Құстардың ұрпағын өрбітуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Есік гуманитарлық - экономикалық колледжі

Тақырыбы:

«Құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді оқыту әдістемесі»

Орындаған:

Жетекшісі:

Жоспар:

Кіріспе бөлім.

Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.

І. Негізгі бөлім.

1. Құстар класына сипаттама.

2. Құстардың көптүрлілігі, мекен ету ортасы.

3. Құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер:

а) Маусымдық өзгерістердің себептері.

ә) Табиғат календары.

б) Құстардың қайту себебі.

в) Маусымдық миграция

г) Құстардың ұя салуы.

д) Құстардың балапанына қамқорлығы.

е) Құстардың ұрпағын өрбітуі

ж) Құстарды үйір ету

4. Дүниетану сабағында құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді оқыту.

ІІІ. Практикалық бөлім.

IV. Зерттеу жұмысы

V. Қорытынды.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Құстар класына шолу жасай отырып, олардың тіршілігіндегі маусымға байланысты өзгерістерін танып-білу, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде пайдалану.

Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.

Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні зор. Құстар қунақылығымен, әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, ормандарды, тынымбақтарды, шалғындарды және суқоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Шағын денелі құстар бунақ денелі жәндіктерді жеп, ал жыртқыш құстар кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы таралу мөлшерін реттейді. Көптеген құстар өсімдікпен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдарын таратады. Өлексемен қоректенетін құстар табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Тропиктік аймақта шірнемен қоректену арқылы өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар. Құстар - тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.

Адам құстарды спорттық және әр түрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы бунақденелі жәндіктерді, ауыл шаруашылығына зиянкес жәндіктерді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп, әр түрлі аурулардың (оба, сары ауру, т. б) таралуын тежейді. Кейбір жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, жағалтай т. б) саяхатшылыққа пайдаланылады. Қауырсыны (үкі) және мамығы (гага) үшін ауланатын да құстар бар. Тіпті құстардың саңғырығы да пайдаға асырылады - тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Құстардың көптеген түрі қолға үйретіліп, жаңа қолтұқымдар шығарылуда.

Құстарды қорғау. Адамзаттың көптеген мұқтаждарын өтеудегі құстардың мәні баршамызға мәлім. Кіп-кішкене көкшіл шымшықтың бір тәулікте 600 бунақдене жеп, жапалақтың жаз бойы 1000-ға тарта сұртышқан аулауы құстардың адамға таптырмайтын қолғанат екенін дәлелдейді. Еті, жұмыртқасы және мамығы пайдаланылатын құстар қаншама десеңші?! Сондықтан да қанатты достарымызды сақтап қалудың барлық шаралары жасалуда.

1980 жылы қабылданған жануарлар туралы заңда сайрағыш құстарды өлтіруге, олардың ұяларын бұзуға тыйым салынып, жыртқыш құстарды қорғау, кәсіптік мәні бар құстарды аулаудың қатаң мерзімі белгіленіп көбею кезінде құстарды аулауға заң арқылы тыйым салынады.

Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстар тізімі

Қызғылт бірқазан - 1- дәреже

Бұйра бірқазан - 2-дәреже

Сары құтан - 2 - дәреже

Кіші аққұтан - 3-дәреже

Қалбағай - 2-дәреже

Қарабай - 2-дәреже

Ақ ләйлек - 1-дәреже

Қара ләйлек - 3-дәреже

Қоқиқаз - 2-дәреже

Қызылжемсаулы қарашақаз - 2-дәреже

Қытай қазы, қутұмсық - 1-дәреже

Сұңқылдақ аққу - 2-дәреже

Кіші аққу - 5-дәреже

Мәрмәр шүрегей - 1-дәреже

Алакөз сүңгуір - 3-дәреже

Дентұмсық түрпан - 3-дәреже

Қара тұрпан - 3-дәреже

Ақбас үйрек - 1-дәреже

Балықшы тұйғын - 1-дәреже

Жыланжегіщ қыран - 2-дәреже

Бақалтақ қыран - 3-дәреже

Дала қыраны - 5-дәреже

Қарақұс - 3-дәреже

Бүркіт - 3-дәреже

Кезқұйрықты субүркіт - 1-дәреже

Аққұйрықты субүркіт - 1-дәреже

Сақалтай - 3-дәреже

Жұртшы - 3-дәреже

Құмай - 4-дәреже

Ақ сұңқар - 3-дәреже

Ителгі - 1-дәреже

Құстар класына сипаттама

Құстар - ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар тобы. Олар бүкіл жер шарына таралған. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы - орнитология (грекше «орнитес» - құс+ «логос» - ғылым) .

Құстардың денесін қауырсындар жауып жатады, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, ішіне ауа толғандықтан (пневматикалы) сүйектері өте жеңіл. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың қан айналу системасы едәуір жетілген. Жүрегі төрт камералы. Артерия қандары мен вена қандары бір - бірімен араласпайды.

Құстар - жылы қанды жануарлар. Артериялық және веналық қан ағыстарының бөлінуінен қан айналуы шапшаңдайды да, газ алмасу қарқынды жүріп, дене температурасының жоғары, орташа 42˚ - қа тең болуына себепші болады.

Зат алмасуының күшеюіне байланысты құстар да өз денесінің салмағына тең мөлшердегі насекомдарды жейді.

Бауырымен жорғаушыларға қарағанда нерв системасы да едәуір жақсы дамыған. Сондықтан құстардың мінез - қылығы да едәуір күрделі. Олар шартты рефлекстерге оңай дағдыланады.

Бұрын қарастырып өткен жануарлар типіндегі өкілдердің ұрпаққа қамқорлығы болымсыз ғана еді. Құстар болса ұя салады, жұмыртқа басып шығарады, балапандарын қоректендіреді.

Құстар жетілген балапанды және қызылшақа балапанды (болжыр балапанды) болып екіге бөлінеді.

Жетілген балапанды құстардың балапаны жұмыртқадан шығысымен едәуір бейімделіп: көздері бар, қозғалуға қабілетті, жемін теріп жейтін болады. Жетілген балапанды құстарға тауықтар, үйректер, қаздар, құрлар т. б. құстар жатады.

Қызылшақа балапанды құстардың балапандары жұмыртқадан: денесі қауырсынсыз, соқыр, ата-анасы қоректендіретін дәрменсіз болып шығады. Қызылшақа балапанды құстарға барлық сайрағыш құстар, қарғалар, кептерлер т. б. жатады.

Құстар классификациясы күрделі болады. Отызға тарта отрядтар бар деп есептеледі. Төменде қырсыз төс құстар, пингвиндер және аршын төс құстардың кәдімгі өкілдеріне сипаттама беріледі.

Қырсыз төс құстар Африкада, Аравияда, Австралияда, Оңтүстік Америкада және Жаңа Зеландияда тіршілік етеді.

Құстар - ұрыққабықты жануарлар тобының ұшуға бейімделген бір класы. Бұл омыртқалы жануарлардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналып, денесі қауырсынмен қапталған. Дене температурасы тұрақты болғандықтан, құстар жылықанды жануарларға жатады. Денесін, құйрығы мен қанатын қаптаған қауырсын құстың шапшаң ұшуына зор мүмкіндік туғызады.

Құстар өкпе арқылы тыныс алады, жүрегі төрт бөлікті, зәршығару мүшесі - бүйрек, іштей ұрықтанады, жұмыртқа салып көбейеді.

Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 түртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Құстардың сыртқы құрылысы және тіршілік әрекеті

Дене пішіні. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардың тұлғасы жинақы да жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері, тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын-қысқалығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.

Бассүйектің созындысы ретіндегі мүйізбен қапталған құстың тұмсығы екі бөліктен құралады: үстіңгі бөлігі - тұмсықүсті, ал астыңғы бөлігі тұмсықасты деп аталады. Кейбір құстардың (сұңқар тәрізділер, жапалақ тәрізділер, кептерлер және тоты тәрізділер) тұмсықүстіндегі тесік тұсында қалың тері қабаттары болады, ол балсірі деп аталады. Құстар ұшатын болғандықтан, алдыңғы аяғы өзгеріп, қанатқа айналған. Олар жайшылықта екі қанатын қомдап, қапталына жиыстырып алады.

Құстар жерде жорғалағанда, ағашқа өрмелегенде, көтеріліп ұшарда және қонарда денесінің барлық ауыртпалығы аяғына түседі. Аяғы төрт бөліктен құралады: сан, сирақ, жіліншік және саусақтар. Әдетте құстардың төрт саусағы болғанымен де кейде үш, тіпті екі саусақты да (африкалық түйеқұс) құстар кездеседі. Төрт саусақтың үшеуі алға қарай, ал біреуі артқа қарай бағытталады, саусақтардың ұшында тырнақ болады. Тауықтәрізділер отрядына жататын құстар (тауық, қырғауыл) аталығының жіліншігінде саусақтардан басқа сүйекті өсінді болады, ол тепкі деп аталады. Құстардың саусақтарын, әсіресе жіліншігін, кейбір құстардың сирақтарын мүйізді қалқаншалар қаптайды. Бұл құстардың арғы тегінің жорғалаушылардан шыққанын дәлелдейді.

Тері және тері түзілістері. Құстың денесі құрғақ та жұқа терімен қапталады. Теріде без болмайды, тек май тәрізді сұйықтық бөлетін бір ғана без - құйымшақ безі құйрық омыртқалардың үстінде орналасып, құс қауырсынының суланбауына, серпімді болуына мүмкіндік жасайды. Құйымшақ безі әсіресе суда жүзетін құстарда күшті дамыған, ал құрғақ климатты мекендейтін түйеқұс, дуадақ, тоты және кейбір кептер тұқымдастарда құйымшақ без мүлде болмайды.

Құстың денесін қауырсын қаптап жатады. Қауырсын дегеніміз - терінң үстіңгі қабатындағы теріден пайда болған түзіліс. Құстың басқа жануарлардан ерекшелігі - денесін жамылғы қауырсын қаптап жатады. Қауырсын мүйізді заттан түзіліп, мынадай бөліктерден құралады: қалам, сояу және пәр. Қауырсынның теріге қадалатын ұшы қалам деп аталады. Сояу дегеніміз - ортасында мүйізденген кеуекті өзегі бар тығыз мүйізден тұратын түтік. Сояудың екі жағында орналасқан майысқақ, жіңішке мұртшалар жиынтығы қауырсынның пәрі деп аталады.

Енді пәрдің құрылысына назар аударайық. Сояудың екі жағындағы мұртшалардан түзілген майысқақ пәрді саусақпен ажыратуға да, қайтадан біріктіруге де болады. Оның мәнісі неде? Сояудың екі жағына ең алдымен жуантықтау тармақтар түзіледі, бұларды мұрт деп атайды. Мұрттан ілмекшелері бар жіңішке тармақтар таралады, оны мұртша деп атайды. Мұртшалардың ұсақ ілмектері көршілес жіңішке мұртшаларға жабысып, оларды бірімен-бірін байланыстыру арқылы серпімді де майысқақ пәр түзеді. Саусақпен ажыратқанда мұртшалардағы ілмекшелер адырасып, үзіледі де мұртшаларды біріне-бірін жайлап қосқан кезде мұртшалардың ілмектері қайтадан біріне-бірі байланысып, пәр тұтасады. Мұртшалардың ілгектерін тек микроскоп арқылы ғана көруге болады.

Құстың бүкіл денесін жауып жататын жамылғы қауырсын бірнеше топқа бөлінеді. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар желпуіш қауырсындар деп аталады, ол ұзын және қысқа желпуіш қауырсындарға бөлінеді. Ұзын желпуіш қауырсындар кәрі жіліктен кейінгі саусақ сүйектерге бекініп, қанаттың ұшын ала орналасады. Қысқа желпуіш қауырсындардың серпімділігі нашар және кәрі жілік тұсындағы теріге бекінеді. Құстың құйрығында орналасатын ұзын да берік қауырсын бұлқын қауырсын деп аталады. Ол құстың ұшуына бағыт береді. Құстың денесін жабатын ұсақтау келген қауырсындар белгілі орнына байланысты жамылғы қауырсыны және құйрықүсті қауырсыны деп жіктеледі. Сонымен жамылғы қауырсындар құс денесінің сүйрленіп, оның ауада кедергісіз, еркін ұшуына мүмкіндік береді.

Жамылғы қауырсындардың астында мамықты қауырсын болады. Мамықты қауырсынның сояуы өте жіңішке және қосалқы мұртшасы болмағандықтан, ол пәр түзбейді. Ал сояуы өте қысқарып, мұртшалар теріде шоқ түзіп орналасса - мамық деп аталады. Мамықты қауырсын мен мамық әсіресе суда жүзетін құстар мен ауа райы суық елдердегі құрлықта мекендейтін құстарда мол болады. Мамықты қауырсын мен мамық денеде жылу сақтауға жәрдемдеседі.

Құстардың қауырсын жабындысы жылына бір немесе екі рет мезгіл-мезгіл жаңарып отырады. Құс денесіндегі ескі қауырсынның түсіп, орнына жаңа қауырсын түзуі түлеу деп аталады. Жыртқыш құстар мен жемін ауадан аулайтын құстар біртіндеп түлейді, сондықтан олардың ұшуына ешқандай кедергі болмайды. Ал тауықтәрізділер отрядына жататын құстар бірден, өте шапшаң түлейтіндіктен, ауаға көтеріле алмай, ағаш, бұталардың түбіне жасырынады. Суда жүзетін құстар (қаз, үйректердің кейбір түрлері, аққу) түлеген кезде желпуіш қауырсындар бір мезгілде түсетіндіктен, мүлде ұша алмай қалады. Мұндай жағдайда олар өзен, көл, теңіздердің адам аяғы баса алмайтын жерлеріне барып, топтасып тіршілік етеді.

Құстың тұмсығы, аяқтарындағы мүйізді қабыршақтар немесе қалқаншалар, тырнағы, қауырсындары мен мамықты қауырсыны, мамығы терінің үстіңгі қабатынан пайда болады, сондықтан бұлар тері түзілістері деп аталады.

Құстардың шығу тегі. Құстардың жорғалаушыларға ұқсастығы да айырмашылығы да бар. Құстардың жорғалаушыларға ұқсастығына зер салайық. Тек қана құймышақ безі болмаса, құс денесін құрғақ терінің қаптауы, аяғындағы жіліншігін қаптайтын қабыршақ тәрізді жабын, асқорыту мүшесіндегі клоака, қаңқасындағы кейбір ұқсастықтар оның арғы тегінің жорғалаушылар екенін анықтайды. Тіпті құс жұмыртқасы құрылысының жорғалаушылар жұмыртқасына өте ұқсас болуы бұл пікірді толық дәлелдейді.

Ғалымдар құстардың жорғалаушыларға арғы тегінен ұқсастығын қазба қалдықтар бойынша да дәлелдей түсті. Тұңғыш рет 1861 жылы бұдан 150 миллион жыл бұрын тіршілік еткен қанатты жануардың қазбадан қауырсынның қалдығын тауып, археоптерикс деп атады. Кейінірек дене құрылысы айқынырақ көрінетін, көнеқұстың тастағы таңбасы табылды. Көне құстың қанаттары мен құйрығындағы қауырсындары жақсы жетілгендігін көреміз. Дене мөлшері кептердей бұл қанатты жануар құсқа да, жорғалаушыларға да ұқсас болып шықты. Олар онша жақсы ұша алмағанымен де орманда тіршілік етіп, ағаштан ағашқа секіргенде біраз қашықтыққа қалықтауаға қанатын пайдаланғаны байқалады. Астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінде тістердің болуы, 20 омыртқадан тұратын құйрығы - оның кесірткеге ұқсас белгілері еді. Ал аяғында төрт саусақпен жіліншік нағыз құсқа тән қасиет болатын. Бұл белгілер көнеқұстардың жорғалаушылар мен құстар арасындағы аралық жануар екенін білдірді.

Ең алғашқы құстардың көнеқұстардан ерте тіршілік еткені де дәлелденуде. Американдық полентологтар қазба жұмысында жүріп, Техас штатаының Батыс бөлігіндегі Пост деген шағын қаланың маңынан бұған дейін 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен құс тәрізді жануардың тасқа айналып, жақсы сақталған қаңқасын тапты. Оны ғалымдар протоавис деп атады, мұның қазақша баламасы - ілкіқұс. Ілкіқұстың мөлшері қарғадай. Оның көз шарасы, ми сауыты және төссүйегі құстарға өте ұқсас. Құстардың бәлкім осы ілкіқұстардан бастама алуы да ықтимал.

Құстардың мекен ортасы.

Пингвиндер . Бұлар өте қарапайым құстар. Оларға түйеқұстар мен кивилер жатады. Түйеқұстар - қазіргі құстардың ішіндегі ең ірісі. Кейбір особьтарының (африкалық түйеқұстың еркектерінің) биіктігі 260 см-ге жетеді. Бұл құстар өте шапшаң жүгіргенімен де, ұша алмайды. Қанаттары әжептәуір үлкен. Бірақ құс оны тек шапшаң жүгіргенде ғана пайдаланады. Кейбір түйеқұстардың (австралиялық) қанаттары мүлде кішкене болады. Киви - қанаттарының бастамасы ғана бар кішкене қырсыз төс тқұстар.

Пингвиндер - ұша алмайтын құстар. Олар жақсы жүзеді, скелет сүйектернінде ауа болмайды, төсінде қыр (киль) бар. Пингвиндер Антарктида жағалауларында тіршілік етеді. Құрылықта жүргеннен де, ескектерінің көмегімен суда жақсы жүзеді. Пингвиндер балықтармен, шаян тәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Ұясын жер бетіне салады. Антрактидада корольдық пингвиндер кеңінен тараған.

Аршын төс құстар - ең көп тараған құстар тобы. Сүйектері ауаға толы. Аршын төс құстардың көпшілігі ұшады. Құстар түрінің көпшілігі аршын төс құстарға жатады.

Құстардың әр түрлі тіршілік жағдайларына байланысты мынадай экологиялық топтарға бөлінеді: бұталы - орман құстары, батпақ - шалшық су құстары, шөл - дала құстары, су құстары, жыртқыш құстар.

Бұталы - орман құстарына орманда ұя жасап, қорегін аулайтын құстар жатады. Олардың ішінде насекомдармен (тоқылдақтар, жүрдек торғайлар, дүпілдіктер т. б. ), өсімдіктердің тұқымымен (шыпшықтар, шымшықтар, қайшыауыздар т. б), өсімдіктердің жемісімен (колибрилер, шірнежегір) қоректенетін құстар бар.

Батпақ-шалшық су құстары аз ғана. Оларға тырналар, дегелектер, құтандар, балықшылар, тартарлар жатады. Бұл құстар су маңындағы ормансыз жерлерді мекендейді. Бұл топқа жататын құстардың аяқтары ұзын болады. Аталған құстар ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Шөл - дала құстары өсімдіктері аз, ашық жерлерде мекендейді. Құстардың бұл тобына түйеқұстар, жүрдектер, дуадақтар жатады.

Жыртқыш құстар - тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім. Жыртқыш құстар саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құстар. Қазақстанда олар кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы сандары белгісіз, бұл құстардың көбі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Жыртқыш құстардың санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бұл құстарды қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек. Жыртқыш құстар (Falconiformes отряды) мен жапалақ (Strigiformes отряды) отрядына қатысты құстардың түрлері жыртқыш құстар деп танылады. Жыртқыш құстар - тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың арасында тұрқы 1 метрге, жайған қанаты 2, 75 метрге жететін ең ірі (құмай), тұрқы 15 сантиметрдей өте ұсақ (ергежейлі сұңқар) түрі бар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім. Жыртқыш құстардың көбі жемін күндіз аулайды. Кейбір түрі сүт қоректілерді (әсіресе кемірушілерді), құстарды, бауыры мен жорғалаушыларды, кейбіреуі моллюскілерді жейді. Өлексемен, балықпен, насекомдармен қоректенетіндері де бар. Жыртқыш құстардың 5 тұқымдасқа бөлінеді. Олар: Оңтүстік және Солтүстік Америкада тараған америка құмайлары (6 түр), Африка саванналарында кездесетін секретарь (1 түр), жер жүзіне кең тараған балықшы (1 түр), тек Антарктика мен кейбір мұхит аралдарында ғана жоқ қаршыға (205 түр) және сұңқар тұқымдасы (58 түр) . Бұдан Қазақстанда 38 түрі кездеседі.
Жыртқыш құстар- моногамды құстар, жылына бір рет жұмыртқалайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың жіктелуі
“Зоология” курсының кіріспесі
Ақбілек - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман
Қазақ мемуарлық романы
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Қорғалжын қорығы
Мектеп жасына дейінгі балаға халықтық тәрбие беру маңыздылығы
Құстар класына жалпы сипаттама
Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі. Миграция.Түлеу. Реттелген және реттелмеген миграция. Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиологиялық мінездемесі
Қазақстан Республикасының жалпы физикалық географиясы, жануарлар дүниесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz