Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім
І. Оқу үрдісінде көрнектерді пайдаланудың теориялық негіздері
1.1.Оқу үрдісінде көрнекіліктерді пайдаланудың зерттелуі және алатын орны.
1.2. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту құралдарының ерекшеліктері

ІІ. Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
2.1.Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану жолдары

ІІІ. Практикалық бөлім.

IV.Зерттеу жұмысы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Оқу мақсатында қолданылатын оқыту әдістерінің түрлері өте көп.
Алайда, оқыту әдісін таңдау – күрделі процестердің бірі. Кейбір әдістерді
қолдануға біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әрбір өтілетін
тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сабақтар
жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту
процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Сондықтан, әрбір мұғалім
сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге
болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс. Сол үшін оқытуда
көрнекілік әдісін қолдану өте тиімді.
Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың,
дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру
жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс
бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға
баулиды[3;125].
А.С.Выготский: Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды,
біліктерінің ауқымынан зор ақыл-ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді
болады. Сондықтан, мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі
– балалардың бойында танымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып
табылады, - дейді. Бұл жерде оқушының алдына танымдық міндеттерді қойып,
оның белсенділігін арттыруға бола ма? – деген сұрақ туындайды.
Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында байқағыштық, танымдық
қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде олар үшін жаңа
кейіпкерлер тудыратын, өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу
материалдары мен көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді.
[8;68]
Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес,
оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен
тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты
қағидаларының бірі болып саналады. К-ті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 –
1670) 17 ғ-да енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746
– 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 – 187071),
т.б. К-ті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика,
табиғаттану, т.б.), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды.
Көрнекілік үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ
жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп,
ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен
меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге
мүмкіншілік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі
мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: дүниетану сабақтарында көрнекі түрде
оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту
дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.
Сондықтан, әрбір мұғалім дүниетану сабағына дайындалу барысында оқу
материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі
шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс. Сол үшін оқытуда көрнекілік әдісін
қолдану өте тиімді. Дүниетану сабағындағы теориялық материалды оқушыларға
ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту әдістеріне
байланысты болатыны баршаға мәлім. Әдістерді түрлендіру, сабақтың
көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай
туады. Мұнда да, қай жастағы оқушы болмасын бейнелілік, нақтылық, аса
сезімталдық, қабылдау, ойлау ершеліктеріне сәйкес келуін қадағалау.
Курстық жұмыстың мақсаты: дүниетану сабақтарында көрнекі құралдардың
түрлері мен оларды пайдаланудың ерекшелігі мен жолдарын анықтау.
Курстық жұмысының нысаны: көрнекі құралдарды пайдалану үрдісі.
Курстық жұмыстың міндеттері: курстық жұмысымызда алға қойған
мақсатымызға жету үшін төмендегі міндеттер іске асырылуы қажет.
1. Оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне, жаңа білімді игеруде
көрнекілік әдісін пайдаланып, білім, білік және дағдыны дамыту.
2. Көрнекіліктерді пайдалана отырып пәндерді бір-бірімен байланыстыра
оқытып, дүниетанымдарын кеңейту.
3. Жеке қабілеттерін көре біліп, оны ары қарай ұштау.
4. Көрнекі құралдарды қолдану барысында оқушылардың өзбетімен
ізденуге, талпынауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
5. Жоғарғы адамгершілік қасиеттер мен адами құндылықтарға тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың болжамы: егер мұғалімдер дүниетану сабақтарында
көрнекіліктерді дұрыс пайдаланса, онда төмендегідей жетістіктерге қол
жеткізуге болады.
Біріншіден: Сабақта көрнекілік әдісін қолдану барысында оқыту,
білім беру жүйесі жандана түседі.
Екіншіден: Көрнекі құралдарды қолдану барысында оқушылар жеңілден
қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді.
Үшіншіден: Сабақ тартымды да, қызықты өтеді, соған қарай оқушының
сабаққа деген қызығушылығы арта түседі.
Төртіншіден: Айналадағы қоршаған ортамен қарым – қатынас жасау
барысында мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиеленеді.
Бесіншіден: Ой - өрістері кеңейіп, өздіктерінен ой қорытуға,
әрекет етуге жаңаша талпыныс пайда болады.
Алтыншыдан: Зейін қойып ойлау мен тапқырлықтары дамиды.
Курстық жұмыстың әдістері:
1.Педагогикалық және әдіснамалық, өнер әдебиеттерін талдау.
2.Озық іс – тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау.
3.Әр түрлі зерттеу әдістерін қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды,
эксперимент жұмысы, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І. Оқу үрдісінде көрнекіліктерді пайдаланудың теориялық негіздері

1.1.Оқу үрдісінде көрнекіліктерді пайдаланудың зерттелуі
және алатын орны

Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде
ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен
заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік
тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі
немесе үш түстен болуы керек .
Көрнекілік әдістер – оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы
түсінуіне мүмкіндік береді. Абу – Насыр Әл – Фараби оқытудың негізгі әдісі
– көрнекілік деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру,
есте қалдыру) ұсынады.
Көрнекілік – бұл педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың,
дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру
жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс
бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға
баулиды.
Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы
түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру
түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы
қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі
байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам
санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді.
Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды
салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну
дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған
ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады.
Көп жылғы тәжірибе мен арнайы педагогикалық-психологиялық зерттеулер
көрсеткендей, оқытудың тиімділігі қабылдауға адамның барлық мүшелерінің
қатысу деңгейіне байланысты болып келеді.
Материал неғұрлым қызғылықты болса, соғұрлым тез қабылданады. Бұл
заңдылық Я.А.Каменский, И.Г.Песталоций, К.Д.Ушинский, Л.В.Занков үлестерін
қосқан дидактиканың көрнекілік принципінде сақталған.
Оқытудың көрнекілік принципі. Бұл принцип барлық принциптердің ішінде
басты рөл атқарады. Көрнекілік приципі жөнінде К.Д.Ушинский былай деген
еді: Көрнекі оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен
топшалауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге,
сондай-ақ логикалық қорытынды шығаруға үйрету болып табылады.
Көрнекіліктерді оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес,
оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен
тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты
қағидаларының бірі болып саналады.
Көрнекілікті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 – 1670) 17 ғасырда
енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 – 1827), неміс
А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 – 187071), т.б. К-ті оқу
пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.),
дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды.
Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп,
“Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен
көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды.
Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен
байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график. материалдарды
заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі кездегі мектептерде осы мақсатпен
экрандық және техникалық құралдар кеңінен қолданылып келеді.
Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған
шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану
үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары – кабиналар ұйымдастырылды.
Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик.
аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі
құралдар қолданылады.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара
байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды
таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін
немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды.
Педагогикалық қызмет əдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген
объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар:
- оқу заңдылықтары жəне оларға негізделген принциптер;
- адамның оқу, тəрбие жəне дамуына байланысты жалпы мақсаттар;
- нақты білімдену –тəрбие міндеттері;
- оқуға болған ынта деңгейі;
- нақты оқу пəнінің əдістемелік ерекшеліктері;
- материал мазмұны;
- материал игеруге бөлінген уақыт;
- оқу материалының саны мен күрделілігі;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- шəкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі;
- дəріс түрі мен құрылымы;
- оқушылар саны;
- балалар қызығулары мен ықыласы;
- оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-
қатынас (қызметтестік не əміршіл - əкімшіл);
- материалды – техникалық қамсыздандырылуы;
- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дəрежесі.
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты əдіс пен
құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дəріс
өткізудің жағдайына орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды біріктіре
пайдалануды көздейді.
Мектепте сабақтағы атмосфера табысты болуы үшін көрнекіліктер арқылы
ғана объективті әлем модельдендіріледі. Көрнекіліктердің көмегімен мұғалім
оқу процесінің мақсаттарына жету үшін объективтік шындықты модельдейді.
Соңғы жылдары біздің елімізде тек қала мектептері ғана емес, сонымен
бірге ауыл мектептері де компьютермен жабдықталған. Оқушылар мультимедия
сыныптарында түрлі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей алады. [21;65]
Көрнекілік әдістерін сабақ барысында дұрыс пайдалану – оқушының
оқу материалын жақсы меңгеруіне, осы сала бойынша өз танымын одан әрі
кеңейте түсуіне және талаптануына қол жеткізеді.
Материалды оқушыға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп
жағдайда оқыту әдістеріне байланысты болатыны баршаға мәлім. Әдістерді
түрлендіру, сабақтың көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар,
міне, осыған орай туады. [7;58]
Мұнда да, қай жастағы оқушы болмасын бейнелілік, нақтылық, аса
сезімталдық ерекшеліктері мен қабылдау, ойлау ершеліктеріне сәйкес келу
жағын қадағалау керек.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
1) көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
2) көрнекілікті сабақтың керек сәтінде ғана қолдану;
3) демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
4) иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
5) құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру қажет;
6) демонстрацияланатын көрнекіліктердің берілетін оқу материалының
мазмұнымен сәйкес келуі;
7) керекті мәліметтерді табуға оқушыларды да қатыстыру.
Өмірде балалар заттар мен құбылыстарды көрнекі құралдар арқылы
көрсету мектеп өмірімен байланыстырады.
Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі дидактикалық
принципті жүзеге асыруға көмектеседі. Нақты көрнекі материалдарды сапалы
түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, анализ
жасау керек.
Дұрыс анализ жасау арқылы оқушы көптеген заттың негізгі бөлшегі мен
қосымшасын ажыратуға, салыстыруға, белгілі бір қорытынды жасауға және оның
заңдылықтарын анықтауға үйренеді.
Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігінің негізгі шарты
сабақта көрнекі материалды жеткілікті және қажетті мөлшерде қолдану болып
табылады (қажетінше, шамадан тыс емес).Егер көрнекі құралдар қажет емес
тұста пайдаланылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен
басқаға ауып, оның зиянын тигізеді. Практикада осындай фактілер кездеседі.
Сөйтіп, оқу сабатарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға білім
беру т.с.с. міндеттерді іске асыру үшін сабақта қолданылатын көрнекі
құралдың орасан зор маңызы бар.

1.2. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту құралдарының ерекшеліктері

Дүниетану сабағын арналған бағдарлама оқушыларға нені оқыту керектігін
көрсетеді, бағдарлама бойынша оқулықтар жасалынады. Ал, бұл материалдар
оқушыларға қалай үйретіледі? Дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың іс
- әрекетерін ұйымдастырып аламыз. Оны жоғарыда айтқандай оқыту әдісі
дегенбіз. Оқыту әдіс-тәсілдерінің қай – қайсысы болмасын, оқушы мен
мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету
тәсілдері болып табылады.
Дүниетануды оқытуға байланысты оқытудың мазмұны оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Соған байланысты дүниетану сабақтарында
қолданылатын көрнекі құралдарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сабақтың
тақырыбы мен мақсаттарына сай болуы қажет.
Көрнекілік - оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы
түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың
нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл
түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы
және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардьщ орналасу жағдайымен
таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады
(көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б). Келесі кезекте оның ішкі
құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және
көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса
жүргізіледі. Приборлар мен нысаңдарды демонстрациялау нәтижесінің табысты
болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;
- оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп,
соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала керсетуге
болмайды;
- көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы
бойынша жұмыс істеуі тиіс;
- көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын
дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
- оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге
дағдыландыру т. б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең
ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша
ақпараттар береді.Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды
өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі
болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және
ізденушілік жағдайға итермелейді.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу
киносы, диапозитив, диафилъм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп,
эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп
пайданылады.
Ал, демонстрация әдісі арқылы оқушыларға заттар мен құбылыстарға
тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан және кинофильмдерден,
диафильмдерден көрсетіледі. Бұл демонстрация әдісін де сабақта және
сабақтан тыс уақытта да қолдануға болады. [2;29]
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада
көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар,
өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл
әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер,
чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін
мұғалімнің қаншалықты меңгер-геніне байланысты болып келеді. Соның
негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге
айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін
тигізеді. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы
материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан
ауытқуына әкеп соғады. Көрнекі құралдардың ішінде иллюстрация әдісі арқылы
оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина,
карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын
және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу
қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де
анықтауы қажет.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны — бақылау әдісі. Ол
барлық оқу пәңдерін оқытуда кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын
көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек
операцияларын орындау барысында ерекше орын алады.
Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс
уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің
қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі
оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты
бақылау әдісінің негізгі түрлері:
- демонстрациялық бақылау;
- экскурсиялық бақылау;
- лабораториялық бақылау;
- техникалық бақылау;
- оқушылардың өздігінен дербес бақылауы. Оқушылардың ойлау қабілетін
дамытудың күшті құралы — бақылау. К. Д. Ушинский "Бақылау-логикалық
ойлаудың негізі",- деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену
үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де
ескертеді.
Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:
1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның
неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру,
есту, дәм, иіс т.б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт
беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезім мүшелерінің жүмысымен
ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың
негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау
процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.
3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен,
бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап,
жоспарын жасап беруі керек.
Оқу процесіне қазіргі таңда жаңа техникалық құралдарды енгізу
(теледидар, видиомагнитофон) оқытудың көрнекілік әдісі мүмкіндігін
кеңейтті.
Қазақстан Республикасында оқыту процесін автоматандырушы электрондық
оқулықтар тарала бастады. Электрондық оқулықтар – интерактивті әдістерге
негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым-қатынасының
автоматтандырылған оқыту процесі.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері
мен тәсілдері мынандай:
1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың
мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап,
жоспарын жасайды.
2. Бақылау мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін қалыптастыру
арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан-жақты
байқатқан жөн.
3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап,
нәрселердің негізгі қасиеттерін айту, топтастыру сияқты ойлау
амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет болып
табылады.
4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың
өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз
етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын
көздеу керек.
Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, көрнекі
құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде
тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды және т.б. танымдық әрекеттенеді.
Көрнекі құралдар – бұл оқушылардың сабаққа деген мотивациясын
арттыратын техникалық және техникалық емес құралдар.
Көрнекіліктер, яғни әдемі суреттер, макеттер мен аппликациялар,
тақырыптық альбомдар, стендтер, магнит тақталары, фланелографтар.
Техникалық құралдардың ішінен үнтаспа, компьютер, интерактивті тақта,
мультимедиялық сыныптары, телевизор, бейнефильм т.б. оқытуда мұғалімге баға
жетпес көмек көрсетеді.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын
көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай М.Махмутов 2
топқа бөледі:
1) Заттың бейнелік көрнекі құралдары (картиналар, фотосуреттер,
диапазитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.).
2) Таңбалы көрнекі құралдар (сызбалық көлемді модельдер, сызбалар,
картиналар, т.б.).
Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу
қабылданған. Мектепте оқытылатын сабақтарда пайдаланатын табиғи көрнекі
құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар,
кубиктер, кітаптар, табиғи заттар т.с.с. [5;203]
Суретті көрнекі құралдардың ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке-
жеке бөлініп көрсетіледі:
1) нәрселер-картиналар;
2) нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері;
3) нәрселердің немесе фигуралардың кескіндері салынған таблицалар;
4) сызбалар;
5) таблицалар;
6) чертеждер.
Суретті көрнекі құралдардың 2-ші бір түрі шартты (символдық)
құралдар болып табылады: математикалық символдар (цифрлар, амалдар
таңбалары, қатынастар таңбалары), схемалық суреттер, чертеждер.
Суреттік көрнекіліктерге сондай-ақ экрандық көрнекі құралдар жатады,
:
1) оқу фильмдері;
2) диафильмдер;
3) диапозитивтер.
Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда:
1) жалпы сыныптық;
2) жекелік.
Жалпы сыныптық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып пайдаланады
(кейде оларды демонстрациялық деп те атайды), жекелік көрнекі құралдармен
әрбір оқушы жеке пайдаланады.
Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер
ж.т.б.;
- есіту(аудио) құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер;
- оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері,
компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
Көбінесе жалпы сыныптық және жекеленген көрнекі құралдар мазмұны
жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен-кішілігінде ғана болады:
геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, чертеждік
инструменттер т.с.с. [18;41]
Жалпы сыныптық құралды да, сондай-ақ жекелік құралдарды да, сабақта
пайдалану ыңғайлы болуы үшін дұрыс орналастырудың маңызы зор. Мысалы:
цифрларды жалпы сыныптық және жекелік кассаларда, фигуралардың модельдерін
конвертте сақтайды т.с.с.
Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен
немесе фабрикада дайындалады және мұғалімнің немесе балалардың өздері
қолдан жасаған көрнекі құралдар деп те бөлінеді.
Қолдан жасалған көрнекі құралдар дайын көрнекі құралдарды
толықтырады. Бұлар:
1) әртүрлі суреттер;
2) чертеждер;
3) құрастырмалы геометриялық фигуралар;
4) жеке сөздерді алмастыруға болатын таблицалар;
5) көбейту мен қосуды электірлендірілген таблицалар т.б.
Көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы.
Мұның білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде
және берік меңгеру белгілі бір еңбек дағдыларын төселдіруге көмектеседі.
Қолдан жасалатын құралдарды дайындау күрделі болмауы тиіс, эстетика
әрі мектеп гигиенасының нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сонымен қатар, Сауат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Ойлау қабілетіне анықтама
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Окушыларды сабаққа даярлау
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Пәндер