ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І тарау. Дене тәрбиелеу жүйесінде гимнастиканың орны
1. 1 Гимнастиканың сипаттамасы . . . 5
1. 3 Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері . . . 7
1. 5 Гимнастикалық жаттығуларды оқыту әдістемесі . . . 9
ІІ тарау. 1-4 сынып оқушыларының қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері.
2. 1. Мақсаттар мен міндеттер, спорт түрі ретінде көркем гимнастиканың ерекшеліктері . . . 11
2. 2 Қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері, жас ерекшеліктері . . . 13
2. 3 Буындардың икемділігі мен қозғалысының жалпы мінездемесі . . . 25
2. 4 Ептілік және оны дамыту әдісі . . . 38
ІІІ тарау. Зерттеудің мақсаты, әдістері және ұйымдастырылуы .
3. 1. Зерттеудің міндеттері мен ұйымдастыру әдістері . . . 41
3. 2. Психологиялық зерттеудің нәтижелерінің интерпретациясы . . . 43
3. 3. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау қорытындысы . . . 54
Қорытындылар . . . 56
Әдебиеттер . . . 57
Кіріспе
Мектептегі дене тәрбие жұмысы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асырылады, олардың арасында негізгі гимнастика өте маңыздылардың бірі болып табылады. Негізгі гимнастиканың сипатты ерекшеліктеріне байланысты, гимнастикалық жаттығулар балалардың барлық жас топтарына дене тәрбиесінің қолайлы және тиімді тәсілі болып келеді.
Гимнастикалық жаттығуларын оқытудың тиімділігі оқыту үрдісіне қойылатын негізгі талаптарды сақтауына байланысты.
Талаптардың арасындағы ең маңыздылары:
- Педагогикалық үрдісінің жалпы мақсатын және оқытудың бөлек кезеңдерінің негізгі міндеттерін дұрыс түсіну;
- Оқыту процесін оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне айқын сәйкестіріп ұйымдастыру;
- Шұғылданушыларға барынша жекеленген бабын бөлу;
- Оқытудың негізгі принциптерін сақтау;
- Гимнастикалық жаттығулардың орындау техникасын және оқыту әдістемесін терең және жан-жақты білу;
Гимнастика сабақтарында пайдаланатын жаттығулардың түрлері сансыз көп, олар әртүрлі және де әрқайсының өз өзгешілігі бар. Осы өзгешіліктеріне байланысты оқыту әдістері және сабақты ұйымдастыру түрлері таңдалады.
Икемділік - берілген спорт түрінің негізгі сапасының бірі болып табылады. Қозғалыс үйлесімділігі көркем гимнастикамен ғана байланысты емес, ол адам өмірімен де тығыз байланысты. Аталған сапаның ғылми негіздерімен қатар, баланың жеке ерекшіліктерін де есепке алған жөн. Әр баланың бейімділігі және қабілеті әртүрлі болады. Бала бойындағы қажетті сапаны (икемділік пен қозғалыс тепе-теңдігін) дамыту үшін әр балаға жеке әдістер мен тәсілдер таңдау қажет. Икемділік ерекше сапа болып табылады, ол балада тұрақты дағдылар мен қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі, сондықтан біз дәстүрлі әдістерді қолдансақ та белгілібір нәтижеге жетеміз. Өйткені, адамның қабілеті дене қозғалысына тәуелді емес, оның ішкі дамуы заңдылықтарына байланысты. Біздің міндетіміз - адам ағзасын дәстүрлі емес әртүрлі дене қызметіне үйрету. Жаттықтырушының міндеті- әртүрлі бағыттағы жаттығулардың әмбебап кешенін құру. Сол арқылы жаттығушыларда қозғалыс үйлесімділігін және жаңа сапалық деңгейді арттыру.
Жаттықтырушының жұмысында қолданылатын әмбебап жаттығулар кешені икемділік пен қозғалыс үйлесімділігін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жаттығушылардың күш, жылдамдық, шыдамдылық және т. б. негізгі қасиеттерін дамытуға және бекітуге арналуы керек.
Жаттықтырушының жұмысында қолданылатын әмбебап жаттығулар кешені икемділік пен қозғалыс үйлесімділігін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жаттығушылардың күш, жылдамдық, шыдамдылық және т. б. негізгі қасиеттерін дамытуға және бекітуге арналуы керек.
Зерттеу мақсаты:
-Гимнастикамен айналысатын жаттығушының дене қозғалысын педагогикамен ұштастыра отырып, денешынықтыру теориясына байланысты әркезде жарық көрген психофизиологиялық, педагогикалық оқу әдістемесі мен рухани тәрбиеге арналған еңбектерді талдап түсіну және сол еңбектердегі қазіргі заманға сай тәжрибелерді бүгінгі әдістемеде пайдалану.
-Оқушылардың қозғалыс қабілетінінің тиімділігі мен сапасын арттыру, оның білімі мен дағдыларын қадағалап, әңгімелесу, сауал қою, бақылау және эксперименттік зерттеу арқылы анықтау.
Қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды:
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиетке сараптама жасау.
Анкеталық сауалнама.
Педагогикалық бақылау.
Физиологиялық өлшемдер.
Психо-педагогикалық эксперимент.
Математикалық статистика әдістері.
Зерттеу базасы - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы В. Терешкова атындағы орта мектебі және Балалар мен Жасөспірімдер Спорт Мектебінің ( БЖСМ ) . 1-4 сынып оқушыларына 2017-2018 оқу жылында дипломдық жұмысқа байланысты ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Зерттеу нысаны: икемділікті және қозғалыс үйлесімділігін дамытатын әдістер мен арнайы тәсілдерді қолдану және оқыту.
Дипломдық жұмыс мақсаты: икемділік, ептілік және қозғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалау.
Зерттеу міндеті:
Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді іріктеу.
1-4 сынып оқушыларын икемділік пен қозғалыс үйлесімділігін оқыту әдістемесін құру.
Әдістеменің жаттығу барысындағы тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
І тарау ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ ГИМНАСТИКАНЫҢ ОРНЫ
1. 1 Гимнастиканың сипаттамасы
Қазақстан Республикасында дене тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерінің бірыңғай жүйесі құрылған. Бұл жүйе ішінде гимнастика ең көпшілік тәсілдердің бірі болып, өзінің көрнекті орнына ие болады. Гимнастика жаттығуларын қолдана отырып балалық шағынан бастап физикалық мықты жас ұрпақтарды тәрбиелеуде, үлкендердің жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтауға және қария адамдардың денсаулығын нығайтуға болады.
«Гимнастика» деген сөз гректердің «гимнос» сөзінен шықты, мұның «жалаңаш» деген мәні бар. Сонымен қатар, гректердің «gumnastike» сөзінің (qumnazö - жаттықтырамын, жаттықтырушы) мәні бар. Гимнастика бұл гармониялық дене тәрбиелеу, денсаулық нығайту және дене қабілеттерін жетілдіру үшін арнаулы таңдап алынған жаттығулар мен әдістемелік тәсілдердің жүйесі.
Гимнастиканың негізгі міндеттері:
- Дене қабілеттердің жан-жақты жетілдіру және денсаулық нығайту үшін адам ағзасының функцияларын жан-жақты және үйлесімді (гармониялық) дамыту.
- Тіршілікке қажетті қозғалыс дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыру және арнаулы білім беру.
- Адамгершілік, ерік-жігер және эстетикалық сапаларын тәрбиелеу.
Көпғасырлық тәжірибе және қазіргі ғылыми жетістіктердің негізінде
құрылған гимнастика дене тәрбиелеуде кең пайдаланады. Гимнастиканың балалар мен жасөспірімдердің дене қалыптасу кезінде маңызы өте зор. Гимнастиканың әр түрлі әдістер мен амалдарын пайдалана отыра, ең табысты алғашқы дене тәрбиелеу мақсаттарын шешуге, дене қабілеттерін дамытуына негізін даярлауға, олардың функционалдық және бейімдендіру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге болады.
Гимнастиканың өте үлкен сауықтыру-гигиеналық мәні бар. Плутарх айтқандай «Гимнастика - медицинаның шипалы бөлімі». Көптеген ғалымдар мен педагогтар дене шынықтыру жаттығуларына, соның ішінде гимнастикалық жаттығуларына, үлкен маңыз беретін және оларды адамдардың тіршілік әрекет пен жұмыс қабілеттілігің арттыру және де сауықтыру мен белсенді демалыстың ең жақсы құралы деп қарастыратын.
Гимнастиканың түрлі жаттығулары өте көп, соның ішінде спорттық гимнастиканың жаттығулары, қолданбалы жаттығулары, ЖДЖ, гимнастикалық ойындар мен эстафеталар т. б., осыған байланысты онымен кәсіп спортшылар мен қарапайым әуесқойлар, балалар мен үлкендер, жастар мен қариялар, дені сау мен ауру адамдарға шұғылдануға болады.
Оларды үйде, мектепте, жұмыста немесе бос уақытта қолдануға болады. Гимнастиканың қолданбалы, эстетикалық және педагогикалық мағынасы бар.
Біздің Республикамызда дене тәрбиелеу екі өзара байланыс бағытымен іске асырылады: жалпы дайындық және қолданбалы − арнаулы (спорттық қолданбалы, әскери − қолданбалы, кәсіби - қолданбалы) Гимнастиканың амалдары, әдістері және сабақ ұйымдастыру түрлері осы екі бағытта пайдаланады. Спорттық қызметте гимнастика 3 бөлек спорт түріне бөлінеді: спорттық, көркем және спорттық акробатика) .
Гимнастиканың басты (негізгі) тәсілдері. Гимнастика үшін типтік тәсілдері (жаттығулары) деп арнайы өңделген қозғалыстардың түрлері болып табылады. Олардың көмегімен адамның тіршілікке маңызды қозғалыс қабілеттерінің жетілдіруі іске асырылады. Осы қимыл − қозғалыстардың көбі, адамның еңбек, әскери және тұрмыс қызметінен алынған.
Дене тәрбиелеу тәжірибесі туралы ғылыми білімдердің дамуымен қозғалыс әрекеттерінен бөлек элементтері бөлініп, жаңа жаттығулар пайда болады. Олар көбінесе адамның дене сапаларын дамыту, қозғалыстың негіздерін үйрету және әртүрлі педагогикалық мақсаттарды шешу үшін қолданған. Олардың ішінде: дененің бөлек мүшелеріне арналған жаттығулар, құралдарда орындалатын жаттығулар және т. б.
Гимнастиканың жаттығулары қозғалыс әрекетінің құрылысына және педагогикалық міндеттеріне байланысты келесі негізгі топтарға бөлінеді:
Саптағы жаттығулар - саптағы бірлескен әрекеттер. Олар тәртіптілікті және ұйымшылдықты, бірлескен әрекеттерді жасау дағдыларын, дұрыс келбетін және қарқын мен ырғақты тәрбиелеуге көмектеседі. Саптағы жаттығулар бір жағынан сабақты мақсаттанған ұйымдастыру әдістері ретінде, ал екінші жағынан олар адам ағзасын дамытатын және қалыптастыратын өзгеше қозғалыс әрекеттер ретінде пайдаланады.
Жалпы дамыту жаттығулар - бұл көбінесе бөлек тамырлық үзбелерінде орындалатын жаттығулар, яғни жан-жақты дене дайындық, ағзаның міндет істердің мүмкіндіктерін арттыру және дұрыс келбетін тәрбиелеу үшін пайдаланады. Жалпы дамыту жаттығулар бөлек бұлшық еттердің топтарына, дене мүшелеріне және барлық қозғалыс аппаратына таңдалған әсерін тигізуіне мүмкіндік береді.
Қолданбалы жаттығулар - жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, тепе-теңдік сақтау жаттығулар, кедергіден өту және т. б. Осы жаттығулар тіршілікке керекті дағдылар мен ептіліктер меңгеріп алуға мүмкіндік береді.
Еркін жаттығулар - бұл дененің бөлек мүшелерінің әр түрлі қозғалыстардың және акробатикалық пен хореографиялық жаттығулардың үйлесуі. Олардың негізгі мақсаты координациялы (үйлесушілік) қабілеттерін
жетілдіру, ырғақ сезімді және қозғалыстың көркемдігін тәрбиелеу. Бұлар қозғалыс мектебін қалыптастырудың тиімді тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, осы жаттығуларды қайта-қайта орындаған кезде, ағзаның функционалдық мүмкіндіктері едәуір көтеріледі.
Секірулер (таянып және таянусыз) - ол секіру қабілетін, аяқ, қол күшін, қозғалыстың жылдамдық пен дәлдігін, ептілік пен батылдық сезімдерін тәрбиелеу үшін пайдаланады.
Гимнастикалық құралдарда (арыс, темір аспа, шығыршық, бөрене, ағаш ат) орындалатын жаттығулар - спорттық гимнастиканың ең сипатты тәсілдері. Олардың негізгі міндеті - дене мен қозғалысты бағындыра білу дағдыларын жетілдіру.
Акробатикалық жаттығулары - акробатикалық секірулер, тепе-теңдік сақтау жаттығулар. Осы жаттығулар күш, ептілік және жылдамдық дамытуға және вестибуляр аппаратты жаттықтыруына бағытталған.
Көркем гимнастиканың жаттығулары - түрлі заттармен
(доптар, шығыршықтар, ленталар, булавалар) би түрінде орындалатын қимыл қозғалыстардан тұрады.
Гимнастика басты амалдарын адам дене дамуына әсер көрсетушілеріне қарағанда келесі топтарға бөлуге болады:
а) дене қасиеттерін және қозғалыс қабілеттерін жалпы дамуына бағытталған жаттығулар (саптағы және жалпы дамыту жаттығулар, ойындар және эстафеталар) ;
б) өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді тәрбиелеуге арналған жаттығулар (қолданбалы жаттығулар және секірулер) ;
в) ерік-жігерлік қасиеттерін және дене қабілеттерін дамытуға және нығайтуына бағытталған жаттығулар (еркін, акробатика және көркем гимнастика жаттығулары, құралдағы жаттығулар, таянып секірулер) .
1. 2 Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері
Гимнастикада жаттығуларды қатал регламеттау әдісі және шұғылданушылардың әрекетшілігін қолданады. Гимнастиканың келесі әдістемелік ерекшеліктері бар:
Адам ағзасына жан-жақты әсер ету. Гимнастика көмегімен адам органдарының қызметтерін әбден жетілдіруге болады. Гимнастика дененің жалпы дамыту және дене қабілеттерін жан-жақты жетілдіру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
Әр түрлі жаттығуларды қолдана отырып ағзаның функционалдық және морфологиялық жүйелерінің және дене қасиеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуы іске асырылады.
Адам ағзасына таңдалған әсер ету. Лайықты жаттығуларды, өзіне керек бастау қалыптарды және нақты жасау тәсілдерін таңдап алып, керек бұлшық еттерге, буындарға жергілікті әсер тигізу. Осылай дене дамуының кемшілігін өзгертуге болады.
Оқу процесінің қатал тәртібін белгілеу және жүктемені дәл мөлшерлеу. Оқу процесін ұйымдастырғанда жеке әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың жеке міндеттерін жүйелі принциппен шешу мүмкін. Жаттығулардың қарқындығын және амплитудасын өзгертіп, қайталау санын көбейтіп немесе азайтып, бастау қалыптарын немесе жаттығулардың орындалу жүйесін өзгертіп жүктемені мөлшерлеу.
Жаттығуларды толассыз күрделендіру мен қиыстыру және бір жаттығуларды әртүрлі мақсатпен қолдануға мүмкіншілік. Сол немесе басқа жаттығуларды меңгеру барысында, әдетте оның тым күрделі нұсқаларын үйретуге көшеді, басқа элементтерімен қоса орындайды т. б. Осы жағдайда, үйретілетін оқу материал жаңа сапалық(және сандық) мәніне ие болады, ағзаға басқаша әсер етеді.
Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері өзара тығыз байланысты. Оларды дұрыс есепке алу негізінде оқытудың мақсаттары жақсырақ шешіледі.
Гимнастика түрлері. Гимнастикалық жаттығулардың әр түрлілігі және шұғылданушылардың мамандығына қарап түрлі педагогикалық мақсаттарды шешу үшін оларды қолдану тәжірибесі негізінде гимнастиканың салыстырма өзгеше түрлерін анықтайды:
1 топ - денсаулық сауықтыру(жалпы дамыту) түрлері. Осы топқа негізгі(жалпы), гигиеналық, атлетикалық гимнастика, фитнес кіреді. Бұл гимнастика түрлері шұғылданушылардың жан-жақты, үйлесімді дене дамуы, денсаулық нығайту және қозғалыс функцияларын жетілдіру үшін қолданылады.
2 топ - гимнастиканың спорттық түрлеріне: спорттық гимнастика, акробатика және көркем гимнастика жатады. Олардың негізгі мақсаты - жоғары спорттық шеберлікке жету.
3 топ - гимнастиканың қолданбалы түрлері. Оларға: өндіріс гимнастика(жұмыскерлерді сауықтыру және олардың жұмыс қабілеттілігің арттыру негізінде ), кәсіп - қолданбалы, әскери - қолданбалы, спорттық - қолданбалы, емдеу гимнастика жатады.
1. 3 Гимнастикалық жаттығуларды оқыту әдістемесі
Гимнастикалық жаттығуларды оқытудың мақсаты - шұғылданушыларда
қозғалыс іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру және арнайы білім беру үшін оқытушының басшылығымен олардың жоспарланған әрекетшілігін ұйымдастыру.
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту барысында келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
шұғылданушылардың жалпы қозғалыс және спорттық дайындығы үшін маңызды қозғалыс дағдыларды қалыптастыру;
төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік, икемділік деген дене сапаларын тәрбиелеу;
педагогикалық дағдыларды қалыптастыру;
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту кезінде шешілетін жеке мақсаттары, белгілі жағдайда шұғылданушылардың дайындығының деңгейін, қозғалыстың құрылымы ерекшеліктерін және орындау шарттарын бағалау негізінде анықталады.
Гимнастика сабақтарында меңгерілетін жаттығулардың түрлері әр түрлі - бұл бөлек мүшелерінің қарапайым қозғалыстары, бөлек позалар мен қалыптарынан бастап күрделі қозғалыс әрекеттерге дейін.
Белгілі гимнастикалық жаттығудың оқыту үдерісін шартты түрінде үш өзара тығыз байланысты кезеңдеріне бөліп тастауға болады.
Бірінші кезеңі - әр қозғалыс әрекетін саналы түрінде меңгеру үшін жалпы алғашқы елестету жасау. Жаңа қозғалыс туралы алғашқы мәліметтерін(қозғалыстың түрі, амплитудасы, бағдары т. б. ) және шұғылданушының бұрыннан жиналған қозғалыс тәжірибесін қосу нәтижесінде, алдағы қозғалыс әрекеттердің басты бағдарламасын құруды қамтамасыз ететін жалпы байланыстар қалыптасады.
Екінші кезеңі - қозғалысты орындау техникасының негіздерін тікелей меңгеру. Бұл кезеңде оқытушы мен оқушының бірлескен белсенді жұмысының нәтижесінде жаттығу туралы елестету дәлденеді, қателер жойылады, жаттығудың өздігінше орындауы қамтамасыз етіледі.
Үшінші кезеңі - қозғалысты орындау техникасын нығайту және жетілдіру. Бұл қозғалыс меңгеру дәрежесін тұрақты автоматтандырылған дағды деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді, осыған орай шұғылданушы оны әртүрлі жағдайларда және ұзақ уақыт аралығында орындай алады.
Жаттығуды оқыту үдерісі аяқталған соң, барлық әрекеттер оның әртүрлі нұсқаларын орындауына; оған ұқсас, бірақ орындау техникасы тым күрделі жаттығуларды орындауына; орындау жағдайларын өзгертуіне бағытталады
ІІ-ТАРАУ. ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2. 1 Мақсаттар мен міндеттер. Көркем гимнастиканың спорт түрі ретіндегі ерекшеліктері.
Дене шынықтыру және спортпен ерте айналысудың негізгі мақсаты - дамыған жас ұрпақты үйлесімді, күшті, дені сау етіп тәрбиелеудің берік негіздерін құру.
Денсаулықты нығайту және жаттығушылардың ағза жүйелерін мен барлық мүшелерін үйлесімді дамыту.
Дұрыс тұлға қалыптастыру және жаттығуларды гимнастикалық стильде орындау.
Жан-жақты жалпы дене дайындығын және көркем гимнастикада маңызды орын алатын бастапқы қозғалыс сапаларын дамыту (ептілік, икемділік, күш, жылдамдық, секіру, тепе-теңдік және т. б. ) .
Заттармен және заттарсыз жаттығулар техникасы негіздерін оқыту.
Арнайы сапаларды дамыту: бұралу, бишілік, әуендік және шығармашылық белсенділік.
Көркем гимнастикаға қызықтыру, тәртіпке, орындаушылық мәдениетіне, өзбетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Балалар жарыстарына және әртүрлі іс-шараларға қатысу.
Көркем гимнастиканың спорт түрі ретіндегі ерекшелігі.
- қарапайым және күрделі акробатикалық элементтер; затпен және затсыз қимылдар жасау; мимика, балет, би элементтерінен құралатын жаттығулар; алаңда гимнастың еркін қозғала білуі.
- көркем гимнастика жаттығушының өз денесін меңгеру өнерімен тығыз байланысты. Е. В. Бирюк: «Көркем гимнастика - бұл қозғалыс өнері»
- көркем гимнастиканың ерекшелігі - әуен мен қимылдың үйлесімі. Қозғалыс динамикасы және әуен мен қимылдың әсем үндесуінен би элементтері пайда болады. Әсем саз әуелеп, оған бишіңің ырғақты, нәзік қимылдары қосылып, жан-дүниеңді баурап, жүрегіңді тербейді. Бұл үйлесім әуенді дұрыс таңдай білу және би қимылдарын әуенге сәйкес орындауға байланысты.
-гимнасшының әдемі, ырғақты қимылдары; музыканың сазды әуені көрермендерді әсемдікке баулып, олардың эстетикалық талғамдарын қалыптастырады. Яғни, гимнастика- жаттығушыларға эстетикалық тәрбие беру құралы.
-гимнастика қозғалыс элементтерін есте сақтау және зейін қоюмен тығыз байланысты. Күрделі әрекеттерді, жаттығуларды орындау үшін гимнастың мықты есте сақтау қабілеті және зор ынтасы болуы қажет. Гимнаст бір-біріне ұқсамайтын орасан көп жаттығуларды есте сақтауға үйренеді. Бұл гимнастардың есте сақтау қабілетін және орындаушылық шеберлігін арттырып, дәл әрі әсем, ырғақты қимылдар жасай білуге баулиды; ритмді сезіне білу қабілетін шыңдайды.
Жаттығудың тиімділігі қозғалыс элементтерін қабылдай білуге байланысты.
Қабылдау дегеніміз- түрлі құбылыстар мен қозғалыстарды көру, байқау, сезіну, түйсіну және осы түйсіктерді мида жинақтап, өңдеп, пайдалана білу. Адам өзі өмір сүретін әлемді, өмір шындығын, негізінен, көзбен көріп қабылдайды. Көз- адамның аса маңызды сезім мүшесі. Адам өзі қабылдаған барлық информацияның 80%-ін көз арқылы алады екен. Өйткені, біз көзбен барлық заттар мен құбылыстарды; қимыл-қозғалыстарды ұсақ-түйегіне дейін көреміз және қабылдаймыз.
Көркем гимнастиканы меңгеру- бақылау, үйрену және үйренген ептіліктерді бекіту, яғни дағдылану әрекеттерінен құралады. Үйрену- гимнастың жаттығуларға зейін қоюы, қабылдау дәлдігі және қозғалыс үйлесімділігі. Бақыланған, үйренген жаттығулар, қимыл-қозғалыстар, ептіліктер тұрақты дағдыларға айналған кезде бұларды меңгердік деп нық
сеніммен айтуға болады.
Гимнасттың зейін қоюы келесі элементтерден құралады:
-жаттығуларға ден қою, қозғалушы объектілерге зер салып қарау
-бір эпизодтан екінші эпизодқа тез ауысу
- кеңістік пен жаттығу алаңын сезіне білу
- шапшаңдық, әсіресе жауапты кездерде.
Маңызды жарыстарда жүлделі орындарға үміткер гимнастардың дене және техникалық мүмкіндіктерін үнемі жақсартуға ұмтылуы жарысты шиеленістіріп, жарысқа қатысушылар арасында бәсекені күшейтеді. Бұл жеңіс қойылым композициясының жаңашылдығымен, гимнасшылардың жеңіске деген орасан құлшынысымен және спортшылар арасындағы жекпе-жекпен ерекшеленеді.
Тағы бір ерекшелігі - жаттығулардың тұтастығы.
Тұтастық- орындалған жаттығу кезінде дененің барлық бөліктерінің біртұтас қатысуымен анықталады. Яғни, бұл негізгі қозғалыс пен қосымша қозғалысты біріктіруді талап етеді. Мысал: негізгі қозғалыс : сол жаққа созылған қолды доға бойымен оң жаққа қозғап, төмен түсіру.
Қосымша қозғалыстар :
- қол қозғалысына ілестіре сол жаққа қарай жоғары-төмен басты қозғалту;
-қол қозғалысына сәйкес жоғары-төмен көтерілген иық белдеуінің қозғалысы
- қол қозғалысына қарай түлғаны еңкейту.
Негізгі және қосымша жаттығулар қолды бүгу арқылы бірге жасалады. Білек қозғалысы қол қозғалысынан сәл кейін жасалады. Қозғалыс тұтастығы толқынды және серпу жаттығуларында айқын көрінеді.
Көркем гимнастикадағы аталған ерекшеліктер жаттығу сабақтары кезіндегі спортшылардың негізгі әректтерін білдіреді. Жарысқа қойылатын талаптар, жаттығу талаптарынан едәуір ерекшеленеді. Жарыс кезінде қиындықтарды (спортшының көңіл-күйі, жарыс кезіндегі қобалжулар, реніштер т. б) жеңіп, жеңіске жету үшін үшін гимнастың бойында: батылдық, өзіне деген сенімділік, салмақтылық, белсенділік, жеңіске деген орасан зор құлшыныс болуы шарт.
Көркем гимнастика - бұл көпсайыс. Кіші разрядты гимнастар затпен (қарғымақ, шеңбер, доп, таяқшалар, лента) және затсыз жаттығулар жасайды.
Жоғарғы разрядты гимнастар жаттығуларды тек затпен ғана орындайды.
Көпсайыстан басқа жарыс бағдарламасында 1- 2 затпен орындалатын топтық (5 адамға дейін) жаттығулар да қарастырылған.
2. 2. Икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамыту әдістемесінің ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz