Картоп сақтауға арналған қойма түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Еуропа мен Азия елдерінің жемістер мен көкөністерді сақтауда қолданылатын әдістер

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жемістер мен көкөністерді сақтау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.2.Өзбекстанда жемістер мен көкөністерді сақтау технологиясы.. ... ... ..11

2.3 Ресейде жемістер мен көкөністерді сақтау технологиясы ... ... ... ... ... ..2 1

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .26

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын (құрылыстарын) салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді. Көкөніс және жеміс-жидек, жүзім өсімдіктерін өсіру еңбекті мол шығындаумен байланысты.
Көкөніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті - халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өндіру.
Тамыржемісті көкөністерде, қантты жүгеріде, жасыл асбұршақта, қарбызда, асқабақта, жемістерде, жидектерде және жүзімдерде көмірсулары мол болады. Жемістер мен көкөністерде С дәрумені мол мөлшерде кездеседі, оған әсіресе тәтті бұрыш, ақжелек және аскөк, батун пиязы, ақжелкек, брюссель, түсті және ақ қауданды орамжапырақ, қымыздық, шпинат, қызанақ, шалғам, қара қарақат, таңқурай, бүлдірген, қарлыға, алмалар бай келеді.[4,228 б]
Сәбізде, пияз жапырағында, шпинатта, аскөкте, қызанақта А дәруменінің мөлшері көбірек. Бұршақты көкөністер, қантты жүгері, савой және брюссель орамжапырақтары, қымыздық, шпинат, ақжелектің жапырақтары ақуызға бай. Жемістердің басым бөлігінде азотты заттардың мөлшері 1%-дан аспайды, жүзімде, бүлдіргенде, таңқурайда, қарақатта - 1,5 %-ға дейін.
Органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап, қымыздық) жемістердің, жидектердің және көкөністердің дәмдік сапасын қамтамасыздандырады және азықтың жақсы сіңірілуіне мүмкіндік туғызады. Жемістерде, жидектерде және көкөністерде кальций, темір, фосфор, калий және т.б. минералды заттар бар. Бұлар адам ағзасының ұлпаларын құруға қажет, физиологиялық үдерістерге белсенді қатысады, тамақтың негізгі түрлерін тұтынған кезде пайда болатын қышқылдарды бейтараптандырады. Қан құрау үдерісіне қатысатын темірдің мол мөлшерімен шпинат, ақсүттіген, қымыздық, қарбыз, қияр, қызанақ, қызылша, алма, алмұрт, өрік ерекшеленеді. Кальцийге қымыздық, ақсүттіген, шпинат, савой және түсті орамжапырақ, кольраби, балдыркөк, сәбіз, өрік, алмалар, алмұрттар бай.
Жемістер мен көкөністердегі клетчаткалар мен пектиндер, қорытылған асты сіңіруге және қалдықтарын ағзадан шығаруға қажет.
Көптеген жемістер мен жидектердің және көкөністердің емдік қасиеттері ежелден-ақ белгілі. Сарымсақ пен пияздың қан жүретін ұсақ түтікшелерді кеңейтуге себебі бар. Шпинат пен брюссель орамжапырақтарындағы фолий қышқылы склерозға қарсы қасиетке ие. Баялдыны тұтыну қандағы холестеринді кемітеді. Сарымсақтағы фитонцидтерге бактерия жойғыштық пен фунгицидтік әсер тән. Орамжапырақтағы У дәрумені ойық жараны емдеуге көмектеседі, ал тартран қышқылы семірудің алдын алады. Көкөністердің жас өнімдерінің маңызы өте зор.
Атақты физиолог И.П.Павлов, адам күнде жас көкөністермен қоректенсе өз өмірін ең кем дегенде 13 ұзарта алады дейтін.
Көкөністердің, жемістердің және жидектердің негізгі рөлі - әртүрлі аурулардың (жүрек-тамыр, ішек-қарын, жұқпалы, қан ауруларының) алдын алу.
Жемістер, көкөністер, жидектер мен жүзімдер техникалық өңдеуге кең қолданылады: ашыту, маринадтау, әртүрлі консервілер дайындау, кептіру, тоңазыту және шарап дайындау, яғни олармен халықты жыл бойы қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Алмұрттың, грек жаңғағының, зәйтүннің және басқа да жеміс тұқымдарының сүрегі ағаш өңдеу өнеркәсібінде ерекше бағаланады, анардың, грек жаңғағының жеміс қаптары мен жапырақтары, тері илейтін, бояу және фармацевтика өнеркәсібінде қолданылатын, иілік заттарға бай келеді.
Бақ - ара шаруашылығының маңызды көзі.
Жеміс шаруашылығының қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі зор. Жеміс өсімдіктерінің жапырақтары шаң - тозаңдардың таралуына кедергі жасайды және ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді, ауаны тазалайды. Бұдан басқа, жеміс өсімдіктерін бақ қорғайтын және жеміс қорғайтын екпе ретінде, қалалар маңайында жасыл аймақты құруға, елді мекендерді, оның төңірегін, көлік және темір жол бойын жасылдандыруға пайдаланады. Олар тұрмысты, демалыс орындарын әшекейлейді, айналадағы ауаның құрамын жақсартады және сонымен бірге қосымша өнім береді. Жеміс өсімдіктері адамға әсемдік әсер етеді.
Бақ ауасымен тыныс алған адам жас шағымен, тіршілік қызығымен, сұлулықпен, ұзақ өмірмен тыныстайды (Л.П.Симиренко).
Ауыл шаруашылығының әлемдік даму үдерісі, жеміс-көкөніс шаруашылығының өнімдерін өндіру жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетуде. Мысалы, соңғы 10-12 жылда көкөністердің өнімдерін өндіру 40 %-ға артып, нәтижесінде жер шарының әрбір тұрғынын көкөніспен қамтамасыздандыру деңгейін, тұрғындардың саны 5,2 млрд-тан 6,2 млрд-қа жеткеніне қарамай 89 кг-нан 110 кг-ға дейін көтеруге мүмкіндік берді. (С.Б.Кененбаев, Б.М. Амиров, 2004).
Бір адамға есептегенде жеміс-көкөніс өнімдерін тұтыну өңірлерде және халықтың әл-ауқатына, ұлттың салт-дәстүріне, өсірілетін өсімдіктің мүмкіндігіне байланысты бірдей емес. Айталық, Монғолияда бір тұрғын 45 кг көкөніс пен жеміс пайдаланады, Финляндияда - 120, АҚШ-да 190 кг жуық (оның ішінде 90 кг көкөністер), Израильде - 320 кг (көкөністер - 239, жемістер - 81 кг, цитрустарды ескермегенде), Қазақстанда бір адамға шаққанда, ұлттық мөлшерден (100 кг) көп төмен өндіріледі (2004 жылы небары 71,3 кг).
Бір жылда бір тұрғынға шаққанда 100 кг жеміс-көкөніс өнімін өндіру керек, оның ішінде алма 35 кг, цитрустар (лимон, апельсин, мандарин) - 10, жүзім - 8, 4-5 кг-нан - алмұрт, алхоры, бүлдірген, таңқурай, қарақат, қалғаны өрікпен, шабдалымен, қарлығамен, мүкжидекпен, көкжидекпен, қаражидекпен және басқа жабайы өсетін жидектермен толықтырылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда көкөністер 112 мың гектар жерде өсіріледі, өнімділік - 185,5 цга. Көкөністердің егістігінің және жалпы түсімінің 70 %-ы ұсақ шаруашылықтардың және үй маңайындағы телімдердің үлесіне тиеді.
Бақ көлемі 30 мың га жерді қамтиды, жылына 98 мың тонна жеміс пен жидек өндіріледі. Мемелекеттің агроөндірістік бағдарламасы бойынша 100 мың тоннадан артық өндіру жоспарланған. Қазақстанның солтүстігінде бақ 11 мыңдай гектар жерді алып жатыр, ең көбі (5 мың га жуығы) Қостанай облысында. Шекілдеуікті тұқымдардың өнімділігі 30,0-98,4 цга, сүйектілердікі - 25,0-85,4 цга. Жемістер мен жидектердің өндірісі республиканың жалпы түсімінің 7 %-н алады. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстігінде әуесқойлардың көкөніс және жеміс шаруашылықтары жақсы дамыған. Көкөністер, жемістер және жидектер өсірумен 300 мыңға жуық адам айналысады және жап-жақсы өнім жинайды.
Қазақстанның солтүстігінде өсірілген жемістер тауарлық сапалары бойынша оңтүстіктегілерден кейін тұрады, бірақ дәрумендерінің, биологиялық белсенді заттары мен пектиндердің мөлшері бойынша олардан асып түседі. Ал қарақат, таңқурай, қарлыға және шырғанақ үшін Қазақстанның солтүстігі қолайлырақ, оңтүстікпен салыстырғанда.
Бірақ жемістер мен жидектердің өндірілуі мұнда маусымдық сипатта, сондықтан өнімнің негізгі массасы жылдың екінші жартысында өндіріледі. Ерте көкөніс өнімдері де аз өндіріледі, әсіресе Қазақстанның солтүстік өңірінде. Сауданың оларға деген қажеттілігі небары 35-40 % қамтамасыздандырылатындықтан, ұсыныс кеміген кезеңде баға күрт көтеріледі. Көкөністер мен жемістерді өңдеу мен дайындау да жеткіліксіз дамыған. Халықты жас көкөністермен жыл бойы қамтамасыздандыру және ашық жерлерден көкөністердің өндірілуі тоқтаған кезде, тапшылықты азайтуға әсер ететін жылыжай көкөніс шаруашылығы әлсіз дамыған (1 адамға 1 м2 қажет).
Жылыжай көкөніс шаруашылығының болашағы - мамандан-дырылған дамыған ірі шаруашылықтарда, мұнда өндірісті техникалық жабдықтауға қажет қаржыны шоғырландыруға және қазіргі кезге сай жылыжай шаруашылығын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Тамшылатып суармалау мүмкіндігі бар блокты жылыжайларды салу өте үмітті. Жылыжай шаруашылығы маңызды әлеуметтік міндет атқарады. Көкөністердің бағасын реттегіш рөлін, әсіресе маусымаралықта, атқарады. Осы кезеңде сырттан әкелетін өнім молаяды, ал бағасы жергілікті өндірістікінен 2-3 есе жоғары болады.
Қарқынды жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуы және халықты дәрумені мол өніммен қамтамасыздандыру үшін сұрыптарды, олардың өсірілетін жердің топырақ-климат жағдайына қарай, биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін ескеріп дұрыс арақатынасын ескеріп таңдаудың маңызы өте зор. Қазақстанның солтүстігінде жеміс-көкөніс шаруашылығының өнімділігін арттырудың көзі болып жемістерінің, жидектерінің биохимиялық құрамы жақсы, жоғары өнімді, суыққа (қысқа) және ауруларға төзімді сұрыптарды таңдау саналады. Ірі жемісті орал және сібір сұрыптарын өсіру үлкен маңызға ие.
Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығын өрлеуінде ғылым маңызды рөлге ие. Орыс ғалымдары А.Т.Болотов, М.В.Рытов, Р.И.Шредер, Н.И.Кичунов, сондай-ақ тәжірибелі көкөнісшілер көкөніс шаруашылығының ғылыми негізін қалады және алғашқы оқулықтарын жазды (М.В.Рытов, Р.И.Шредер). Н.И.Кичунов ресейдің революцияға дейінгі бақшашылық тәжірибесін жинақтап, қорытынды жасады.
Көкөніс шаруашылығының ғылыми негіздерін әзірлеуге В.И.Эдельштейн - отандық ғылыми көкөніс шаруашылығының негізін салушы - үлкен үлес қосты. В.И.Эдельштейннің және оның шәкірттерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесі ашық және қорғаулы жерлерде көкөніс өсімдіктерін өсірудің өнеркәсіптік технологиясын дайындаудың негізі болды.
Ғылыми жеміс шаруашылығы - белгілі ғалым-бағбандардың И.В.Мичуриннің, В.В.Пашкевичтің, Л.П.Симиренконың еңбектеріне негізделінген. Н.И.Вавиловтың ежелгі егіншілік елдеріне жасаған экспедициялары, селекциялық жұмыстар үшін құнды материал саналатын, ауыл шаруашылық (оның ішінде көкөністік, бақшалық, жеміс-жидек) дақылдардың әлемдік топтамасын (коллекциясын) жинауға мүмкіндік берді. Н.И.Вавиловтың маңызды мәдени дақылдардың шығу орталығы туралы жасаған ілімі өсімдік биологиясын білудің теориялық негізі болып табылады.
ХХ-шы ғасырдың ортасында Ресейде және басқа да елдерде бақ шаруашылығының дамуына өз үлестерін белгілі ғалымдар: П.Н.Яковлев, И.С.Горшков, С.Ф.Черненко, П.Г.Шитт, З.А.Метлицкий, Н.Г.Жучков, В.А.Колесников, А.П.Драгавцев, В.И.Будиговский, С.Н.Степанов, Г.В.Трусевич, М.А.Лисавенко және т.б. қосты.
Қазақстанда жеміс-көкөніс шаруашылығының дамуына Қазақ бақ шаруашылығы және жүзім шаруашылығы ҒЗИ-ы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, облыстық тәжірибе стансалары өз үлестерін қосуда.
Г.Т.Каплина - Қазақстанның белгілі ғалым - көкөніс өсірушісі. Бұрынғы ҚазАШИ-ның көкөніс шаруашылығы кафедрасында өзінің 25 жылдық ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ерте көкөністің көшетінің мәселесін шешуге арнаған. Ол Қазақстанның оңтүстігінде көшетті синтетикалық жарғақтарда өсірудің ғылыми негізін даярлаудың бастаушыларының бірі болды.
Л.Г.Бобров ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймаларды көкөністерді сақтауға дайындау
Түйнектер және көкөніс түсуі жемістеріне түсуі
Бас жоспардың жел тармақтары
80 орынға арналған дәмхананы жобалау
Картоп дақылдары
Кәсіпорын бөлмелерінің тізімі
Жобаланған кәсіпорын - құймақ
Өндірістік цехтың сипаттамасы
Картоп өнімін сақтау технологиясы
Картоп өнімін сақтау технологиясы жайлы
Пәндер