Оқушылар ұжымы - мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

І. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ - МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ

  1. Оқушыларға ұжымдық тәрбие беру . . . 5
  2. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру . . . 8

1. 2. Оқушылар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі . . . 11

II. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

2. 1Оқыту процесінде ұжымдық технологиясы . . . 23

2. 2 Оқыту процесіндегі оқушыларды ұжымын нығайту жолдары . . . 26

ІІІ. Практикалық бөлім

3. 1. Зерттеу тақырыбы: Ұжым мүшелерінің байланысы . . . 30

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 39

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі: берік, бірауызды ұжымды құру болып табылады.

Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар.

Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.

Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.

Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.

Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.

Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын көзжарастар бағытын қалыптастырады.

Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) - ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.

Жақын перспектива - ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Мұңдай перспектавада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет.

Зерттеу мақсаты: тұлғаны ұжымда тәрбиелеу жолдарын теориялық негіздеп, әдістерін ұсыну.

Зерттеу міндеті: тұлғаны ұжымға бейімдеу жолдарын анықтау, оқушылар ұжымын нығайту ерекшелігін анықтау.

Зерттеу объектісі: тұлғаны ұжымдастыру.

Зерттеудің болжамы: егер сынып жетекші оқушылармен топтық формада үнемі іс-шараларды ұйымдастырып отырса, онда жеке тұлғаның ұжымда қалыптасуына мүмкіндік болар еді, өйткені жеке тұлғаны ұйымдастыру мұғалім алдындағы басты міндет.

Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Оқушылар ұжымы - мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы

1. 1. Оқушыларға ұжымдық тәрбие беру

ХХ1 ғасыр - Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.

Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі - баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.

А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс.

Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі.

Басқарудың және оқушылар ұжымымен тікелей қарым-қатынаста болатын субьект- бұл педагогикалық ұжым. . Бұл туралы орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұиыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.

Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүииесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму дсңгейіне олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.

Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашак үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:

- міндстті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелен бала қызығуына, қуанышына негіздслген істердің еліктіруі;

- нақты істер міндеттерінің, маңсаттарыныц қоғамдық пайдалы кұндылығы және олардың біздің халкымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырыл

- окушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.

Педагогикалық ұжымның міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін кұру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.

Бслгілснген болашак үміт дүниесі жүйслерін жүзеге асыруда әсіресе педагогикалық ұжымның зор ұйымдастыру жұмысы қажст. Оның. болашақ үміт дүннесің тауып коя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт . дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін куанышы және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.

А. С. Макаренко әдепкі кезеңде окушылар қарсылық білдірмей, пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.

Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бүл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда, мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына окушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Окушылардың көбі сыныптың белсенді тобын және мүғалімді қуаттайды. Окушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші кушіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.

Оқушылардың іс-әрекеттері.

Іс-әрекет - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.

Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қана қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті-жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін тілекті сезуі тиіс.

Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.

Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.

1. 2. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру

Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген.

Оқушылар ұжымы- оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар - идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі - дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы - бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.

Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру - мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады.

Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады. .

Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді.

Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті - оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.

Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субьектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.

Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалына біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. «Тәрбиешілер ұжымы болуы керек, - деп жазды А. С. Макаренко -тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие роцесі болуы мүмкін емес».

Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.

Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т. с. с. ) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді.

Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше.

Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко «Совет мектебіндегі тәрбие проблемалары» атты мақаласында: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. Сонда бала . . . өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі».

Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе класс тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі. Педагогтардың міндеті - өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.

Ұжым өз ішінде байсалды сын және өзара сын, оның мүшелерінің теріс қылықтарын коллектив болып айыптау бар жағдайда тәрбие берудің қуатты құралына айналады. Егер оқушылар кемшіліктер туралы батыл да ашық айта алатын болса және іскер және принципті сынды дұрыс қабыл ала білсе, мектепте жақсы қасиеттерді қалыптастыру ойдағыдай өтеді. Жөнсіз қылықтар ескерусіз қалмайды. Оларды мұғалімдердің, мектеп басшыларының нұсқауын күтпей-ақ оқушылардың өздері-ақ айыптайды.

Сынып ұжымында сын мен өзара сынның даму деңгейі көбіне оның топтасу дәрежесіне байланысты болады. Ұжым неғұрлым топтасқан сайын онда кемшіліктер мен лайықсыз қылықтар соғұрлым батыл сыналады. Бұл сын тіпті тым шашаулау жүргендердің өзін өзі мінез-құлықтары туралы ойлануға және оны түзетуге, кемшіліктерді жоюға көндіреді. Жолдастардың қатал, бірақ, әділетті сыны әдетте мұғалімдердің ақыл айтып, кеңес беруінен әлдеқайда әсерлі. Көптеген мектептердің тәжірибелері ұйымшыл және топтасқан коллективтің класта іріткі салушыларға коллектив көмегіне сүйенбейтін мұғалімдерден гөрі, әлдеқайда тиімді әсер ететінін көрсетіп отыр.

Оқушылар ұжымы тәрбие беруде «қатар әрекет жасау пе-дагогикасык» ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым топтасқан болса, педагогтар мен оқушылар ұжымы, органдарының қатар әрекеті жасауы соғұрлым күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі коллективті тәрбиелік ықпал және оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік, қарым-қатынастарды дамыту субъектісіне апналдыруға жәрдемдеседі.

Тіпті, өте талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене отырып қол жеткізерліктей табысқа жете алмайды. . А. С. Макаренконың тәрбие беретін мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, советтік тәрбие тұтас, күшті, әсерлі коллективтер құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген қорытындыға келуі тегін емес. Ол оқушылар коллективін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырылады.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беру жеке-дара ықпал жасауды, әрине, жоққа шығармайды, оны да қарастырады.

Оқушылар ұжымын ұйымдастыру, топтастыру және тәрбиелеудің ролі үлкен. Олар оқушылар ұжымының өмірі мен жұмысына идеялық мазмұн береді және класс, жалпы мектеп ұжымдарының сүйеніші болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы - қазіргі мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізі
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы
Оқушылар ұжымы – мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Оқушыларға ұжымдық тәрбие беру
В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы туралы ақпарат
Ұжым және тұлға
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ
Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz