Екпе көшеттерді қазып алу


Тақырыбы: Сақтау үрдісіне жемістер мен көкөністерді өсіру барысындағы агротехникалық шаралар
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Жемістер мен көкөністерді өсірудегі агротехникалық шаралар . . . 8
2. 2. Жемістер мен көкөністерді өсіруге қолайлы аймақтар мен топырақ құнарлығы . . . 12
2. 3. Жемістерді күтіп баптау . . . 18
2. 4. Дайын пісіп жетілген жемістер мен көкөністерді жинау мерзімі . . . 24
2. 5. Дайын өнімді сақтау орны, уақыты . . . 28
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
ҚОСЫМША . . . 34
КІРІСПЕ
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын (құрылыстарын) салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді. Көкөніс және жеміс-жидек, жүзім өсімдіктерін өсіру еңбекті мол шығындаумен байланысты.
Көкөніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті - халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өндіру.
Тамыржемісті көкөністерде, қантты жүгеріде, жасыл асбұршақта, қарбызда, асқабақта, жемістерде, жидектерде және жүзімдерде көмірсулары мол болады. Жемістер мен көкөністерде С дәрумені мол мөлшерде кездеседі, оған әсіресе тәтті бұрыш, ақжелек және аскөк, батун пиязы, ақжелкек, брюссель, түсті және ақ қауданды орамжапырақ, қымыздық, шпинат, қызанақ, шалғам, қара қарақат, таңқурай, бүлдірген, қарлыға, алмалар бай келеді. [4, 228 б]
Сәбізде, пияз жапырағында, шпинатта, аскөкте, қызанақта А дәруменінің мөлшері көбірек. Бұршақты көкөністер, қантты жүгері, савой және брюссель орамжапырақтары, қымыздық, шпинат, ақжелектің жапырақтары ақуызға бай. Жемістердің басым бөлігінде азотты заттардың мөлшері 1%-дан аспайды, жүзімде, бүлдіргенде, таңқурайда, қарақатта - 1, 5 %-ға дейін.
Органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап, қымыздық) жемістердің, жидектердің және көкөністердің дәмдік сапасын қамтамасыздандырады және азықтың жақсы сіңірілуіне мүмкіндік туғызады. Жемістерде, жидектерде және көкөністерде кальций, темір, фосфор, калий және т. б. минералды заттар бар. Бұлар адам ағзасының ұлпаларын құруға қажет, физиологиялық үдерістерге белсенді қатысады, тамақтың негізгі түрлерін тұтынған кезде пайда болатын қышқылдарды бейтараптандырады. Қан құрау үдерісіне қатысатын темірдің мол мөлшерімен шпинат, ақсүттіген, қымыздық, қарбыз, қияр, қызанақ, қызылша, алма, алмұрт, өрік ерекшеленеді. Кальцийге қымыздық, ақсүттіген, шпинат, савой және түсті орамжапырақ, кольраби, балдыркөк, сәбіз, өрік, алмалар, алмұрттар бай.
Жемістер мен көкөністердегі клетчаткалар мен пектиндер, қорытылған асты сіңіруге және қалдықтарын ағзадан шығаруға қажет.
Көптеген жемістер мен жидектердің және көкөністердің емдік қасиеттері ежелден-ақ белгілі. Сарымсақ пен пияздың қан жүретін ұсақ түтікшелерді кеңейтуге себебі бар. Шпинат пен брюссель орамжапырақтарындағы фолий қышқылы склерозға қарсы қасиетке ие. Баялдыны тұтыну қандағы холестеринді кемітеді. Сарымсақтағы фитонцидтерге бактерия жойғыштық пен фунгицидтік әсер тән. Орамжапырақтағы У дәрумені ойық жараны емдеуге көмектеседі, ал тартран қышқылы семірудің алдын алады. Көкөністердің жас өнімдерінің маңызы өте зор.
Атақты физиолог И. П. Павлов, адам күнде жас көкөністермен қоректенсе өз өмірін ең кем дегенде 1 / 3 ұзарта алады дейтін.
Көкөністердің, жемістердің және жидектердің негізгі рөлі - әртүрлі аурулардың (жүрек-тамыр, ішек-қарын, жұқпалы, қан ауруларының) алдын алу.
Жемістер, көкөністер, жидектер мен жүзімдер техникалық өңдеуге кең қолданылады: ашыту, маринадтау, әртүрлі консервілер дайындау, кептіру, тоңазыту және шарап дайындау, яғни олармен халықты жыл бойы қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Алмұрттың, грек жаңғағының, зәйтүннің және басқа да жеміс тұқымдарының сүрегі ағаш өңдеу өнеркәсібінде ерекше бағаланады, анардың, грек жаңғағының жеміс қаптары мен жапырақтары, тері илейтін, бояу және фармацевтика өнеркәсібінде қолданылатын, иілік заттарға бай келеді.
Бақ - ара шаруашылығының маңызды көзі.
Жеміс шаруашылығының қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі зор. Жеміс өсімдіктерінің жапырақтары шаң - тозаңдардың таралуына кедергі жасайды және ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді, ауаны тазалайды. Бұдан басқа, жеміс өсімдіктерін бақ қорғайтын және жеміс қорғайтын екпе ретінде, қалалар маңайында жасыл аймақты құруға, елді мекендерді, оның төңірегін, көлік және темір жол бойын жасылдандыруға пайдаланады. Олар тұрмысты, демалыс орындарын әшекейлейді, айналадағы ауаның құрамын жақсартады және сонымен бірге қосымша өнім береді. Жеміс өсімдіктері адамға әсемдік әсер етеді.
«Бақ ауасымен тыныс алған адам жас шағымен, тіршілік қызығымен, сұлулықпен, ұзақ өмірмен тыныстайды» (Л. П. Симиренко) .
Ауыл шаруашылығының әлемдік даму үдерісі, жеміс-көкөніс шаруашылығының өнімдерін өндіру жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетуде. Мысалы, соңғы 10-12 жылда көкөністердің өнімдерін өндіру 40 %-ға артып, нәтижесінде жер шарының әрбір тұрғынын көкөніспен қамтамасыздандыру деңгейін, тұрғындардың саны 5, 2 млрд-тан 6, 2 млрд-қа жеткеніне қарамай 89 кг-нан 110 кг-ға дейін көтеруге мүмкіндік берді. (С. Б. Кененбаев, Б. М. Амиров, 2004) .
Бір адамға есептегенде жеміс-көкөніс өнімдерін тұтыну өңірлерде және халықтың әл-ауқатына, ұлттың салт-дәстүріне, өсірілетін өсімдіктің мүмкіндігіне байланысты бірдей емес. Айталық, Монғолияда бір тұрғын 45 кг көкөніс пен жеміс пайдаланады, Финляндияда - 120, АҚШ-да 190 кг жуық (оның ішінде 90 кг көкөністер), Израильде - 320 кг (көкөністер - 239, жемістер - 81 кг, цитрустарды ескермегенде), Қазақстанда бір адамға шаққанда, ұлттық мөлшерден (100 кг) көп төмен өндіріледі (2004 жылы небары 71, 3 кг) .
Бір жылда бір тұрғынға шаққанда 100 кг жеміс-көкөніс өнімін өндіру керек, оның ішінде алма 35 кг, цитрустар (лимон, апельсин, мандарин) - 10, жүзім - 8, 4-5 кг-нан - алмұрт, алхоры, бүлдірген, таңқурай, қарақат, қалғаны өрікпен, шабдалымен, қарлығамен, мүкжидекпен, көкжидекпен, қаражидекпен және басқа жабайы өсетін жидектермен толықтырылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда көкөністер 112 мың гектар жерде өсіріледі, өнімділік - 185, 5 ц/га. Көкөністердің егістігінің және жалпы түсімінің 70 %-ы ұсақ шаруашылықтардың және үй маңайындағы телімдердің үлесіне тиеді.
Бақ көлемі 30 мың га жерді қамтиды, жылына 98 мың тонна жеміс пен жидек өндіріледі. Мемелекеттің агроөндірістік бағдарламасы бойынша 100 мың тоннадан артық өндіру жоспарланған. Қазақстанның солтүстігінде бақ 11 мыңдай гектар жерді алып жатыр, ең көбі (5 мың га жуығы) Қостанай облысында. Шекілдеуікті тұқымдардың өнімділігі 30, 0-98, 4 ц/га, сүйектілердікі - 25, 0-85, 4 ц/га. Жемістер мен жидектердің өндірісі республиканың жалпы түсімінің 7 %-н алады. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстігінде әуесқойлардың көкөніс және жеміс шаруашылықтары жақсы дамыған. Көкөністер, жемістер және жидектер өсірумен 300 мыңға жуық адам айналысады және жап-жақсы өнім жинайды.
Қазақстанның солтүстігінде өсірілген жемістер тауарлық сапалары бойынша оңтүстіктегілерден кейін тұрады, бірақ дәрумендерінің, биологиялық белсенді заттары мен пектиндердің мөлшері бойынша олардан асып түседі. Ал қарақат, таңқурай, қарлыға және шырғанақ үшін Қазақстанның солтүстігі қолайлырақ, оңтүстікпен салыстырғанда.
Бірақ жемістер мен жидектердің өндірілуі мұнда маусымдық сипатта, сондықтан өнімнің негізгі массасы жылдың екінші жартысында өндіріледі. Ерте көкөніс өнімдері де аз өндіріледі, әсіресе Қазақстанның солтүстік өңірінде. Сауданың оларға деген қажеттілігі небары 35-40 % , ұсыныс кеміген кезеңде баға күрт көтеріледі. Көкөністер мен жемістерді өңдеу мен дайындау да жеткіліксіз дамыған. Халықты жас көкөністермен жыл бойы қамтамасыздандыру және ашық жерлерден көкөністердің өндірілуі тоқтаған кезде, тапшылықты азайтуға әсер ететін жылыжай көкөніс шаруашылығы әлсіз дамыған (1 адамға 1 м 2 қажет) .
Жылыжай көкөніс шаруашылығының болашағы - мамандан-дырылған дамыған ірі шаруашылықтарда, мұнда өндірісті техникалық жабдықтауға қажет қаржыны шоғырландыруға және қазіргі кезге сай жылыжай шаруашылығын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Тамшылатып суармалау мүмкіндігі бар блокты жылыжайларды салу өте үмітті. Жылыжай шаруашылығы маңызды әлеуметтік міндет атқарады. Көкөністердің бағасын реттегіш рөлін, әсіресе маусымаралықта, атқарады. Осы кезеңде сырттан әкелетін өнім молаяды, ал бағасы жергілікті өндірістікінен 2-3 есе жоғары болады.
Қарқынды жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуы және халықты дәрумені мол өніммен қамтамасыздандыру үшін сұрыптарды, олардың өсірілетін жердің топырақ-климат жағдайына қарай, биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін ескеріп дұрыс арақатынасын ескеріп таңдаудың маңызы өте зор. Қазақстанның солтүстігінде жеміс-көкөніс шаруашылығының өнімділігін арттырудың көзі болып жемістерінің, жидектерінің биохимиялық құрамы жақсы, жоғары өнімді, суыққа (қысқа) және ауруларға төзімді сұрыптарды таңдау саналады. Ірі жемісті орал және сібір сұрыптарын өсіру үлкен маңызға ие.
Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығын өрлеуінде ғылым маңызды рөлге ие. Орыс ғалымдары А. Т. Болотов, М. В. Рытов, Р. И. Шредер, Н. И. Кичунов, сондай-ақ тәжірибелі көкөнісшілер көкөніс шаруашылығының ғылыми негізін қалады және алғашқы оқулықтарын жазды (М. В. Рытов, Р. И. Шредер) . Н. И. Кичунов ресейдің революцияға дейінгі бақшашылық тәжірибесін жинақтап, қорытынды жасады.
Көкөніс шаруашылығының ғылыми негіздерін әзірлеуге В. И. Эдельштейн - отандық ғылыми көкөніс шаруашылығының негізін салушы - үлкен үлес қосты. В. И. Эдельштейннің және оның шәкірттерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесі ашық және қорғаулы жерлерде көкөніс өсімдіктерін өсірудің өнеркәсіптік технологиясын дайындаудың негізі болды.
Ғылыми жеміс шаруашылығы - белгілі ғалым-бағбандардың И. В. Мичуриннің, В. В. Пашкевичтің, Л. П. Симиренконың еңбектеріне негізделінген. Н. И. Вавиловтың ежелгі егіншілік елдеріне жасаған экспедициялары, селекциялық жұмыстар үшін құнды материал саналатын, ауыл шаруашылық (оның ішінде көкөністік, бақшалық, жеміс-жидек) дақылдардың әлемдік топтамасын (коллекциясын) жинауға мүмкіндік берді. Н. И. Вавиловтың маңызды мәдени дақылдардың шығу орталығы туралы жасаған ілімі өсімдік биологиясын білудің теориялық негізі болып табылады.
ХХ-шы ғасырдың ортасында Ресейде және басқа да елдерде бақ шаруашылығының дамуына өз үлестерін белгілі ғалымдар: П. Н. Яковлев, И. С. Горшков, С. Ф. Черненко, П. Г. Шитт, З. А. Метлицкий, Н. Г. Жучков, В. А. Колесников, А. П. Драгавцев, В. И. Будиговский, С. Н. Степанов, Г. В. Трусевич, М. А. Лисавенко және т. б. қосты.
Қазақстанда жеміс-көкөніс шаруашылығының дамуына Қазақ бақ шаруашылығы және жүзім шаруашылығы ҒЗИ-ы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, облыстық тәжірибе стансалары өз үлестерін қосуда.
Г. Т. Каплина - Қазақстанның белгілі ғалым - көкөніс өсірушісі. Бұрынғы ҚазАШИ-ның көкөніс шаруашылығы кафедрасында өзінің 25 жылдық ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ерте көкөністің көшетінің мәселесін шешуге арнаған. Ол Қазақстанның оңтүстігінде көшетті синтетикалық жарғақтарда өсірудің ғылыми негізін даярлаудың бастаушыларының бірі болды.
Л. Г. Бобров - картоп шаруашылығының белгілі ғалымдарының бірі. Ол Қазақстанда картоптың тұқым шаруашылығы жүйесінің, тұқымдық картопты сақтаудың негізін салушы және даярлаушы болды.
П. М. Эренбург - Қазақстанның оңтүстігінде пиязды және сарым-сақты, қауынды және қарбызды өсірудің технологиясын дайындады.
Бақ шаруашылығының дамуына баға жетпес үлесті А. Д. Жанғалиев, В. А. Колесников, А. П. Драгавцев, С. С. Олейченко, В. В. Мищенко, т. б. қосты. Жеміс шаруашылығының (Б. Г. Матаганов, К. Д. Аяпов), көкөніс шаруашылығының оқу құралдары (М. Ю. Юсупов, Е. Петров, Ф. Ахметова) Қазақстанның көкөніс және жеміс өсірушілерінің қолдан түсірмейтін кітаптарына айналды.
Қазақстанның солтүстігінде көкөніс шаруашылығының және картоп шаруашылығының дамуына елеулі үлесті ауыл шаруашылығы ғылымының докторлары М. М. Клеев, Э. Э. Браун қосты. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы А. А. Гудзенко алманың Целинное медовое, Целинное румяное, Целинное красное, алхорының Дамсинская красавица, Долинская вишневая, Радужная және т. б. шығарды. А. А. Гудзенко - Қазақстанның солтүстігіндегі жеміс шаруашылығы туралы бірқатар мақалалар мен кітаптардың туындыгері.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕРДІ ӨСІРУДЕГІ
АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ШАРАЛАР
Агротехникалық әдіс бақ қатараралықтарын және дің айналасын уақытында дұрыс өңдеуді, ағаштарды күтіп-баптауды, тыңайтқыш қолдану жүйесін, суландыруды, плантацияға элиталы және сау тұқымдарды отырғызуды, арамшөптермен күресуді қарастырады. Қодрендерді жинау және жою, ерте көктемде немесе күзде діңдер мен қаңқалы бұтақтардың қабықтарын мұқалған қырғыштармен жинап алып жағып жіберу, түскен жапырақтарды жинау және сыртқа шығару (жою), қураған және дертті өркендерді жинау және жою, кеуектерді бітеу, механикалық зақымдарды және кесілген жерлерді уақытында бақ нұмымен сылау және т. б. зиянкестер мен ауруларды едәуір азайтады, өсімдіктердің олардың әсеріне төзімділігін айтарлықтай арттырады.
Қарақаттың мөлдір қанатты көбелегінің жұлдыз құртын, жарақаттанған өркенді кесіп байқауға болады. Оның ортасында құрт тескен жер (құрт өзегімен қоректенеді) көрінеді, ал жұлдыз құрт іздің соңында болады. Ерте көктемде зақымданған өркенді топыраққа тақап кеседі. Гүлдеу кезінде солған бұтақтарды кесіп алады және жағады. . [3]
Кенемен күресу үшін діңді, қаңқалы бұтақтарды тазалаумен, аулау белдігін қолданумен қатар химиялық дәрмектерді де пайдаланады.
Заузалармен күресуде топырақты бір жыл немесе екі жыл бойы сүрі жер тәсілімен өңдеудің, жоғары сұрыпты отырғызу материалын дұрыс таңдаудың, қабылданған дақыл ауысу кезегін сақтаудың, топырақты тұқым себер алдында үстіртін өңдеудің, қуыршақтану кезеңінде қатараралықтарды қайталап өңдеудің, танаптағы және танап маңайындағы арамшөптермен тұрақты түрде күресудің, танапты жиын-терін, қалдықтарынан тазалаудың маңызы өте зор. Отамалы дақылдарды топырақта тіршілік ететін зиянкестерден таза танаптарға орналастыру.
Ақұнтаққа төзімді сұрыптарды отырғызу, зақымдалған өркендерді сау жеріне дейін кесу, бұтаны сирету, химиялық дәрмектерді қолдану - қарлығаны, қара және қызыл қарақатты өсіргенде ақұнтақпен күресудің негізгі тәсілдері. Ойпаң, ылғалды немесе батпақтанатын телімдерде, сондай-ақ қою, сиретілмеген бұталардың бұтақтары қаттырақ зақымданады. Бүлдіргеннің сұр шірігіне қарсы - жиі отырғызбау, әсіресе, осы ауруға қатты шалдығатын сұрыптарды. Дымқыл жылдары өнім жинар алдында бұталардың түбіне сабан төселуі керек, жинау кезінде зақымдалған жидектерді телімнен сыртқа шығарады, химиялық дәрмектер қолданылады.
Шырғанақтың солуымен күресуінде сұрыптың маңызы өте зор. Торғай тәжірибе стансасының мәліметтері бойынша фузариозға шырғанақтың Витаминная сұрпы ең төзімді көрінеді жекелеген (түптердің 5-8% солады екен) . Жиі ірі жемісті сұрыптар ауырады екен.
Физикалық әдіс. Зиянкестердің пайда болуын және олармен күресудің уақытын анықтау үшін жарықты пайдалануды қарастырады. Жарықпен тұзақтау (ұстау) көбелектерді, жарғаққанаттыларды және басқа да бунақденелілерді ұстап алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың бақтағы саны, түрлік құрамы, ұшу жиілігін және зиянкестердің санын кемітуге мүмкіндік береді. Бір кемшілігі - зиянкестермен қатар пайдалыларының торға түсуі. . [6, 255 б]
Механикалық күресу әдісі - зиянкестердің қыстайтын ұяларын жою, жұмыртқаларын жинау, аулау белдігімен жұлдызқұрттарды аулау, ағаштағы қоңыздарды - бізқұрттарды төселген брезентке сілку және кейін оларды жою, қақпанды, тұзақты, торды, тышқан тәрізді кеміргіштерге уланған жемді қолдану.
Биологиялық күресу әдісі - жеміс және жидек дақылдарының ауруларымен және зиянкестермен күресуде олардың табиғи жауларын - жыртқыштарды, тоғышарларды және ауру қоздырғыштарды қолдану. Мысалы, алманың қанды битімен күресуде, битті кейбір жерде 90%-ға дейін жоятын афелинусты қолдану тиімді.
Зиянды бунақденелілермен күресу үшін құстарды - ұзаққарғаларды, қараторғайларды, сары шымшықты, көкектерді пайдалану керек. Бұлар зиянды бунақденелілерді, дернәсілдерді және жұмырқұрттарды көптеп жояды. Битоксибациллин, дипел, лепидоцид және т. б. биологиялық дәрмектер шығарылуда. Құстар үшін арнаулы қараторғай үйшіктері жасалынады. Құстарды жауын-шашынды ауа райында, ерте көктемде және күзде қосымша азықтандыру қажет, жергілікті құстарды қыста да қоректендіру керек.
Соңғы жылдары зиянкестермен күресуде микробиологиялық әдістерді қолдануы етек жаюда. Бұл әдіс зиянды ағзаларға қарсы споралы бактерияларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды және басқа да микроағзаларды қолдануға негізделінген. Биологиялық дәрмектер шығарылуда: битоксибациллин, дипел, леридоцид және т. б.
Химиялық әдіс. Бұл әдісте ең тиімді және жедел әсер ететін әртүрлі дәрмектер қолданылады. Бірақ олардың бәрінің кері әсері де бар: пайдалы бунақденелілерді де жояды және әртүрлі мөлшерде жемістерде жиналады да, кейін адам ағзасына зиян келтіреді. Міне, сондықтан оларды өте абайлап және оған аса қажеттілік туындағанда ғана қолдану керек. Дәрмектің қолдану мөлшерін, тәсілін, уақытын, шегін, соңғы рет өңдеу мен өнім жинаудың мерзімін, өңдеу санын қатал бақылау қажет.
Қазақстанның жеміс-жидек дақылдарына 2003-2012 жж. қолдануға рұқсат берілген пестицидтерді ғана қолдану керек.
Бақтарда улы заттармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесін сақтау қажет. Жұмысты денені удан қорғайтын халатта немесе арнаулы киімде орындау қажет, ауызға респиратор тағылады, дәке таңылады. Жұмыс кезінде шылым шегуге, тамақ ішуге болмайды. Жұмыс аяқталғаннан соң қолды, дененің басқа да ашық жерлерін сабынмен мұқият жуу керек. Үйге жұмыс киімдерін апаруға болмайды. Арнаулы киімдерді, аяқкиімдерді, қолқаптарды, қорғаныш көзілдірікті, жұмыс соңында күнде тазалап, ашық ауада немесе лапас астында 8-12 сағат кептіреді. Оларды кірлегенде жуады, бірақ жиі емес, 6 жұмыс күннен кейін. Пестицидтермен жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы керек, қалған 2 сағатта дәрмектермен байланысты емес басқа жұмыстар орындалады.
Жеміс дақылдарының екпе көшеттерін қазып алу, сұрыптау, сақтау және жүзеге асыру.
Ағаштың бөрікбасында бірінші реттік 6-7 бұтақ және екі есе көп екінші реттік бұтақтар болуы тиіс. Сүңгектің биіктігі 10-15 см. Бөрікбастардың төселгіш түртектерінің кемшілігі - көп еңбекті қажет етуі. Төселе өсетін ағаштардың көлемін кеміту және еңбек шығынын азайту үшін оларды қысқа төзімді ерегежейлі телітушілерге телу. . [8]
Қазудан 1-1, 5 ай бұрын, жапырақтары түспегенде және олар түсін өзгертпегенде, ағаштарға түгендеу және мақұлдау (апробация) жүргізеді. Бұл қазылып алынатын өсімдіктердің сапасы мен санын жеке дақылдар, помологиялық сұрыптар бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Сұрыптық қоспаларды жаппай қазуға дейін аластайды. Мақұлдаумен қатар қазуға қажет машиналар мен құралдарды, тасымалдаушы көліктерді, буып-түйуші материалдарды, екпе көшеттерді көмуге қажетті жабдықтарды дайындайды.
Екпе көшеттерді қазып алу. Қазуға өсінді кезеңнің соңында (қыркүйектің соңы-қазанның басында), өркендер бойлап өсуін және ағаштануын аяқтағанда, ұштық бүршіктерін қалыптастырғанда және жапырақтарын түсіре бастағанда кіріседі. Тұқымдықтардың басым бөлігінде жапырақтарын түсіруі кеш аяқталады. Сондықтан түспей қалған жапырақтарды екпені қазардан 2-3 күн бұрын үзеді (жұлады) . Жапырақтарды әдетте қолғап киіп жұлады. Бүршіктері жеңіл сынатын тұқымдықтар мен сұрыптарда (шие, тәіттішие, алмұрт) жапырақтарды жұлуды өркеннің төменгі жағынан оның ұшына қарай жүргізеді, сонда бүршіктері бүлінбейді. Басқа тұқымдықтарда үзуді үстінен астына қарай жүргізеді. Бұл жұмыс қол күшін көп қажет етеді. Жақсы нәтижені химиялық дефолиация береді (жапырақтардың 70-100% түсуі) - екпе көшеттерді қазып алудан 15 күн бұрын хлорат магнийдің 0, 4-1 % немесе эндоталдың 0, 075 % ерітіндісімен бүрку. Ерітінді шығыны 800-1500 л/га (1 га 20-30 адам-күн үнемделінеді) .
Екпе көшеттерді сұрыптауды салалық үлгіқалыптың техникалық жағдайына сай жүргізеді. Оны қазу маңайына жақынырақ және тез, тамырларды күн көзінің тікелей әсеріне шалдықтырмау және құрғатпау үшін, дұрысы лапас астында жүргізу.
Сұрыптағанда екпе көшеттерді екі сұрыпқа және жарамсыз деп бөледі. Бағалағанда екпе көшеттің жасына және даму қуатына, тамыр жүйесінің, діңнің, бөрікбасының сапасына, сондай-ақ фитосанитарлық күйіне көңіл қояды. Сұрыптық тазалық 100 % болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz