Пробелемалық оқыту технологиясының қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Проблемалық оқытуды бастауыш сыныптарды қолдану ерекшеліктері.

Мазмұны

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 - тарау Бастауыш сыныптарда проблемалық оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-тұжырымдамалық негіздері.
1.1. Проблемалық оқыту теориясының даму тарихы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-9
1.2.Проблемалық оқытудың мәні мен мақсат- міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... 9-13
1.3. Бастауыш сыныпта проблемалық оқыту технологиясына негізделген сабақтардың ерекшелігі және проблемалық оқытуға негізделген әдіс-тәсілдер14-19

2-тарау Жаңартылған білім мазмұнында проблемалық оқытуды бастауыш сыныптарда қолдану тәжірибелік жұмыс нәтижесі
2.1. Бастауыш сыныпта проблемалық оқытуға негізделген сабақтар арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудың тиімді жолдары...20-33

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2021 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.
Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған - жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Білімді, сауатты адамар - бұл XXI ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші деген мақсат қойды.
Оқу процесі технологиясын түсінудің басты бір кілті бірізділікпен айқын белгіленген мақсаттарға бағытталу болып табылады.
-Оқушының ішкі сезімі, эмоционалдық, тұлғалық даму кезеңдері арқылы мақсаттарды анықтау.
-Оқушының оқу қызметі арқылы мақсаттарды анықтау.
-Мұғалім қызметі арқылы мақсаттарды анықтау.
Мұндай жағдайда қалай оқыту керек? сауалы бірінші орынға шығып, оқытушы оқу материялын емес, оқушы мен оның оқу қызметін басты орынға қояды.
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
Проблемалық оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау.
Сондықтан қазіргі білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жаңартылған білім мазмұны жөніндегі өзгерістерді теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу мақсатында курстық жұмысымның тақырыбы Жаңартылған білім мазмұнында проблемалық оқытуды бастауыш сыныптарда қолдану ерекшеліктері деп таңдап алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқушылардың білімдері мен ақыл-ой және тәжірибелік біліктерін арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Білікті білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық, қабілеттерін арттыру. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім беру деңгейін арттыру.
Зерттеу нысаны: Жаңартылған білім мазмұнына сай жалпы білім беретін бастауыш сыныптардағы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардағы оқыту теориясы мен әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында оқушылардың проблемалық технологиясы негізінде дамыту мәселесі теорилық және практикалық тұрғыдан негізделген әдістемемен қамтамысыз етілсе және ол бағытты жүзеге асырылса , онда оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтары, танымдық белсенділіктері артады, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдылары қалаыптасады.
Зерттеудің міндеттері.
* Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
* Бастауыш сынып оқушыларының белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдыларын дамыту.
* Бастауыш сынып оқушыларының белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.
* Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді бастауыш сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру.
* Кез келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.

1 - тарау Бастауыш сыныптарда проблемалық оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-тұжырымдамалық негіздері.
1.1. Проблемалық оқыту теориясының даму тарихы.

Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс жасауын, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Мұғалім өзінің білімін жан-жақты жітілдіріп сабақ процесінде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне талап жоғары болғандықтан сабақ процесінде проблемалық оқыту технологиясын пайдаланған тиімді. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. Педагогикалық технологиялар - баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жан-жақты ойлауға дамытып логикалық ойлау деңгейін арттырады.Жаңа технология түрлерін сабақ процесінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.Бүгінгі күнге қойылып отырған талап күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жыл оқыту моделі.Жаңартылған білім беру мазмұны оқушыларды жан-жақты тәрбиелеп, жаңашыл ойлауға бағыттайды. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты - алған білімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылықжəнешығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі. Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тəрбиемен, сапалы біліммен жетілдіріп, білімі озық елдердің əлемдік озық үлгісін өнегесін, тəжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген міндет болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: ...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр, - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз - болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, əдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға. Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал жасап, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тән. Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру сапасы баса назар аударарлық мәселе. Ал осы білімді беретін және дамытатын әрине ол- ұстаз. Ұстаздар алдындағы басты міндет - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педогогикалық технологияларды меңгере отырып еліміздің жарқын болашағын жасайтын тәрбиеліде, білімді оқушыларды тәрбиелеу.Қазақстан Республикасының 2021 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.
Оқу процесі технологиясын түсінудің басты бір кілті бірізділікпен айқын белгіленген мақсаттарға бағытталу болып табылады.
-Оқушының ішкі сезімі, эмоционалдық, тұлғалық даму кезеңдері арқылы мақсаттарды анықтау.
-Оқушының оқу қызметі арқылы мақсаттарды анықтау.
-Мұғалім қызметі арқылы мақсаттарды анықтау.
Мұндай жағдайда қалай оқыту керек? сауалы бірінші орынға шығып, оқытушы оқу материялын емес, оқушы мен оның оқу қызметін басты басты орынға қояды.
Оқыту технолигиясына өзіне өзара байланысты екі прцестен оқушының қызметін ұйымдастыру мен оқытушының осы қызметті бақылауынан тұратын оқыту процесін басқаруды көздейді. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде сипатталады. Сабақ барысында белгілі бір технологияны қолдану арқылы мұғалім жоғары нәтижеге жетуді мақсат етеді. Бұл әрбір мұғалімнің еңбектенуіне, шеберлігіне тікелей әсер етеді. Шеберлік бірден пайда болмайды. Ол қаншама жылдар өткеннен кейін үлкен ізденіс пен орасан зор еңбектің арқасында келеді. Шебер мұғалім ізденіс үстінде жүреді. Ізденістің арқасында ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.Шындығында, сабақ барысында жаңа технологияларды қолдану арқылы да, қолданбай да жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Мәселен, әр мұғалім сабақты дұрыс әрі жүйелі ұйымдастыра білсе, нәтижесі де жақсы болады. Дегенмен мұғалім оқушының сабақтағы белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын әдіс-тәсілдерді ұтымды және орынды қолдана білу арқылы оятады.Оқытудың тәжірибеде бар технологияларына проблемалық оқыту (Дж.Дьюй, М.Махмутов), бағдарламалық оқыту (В.Беспалько, И.Самарин), саралап жекелеп оқыту (М.Унтт), дамыта оқыту (В.Давыдов, Б.Эльконин, Л.Занков), ұжымдық оқыту (), қашықтықтан оқыту () тәрізді түрлері жатады. Жалпы, қазіргі білім беру үдерісінде 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүр.
Педагогикалық технология ұғымына жалпы түсінік Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге технология деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған. Технология деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Қазіргі уақытта педагогикалық технология ұғымы əр түрлі түсіндіріледі. Жаңа педагогикалық технология деген не? Осы орайда
В. Беспалько педагогикалық технология дегеніміз - тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер - оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), - деп түсіндіреді.
Б. Т. Лихачев педагогикалық технология - бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы, - деген анықтама берсе, Г. К. Селевко педагогикалық технология түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады: - ғылыми: педагогикалық технология - жобаланған педагогикалық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі; - бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс; - нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау.
Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мəні - шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу.
В. В. Воронов педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт, - деп есептейді.
В. М. Шепель: Технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, əдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі - десе, М. Чошанов: Технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі - деп анықтама береді.
Проблемалық оқыту түсінігі 20-30 жылдары кеңестік мектептерде қалай тез таралса, солай шетелдік мектептерде де тез таралды. Проблемалық оқыту 1895 жылы Чикагода эксперименттік мектептің негізін салған американдық философ, психолог әрі педагог Джон дьюидің (1859-1952) теориялық ережесіне негізделеді. Ол оқушылардың өмірлік қажеттілігімен байланысты қызығушылығының дамуына ерекше көңіл бөлді және оқушылардың өмірлік қажеттілігімен байланысты қызығушылықтарын ескерген оқыту білімді жаттауға негізделген вербальды оқытуға қарағанда жақсы нәтижелерге жеткізетініне көз жеткізген. Дж. Дьюидің оқыту теориясының негізгі қоры оның жасаған ойлаудың толық актісі концепциясы болып табылады. Автордың философиялық және психологиялық көзқарастарына сәйкес адам қиыншылықтармен кездескенде ғана ойлауды бастайды, және оларды жеңу ол үшін үлкен маңызға ие. Әрбір ойлаудың толық актісіне келесі кезеңдер айқын көрінеді;
Қиыншылықты сезіну
Оны табу және анықтау
Оны шешудегі пікірлерді ұсыну(болжамдарды құру)
Ұсынылған шешімдерден қорытындылар жасау( болжамдарды тексеру)
Болжамды қабылдауға немесе тексеруге мүмкіндік беретін эксперимент немесе бақылауларды жасау;
Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы.
Жоғары білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады.Мұғалім оқушылардың түсінуі үшін әлі келетін проблемаларды оларға лақтырып, қызығушылығының дамуына ерекше назар аударып отыруы керек. Өз кезегінде оқушылар бұл проблемаларды шешу кезінде өздері үшін жаңа әрі пайдалы білімдерді ашып жатқандарына сенімді болуы керек. Сабақты ойлаудың толық актісінің негізінде оқушылар:
* Нақты қиыншылықтарды сезінуі үшін
* Оны анықтау үшін(проблеманы табу)
* Оны шешуде болжамдарды құру үшін
* Оның бөлігі немесе проблеманың шешімін табу үшін
* Эксперимент немесе бақылаудың көмегімен болжамдарды тексеру үшін құрылуы керек.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалық ахуал -- оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.
Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі -- оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.

Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.

1.2 Проблемалық оқытудың мақсат-міндеттері.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
1. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
2. Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.
3. Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты қазіргі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып , продуктивтік және шығармашылық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау.Проблемалық оқытудың мақсаты ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілетін арттыру. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне талап жоғары болғандықтан сабақ процесінде проблемалық оқыту технологиясын пайдаланған тиімді. Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.Проблемалық оқытуыдың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
* Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
* Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдыларын дамыту.
* Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.
* Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру.
* Кез келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.

Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері:
Мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру
Оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеру
Танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту
Білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу
Алған білімді шығармашылық қолдану дағдыларына және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынандай кезендерге бөлінеді:
1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2. Проблемалық сұрақтарды граммматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.
Проблемалық оқытудың жақсы жақтары:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету

Пробелемалық оқыту технологиясының қызметі.
Оқушылардың ақыл-ес және тәжірибелік іс-әрекеттерге байланысты білімдер жүйесі мен тәсілдерін игеруі.
Оқушылардың танымдық дербес және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету.

Проблемалық оқытудың құрылымы бар. Құрылымдық элементтерге төмендегідей әдістемелік тәсілдер жатады.
* Игерілген материалды жаңғырту;
* Проблемалы жағдаят жасау;
* Оқу проблемасын құру;
* Проблемалық мәселелер құрастыру;
* Проблеманы шешудің жолдарын қарастыру, жорамалдар жасау;
* Мәселенің шешілуі оны тексеру және қайталау.
Проблемалық оқыту-оқушыларда өздігінен шшығармашылық ойлауды дамытудың бір әдісі. Оқушылар алдында проблемалық сұрақтар қою немесе проблемалық жағдай жасау арқылы мұғалім танымдық қарама қайшылықты шешу үшін жетіспейтін білімді іздестіруге ынталандырады,яғни оқушының ойлау іс-әрекетін белсендендіруге ұйымдастырылған жағдай жасайды. Бұл ізденіс мұғаліммен біріккен сыныптығы іс-әрекет уақытында да және оқушының өзіндік үйдегі оқу іс-әрекетінде де пайда болуы мүмкін.Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады. Ол білім игеру қарқынын тездетеді, қасиет сапасын жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезіңде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады. Мұғалім проблемалық оқыту әдісін қолдана отырып, оқушыға проблеманы өздігінен анықтау дағдысын қалыптастырады, сонымен қатар проблеманы шешудің тиімді тәсілін табуға үйретеді.Проблемалық оқыту элементтерін оқыту процесінде енгізу арқылы оқушылардың алғырлыққа және тапқырлыққа ынтасын арттырады, оқу материалын, терең шығармашылықты меңгеруге дағдыландырады. Оқушы жаңа материалды белсенді қабылдайды, есте сақтайды, ойлау әрекетінің күрделі жүйесін орындайды, танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды.

1.3. Бастауыш сыныпта проблемалық оқытуға негізделген сабақтардың ерекшелігі және проблемалық оқытуға негізделген әдіс-тәсілдер.
Проблемалық оқыту-оқушыларда өздігінен шығармашылық ойлауды дамытудың бір әдісі. Оқушылар алдында проблемалық сұрақтаар қою арқылы мұғалім танымдық қарама-қайшылықты шешу үшін жетіспейтін білімді іздестіруге ынталандырады, яғни оқушының ойлау іс-әрекетін белсендендіруге ұймдастырылған жағдай жасайды. Бұл ізденіс мұғаліммен біріккен сыныптағы іс-әрекет уақытында да және оқушының өзіндік үйдегі оқу іс-әрекетінде де пайда болуы мүмкін. Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық көкжиегін қеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады.Ол білім игеру қарқынын тездетеді, қасиет сапасын жақсартады, жаңа тапсырмалар орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады. Мұғалім проблемалық оқыту әдісін қолдана отырып, оқушыға проблеманы өздігінен анықтау дағдысын қалыптастырады, сонымен қатар проблеманы шешудің тиімді тәсілін табуға үйретеді.
Проблемалық оқыту элементтерін оқыту процесіне енгізу арқылы оқушылардың алғырлыққа және тапқырлыққа ынтасын арттырады, оқу материалын , терең шығармашылықты меңгеруге дағдыландырады. Бастауыш сынып оқушылары жаңа материалды белсенді қабылдайды, есте сақтайды, ойлау жүйесін орындайды, танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды. Проблемалық оқыту бір-біріне байланысты екі элементтен тұрады: проблемалы оқыту және проблемалы оқу. Проблемалы оқыту - мұғалімнің проблемалы оқуға, яғни проблемалық жағдаят жасау және оны басқарудағы әрекеті. Проблемалы оқу-проблемалық жағдаятты шешудегі оқушының әрекеті.Педагогикалық әдебиеттерде проблемалы оқытудың 3 түрлі әдісі аталады: оқу материалын проблемаға құру, жеке-ізденушілік және зерттушілік. Оқу материалын проблемаға құрудың мәні мұғалім проблемалы жағдаят жасау арқылы тек нәтижені айта салмайды, шешудің жолын көрсетеді, ішкі қарама-қайшылығын ашады. Ізденушілік әдісін оқушы мұғалімнің бағыттауымен оқу проблемасын өздері шешуге тырысады. Оңдағы үдеріс мынадай:
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Проблемалық жағдаят жасайды
Жағдаятты саналы түрде қабылдайды
Проблемалы мәселені жосарлайды
Проблемалы мәселені қабылдайды
Проблеманы шешуге қажетті түсініктер береді
Өз пікірлерін ұсынады, мәселені шешеді
Қорытынды жасайды
Қорытынды жасауға қатысады
Сұрақтар қояды, тапсырмалар береді
Сұрақтарға жауап, мәселені шешу, үй тапсырмасын жазып алу.
Зерттеу әдісі оқушының проблеманы саналы түрде түсініп, өз бетімен жоспар құрып, жоба жасап, оны іске асырудың жолдарын іздестіру, байқау, бақылау жүргізу, фактілерді түзу, оларды сипаттау, жіктеу, дәлелдеу, қорытынды жасауда тиімді. Сонымен проблемалы оқыту технологиясы дидактикалық жүйе , әдіс-тәсілдер ретінде білім алушыда зерттеу әдісінің логикасын білуге, оның кезеңдерін, проблеманы шешудің жолдарын, болжамдар жасаудың маңызын білуге мүмкіндік жасайды. Проблемалы оқыту адамның жеке шығармашылық мүмкіндігінің оянуына түрткі болады, сондықтан оқыту технологиясының жеке тұлға қалыптастыруда маңызы зор.
Проблемалы оқыту оқушыларды зерттеу жүргізудің әдіс-тәсіліне үйретеді,зерттеудің логикасы, оның кезеңдері, ғылымдағы қажеттілігі туралы оларда нақты іскерлік қалыптасады. Өздері болжамдар жасап, оны шешу үшін зерттеу жүргізіге бейімделеді, шығармашылық мүмкіндігі дамиды.
Проблемалық сабақ проблема қою, оны шешудің жолдарын қарастыруға қатысты сұрақ қоюдан басталады. Сұрақтың сипатына қарай мәселенің шешімі ізделеді. Оқытушы проблемаға оқушыларды қатыстыра отырып, мәселені шешудің маңыздылығын байқатады. Проблемалы сабақ арқылы 3 түрлі дидактикалық мақсатқа жетуге болады:
Оқушының теориялық материалды игеруі
Шығармашылық ойлауының дамуы
Болашақ мамандығына жетелейтін пәнге танымдық қызығушылығының артуы.
Проблемалы дәрістегі оқытушының міндеті-ақпарат беріп қана қоймай, ғылымның дамуындағы қайшылықтарды, оның шешу жолдарын байқату. Бұл үдеріс оқушының ойлауын қалыптастырады, танымдық белсенділігін туғызады, өз пәнінің теориялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік жасайды. Сабақ бойы оқушының ойы оқытушының жасаған жағдаятымен ілесіп отырады. Проблемалы жағдаяттың компоненттері таным материал және таным студент.
Сабақта оқу материалы оқу проблемасы формасында беріледі. Оның мазмұнында қарама-қайшылықтар болады. Осы қарама-қайшылықтың негізінде проблемалы сұрақтар туындайды. Сұрақтардың өзі проблемалы және ақпаратты мәндегі сұрақтар болып бөлінеді. Проблемалы сұрақ-оқушының бұрынғы игерген білімдерінде жоқ, олардың танымдық қиналысын туғызатын сұрақтар. Ондай сұрақтардың мазмұнында оларға таныс емес , әлі шешімін таппаған мәселелер болады. Ал ақпараттық сұрақтар проблеманы оқушы дұрыс түсініп, ақыл-ой әрекетін іске қосу үшін бұрынғы игерген тірек білімдеріне негізделеді. Прблемалы және ақпараттық сұрақтарды сәйкестендіре отырып, оқытушы оқушының жеке басының мүмкіншілігін байқайды, дамытады.
Проблемалы сұрақтардың негізінде проблемалы жағдаяттар жасалады. Сабақтың бұл түрі диалог сипатында өтеді. Диалог бастауыш сынып оқушылары мен оқытушы пікір алмасады, бір-біріне сұрақ қою арқылы мәселенің мәніне, шешіміне көздері жетеді. Диаогтік қарым-қатынас олардың ойлау әрекетін қалыптастырады. Ол үшін мынадай жағдай ескерілуі керек:
Оқытушы бастауыш сынып оқушыларымен әңгімелесуші, пікір алмасушы ретінде тығыз қарым-қатынасқа түседі.
Оқытушы оларға өз ойын ашық айтуға еркіндік береді.
Мәселенің шешімі оқытушының немесе оқулықтың беделінен емес, ғылыми дәлелдеудің пікір таласының, сыни ойлаудың нәтижесі екендігіне оқушының көзі жетуі.
Оқытушы бір мәселе туралы әр түрлә пікірлерді, қарама-қайшылықтарды көрсетіп, соның шешу жолын, әдіс-тәсілін байқатуы.
Нәтижені бірлесе отырып қорыту, дұрыстығына оқушылардың көзін жеткізу , оны дәлелдеуге білім, дағды, іскерліктің маңызын көрсетуі тиіс.
Проблемалық дәрісте дидактиканың ғылымилық, тұтастық, түсіністілік, жүйелілік, көрнекілік ұстанымдары асшылыққа алынғанымен, ең негізгісі проблемалық ұстаным болып табылады. Бұл үшін оқытушы сабақ материалдарын құрастыруда проблемалық ұстанымның іске асуына көңіл бөледі және орындалуын қадалағайды.
Проблемалы сабақтың нәтижелі болуы бастуыш сынып оқушылары мен оқытушының бірлескен жұмысы болып табылады. Оқытушы материалды өзі ғана хабарлап қоймай, оған оқушыларды қатыстырады, сұрақ қою арқылы танымдық белсенділігін арттырады.Проблемалы оқыту болуы үшін оны ұйымдастыра білу қажет. Осыған орай мына мәселелер ескерілуі керек.
Оқытушы қазіргі білім берудің мақсаты мен міндетіне сай бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін ұйымдастыруға шығармашылықпен қарауы.
Оқытушы проблемалы оқыту әдістерін игеруі және оның тиімділігіне көзі жетуі
Проблемалы тапсырмалар жүйесі бастауыш сынып оқушыларының жеке бас мүмкіншілігіне, игерген, білім,дағды, іскерліктеріне сай берілуі
Пробемалы оқытушы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын, белсенділігін туғызатындай мазмұнды, жүйелі болуы
Оқытушының дайындығы
Сонымен проблемалы оқыту - оқытушы мен білім алушыны ізденушілік міндеттерді шешуге бірлесе әрекет етуге мүмкіндік жасайтын оқыту техгологиясы.
Проблемалық оқыту оқушының білім игеруі мен қабілетін проблемалық жағдайларды талдау жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Проблемалық оқыту кезіңде мына нәрселер айқын көрінеді:
Проблеманың тууы және сезінуі
Шешімін табуға іздену, оның дұрыстығын тексеру
Проблеманы сезіну бастауыш сынып оқушыларда қиын жағдайдан шығу жолдарын табуға жетелейді. Проблемалық жағдайды тудыратын жайттар:
Проблеманың өзі
Білімнің жеткіліктілігі
Өз бетінше жағдайдан шығу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесін оқытуда қолдану
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Оқытудың қазіргі технологиялары
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Пәндер