Қимыл қозғалыс ойындары туралы
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ.
Қимыл қозғалыс ойындары туралы
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері.
2.2 Балалардың өз беттерімен жасайтын қимыл-қозғалыс ойындары және қимыл әрекеттеріне басшылық ету.
2.3 Қимыл- қозғалыс ойын түрлері арқылы балаларды ерік жігер қасиеттеріне тәрбиелеу
ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.
3.1 Сабақ жоспары
3.2.Қимыл-қозғалыс ойындары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаты бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да - ойын әрекеті болып саналады.
Ойын - таным процесін дамытудың негізі болғандықтан, әрбір тәрбиеші - оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын - жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды, жақсы ойын да, жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рақатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойынында да белгілі бір дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды ойын деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
- ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.
- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық
және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оны өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған .
Жалпы, ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Қимыл ойындары баланың жүйке - психикалык дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимылды ойында ережелер ұйымдастырушы роль аткарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым - катынасын, баланың мінез - құлқын анықтайды.
Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай - ақ дене шынықтыру сабақтарының кұрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруга болады. Мысалы: Соқыр теке, Көкпар, Асық, Бәйге, Тақия тастамак т.б. ойындар жатады. Баланың бірінші даму кезеңі ойын аркылы жетіледі.
Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жургізіледі.Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, өйткені бала жәй дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: балалардың қимыл- қозғалыстарын жетілдіру, балаларды шапшаңдыққа, шыдамдылыққа үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу;
oo Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
oo Балаларды ептілікке, мықтылыққа баулу.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері.
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек
2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
3.Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз туі керек.
4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
* Ойын сауық;
* Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
* Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);
* Коррекциялық (өзін - өзі түзету);
* Әлеуметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынның негізін-әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері шығармашылықпен құрылып, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар, ережелері, көбінесе қарапайым ойындар құрайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары - мектепке дейінгі жастағы баланың сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.
Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды бөлігі екені сөзсіз. Бала ойынмен өседі - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол - сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке,шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай-ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.
Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентін талғамайды.
Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысқы күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады.
Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері жылы әрі қозғалуға ыңғайлы болуы керек.
Қимылды ойындар балалардыың өздерінің білімдері мен ептіліктерін ойындардың қүбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді. Қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі балаларды тәртіптендіреді, еркінділікке тәрбиелейді. Ойын мақсатына жету үшін қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білуді қажеттілігі өзіндіктің, инициативаның, жеке басының және басқа сапаларының қалыптасуына жағдай жасайды. Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіншілігі бар. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді айта жүріп ойнауларын қалыптастырады.
Белгілі бір сюжеті және белгіленген шарты бар қимылды ойындар анағұрлым күрделірек болады. Мұнда ойнаушылардың шығармашылық әрекеттері орындайтын рөльдеріне (Аққу-қаздар, Соқыр теке, және басқа) байланысты болады. Шығармашылық рольдік қимылды ойындардың шарты балалардың ойын кезіндегі мінез-құлықтарын реттейді,ойындардың өзінің жүргізілу барысын нақтылайды.
Өзге ойындарда бекітілген сюжет болмайды. Олар ойыншылардың әлдебір нақтылы қимылдық тапсырмаларды (Маған қуып жетіңдер, Шағынқақпаға қарай және басқа), әлдебір заттарды әрекеттерді (кегельдер, серсо, классы, бабки, шығыршық лақтыру), орындауларына негізделген.
Қимылды ойындар бала денесінің жан-жақты дамуына ықпал еткенмен, бағдарламада олар негізгі қимыл түрлері бойынша жүйеленеді: жүру, жүгіру, еңбектеу және өрмелеу; секектену және секірулер; лақтыру жәнеқағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі бағдарлау ойындары. Бұлайша болу педагогикалық міндеттерге сай жүктелетін ойындарды тәрбиешінің іріктеп алуын жеңілдетеді.
Ойындарды жоғары, орташа және аз қимылдылар деп бөлінеді. Қозғалғыштық дәрежесі баланың ойындағы қозғалыс интенсивтілігімен және оның белсенділігі мен, сондай-ақ ойында белсенді әрекет жасаушы балалардың санасына қарай анықталады.
3 жастағы балаларға арналған қимылдық ойындарды ұйымдастыруға ұсыныс.
Сәбилердің бірінші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болуы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына байланысты.
Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі. Ойындарды серуеннің әр кезінде өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастыру тиімді. Балалардың шағын тобымен және жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұймдастырған ойыны бүкіл топ ойынына өте жиі айналып отыратынын естен шығармау керек, өйткені үш жасқа аяқ басқан балалар коллективті қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді.
Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т.б.
Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны, әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен творчествосына байланысты. Сабақтарда үйренген ойын қимылдарын қайталау олардың жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет және ойынның мазмұнын, барысын, жетектеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.
Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты рольді орындау мен жиі ұштастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы балалар бұл міндеттерді жақсы орындап шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу барысын айтып отыруы өте маңызды.
Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі - ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдылғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіруі керек.
Мысық пен тышқан, Аю мен аралар, Сиыр мен шөп, т.б. қимыл қозғалыс ойындары ойналады.
4 жастағы балаларға арналған қимылдық ойындарды ұйымдастыруға ұсыныс.
Қимылды ойындарды үнемі қайталап отыру қажетті дағдыларды жетілдіруге және нығайта түсуге,ұжымды ойындардағы қозғалыстың оңай да еркін болуын жетілдіруге, ойын жағдайларындағы жақсы бағыттылыққа, басқа ойыншылардың әрекетіне жауап ретінде тез және ойлы түрде әрекет ете білуге көмектеседі. Ойынның ережелерін қайталап орындау, бұл сәбилердің екінші тобынан бастап, ерекше маңызды, баланың ойлау қабілетінің жетілуіне, оның ерік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі. Егер қайталау кезінде ойынның түрі біраз өзгертіліп, күрделендіріліп отырылса, қимылды ойындардың тәрбиелік және танымдық жағы күшейе түседі.
Балалардың белсенділігіне түрткі бола отырып, тәрбиеші олардан басты рольді кімнің ойнағысы келетінін сұрайды. Тәрбиеші жетекшілік еткісі келгендерді көтермелей отырып, балаларды рольге тағайындаудағы кезектілікті сақтауға тырысады. Сабырлы, ұялшақ балаларды белсендіреді, рольді орындауға көмектеседі. Тәрбиешінің қимылды ойынға тікелей қатысуы ойынның эмоциялылығын күшейтеді, тәрбиеші мен балалар арасында достық байланыстың орнауына және балалардың ұжымдық өзара қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді.
Жыланша ирелеңде, Қоян мен қасқыр, т.б. қимыл-қозғалыс ойындары ойналады.
5 жастағы балаларға арналған қимылдық ойындарды ұйымдастыруға ұсыныс.
Естияр тобы үшін қимылды ойындардың бірқатарының сюжеті мен рольдік образы болмайды. Бұл ойындар белгілі нәтижеге жетуге бағытталған баланың жеке іс-әрекетін қарастырады. Мұндай ойындардың шарты әдетте, қимылды орындау тәсілін анықтайды, бұларға қимылдың орындалу сапасын көтере түсетін жарыстардың элементін енгізуге болады. Тәрбиеші құралдарды, материалдарды дайындауға балаларды кеңінен қатыстырады. Тәрбиеші ойынға әзірлік жасау жөніндегі міндеттерді балалардың бәріне тең бөледі.
Естиярлар тобында жүргізушінің ролін тәрбиеші тек анда-санда ғана орындайды. Жыл бойына ол балалардың бәрін жүргізуші болуға үйретеді. Балаларды жүргізушінің орнына қоя отырып, тәрбиеші әр баланың ерекшелігін ескеріп отырады.
Тәрбиеші тактілі түрде балалардың пікірлерін бағыттап отырады, олардың дұрыс немесе бұрыстығын түсіндіреді, шағынуы мен даңдайсушылығын баса айтады, өз күштеріне сенімсіздерді көтермелейді. Тәрбиешінің назары жаңа буындардың санын көбейте беруге емес, қайта бұрыннан таныс ойындарды қайталау мен күрделілендіруге бағытталуы керек. Балалар олармен жүргізілген ойындарды игеруі және ұнатуы, жыл аяғында ең болмаса бірқатарының оларды құрдастарының шағын топтарымен өз бетінше білетіндей болуы керек.
Тәрбиеші балалармен бір түрлі ойынды 2-3 сабақта қайталайды. Содан соң біраз уақыттан кейін оған қайта оралады. Қайталаған кезде ойынның мазмұны мен ережелерін күрделендіруге, балаларды ұйымдастыру формасының түрін өзгертуге болады.
Эстафета элементтері бар қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылады: Кегілдерді құлату, Кім жылдам?, Кедергілерден секіріп өт, т.б.

Сәбилердің бірінші тобында қимыл ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болмауы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына байланысты. Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Жылдың суық кездерінде және жаңбырлы күндерде олар топ бөлмесінде немесе залда ұйымдастырылады. Алдын ала бөлменің ауасы тазартылады, еденді дымқыл шүберекпен сүртеді, фрагмуа немесе форточка ойын кезінде ашылып қойылады. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылдыойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі. Ойындардың серуенін, әр кезінде өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастырылуы тиіс. Балалардың шағын тобымен әжне жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұйымдастырылған ойыны бүкіл топ ойынына жиі айналып отыратынын естен шығармау керек,өйткені 3 жасқа аяқ баксқан балалар ұжымды қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді. Қимылды ойынға кірісудің формасы сан алуан. Кейбір балалар ойынның ойналуын бақылап тұрып өзі қатыспаса да, өзі қатысқандай зор қанағаттанылушылықты басынан кешіреді. Олар ойынның барысында эмоцилы көңіл күйдерін білдіреді, қосылып билейді, алақандарын шапалақтайды, қолдарын бұлғайды.өздерінің бірге қатынасып тұрғандарын білдіреді. Бірақ тәрбиешінің басқа балалармен бірге ойнаңдар деген ұсынына олар қанағаттанғысыз жауап береді. Егер тәрбиеші артықырақ талап етсе, олар үндемей, ойнап жатқандардан шеткерірек барып тұруы мүмкін.мұндай балаларға педагогтың өте нәзік қарым-қатынас жасауы керек. Еріксіз көндіру, асығыстық істеу жарамайды. Баламен үнемі араласу, еркелету, көңіл қою дұрыс нәтижелерге жеткізеді және бала өз ықыласымен ойнауға кірісіп кетеді.Фискультура немес музыка сабақтары өткен күндерде де бірінші қимылды ойындар серуен кезінде бәрі өткізіледі. Сабырлылау ойындар таңдап алады. Күннің екінші жартысысында әр түрлі қимылдардағы ойындар өткізіледі. Үш жасқа аяқ басқан балада ұжыммда арым-қатынас жасау дағыдысы дамыса да, бұл жастағы балалар көбіне жалғыз ойнауды жақсы көреді, ал қимыл жасауға арналған тапсырмаларды сабақ үшін ойындар қимылды ойындар деген бөліммен таңғдалып алынады тәрбиешімен
қосылып сүйсіне орындалады. Сондықтан тәрбиеші әрбір балаға жеке-жеке қимылдар жасатып, мезгіл-мезгіл олармен шұғылдануға тиіс: онымен доп ойнау, құрсауды айналдыру және т.б. бұл әсіресе ұялшақ, қорқақ,көңіліне алғыш балалар үшін өте маңызды. 2,5 жастан әрі қарай ойындарында баланың өз бетімен тырысуы бірте-бірте күшейе береді.үлкен адамдардың көмегінсіз оның өз әрекеттерінің нәтижелеріне қол жеткізулеріне тырысушылығы көбейе бастайды. Сондықтар қимылды ойындарды балаға өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік беру керек, әрине, бұл мүмкін де қауіпсіз болған жағдайда ғана болады.
Үш жасқа аяқ басқан балалардың қимылды ойындарының ерекшеліктері. Бұл жастағы балалардың ой өрісі тар, зейні тұрақсыз, сонықтан олар үшін қарапайым да оңай сюжетті ойындар ұйымдастырылады, ол ойындардың кейіпкерлері күнделікті өмірде жақсы таныс (мысық, құстар) немесе картинаны, ертегіні, ойыншықты,(аюды, қоянды, түлкіні) пайдалана отырып, олармен балғындарды таныстыру оңай.Бұл ойындағы ережелер қарапайым және сюжетпен тығыз байланысты.
Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т.б. Бұл қимылдар балаларға белгілі де оңай(жүгіру, жүру, тәне т.б.)
Сюжетінде балаларға таныс жаттығулары бар қимылды ойындар олардың ыстық ықыласын тудырады.
Мысалы, поезд ойынына денені тепе-тең ұстау жаттығулары жақсы өндіріледі. Ойын шамамен былай өтеді. Балалар поездбен саяхатқа шығады. Олар ікшкене ақ қайыңға келеді, вагоннан шығып, орман ішімен қыдырады, гүлдер жинайды,содан кейін үстінен кішкене бұлақ ағып жатқан, көпір салынған (еденде тақтай жатыр) көгал шалғынға қарай барады. Балалар оның үстінен бірінен соң бірі өтеді, екінші жағаға шығады. Қыдырғаннан кейін поездға оралады, вагонға отырады (орындықтарға); машинист ысқырықбереді, поезд жылжып кетеді. Балалар әндетіп үйге кетеді.
Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны,әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен шығармашылығына байланысты. Сабақтарды үйренгенойын қимылдарын қайталау олардың жетіле түсуін қаматамасыз етеді. Ойын кезінде барлық балалар бірдей рөл мен қимылдар орындайды. Ойынға бірнеше әр түрлі образдар кірістірілмейді. Бір
ғана жауапты рөл таңдалып алынады, оны алдымен тәрбиеші орындайды, одан кейін оны белгіленген бала орындайлы.
Бір ойында бала бірінен соң бірі жүгіре білуге тиіс немесе белгілі бір бағытта белгілі бір сигнал бойынша (Поезд) қимылды бастауға және аяқтауға тиіс, ал екінші ойында жұптасқан әрекеттерде (Ат) өз қимылын шамаластыруға, үшініші бір ойында- өз бетімен шеңбер жасап тұруға, бірдейленуге немесе (Көбік), (Ұядағы құстар) сингал бойынша өз орнын табу. Сөйтіп ойындарда бір қимылдың өзі түрлі құрылымда, әр түрлі жағдайларда қайталанады. Бұл-балдырғандардың қимиыл үйлесімдігін дамытуда маңызы зор, белсенділікке әжне өз бетімен үстеуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Тақпақ айту мен текстердегі қысқа да көркем сөз және сөйлеу тағы бір ойындарда олар балаларға қандай қимылдар жасау керектігін айтады, ойынның ережесін (Ақ қоян отыр , Менің зымыраған көңілді добым) ауыстыруға болады. Балғындардың ішінен біреуі мұндай ойынға қатыса отырып үндемесе және барлығымен бірге сөздерді айтпаса, мұның сөгеттігі жоқ. Кейіріек тәрбиешімен қарым-қатынаста мұны ол сүйіспеншілікпен орындайды.
Ойынға даярлық. Ойынды өткізу шарттарымен, онда пайдаланатын заттармен алдын ала таныстыру керек, қимылды орындауда мұндай алдан ала көңіл күйдің болушылығы тапсырмаларды орындауға баланың қуанышты та белсенді көзқарасын қамтамасыз етеді, өйткені бала оның негізгі ерекшелігі мен мәнін жете түсінеді. Бұл қимылдың дағдылары мен шеберліктерінің қалыптасу процесіне айтарлықтай ықпал етеді. Тәрбиеші баланың ойынға немесе жаттығуға қатысуға деген ықыласты көзқарасын оятады, сөйтіп, ол тапсырманың ойдан шығарылған қарапайым да қысқа сюжетін әдемілеп айтып береді, мұнда дауыс әуенін және күрделірек әрекеттерді баса айту, балаларды тапсырмаларды орындауға деген ықыластарын қамтамасыз етеді.
Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет: құралдар мен ұсақ заттарды таңдап алу, топты қайда орналастыруды, үйлердің, ұялардың қайда болатынын, жетекші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz