Допты екі қолмен төменнен қабылдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім
І. Волейбол техникасының үйрету әдістемесі
1.1. Волейбол ойнау техникасы
1.2.Ойынның негізгі ережелері
1.3. Волейбол ойынының тактикасы

ІІ. Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары
Зерттеу жұмысы
Әдістемелік нұсқау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.
Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
Спорттық ойын негізінен дене шынықтыруды дамыту қүралы болып
табылады. Сонымен қатар спорттық ойын материалдары студенттердің
психикалық процестерінің де дамуына (қабылдау, есте сақтау,
аңғарымпаздық, жылдамдык, тереңой, қиял және т.б.) көпжақты әсер етеді.
Ойын материалы студенттердің қызығушылығы мен ішкі сезімін
дамытудың жақсы құралы және мүмкіндіктерінің дамыту әсері болып
табылады. Бұл тұрғыдан алғанда ойын материалын оқыту өздігінен
спорттық ойындармен айналысуына да әсер етеді.

І. Волейбол
1.1. Волейбол ойнау техникасы
Спорттық ойын негізінен дене шынықтыруды дамыту қүралы болып
табылады. Сонымен қатар спорттық ойын материалдары студенттердің
психикалық процестерінің де дамуына (қабылдау, есте сақтау,
аңғарымпаздық, жылдамдык, тереңой, қиял және т.б.) көпжақты әсер етеді.
Ойын материалы студенттердің қызығушылығы мен ішкі сезімін
дамытудың жақсы құралы және мүмкіндіктерінің дамыту әсері болып
табылады. Бұл тұрғыдан алғанда ойын материалын оқыту өздігінен
спорттық ойындармен айналысуына да әсер етеді.
Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге
түсетін спорттық ойын болып табылады. Ойынның мақсаты - қарсыластың
алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау және
қарсыласының осындай әрекетін болдырмау. Бұл үшін команда допқа үш рет
қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет қол тигізуге
құқылы).
Ойын допты қосумен басталады. Допты ойынға қосушы соғу арқылы
допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып
кеткенше немесе команда қате жібергенше ойналады.
Команда ойынға қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол
ұпайға ие болады және оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға
ауысады.
Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Залда
дайындалу (ойнау) барысында артық құралдардың барлығы (орындық, т.б.)
алаңнан 3 м-ден кем болмауы және жеткілікті жарық болуы керек.
Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық
сызықтардың ені - 5 м. Ортадағы сызық ойын алаңын әрқайсысының өлшемі
9х9 м болатын екі тең алаңға бөледі. Бұл сызық тордың асты арқылы бір
бүйірден екінші бүйірге жүргізілген.
Әрбір алаңда алдыңғы аймақ (зона) ортадағы сызықпен, шабуылдау
сызығымен шектелген. Шабуылдау сызығы ортадағы сызық белдеуінен 3 м
қашықтықта жүргізіледі.
Допты ойынға қостаын аймақ - бұл жақтау сызығының артындағы ені 9
м-лік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см-лік екі қысқа сызықпен шектеледі,
олардың әрқайсысы жақтау сызықтан 20 см қашықтықта жүогізіледі. Екі
қысқа сызық та допты ойынға қосу аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы
еркін аймақтың соңына дейін (3 м) созылады.

Тор бекітілетін бағандар бүйірдегі сызықтан 0,5 - 1 м қашықтыққа орнатылады.
Доп илеген жұмсақ теріден жасалған, дөңгелек болуы тиіс. Оның
бояуы бір түрден боялған және ашық болуы керек. Көлемі - 65 - 67 см,
массасы - 260 280 г.
Командада ең көп болғанда 12 ойыншы болады.
Волейбол ойнаушыларға мынадай гигиеналық талаптар қойылады:
тырнағы өспеген болуы, сондай-ақ сақина, сырғаларын шешуі керек.
Ойыншының қажетті киімі болуы қажет. Волейболмен жаттығу, үйрену
жекелей, топтық немесе командалық түрде ұйымдастырылады. Жеке
жаттығу, көбінесе волейболмен алғаш рет дайындалуды бастағанда, яғни
жекелеген техникалық әдістерді үйренуде қолданылады.
Топпен және командамен ойнауға мүмкіндік беруі - волейбол
ойынының кең көлемде тарауына әсер етіп отыр. Волейбол - командалық,
ұжымдық ойын, сол себепті жаттығушылардың ұжымдық қарым-
қатынастарын тәрбиелеп қалыптастыруда үлкен маңызға ие.
Ойын техникасы шабуыл техникасы (орын ауыстыру, допты ойынға
қосу, беру, шабуыл соққысы) мен қорғаныс техникасына (орын ауыстыру,
допты қабылдау, тосқауыл) бөлінеді.
Орын ауыстыру. Ойын барысында әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді
орындау үшін - ойыншы алаңда орын ауыстырулар жасайды. Мұндай орын
ауыстырулар қорғанысқа және шабуылға байланысты техникалық-
тактикалық әдістер жасағанда, өз орнын табу және шешім қабылдау үшін
қолданылады. Техникалық-тактикалық мақсаттағы орын ауыстыруларды
үйреніп, жетілдіруге қажет болатын жаттығулар:
* бір орында жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу;
* тізені көтеріп жүгіру;
* жүгірісті секірумен алмастыру;
* оң жақ және сол жақ бүйірге қарай жүгіру;
* арнайы белгіге дейін жай жүгіруді шапшаң жүгіруге алмастыру;
* допты еденге домалатып жіберіп, қуып жетіп тебу;
* орын ауыстырудан кейін кез келген бағытқа секіру;
* кез келген техникалық әдісті қайталау.
Қарсыласымен орындалатын жаттығулар:
* қашқан серігін қуып жетіп, оған қолды тигізу;
* допты алаңның ортасына қойып, әріптестер алаңның шетінде допқа арқасын беріп отырады, ысқырық бойынша екеуі де допқа қарай жүгіреді, допты әрқайсысы өзі иеленуге тырысады.

1.2.Ойынның негізгі ережелері.
Волейболды әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасында тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекераларының ішіне түсетіндей немесе қарсылас ойын ережелерін бұзып қабылдап, қайыратындай ретте бағыттайды.
Алаңның ұзындығы-18, ені-9 метр болып, тор арқылы 2 тең бөлікке бөлінеді.
Жарыс 3 немесе 5 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді (есеп 24:24 болып тұрғанда командалар бірінің екіншіден 2 ұпай артықшылығы болғанша ойнайды). Оқушылар жарысты көп жағдайда 3 партиядан тұрады.
Жасөспірімдер
13-14
жастағылар
үшін
15-16
жастағылар
үшін
17-18
жастағылар
үшін
Ер балалар
Қыздар
2 м 20 см
2 м 10 см
2 м 35 см
2 м 20 см
2 м 43 см
2 м 24 см

Допты екі қолмен жоғарыдан беру.
Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

Допты екі қолмен төменнен қабылдау.
Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.
Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп-доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.
Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.
Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.
Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

Допты төменнен тіке ойынға қосу
Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

Тіке шабуылдау соққысы
Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамала ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.
Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.
Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:
oo Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;
oo Шабуыл соққысын жасау;
oo Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);
oo Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;
oo Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;
oo Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);
oo Тордың маңындағы ұстағышқа(держатель) бекітілген допты соғу;
Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.

1.4.Волейбол ойынының тактикасы
Қарсыласпен қақтығыс кезіндетабысқа жету үшін ойын техникасы мен ойымшыларды ұйымдастыруды дұрыс мақсатта пайдалану қажет. Команда ойыншылардың ауызбіршілігі мен нақты байланысы ойыншыларды дұрыс таңдау мен оларды алаңда дұрыс орналастыруға байланысты.
Шабуылдаушы соққы техникасын шыңдау:
Әр түрлі әдістемелік оқулықтарда шабуылдаушы немесе шабуылшы
соққылар ұғымының еш айырмашылығы жоқ. Бірақ бұл екеу бір дегенді
білдірмейді. Қарсылас жаққа доптың ауысуынан кейінгі барлық іс -- әрекет
шабуылшыға жатады. Ал шабуылдаушы іс -- әрекет дегеніміз - тор шетінен
жоғары асатын іс-әрекет. Осыдан шығатыны, мысалы, доп беру шабуылшы
әрекетке жатқанымен, шабуылдаушы әрекетке жатпайды. Бұл бір қарағанда
маңызы аз жәйіт болып көрінгенімен, волейболды үйренудің алғашқы
сатысында үйренушілердің әр іс -- әрекетін саралауда маңызы зор. Мәселен
аяқтаушы іс-әрекет белгілі бір қауіп әкелуі тиіс, яғни шабуылшы іс -- әрекет.
Ал тордан жоғары орындалған іс-әрекетті айтар болсак, ол аса қауіпті болуы керек, бұл үйренушілерге қозғалыс қабілеттілігін, моральдік төзімділігін, жігерлілік қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік береді.
Оқыту әдістемелерінде шабуылдаушы соққылар тәсілін үйретуде аса
үлкен айырмашылық жоқ, оны үйрету мына ретпен жүзеге асады: жүгіру
барысындағы шабуылдаушы соққы, ауыспалы шабуылдаушы соққы,
бүйірден шабуылдау.
Тіке шабуылдаушы соққыны орындауда, үйренушілердің арнайы
қозғалыс қабілеттілігін дамытуына жоғары талап қойылады, әсіресе даму
деңгейінің жан -- жақты ептілігіне аса мән беріледі. Бұл ретте үйрету екі негізгі бағытта құрылады: жылдамдық пен күштілік қасиеттерін дамыту (секіру қабілеттілігі және динамикалық күші) және жан -- жақты ептілігі. Шабуылдаушы соққының техникасын үйрену аяқтаушы іс-әрекеттен басталады (соңғы күш -- жігер) - қолды сермеу және тұрған қалыпыңда допқа соққы жасау және бір орында екі аяқпен серпіліп жоғары секіру және жүгіру. Кейінен соққы жасау шарты қиындай түседі: орныңнан тіреусіз қалыпта (секіру кезінде) және бір, екі немесе үш адым қозғалғаннан кейін, әр түрлі биіктікте және қашықтықта доп қайтару, тосқауыл қоюшылар қарсыласқанда.
Жалпы дамыту жаттығулар:
Шабуылдаушы соққы орындау атлетикалық дайындықты, күштің жақсы
дамуын, жылдамдық қасиеттерін, икемділік пен ептілікті қажет етеді. Бұл
тапсырма көбіне дене шынықтыру сабағында шешіледі. Жалпыдамытушы
жаттығулар спорттық секцияларда үлкен колеммен және үлкен күшпен
орындалуы қадағаланады.
Осы жаттығу категориясының негізгі бағыты: қозғалыс мүшелерін қатайту,
оның ішінде тобык, тізе буындары, иық, қол буындары, қолдың күшін дамыту, аяқ, ұршық, бұлшық ет жылдамдығын қысқарту, икемділікті дамыту.
Жалпы дамыту жаттығуларын еш бір зат қолданусыз, доп арқылы,
гимнастикалық саты мен резеңкелі амортизатор арқылы, ауыр снаряд арқылы
және т.б. жасауға болады.
Дайындық жаттығулары:
Үйренушілерді шабуылдаушы соққы жасауға дайындау екі жағдайдың
шешілуі көзделеді: біріншіден, қозғалыс мүшелерін қатайту және қол мен аяқтың динамикалық күшін дамыту, екіншіден, әрекетті еске ала отырып, тірексіз қалыптағы (секіру кезіндегі) қозғалыстың координациялық кұрлымын тәрбиелеу. Бұл кезеңде серпілістің ерекше тэсілі анықталады. Секіру жатгығуларын орындау кезінде, үйренушілердің жүгіруден кейін екі аяқпен серпіле секіруге тез тоқтаусыз ауысуын қадалаған жөн.
8. Бір -- екі қадам жүгіре келе, тоқтаусыз екі аяқтап серпіле секіріп, аспалы
затты бір қолмен алу.
9.Гимнастикалық орындықтан ирелеңдеп секіру. Қолдың артқа - алға --
жоғарыға қарқынды қозғалысына назар аударылады.
10.Секіртпе тумбаға бірнеше рет қайталап секіру.Тумба биіктігі 40 -- 50
см.
11.Секіру қабілетін дамытушы жаттығулар: отырып тұрғанда
жоғары секіру, бір орыннан екі аяқпен серпіле ұзындыққа бірнеше рет
қайталап секіру, ауырлықты (доп, гантель, штанга, дене салмағының 13
дейінгі ауыр заттарды) пайдаланып жоғары секіру, штангамен отырып,
тұру жаттығуы (салмағы дене салмағынан 70 %) және т.б.
12. Секіртпе биіктігі 40-50 см. тумбадан секіру.
13. Допты қос қолдап бастан асырып секіріп лақтыру, тордан тыс және
тордан асырып орындау. Қалыпты жағдайда допты кеуде тұсында
ұстап тұру. Секіру кезінде, қолдың қарқынды қозғалысымен доп
бастың артына апарылады, омырканың кеуде бөлігі мен белі
майысады. Дененің қарқынды майысуы және қолды алдыға қозғалту
арқылы жасатын доп лақтыру. Лақтырудан кейін қол иықтан төмен
түспейді. Осына 1-2 қадам жүгіре отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Допты қос қолмен жоғарыдан беру
Тордан алыс берілген допты шабуылдай соғу
Аяқтары иық жалпақтығында
Волейболда допты берудің тәсілдері
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
Волейбол ойынының ережелері және төрешілік ету
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Волейбол алаңы
Команда құрамы және ойыншыны айырбастау
Денешынықтырудан дәрістер
Пәндер