіктер ұғымы және олардың түрлері
Қоғамдық ұйымдар, яғни азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру үшін құрылатын ерікті бірлестіктер, әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекітілген. Қоғамдық бірлестіктердің билік өкілеттігі жоқ, мемлекеттік органдардан айырмашылығы сонда. Оларға мүше болудың еріктілігі қоғамдық бірлестіктердің өзі белгілейтін тәртіп пен талаптарға бағынады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық ұйымдар болып табылмайды. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес заңнамаға қайшы келмейтін, олардың ортак мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрылған сажи партиялар, кәсіподақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен оған қайшы келмейтін басқа да заң актілерінен тұрады.
Осы Заңның күші азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бірлестіктерге қолданылады, бұған діни бірлестіктер, құрылу тәртібі мен қызметі өзге заң актілерімен белгіленетін өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кірмейді.
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметіне қолданылады, бұған діни бірлестіктер кірмейді.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер өзге заң актілерімен реттелуі мүмкін. Аталған қоғамдық бірлестіктердің өзге заң актілерімен реттелмеген қызметі осы Заңмен реттеледі.
Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл етуі, олармен келісімдер жасасуы мүмкін, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
Қоғамдық Бірлестік - жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін ерікті негізде құрылған азаматтардың бірлестігі, мысалы, саяси партиялар, кәсіподақтар және азаматтардың басқа бірлестіктері. Қоғамдық Бірлестіктер әртүрлі мәртебеге ие. Республикалық Бірлестіктер - Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар және өкілдіктер) бар бірлестіктер. Аймақтық қоғамдық бірлестіктер - Қазақстан Республикасы облыстарының жартысына дейін аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар және өкілдіктер) бар бірлестіктер. Жергілікті бірлестіктер - бұл Қазақстан Республикасының бір облысының шегінде әрекет ететін бірлестік.
Республикалық және аймақтық ҚБ (соның ішінде барлық саяси партиялар) Астана қаласындағы ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде тіркеледі (қайта тіркеледі және таратылуын тіркейді).
Қоғамдық бірлестіктер жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін қызмет ететін дәрежеде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен келген табыстар қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылуы тиіс.

Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.

Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттiк органдар шешуi мүмкiн.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: Мемлекеттің ең басты құндылығы адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, делінген [1].
Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен əлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды əрі кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс- шаралардың оң нəтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен, өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерді шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сəйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа жəне аса күрделі мəселелері күн тəртібіне қойылып отыратыны бəрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тəуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мəдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Қазіргі кезенде қоғам мүшелерінің саяси санасы мен көзқарасын қалыптастыруда, саяси бағыт- бағдарлары мен ұстанымдарын жетілдіруде олардың саяси үрдістерге белсене қатысуының маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы демократиялық сайлау үрдістері барысында халықтың электронды саяси белсенділігі мəселесі саяси ғылымдағы жəне қоғамдық-саяси өмірдегі өзекті мəселелердің бірі болып саналады. Сонымен бірге халықтың саяси белсенділігі мəселесін зерттеуде қазақстандық қоғамның саяси жаңғыруы жағдайындағы өзекті мəселелер ауқымына талдау жасау, сайлау үдерісіне баға беру, аталған мəселе жайындағы саяси ойшылардың ой-тұжырымдарын сараптауда шешуші рөльге ие. Қазақстан Республикасында азаматтарға тəн саяси құқықтары дегеніміз не? Қазіргі кезде бұл сұрақ төңірегінде өзекті мəселелер туындап жатыр, оған дəлел болып, мемлекеттік басқаруға жəне қоғам өміріне қатысуға бірлестіктер мен саяси партиялар құру, сөз бостандығы щеңберінің кең болуы.
Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кəсiптiк одақтар жəне азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Қоғамдық ұйым мүшелікті бекіту негізінде құрылады, ал қоғамдық бірлестік оған ие болмайды.
Қоғамдық қор - заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті төлем негізінде жəне əлеуметтік, қайырымдылық, мəдени, оқулық жəне өзге қоғамдық-пайдалы қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдастырылған коммерциялық емес ұйым.
Қоғамдық мекемелер - басқармалық, əлеуметтік-мəдени жəне өзге де коммерциялық сипаттағы емес қызметтерді жүзеге асыру үшін меншікті тұлғалармен құрылатын мекемелер.
Өзідігінен қоғамдық өнер органдары белгілі мүдделер аясындағы тұрғылықты жер, жұмыс немесе оқу бойынша нақты əлеуметтік мəселелерді шешу үшін құрылады.
Көрсетілген қоғамдық бірлестіктің ұйымдық-құқықтық нысандары саяси партиялар, көпшілік қозғалыс, кəсіби одақтар, əйелдік, ардагер ұйымдары, мүгедектер ұйымдары, жастар жəне балалар ұйымдары, ғылыми, техникалық, мəдени-ағартушылық, мəдени-спорттық жəне басқа да ерікті қоғамдар, шығармашлық одақтар, қауымдастықтар жəне өзге де азаматтардың бірлесуі ретінде қызмет ете алады. Ерекше мəртебеге коммерциялық мақсаттарды көздейтін немесе басқа кəсіпорындар мен ұйымдардарға пайда түсіруге жəрдемдесетін, сондай-ақ діни ұйымдар, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдары, сонымен бірге халықтың өздігінен өнер көрсету органдары (халықтық дружиналар, жолдастық соттар жəне т.б.) кооперативтік жəне өзге де ұйымдар ие болады.
Қоғамдық бірлестіктер туралы ҚР Заңы оқу үрдіс қызметімен байланысты əрекет ететін мектептік, студенттік бірлестікке таралмайды.
Қоғамдық институттар конституциялық құқықтың пəні ретінде айрықша конституциялық құрылымның негізінің арақатынасының аспектісінде қарастырылады. Конституциялық заңнама əдетте жарлықтарымен реттелінген олардың ішкі ұйымдастырылуы мен қызметін қарастырмайды. Қоғамдық институттың ішкі істеріне араласпай, ол тек олардың қоғамға маңызды үшін қызметін реттейді.
Қоғамдық бірлестіктерді құру жəне қызметі халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сəйкес белгілі бір шектеулерді бекітеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне қоғамдық бірлестіктер туралы Заңында келесі негізгі ережелер бекітілген:
құру тəртібі жəне тіркеу;
қоғамның саси жүйесіндегі орны;
қаржыландыру қағидалары жəне қаржылық есеп беру қағидалары.
Бірлесу бостандығына конституциялық құқық - бұл қоғамдық бірлестік саяси партия құру арқылы қоғам мен мемлекет ісіне басқаруға шынайы қатысуға мүмкіндік беретін азаматтардың саяси құқығы [2].
Азаматтардың адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық қоғамдық бірлестіктер азаматтармен ерікті негізде жалпы мақсаттарға жету үшін, заңнамаға қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың алдын ала келісімсіз құрылуы білдіреді. Қоғамдық бірлестіктер қызметінің бостандығы ішкі ұйымдық қызметінің бостандығымен кепілдігін бекітеді: өзінің жарғысын дербес қабылдау құқығы; бірлесудің басқару органдарын құрастыру; өзінің қызметін ерікті жүзеге асыру; одақтар (қауымдастықтар), қоғамдық бірлестіктер құру жəне т.б. [3]. Қоғамдық бірлестікте өзінің жарғылық міндеттерін жүзеге асыруға кең мүмкіндікпен қамтамасыз етуге құқық бекітілген. Қоғамдық бірлестіктер заңнамамен қамтамасыз етіледі жəне мемлекеттік органдардың жəне өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін дайындау жоспарына белсенді қатысу мүмкіндігі, қоғамдық өмірдің əр түрлі мəселелері бойынша ынтамен қатысуы, өздерінің мүшелерінің заңды мүддесі мен құқықтарын сотта жəне өзге мемлекеттік органдарда, басқа да қоғамдық бірлестіктерде қорғау жəне табыс етуге құқылы. Азаматтардың бірлесуге бостандық құқығы қоғамдық бірлестіктің ісіне мемлекеттің заңсыз араласуға жол берілмейтіндігі туралы конституциялық ережелермен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси белісіндігіне ықпал етеді, олардың əр түрлі мүдделерін қанағаттандырады, өйткені соңғысы тек мемлекеттік органдар ған емес, басқа да əр түрлі бірлестіктер арқылы құрылады.
Азаматтар қоғамдық бірлестікке еркін қатысуға құқылы, олардың құруына қатысу жəне олардан шығу, қоғамдық бірлестіктің ішіндегі белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезенінде азаматтардын қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы саяси-əлеуметтік құқықтардың ішінде негізгі орынға ие. Мемлекеттің демократиялық дамуы азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі -- қоғамдық бірлестіктерсіз мүмкін емес. Азаматтардың əр түрлі қоғамдық бірлестіктерде бірігуі оларға қоғам мүддесін қамтыған əлеуметтік- экономикалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырылуына қатыса алуларына жəне қоғамның əр түрлі топтарының мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді [4].
Қазіргі уақытта өркениетті, демократиялық мемлекеттерде қоғамдық бірлестіктер конституциялық құрылыстың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Қазақстан Республикасының Президенті 1998 жылдың 30 қыркүйегіндегі Жолдауында мемлекеттің демократизациялау үрдісінің маңызды элементтерінің қатары азаматтық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін арттыру деп есептейді. Жолдауда мемлекеттік емес ұйымдар арқылы халық мемлекеттің саяси өміріне белсенді қатыса алу мүмкіндігіне ие болып, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік алады делінген.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы даму кезеңінде адамдардың бірігу құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтық негіз қалыптасқан, сонда нормалардың бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы саналады.
Сонымен қатар қалыптасқан нормативтік-құқықтық актілердің көптігіне қарамастан, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың бірлесу құқықтарының жүзеге асырылуының мəселелері қазіргі таңның өзекті мəселелерінің қатарына кіреді. Қоғамның демократизациялау үрдісі мен мемлекеттің қоғамдық институттарға ерекше көңіл аудару кезінде, мемлекет пен қоғамдық институттар серіктес ретінде қарастырылу барысында адам жəне азаматтардың бірігу құқығы мен қоғамдық бірлестіктердің түрлері мен олардын ара-жіктерінің айқындалуы мемлекеттегі өзекті мəселелер қатарына жатады. Дегенмен, қазіргі уақытта аталмыш мəселе бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының конституциялық дамуындағы қоғамдық институттардың дамуы мен олардың қызметінің құқықтық реттелуі мен реттеудің тиімділігіне арналған арнайы монографиялық зертттеулер жоқ. Негізінен конституционалист-ғалымдар тек осы мəселенің бір жақ қырын қарастырумен ғана шектеліп қояды. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы адам жəне азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығының мəселесі өзекті мəселелер қатарына жатады деп айтуға болады [5].
Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы, басқа да негізгі құқықтарымен қатар, əлеуметтік-саяси жəне заңдық маңыздылығы жоғары жəне де өмірлік мақсаттарын жүзеге асырудағы адамның іс-əрекетіндегі едəуір рөл атқарады. Жеке тұлғаның дəрежесі өскен сайын, оның ұйымдастыратын одақтар мен ұйымдардың заңдық негізі де өзгеріп отырады. Қоғамдық бірлестіктер арқылы (ұйымдар мен одақтар жəне т.б.) жеке тұлға өз мүдделердің жалғасын жəне өзіндік дамуын табады.
Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық мəселесін зерттеуі тек ұлттық заң шығарушы органдар деңгейінде ғана емес, сонымен бірге қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттар деңгейінде де өзекті болып табылады.
Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың мазмұнын ішкі мемлекеттік жəне халықаралық құқықтың деңгейінде салыстырмалы зерттеуді жүргізгенде қоғамның саяси жүйесінің даму тенденциясын, мемлекеттік органдарының əрекетін, демократиялық институттар көріністердің дұрыс бағалауға мүмкіндік береді [6].
Жоғарыда айтқандардан келесі қорытындыға келуге болады - адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы бекітілген конституциялық нормалар адамның іс-əрекеттегі əр түрлі мақсаттарына жетуіне кең аумақтағы мүмкіндіктер береді.
Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың конституциялық қамтамасыз етілуінде маңызды мəселе - ол Қазақстан Республикасы Конституциясының І-бөлімі саналады:
адам жəне адамның өмірі, оның құқықтарын жəне бостандығын оның ең қымбат қазынасы деп қарастыру (1-т., 1-б.);
биліктердің бөлінуі (4-т., 43-б.);
кəсіпкерлік қызметке іс-əрекетіне бостандық, меншіктің сан алуандылығы мен олардың тегін түрде мемлекет тарапынан қорғалуы (1-т., 6-б.; 4-т., 25-б.);
көп партиялықты, қоғамдық бірлестіктердің теңдігін, идеологиялық жəне саяси көп алуандылықтын мойындауы (5 б.);
халықаралық нормалар мен келісім шарттарда жазылған қоғамдық нормалар мен принциптердің үстемдігі (4 б.) [1].
Көрсетілген бастапқы конституциялық бастамалар адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың нормативтік реттеуіне тікелей əсер етеді жəне де кейінгі заң актілерінде жүзеге асады.
М.В.Баглай бостандық түсінігіне талдау жасағанда Конституцияда бұл түсінік негізгі философиялық принциптің рөлін атқарады жəне де ол конституциялық нормалардың бүкіл кешені арқылы жүзеге асады дейді [7].
Конституцияда бекітілген Қазақстан Республикасының адам жəне азаматтардың бірлесуге бостандығы түріндегі конституциялық құқығы бар (23-т.) деген сөздері бірігу конституциялық құқығының ең кең мағынасында жүзеге асуын білдіреді.
Заң ғылымында адам құқықтары түсініктеріне жалпы дефиниция қалыптасқан, ол жеке тұлғаның əрекет етуіне мүмкіндік беретін субъективті құқығының түрі жəне өлшемі, адам жəне азаматтың əрекет етуіне заңды мүмкіндік беретін құқық нормалар. Адам құқықтарында қолданылатын мүмкіндік категориясы, тек азаматтардың құқықтар мен бостандықтардың ең басты ерекшеліктерін ажыратуға ғана көмектеспей, сонымен ең басты, оны негіз ретінде алып, олардың шынайы табиғатын дұрыс көрсететін түсінікті құрастыруға негіз болады.
Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығының ерекшелігі ретінде ұжымдық сипатын айтуға болады, ол жеке адаммен ғана жүзеге аспай, сонымен бірге қауымдастықта, ассоциацияда жүзеге асыруы ғана мүмкін. Ал адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты жүзеге асыруында жеке адам қатысатыны сөзсіз.
Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы субъективті құқық қатарына жатады. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық өзінің мазмұны бойынша, көптеген авторлардың көзқарасына сай қоғамдық бірлестіктерді құру арқылы құқықтың жүзеге асырылуы мүмкін. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты қоғамдық бірлестіктердің əрекеті мен құрылуы арқылы зерттегенде құқықтық реттеу ерекшеліктерін ажыратуға көмектеседі, осы құқық арқылы пайда болаған бірлестік ретінде, оның мазмұны, мəні жəне мақсаттары туралы түсініктерді қалыптастыруға көмектеседі.
Бірақ бірігу құқықтың конституциялық мазұнының конституциялық құқықтық мəселесін тек қоғамдық бірлестіктердің əрекетінің негізінде ғана зерттеуі толық жəне жеткілікті болып табыла алмайды. Бірігу құқық субъективті құқық ретінде өзінің нəтижелерін қоғамдық, діни, кəсіпкерлік жəне басқа да бірлестіктердің ұйымдастырылуында береді жəне көрініс тауып отырады. Осы негіздемеге сүйене отырып, қоғамдық бірлестіктер арқылы адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында 31 мамыр 1996 жылғы Қоғамдық бірлестіктер туралы ҚР Заңында адам жəне азаматтардын келесі құқықтар енгізілген:
жалпы мақсаттарға жету үшін жəне жалпы мүдделерді қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді өз ниеті бойынша құруға;
бар қоғамдық бірлестіктерге өз ниетімен кіру немесе кірмеу;
қоғамдық бірлестіктерден кедергісіз шығу [2].
Барлық қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік басқару органдарынсыз жəне мемлекеттік биліктің органдарының ешқандай ықпалсыз, тек қана азаматтардың өз еркі мен ниетінің арқасында құрылады. Осы жерде заң бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жəне мемлекеттік билік органдары қоғамдық бірлестіктердің құрушы, мүшелері жəне қатысушылары ретінде бола алмайтынын ескеру қажет. Осындай шектеу дұрыс деп айтуға болады, əйтпесе қоғамдық бірлестіктердің жұмыс барысы жəне əрекет етулердін принциптері бұзылады. Қоғамдық бірлестіктердегі азаматтардың іс-əрекетіне мемлекеттің қатысуы жеке нормативті-құқықтық актілердің реттеуінің пəні болып табылады.
Азаматтардың бірігуі конституциялық мағынасындағы түсінігі қазақстандық заңдылықта нақтыланбаған, бірақ жеке дара сипаттамалар кездесіп отырады. Бұл түсінікке жеке тұлғалардың əр түрлі мүдделерін жүзеге асыру жəне əр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың кез келген қауымдастықтарын енгізуге болады (мемлекетті басқаруда қатысуы, діни əдет-ғұрыптарды жүзеге асыру, мəдени қажеттіліктер, əлеуметтік-еңбектік құқықтардың қорғауы, табысқа жету үшін меншікті немесе еңбекке талапты бірігіп қолдануы т.б.).
Бұл түсініктің кең түрде талдауы азаматтардың кез келген бірлестіктерді құруын немесе азаматтық-құқықтық тілмен айтқанда, коммерциялық жəне коммерциялық емес ұйымдарды құру құқықтарын білдіреді. Сондықтан мемлекеттік емес ұйымдардың конституциялық-құқықтық түр- бейнесін саяси партиялар, əлеуметтік-экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық қоғамдық қозғалыстар құрайды деген пікірмен толық келіспеуге болады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтардың бірігуі -- ол адамның өмір іс-əрекетінің əр түрлі саласындағы пайдалы, көздеген мақсаттарына жету үшін, еріктікке негізделген жеке тұлғалардың қауымдастықтар (ассоциациялар) деп есептеуге болады.
Азаматтардың қоғамдық жəне діни бірлестіктерді құруы тек өз ниеті мен еркі негізінде құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 қаңтардағы Коммерциялық емес ұйымдары туралы Заңының 11- жəне 15-баптарында қоғамдық жəне діни бірлестіктер азаматтардың тек өз еркімен құрылуы керектігі жазылған [8].
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заң, Қоғамдық бірлестіктер Заңына қарағанда, жалпы реттеуші сипаттағы заң болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың маңызды белгілерін анықтайтын осы Заңының 2-тарауында азаматтардың еркіндік бірігуін сипаттайтын белгілері жоқ. Осыған сəйкес коммерциялық емес ұйымдар да азаматтардың бірлесу конституциялық құқығының жүзеге асырылуының көрінісі деп айтуға болады, бірақ мемлекеттік билік органдарының тапсырысын орындағанда, қоғамдық маңызды қызметтерді орындағанда еріктік сипат жойылып отырады. Өйткені олардың азаматтық-құқықтық мəртебесі өзгереді, себебі құрылу тəртібінің еркіндігі сияқты элементі жойылады.
Жоғарыдағы келтірілген мəлімет бойынша, азаматтардың бірлесу құқығы жалпы түсінігінің қолданылуы əлі де өзінің заңдылық шешімін тосып отыр. Осы міндеттер шешімінің конституциялық- құқықтық аспектілерін ажырату үшін, оның көпмағыналылықтан шығару керектігін, яғни оның бірыңғай қайнар көзден -- ол адам мен азамат ұғымынан туындау қажеттілігін естен шығармау қажет. Бұл тұжырымдар азаматтардың түрлі бірлестіктер құру жəне ұйымдастыруға кедергі болмайды, мысалы, іс-əрекет мақсаттары бойынша (коммерциялық жəне коммерциялық емес), іс- əрекеттің территориалдық аумағы бойынша (ауданаралық, аудандық т.б.), ұйымдасу талабы бойынша (өз еркімен, еріксіз) жəне басқа. Сондықтан қоғамдық жəне діни, кəсіпкерлік бірлестіктерге қатысты сапалы сипаттама ретінде бірлесуінің еркіндігі жəне ортақ көздейтін мақсаты алдына шығады. Сондықтан да азаматтардың бірлесу құқығының конституциялық түсінігін, оның көріністердің мүмкін формаларының жіктелуін қарастырмай, ал субстанционалды жəне тұрақты қасиеттермен ажыратылатын əр түрлі типтердің бірлігінде қарастыру керек.
Адам жəне азаматтардың бірлесу конституциялық құқығы басқа да конституциялық құқықтар мен бостандықтармен байланысты болады. Көп жағдайда осы құқық митингтер, демонстрациялар, салтанатты жүріс жəне пикеттеушілік арқылы жүзеге асады, олар ұйымдастырушылық (ұжымдық) ниет білдірушілік шара ретінде сипатталады. Азаматтардың жергілікті өз-өзін басқару органдарына жəне мемлекеттік билік органдарына сайлануға қатысу құқығы жəне сайлау құқығы, сонымен бірге референдумға қатысу (33-б.) саяси қоғамдық бірлестік мəртебесі бар дербес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz