Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністерді сақтау барысында зиянкестермен зақымдануы және олармен күресі шаралары

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жемістер мен көкөністердің зақымдану түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2.2. Жемістер мен көкөністерді зақымдайтын зиянкестердің түрлері ... ... ... .10

2.3. Зиянкестердің жемістер мен көкөністерге тигізетін залалы ... ... ... ... ... 17

2.4. Жемістер мен көкөністердің зиянкестермен зақымдануына
қарсы күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 33

V. ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

КІРІСПЕ

Зиянкестер мен аурулардың жеміс өсімдіктеріне келтіретін зияндықтары орасан: өсімдіктің өсуі әлсірейді, жемістің сапасы нашарлайды, өнімділік күрт төмендейді. Егер уақытында қажетті шаралары мен ескертулерді қолданбаса өнімді түбегейлі жоғалтуға болады.
Қазақстанның солтүстігіндегі бақтарда ең қауіпті және кең тараған зиянкестерге: жеміс жемірі (алма, алмұрт, алхоры), шие бізтұмсығы, биттер (жасыл алма, шие, алхорының түкті биті, шырғанақ, қарлыға, жапырақ ширатқыш беріш, қарақаттың үлкен биті), қарақаттың мөлдір қанаты, өрмекші кене, егеуіштер (қара қарақаттық, сары, шие шырышы), заузалар; ауруларға: алма шірігі және алмұрт шірігі, теңбілдер (ақ дақ), американдық ақ ұнтақ, бүлдіргеннің ақ ұнтағы, сұр шірік, жеміс шірігі, шырғанақтың солуы жатады.
Бақтағы зиянкестермен және аурулармен күресу екі мақсатты қарастырады - дерттің және зиянкестердің пайда болуының алдын алу және оларды жою. Зиянкестермен және аурулармен күресу үшін агротехникалық, химиялық, биологиялық, механикалық және физикалық әдістерді қолданады. Аталған әдістерді кешенді қолдану ең жақсы нәтиже береді.
Агротехникалық әдіс бақ қатараралықтарын және дің айналасын уақытында дұрыс өңдеуді, ағаштарды күтіп-баптауды, тыңайтқыш қолдану жүйесін, суландыруды, плантацияға элиталы және сау тұқымдарды отырғызуды, арамшөптермен күресуді қарастырады. Қодрендерді жинау және жою, ерте көктемде немесе күзде діңдер мен қаңқалы бұтақтардың қабықтарын мұқалған қырғыштармен жинап алып жағып жіберу, түскен жапырақтарды жинау және сыртқа шығару (жою), қураған және дертті өркендерді жинау және жою, кеуектерді бітеу, механикалық зақымдарды және кесілген жерлерді уақытында бақ нұмымен сылау және т.б. зиянкестер мен ауруларды едәуір азайтады, өсімдіктердің олардың әсеріне төзімділігін айтарлықтай арттырады.
Қарақаттың мөлдір қанатты көбелегінің жұлдыз құртын, жарақаттанған өркенді кесіп байқауға болады. Оның ортасында құрт тескен жер (құрт өзегімен қоректенеді) көрінеді, ал жұлдыз құрт іздің соңында болады. Ерте көктемде зақымданған өркенді топыраққа тақап кеседі. Гүлдеу кезінде солған бұтақтарды кесіп алады және жағады.
Кенемен күресу үшін діңді, қаңқалы бұтақтарды тазалаумен, аулау белдігін қолданумен қатар химиялық дәрмектерді де пайдаланады.
Заузалармен күресуде топырақты бір жыл немесе екі жыл бойы сүрі жер тәсілімен өңдеудің, жоғары сұрыпты отырғызу материалын дұрыс таңдаудың, қабылданған дақыл ауысу кезегін сақтаудың, топырақты тұқым себер алдында үстіртін өңдеудің, қуыршақтану кезеңінде қатараралықтарды қайталап өңдеудің, танаптағы және танап маңайындағы арамшөптермен тұрақты түрде күресудің, танапты жиын-терін, қалдықтарынан тазалаудың маңызы өте зор. Отамалы дақылдарды топырақта тіршілік ететін зиянкестерден таза танаптарға орналастыру.
Ақұнтаққа төзімді сұрыптарды отырғызу, зақымдалған өркендерді сау жеріне дейін кесу, бұтаны сирету, химиялық дәрмектерді қолдану - қарлығаны, қара және қызыл қарақатты өсіргенде ақұнтақпен күресудің негізгі тәсілдері. Ойпаң, ылғалды немесе батпақтанатын телімдерде, сондай-ақ қою, сиретілмеген бұталардың бұтақтары қаттырақ
зақымданады. Бүлдіргеннің сұр шірігіне қарсы - жиі отырғызбау, әсіресе, осы ауруға қатты шалдығатын сұрыптарды. Дымқыл жылдары өнім жинар алдында бұталардың түбіне сабан төселуі керек, жинау кезінде зақымдалған жидектерді телімнен сыртқа шығарады, химиялық дәрмектер қолданылады.
Шырғанақтың солуымен күресуінде сұрыптың маңызы өте зор. Торғай тәжірибе стансасының мәліметтері бойынша фузариозға шырғанақтың Витаминная сұрпы ең төзімді көрінеді жекелеген (түптердің 5-8% солады екен). Жиі ірі жемісті сұрыптар ауырады екен.
Физикалық әдіс. Зиянкестердің пайда болуын және олармен күресудің уақытын анықтау үшін жарықты пайдалануды қарастырады. Жарықпен тұзақтау (ұстау) көбелектерді, жарғаққанаттыларды және басқа да бунақденелілерді ұстап алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың бақтағы саны, түрлік құрамы, ұшу жиілігін және зиянкестердің санын кемітуге мүмкіндік береді. Бір кемшілігі - зиянкестермен қатар пайдалыларының торға түсуі.
Механикалық күресу әдісі - зиянкестердің қыстайтын ұяларын жою, жұмыртқаларын жинау, аулау белдігімен жұлдызқұрттарды аулау, ағаштағы қоңыздарды - бізқұрттарды төселген брезентке сілку және кейін оларды жою, қақпанды, тұзақты, торды, тышқан тәрізді кеміргіштерге уланған жемді қолдану.
Биологиялық күресу әдісі - жеміс және жидек дақылдарының ауруларымен және зиянкестермен күресуде олардың табиғи жауларын - жыртқыштарды, тоғышарларды және ауру қоздырғыштарды қолдану. Мысалы, алманың қанды битімен күресуде, битті кейбір жерде 90%-ға дейін жоятын афелинусты қолдану тиімді.
Зиянды бунақденелілермен күресу үшін құстарды - ұзаққарғаларды, қараторғайларды, сары шымшықты, көкектерді пайдалану керек. Бұлар зиянды бунақденелілерді, дернәсілдерді және жұмырқұрттарды көптеп жояды. Битоксибациллин, дипел, лепидоцид және т.б. биологиялық дәрмектер шығарылуда. Құстар үшін арнаулы қараторғай үйшіктері жасалынады. Құстарды жауын-шашынды ауа райында, ерте көктемде және күзде қосымша азықтандыру қажет, жергілікті құстарды қыста да қоректендіру керек.
Соңғы жылдары зиянкестермен күресуде микробиологиялық әдістерді қолдануы етек жаюда. Бұл әдіс зиянды ағзаларға қарсы споралы бактерияларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды және басқа да микроағзаларды қолдануға негізделінген. Биологиялық дәрмектер шығарылуда: битоксибациллин, дипел, леридоцид және т.б.
Химиялық әдіс. Бұл әдісте ең тиімді және жедел әсер ететін әртүрлі дәрмектер қолданылады. Бірақ олардың бәрінің кері әсері де бар: пайдалы бунақденелілерді де жояды және әртүрлі мөлшерде жемістерде жиналады да, кейін адам ағзасына зиян келтіреді. Міне, сондықтан оларды өте абайлап және оған аса қажеттілік туындағанда ғана қолдану
керек. Дәрмектің қолдану мөлшерін, тәсілін, уақытын, шегін, соңғы рет өңдеу мен өнім жинаудың мерзімін, өңдеу санын қатал бақылау қажет.
Қазақстанның жеміс-жидек дақылдарына 2003-2012 жж. қолдануға рұқсат берілген пестицидтерді ғана қолдану керек.
Бақтарда улы заттармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесін сақтау қажет. Жұмысты денені удан қорғайтын халатта немесе арнаулы киімде орындау қажет, ауызға респиратор тағылады, дәке таңылады. Жұмыс кезінде шылым шегуге, тамақ ішуге болмайды. Жұмыс аяқталғаннан соң қолды, дененің басқа да ашық жерлерін сабынмен мұқият жуу керек. Үйге жұмыс киімдерін апаруға болмайды. Арнаулы киімдерді, аяқкиімдерді, қолқаптарды, қорғаныш көзілдірікті, жұмыс соңында күнде тазалап, ашық ауада немесе лапас астында 8-12 сағат кептіреді. Оларды кірлегенде жуады, бірақ жиі емес, 6 жұмыс күннен кейін. Пестицидтермен жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы керек, қалған 2 сағатта дәрмектермен байланысты емес басқа жұмыстар орындалады.
Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау.
Көкөніс дақылдары өсіру кезеңінде және сақтағанда, оларға үлкен шығын келтіретін әртүрлі зиянкестермен және аурулармен зақымдалады.
Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау - ұйымдастыру, алдын алу, агротехникалық және жойғыш шаралардың күрделі кешені.
Ұйымдастыру шараларының ішінде карантин, пайда болғанын есепке алу, аурулар мен зиянкестердің таралуын және болатындығын болжау, уақытында улы химикаттармен және құрылғылармен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру, қызметшілеріне жою әдістерін үйрету, улы химикаттармен жұмыс істеу, алдын алу шаралары және қауіпсіздік ережелерін үйрету қызметтерінің мәні зор.
Алдын алу шаралары зиянкестер мен аурулардың жаппай көбеюі жөнінде хабарлайды. Олар агротехникалық шаралармен тығыз байланыста болады. Агротехникалық шараларға ауруларға төзімді сұрыптарды таңдап алу, дақылдардың дұрыс ауысып отыруы, тұқымды дәрілеу, кінаратсыз аналықтарды таңдап алу және оларды уақытында отырғызу, егістіктегі және көшеттіктегі кінаратты өсімдіктерді уақытында аластау, екі жылдықтардың және пияздың кінаратсыз аналықтарын сақтауға таңдап алу, жиын-теріннің қалдықтарын жою, сүдігерді терең жырту, көкөніс дақылдарының қоймаларын, жылыжайларды және булыжайларды зарарсыздандыру, булыжайлар мен жылыжайлардың топырақтарын ауыстыру немесе зарарсыздандыру, танаптағы арамшөптерді уақытында жою кінаратсыз өсімдіктер өсіруге ықпал жасайтын жоғары агротехника жатады.
Зиянкестермен және ауру қоздырғыштармен күресте аса маңызды рөл жойқын шараларына тиеді. Оларға механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық шаралар жатады. Орамжапырақ көбелегінің жұмыртқасы мен жұлдыз құртын қолмен жинау механикалық тәсілге жатады. Күндіз ескі жапырақ астына жасырынған ұлуларды да қолмен жинайды. Физикалық тәсілде зиянкестер мен ауру қоздырғыштарды жою үшін жарық-торларды қолданады.
Химиялық тәсілде зиянкестер мен аурулар пайда болысымен улы химикаттармен бүркеді және тозаңдатып шашады; қажет болса бірнеше рет қайталайды.
Зиянкестермен күресте биологиялық әдіс кеңінен қолданыс табуда: ол көкөніс шаруашылығының өнімін және төңіректі ластанудан сақтайды, пайдалы флора мен фаунаны жоймайды, адам үшін қауіпсіз.
Бұршақ соғудың зардабымен күресу. Жазда көкөніс дақылдары кейде бұршақтан зардап шегеді. Пияз, сәбіз, сонымен бірге қаудан байланғаннан кейін орамжапырақ зақымданудан тез оңалады; бақшалық және алқалар тұқымдастарының дақылдары бұршақтан көбірек зақым шегеді. Бұршақ соғудың зардабынан тезірек оңалу үшін зардап шеккен өсімдіктерді тез әсер ететін азотты тыңайтқыштармен үстеп мол мөлшерде қоректендіреді, өсімдіктің төңірегін қопсытады және суландырады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жемістер мен көкөністердің зақымдану түрлері

Фузариозды ауру қоздырғыш: Fusarium ox ysporum f. lycopersici
Белгілері: Ауру жұқтырған көшеттердің өсіп-жетілуі нашарлайды, ескіжапырақтары мен дән жарнақтары сарғайып, солады. Тұтас бұтақтары сары түске боялып, дала жағдайында сары жалауды көзге елестетеді.
Аурудың даму шарттары: Саңырауқұлақ топырақта бірнеше жылдар бойы сақталып, алқапта жұмыс істейтін ауыл шаруашылық техникасы, ауруға шалдыққан өсімдіктер қалдықтары және суару арқылы тарауы мүмкін. Ауру ең алдымен өсімдіктің топырақты өңдеу құралдары жаралаған тамырына түседі. Сонан соң топырақ қызып, температурасы 28oС градусқа жеткенде аса жылдам дами бастайды. Фосфор, аммиакты азот секілді нәрлі заттардың көп болуы да, аурудың тез дамуына ықпал етеді.

Аурумен күрес шаралары:Ең тиімді тәсіл - ауруға төтеп бере алатын
сұрыптарды пайдалану болып табылады. [1]
Вертициллиозды солу
Ауру қоздырғыш: Verticillium albo-atrum саңырауқұлағы
Белгілері: Ескі жапырақтардың солуы. Ауру өсімдіктердің өсіп-өнуі
тежеледі, тыңайтқыштар мен суардың көмегі аз.
Аурудың даму шарттары: бұл саңырауқұлақты жинақтайтын резерватор өсімдіктер тізімі өте үлкен және микросклероция кезеңінде олар
бірнеше жылдар бойы топырақ пен ауруға ұшыраған өсімдіктер қалдықтары ішінде тіршілік ете береді. Аурудың дамуына ауа-райының жылылығы ((21-25oС) қолайлы жағдай туғызады. Саңырауқұлақ өсімдік тініне топырақты өңдеу барысында тамырдағы жарақат арқылы түседі.

Аурумен күрес шаралары:Ауруға төтеп бере алатын сұрыптарын пайдалану. Топырақты түтіндету мен күнге күйдіру ( күн шуағымен сәулелендіру) аурудың таратылуын азайтатыны дәлелденген.
Столбур
Ауру қоздырғыш: фитоплазма.
Белгілері: Жас жапырақтардың жарнақтары кішірейіп, жасыл түсін
жоғалтады, көбіне қызғылт немесе күлгін реңкке боялады. Жемістері
қатайып, тілігінде ақ түсті, тамыр пішінді талшық пайда болады.

Аурумен күрес шаралары:
Фитоплазманың негізгі таратушысы - шиландармен күрес. Егістікті
инфекция жинақтағыш арамшөптерден арылтады, сондай-ақайналадағы аумақ пен егістікті жүйелі түрде инсектицидтер көмегімен өңдеуден өткізеді.
Жапырақтардың сұр теңбілділігі
Ауру қоздырғыш: Stemphylium solani S. lycopersici (синоним: S. floridanum)
Белгілері: Жапырақтардағы өзгерістер алдымен қоңыр-қара түсті майда теңбілдер түрінде пайда болады.
Біртіндеп олардың көлемі ұлғайып, диаметрі шамамен 3 мм құрайтын, жиектері сары түсті, сұр-қоңыр шыны тәрізді зақымдарға айналады.
Ақыр аяғында олардың жиектері бүрісіп, орталары жарылып кетеді де,
өсімдіктің барлық жапырақтары түсіп қалады. Бұл ауру тудыратын
саңырауқұлақ өсімдіктің сабағы мен жемісіне зиянын тигізбейді.
Аурудың даму шарттары:Саңырауқұлақ топырақта және өсімдіктер қалдықтарында сақталып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, инфекцияны жинақтаушылар қатарында өздігінен өскен қызанақ немесе алқалар тұқымына жататын басқа дақылдар мен арамшөптер болуы мүмкін. Ауру көшеттер де инфекцияның негізгі көздерінің бір бөлігі болып саналады. Саңырауқұлақ спорасы ауруға шалдыққан өсімдіктерден жел арқылы немесе шашылған сумен сау көкөністерге көшіп, жұғады. Аурудың дамуына жылы, ылғал және дымқыл күн райы да ықпал етеді. Ауру сондай-ақ құрғақшылық аймақтарында шық көп түскенде немесе жаңбырлатып суарғанда көп кездеседі.[2]

Аурумен күрес шаралары: Ауруға төтеп бере алатын сұрыптарды кең қолдану бұл аурудың қауіптілігін азайтты. Оны тез қабылдағыш сұрыптарды өсіргенде аурумен күресу мақсатында фунгицидтер пайдалану керек.
Қызанақ мозаикасы
Ауру қоздырғыш: Қызанақ мозаикасы вирусы (Tomato Mosaic Virus,
ToMV)
Таралуы: Қызанақ өсірілетін барлық аймақтар
Белгілері: Аурудың негізгі сипаттары - жапырақ тінінде ашық және қою жасыл түсті бедерлердің пайда болуы және өсімдік өсуінің тежелуі. Ауа- райы жылы болған уақытта жапырақтар қырыққұлақ жапырақтарына ұқсайтын түрге (алқа тұқымдастардың мозакасы) ие болады.
Аурудың даму шарттары: ToMV вирусын жинақтағыш резерватор- өсімдіктер көп. Олардың қатарына толып жатқан ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптерді қосуға болады. Вирус ауыл шаруашылық техникасы немесе егістікте жұмыс істейтін адамдар арқылы зақымдалған өсімдіктерден сау өсімдіктерге оңай көшеді. Өткен жылдан қалған ауру өсімдіктер қалдықтары, олармен биылғы отырғызылған қызанақ тамырлары көрші орналасқан жағдайда ауру жұқтыруға себеп болады. Вирусты сондай-ақ кеміргіш жәндіктер де таратады. Сондай-ақ бұл вирус қызанық тұқымдарымен де беріледі, алайда шын мәнінде аурудың жұғуы көшеттерді сирету немесе басқа жерге көшіріп отырғызу барысында орын алады.

Аурумен күрес шаралары:
Аурудың зарарлы әсерін азайтудың ең тиімді тәсілі ToMV вирусына төтеп бере алатын сұрыптарын пайдалану.
Қызанақытарды бұған дейін ToMV вирусын жұқтырған дақылдар өскен жерге екпеуге тырысыңыздар. Көшет отырғызылатын ыдыстарды, сондай-ақ өнімді жинап болған соң, барлық қолданылған құрал-жабдықтар мен аспаптарды бумен зарарсыздандыру да аурудың зарарлы әсерін азайтады.
Жылыжай контейнерлерімен немесе өсімдіктермен жұмыс істемес бұрын жұмысшылардың қолдарын сабындап жууын мықтап қадағалаңыз. Аурудың кең тарауына сондай-ақ бұтақ кесетін құралдарды зарарсыздандыру, бұтақсыздандыру жұмысын, өсімдік сабағына қол тигізбей жүргізу де тоқсауыл қояды.

2.2. Жемістер мен көкөністерді зақымдайтын зиянкестердің түрлері

Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады. Жылыжайларда көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді. Қырыққабат зиянкестері.Қырыққабаттың ақ көбелегі - Pieris brassicae L. (Lepidoptera отряды, Pieridae тұқымдасы). Қырыққабатты, шомырды, шалғамды, тарнаны, рапс пен басқа крестгүлді дақылдарды зақымдайды.[3]
Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғарғы бұрыштары қара, артқы қанаттарында - ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Аталықтарға қарағанда аналықтарында алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады. Жоғарғы жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы 40-45мм жетеді, құрттың үсті сұрғылт-жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған; денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтар мен нүктелерден тұратын сурет бар; екі жағы мен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.Қырыққабаттың ақ көбелегі қуыршақ сатысында талдарда, шарбақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде қыстайды. Ол субстратқа жібек белдікшесімен бекітіледі. Сәуірдің аяғында - мамырдың басында көбелектердің ұшуы байқалады. Ұрғашылары лимон-сары түсті бөтелке тәрізді жұмыртқаларын қырыққабат жапырақтарының төменгі жағына 15-200 данадан салады. 8-12 күннен соң жұлдызқұрттар пайда болады. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар жапырақтардың жоғарғы қабығына тиіспей, төменгі жұмсағын жейді, ересек жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарды жуан тарамыстарын ғана қалдырып тегіс жеп қояды. Құрттар 15-30 күн бойы қоректеніп, одан кейін қуыршақтанады. Қолайлы жағдайларда 10-20 күннен кейін жаңа ұрпақ көбелектері пайда болады. Жаз бойы қырыққабат ақ көбелегінің 2-4 ұрпағы дамиды.
Күресу шаралары. Арамшөптермен күрес жүргізу қажет, кішігірім учаскелерде жұлдызқұрттарды қолмен жинау керек. Жұмыртқа салу кезінде үш рет трихограммалар жібереді (1 га жерге 45 мың дарақтан). Жапырақ дегелек кезеңінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі. 5% астам өсімдіктерде жұмыртқа табылған жағдайда немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дегенде 5-10% егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдызқұрттан келсе, не болмаса жапырақ үсті 25% зақымданғанда инсектицидтерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қырыққабат ақ көбелегінің әрбір ұрпағының кіші жастағы жұлдызқұрттарына қарсы инсектицидтермен өңдеуді ЭЗШ саны асқанда Тізім... регламенті бойынша жүргізеді.
Жеміс ағаштарының негізгі зиянкестері.Алма күйесі - Yponomeuta malinellus Zell. (Lepidoptera отряды, Yponomeutidae тұқымдасы)Ұсақ көбелектер ақ түсті, қанатын жазғанда 18-20 мм дейін жетеді, алдыңғы қанаттарында үш қатар қара дақтар бар, артқы қанаттары сұр, ұзын шашағы бар. Жұлдызқұрты ақшыл-сары, арқасын бойлай екі қатар қара дақтары бар. Басы мен аяқтары қара. Жоғарғы жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы шамамен 18 мм.Бірші жастағы жұлдызқұрттар алма ағашының екі-үш жылдық бұтақшаларының қабығында қалқанша астында қыстайды. Көктемде бүршік ашылған кезде олар қалқанша астынан шығып, жас жапырақтарға еніп, шағын тесіктер түзеді. Алма гүлдеген кезде жұлдызқұрттар тесіктерден шығып, өрмек ұяларын түзеді және жапырақ жұмсағымен қоректенеді, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Жұлдызқұрттың дамуы 40-45 күнге дейін созылады. Қоректеніп болған жұлдызқұрттар ұяларында өздеріне піллә жасайды және үлкен топтармен қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 2-3 аптаға дейін созылады. Пайда бола бастаған көбелектер түнде ұшады және 1-2 аптадан кейін бір қабықта тобымен 20-80 дана жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын көбелек кілегей сұйықтықпен қаптайды, олар кейін құрғап, қатып қалады. 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар шығып, қыстап қалады. Алма күйесі бір ұрпақта дамиды.Күресу шаралары. Шағын учаскелерде жұлдызқұрттарды өрмек ұяларымен қоса жинап, жою. Өлі қабықтарын тазартып, өртеу. Күзде немесе көктемде түскен жапырақтарды жинап алып, қордалайды; ерте көктемде ағаштардың бөрікбастарын төрт жағынан қарап, 0,5 м бұтақтарын зерттейді және қабығындағы алма күйесінің барлық қалқаншаларын санайды. ЭЗШ саны 2 м ағашта 2 қалқаншаны құрайды. Өңдеуді Тізімге...... сәйкес препараттармен жүргізу ұсынылады.[5]
Алма жеміс жемірі - Laspeyresia pomonella L. (Lepidoptera отряды, Tortricidae тұқымдасы). Алманы, алмұртты, өрікті, алқорыны, шабдалыны және басқа тектес өсімдіктерді зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 18-22 мм жетеді, алдыңғы қанаттары көптеген көлденең жолақтары бар қара-сұр түсті, қанатының басында қола түстес жылтырмен шағылысатын ірі қоңыр дақ (айна) бар; артқы қанаттары қоңырқай сұр, ашық түсті шашақпен жиектелген. Жұлдызқұрттың ұзындығы 18-22 мм, ашық-қоңыр, басты қызғылт түсті болып келеді. Соңғы жастағы жұлдызқұрттар өспей қалған қабық астындағы өрмек пілләларында, қабық жарықшаларында, ескі ыдыстағы топырақтың жоғары қабатында қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады, ал алма гүлдеп болғанда, көбелектер ұшып шығады. Аналықтары дөңгелек жұмыртқаларын бастапқыда жапырақтарға, кейін жемістерге салады. 10-12 күннен кейін одан жұлдызқұрттар шығады. Олар жеміс жұмсағына еніп, тұқым қалтасына дейінгі жолды кеміріп, тұқымдарды жеп қояды. Бір жұлдызқұрт 2-4 жеміске дейін зақымдай алады. Зақымданған жемістер түсіп қалады, нашар сақталады. Дамыған жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Жазғы кезеңде зиянкес 1-3 ұрпаққа дейін береді.
Күресу шаралары. Ағаш түптерінің шеңберлерін қазу. Ағаш діңдерін тазарту. Тосқауыл белдіктер орнату. Жарық және еліктіргіш торлар ілу. Үзіліп түскен жемістерді жинау. Пайдалы энтомофагтарды қорғау. Егер аптасына торға қыстап шыққан ұрпақтан аталықтары және жазғы ұрпақтан 3-4 еркек көбелектер түссе немесе 100 цга жоспарланған түсімде зақымданған жемістер мөлшері 2% болса, онда мұндай жағдайда түсімділікті белсенді түрде қорғау қажеттілігі туындайды. Өңдеулерді Тізімге... сәйкес инсектицидтермен жүргізу ұсынылады.
Жасыл алма бітесі - Aphis pomi Deg. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Шекілдеуікті жемістер тұқымдастарын зақымдайды.Қанатсыз ұрғашы бітелердің ұзындығы 1,5-2 мм, ақшыл-жасыл, қара-қоңыр басы және шырынды түтікшелері бар. Аталықтары аналықтарынан кішірек болып келеді. Дернәсілдері 0,5-1,5 мм, ашық немесе қара-жасыл түсті, қызыл көздері бар.Жұмыртқалар бүршіктерінің басында немесе бір жылдық өркендерде қыстайды. Дернәсілдері бүршік жарғанда жұмыртқадан шыға бастайды. Олар өсімдік шырынымен қоректенеді және 12-15 күннен соң ұрықтанбай-ақ дернәсілдер пайда болатын қанатсыз негіз салушы аналықтарғае айналады. Бітелердің екінші ұрпағында басқа ағаштардың жас өркендеріне ұшып келетін қанатты көшпелі аналықтары пайда болады. Күзде бітелер тобында аталықтары және аналықтары пайда болады. Жұптасудан кейін аналықтары қыстауға қалатын 5 жұмыртқадан салады. Климаттық жағдайларға қарай жазғы мезгілде біте 10-15 ұрпақ береді. Күресу шаралары. Шыбықтар мен тамыр шыбықтарын кесу. Бүршік жарғанға дейін 0,5 метрлік төрт бұтақта 30 астам жұмыртқа болса, ал вегетация кезеңінде 100 жапырақта 15 бітелер тобы байқалса, Тізім... регламенті бойынша инсектицидтермен өңдеу жүргізу қажет.
Алма бүргешіркейі - Psylla mali Forst. (Homoptera отряды, Psyllidae тұқымдасы). Ересек жәндік сарғыш-жасыл түсті, күзге қарай қоңырқай түске енеді, денесінің ұзындығы 2-3 мм. Дернәсілдері жалпақ, қызғылт-сары, көздері қызыл, аз қозғалады. Жұмыртқалары қабықжарықшаларында, жеміс бүршіктерінің ұшында және өркендердің басында қыстайды. Көктемде шыққан дернәсілдер жарылған бүршіктерге еніп, оларды зақымдайды. Бұдан кейін бүргешіркейлер жапырақ сабағында, гүл шанақтарында қоректенеді, оларды тәтті сұйықтықпен жауып, оларға күйе саңырауқұлақтары орнығады. Нәтижесінде жапырақтары бүрісіп қалады, гүлдері мен гүл шанақтары қурайды, түйіндері үзіледі, жемістерінің формалары өзгереді, дәмдік сапасын жоғалтады, түсім төмендейді. Алма гүлдегеннен кейін екі апта өткен соң пайда болатын ересек дарақтар бақша ішіне тарайды. Күзге қарай бүргешіркейлер алма ағашына қайтып келіп, қызғылт сары жұмыртқалар салады.Күресу шаралары. Ағаштарды ескі қабықтардан тазарту. Түскен жапырақтарды жинап, жою. Топырақты күзде қазу. Зиянкестер көп болған жағдайда Тізімге... сәйкес препараттармен химиялық өңдеу жүргізу ұсынылады.
Долана көбелек - Aporia crataegi L. (Lepidoptera отряды, Pieridae тұқымдасы). Алманы, өрікті, алмұртты, шабдалыны, мойылды, долананы және басқа тұқымдастарды зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 50-65 мм жетеді, қанаттары ақ, қара тарамыстары бар, кеудесі мен құрсағы қара. Жұлдызқұрттардың ұзындығы 45 мм, қысқа қалың түктермен қапталған, денесі сұр түсті, арқасында үш қара, ал олардың арасында екі қоңыр-қызғылт сары жолақтары бар. Екінші-үшінші ұрпақ жұлдызқұрттары өрмек ұяларда қыстайды. Қысқы ұя 1-2 жапырақтан тұрады және өрмекте бұтаққа ілінген. Ұяның ішінде 20-70 жұлдызқұрттан келеді, оның әрбіреуі жеке пілләда орналасады. Алма ағашы бүршік жарған кезде жұлдызқұрттар ұяларынан шығады, олар тобымен жүріп бүршіктерді кеміріп тастайды. 30-45 күннен кейін жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Қуыршақтың дамуы шамамен екі аптаға созылады. Көбелектердің ұшуы маусым-шілде айларында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын жапырақтарға тобымен 30-150 данадан салады. Олардың дамуы 10-15 күнге созылады. Пайда болған жұлдызқұрттар топтасып жүреді және көрші жапырақтарда қоректеніп, олардың қаңқасын ғана қалдырады. Күзге қарай олар қысқы ұяларын жасайды. Долана көбелегі бір ұрпақ береді.Күресу шаралары. Қысқы ұяларды күзде жапырақ түскеннен кейін немесе қыста жинау және жағып жіберу. 2 метрлік төрт бұтақты сілкігенде 8-10% зақымданған дегелек немесе 8 жұлдызқұрт анықталған жағдайда Тізім... регламенті бойынша препараттармен өңдеу жүргізу ұсынылады.
Жемістің қоңыр кенесі - Bryobia redikorzevi Reck. (Arachnoidea класы, Acariformes отряды, Bryobiidae тұқымдасы). Жеміс ағаштарының түрлі тұқымдарын, әсіресе алманы, өрікті, алмұртты, алшаны қатты зақымдайды.Аналықтары қызыл-қоңыр түсті үлкен сопақша формалы, ұзындығы 0,6 мм; аталықтары ұзын- сопақша формалы, ұзындығы 0,3 мм.Өркендердің қабығына салынған жұмыртқалар көбінесе бүршіктердің басында қыстайды. Жұмыртқалар көп болған жағдайда қабығы қызғылт түске айналады. Көктемде бүршік жарғанда, жұмыртқалардан құрттар шығып, жапырақ шырынымен қоректенеді. Кененің қоректенуі нәтижесінде жапырақтары кіршең-сары түске енеді, дамымайды, түсімділік пен ағаштардың аязға төзімділігі төмендейді. Бір жылда 4-5 ұрпақ беріп дамиды.Күресу шаралары. Қатты зақымданған бұтақтарды кесу және жағып жіберу. Ерте көктемде немесе күзде діңдер мен қаңқасы қалған бұтақтарды қурап қалған қабығынан тазартады. Экономикалық зияндылық шегі болып 10 см бұтақтардың 20 кесіндісіне 200 жұмыртқадан келуі саналады. Акарицидтермен өңдеуді Тізім... ережесі бойынша жүргізу ұсынылады.[6]
Жүзім зиянкестерінің түр құрамы.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы - Polychrosis botrana Schiff (Lepidoptera отряды, Totrricidae тұқымдасы). Жүзім өндірістері аймақтарының барлық жерінде таралған және өнімге көп шығын келтіреді. Қарақат, құлпынай, долананы да зақымдайды. Көбелектердің қанат өрісі 10-13 мм. Алдыңғы қанаттары әр түрлі жолағы бар қонырқай - сарғыш түсті, артқылары - қарамен жиектелғен сұр түсті. Жұлдызқұрт ұзындығы 12 мм - ге дейін, алдымен ақ кейін қоңыр басы бар сарғылт қоңыр болады. Қуыршақтар әк түсті пілләларда қабығында, жапырақтардың астында, топырақта қыстайды. Көктемде температура 14° С жоғары қалыптасқанда қөбелектер ұшып шығады және жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір- бірлеп немесе 2-5 данадан шанақ пен гүлдерге салады. Жалпы 60-160 жұмыртқа салады. Эмбриональдық дамуы 5-10 күнге созылады. Жұлдызқұрттар алғашында шанақтармен, кейін гүл мен түйіндермен қоректенеді. Олардың дамуы 35 күнге дейін созылады. Осы уақыт аралығында әрбір жұлдызқұрт 40-60 шанақтарды немесе түйіндеген жидектерді зақымдап жапырақ шеттерінің майысқан жерлерінде, зақымдалған гүлшоғырда қуыршақтанады. Қуыршақ фазасы 7-12 күнге созылады. Екінші ұрпақ көбелектері жұмыртқаларын бір - бірден жидектерге салып, содан кейін жұлдызқұрттар дамиды. Олар жидектерді зақымдайды. Зақымдалған жидектер қоңырланады, әжімденеді және жиі қурап түседі. Үшінші ұрпақтық көбелектер пісіп келе жатқан жидектерге жұмыртқа салады. Күзгі жауын - шашынды жылдары асхана сорттары өте қатты зақымдалады. Жапырық ширатқыштардың популяция тығыздығына абиотикалық факторлар ықпал етеді. Қатты қыс болғанда көбінесе қуыршақтардың тіршілік қабілеттлігі жойылады.
Жүзімнің түкті (беріш) кенесі - Eriophyes vitisPgst.(Arachnidae өрмекші тәрізділер класы, Acari класс тармағы). Жүзім өндіру, өңдеу жерлерінде тегіс таралған. Ұзындығы 0,16-0,2мм. Ақ немесе сарғыш түсті. Жұмыртқалары сопақ, ақ түсті. Даму сатылары: жұмыртқа, дернәсіл, нимфа, ересек. Ұрғашылары жүзім бүршіктерінің қабыршақтарының астында қыстайды. Көктемгі кезеңде қоректенуі бүршік ату кезеңінен басталады. Жапырақтар шыға бастағанда кенелер жапырақтарға өтіп қоректенеді. Осы кезеңде беріштер (галлалар) түзіледі. Жазғы кезеңде генерацияның даму ұзақтығы 10-14 күнді құрайды. 5-8 ұрпақ береді. Ескі беріштердің (галлалардың) солуынан кенелер басқа орындарға ауысып, жаңадан беріштер пайда болады. Күзде кенелер қыстап шығатын бүршіктерге ауысады. Кененің популяциясының жоғары болуынан өркендер қысқарып, өнімділік төмендейді.
Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. (Acarie класы, Tetranychidae тұқымдасы). Барлық жерлерде таралған, көптеген дақылдарға оның ішінде жүзімдерде кездеседі және оған қауірті зиянкес. Аналықтары сопақша келеді, ұзындығы 0,43 мм сұрғылт - жасыл немесе сарғылт - жасыл түсті. Аталықтардың артқы жағы бірден кілт сүйірленген, ұзынша (ұзындығы 0,28 мм) болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм. Жылына 10-12 ұрпақ береді. Вегетация кезеңінде өрмекші кенелер төменгі ярустан жоғарыға, ескі жапырақтардан жас жапырықтарына ауысады. Дақыл қатты зақымданғанда түсімі азайып, жемістердің сапалары төмендейді.
Күресу шаралары. Күздік тыныштық кезеңінде және ерте көктемде негізгі агротехникалық шаралар жүйесін жасайды: топырақ өңдеу, өсімдік қалдықтарын жою, тырмалау және т.б. Ерте көктемде бұтақтарды өлі қабықтарынан тазалау және жою. Бұл шаралар көптеген көп қоректі және мамандандырылған зиянкестердің санының азаюына бағытталған. Қажет жағдайда бүршік шықпастан бұрын кенелерге және басқа зиянкестерге қарсы препараттармен өңдейді. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышының ЭЗШ - 100 гүлшоғынында 4-6 жұмыртқа және дернәсіл. Инсектицидтер бірнеше қайталамамен қолданылады (көктемде жүзім гүлдемей тұрған кезде, жидектер өсіп келе жатқан кезде, жидектер пісер кезде). Бүрку жұмыстары көбелектердің ұшу қарқындылығы 2-3 күн тоқтағаннан соң жүргізіледі. Бұл үшін мынадай препарттарды: актеллик, 500 э.к., БИ-58, 40% э.к., золон, 35% э.к. және т.б. Бұл препарадтар кенелерге де әсер етеді. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышына қарсы биоагенттерді де (микробиологиялық заттар, тоғышар - трихограмма) қолдануға болады. Кенелердің саны экономикалық зиян шегінен асатын болса акарицидтер мен өңдеу қажет. ЭЗШ - 1 жапырақта бүршік жарғаннан жеміс өскенге дейін 3-5 дарақ. [4]
Арнаулы акарицидтер: аполло, омайт, ниссоран және т.б. Жапырақтарда кенелер табылғанда метасейулюс жыртқышты қолдану болады.
Әдемі және жеміс беретін бақ - бұл әрбір бағбанның арманы шығар. Агротехникалық шаралар кешенін орындау және санитарлық нормаларды сақтау бағыңызды зиянкестерден қауіпсіздендіруге көмектеседі, бірақ олар пайда болса, онда оларды жоятын арнайы құралдар мен препараттарды қолданған жөн.
Ағаштардағыдай, жеміс беретін бұталарда да зиянкестерден басқа ауру түрлері, кейбіреулері жазылмайтын аурулар бар.
Жеміс дақылдарының зиянкестер алуандылығы
Зиянкестердің түрлік құрамы өте алуан, ол таңқурай зиянкестерінен, алма паразиттерінен және көптеген өзге жемістің зиянкес жәндіктерінен тұрады. Зиянкестің нақты түріне онымен жасалатын зиянның өз түрінің сипаты ие. Осыған сәйкес оларды жеміс зиянкестері, бақ (жапырақ, бүршік, гүл қауызын және өскіндер зақымдайтын) зиянкестері және ағаш зиянкестері (ағаш діңін, тамырды және жоғарғы бұтақтарды зақымдайды) деп бөлуге болады.
Зарарлы ағаштарда кездесуге болатын зиянкестердің негізгі түрлері: кене, бізтұмсық, жеміс кеміргіші, біте, жемістің күйе көбелегі, кәдімгі бұзаубас, шыртылдақ дернәсілі гүл құрты.
Бағыңызда зиянкестердің болу белгілері:

бүршіктің ісініп кетуі, оларда тесік пайда болуы (бізтұмсық, кәдімгі бұзаубас);

гүл қауызының жойыла бастауы, өсімдікте жетілмеген гүлшоғырының немесе жемісінің пайда болуы (күйе көбелек, кенелер, гүл құрты);

ағаштың төменгі бөлігіндегі қабығының зақымдалуы (қабық құрты, кенелер);

жапырақта ұсақ тесіктердің пайда болуы, ағаш жапырақты күрт жоғалта бастайды (жұлдызқұрттар);

жапырақтардың нүктеленіп үрленуі, дара дақтардың пайда болуы (біте);

пісіп жетіліп қалған жемісте зақымдалған жердің болуы (соналар, жеміс кеміргіші);

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Айқышгүлді егістік, жемдік,көкөніс дақылдарының зиянкестері
Көкөніс дақылдарының зиянкестері
Картоп және көкеніс зиянкестері
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
Жүгері дақылының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Пәндер