Қорыта келе электрондық оқулықтың құрамында


МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ … . . . … . . . …. . . . …
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
2. 1. Информатика пәнінен электрондық оқулық жасаудың
тиімді жолдары . . .
2. 2. Оқытуға арналған қолданбалы бағдарламалардың пакеттері . . .
3. 1. Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері . . .
3. 2. Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі . . .
3. 3. Delphi программасын қолдану . . .
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін оқу орындары‚ коммерциялық мекемелер және т. с. с. салалар жоқ деп айтсақ та болады.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Мектепте алғашқы сыныптардан бастап компьютерлерді пайдалануды үйретсе, онда аз уақыт ішінде компьютер саласындағы күрделі программалармен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Сол мақсатта бұл программаны Интегралды оқытуда көрнекті құралдарды пайдаланбай-ақ, осы жасалған программа арқылы үйретуге болады. Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалар мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатьш көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Электрондық оқытудың жаңа мүмкіндіктері арқылы қосымша білімдерімен қаруланған қызметкерлер маңызды бәсекелестік артықшылыққа ие болады. Виртуальдік ұйымдардың жаңа үлгілері оқытудың қажеттігін арттыруда, оқытудың дәстүрлі бағдарламаларын қашықтан оқыту бағдарламалары барған сайын ығыстырып келеді және өз білімін басқарудың дамып келе жатқан жүйелері жинақталған тәжірибеден пайда табуға көмектеседі.
Білім беру - оған компьютерлендірілген оқыту, электрондық оқыту көзбе-көз оқыту сабақтары, семинарлар мен пікір таластар жатады.
Қазіргі заман талабы бойынша болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үрдістің бірі. Сондықтан қазіргі кезде жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдісіне электрондық оқулықтардың енуі - оқытушылардың электрондық оқулықтарды дайындауын міндеттейді. Сол себепті біз зерттеп жатқан мәселе бойынша ең алдымен электрондық оқулықтың мәні неде дегенге жауап іздеп отырмыз.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесіне электрондық оқулықтарды жасау және оны қолдану. Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т. с. с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер болуы мүмкін.
2. Схемокурс - окулықтын мазмұнын қысқартылған мәтін, график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.
3. Өзін - өзі бақылаудың тесттік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тесттік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Бұл тесттер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады.
Барлық оқушылар үшін "Информатика" пәнін оқытуда "Word редакторын окыту" электрондық оқулығын құруға Місrosоfоt Роwег Роіnt қолданбалы программасын қолдануға болады, Місrosоfоt Роwег Роіnt қолданбалы программасы арқылы презентация жасауға болады. Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация - баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, реферат, үлкен жобаларды қорғау, бизнес - жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну - осының бәрі презентация болып табылады. [1]
Интернет дистанциялық презентациялар өткізудің ең қолайлы құралы болып табылады. Бүгінде интернетте автоматты режимде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады. Екінші жағынан алғанда презентация деп айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінін мультимедиялық мазмұны мен кұжатты экранға шығаруды басқарудың айрыкша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді, осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.
Қорыта келе электрондық оқулықтың құрамында:
- Титул беті;
- Мазмұны;
- Аннотация;
- Оқу материалының толық мазмұны (схемалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер) ;
- Тапсырмалар жүйесі;
- Бақылау тестік жүйесі;
- Мәтін бөлігін іздеу жүйесі;
- Авторлар жөнінде мәлімет;
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
- Оқытудың компьютерлік құралдарды дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, оны оқу процесінде пайдалану негізінде оқытудың сапасы артады. ;
- Оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге келетін шығындар азаяды;
- Мұғалімдердің оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс - әрекетке көшуіне алып келеді;
- Оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай оқу процесін оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды женілдетеді.
Сонымен, болашақ мұғалімдердің электрондық оқулықтарды қолдану шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылады. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. [2]
Классикалық педагогикада әдістемелік жүйенің бөліктері төмендегіше көрсетіледі:
- оқыту мақсаты;
- оқыту мазмұнынын құрамы; ақпараттық теориялық бөлік, тәжірибелік бөлік, меңгерген білім деңгейін анықтау;
- оқыту құралдары;
- оқыту әдістері;
- оқыту түрлері.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа Жолдауында электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін нақты атап көрсеткені мәлім.
Ал электрондық оқулық жас буынның жаңа әдебиеті болып есептелетіні даусыз. Сондай-ақ ол компьютер технологиясының мүмкіндіктері мен кәсіби оқулықтардың дәрежесін біріктіреді.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін дамыту .
Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Дегенмен, біздіңше электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылысы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электронды оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы, т. б.
Білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін мынадай артықшылықтармен сипатталады.
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісіндегі жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
- «Тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдау) ;
- негізгі технология ретінде(белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры) ;
- монотехнология ретінде(барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделген) .
2. Білімге бір-бірімен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында (дистанционды формада) отырып қол жеткізуге болады. Бұдан концептуалды ұстанымдарды қалыптастыру мүмкіндігі төмендегі формада жүзеге асады:
- оқыту - бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы:
- баланың компьютерлік икемделе алуы;
- оқытудың диалог түрінде болуы;
- мұғалімнің кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;
- оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект - субъект, объект- субъект;
- жеке және компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Компьютерлік құралды оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты мынандай қорытынды жасай аламыз:
- Компьютерлік оқыту құралдарының тың мүмкіндіктері информатика курсы бойынша өтетін сабақтарды едәуір түрлендіруге жол ашады, студенттердің танымдық белсенділігіне қосымша ынталандырушылық ықпал етеді, соның нәтижесінде пән бойынша білім мен білік-дағды деңгейі көтеріле түседі.
- Оқушылардың кәсіптік білімін қалыптастыру ЭЕМ-ді пайдаланудың мақсатты әдістемесін әзірлеуге жағдай жасайды.
Бірақ, бұл жерде бір ескере кететін жағдай - есептегіш техника пайдаланылатын сабақтарға құралды әзірлегенде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.
2. 2. ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ПАКЕТТЕРІ
Пакетті даярлауда пәнді оқыту әдістемесін негізгі ала отырып, модульді оқыту принциптерін пайдаланған жөн. Себебі тестік сұрақтарды құрастыруда пән мазмұныны бойынша семантикалық граф құрастырып, ол сызбаның түйіндерінде ұғымдар, олардың қасиеттері, байланыстары көрсетіледі. Модульді оқыту терминінің семантикалық мәні халықаралық түсінік пен оның мәнінің бірі қызметтік желі. Бұл ілімде негізгі тәсіл ретінде модульді оқытудың негізгі құралы ретінде ақпараттық аяқталған блок ретінде түсіндіріледі.
Өзінің бастапқы түрінде модульді оқыту 60-шы жылдардың соңында пайда болып, шет елдерде тез етек алды. Оның мәні оқып білім алып, үйренушісі оған үсынылған жеке оқу бағдарламасы бойынша дербес жұмыс істей алады, оған алдына қойылған дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге әдістемелік басшылық етеді.
Педагогтың қызметші ақпараттық-бақылаушылықтан нұсқау беріп үйлестірушілікке дейін түрлендіріліп отырады. Педагог пен оқушының оқу барысындағы өзара әрекетттері принципті өзге негізде жүзеге асырылады: модульдер көмегімен саналы сезілінген, мойындаған оқып үйренушінің алдын-ала дайындық деңгейімен қамтамасыз етіледі.
Модульді оқытудың жетістігі педагог пен оқушы арасындағы екі жаққа да өзар тең қарым-қатынасты сақтауымен айқындалады. Модульді оқытудың теориясы жалпы дидактикалықпен тыгыз байланысты арнайы ерекше принциптеріне негізделген. Олар заңмен бекітілген ғылым заңдылықтарына сай тәртіп пен әрекеттің негізгі ережелеріне сай басшылыққа алынатын идея болып келеді.
Модульді оқытудың жалпы бағытын, оның мақсатын, мазмұны мен ұйымдастыру әдісін мынадай қағидалар айқьшдайды: модульділігі, оның оқыту мазмұнынынан ерекше элементтерін бөлу, жылжымалылығы, өрістеуі, білімінің әрекеті мен білімінің әрекеттілігі, олардың икемді жүйесі, нанымды болашақтығы, жан-жақты әдістемелік кеңес берілуі, екі жаққа да тең болуы. Әрқайсысына тоқталып өтсек:
Олардың біріншісі оқу тәсілін айқындайды, оның мазмұны мен ұйымдастырушылық түрі мен әдісі негізіндегі көрсетілген оқыту тәсілін айқындайды. Оқытудың осы принципіне сай жеке қызметтік желісі - модулімен нақты дидактикалық мақсатқа жетуге арналуымен құрылады. Бірақ ғалымдар бұл принципті түрліше түсінікте жүр. Оқытудың бастапқы даму кезеңінде АҚШ-та сонымен қатар Англияда әрбіреуін жеке оқытудың жиынтығынан алынып, бұл ілім тұжырымдалады. Модульді оқытудың мұндай тәсілінде біздің пікірімізше оқыту әдісімен "пакет" теңестірілді. Жаңа оқытудың түрін одан әрі дамыту барысында модульдік принципті, қағиданы түсіну ұлғая түсті. А. А. Туцински дербес тап идеясының байқалуын дидактикалық каналдар бойынша табиғи білімге сай берілуін талап етеді. Б. Гольдшмид пен М. Гольдшмид модульдік қағиданы кең түрде қарап, оны оқып үйренушінің айқын бір мақсаттарға қол жеткізуіне көмектесетін жоспарлы оқу әрекетінің дербес өз бетінше қалыптасуымен жүзеге асуын қарайды.
Біздің жүргізген тәжірибелік және теориялық зерттеулерге сүйене отырып, модульдік принципті жүзеге асыру үшін мынадай педагогикалық ережелерді тұжырымдаймыз:
1. Әрбір оқушының алдына қойған дидактикалық мақсатқа жетуді толық қамтамасыз ететін оқу материалын құру.
2. Ол жеке модульдерден дидактикалық мақсаттар жиынтығына сай келіп оқытудың бірігей құрылымының білдіретін аяқталған блок болуы керек.
Оқу материалына сай белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған оқытудың түрлі түрімен формаларын үйлестіру қажет. Оқыту мазмұнынан ерекше элементтерін бөлу принципі модуль шеңберінде оқу материалын бірегей тұтастықпен үйлестірілген дидактикалық мақсатттарды шешуге бағытталған нақты құрылымдық модуль ретінде қарауды талап етеді. Бұл принцип бағдарланған оқытудағы оқу материалын жеке бөлу принципіне ұқсас, бірақ мәнді айырмашылықтары да бар. Бағдарлы оқытуда материалды кішігірім тығыз байланысты баяндалған түрде бөлу қажет, оларды міндетті түрде біртіндеп күрделі бөліктерге қарай өрістетеді. Әрбір элементтің алдында дидактикалық мақсат қойылып, ал оқыту мазмұны алға жетуді қамтамасыз ету көлемінде беріледі. Элементтері өзара байланысты да және дербес те болып келуі мүмкін. Жеке зерттеушілердің пікірі бойынша оқыту мазмұнының едәуір құрылымдағы бірқатар айырмашылығы болады. Дж. Россель оқыту мазмұнының ең кіші бірлігі реттерде нақты бір курстың айқын тақырыбын бөліп көрді, оны модуль деп атайды. И. Прокопенко мұндай бірлік деп дидактикалық мақсатқа жауап беретін оның элементі деп аталатын тақырып фрагментін есептейді. Мұндай тәсіл білімнің жүйелілік қағидасын жүзеге асыру үшін ең озық жағдайын құрады, ал Дж. Россельдің пікірі оның фрагментарлық меңгерілуін жоққа шығармайды. Оқыту мазмұнынан ерекше элементттерді бөлу принципін басшылыққа ала отырып, мынадай педагогикалық ережелерді ұстану қажет:
• Үйлестірілген дидактикалық мақсаттардан жеке мақсаттар құрылымын бөлу қажеттігі;
• Олардың әрқайсысының оқыту материалын толық қамтамасыз ететін жеке элементтеріне жетуі;
• Бір үйлестірілген дидактикалық мақсаттың жеке максатына жету үшін қызмет ететін элементтерінің жиынтығы бір модульді құрауы қажет.
Өрістеу қағидасы әлеуметтік тапсырысты ескергендегі модуль мазмұнының еркін өзгеруін қамтамасыз етеді. Ф. Кумбос білімнің әлемдік дағдарысының себептерін қоғамдық өмір жағдайы мен білім арасындағы болатын үзіліспен байланыстырды. Бұл жас ұрпақты сапалы дайындау барысына кері әсер етеді. Өйткені, ғылыми техникалық программаның жоғары қарқыны жалпы техниканың арнайы білімінің тез ескіруін жүргізеді. Кейде оқтын-оқтын жалпы ғылымдық білім құндылығына қайта қарауды талап етеді. Оқу материалдары ұдайы жыл сайын қайта қаралмай және жаңаруы тиіс. Күрделі жағдайлардың шығудың бір жолы оқу материалын құруды қамтамасыз етуде оның ауыспалы бөлімдерін бір-біріне тәуелді етпей тез өзгертіп, толықтырып оқу материалының жеке бөлімдерін дамытып отырудың өзі жеткілікті болады. Оқу материалдық мазмұнының тұрақты және өзгермелі мазмұнының арасындағы қайшылықты шешу динамикалық принципін жүзеге асырумен мүмкін болады. Оның педагогикалық ережелерін тұжырымдайық:
• Әрбір элементінің мазмұны және әрбір модуль жеңіл өзгеріп және толықтырылып отыруы мүмкін;
• Түрлі модуль элементтерін құрылымды түрде өзгерте отырып, жаңа модульдері құру мүмкіндігі бар;
• Модуль оның элементгерін тез өзгертуге боларлықтай формада берілуі қажет.
Білім саласының топтарында (орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында және дипломнан кейінгі білімде) оқып үйренушінің арасында әрекетті білімді қалыптастыру мәселесі туындады, ол мамандарды кәсіби дайындау деңгейіне кері әсер етті. Бұл қалыптасқан жағдайдан шығуды бір ғалымдар оқып үйренуі орындай алатын әрекет жүргізілуде немесе оқыту мақсатын тізім түрінде қолдану қажет дейді. Өзгелері былай деп санайды: мәселені шығармашылық тәсілмен шешуде шығармашылық өзіндік әрекетті тәрбиелеу үшін оқу әрекетін жаттанды нәтижеден әрекет әдісіне бағыттау қажет дейді, ол қойылған нәтижеге жеткізеді. Біз де әрекет түріне оқыту қажеттілігінен келісеміз. Модульді оқытуға әрекеттік тәсіл өте маңызды. Бірақ ол рецепторлық құрал ретінде болмауы қажет. Оның шектеулілігі метадологиялық түрде «технократтық» 1 педагогикалық ережесіне сүйенеді. Егер оқып үйренушілер дербес түрде өз бетінше ынта қойып, тапқырлықпен білімдерін қолдана білген жағдайда қарқынды білім ала алады. Әрекетті және оперативті білім жүйесі жайлы тек ептілік пен үздіксіз байланыс ретінде ғана сөз етуге болады. Мұндағы айтылайын дегені жалпы ғылымды, жалпы техникалық және арнайы білімдер жүйелі және ептілік дағдыны оқушы еркін түрде өз бетінше тәжірибелік әрекетінде қолдана білуіне де болады. Қаралып отырған модульдік қағидасы ең алдымен оқыту мақсатының қалыптасуына қолдау көрсетуге бағытталған оқытуды білдіреді. Педагогикалық ережесі қалыптастырсақ, білімнің қарқынды әрекетімен және жүзеге асыру ережесін басшылыққа ала отырып, олардың жүйесін басшылыққа ала отырып қарайтынымыз:
Модульдік оқытудағы мақсаттар әрекет әдіс-тәсілімен тұжырымдалуы қажет; қойылған мақсатқа жету үшін айлық немесе тәжірибелік әрекеттің логикасы бойынша модульдің пән аралық мазмұнын құру және пәндік мазмұнын құру; оқуға шығармашылық пен шығармашылықты қамтамасыз түрде білімді меңгерудің мәселелік тәсілі негізінде оқу ұйымдастыруы қажет; айқын түрде білімді бір әрекет саласынан екіншісіне ауыстыруы айқын көрсетілуі қажет; икемділік қағидасы модульдік бағдарламаларды оқушының жеке тұтынысын меңгеру жолы мен оқыту мазмұнына бейімделуі мүмкіндігін қамтамасыз етуімен құруды талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz