Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

І. Кіріспе бөлімі

1. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түсінігі . . . 5

2. 2 Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері . . . 6

2. 3 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының

ерекшеліктері . . . 8

2. 4 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату . . . 15

2. 5 Кәмелетке толмағандар . . . 21

ІІІ. Қорытынды . . . 24

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Қосымша . . . 27

Жоспар:

І. Кіріспе бөлімі

1. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түсінігі

2. 2 Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері

2. 3 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері

2. 4 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе бөлім

Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылар санының өсіп отырғандығы белгілі. Бұл құбылыстар қоғамдағы өмір жағдайын жалпы түрде айқындап, жасөспірімді оқытуда, тәрбиелеуде, олардың арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу, сақтандыру жұмыстарында өзіндік өзгешеліктер саны аймағына орай болатынын көрсетеді.

Жасөспірім тәртібінің ауытқуына тіпті қылмыстық жағымпаз әрекеттеріне де, сол сияқты жағымды әрекеттеріне де қоршаған орта арқылы немесе жағдай жасаушы қоғамдағы экономикалық әлеуметтік-мәдени жағдайлар себепті.

Мақсаты: кәмелетке толмағандар қылмыстылығының теориялық мәселелеріне талдау жасап, бұл бағыттағы барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың тиімділігін бұзушылықты жою, оның алдын алу негіздері мен шараларын, ол туралы жәйттерді зерттеу болып табылады.

Міндеттері:

-кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орнын;

-қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері;

психикалық жағдайлары мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалатын жаза түрлері;

-жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жеке тұлғасы мен психикалық ерекшелігін, белгілерінің тобын құрау;

-кәмелетке толмаған қылмыскерге және оның ата-анасына педагогикалық психологиялық кеңестер, сараптама, тест жүргізіп отыру;

-тәрбиелік және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қылмыстық жазамен ұқсастығы, ерекшелігі.

1. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы

Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқара іс-әрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.

Жаңа Қылмыстық Кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.

Мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Қылмыс жасаған адамның жеке басының ерекшелігін анықтау қылмысты тергеу барысында кінәлінің жауаптылық дәрежесін белгілеу үшін өте қажет. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түсінігі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 80-бабының 1-бөлігіне сәйкес Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.

Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық Кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес /15-бап, 3-бөлігі/.

Егер кәмелетке толмаған адамның /14, 16 жас/ есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады /ҚК-тің 17-бабы, 1, 2-бөліктері/.

Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 90-бабының талабына сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнайы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні 18 бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты және психикалық жете дамымауынан болуы қажет.

Қай қылмыстылықтың да алдын алуға әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие құрал болып есептеледі. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы маусымның 24 жұлдызында шыққан “Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы” қаулысыныі негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс. ¤йткені, құқықтық тәрбие жастар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сезіндіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік туғызады.

Қылмыстылықтың алдын алу шаралары олардың негізгі-негізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара - Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев -атап көрсеткендей, өтпелі кезеңдерді бастан кешіп жатқан қоғамда, мемлекеттік экономика әлі сақталып қалып тұрған тұста, жеке меншік институттары әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы”.

Мемлекет тарапынан қолданылатын шаралардың бәрінің мәні де, күш ықпалы да қоғамдағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстылықтың әуелі алдын алуға бағытталған. Қылмыс жасаған адамның жеке басының ерекшелігін анықтау қылмысты тергеу барысында кінәлінің жауаптылық дәрежесін белгілеу үшін өте қажет. Алайда, сот алдында адам тағдырын нақтылы шешетін қылмыстық жаза тағайындау кезінде тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескерудің маңызы одан да жоғары.

Мемлекеттік құқық қорғау орындарының тіркеген көрсеткіштерінен соңғы 11 жыл ішінде жұмыстың жалпы санының екі сесдей өскенін байқауға болады. Тек 1998 жылдың өзінде әрбір 10 мың халық санынна шаққанда қылмыс коэффициенті 91 қылмыс болып тұр екен.

2. 2 Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері

Қылмыстық заңда кәмелетке толмағандардың қылмыс жолына түсуінің негізгі себептері мен жағдайларына ерекше мән берілген.

Бұл ең алдымен кәмелетке толмағандардың жасына қатысты және олардың психологиялық дамуындағы ерекшелігіне байланысты. Әдетте кәмелетке толмаған жасөспірімдер жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырата бермейді, кейде тентектік пен құқық бұзушылықты да шатастыратыны белгілі. Көптеген жағдайларда олар ауыр қылмыс жасай отырып, өз әрекетін және оның салдарын қоғамдық тұрғыдан сезінбеуі мүмкін. Әрине, жас тұлғаның мұндай қасиеттері есейе келе жойылады. Бірақ та кейбір ауыр қылмыс жасау барысындағы бұл қасиеттер жасы кәмелетке толмаған адамның қоғам үшін едәуір қауіпті екенін дәлелдейді.

Жас қылмыскердің жеке басы, кез келген адамдыкі тәрізді оның басынан өткізген жағдайлармен қоса сипатталады. Мысалы, адамның әлеуметтік байланыстары, /саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық және т. б. /, оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері /жынысы, жасы, денсаулық жағдайы/, сондай-ақ оның өмірбаяны, өмірлік тәжірибесі, білімі, сіңірген еңбегі мен қоғам алдындағы кінәраттары.

Бұл психолого-физикалық, физиологиялық қасиеттердің бірқатары әрбір қылмыс құрамының міндетті элементтері ретінде заң талаптарына енген және осының арқасында кінәлі адамды қылмыстың субъектісі ретінде сипаттайды.

Бұл белгілерді сот қылмыстық жауаптылықты анықтау кезінде және соған сәйкес жаза тағайындағанда ескереді. Мысалы, сот 14 жасар жасөспірімнің қылмыстық жауаптылығының дәрежесін шешкенде оны кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі комиссияға өткізу арқылы қылмыстық жазадан босатуы не болмаса Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 82-бабында қарастырылған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының бірін қолдануы мүмкін.

Ал қылмыс жасаған 17 жасқа толған азаматқа қылмыстық жаза тағайындау мәселесі басқаша шешілуі мүмкін.

Тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін сараптағанда сот еш уақытта екі бірдей дәл ұқсас жасөспірімнің болуы мүмкін еместігін естен шығармауы керек. Өйткені олардың әрқайсының өзіне тән темпераменті, мінезі, рухани әлемі мен мінез-құлқұның өзіндік ерекшеліктері бар.

Кәмелетке жасытолмағандардың қылмыстық жауапкершілігін реттеп отыратын заңдардың орындалуы түптен келгенде жасөспіроімдердің жасына, физикалық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қазіргі кезде дейін қоғам үшін қауіпті әрекет жасаған қылмыскерлердің психологиялық ерекшеліктеріне көптеген зерттеулер жүргізілгені белгілі. Алайда, олардың барлығы физиология мен психология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді.

Атақты физиолог И. П. Павлов адамның нерв жүйесінің 4 типін белгілеген еді. Онда негізінен адамның нерв жүйесінің күші анықталған. Атап айтқанда бірінші типке негізінен күшті, байсалды, ширақ; екінші типке күшті, байсалды, сабырлы; үшінші типке күшті, бббірақ сабырсыз; ал төртінші типке әлсіз нерв жүйесі жатады. Осыған сәйкес физиология ғылымы адамның нерв жүйесінгің аталған әрбір типіне белгілі бір темперамент сәйкес келеді деп үйретеді. «Темперамент - адам нерв жүйесінің негізгі сипаттамасы, ол әрбір индивидтің бүкіл қызметіне нақты кескін береді», - деп жазды И. П. Павлов.

Жасөспірімнің де мінез-құлқы көбіне оның темпераментіне байланысты. Кей жасөспірімнің шапшаң, жылдам, қызғыш болуы, қажетті тапсырмасын не жұмыс әркес сапалы болмаса да орындауы оның темпераментіне /холерик/ қатысты. Қайсыбір жас азамат қимылы сабырлы, өзі салмақты, бірақ тез қарым-қатынасқа ебі жоқ; ол әр іс-әрекеттің, қызметтің бір түрінен екіншісіне зорға ауысады. Қандай да жұмысты, тапсырманы асықпай, бірақ тиянақты орындайды. Бұл флегматиктер қатарына жатады. Қайсыбір жастар әркез байсалды, айналасындағылармен тіл табысқыш, шапшаң іс-әрекетке даяр тұрады. Олардың сезімі тез пайда болып, бірақ қзаққа бармай, тез арады белгілі бір өзгеріске ұшырайды. Олар сангвиниктер қатарын құрайды. Сангвиниктердің ерекшеліктері - олардың іс-әрекеттің, қызметтің бір түрінен екіншісіне тез ауыса білу, бейтаныс адамдармен де шапшаң араласу қабілетінде. Төртінші типке меланхоликтер кіреді. Олар сангвиниктерге қарама-қарсы- қандай да болса өзгерістерді ауырсынады, жаратпайды, бөтен кісілерге өмірдің әртүрлі жаңа жағдайларына едәуір қиындықпен көндігеді. Олардың сезімі де тез пайда болмайды, ал пайда болған сезімдері тұрақты және ұзақ мерзімге дейін сақталады. Темпераменті бойынша меланхоликке жататын адамдар шешімге баяу, өкпешіл, өзгеге сенбейді, білімі мен қабілетіне де сенімсіз болады. Олар сары уайымға салынады. Мінезіне қарап қандай жасөспірімнің қандай қылмыстық әрекетке бейім екендігін дөп дәлелдеу қиын. Бұл жерде көбіне тәрбие, қоршаған ықшам орта және өмірдегі нақты жағдайлар маңызды роль атқарады. Сондықтан да кейбір үлкен қылмыскерлер жасөспірімдерді қылмыстық әрекетке итергенде олардың мінез-құлқының осындай ерекшелігін пайдалана біледі.

«Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі қылмыстылықтың алдын алған әлдеқайда жақсы» деген пікір ертеректе айтылған болатын. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге осы алдын алу ісінде кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Олай болса, қылмыстың алдын алу барысында кәмелетке толмағандардың биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса қалыптаса қоймағандығын, оның жас және психологиялық әлеуметтік және өнегелік ерекшеліктерін тәрбиелік деңгейі мен білімін ескеру маңызды мәнге ие болып табылады.

Жасөспірімнің өнегелік санасы бұрмаланған жағдайда оның құнды бағыттылығы, қызығушылығы, қажеттілігі, дүниеге деген көзқарасы, өнегелік позициясы, адамгершілік бейнесі мен сана-сезімі өзгеріске ұшырап, теріс сиптақа ие болады. Ал құқықтық сананың төмендеуі кәмелетке толмағандардың қылмысты көптеп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарама-қарсы қоюына, сондай-ақ ондай талаптардың мәнін түсінбеуіне әкеп соқтырады. Бұл жағдайлардың барлығы кәмелетке толмағандардың дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауынан бірден-бір себебі болып табылады. Осыған орай, олардың қылмыстылығының алдын алу үшін ең алдымен құқықтық және өнегелік тәрбие беру қажет. Ал жасөспірімдердің құқық бұзушылығын болдырмау, ескерту, алдын алу үшін оларға құқық жөнінде білім беріп, тәрбиелеу - кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия қызметінің бір қыры ретінде танылады .

Оқушылар құқықтық білімнің жалпы көлемінің тек 5, 9 пайызын ғана мектеп қабырғасынан алады. Бұл жағдай олардың бойында патриотизм, заңды бұлжытпай орындау сияқты қасиеттерді, адамгершілік, өзгенің құқығын сыйлау сезімдерін қалыптастыру мақсатында белсенді азаматтық және құқықтық білім берудің қажеттігін тудырып отыр.

Кәмелетке толмағандардың психикасы жас балалардың да, ересектердің де психикасынан өзгеше. Олар үшін испульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсі, көңіл күйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздік, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндану тән. Олардың бойындағы психикалық қасиеттер, мәселен, мақсаттылық пен табандылық. Тұрақсыздыққа, өз-өзіне сенімділік пен жасымаушылық сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады.

2. 3 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері

Біздің қоғамымызда жастардың адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты оларды жақсылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударылуы шарт. Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы бізде жастарымызды отаншылдық, заңдарды құрметтеу, қоғамдық тәртіп ережелерін бұзушылыққа төзбеушілік рухында баулу біраз орын алды. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын, ұрлық, зорлық, бұзақылық, т. б. қылмыстық әрекеттерімен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездеседі.

Сондықтан жастар арасында құқық бұзушылық көріністердің алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан қомақты жұмыстар, бір жағынан, өскелең жаңа буынды дұрыс тәрбиелеудің, екінші жағынан, жалпы қылмыстылықты жоюдың қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады.

Әрбір кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін, оның құқыққа қайшы келетін мінез-құлықтарын, қоғамға жат әрекеттерін жан-жақты білуде белгілі бір нәтижеге жету ісі аталмыш проблеманың дұрыс бағытта зерттелуіне, сондай-ақ бірнеше түбірлес ғылым жетістіктерін пайдалануға байланысты. Бұл ретте жасөспірімдердің қоғамға жат іс-әрекеттерінің негізгі сәтін дөп басып, оның ішкі және сыртқы факторларын бір жерге шоғырландырып беретін нәрсе - мотивация болып табылады.

Мотивация проблемалары өте ерекше де күрделі құбылыс. Қылмыстық құқық теориясы және криминология ғылымы бұл құбылыс туралы психология ілімінің негізгі қағидаларына сүйенеді.

Адам - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет, т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам - «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».

Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың /экономикалық, идеологиялық т. т. / тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды.

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуын салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, -дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз». Адам - іс-әрекеті-күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың, әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені, мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс- әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.

Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару - оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан-алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.

Әрбір жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер аз емес. Олардың ең бастыларын психология мына түрге бөледі: қажеттілік /потребность/, түрткі /мотив/, бейімділік пен қызығу, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам. Адамды әрбір қимыл әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив /себеп/ деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайында
Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері
Кылмыстық құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар саны
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz