Физиканы мектепте оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру . . .

1. 1 Физиканы мектепте оқыту әдістемесі . . .

1. 2 Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдары . . .

1. 3 Шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру . . .

2 Молекулалық физика бойынша сабақ үлгілері . . .

2. 1 Термодинамика мен газ заңдарын оқыту ерекшелігі . . .

2. 2 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Үздіксіз іздену - әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалім шеберлігінің көрсеткіші - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып физика пәнінен танымын арттыру.

Сапалы тиімді нәтижелі жүргізген әрбір сабақ - ұстаздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі болмақ. Оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта ықыласын, қызығушылығын күшейту. Адам дамуының қуатты қозғаушы күші - оның бойындағы табиғат берген қабілеті екені белгілі. Сондықтан да білім берудің негізгі мақсаты оқушының бойындағы қабілеті мен дарынының көзін ашу.

Ғылыми - практикалық маңызы мен жаңашылдығы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж. ) «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілірдің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан- жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған» деп көрсетілген болатын [1] . Сол себепті әрбір оқушының бойында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, биік мақсат - мұраттарды, жоғары адамгершілік қадір - қасиеттерді, дүниеге көзқарасты қалыптастыруды тәрбиелік іс - шараларда және сабақ барысында үнемі ескеріп, жүзеге асырып отыру қажет. Оқушы, студент үшін пәнге қызығушылықты оятатын, ойластыратын негіз - оқытушының интелектуалдық іізденісінде. Осындай жауапты істе кез - келген оқытушының басты мақсаты сабақты қызықты ұйымдастыруы, сондықтан да бұл дипломдық жұмыста көрсетілген әдіс - тәсілдерді физиканы оқытуда, үйірме жұмыстарында пайдалануға болады.

Диплом жұмысының мақсаты. Физика пәнін оқыту және оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін алға қойған мақсаттар:

  • Оқытудық қарқынын жоғарылату;
  • Оқушының шығармашылық белсенділігін көтеру;
  • Оқыту сапасын арттыру;
  • Деңгейін саралау.

Диплом жұмысының міндеті. Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

Оқытуда жаңа технологияны пайдаланып, оқушыларды жаңа тұрғыдан ойлауға қалыптастыру.

Зерттеу объектісі. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері; № 4 орта мектептің 10 сыныбы.

Диплом жұмысынң теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру жолдары болғандықтан, оқытудың жаңа технологияларына сүйенілді. Атап айтатын болсақ, сын тұрғысынан ойлау, инсерт, ассоциациялық топтастыру әдістеріне сүйене отырып № 4 профильді орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен эксперименттік сабақ өткізілді. Көрсетілген әдістер зерттеудің әдіснамалық негізі болды.

Диплом жұмысының практикалық базасы. Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап кітапханасы мен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының кітапхана кешені, №4 профильді орта мектеп.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТТЫРУ

1. 1 Физиканы мектепте оқыту әдістемесі

Егеменді еліміздің болашақ азаматтарына терең білім беру, оны өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру бүгінгі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктеп отырғаны белгілі. Заман талабына сай қойылып отырған міндеттерді шешу мектептегі оқу жұмысының жаңа формалары мен оқытудың жаңа әдістерін іздестіріп, орнымен шебер қолдануды қажет етеді [2] .

Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарты -физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зеттеу әдістері мен даму тарихын терең түсінуі. Қазіргі кезде оқыту әдісі деп - білім беру мақсатына жеткізерліктей мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін айтамыз. Осы уақытқа дейін оқыту әдістерінің бірнеше түрі мен тәсілдері ойлап шығарылды және әр кезде әр мақсат үшін пайдаланылды. Оқыту процесінде, көп ғасырлар бойы әсіресе, діни оқу орындарында, қатып қалған кітап сөзін өзгертпей тастай қылып жаттаттыру әдісі пайдаланылып келгені белгілі. Мұндай әдіспен білім беруге оқу қарекетінің негізгі жүгі оқушының иығына қарай аударылып, мұғалім тек тексерушінің рөлін ғана атқарумен шектелгенін көреміз.

17 ғасырда, физиканы оқытуды бормен түсіндіру әдісі орын алды. Мұндағы негізгі мақсат, бормен тақтаға формулаларды жазып түсіндіру арқылы физиканың тек математикалық негіздерін ғана ашып көрсету болған, өкінішке орай, оқытылатын табиғат құбылыстарының физикалық мәні мен заңдылықтары, олардың практикалық маңызы ашылмай келген. Физиканы математикаландыру деп басқаша аталған бұл әдісті оқу қызметінің басым көпшілігі мұғалімге ауыр, оқушылар сабақта, көбінесе, тек қатысушылар, тыңдаушылар рөлін ғана атқарып отырды. Оқушылардың біліміндегі формализмді күшейтуге мұның ықпалы көп болды.

20 ғасырдың басында ғана физиканы оқыту процесінде кейбір өндіріс орындарында және табиғат құбылыстарына экскурсия өткізу, есеп шығару, демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстар жүргізудің әдістемесі жасалына бастады. Мұның нәтижесінде физика сабақтарына көрнекілік және практикалық әдістердің элементтері ендірілді, оқу іс - әрекетін мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерінің негіздері қаланды, оқушыларды оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігінің артуына мүмкіндік туғызды.

40-шы жылдардан бастап мектеп физикасына эксперименттік әдіс бірқатар молырақ ендіріліп, оқушылар өздері демонстрациялық экспериментті, физикалық бақылауларды, эксперименттік есептер шығаруды үйде өз бетінше орындайтын болды. Бұл әдіс оқушылардың эксперименттік, политехникалық жалпы еңбектік деңгейлері мен дағдыларының дамуына өз септігін тигізді [3] .

Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқытудың әдістемесінің мақсаты - физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен методикалық амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау. Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынандай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:

  1. Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының көлемін және мазмұнын анықтау. Мысалы, мектепте неге газдардың қысымын бірінші басқышта, ал термодинамикада негіздерін екінші басқышта оқимыз.
  2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте - бірте өсіп отыруы тиіс.
  3. Оқушылардың оқу материалының оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әртүрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелесу, сұрақ - жауап, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау.
  4. Бағдарламалық жады хаттарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық - техникалық базасын анықтау.
  5. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау [4] .

Педагогика мен дидактика жөніндегі басшылықтарда, классификацияның негізіне қандай елеулі белгі алғанына байланысты, оқыту әдістерінің әр түрлі классификацияларын келтіреді. Классификациялауға оқушылар білімдер мен дағдыларға ие болатын қайнар көзді негіз етіп алып, барлық әдістерді үш үлкен топқа - сөздік, көрнекілік және топтарга бөлуге болады.

Сөздік әдістер: мұғалімнің материалды баяндап беруі (дәріс, әңгімелеу, түсіндіру) әңгімелесу, кітаппен (оқулықтар мен оқу құралдары, анықтама және басқа әдебиет) жұмыс істеу.

Көрнекілік әдістер: мұғалімнің тәжірибе жасап көрсетуі, көрнекі құралдарды (жұмыс істеп тұрған машиналар мен техникалық қондырғыларды, макеттерді, схемаларды, суреттерді, чертеждарды, коллекцияларды) көрсету, оқу кинофильмдерін көрсету.

Практикалық әдістер: оқушылардың эксперименттік және практикалық жұмыстары, үлестірме материалмен істелетін жұмыс, жаттығулар (есептер шығару, графиктер салу және олармен жұмыс істеу, кинематикалық схемалармен жұмыс істеу) .

Алғашқы екі топ оқушылардың білімдері мен логикалық ойлау дағдыларын алуына көмектесетін әдістер жиынтығы. Кітаппен жұмыс істей отырып мектеп оқушылары білімді және суреттерді, схемаларды, чертеждарды, кестелерді пайдалану шеберліктеріне ие болады. Үшінші топ оқушылардың білім алуларына ғана емес, сондай-ақ оларда приборлармен, схемалармен, чертеждармен жұмыс істеудің практикалық шеберліктерін және дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін әдістерді қамтиды.

Оқыту әдістерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және белгілі бір жағдайларға қандай да бір оқу - тәрбие міндеттерін шешкенде оңды нәтижелерге алып келеді. Бірде - бір әдісті универсал, кез - келген міндеттерді шешуге жарамды деп есептеуге болмайды.

Практикада, әдетте, әдістердің бірде-бірін басқаларынан бөліп алып, «таза күйде» қолданбайды қайта олармен үйлестіре отырып, оқытудың сөздік әдістерін тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен, практикалық әдістерді сөздік әдістермен үйлестіре қолданады.

Әдістерді сабақтың алдына қойылған міндеттерді анағұрлым тиімді шешуге қол жеткізетіндей етіп, дұрыс ұштастырудың маңызы зор. Мысалы, 7 - сыныптағы физикалық заңдарды оқып үйренгенде эвристикалық әңгімелесу әдісін тәжірибелер жасап көрсетумен ұштастырған. Күрделі приборлардың құрылысын оқып үйренгенде - мұғалімнің түсіндірулерін приборларды көрсетумен және схемаларды пайдаланумен, ал күрделі емес приборлардың құрылысын оқып үйрену кезінде (мысалы, балқымалы сақтандырғыштарды, қыздыру электр лампыларын) оқулықпен және үлестірме материалдармен істелетін жұмыстармен ұштастырған жөн [3] .

Оқыту әдістерін тандаған кезде сабақтың мақсаты мен міндеттерін, оқу материалдарын мазмұнын оның оқулықта баяндалу сипатын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, сынып құралының өзгешеліктерін, физика ғылымының әдістерін, физика кабинетінде жабдықтың болуын ескеру керек.

Оқытудың с өздік әдістерін қарастыралық.

Әңгімелесу әдісі - мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келеді. Материалды әңгімелесу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелер жасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар логикалық пайымдау жолымен, алға қойылған мәселелер жөніндегі дербес ақыл-ой жұмысы арқылы тұжырымдар мен жинақтаулар ойластырады.

7 - сыныптағы физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу әдісі -жаңа материалды оқып үйренудің және оқушылар білімдерінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің бірі саналады. Оны мынадай жағдайларда қолданады:

  • физикалык заңдарды демонстрациялық тәжірибелермен және оқушылардың фронтальдық (шептік) экспериментімен ұштастыра оқып үйренген кезде;
  • физикалық құбылыстардың мәнін ашып-айқындау кезінде (тәжірибелермен ұштастыра) ;
  • физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында (тәжірибелерді демострациялау мен көрнекі кұралдарды көрсетумен ұштастыра) ;
  • жаңа материалды оқып үйрену процесіне сүйену үшін білу қажет болатын бұрын өтілген материалды қайталау кезінде;
  • сол сабақта оқып үйренілген материалдың меңгерілу сапасын тексеру кезінде;
  • алға қойылған проблеманы шешу жолдарын анықтау кезінде.

Көрсетілген жағдайларда әңгімелесу әдісі - негізгі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс, басқа әдістерге қарағанда, оқушыларда оқып үйренілетін мәселеге деген ынта - ықылас тудыруға олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндік тудырады.

Әңгімелеу - бұл мұғалімнің материалдың дәйектілікпен, бейнелі түрде, диалогпен үзбектемей, баяндап беруі, оның қолданылу мақсаты мынадай:

  • оқушыларды өнер табыстары және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен таныстыру;
  • ғылым мен техниканың жетістіктерімен және даму перспективаларымен таныстыру;
  • оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың, приборлар мен техиикалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылуымен таныстыру;
  • табиғат пен техникалық қондырғышарда бақыланатын құбылыстарды сипаттау.

Жоғарыда санап өтілген жағдайлардың алғашқы екеуінде әңгімелеу -материалды ауызша баяндаудың бірден - бір мүмкін болатын тәсілі. Бұл арада әңгімелесу әдісін қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда әңгімені өрістетуге негіз боларлық білім қоры жоқ. Бұл жағдайда әңгімелесу әдісі оқушыларға оқып үйренілетін мәселе жөнінде тұтас түсінік беруге және оған ғылыми - көпшілік әдебиетпен қосымша мәліметтер алу тілегін тудыруға мүмкіндік береді.

Одан кейінгі екі жағдайда әңгімелеу көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылады. Әңгімелесу процесінің басында мұғалім оқушылардың сол мәселе бойынша не білетінін анықтайды. Одан кейін, оқушылардың бар білетіндерін жүйеге келтіріп, мұғалім оларды өз әңгімесімен толықтырады әрі тереңдетеді. Әңгімелеу әдісін тәжірибелер жасап, көрнекі кұралдарды көрсетумен ұштастырып қолданады. Әңгіме айқын, логикалық жағынан дәйекті, бейнелі, эмоциалы болуға тиіс.

Баяндаудың дәйектілігі мен айқындығы ұқыпты ойластырылған жоспар немесе конспект арқылы қамтамасыз етіледі, ал бейнелілік пен эмоциалылық елеулі дәрежеде мұғалімнің, эрудициясына, оның өз пәні мен сөйлеу өнерін қалай меңгергеніне байланысты.

Түсіндіру - бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі. Түсіндіруге пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер тән. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру кезінде қажет болғанда пайдаланады. Оқушылардың оқып үйренілетін мәселе жөнінде мұғалімнің әңгімелесу әдісімен материалды баяндауына негіз боларлық жеткілікті білімдері мен байқап -бағдарлағандары жоқ жағдайда бұл әдістің орны ерекше болады.

Физиканы оқытуда түсіндіру әдісін төмендегі оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:

  • физикалық приборлар мен машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін оқып үйренген кезде;
  • физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде;
  • денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық кұрылысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде;
  • физикалық заңдардың мәнін оқып үйрену мен олардың арасындағы байланысты ашқанда;
  • физикалық құбылыстар мен заңдарға негізделген технологиялық процестердің мәнін оқып үйренген кезде.

Түсіндіруді көрнекілік құралдарын қолданумен қоса қабат жүргізген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді. Түсіндіру процесінде мұғалімнің логика заңдарын сақтауы, әр бір жаңа мәселені айқын етіп қоюы, дәлелдерді қатаң логикалық, дәйектілікпен баяндауы ерекше зор маңызға ие болады.

Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастып отырады, мұғалім оқушыға өз пікірлерін айтып, өзінше түсінік беруді ұсынады. Ол оқушылардың зейінін аудару, ойлау барысын түсіндірілетін нәрсені қалай ұғатынын тексеру үшін, оларға сұрақтар қояды [3] .

Оқушылар физиканы оқыту практикасында оқытылатын материалды қосымша әдебиеттерді оқу арқылы өздерінің білімдерін толықтырып, әр түрлі әдістерді біліп, оларды өздігінен қолдануды үйренсе, физикадан алған білімдерін толық меңгереді. Танып білу әдістері физика оқулықтарында әдістік нұсқауларда кеңінен қолданылады. Ал, жалпы ғылыми - таным әдістері оқулықта та, әдістемелік нұсқауларда да сирек кездеседі. Физикадағы, жалпы ғылыми танымдық әдістерді қарастырайық.

Бақылау әдісі. Бақылау объектінің немесе құбылыстың өзіне тән қасиетін және ерекшелігін жоспарлы түрде алдын - ала танып білу. Бақылаушы табиғаттағы өтіп жатқан процеске әсер етпейді, оның қорытындысын кесте, график түрінде жазып алып белгілі заңдылықтар мен теориялар арқылы түсіндіреді.

Мысал ретінде броундық қозғалысты бақылауды алып қарастырайық. Микроскоп арқылы оқушылар сұйықта(немесе газда) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысын бақылайды. Бұл бөлшектердің бей - берекет қозғалыста болатынын және бұл қозғалыстың тоқталмайтынын байқайды. Бөлшектердің қозғалыс траекториясын көре отырып, бірдей уақыт аралықтарында жүрілген жолдардың бірдей еместігін көреді. Температура жоғарылаған сайын, оның қозғалысының интенсивтілігі артады. Қорытындысында броундық қозғалыс молекулалардың бар және үнемі қозғалыста болатынын дәлелдейді.

Бақылау кезінде зерттеуші бақыланып отырған процеске ықпал жасай алмайды. Сондықтан да бақылау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар. Қарастырылып отырған құбылысты, басқа денелердің әсерінен бөліп алып бақылауға болмайды. Мысалы: денелердің еркін түсу құбылысын бақылай алмаймыз, себебі ауаның кедергі күші әсер етпейді. Құбылысты оқып үйрену үшін оны қайталауға болмайды, тек оның өздігінен қайталануын күту керек. Мысалы, аспан денелерінің қозғалыс траекториясын бақыласақ. Құбылысты әртүрлі жағдайларда бақылауға болмайды. (Жан - жақты зерттеуде бұл өте қажет) . Осы кемшіліктер зерттеушінің бақылаудан, экспериментке көшуіне мәжбүр етеді.

Эксперимент әдісі. Эксперимент зерттеушінің құрал - жабдықтар арқылы субъектіге немесе құбылысқа әсер ету арқылы зерттеуі. Физикада эксперимент белгілі бір мақсатта, біріншіден жаңа мәліметтер алып, оны ары қарай дамыту үшін, екіншіден белгілі теорияны растау үшін немесе теріске шығару үшін жасайды. Мысалы, Резерфордтың бөлшектермен жасаған тәжірибесінен кейін, атомның планетаралық моделі жасалады, немесе П. Н. Лебедевтің жарық қысымы туралы тәжіриесі, жарық бөлшектердің бар екенін дәлелдейді. Кез - келген эксперимент басынан аяғына дейін теорияға сүйенеді.

1. Барлық экспериментте арнаулы құрал - жабдықтар пайдаланылады.

2. Эксперимент белгілі мақсатта ғылыми негізге сүйене отырып ойластырылып жасалады.

3. Құрал - жабдықтардың көмегімен өтіп жатқан процестің негізгі бөлігі қамтылады. Теориялық ойлау арқылы процесті толық қамтып қарастырамыз.

4. Экспериментте алынған нәтижені өңдеуде, жіберілген қателіктерді ескеріп, орташа шамаларды анықтайды.

5. Қазіргі физикада эксперименттің нәтижесін математикалық өңдеуден өткізгенде жаңалықтар ашылуда.

Абстракциялау әдісі. Обьектінің немесе құбылыстың қасиетін қарастырғанда оның кейбір қасиеттерін ескермей жеке зерттеу абстракциялау әдісі деп аталады. Мысалы, зарядталған бөлшектердің өзара әсер ету заңдылығын оқығанда олардың арасындағы гравитациялық әсерлерін ескермейміз, себебі біз қарастырып отырған электромагниттік әсерден әлдеқайда әлсіз. Абстракциялау заттың ерекше қасиетін ойлау арқылы бөліп алып қарастыру.

Абстракциялаудың да шегі бар, әр заттың табиғаттағы өзіне тән қасиетіне байланысты. Осы шектен өту ол затты немесе обектіні идеялдауға әкеліп соқтырады. Идеалдау дәріптеушілік абстракциялауға тән, оның бір түрі болып табылады.

Дәріптеушілік объектіні абстрактілі ойша түрде елестету, шындығында практикада, күнделікті өмірде оны іске асыруға болмайды. Реалды өмірде бар объектілердің қасиеттерін қарастыру қиындық туғызғанда идеалдауға әкеп соқтырады.

Салыстыру, аналогия, моделдеу. Салыстыру әдісі объектілердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табу. Мысалы, Кулон заңы мен бүкіл әлемдік тартылыс заңын салыстыру арқылы математикалық құрылымы бірдей, ал физикалық мағынысы әртүрлі екендігін көруге болады. Сол сияқты математикалық маятниктің тербелісі мен тербелмелі контурдағы электр тербелістерін салыстыруда кездеседі. Салыстыру әдісі құбылысты түсіндірмейді, бірақ оны танып білуге көмектеседі.

Салыстыру кезінде олардың ұқсастықтары ең көп, ал айырмашылықтары мейлінше аз болғанда, оларға ортақ заңдылықтарды қолдану аналогиялық әдіс деп аталады.

Физикада модельдеу әдісіде қолданылады. Моделдеу әдісі объектінің белгілі бір қасиетін көрсететін жүйені ойша немесе материалды түрде жасау. Жасалған жүйе модель деп аталады. Материалды модель формасы жағынан да, мазмұны жағынан да объективті болады.

Гипотеза. Ойша эксперимент. Гипотеза әдәсі белгілі фактіге сүйене отырып бақыланған құбылысқа немесе заңдылыққа болжам жасау. Гипотеза ескі және жаңа фактілерді жинақтап қоймай, оларға түсініктер беруге тырысады. Мысалы, Д. И. Менделеевтің периодтық системасын ашуы және кейбір химиялық элементтердің атомдық массасы дұрыс есептелмегені айтылған еді. Кейіннен экспериментте бұл гипотезаның дұрыс екендігі расталды.

Ойша эксперимент әдісі шындығында жасалмайтын, эксперименттік жағдайға теориялық талдау жасау. Ойша эксперимент әдісі физиканың бүкіл даму тарихында жаңа физикалық құбылыстарды түсіндіруге, жаңа заңдарды ашуға, ғылыми теориялар жасауға арқау болады [5] .

Заман талабына сай әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшелігі пайда болуда. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай туып отыр. Компьютер арқылы оқушылар тек информатика сабағын емес, басқа сабақтардыда арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез - келген тақырыпты оқушы өзі меңгеруге дағдылануда [6] .

Физика пәнінің сабақтарында компьютерлік техниканы пайдалану, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, олардың ой танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына қолайлы болып отыр.

Физика курсының кейбір бөлімдері ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді. Кейбір оқушыларда физиканың бөлімдеріндегі құбылысты, процесті тереңірек түсінуге, ойлау, ойлану дағдылары қалыптаспаған. Осы жағдайларда оқытушыға қазіргі заманғы оқытудың теникалық құралы дербес компьютер көмекке келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ФИЗИКА
Оқыту әдістерінің классификациясы
Зерттеудің көкейтестілігі
Физиканы оқыту әдістемесі
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді пайдалнудың негіздері
Орта мектепте «жарық дисперсиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары
Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz