Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің өзекті
мәселелерінің бірі: берік, бірауызды ұжымды құру болып табылады.
Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді
білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген
топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады.
Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары
ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық
әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал
мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар.
Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін
ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы
іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі — олардың іс-
әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен
бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне
деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-
біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау,
бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым
бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.
Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және
қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым
мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен
ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъективті қарама-қайшылықтарды
жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын
көзжарастар бағытын қалыптастырады.
Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті
оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы.Осы сыныптық; ұжымда оқушылар
арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол
мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат
еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы
(ынтасы) - ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат -
қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар:
жақын, орташа және алыс перспективалар.
Жақын перспектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке
қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды
талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Мұңдай перспектавада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде
үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны
уақыттың кез-келген ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен
өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет.
Зерттеу мақсаты: тұлғаны ұжымда тәрбиелеу жолдарын теориялық негіздеп,
әдістерін ұсыну.
Зерттеу міндеті: тұлғаны ұжымға бейімдеу жолдарын анықтау, оқушылар
ұжымын нығайту ерекшелігін анықтау.
Зерттеу объектісі: тұлғаны ұжымдастыру.
Зерттеудің болжамы: егер сынып жетекші оқушылармен топтық формада
үнемі іс-шараларды ұйымдастырып отырса, онда жеке тұлғаның ұжымда
қалыптасуына мүмкіндік болар еді, өйткені жеке тұлғаны ұйымдастыру мұғалім
алдындағы басты міндет.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЖЫМ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Ұжымның даму кезеңдері, ерекшелігі
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар,
әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенің
педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып
кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П. П.
Блонский, Л. С. Выготский, Н. К. Крупская, П. Н. Лепешинский, В. И. Сорока-
Росинский, С. Т. Шацкий және т.б өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А. С. Макаренко еңбектерінде
жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты белгілерін нақты
тұжырымдап берді: ұжым-басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын
қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің
қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-
қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан(сыныптардан) тұрады. Осы
алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса
отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне,
қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына
қарай әрқайсысының белсендіруге жағдайжасалады. Сонымен бірге бұл ұжым
өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын
күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды
қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-
тәсілдерін жасауда. Л. И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-
жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді
жолдарын зерттеуде. Т. Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты
қызметін оқушының адамгершіліік дамуымен байланыстырады. Р. С. Немов, А. Г.
Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен
мән берді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің
маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның
өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі
кеңейіп әлеуметтік рөлдерді меңгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі
басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз
етіледі.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко
балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне,
балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан
мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап
баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап
қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту.
Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс.
Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген
оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. ,
Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға
сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін
оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп
істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың
пайда болуы.
Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға
педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды
тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде
белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп
жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым
мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның
өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық
оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға
талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - белсенді топтың және үжым іс-әрекетінің дамуымен
сипатталады, қоғамдың өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдың
пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы
істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамып,
ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына,
мұқтаждығына үн қатуға дайын түру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға
бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдың пікірмен сипатталады. Қоғамдың пікір -бұл ұжым мүшелерінің
талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі
дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді немесе
теріске шығарады. Демек, ұжымдың талқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі
— қоғамдың пікірдің негізгі ерекшелігі
Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ
ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педаготар жетекшілік етеді.
Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде
зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың
әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер
ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға
келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
1) Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;
2) Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты
көмегі;
Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдамлар
тудыру;
Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.
Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды
ережелерді сақтау керек:
Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына,
ынтасына,тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы
байланыстыру;
Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және
кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету
жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.
Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесіңде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп,
отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жогары жетістіктерді көздеуі
лазым.
Формализм - тәрбиенің қас жауы;
Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші — сынып өміріндегі маңызды мәселелерге
ортақ ұжымдық пікірдің болуы;
Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау тәрбиені дамыту;
Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:
Жекеше қарым-қатынас жасау;
Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;
Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатыннас жасау;
8)Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;
9. Ұжымдағы қатынастың етіп жатқан жағдайына белсене араласу;
Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын
ұжымға ауыстыру;
Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс~әрекет
түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.
1.2 Оқыту процесінде ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы
Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-
қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудың маңызды
формасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде
қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі,
білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибе игеріледі, жалпы және арнаулы
қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері
қалыптасады. Іс-әрекет оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын
тигізеді.
Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері мен
ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан
көрінеді.
Педагогика мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-
әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқу-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан басқа
оқушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ол кез келген іс-
әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.
Іс-әрекеттің орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына байланысты оқу,
оқудан тыс, сыныптан тыс ұғымдары да қолданылады. Оқушылардың әрекеттерінің
мазмұнына және бағыттылығына сәйкес еңбек, қоғамдық пайдалы, спорт,
өлкетану, көркемдік іс-әрекеттерін бөліп айтуға болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге
белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік
тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. Оқыту өзінің міндеттеріне
сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.
Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр турлі тәсілдер мен әдістер, оқу
үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқушыны
оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен
тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжым-
дық оқу-танымдық Іс-әрекеттің рөлі ерекше.
Оқытуды мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті деп тану балалар мен
жасөспірімдердің тәрбиесіне, дамуына әсер етпейді деген түсінік тудырмайды.
Керісінше еңбек пен ойынның мектептегі оқу кезеңінде үлкен маңызы бар. Оқу
іс-әрекеттің барлық түрлерінің басын қосады.
Оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесінде
іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған
іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуапды қалыптастыруға,
оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен,
ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Н.Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып
дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе "Ұжымдық жүмыстағы
дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын
тудырады. Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар" дегені
белгілі.
Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан әрекеттері, әлбетте,
ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқушылар бригадасы және
әуесқсжлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмесі болуы
мүмкін.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқу және
оқудан тыс жұмыстарын жақындастырады, ұжымдық қарым-қатынастың дамуын
ынталандырады, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді қамтиды:
іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай болу
керек;
іс-әрекеттің мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;
іс-әрекеттің маңызы - әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері,жеке
тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;
іс-әрекетті ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-әрекет
үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;
іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім,
білік,дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;
іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі, ұзындығының оқушылардың жас
мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;
іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа жетуді
қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;
іс-әрекетті бақылау - критериилерге сипаттама, ұжымның қалыптасуының
нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі.
Ұжымдық іс әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара
білу. Басқару циклі үшкезеңнен турады: жоспарлау, талқылау (орындалуы),
қорытынды (ұжымдық іс-әрекетті бағалау).
Оқытудың тәрбиеленуші функциясы оқу үрдісінің ұйымдастыру формала-рын
түрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқушыға дербес тіл табу
-оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық
формаларын дамыту әрбір оқушының жақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай
туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына
қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын
іздестіру қажет.
Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Оның
бірқатар педагогикалық артықшылығы бар: педагогикалық урдістің реттілігін,
ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқушылар ұжымына
тұрақты идеялық-эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді.
Мұның барлығы жалпыға міндетгі білім беруде сыныптық-сабақтық жүйенің өзін-
өзі ақтағандығын, оны қастерлеүдің керектігін көрсетеді.
Сонымен бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып отырған жаңа оқу-
тәрбиелік міндеттерді орындауға кедергі жасайтын кемшіліктері де бар.
Салмақты кемшіліктердің бірі ~ теңестіру тұрғысынан қарау, "орташа" оқушыға
теңелу. Бұдан нашар оқитын оқушы да, жақсы оқитын оқушы да азап шегеді.
Нашар оқитындар сыныптың алға жүруіне ілесе алмаса, ал күшті оқитындар өз
мүмкіндіктерін көрсете алмай зеріге бастайды.
Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге дейін сабақ
құрылымдарының бір үлгіде болуы. Бұл оқушыларды қанағаттандырмайды. Үшінші
кемші-лік - оқыту үрдісіі барысында оқушылардың арасында ұйымдастырылған
қарым-қатынастың жоқтығы. Төртінші кемшілік - оқушылардың дара оқу
жұмыстарының басымдылығы, ұжымдық жұмыс формаларының нашар дамуы.
Жалпы мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Жан-жақты (фронталдық)
жұмыстарда оқушылар бірге емес қатар әрекет етеді, әркім өзінше диктант
жазады, есеп шығарады, мұғалімді тыңдайды. Оқушылардың негізгі іоәрекеті
оқытуда ұжымшылдықтың элементтері аз көрінеді.
Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын оятпай тұрып, әрбір оқушының
шығармашылығын дамыту мен өздігінен білім алуға үйретуді іске асыс мүмкін
емес.
Оқуға мотивтерін қалыптастыру жолдарының маңыздыларының бірі - оку-
танымдық міндеттерді шешу барысында ұжымдық іс-әрекет формапарын
ұйымдастыруды қолдану. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек жағымды
эмоциялық ахуал тудырады, білімге деген құмарлықтың дамуына, таным
үрдісінің нәтижелі болуына әсер етеді.
Ұжымдық оқу әрекеттерінің кейбір элементері: жолдасының жауабын
толықтырады, әңгіме, пікірталастарда талқылауға көпшілік қатысады, шешіміи
ұжымдасып іздейді, шағын топтармен орындаған жұмыстардың қорытынды-сын
шығарып бағалайды.
Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда ұжымның әрбір мүшесі
бірін-бірі оқытады. Бұл туралы Я. Коменский "Ұлы дидактикасында "Басқаларды
оқытатын адам өзінің білімін тереңдетеді, бекітеді" деп көрсеткен. Бұл
идеяны Н.Крупская да қызу қолдап "Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың
үлкен тәрбиелік маңызы бар... бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып
отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының
жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді" деп жазады.
Шағын топтарда дербес жұмыстарды ұйымдастыру (еңбекті бөлісу) ұжымдық іс-
әрекетке мол мүмкіндік ашады, әркім жалпы тапсырманың бір бөлігін
орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап
бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.
Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бірден-бір, жалғыз формасы емес. Кейінгі
жылдары сабақтан тыс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың қызғылықты әр
түрлі формалары іздестірілуде: жоғары сынып оқушылары кіші мектеп
балаларының алдына білімді игеруде баяндамалар, мәліметтер жасайды,
үйірмелер жұмыстарын басқарады, жолдастық көмек көрсетеді. Сабақтарда
оқушылардың сыныптан тыс іздену іс-әрекетін тереңдету мақсатында мәселелер
жиі қойылуы керек. Сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттердің мұндай
байланысы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып, білімдерін
тереңдетеді, ой-өрістерінің кеңеюіне және бүкіл сынып оқушыларының білуге
құмарлығын дамытады.
Оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстарында ұжымдағы іс-әрекет пен
ұжымдық іс-әрекеттің айырмашылығы бар. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің
елеулі белгілері: 1) әрбір ұжым мүшелерінің күш салуын талап ететін,
бірегейде маңызды іс-әрекет мақсатын түсіну; 2) іс-әрекетке қатысушылардың
арасында міндеттерді, атқаратын істі бөлісу; 3) жұмысты орындауда өзара
жауапкершілік және тәуелділік қатынастарды орнықтыру; 4) бақылауды, іс-
әрекетті бағалауды іске асыру.
Ұжымдық іс-әрекеттің сабақтарда және сабақтан тыс дамуы оқушылардың оқу
еңбегінің "ұжымдық деңгейімен" қарастырылуы мүмкін. Бұл деңгейлерді
анықтаудың өлшемдері ұжымдық іс-әрекет пен оның құрылымының негізгі
белгілерінің сәикестігінде. Олар мыналар:
ұжымда бір мезгілде жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);
жұптасып жұмыс жасау (екі жақты сипатта);
топтасып жұмыс жасау, ұжымдықтың негізгі белгілері толық іске асады,ең азы
3 оқушы, ең көбі 6-7 оқушы;
топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады, оқушылардың
топаралық жұмысына мұғалім басшылық етеді;
фронталдық-ұжымдық іс-әрекет - оқу-танымдық жұмысты ұйымдастырудың жоғары
деңгейі. Бұл деңгейдің ерекшелігі барлық балалар түгелдей қатысады,
ұйымдастыру жағынан қиыншылықтар болғанымен, ұжымның бірігуіне,ынта-
мақсатына зор әсер етеді;
ұжымдық іс-әрекетті педагогикалық мақсаттарға пайдалану үшін мұғалім
оқушының жеке тұлғалық дамуының және ұжымның дамуының әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет.
Е.Конникова ұжымдық іс-әрекет жетістігінің үш негізгі шартын атап
көрсетті:
1) ол қызықтаратын болуы керек;
2) ол балалардың қызығуларын ескеріп, оған сүйенуі керек;
3) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып өзінің үлесін қосуы керек.
Ал ғалым И.Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін
көрсеткен:
1) ұйымдастырушылық бірлігі;
2) психрлогиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық);
3) дайындық бірлігі (біріккен іоәрекеттегі әркімнің тәжірибесі);
4) іс-әрекеттің бағыттылығы.
Тәжірибелер көрсеткеніндей, танымдық міндеттерді шешуде педагогикалық
мақсатта ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекет көпшілік жағдайда оқушыларға
жағымды әсер етеді. Ол оқушылардың танымдық қызығуын оятады және тұрақты
(зейінді), ықыласты қамтамасыз етеді.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің жемістілігі жөнінде В.Шатапов "Ілім
-ұжымдық урдіс" деп өзіндік іс-тәжірибесін ұсына отырып, автор "тірек
сигналдарын" қүрастыруда өзара көмек әдістерін оқушылардың ұжымдық
әрекеттерінің өзіндік формасы деп таныды.
Балапар мен жасөспірімдердің ұжымдық іс-әрекетін сипаттауда оның
қоғамдық бағыттылығы ерекше рөл атқарады. Тек осы жағдайда қоғамдық пікір
қалыптастырады, әрбір ұжым мүшесіне жайлы эмоциялық ахуал туады,
оқушылардың азаматтық ұстанымдарының тұрақтануына ықпал ететін ұжымдық
адамгершілік дәстүрлер қалыптасады.
Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда балалар мен жасөспірімдердің жас
ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Сондықтан мұғалім олардың
дамуы мен тәрбиесін жоспарлауда іс-әрекеттің тиімді формалары мен мазмұнын
таңдауы керек.
Ынтымақты, үйлесімді, дәл ұйымдастырылған іс-әрекет баланы қуанышқа
бөлеп қанағаттандырады. Ендеше танымдык, міндеттерді шешудегі оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетінің тиімділігі еңбекті ұйымдастыруға байланысты.
Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін екі түрлі өлшемдердің
көмегімен жорамалдауға болады: субъективтік және объективтік. Субъективтік
өлшемдер оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың, қоғам қайраткерлері-нің
бағалаулары. Бірақ, ұжымдық іс-әрекетті жан-жақты бағалау үшін объективті
көрсеткіштер керек. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеті тиімділігінің
объективті көрсеткіші ретінде тәуелсіз сипаттамалар әдістерінің көмегімен
алынған нәтижелік бағалауларды алуға болады, олар - арнаулы сауалнамалар
және ұжымдық іс-әрекет жемісінің талдауы.
Енді ұжым мен тұлға мәселесіне тоқталатын болсақ. Ұжым мен тұлға
арасыңдағы байланыс — тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы
мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар
бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық
педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға
бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық
концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып
заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа. Ең
алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды - болашақ
ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез
бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне
қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып
енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін
тигізуі де мүмкіи. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметгік
тәжірибесінде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері,
құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бүлар осы ұжымның
дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін.
Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына
сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке
әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда
қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға
да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсеңділері бар,
дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады.
Бұңдай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа
оңай түседі.
Әрбір адам аз немссе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға
талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті. себептердің әсерінен
тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері
бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сөйкес келмеуінен өз
жасқаншақтығын жеңе алмай дабыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе,
ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы
мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына
мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогакалық жағдайдың объективті себептері
бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің
тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының
біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің
кемшілігі, жолдасының ескерте тұрарлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz