Мекен ортасына бейімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Дүниетану сабағында жануарлар дүниесін оқыту әдістемесі

Мазмұны:

І. Кіріспе
Дүниетану сабағында жануарлар тақырыбын оқытудың маңызы

ІІ. Негізгі бөлім
а) Жануарлар әлемінің ерекшеліктері
ә) Жануарлардың түрлеріне сипаттама
б) Жануарлардың тіршілігі мекен ортасына бейімделуі
в) Қазақстан жеріндегі жануарлар және оларды қорғау

ІІІ. Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары
Зерттеу
Әдістемелік нұсқау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жануарлар
Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды
зерттейтін ғылым - зоология. Жануарлар әлемі - Zoa немесе Animalia. "Zoon
" - грек тілінде жануар деген сөз. Жануарлар – тірі организмдер
дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және
сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен
қоректенетін гетеротрофты организмдер. Олар тірі организмдердің тіршілік
ететін аймағының ерекше қабаты - биосферада кең тараған.
Жануарлардың бағдарлануы – жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету
қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың
бірнеше түрі бар: 1) оптикалық – көптеген жәндіктердің полярланған жарық
немесе ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы; 2) химиялық – кейбір
жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мысалы, жібек көбелегінің
аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді); 3) акустикалық – жыртқыш
жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ кеміргіштерді
15 – 20 м-ден сыбдыры арқылы біледі); 4) терморецепция – жылу арқылы
бағдарлану (мысалы, айдаhарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында
жылуды сезетін шұңқыры болады). Көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздар
(мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар
және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал
балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану
ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін
маңызы зор. Жануарлардың дауысы – бір түрге, кейде әр түрге жататын
жануарлардың өзара бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін
шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсыз
қосмекенділерге (құрбақа, бақа), кейбір бауырымен жорғалаушыларға
(жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен
сүтқоректілерге тән. Жануарлардың дыбыс диапазоны 20 Гц – 20 кГц аралығында
және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана пайда болатын дыбыс
(шаянтәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу
қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр
бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу
қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау,
қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын әр түрлі
дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян
келтіретін құстарға, жәндіктерге, т.б. кейбір хайуанаттарға қарсы
пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы, Қазақстан
орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық
әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда. Жануарлардың жүзуі –
жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және
шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әр түрлі
жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары,
қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден,
судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп
тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып екі түрге бөлінеді.
Активті түрінде түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар –
кірпікшелерін, шаянтәрізділер – мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат
және құндыз – аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар
денесін әр түрлі иіп (балықтардың көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер,
барлық қосмекенділердің дернәсілі, жылан, сүлік т.б.), қозғап жүзеді.
Жүзуге бейімділік сүтқоректілердің де арасында байқалады. Мысалы,
камшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың
бармақтарының арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды.
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі – жеке организмнің тіршілік үшін күресте
сақталуына, ұрпақ қалдыруына көмектесетін морфологиялық, физиологиялық және
этиологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық қорғаныш бейімділігі – бүркеніш
реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б.
Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс
(қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне
қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі – физиологиялық бейімділігін
көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына
ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын
дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі – этиологиялық бейімділігін
көрсетеді. Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы суық және қоңыржай
аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап
шығудағы негізгі қиыншылық – қорегін табудың қиындауы, қорек қорының
азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар,
құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады.
Жануарлар бүкіл жер шарында –құрлықта, тұщы сулы тоғандарда, теңіздер
мен мұхиттарда мекендейді. Жануарлар тіршілік ететін жердің
айналасындағылардың барлығы мекен ету ортасы деп аталады. Су жер бетіндегі
ауа және топырақ болып бөлінетін негізгі үш мекен ету ортасы бар. Мекен ету
ортасына сәйкес онда тіршілік ету жағдайлары ажыратылады. Жануарларға
әсерін тиетін жағдайлар орта факторлары деп аталады. Оларды өлі және тірі
табиғатқа сондай ақ адамның әрекеті нәтижесінде пайда болатын факторларға
айырады.
Температура, ылғалдық,жел және т.б – өлі табиғат факторлары. Мысалы,
көптеген жануарлардың таралуы жарық пен температураға байланысты. Жер
бетерді мен ылғалдылық факторлары онда мекендеген жануарлармен өсімдіктер
бірлестігінің түзілуіне әсер етеді.

Жануарлардың құрылысы мен тіршілігін , шығу тегін жануартану зерттейді.
Жануарлардың 2млн астам түрлері бар. Сондықтан жануарлардыңда жүйелң
топтары да болады. Жануарлар дүниесі жануарлар дүниесінің тармағынан,
типтен, класстан, отрядтан, тұқымдастардан, туыстардан, туыстан тұрады.
Жануарлар дүниесінің тармағы тек екеу ғана: қарапайым бір жасушалы
жәндіктер мен көпжасушалы және жануарлар . бұлардың негізгі айырмашылығы
мынада: қарапайымдардың әрбір жасушасы өз алдына жеке ағза болып табылады.
Көп жасушалы жәндіктер ағзасы жасушалардан құралып, олар әр түрлі қызмет
атқарады, кейбір жасушалар қорғаныш қызметін атқарса, ендібіреулері қорек
тауып оны қорытуға қатысады. Бұл жасушалар ағзадан тысқары өмір сүре
алмайды. Бір жасушалы және көп жасушалы жануарлар дүниесі тармағынан
жануарлар дүниесі құралады. Жануарлар дүниесі барлық жануарларға тән
мынандай белгілер негізінде ерекшеленеді. Органикалық заттармен, әдетте
тірі ағзалармен қоректенеді; жасушасында сыртқы тығыз қабықша болмайды;
көбінесе ширақ қимылдауға биім келеді.

Жануарлар әлемінің ерекшеліктері

Дүниетану пәні бойынша базалық білім мазмұны.
Жануарлар:
Сүтқоректілер, құстар, балықтар, қосмекенділер,
бауырмен жорғалаушылар, бунақденелілер. Жануарлар тіршілігінің маусымдық
өзгерісі. Жануарлардың көбеюі. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар:
жылу, жарық, су, қорек, баспана т.б. Жануарлардың тіршілік ортасына
бейімділігі, қоректенуі.
Адам, өсімдік, жануарлар арасындағы байланыс.

Жойылып бара жатқан жануарлар.
Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген жануарлар.
Жануарлардың көптүрлілігі.
Қазақстан жануарлары: шалғын, дала, шөл, орман – тоғай, су қоймасы, таулы
жерлер жануарлары. Жануарларды қорғау. Қорықтар.

Білім:

-жануарлардың – тірі ағза ретіндегі белгілері

-жануарлардың тіршілігене қажетті жағдайлар; жануарлардың тіршілік
ортасына икемделуі;

- жануарлар тіршілігінің жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісі;

- жануарлардың көптүрлілігі;

-Қазақстан жануарлары;

-жануарлар тіршілігіне маусымдық өзгерістің тигізетін әсері;

-жануарларды сақтау, қорғау үшін жасалған қорықтар жайында білуі тиіс.

Білік:

-жергілікті жануарлар тіршілігін бақылауы, олардың түр-түсін, қоректенуін,
тіршілік әрекетін қысқаша сипаттауы;

-жыл мезгіліне байланысты бунақденелер тіршілігінің өзгерісін бақылауы;

- бақаның дамуын бақылауы, оның даму кезеңінің суретін дәптеріне салуы,
қысқаша баяндауы.

-көктемгі, күзгі, қысқы, жазғы құстар тіршілігін бақылауы, байқағандарын
ауызша айтуы;

-үй жануарларының тіршілігін бақылауы, оны жабайы аңдар тіршілігімен
салыстыруы;

-бақылау арқылы жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды байқауы;

-тіршілік ортасына қарай жануарлардың қорғаныш бейімділігін ажыратуы;

-Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы мағұлматтар жинауы, жануарлардың
суретін дәптерге салуы;

-жыртқыш аңдардың дене бітімінің ерекшелігін ажыратуы;

-Қазақстанның табиғи аймақтарындағы жануарлардың түріне сипаттама беруі;
Қазақстанның өзен-көлдерінде кездесетін балық түрлері туралы әңгімелей
алуы тиіс.

Пән бойынша оқу жүктемесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес Дүниетану оқу пәнінің
апталық жүктеме сағаты:
1 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
4 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

1 сынып Дүниетану
Жануарлар әлемі
Сүт қоректілер
Бунақденелілер
Қосмекенділер және жорғалаушылар
Балықтар
Құстар

2-сынып Дүниетану
Жануарлар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
Жануарлар қалай қоректенеді?
Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген?
Құстардың алуан түрлілігі
Құстар қалай өсіп өнеді?
Жануарлар қалай өсіп өнеді?
Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.

3 сынып
Жануарлардың тіршілік ортасы
1. Мекен ортасына бейімділігі
2. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
3. Жануарлар дүниесін қорғау

4 сынып
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары

1. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары
2. Шалғын өсімдіктер мен жануарлары
3. Дала өсімдіктері мен жануарлары
4. Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары
5. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
6. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау
7. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
8. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау

Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс)
қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады. Арқар, таутеке,
елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс түсісімен қары жұқа,
шөбі мол жерлерге қоныс аударады. Сүтқоректілердің кейбір түрі (сарышұнақ,
суыр, жайра, т.б.) қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс
алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап
шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне
қарай 2 топқа бөлінеді: 1) эвритоптық жануарлар – әр түрлі жағдайларда
тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыр, түлкі, қарға, т.б.). Бұлар көп
тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі;
2) стенотоптық жануарлар – белгілі бір жерде ғана тіршілік ететіндері
(мысалы, тек құмды жерде кездесетін тараққұйрық сарышұнақ немесе тек таза,
тұнық суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше биотопта
тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға ұя салады
да, өзен-көлге барып жемін аулайды. Жануарлардың әр түрлі биотопта
мекендеуі олардың белгілі бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның
дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді
мекендейді. Жануарлардың ұшуы – организмдердің тіршілік ортасына
бейімделуінің бір түрі. Ұшу (жәндіктерді есептемегенде) өте ертеде тіршілік
еткен ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан бастап байқалады. Жоғары
сатыдағы омыртқалылар арасында ұшуға жақсы бейімделгендері – қырлытөсті
құстар. Сүтқоректілерден тек жарқанат қана ұшуға жақсы бейімделген.
Сүтқоректілердің ішінде қалқып ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар).
Жауынан қорғану үшін ұшатын балықтар да кездеседі (мысалы, ұшқыш балықтар).
Ұшу жануарлардың эволюциялық дамуында олардың әр түрлі тіршілік ортасына
бейімделуінен пайда болған. Жануарлардың қоныс аударуы (латынша mіgratіo –
қоныс аудару) – тіршілік еткен ортасының өзгеруіне немесе көбею кезеңіне
байланысты жануарлардың мекен ауыстыруы. Бұл тұрақты (маусымдық не
тәуліктік) және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен ауыстыру
тіршілік мекеніндегі жағдайдың әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың
көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасының кенет
нашарлауына байланысты болады. Жануарлардың қоныс аударуы сүтқоректілер,
құстар, балықтар және жәндіктер арасында жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс
аудару жолын, көбінесе, оларды таңбалау арқылы білуге болады. Жануарлардың
ұйқысы – жылы қанды жануарлардың қолайсыз жыл мезгілдеріне бейімделуі. Бұл
кезде олар інінде, ағаш қабығы астында, топырақ арасында жатып, денесіне
қоректік заттар қорын (салмағы 30 – 40% май болады) жинау арқылы тіршілігін
жалғастырады. Жануарлар ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы,
жарқанаттар, колибр, т.б.); 2) маусымдық – республикамыздың шөл, шөлейт
аудандарындағы сүтқоректілердің (мысалы, зорман, суыр, сарышұнақ, т.б.)
жазғы ұйқысы қысқы ұйқыға жалғасады, сөйтіп олар ұзақ ұйқыға кетеді.
Жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуінің бірнеше себептері бар. Оның бірі ауа
райының суықтығына немесе шілденің ыстығындағы қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ
ұйқыға кеткенде жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілердің дене
температурасы 5 – 7°С-қа дейін төмендейді. Бірақ организмде баяу да болса
физиологиялық процестер жүріп жатады; 3) ретсіз – жануарлардың тіршілігінде
кенеттен пайда болған қолайсыз жағдайдың салдарынан ұйқыға кетуі (мысалы,
ақтиін, жанат ит, қарлығаш, т.б.). Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің
жетіспеуіне де, денесінен шыққан түрлі улы заттар әсеріне де, жұқпалы
ауруларға да төзімді келеді.
Жануарлардың түрлеріне сипаттама





Қазақстандағы сүтқоректілер класы

Балықтар - омыртқалы жануарлар.
Желілілер типіндегі жоғары сатылы жануарлар да омыртқа жотасы болады,
олай  жануарларды омыртқалылар деп аталады.
Балықта - омыртқалы жануар.Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және
жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан
балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.
Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар негізінде үлкен
топқа бөлінеді.
Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні
мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып
келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі
ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан,  тобан, тұқы, мөңке
тәрізділердің екі бүйірі  қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде
тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып
кетеді.
Қосмекенділер- суда да, құрлықта да мекендейтін омыртқалы жануарлар.
Оларда екі-екіден аяғы және өкпесі болады. Олар өсімдіктердің әр түрлі зиян
кестерін жейді. Құрбақалар жалаңаш шырыштарды, жасыл бақалар масаларды
жояды. Зертханаларда бақалармен тәжірибелер өткізіледі.
Бақа – батпақта, ылғалды орманда, шалғында, тұщы сулы тоған
жағалауларында немесе суда тіршілік етеді. Бақалар бунақденелілермен,
қосқанаттылармен, өрмекшілермен, балық шабақтарымен қоректенеді. Күз
түсісімен қыстауға кетеді, мұз қатпайтын су қоймалар түбінде, өзендермен
жылғалар басында он-оннан, жүз-жүзден топтасып шығады.
Құрбақа – терісі бұдыр – бұдыр болады. Артқы аяқтары қысқа. Олар су
қоймаларынан алысырақ мекендейді, тек көбею кезінде ғана суға барады.
Тритон – құйрықты қосмекенді.
Бауырмен жорғалаушылар
Жорғалаушылар - терісін құрғақ мүйізді қабыршақтар жауып тұратын
омыртқалы жануарлар.
Кесіртке – далада, орманда мекендейді. Жасыл – қоңыр немесе қоңырлау
реңі болады. Түнде індерде, тастардың астында жасырынып жатады, күндіз
бунақденелермен қоректенеді.
Қабыршақты жорғалаушылар – жыландар кемірушілерді жойып пайда келтіреді.
Жылан уы медицинада дәрі – дәрмек жасау үшін пайдаланылады.
Тасбақалар. Олардың сүйекті – мүйізді немесе сүйекті терілі сауыттары
бар. Сауыты қамқаның жалпақ сүйектерінен құралған. Кейбіреулері суда,
құрлықта тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді, қыста және қоректенетін
өсімдіктері қурап кетсе ұйқыға кетеді.
Қолтырауындар – өте ірі жануарлар, жақсы жүзіп, сүңгиді балық және су
жануарларымен қоректенеді.
Бунақденелілер классы – өте көп, олардың адам өмірінде
маңызы зор. Табиғатта жиі кездесетіндер – қоңыздар. Бірінші тобы
жәндіктермен қоректенеді. Оларды өсіріп өсімдіктерге зиян келтіретін
жәндіктерді жоюға бақшаға жібереді. Екінші тобы іріп – шіріген өсімдіктер
мен жануарлар қалдықтарымен қоректенеді, олар табиғатты тазалайды: өлексе
қоңыздар. Үшінші тобы өсімдіктердің бөліктерін жейді: зауза, колорад
қоңызы. Жер бетінде қоңыздар 300 мыңнан астам.
Инелік – қомағай жыртқыш, ол шыбын, маса, соналарды жейді. Тарақан,
шегіртке, қандала, бит, бүрге деген сияқтылар – бунақденелілер. Бүргелер
үйде болады, адамды ығыр ететін паразит. Егеуқұйрық бүргелері қауіпті ауру
– оба қоздырғыштарын тасымалдайтын жәндіктер.

Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі

Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі
ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-
ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың
кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік
етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі
тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит құрттар мен кенелер
жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай
орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді;
ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала
тышқандарын аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы.
  Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік
ететін жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы, бақалар – суда да, құрлықта
да; ал дала тышқандары топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік
етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы, мұнда
оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.
  Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы
жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай
нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың мекен ортасы дейді.
Мысалы, ормандағы қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен
ортасы болады. Бұл мекенде тиіннің сүйікті азығы – бүр жеткілікті,
саңырауқұлақ та көп; тоңса – паналайтын, қорықса – тығылатын, ағаш
діңіндегі қуыстар – баспана болып табылады.
Әрбір мекен ортаны жануарлардың көптеген түрлері қоныстанады.
Таулы маңайда .Қасқыр-адамға бала кезден таныс.Ертегілерде орынсыз ақылсыз
етіп көрсетеді.Негізінде қасқыр-күшті,батыр,ержүрек,ақылы мен айласы
түлкіден де асып түседі.Денесінің ұзындығы 100-130см,салмағы 20-35 кг.15-16
жыл өмір сүреді.Қазақстанда қасқырды жыл сайын атуға рұқсат етілген,бірақ
түгелдей жоқ қылып жіберуге болмайды-олар табиғат санитары.
Бүркіт-өте ірі,қанатының құлашы 225 см,салмағы 6кг.Қауырсын түсі
қоңыр.Балаларының құйрығының түбі мен саусақ қауырсындары ақ түсті,есейе
келе жоғалады.Ұясын құздарға,
ағаштарға салады.Аналығы жұмыртқасын 1,5 ай басады,жылына 1 рет
жұмыртқалайды.
Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп есептейді.Бүркіттер қоян,түлкі т.б
аулайды,жақсы үйретілген бүркіт қасқырды да алады.Бүркіт біздің еліміздің
көк байрағында бейнеленген.
Қыран бүркіт қазақ халқында еркіндік,бостандық сүйгіштікті,сұсты кейпі күш
пен қуатты көрсетеді,қырағы көзімен елдің тыныштығын қадағалап
тұрғандай.Барыс денесінің ұзындығы 225-250 см, салмағы 40 кг,терісі
теңбілді мысық.. Мәңгі қарлы тау басында тіршілік етеді.Қыста қоректену
үшін төмен түседі. 15 жыл өмір сүреді..Олар қоян, кекілік,ұлармен
қоректенеді.Өзінің күштілігі мен ептілігіне байланысты барыс үнемі
аңыз,ертегі кейіпкерлері болады.Біздің мемлекетіміздің белгісі.Өте сирек
кездесетін аң, Қызыл Кітапқа тіркелген.
Үй жануарлары
Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп түсінідіріледі. Түйе
атасы - Ойсыл қара , сиыр атасы – Зеңгі баба, жылқы атасы – Қамбар ата, қой
атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек ата дей отырып, қазақ атамыз түйе-
байлық, қой- мырзалық, ешкі – жеңілдік, жылқы – сәндік, сиыр – ақтық деп,
төрт түлік малдың қадір қасиетін білген.Мысалы сиырлы кісі-сыйлы кісі,
түйелі кісі - күйлі кісі, көшпенді елге түйе қол, жылқылы елге – бие қол
деген екен.Төрт түлік бойында болатын жақсы қасиеттің бәрі түйе малының
бойынан табылған. Мысалы: түйесі бардың – киесі бар, көтерем деп түйеден
безбе –салтанатың емес пе?
Тебеген деп биеден безбе – қос қанатың емес пе деген.
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мал
шаруашылығының саласы. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл – көсір
деген. Мүшелік жыл санауда қой сегізінші жыл.
Сиыр мүшелдік жыл санауда – екінші жыл. Сиыр еті, сүті, терісі адамға
пайдалы. Сиыр – бір үйдің асыраушысы бекер айтылмаған.
Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті
түлігінің бірі – жылқы. Көш көлігі, елді, жерді қорғау мақсатында қолға
үйретілген. Мысалы: адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды жылқы
мінезді деген. Жылқы – жеті қазынаның бірі.
Суда тіршілік ететін жануарлар
Қазақстанда аққудың екі түрі бар: сұңқылдақ және сыбырлақ. Салмағы 7 –
10кг, қанатының құлашы 1,5метр, аппақ, әсем мойны бар құстар. Сұңқылдақ
аққу мойнын тік ұстайды, ал сыбырлақ аққу мойнын иіп, тұмсығын суға
бағыттап ұстайды.Сұңқылдақ аққу ұран салғандай керней үнін шығарады,
сыбырлақ аққу даусынан дерлік айрылған, сыбырлап дыбыс шығарады, олар суға
сүңгімейді. Ұясын қамыс, қоға арасына салады
ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ
  Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік
беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы,
дүниетану пәнінен өздеріңе таныс көбелектердің бүркеніш реңі, қанқыздың
сақтандырғыш реңі – олардың тіршілігін сақтайтын бейімділіктері.
Орта жағдайларына бейімделу жануарлардың құрылысынан да, тіршілік
әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр
кесірткенің құйрығы үзіліп қалады. Шоршып, жыбырлап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар әлеміне саяхат
Жануарлар әлемі
Сүтқоректілер экологиясы
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру жайлы
Ауруға бейім жануарлар
Популяция құрылымы және таралуы
Басқару ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар
Бейімделушіліктің пайда болу жайы
Қой туляримиясы
Желі - керегені құрайтын ағаш
Пәндер