Сыр бойының жыраулық мектебі
2014ж
2014ж
XX Ғасыр Қазақcтан Композиторлары
әндерін үйрену
XX Ғасыр Қазақcтан Композиторлары
әндерін үйрену
Қазақ Ұлттық Өнер Университеті.
Халық аспаптар бөлімі
Дәстүрлі ән кафедрасы
XX Ғасыр Қазақcтан Композиторлары
әндерін уйрену
Жетекшісі: Жаңабергенова Элмира Манасқызы
Орындаған: 4 курс студенттері
Шабыт 2014
ХХ-ғасырдағы қазақ халқының кәсіби әншілік
мектептерінің әндерін үйрену.
1. Жалпы әншілік мектептер
1. Жетісу өңірінінің кәсіби жыршылық-әншілік мектептері
2. Сыр өңірінің жыршылық - әншілік мектептері
3. Батыс өңірінің әншілік мектептері
4. Маңғыстау өңірінің кәсіби жыршылық-әншілік мектептері
5. Арқа өңірінің кәсіби әншілік мектептері
Осы аталған әншілік-жыршылық мектептердің даму жолы мен өнер тудырған өлкенің тарихы және мектептің қалыптасуы жайында зерттелінеді. Және ХХ ғасырға дейінгі әнші жыршылар мен ХХ ғасырдағы орындаушылар . Өнердің жанашыр жалғастырушыларына тоқталады.
Кәсіби жыршылық-әншілік мектептердің әндерінен таңдап алып музыкалық талдау жасау.
1. Ән таңдау
2. Авторы
3. Мәтіні
4. Әуені Нотасы
5. Орындаушылары
6. Талдау
Ерекшеліктерімен айырмашылығы және ұқсастығы
7. Шығармашылығы мен өмір жолы.
1
Жетісу мектебі.
Халқының ұлт ретінде қалыптасқан мемлекеттігі мен елдігінің негізін қалаған жер болып табылады. Жалпы жетісудың тарихы жайлы айтар болсақ Іле, Шу, Талас, Лепсі, талғар, Күркілдек, Көксу, деген жеті өзеннен таралган екен. Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғасырда тарап сондай - ақ Тянь-шаньнің солтүстік батыс жане орталық аудандарыда қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырапта кірген. Жалпы биіктігі 2605м әр түрлі астық тұқымдар шөптер шыршалы ормандар өседі. Жетісу халық шаруашылығына жане мал жайлымына қолайлы болып келеді. Ең алғаш жетісудың кереметтігін жер жәнаты екенін Асанқайғы бабамыз айтқан екен. Қазақ халқында осынау киелі жетісу жерінен небір дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, жезтаңдай жыраулар шыққан. Мысалға айтар болсақ, сал , серілеріміз Сүйінбай Халкымыздың ұлттық мәдениетінде жетісу өңірінің алатын орны ерекше. Бұл қазақ , Жамбыл, Бақтыбай, Құлманбет, Сарбас, Бармақ, Үмбетәлі, Орақбай, Қарабек сияқты айыр көмей ақындар, Кебекбай, Сапақ, Ноғайбай, Бөлтірік, сияқты от ауызды орақ тілді шешендер, Қанадан, Байсерке, Бердібек сияқты дәулескер күйшілер, Даурен сал Қырмызы Жидебай Балқыбек Сауытбек сияқты жұртшылық өнеріне тәнті болған сал серілер, Ұлыбике Әлмен Ақкүміс Латипа Жаңылдық сияқты жез таңдай ақын қыздар осынау киелі Жетісу жерінен шыққан. Ат тұяғын тай басар дегендей осындай дүлділдеріміздің ізін асылдарымыздың сынығын бүгінгі ұрпақ Кенен Әзірбаев атамыз арқылы білді. Атамыз жайлы айтар болсақ Кенен Әзірбаев (1884-1976) - Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Мәтібұлақ деген өңірінде дүниеге келген.
Кенен жастайынан өнерге құштар болып өседі. Ата анасы Әзірбай мен Ұлдар да сауықшыл, ән жырға құштар жандар болған. Кенен қазақ халқының дәстүрлі өнерпаздығын тал бойына екі ғасыр жапсарына өткенмен бүгіннің арасына көпір болған санаулы саңлақтардың бірі. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі. Сондай-ақ, екі жүздей лирикалық , дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың
2
кенші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік,
ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы.
Әндері; Бастау, Көкшолақ, Бозторғай, Күлашқа; т.б.
Қапез Байғабылұлы.
Қапез Байғабылұлы Алматы облысы Кеген ауданы тоғыз бұлақ өңіріндегі Ақтоғай деген жерде 1896 жылы дүниеге келген. Ол жасынан әншілікке құмар болып өседі.ауыл молдасынан сауат ашып 15-17 жасында өзі кұралыптас Сауытақын жане Шаршікенмен бірге Стамбулға барып, діни оқу үйреніп қайтады. Жүрген жерінде мектеп ашып елді сауаттандыру ісімен айналысады. Әншіліктіде тастамайды оның Айхай, Дүние-ау, Қапездің әні, Меркі андері халық арасында кеңінен тарап кетті.
Әндері; Айхай, Дүние-ау, Меркі; т.б.
Жәлмендеұлы Пішән.
Жәлмендеұлы Пішән 1884 жылы дуниеге келген. Ол әнші, куйші, сері, саясаткер, өр мінезды өз заманының парасатты адамы болған. Пішән жайлы халық арасында аңыз ангімелер бұрыннан айтылып журседе кенестік саясатқа қарсы шыққан адам ретінде мұралары елеусіз қалған еді. Ол 1921 жылы большевиктердін қолынан қаза табады
Әндері; Қайша
Қосбасаров Әсімхан.
1916 жылы Алматы облысы Жанбыл ауданының Шолақ Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерге құштар болып Байбуырыл, Бармақ, Әмір, Әпежек, Құрама тәрізді ақын әнші жыршылардын көзін көріп айтыстарын өлең жырларын жатқа айтатын болган. Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі секілді жыр дүлділдері ән бұлбұлдарының қасында жүріп тәлім алады. Әсімхан Қосбасаров өзі де көптеген термет мақамдарын, жыр сарындарын, толғау саздарын ән әуездерін шығарған талант иесі.
3
Әндері; Қарт Жанбыл өскен жерінен
Мошанұлы Сәдіғожа.
Сәдіғожа Алматы облысы ұйғыр ауданындағы Кетпен тауының етегінде 1917 жылы дуниеге келген. Ол жасынан әнші атанған, әрі суырыпсалма ақындығымен де соңына өшпес мұра қалдырған талант иесі. Жетісу өңірі әншілік мектебінің алтын уығының бірі. Сәдіқожа әндері халықтық дәстүрмен тамырлас болғандықтан, ел жадында тез ұялап жатталып қалды. Ол қытайда ауған туыс-туғандарымен бірге жат жерге қоныс аударып, сол жақта 1946 жылы сүзек ауруынан қайтыс болады.
Әндері; Ахау айым, Ахау қалаулы ай, Ей ахау, Сары бидай; т.б.
Дәнеш Рақышов.
Бұрынғы Талдықорған облысының Панфилов ауданында 1926 жылы дүниеге келген. Дәнештің ата-анасы туған-туыстары Қытай жеріне амалсыздан қоныс аударады. 1959 жылы туған жеріне қайта оралған дәнештің қазақтың әншілік кампозиторлық өнеріне жаңа арна келгеніне бүгінде тарих куә. Әсеттің Үлкен ардақ Кіші ардақ Мақпал Қаракөз Қисмет Ақырғы сөз әндерін қазақ даласында қайта тірілткен Дәнеш. Әншілік әрі компазиторлық өнерде өзгеге ұқсамайтын ерекше дәстүрлі мектептің іргесін көтерген дарын иесі.
Сауданұлы Рыскелді.
1888 жылы Алматы облысы Кеген ауданының Тоғызбұлақ өңірінде өмірге келген. Туғаннан кейін қырық күн өткен соң көзі көрмейтіндігі белгілімболады. Табиғи дарынның арқасында көкірегі ояу, санасы сергек Рыскелді өсе келе әнші, ақын атанады. Ол өмірде болып жатқан құбылыстарға жете көңіл аударып, ел аузынан естігендерін өлең қып өрнектеп, әнге қосқан. Рыскелдінің жасасын мына совет жасатады Жамбылға Күлімқанға О дүниеге барғанда атты өлеңдерді мен Жайдарман Илигай сәулем Жан қалқа әндері сақталған. Ол
4
кеңестік идеологияның солақай саясатына қарсы болғандықтан түрмеге қамалған. Кіші Октябрь дүрбелеңі кезінде амалсыздан Қытайға қоныс аударады. Алайда тағдырға мойынсұнбай өнерден қол үзген жоқ. Рыскелді тамыршы коріпкел де болған адам. Өзінің дүниеден өтер күнін алдын-ала дәл айтқан. ОЛ 1943 жылы қайтыс болады.
Әндері; Жайдарман, Илигай сәулем, Т.Б
Шалтабай Алпарұлы.
Өзіне дейінгі Тазабек,Сауырық, Қожекелер тәрізді орыс патшасының отаршылдық саясатына Қарсы күрескен өз заманының батыры. Өзі секілді әмбебап үш жүз жігіт жасақтап патша әскерін әлсірету үшін астыртын шабуылдар ұйымдастырған. Сондай әрекеттері үшін 1871 жылы ұсталып, он жылға итжеккенге айдалады. Мерзімін өтеп еліне оралған соң, күрес жолын қайта бастайды.
Зікірияұлы Әкімхан.
1921 жылы Алматы обылысының Кеген ауданында дүниеге келген. 1937 жылы жас өнерпаздар байқауында жеңімпаз атанып, Қазақстаннан Мәскеу олипиадасына қатысқан екі әнші баланың бірі. Бірнеше рет айтысқа қатысқан ақын. Халық әндері мен өлеңдерін көп біледі. Сонымен Қатар өз жанынан ән де шығарады. Жамбыл ата жамбыл жырлайды сияқты әндері бар. Бүгінгі таңда Алматы обылысының Еңбекшіқазақ ауданында тұрады. Мінекей осындай бабаларымыздан кейін бугінгі таңда осы жетісу әндерін халыққа кеңінен насихаттап журген аға-апаларымыз да айта кетер болсақ, Олар.
Әндері; Жасайды қазақ, Жамбыл ата
Төрткен Кененқызы.
Төрткен Кененқызы 1936 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған. 1955 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Оқу бітірген соң 15 жылдай орта мектептерде ұстаз, 1975 жылдан бастап, Алматы облысы Іле ауданында халық ағарту, мәдениет орындарында қызмет істеген.
5
Алтынбек Қоразбаев.
Алтынбек Қоразбаев 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған. Алтынбек жетісу әндерін насихаттап журген ағаларымыздың бірден бір өкілі деп айтсақ артық болмас.
Тағыда бір айта кетерлік жай ең алғаш Жүсіпбек Елебеков атында Музыкалық Цирк колледжісінде 1988 жылы дәстүрлі ән мектебі ашылады .Сол жылдары Жәнібек Кәрменов Қайрат Байбосынов ағаларымыздың ықпалымен 1992 жылы Ержан Косбармақ ағамыз алғаш Жетісу мектебін ашады бугінгі таңда осы мектептен дәріс алып білімімен сусындап шыққан ұлағатты ұстаздарымыз Ақан Әбдуәлі Тілеулес Құрманғалиев Ардақ Балажанова сияқты елімізге еңбек етіп жүрген өнер майталмандары арқылы бүгінгі жастарымыз жетісу өңірінің әндерін кеңінен танып білуде. Мінекей елім жерім деп танбай, талмай еңбек етіп жүрген осындай ағаларымыз барда тыңдаушы көрерменім барда Қазақ халқының дістүрлі ән өнерінің шырқау шыны алда.
Қолданған мағлұмат; жетісу әуені
6
Сыр бойының жыраулық мектебі
Қармақшы өңірінің жыр мектебі
Қармақшы атауы 15 ғасырдан бастау алған. Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар Қармақшы өткелі деп атаған.
Ежелгі сырдария бойы б.з.д. алғашқы мыңжылдықтарда адамзат өркениеті тіреп орныққан қасиетті мекен екені тарихтан белгілі. Түбі бір Түркі халықтарының Сырдария бойына тоғыз тарау жол мен тоқсан тарау тағдыржетегінде ат басын бұрмағаны кемде кем. Барлық ұлт пен барлық жастағы адамдардың жүрегіне жол табатын мәңгілік тақырыптардың бірі дәстүрлі ұлттық өнерлесек қателесе қоймаспыз. Рухани байлықтың таусылмас кеніне, кәусәр бұлағына айналған жыраулық дәстүр тарихшылар мен археологтардың, филилогтар мен этнографтардың фольклористер мен музыканттардың назарынан тыс қылмай келе жатқанына таңғалуға болмас. Сан сапалы қазақ өнерінің көп қырлы, синкреттік өнері жыраулық дәстүрдің көмейімен жырлау үлгісі алтай, тува, якут, өзбек, әзірбайжан, түркімен, т.б. көптеген ұлттардың яғни, түркі тектес халықтардың барлығына ортақ. Қазақ ауыз әдебиетінің інжу маржандары саналатын батырлық жыр, дастандарды дәстүрлі мақам, саз, әуенімен оқытып, әр аймақтың атадан балаға мирас жыршылық, жыраулық мұрагерлік сипатта дамып, қасиетті өнердің алтын тін, арқау жібін үзбей бізге жеткізді Сыр бойында сақталған.
Орхон Енесей ескертккіштерінде (V-VIIIғғ) сына тасқа қашап жазылған Тоныкөк пен Күлтегінге арналған мадақ жырларымен VIII-IX ғасырлардағы Қорқыт Атаның даналыққа толы абыз жырлары адамзат мәдениетінің ортақ мұрасы. Сөз өнері мұрасы - әлем өркениеті кеңістігіндегі адамзат ұрпақтарының мыңдаған жылдар бойы жан дүние әлемін адамгершілік - имандылық ұлағатымен байытып келе жатқан рухани құндылық қазынасы. Сөз өнері мұраларының шағын үлгілерін де, үлкен көлемділерін де әуелі туындатушылар - ақындар. Ақындар адамдардың өзара қарым-қатынастарындағы үндестіктерді де, қарама-қайшылықтарды да шығармаларына арқау етті. Осы арада айрықша атап көрсетер нәрсе Сыр бойы ақындары мен жырауларының бәрі дерлік бабаларымыздан мирасқа қалған асыл мұра - қос 2-ішекті қасиетті домбырамен қосыла толғанып, нөсерлете жыр төгіпті. Тағы бір ерекшелігі - Сыр бойы ақындары өлеңді ермек үшін, күн көрістің қамы үшін шығармаған. Бұлар өлеңді - өнердің пірі
7
тұтып, басқа қонған бақ, абырой санап, оны әруақтай құрметтеп, табиғат сыйлаған талант қуатымен аламан бәйгеге қосқан тұлпардай бір-бірімен жарысып, жақсы өлең туындату жолында өзара жыр додасына түскен. Осылайша арқалы ақындардың әрқайсысы жыр бұлағын көктемгі өзендей тасқындатқан. Міне, осы күнге дейінгі өлең жырлары үлгі болып келе жатқан Сыр сүлейлерінің дүрі туралы айтпақпын. Қазақ даласындағы жыраулық дәстүрдің тарихи бастауы болып өлшеуі жоқ өлмес мұраға ие болған кешегі Сыр сүлейлері Тұрмағамбет, Жиенбай жырау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Оңғар жырау, Сәрсенбай жырау, Шамшат Төлеповалар, бүгінгі Қали Шыңғысов, Алмас Алматов, Б.Рүстембеков тәрізді таланттар халық арасынан шығып, халқын әнмен, жырмен тербеп, ойын оятқан, сезімін сергітіп, рухани биіктерге бастаған. Қармақшы жері қашаннан ақ кейбір еңбек ерлері мен өнер тарландарын, елім деп еңіреп туған абзал азаматтарды дүниеге алып келген құтты мекен болып саналады. Қармақшы - Сыр термесі мен жыраулық өнердің туын тіккен қасиетті мекен. Балқы Базардан бастау алған Ешнияз Кете Жүсіп, Тасберген, Дүр Оңғар, Тұрымбет, Молдахмет Сәрсенбайлар жыраулық өнердің дүлдүлдері болған.
Осы орайда, әсіресе, әдебиетті теориялық тұрғыдан дамуына олардың шығармашылық өнерінің өлшеусіз үлес қосқанын атап айтуымыз керек.
Сыр сүлейлерінің ортасындағы өзіндік орны деген мәселелерге келетін болсақ, бұл орайдағы қадау қадау жайттарға арнайы тоқтайтын болсақ: Осы орайда әдеби шығармалардағы суреткелердің өз бейнесінің толыққанды жасалуы деген мәселе ұлттық әдебеттің есейген, өскен кезеңіне тін сипат. Қазақ поэзиясындағы жыраулар бейнесі, жыраулық мен деген ұғымдардың көркем әдебиеттің эстетикалық, теориялық талаптарына сай келтируге болады.
Жыраудың жадындағы сан-миллиондаған жыр жолдарында ел мен жердің тарихы тұнып жатыр. Демек, жырау орындаушы ғана емес, жырау - синкретті, кәсіби, дара, тұлғалық өнер шоғыры. Қазақ елінің тарихында Керт Бұға, Сыпыра, Бұқар жыраулар бастаған жұлдызды топ өз дәуірлерінің саяси-әлеуметтік іс-шараларына белсене араласқан кемеңгер тұлғалар болды.
Асанқайғының жыраулық дәстүрi мен философиясын жалғастырған Бұқар жырау (1693-1787) болды. Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркi -- адам, адам көркi -- оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние - бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгi байлық та, жарлық та,
8
көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi. "Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, iшiнде оның бiрi арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы болса мiнiсiп, торқасы болса киiсiп, толғамалы қамшы алып, толағайда толғай дәурен сүрмес пе" - деген толғауы осы ойдың айғағындай.
Оңғар Дырқайұлы - қазақ әдебиетінің қалыптасуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірден бір тұлға. Демек, Сыр сүлейлерінің шығармашылығындағы өскендік пен өркендегендіктің белгісін Оңғар жырау Дырқайұлының туындылары да дәлелдейді. Оңғар Дырқайұлы Сыр аймағына тән жыраулық дәстүрді алдыңғы толқыннан бойына дарыта білуімен қатар, кейінгі толқын - ізін басқан ұрпақтарға ұлағат, өшпес өнерін өнер ете білген. Соның бірі өзімен замандас, әрі үзеңгілес інісі Салқынбайдың Тұрымбеті: Дүниеден уа дариға, Оңғар да өтті, Шығатын небір қымбат сөздің түрі Қаумалап халық ортаға алған кезде, Иығын ұшар құстай қомдар еді.
Оңғар ақын өмірде көргенін көңілге түйіп, сол кішкентай нәрседен келелі философиялық ой туындатады. Мәселен: Ол болмыс туралы шығармасында: Қыздар сәнді көрінер, Өзінің тапқан шешесімен. Келіншек сәнді көрінер, Әлдилеп сүйген бөпесімен. Сөзің сұлу көрінеді, Тауып айтсаң төтесінен. Кем ауылдың кеңесі артпайды Күн кешкен соң кекесінмен. Хас жаманның бір мінезі Сөз тыңдайды шекесімен, - дейді.Бұл ақын жүректің аңғаруымен көркемдеп кестеленген өмірдің шынайы бейнесі көрсеткен.
Тұрмағанбет Ізтілеуов (1882-1939 жж.)
Жалшылықта жүріп күн көрген кіші жүздің Кете еліндегі Ізтілеу кедейдің баласы Тұрмағамбет қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин ауыл советінде 1882 жылдың 9 июлінде туған. 16 жасқа келгенде әкесі дүние салып, Тұрмағанбеттің балалық шағы қиындықпен өтті. Алғаш рет өз ауылындағы Ораз, Алдашбай ахундардың мектебінен мұсылманша сауат ашып, арабша хат таниды. Болат кездік қап түбінде жатпайды демекші, шәкірттер арасында зерек-тігімен көзге түсіп, ұстаздарының ұсынысымен сонау Өзбекстан еліндегі Бұхара қаласына арман қуып оқуға келеді. Ұшқан құстың қанаты талатын өркеш-өркеш шағыл құмдардан асып, Қызылқұмның үстімен керуенге ілесіп, жол азабын шегіп әрең жетеді. 1899 жылдан бастап
9
атақты Көкелташ медресесіне оқуға түседі. Ол жерде дін оқуымен қатар, араб, парсы, шағатай, өзбек, тәжік тілдерін еркін меңгереді. Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қызыға оқиды. Атап айтқанда, Омар Һайям, Шайхы Сағди, Рабғузи, Хафиз, Низами, Әбілқасым Фердауси, Рудаки, Физули, Мақтұмұлы, Жәми және тағы басқа шайырлардың еңбектерімен танысады.
Фердауси, Науаи мен Низамилер
Өшпестей еңбек жазды назым-насыр.
Солардың асыл сөзін назым еттім,
Естіген қайран қалып басын қасыр, - деген ақынның өлең жолдары осыған дәлел.
Ол шығыс классиктерінің Данышпан қарт, Лұқпан хакім, Іскендір, Білімсіз бай, Әділетсіз әкім сынды шығармаларын оқып, оларды қазақ тіліне аударды. Кезінде Өзбекстан Республикасының қоғам қайраткері болған академик-жазушы Садриддин Сайдмұратұлы Айни да (1879 - 1955) сол жылдары Көкелташ медресесінде дәріс алған. Қос жұлдыздай өнер-білімге құштар екі жас бірге оқып жүріп, тез достасып кетеді. Екеуі де шәкірттер арасынан суырылып шығып, әртүрлі білім сайыстарында көзге түседі, оқуды бірге аяқтап, 1905 жылы шатырхат алып шығады.
Мыңдаған жылдар бойы сылаңдай аққан Сыр өңірінде тарихымыздың төрінен өзіндік орнын тапқан небір асыл тұлғалар өткен. Солардың бірі - қазақ әдебиеті мен мәдениетіне айрықша үлес қосқан, суырып салма ақындығымен, ерекше талантымен елге танылып, Сыр сүлейі атанған Тұрмағанбет Ізтілеуов.
Бұдан кейін Тұрмағанбет туған жеріне оралып, мектеп ашып, бала оқытады. Осы кезден ол өзінің ақындық, шығармашылық жұмыстарымен шұғыл-дана бастайды.
Өнердің ең артығы ілім еді,
Ілімнен барлық пайда білінеді.
Суменен сепкен тұқым көгергендей,
10
Ой құсы оқуменен тіріледі..., - деп жастарды ғылым-білімге үндеп, кеңес береді. Өз заманындағы тұрмыс ауыртпалығы мен қолдан жасалынған ашаршылықты күйіне жазып, былайша суреттейді:
Заң азды, төресі әділ жан жоғынан,
Тозды жұрт тойып жейтін нан жоғынан,
Жер жүзін жеті қабат зұлмат басып,
Жол таппай жүдеді жұрт таң жоғынан....
Оның ең үлкен еңбегі - Орта Азия халықтарының мәдениетінен жоғары орын алған Шаһнама эпопеясын қазақ тіліне назиралаған аудармасы. Бұл ең-бекті 1936 жылы қаңтар айында бас-тап, он ай бойы аударып, қазан айында аяқтады. Гомердің Илиадасынан кем түспейтін 40 000 жолдан тұратын бұл көлемді шығарманы 934 - 1020 жылдары өмір сүрген шығыс классигі Әбілқасым Фердауси 30 жыл бойы жазған еді. Аталмыш еңбек Фердаусиден де бұрын түркі халықтарының аузында ертегі-аңыз түрінде баяндалып келген. Онда патшалардың, батырлардың (Дарий, Ескендір, Кейкауыс, Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с.), Әзірет Әлі, Придон, т. б.) есімдері, жағрапиялық жер-су атаулары (Мысыр-Египет, Герат, Ферғана, Самарқан, Кашмир, Үрім (Рим), Шираз, Жейхун, Сейхун, Шаш (Тәшкен) және тағы басқа атаулар мен тарихи деректер кездеседі. Шығарма аңыз түрінде жетсе де, ондағы кейіпкерлер тарихта болған тұлғалар. Бұған нақты зерттеу жүргізілсе, біраз көмескі құпиялардың бетін ашуға болар еді. Ол алдағы уақыттың еншісінде.
Тұрмағанбеттің қол жазбаларын фольклортанушы ғалым жерлесіміз М. Байділдаев жинап, өңдеп баспаға ұсынды. 1961 жылы осы еңбектің бір тарауы Рүстем Дастан атты 600 беттік кітап болып 70 000 данамен Алматы-дағы Жазушы баспасынан жарыққа шықты. Ақын бұл туралы Кейінге нені тастап кетемін деп? деген өлеңінде:
... Алпысты алдым-дағы қалдым серлеп,
Қалайда қапы өтіп кетем бе деп,
Кітабын Шаһнаманың еттім ермек,
11
Өлеңмен он бір буын он ай жазып,
Бітірдім басым сипап, шаршап, терлеп... , - дейді.
Арада он бір жыл өткен соң, 1972 жылы ақынның туғанына 90 жыл толуына орай таңдамалы шығармалары жинақталып, 260 беттік Назым атты кітабы Жазушы баспасынан жарық көрді. Ақын көзінің тірісінде өзінің жарыққа шыққан еңбектерін көре ал-май кетті. Десек те, ол:
Дүниеден өмірім бітіп өтсем де өзім,
Аралап жердің жүзін жүрер сөзім.
Көре алмай кейінгіні кеттім-ау деп
Арманда болмай-ақ қой екі көзім! , - деп артына өшпес мұра қалдырғанын нық сеніммен айтып кеткен еді. „
"... Ер болсаң, ел-жұртыңа тисін пайдаң.
Амалдап әркім асырар бала-қатын, - деп қолынан келсе, ел-жұртыңа қайыр жасауға үндейді.
Атпаңдар тіл алсаңдар насыбайды,
Нас атсаң, нас боласың басыбайлы...
Ұнамас отыру да шылым тістеп.
Оны да қолданбаңдар қолайлы іс деп..., - деген өлең жолдары жастарды салауаттылыққа үндейді.
Ақылдыға біткен сақал - жөн,
Ақылсызға біткен сақал - жүн, - деп сақалдының бәрі ақсақал болмайтынын, ақсақалдықтың жолын алып жүрудің жауапкершілігін, қартая білу де өнер екенін, өнегелі қарт жоқ жерде өнерлі жас та шықпайтынын, үлкен иманды болса, кіші ибалы болатынын ескертеді.
12
ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ
Жиембет Бортоғашұлы (1598-1645 жж.) ХVІІ ғ. аса көрнекті ақыны, ірі ойшылы, қырағы сардары. Ол Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы. Жиембеттің бұлайша халық аузында сақталуы, ол ең алдымен елдің көкейіне қонымды жыр толғап, бойындағы ақындық шабытын батырлықпен байланыстырған болса керек. Мұның үстіне, Жиембет өзі тұстас кейбір хан мен билерге наразылық білдірген, тіл тигізе батыл сөздер де айтқан, өз дәуірінің өткір азаматы болған. Кейбір деректер бойынша Би Темірұлы Тәуекел ханды да көрген, оған арнап өлең де шығарған. Тәуекелге айтқан сөздерінің үлгісі Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясында басылған.
Жиембет жырау кіші жүз, он екі ата Байұлының бір атасынан, алшын тайпасынан. Бір атадан Жиембетпен бірге Жолымбет, Ахмет деген ұлдар туады. Туып-өскен жері -- қазіргі Орал облысы, Тайпаң ауданы. Негізгі мекені -- Байбарақ, Байшерек деген жерлер.
Жиембет кезінде Есім ханмен жағаласып өткен батыр жырау. Есім оны қатты жазалап, тұтқындау амалын да қарастырғанға ұқсайды. Осыдан Жиембет пен Жолымбет елден безіп, бөтен жаққа қашып кетуге мәжбүр болған. Жиембет пен Есім хан арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей бер-ген. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын өжет батыр ханның озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы болып, көптеген өлеңдер шығарған. (Еңсегей бойлы Ер Есім..., т.б.)
Жиембеттің көлемді бір толғауы Жақсы үгіт жинағында 1908 жылы басылып шықты. Ол жыраудың Есім ханға айтқан жыры. Жырау ханға еткен істерін еске салып қана қоймай, кейде өзінің батырлық жорықтарын баяндап, айбар да көрсетеді.
Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жиембет тек жырау ғана емес, жиһанкез де болғанға ұқсайды. Қазақстаннан басқа көптеген жерлерді аралаған сияқты. Халық Жиембетті әділ би, шешен жырау, айлалы аруақты батыр деп дәріптейді. Жиембет жыраудың аты Қазақ тарихында да аталады. Жиембетті халық ақындары жақсы білген. Оның өлеңдерін Ығылман Шөреков соңғы кезге дейін жырлап келген. Ол Жиембет
13
батырдың ашуы деген тақырыпта толғаулар айтқан.
Жиембеттің ақындық өнері өз кезіндегі жыраулардан кем түспеген. Ол -- халық ауыз әдебиеті жетістіктерін жете меңгерген суырып салма импровизатор. Әсіресе өзінің бойындағы қасиеттерді бейнелеуге қолданған теңеулерінің асқақ та айқын екендігін атап көрсету орынды. Олар жыраудың тіл ерекшелігін де таныта алады. (Менің ерлігімді сұрасаң...)
Сыр өнерінің жыр дастандары он он бес мақаммен айтылатынан қанша лықты қиын екенін орындаушының өзі ғана біледі, сезінеді. Ал осы мақаммен мақамға ауысудың ауырлығы аспапқа, яғни сүйемелдеуге түсетінін көбіміз біле бермейміз. Жырдың көрікті тұсы да осы жері, жыраудың шеберлігінің қандай дәрежеде екені де осы тұста байқауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қай халықтың болмасын әдебиетінің тууы және өсіп-өркендеуі аса күрделі құбылыс. Қазақ әдебиеті де өзінің бүгінгі биігіне, қазіргі өрісіне бірер күнде жете салған жоқ. Талай асу, қиялардан, талай бел-белестерден өтті. Әлденеше жүз жылдар бойы сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңіріп, өзіндік үн, өзгеше бояу нашық, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Қашанда ел өміріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып, өз заманының көкейкесті мәселелерін көріп отырды, өткен күн, озған дәурен, көне тірлік шежіресі болды. Үнемі халық жағынан табылып, елдің бүгіні ғана емес, болашағы үшін де аса мәнді идеялардың ұраншысы қызметін атқарды.
Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кендігін де , елдігін де, кеменгірлігін де, көсемдіген де сөзге сыйғызған жұрт. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман - мұрат, мұң мен сыр - бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін.
Жақсы сөз - самалдай
Қуатты сөз - қамалдай,- деген атам қазақ.
14
Нартай ән мектебі
Өмірде ең жүйрік ол шапса шаң жұқтырмас тұлпар да емес,қырдағы қырғауылды қиядан байқар сұңқар да емес,желісе тұяғына тас иленген киік те емес,ол-адамның ойы.Біз ой арқылы қол жетпейтін нәрсеге қол жеткізіп,көрмейтінді көріп,білмейтінді біліп,өзіміздің ішкі сезімді толық ақтара аламыз.
Түбіміз Түркі тілдес болғанымен,қазақ елінің басқалардан алатын орны тіптен ерекше.Себебі қанша қуғын-сүргін көрсе де,сұрапыл соғыстың зардабын шексе де,тар жол тайғақ кешсе де,сақтаған сары майдай салт-дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеліп,ауыздан-ауызға тарап осы кезге дейін жеткен.Оның ішіне мән-мағынасы жетік берілген қара сөзде,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірер мақал-мәтел,тыңдасаң құлақтың құрышын қандырар ән,тұла бойы тал шыбықтай иіліп көздің жауын алар би де,және таңнан кешке дейін тыңдасаң да жалықпайтын жыр-терме,дастандар.Бір ел болсақ та,бір шаңырақ астына толсақ та,әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы: Арқаға келсең Әншімін деме,батысқа барсаң Күйшіміндеме,Сырға келсең Жыршымын деме,т.с.с.Себебі әр өңірдің тілі бір,ән-жыры бір болғанымен,тарих ортақ болғанымен,оның айтылу стилі ерекше. Ән-шумақ және қайырмадан тұрады,тақырыбы махаббат немесе табиғат т.б.көп жайды қамтуы мүмкін.Ал Жыр ол ұзақ әрі буыны көп және ойы салмақты әр түрлі мақамдарға салып,иірімдерге өріліп,болған оқиғаны немесе тарихта қалған бір батырдың ерлігі болмаса аңыз-әңгімелерді бейнелейді.Осы тақырыпқа ауқымырақ қарар болсақ,Ежелгі Сырдария бойы б.з.д. алғашқы мыңжылдықтарда адамзат өркениеті табан тіреп орныққан қасиетті мекен екені тарихтан белгілі.Түбі бір Түркі халықтарының Сырдария бойына тоғыз тарау жолмен тоқсан тарау тағдыр жетегінде ат басын бұрмағаны кемде-кем.
Сыр-Алаштың анасы деген қағидалы сөзі тереңді бойлап,алысты болжаған мақаткершілікті меңзейді.
Өнер ХХІ ғасырдағы Түркі халықтарының рухани ұлы бірлестігі.Әлемдік өркениеттің жер бетіндегі архитектуралық ғажайып қалдықтары Мысыр перамидалары мен Вавилон мұнаралары секілді эпикалық өнер иелері де өз ұрпақтарына миллиондаған жол жыр мұраларын мақам,саз әуенінің жөргегінде орап аманатқа қалдырып отырды.Қазақ даласында жыраулық дәстүрде атадан балаға мирас мұрагерлік сипатта дамып,қасиетті өнердің
15
алтын тін,арқау жібін үзбей бізге жеткізді.
Жыраулық дәстүрді музыкалық тұрғыдан зерттеп,жинап,алғаш нотаға түсірген,ғылыми айналымға енгізген музыка мамандары А.В.Затаевич,Б.Г.Ерзакович,З.Жануза кова,Т.Бекхожина,Ә.Е.Байғаскина,А.Қ ұнанбаевтар болатын.
Жыраулық дәстүр- бас-аяғы бүтін формада яғни синкреттік қалыпта дамыған өнер.Жыраулық аспап сүйемелдеуінсіз жыр-терме айтпайтынын ескерсек,жыр музыкасын,дауыс мелодиясын,сөзін және аспап сүйемелдеуін бөлек-бөлек зерттеу ешқандай нәтиже бермесі басы ашық ақиқат.
Жырдың әнін (әуезін,сазын) мақам деп алған.Өйткені Мақам араб,парсы,түрік тілдерінде мағыналас сөздер екені белгілі.
Жыршылық өнер ойы бір болғанымен тармақтарға бөлінеді.Жыраулық мектептің әрқайсысы ерекше тыңдарманның жүрегінен орын алады.Бүгінгі тоқталар тақырыбым Сыр сүлейлерінің сарқыты,қоңыр дауыстың барқыты сырнайдың сазды әуенімен тыңдаған құлақтың құрышын қандырып,тұла бойын дір еткізетін,көңілге ой салып жұмыр жүректі бойлаған-Нартай мектебі.
Нартай Бекежанов (1890-1945) - ақын,композитор.Қызылорда облысы,Шиелі ауданында дүниеге келген.Он жасынан өлең айтып,ән сала бастайды.Бай молдаларды шенеген.Оған мысал Сараң байға,Мырзалық емес деген сияқты батырма өлеңдерінде әшкереленген. Жесір дауы жалшыларды батылдыққа,қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды.Ақындар айтысында көптеген ақындармен айтысып,сүбелі сөз сөйлеп,ойын анық жеткізіп халықтың жүрегінен орын ала білген.Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер шығарған, Толқын, Нартай сазы, Өсиет терме атты тағы көптеген туындылар шығарды.Нартай өмірінің соңғы кездеріне дейін өткір идеялық құрал өнермен мәдениетті дамыту жолында күресті.Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов Нартай повесін жазған.Нартайдың анасы Бақытгүл,ағасы Мансұр ақын болған.Сауықшыл ауыл дәстүрін өнеге тұтқан өнерлі бала он жасынан көріне бастады 1935 жылы Шиелі қыстағында ашылған балалар уйіне көркемдік жетекші болып орналасады.Бірер жылдан кейін Қызылордада ұйымдастырылған концерт-эстрада бюросына шақырылады.Өмірінің ақырына дейін сонда қызмет істейді.1939 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу құрметіне болған этнографиялық концертке қатысып,академиялық Үлкен
16
театрда ән шырқап,жыр толғайды. Қызыл Москва деген толғауы осы тұста шығарылды.1946 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады.Жеткен жетістіктері Құрмет белгісі орденімен,медальдармен,ҚазақКСР жоғары кеңісінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағын 1939 жылы алған.
Бүгінгі таңда Нартай мектебі бұрынғыдай емес,шама-шарқынша жөнге салынып,зерттеліп келе жатыр. Асқар Тоқмағамбетов:
- Сері ақын сексен әннің басын қосқан,
Біз сені сағындық қой Нартай аға, - дейді. Шынында Нартай әндерінде сексен әннің жиынтығы бар сияқты. Сырдың сазы, Арқаның қоңыр дауысы, Жетісудың сарыны байқалады. Кемеріне келіп, серілік құрып жүрген шағында Сыр бойына Арқаның атақты әнші-ақыны Тайжан Қалмағамбетов келеді. Мен өнерімді, өлеңімді естелік қып Сырға тастап кеттім деп Нартайды шәкірт тұтып, ақ батасын береді. Нартай Арқаның әсем әні мен Сырдың сұлу сазын қатар тербетіп, халқына адал қызмет жасайды.
- Шырылдап туған сәбиге,
Жаялық еттім өлеңді.
Дірілдеп тұрған кәріге,
Таяныш еттім өлеңді, - деген өлеңі көп жайтты аңғартады. Ол салдықтың, серіліктің жолына емін-еркін түсетіндей заманда өмір сүрген жоқ. Оның жастық, жігіттік шағы Кеңес үкіметінің орнауы, ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыстың уақытына тап келді. Соған қарамастан, халықтың жанында жүріп, қасынан табылған бірден-бір адам.
Нартай мектебінің ерекшелігі неде? деген сұраққа фольклортанушы,жыршы Берік Жүсіпов былай жауап қатады: Біз дәстүр мен мектепті ажыратуымыз керек. Көпшілік екеуін шатастырады. Дәстүр сөзі бізге үнді-иран тілінен келген. Дін басыларға, молдаларға қаратып айтылады. Бұрын жеті атаға дейін сүйекті сақтап, салтты бұзбау дәстүр саналатын. Біз осы ұғымды көзсіз батырлықпен қазақ музыка мәдениетіне қолданысқа енгізіп жібердік. Ал мектеп дегеніміз жеке адамға байланысты айтылады. Соған қарамастан, Сырдың бойындағы бүкіл музыкалық мұра Нартай мектебі, Нұртуған мектебі, Жиенбай мектебі, Сәрсенбай мектебі деп төртке
17
бөлініп қарастырылады. Бұған үзілді-кесілді қарсымын, бұл түбірімен дұрыс емес. Нартай мектебі - Сыр өңіріндегі жүздеген мектептің біреуі ғана. Нартайдың ақын-дығына байланысты филология ғылым-дарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов кандидаттық диссертация қорғаған. Академик Ахмет Жұбанов Замана бұлбұлдарында Нартай туралы шағын мақала жазды. Мұхамеджан Рүстемов кішкентай кітапша шығарды. Одан кейін Нартай туралы түбегейлі зерттеп, ары қарай айналысқан әдебиетшіні, не бір музы-катанушыны білмейді екенмін Өкінішке қарай, қолдан күй пай-ғам-барларын, ән пайғамбарларын жасау белең алды. Өткен жолы айттық, 1984 жылға дейін Қазанғаптың 20 күйі бар еді, қазір ал-пысшақты күйі бар деп жүр. Күйшілік үрдіс жерге ексең, бұрқырап өсе беретін жүгері шаруашылығы емес. Нартайдан бір-ақ күй қалған. Нартайдың шертпе күйі деген күй бар. Әуені қысқа. Оны қазір күйшілеріміздің бірі тартады, бірі тартпайды. Бізге оны орындап жеткізуші - Балқашбай Жүсіпов. Нартайдың үрдісі - қазаққа келген алабөтен үрдіс. Оның кезінде кең таралмауында мәдени емес, саяси астар жатыр. Өздеріңіз білесіздер, саяси-экономикалық байланыс міндетті түрде рухани байланысты туғызады. Мәселен, ХІХ ғасырдың басында Қырғызға аккордеон, қазаққа татардың он екі тілді сырнайы келді. Әуелде осы екі аспап бізге саяси пиғылмен енгізілді. Өзім осы уақытқа дейін таңғаламын. Мен сияқты ойлайтын азаматтар да бар шығар. Нартайдың шығармашылығы әлі күнге неге дамымайды? Азуын айға білеген Кеңес Одағының тұсында Нартайдың әнін үш-төрт-ақ адам орындады. Біреуі - өзінің шәкірті Сарыжарғақ аталған Балқашбай Жүсіпов. Екіншісі - Сыр мен Ташкеннің дүлділі, атақты Құтбай Дүрбаев. Одан кейін Арзулла Молжігітов пен Әбілаш Әбуов. Сол екі ортада отыз-қырық жылға жуық уақыт өтті, қазір де Нартайдың әнін үш-төрт адамнан ғана естиміз. Неге осы мектеп өсіп-өркендемейді? Өйткені сырнаймен ән айту қазақтың қанында, жанында бар дүние емес. Оның себебін Тайжанмен байла-ныстырудың қажеті жоқ. Нартайдың жүз сипаты болатын болса, Тайжан өрлеу дәуіріндегі бір ғана кезеңі. Нартай жыраулық ортадан шыққан, ұйғырдың 12 мұқамын жатқа білген. Орта Азияның музыкалық мәдениетіне еңбек сіңірген. Ташкент, Шыршық, Түрікменстан, Қарақалпақты аралап өнер көрсеткен.Музыка тілінде нұсқалылық деген анықтауыш бар. Өздеріңіз білесіздер, бір әннің пәленбай нұсқасы табылып жатады. Соның ішінде Нартай әнінің ерекшелігі неде? деген қонжитып тұрып сұрақ қойдық. Ерекшелігі - речитативтердің соңындағы қайырмасы. Оны Гигигай деп саласың ба, Илигай деп саласың ба, сол ою-өрнектерінің әсемдігінде.
18
Нартай әнінің жұлдызын жарқыратқан Балқашбай деп отырғаным - сол.
Мысалға, Арқа әні дегенде Жүсіпбек Елебеков ең бірінші ойға оралады. Әйтпесе Жүсекеңнің айналасында жүздеген әнші болды емес пе, бірақ Жүсіпбекпен танылды. Батыс Қазақстанның әншілік дәстүрі туралы сөз еткенде Ғарифолла Құрманғалиев ауызға ілінеді. Сол сияқты Сырдың бойында Нартай дегенде біз Балқашбайды жақсы білеміз. Бірақ Балқашбаймен Арзулланы айтасыз ба, Фатима апайды, кешегі Тұрсынкүлді, Айзаханды айтасыз ба, бұның ешқайсысы иықтаса алмайды. Балқашбайды талай тыңдадым. Ең соңғы рет 1988 жылы Қызылордада Қараөзек деген жерде кездестік. Айналып келгенде, мәселе - сол Гигигайда. Осы Гигигайды Балқашбай сияқты қазір құбылтатын адам бар ма? Мен жоқ деп отырмын. Нартайдың дәстүрі - семіп бара жатқан дәстүр. Қазақ әндері ішкі ырғаққа бағын-ғанымен, сыртқы ырғаққа бағынбауы керек. Нартай әні ішкі ырғақтың дүниесі. Бұл жерде әрлеуші әнді де, әншіні де түсінбеген. Сондықтан біреуі айға, біреуі сайға қарап тұр. - дейді.
Алтын ИМАНБАЕВА, Қазақ радиосы Алтын қор бөлімінің жетекшісі:
- Ол кісінің әндерінің сирек орын-далатын себебі бар. Өйткені Нартай ағамыз Октябрь революциясынан бастап, тың тақырыптарға көп ән шығарған. Үкімет пен партияға арнау өлеңдері толып жатыр. Октябрьді, Қызыл Москваны қазіргі жастар қалай орындайды? Шығарма-шылығына бас-көз болатын жанашырлары да аз деп ойлаймын. Қазақ радиосында отызға жуық әні бар. Мұрағатқа қарап, алғаш насихаттаушы ретінде Мұхамеджан Рүстемовті айтар едім. Одан кейін ортамызда отырған Құрманбек аға 7 әнін орындаған. Әртүрлі әншілердің орындауында Нартайдың 29 әні жазылған. Кей әндері бірнеше рет қайталанады. Олардың барлығын қосқанда 49 ән болып тұр. Ендігі жерде Құрманбек Бекпейісовтің шәкірттері Нартайдың мұрасын өлтірмейтіні анық.
Берік ЖҮСІПОВ:
- Нартайдың 14 әні бар дегенге шамалы иландым. Осының ішінде Нартайдың әні аталған ән бірде Ги-ги-гай, енді бірде Илигай болып, қырық құбылып кетті. Бұл әнді Балқашбай сияқты өзінің деңгейінде орындаған ешкім жоқ. Нартайдың өзі Менің әнімді бір адам бұзбай жеткізсе, бұрмаламай айтса, ол осы Сары жарғағым жеткізер дейді. Менің ұғымымда Балқашбай соңғы орындаушы болып қалды. Өйткені Балқашбай
19
Жүсіповтің Ги-ги-гайындай Нартайдың әнінің қайырмасын құбылтқан ешкім жоқ. Нарекеңнің әні бүгінгі ұрпаққа Балқашбай Жүсіпов, Құтбай Дүрбаев, Арзулла Молжігітов, Шәмшат Төлепова, Тұрсынкүл Байқановадан қалды. Балқашбай ЖҮСІПОВ орындаған Нартайдың әні:
- Жоғыңды таба алмайсың жар салмасаң,
Болмайды мерекені қарсы алмасам.
Әдейі арнап елге келгеннен соң,
Болмайды шамам келсе ән салмасам.
Қолыма сырнайымды неге аламын,
Осындай мерекеде ән салмасам.
Қолыма домбыра мен сырнай алсам,
Алдыма деп отырам жан салмасам...
Құрманбек БЕКПЕЙІСОВ:
- Балқашбай Жүсіпов орындаған дәл осы Нартайдың жыр бастауы әнінің үш нұсқасы бар.
- Жоғыңды таба алмайсың жар салмасаң,
Болмайды мерекені қарсы алмасам.
Гига-гигау-гига-гигай, - деп айтылады. Тағы бірде:
- Жігітпе жиын-тойда желікпеген,
Ақылсыз айтқан сөзге еліктеген, игай.
Тіл байлық, көңіл байлық құрған мырза,
Көмірсіз темір қызбас көрікпенен, агига-гига-гига-гай.
Көрінбес жігіт бопты көтерілмей,
Биікке кім шығады төте жүрмей?!
Айтқан соң менің сөзім кетпес зая,
20
Құлақтан миға қарай өте кірмей, - деп орындалады.
Балқашбайдан бөлек, Нартайдың өзі баласындай тәрбиелеген Арзулла Молжігітов деген шәкірті бар. Қазір бақилыққа кетіп қалды. Мен сол кісіден тікелей сабақ алдым. Арзулла ағамыз дәл осы әнді:
- Отырған үлкен-кіші тыңдап мені,
Ашылсын қиял-қазына кеуілдегі.
Асылы адамзатқа қайырласу,
Бақ құсы баяндаса төбеңдегі, - деп үйреткен.
Балқашбай ағамыз бен Арзулла аға-мыздың жеткізуінде еш айырмашылығы жоқ. Бірін-бірі бірыңғай қайталап тұр. Өйткені бұл - бір ән. Сіздер Игигай, Гигигай деп отырсыздар ғой, ондай әннің аты жоқ. Бұл кейіннен пайда болған атаулар.
Берік ЖҮСІПОВ: - Музыка тілінде нұсқалылық деген анықтауыш бар. Өздеріңіз білесіздер, бір әннің пәленбай нұсқасы табылып жатады. Соның ішінде Нартай әнінің ерекшелігі неде? деген қонжитып тұрып сұрақ қойдық. Ерекшелігі - речитативтердің соңындағы қайырмасы. Оны Гигигай деп саласың ба, Илигай деп саласың ба, сол ою-өрнектерінің әсемдігінде. Нартай әнінің жұлдызын жарқыратқан Балқашбай деп отырғаным - сол. Мысалға, Арқа әні дегенде Жүсіпбек Елебеков ең бірінші ойға оралады. Әйтпесе Жүсекеңнің айналасында жүздеген әнші болды емес пе, бірақ Жүсіпбекпен танылды. Батыс Қазақстанның әншілік дәстүрі туралы сөз еткенде Ғарифолла Құрманғалиев ауызға ілінеді. Сол сияқты Сырдың бойында Нартай дегенде біз Балқашбайды жақсы білеміз. Бірақ Балқашбаймен Арзулланы айтасыз ба, Фатима апайды, кешегі Тұрсынкүлді, Айзаханды айтасыз ба, бұның ешқайсысы иықтаса алмайды. Балқашбайды талай тыңдадым. Ең соңғы рет 1988 жылы Қызылордада Қараөзек деген жерде кездестік. Айналып келгенде, мәселе - сол Гигигайда. Осы Гигигайды Балқашбай сияқты қазір құбылтатын адам бар ма? Мен жоқ деп отырмын. Нартайдың дәстүрі - семіп бара жатқан дәстүр.
Өктем АЛТАЕВ, әнші: - Нартай әні, халық әні, жалпы дәстүрлі әннің қай-қайсысы болмасын, біз оған жай ғана ән ретінде қарамауымыз керек. Ұлттық құндылығымыз, жауһар жәдігеріміз деп қабылдап, бозторғайдай шырылдап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz