ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I.КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ...
1.2.. Дәстүрлі емес сабақтар және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3.Дәстүрлі оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Дәстүрлі емес сабақтар . мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру құралы
2.1 Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері
IIІ. Практикалық бөлім.
2.1. Сабақтағы оқушылардың жұмыс істеу формалары ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Сабақ жоспары... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
VI. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болады. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтереді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласындың алдында да жаңа талаптар пайда болады. Оның дәлелі - Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт -- бағдарды айқындайды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтарынмен жұмыс істеуге көшу - қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.
Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени -- этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкірт мектеп табалдырығынан аттап, сауат ашуға ден қоя бастаған кезден бастап, тіл, сөз өнерінің құпиясына бойлайды. Әдебиет -- сөз өнері болғандықтан, онда сөз байлығының сан -- салалы қырлары, эстетикасы ашылады.
Әдебиет -- өнер, халықтың сана - сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние. Әдебиетте адамның ілгеріге ұмтылған, жақсы өмірді аңсаған асыл арманы, ұшқыр қяалы, осы жолдағы күрес- тартысы, әр қилы оқиғалар, халқымыздың ерлігі мен елдігі, өмірі суреттеледі. Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің міндеті - оқушылардың санасына көркем сөз құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру. Соңғы жылдарда әдебиет сабағын оқытуды жақсарту жолында көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Семинар кеңестерде озық тәжірбиелерімен бөлісіп, насихатталса, жаңа оқулықтар заман талабына сай толықтырылып, өңделді. Қазіргі кезде пәнді оқытуға көп міндеттер жүктеледі. Себебі, ғылым мен техниканың ілгерілеуі, түрлі ақпараттар көздерінің молаюы, білім беру жүйесінің түрленуі, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершілік жүктейді. Әдебиет пәнін оқыту мұғалімнен жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етеді. Сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді үнемі жетілдіру - оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып, қызғушылығын арттырады. Осы орайда, менің диплом жұмысымның мақсаты- қазақ әдебиеті пәнін оқытуда жүргізілетін сабақ түрлерін талдап, ондағы әдіс - тәсілдер мен білік - дағдыны қалыптастыру жолдарын айқындау. Осыған байланысты мынадай негізгі міндеттерді нысана еттік:
· пәннің білімдік, танымдық тәрбиелік бағыттарын тең ұстап, оқушыларға терең игерту;
· сабақ түрлерін тиімді қолдана отырып, озық әдіс-тәсілді нәтижелі пайдалану;
· дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ түрлерін сынып ерекшеліктеріне сай жүргізе отырып, алынған нәтижелерді саралау;
· пәнді игертуде, пәнаралық ықпалдастықты, ғылыми-әдістемелік сипатты тереңдетіп отыру;
· жаңа технологиялық жүйені мақсатты пайдалана отырып, әдебиетті оқыту, білім беру сапасын жоғарылату жолдарын айқындау.
Өнердің бір түрі ретінде көркем әдебиет оқушының сана - сезіміне әсер етуі тұрғысынан зор мүмкіндікке ие. Сол себепті әдеби шығарманы түсініп оқуға және бейнеленген көркемдік шындықты тұтас қабылдауға дағдыландыру -- әдеби білім берудің негізі. Әдебиетті оқыту жылдар бойы педагогикалық тұрғыдан игерілген және әдебиеттану ғылымында жүйеленген дерек - мәліметтерге, эстетикалық-этикалық, философиялық ұғымдарға бағытталды. Ал, 12 жылдық білім беру кезеңінде бұл талаптардың тереңдей түсетіні сөзсіз.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Каменски болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдыастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезк оқыту. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу. Оқыттттуды жылдың тұраақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі. Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді. Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым - қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.
Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары.
1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.
2. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі:
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтын сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытуды білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып отырулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды ескеріп отыруы шарт.Бұл жұйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей жастағы балалар тобының (сыныбының) болуы. Сабақтық аталуы-оқу процесі қатаң белгіленген уақыт аралығында - дəрісте өткізілуінен.

Оқыту әдісінің мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы. Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс - жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін мақсат - мазмұн - форма - оқыту әдісінің құралдары көрсетеді.
Әдіс гректің mеtоdоs деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны танымды басқаға беру әдісі (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы деп көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі - бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері - тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт төңкерісті бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі - үлгі болып табылады мұғалім - ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі - ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі - осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі - дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және' әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).

Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы - оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі - зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі - уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б

Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар әдістер теориясының дағдарысын білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.

Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қас

Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу

1.3.Дәстүрлі оқыту әдісі

Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі, әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVII ғасырдың дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүние жүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытудың сынып-сабақтықтық ұйымдастыру формасы деп түсінеді.
Дәстүрлі сынып-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың біріңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуі; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әр бір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің мұғалімнің басқарушылық рөлі.
Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер - бұл сынып-сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А.Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Оқыту психолгиясының негіздері
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Оқыту барысында ойлау процесін дамыту
Техникалық және арнайы пәндер бойынша сабақтың негізгі ұйымдасытрушылық формалары. Студенттердің оқу еңбегін ұйымдастыру формалары: фронталды, топтық, жеке және олардың әдістемелік талдауы
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми - теориялық негіздері
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Пәндер