Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі :Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің нақтылы саны анықталып, зерттелмеген. Себебі, тілші-ғалымдар еңбегіндегі көмекші етістіктерге берілген сипаттамаларда олардың саны нақты көрсетілмейді. Көмекші етістіктерді Ы. Маманов зерттеген. Ы. Маманов пікірінде кішігірім қайшылықтар бола тұрғанмен, толымды көмекші етістіктерге қатысты есім сыңарлы күрделі етістікті тіркесті түбір етістік деп атап, олардың сөзжасамдық қызметін анықтады, күрделі етістіктер мен аналитикалық етістіктердің семантикалық айырмашылықтарын көрсетті.

Ал, Б. Нұржекеұлы шығармаларында қолданылып келген көмекші етістіктер бүгінгі күнге дейін әлі зерттелген жоқ. Сондықтан да бұл тақырып өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Б. Нұржекеұлы шығармаларында көмекші етістіктердің қолданылу ерекшелігін анықтау

Зерттеудің міндеті:

  • Етістіктің түрлері және олардың ерекшеліктерін анықтау
  • Көмекші етістіктер және олардың түрлерін топтастыру
  • Б. Нұржекеұлы шығармаларында көмекші етістіктердің қолданылуын анықтап, талдау

Зерттеу объектісі: Б. Нұржекеұлы шығармаларындағы көмекші етістіктер

Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

Зерттеу әдістері : зерттеу тақырыбы бойынша жинақтау, жүйелеу, топтастыру, зерттеу, саралау, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Мектепке қазақ тілі пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІКӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Етістіктің түрлері және олардың ерекшеліктері

Қазіргі қазақ тілінде етістік ең күрделі сөз табының бірі болып есептеледі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әртүрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т. б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен көрінеді. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни өз алдына тарихи-генеалогиялық ерекшеліктері бар.

Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер тобы болып табылады.

Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де, өзіне тән әртүрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданыла береді. Бірақ етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрсеткен жөн. Ең алдымен, ол ерекшелік етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен тығыз байланысты. Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т. б. білдіреді. Және ол - етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың екінші жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы.

Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі болып танылатын етістік өзіне тән белгілі мағына білдіре алатын, бірақ қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен құралған. Әдетте етістіктің түбірден өзге формаларының жүйесі мынадай грамматикалық категорияларға бөлініп, қарастырылады:

Етістіктің грамматикалық категорияларын лексика-грамматикалық және таза грамматикалық категориялары деп екіге бөлінеді. Өйткені рай, шақ категориялары етістіктің мағыналық жағынан оны өзгеріске түсірмейтін ғана тұлғасы емес, сонымен бірге етістікті басқа сөздермен байланысқа түсуге дәнекер болып, жіктеліп, сөйлем ішінде қолдануға негіз болатын тұлғалары болып есептеледі. [3, 236 б. ]

Ы. Маманов етістік атаулыны негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, топтастырған. Одан кейін негізгі етістікті түбір етістіктер және модификациялы етістіктер деп бөліп, модификациялық етістікке етістіктің салт және сабақты, етіс, күшейтпелі етістік, күрделі етістік, сыпат, болымсыздық етістік категорияларын енгізді. Сонымен қатар ғалым етістіктің берілу тәртібін былайша көрсеткен:түбір етістіктер, модификациялы етістіктер, функциялы етістіктер, рай, шақ категориялары[8, 36 б. ] .

Етістіктің сабақты-салттылық категориялары. Сөйлеу тілінде табыс септікті сөзді, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар етістіктерді сабақты етістік дейміз. Етістіктердің ішінде кімді?, нені?- деген сұрақтарға жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретін етістіктерді салт етістіктер дейміз.

«Салт және сабақты етістіктердің бір-біріне ауысуы етіс формаларымен ұштасып жатады. Яғни өздік және ырықсыз етіс жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын морфема болса, өзгелік етіс жұрнағы салт етістікті сабақты етістікке айналдыратын морфема болып табылады» - дейді Ы. Маманов.

С. Исаев етіс тұлғалары белгілі дәрежеде салт я сабақты етістік тудыру қызметін атқарса да, олардың грамматикалық тұлғалар жүйесі, категориялық көрсеткіші бола алмайды деген тұжырымда. [2, 178 б. ] .

Етістіктің болымды - болымсыздық категориясы. Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық тұлғаларында қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді. Қимылдың, іс-әрекеттің болуы өмірде болатын құбылыс. Қимыл, іс-әрекеттің іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Етістік білдіретін қимылдың, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне етістіктің лексика-грамматикалық категориялары тұлғаларына - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалынады, тек етістіктің болымсыз түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық категориясын да жасайды. [8, 38 б. ]

Болымсыздық категория етістіктің лексика-грамматикалық категориясы.

Амалдың өту сипаты категориясы. Амал-әрекет ешқашан біркелкі орындалмайды. Қимыл-әрекеттің шапшаң не баяу, шұғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң, біркелкі немесе үздік-создық түрлері де болады. Сондықтан тіліміздегі етістіктер өз-өзінен тұрып мұндай мән-мағынаны бермейді. Ондай әрекет-қозғалысты етістіктің грамматикалық формалары ғана аңғартады. Негізінен бұған аналитикалық формалар қызмет етеді. Себебі аналитикалық формалардың бойында амалдың жүзеге асуын сипаттайтын грамматикалық мағыналар бар. Мысалы: айта жөнелді, айта бастады, айта салды, айта қойды, айта тұр дегенде түрлі форманттар жалғанып, айту қимылының сан түрлі өту сипатын байқатып отыр [8, 39 б. ] .

Етіс категориясы . Етіс - етістіктің ерекше категориясы. Етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы.

Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш пікірді А. Байтұрсыновтың « Тіл - құрал» оқулығынан кездестіреміз. А. Байтұрсынов етіске ереже бермей, бірден етістің 10 түрін көрсетеді : 1) сабақты етіс 2) салт етіс 3) шығыс етіс 4) дүркінді етіс 5) өсіңкі етіс 6) ортақ етіс 7) өзгелік етіс 8) өздік етіс 9) беделді етіс 10) ырықсыз етіс[1, 231 б. ] .

Ы. Мамановтың пікірінше: « Етіс категориясы -түбір етістіктен туатын грамматикалық форма. Яғни етіс формалары - өзі жасалған түбір етістікпен коррелятивті түрде өмір сүретін және екеуінің лексикалық мағынасы бір болып келетін етістіктер» [8, 37 б. ] .

Етістің түрлері жайында талас пікірлер аз емес. Мектеп оқулықтары мен арнаулы курстарда негізінен төрт түрге бөлініп баяндалған бұл категория біраз зерттеулерде беске бөлінеді.

1967 жылғы Академиялық грамматикада: «Мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметіне және тұлғалық ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістіктерді де:негізгі етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс деп беске бөлуге болады. Соның төртеуі әрқайсысы өзіне тән аффикстермен түрленеді, ал біреуі негізгі етіс өзінің ондай аффиксі болмағандықтан тұлғасынан ерекшеленеді. Сондықтан да етіс аффикстерімен әлі тұлғаланбаған негізгі және туынды түбір етістіктерді тұтас алып, өз алдына жеке бөліп негізгі етіс деп атаймыз. Бұл жағдайда субъекті мен объектінің іс-әрекетке деген қарым-қатынасы етістіктің бастапқы семантикалық мәніне қарай анықталады » деп көрсетілген [3, 169 б. ] .

Бұл пікірді А. Ысқақов та айтқан болатын. Ол: « Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай негізгі, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс бөлген. Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де күрделі етістіктердің де негіздері жатады.

Негізгі етіс өзге етіс формаларына таяныш негіз болатын, солардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстыра айқындайтын формасы[10, 283 б] .

Негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғыммен не семантикалық жағынан, не формалық жағынан еш айырмасы жоқ. Грамматикалық я лексика-грамматикалық категория негіз болатын тұлға яғни негізгі етіс, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді. Сол категорияның берілуіне негізгі түбір, туынды түбір негіз болып табылады. Сол себепті Ы. Маманов етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс деген түрлерін ғана көрсетеді.

Өздік етіс. Өздік етіс формасымен берілетін қимыл-әрекеттің иесі әдетте адам немесе басқа жанды зат болып табылады. Кейде қимыл иесі жанды зат емес, табиғат атаулары да болады.

Кез келген етістік өздік етіс мағынасында жұмсалмайды, өздік етіс мағынасын бере алмайды. Мысалы: жатта, оқы, апар деген етістіктерден өздік етіс жасалмайды. Себебі адам өзін-өзі жаттауы, т оқуы, апаруы мүмкін емес. Сондықтан қимыл иесінің өзіне бағыттауға, өзіне қарата жұмсауға мүмкін болатын қимылдарды білдіретін етістіктер ғана өздік етіс болады. Мысалы: қимыл иесі өзін-өзі жуады, сүртеді, тамақтандырады. Өздік етіс қимыл іс-әрекеттің орындаушысына субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке -ын, -ін, -н, -ыл, -іл, -л қосымшаларының қосылуы арқылы жасалынады.

Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура объектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -ін, -н қосымшасы арқылы жасалатын етістік болып келеді. Мысалы : Көйлек тігілді.

Ырықсыз етіс баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде қимыл иесі айтылмайды, яғни ол сөйлемде қимыл иесінің кім екендігі белгісіз болып келеді.

Өзгелік етіс. Сабақты етістіктің тура және ауыспалы түріне өзгелік етістің -ыт, -іт, -т, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір жұрнақтары жалғану арқылы жасалынады. Өзгелік етіс субъектінің қимылы объектіге тікелей емес, екінші біреу арқылы бағытталатынын білдіретін сабақты етістіктің грамматикалық формасы. Қимыл иесі бір істі өзі істемей, екінші біреуге істететіндігін білдіреді. Мысалы: Марат хатты әрқашан көршісі Жанашқа оқытатын. Бұл сөйлемде істі орындатушы -Марат, атау септігінде, бастауыш қызметінде, істі тікелей орындаушы -Жанаш, барыс септігінде, жанама толықтауыш қызметінде тұр. Сөйтіп өзгелік етіс баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде қимыл иесі екеу болады. Біріншісі - орындатушы, екіншісі - тікелей орындаушы болып табылады.

Ортақ етіс. Ортақ етіс қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъект арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс, -іс, -с қосымшасы арқылы жасалады. Мысалы : хат жазысты, жолдастар жайғасып отырысты.

Ортақ етіс мағынасы мен қосымшасы етістің басқа түрлерінен сабақтылық - салттылық сипатқа бейтарап болуымен ерекшеленеді.

Ортақ етістің тағы бір ерекшелігі - қимыл атауын білдіруге бейім тұрады, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат есім болып кетеді. Мысалы :айтыс, байланыс, соғыс, жарыс.

Есімше категориясы. Етістіктің функциялық формаларының бірі - есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болып, әр етістік, әрі сын есім орнына жүреді.

Есімше -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалынады.

Есімше жұрнақтарының қызметі өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау болып табылады.

Көсемше категориясы. Көсемше деген атауды қазақ тіл біліміне Ахмет Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.

Көсемшелер тұлғалық жағынан, мағыналық жағынан тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.

Қазіргі қазақ тілінде көсемшелердің бұдан өзге де сан алуан қызметтері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық қызметті жүзеге асырады. Есімдердің түрлену жүйесіне түспейтін көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлғаларынан негізгі айырмасы да осы қызметтен байқалады. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштық қызмет атқаратын үстеулерге грамматикалық сипаты жағынан өте жақын. Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолдануында. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда кең. Мысалы, олар күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дәнекерсіз байланыстырып тұрады да баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіреді.

Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы да жасалынады.

Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді, яғни оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанбайды. Көсемшелердің жалпы грамматикалық мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады, тек етістік негіздерімен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекше бір түрі болып келеді. [9, 167 б. ]

Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясын рай категориясы дейміз. Рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі бар.

Етістік білдіретін қимыл шындық өмірге қатысты болса (оқыдым, оқып отырмын, оқимын), онда ол реальді қимыл болады, ол объективті модальдықты білдіреді. Етістік білдіретін қимыл шындық өмірге қатысты болмаса (оқыса, оқы), онда ол неғайбіл қимыл болады да, субъективті модальдық мағынаны білдіреді. Осымен байланысты райлар екіге бөлінеді: 1) реальді қимылды яғни объективті модальдықты білдіретін ашық рай; 2) неғайбыл қимылды яғни субъективті модальдықты білдіретін - бұйрық рай, қалау рай және шартты райлар.

Ашық рай қимылдың шындық өмірде белгілі бір мезгілде болатынын, болып өткенін, я болып жатқанын, я болмайтынын нақтылы білдіретін етістіктің категориясы. Ашық рай іс-әрекет үш шақтың бірін білдіретін рай түрі. Ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі - қимыл, іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетін сипатын білдіру, сөйтіп ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрауында. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ. Мысалы, Ол сені ойлаумен өмір кешкен.

Бұйрық рай қимылды жасау я жасамауды басқадан талап ететін, қимылға қозғау салатын рай. Қимылдың жасалу я жасалмауын талап ету, қозғау салу қызметі сөйлеушіге ғана қатысты. Сөйлеуші - бұйрық беруші, бұйрық иесі. Яғни, бұйрық - субъектінің пікірі ғана, қимыл - әлі шындық өмірде жоқ қимыл.

Бұйрық беруші сөйлеуші болғандықтан, ол бірінші жақ болып түсініледі де, бұйрық 2-жақтағы тыңдаушыға не 3-жақтағы бөгде адамға бағытталады. Соған байланысты бұйрық рай жақ категориясымен байланысады. Бұдан бұйрық райдағы етістіктің құрамында міндетті түрде жіктік жалғауы болуы керек.

Бұйрық райдағы қимылға сөйлеуші - субъект, тыңдаушы және бөгде адам қатысады. Бұйрық мағына сөйлеушіден екінші, үшінші жаққа бағытталатын болғандықтан, бұйрық райдағы етістік жіктеледі. Бұйрық райдың жақ мағынасын білдіретін өз жіктік жалғауы бар. Өз жіктік жалғауы аталатын себебі бұйрық райда қолданылатын жіктік жалғаулары басқа ешбір райда қолданылмайды, тек бұйрық райда ғана қолданылады.

Бұйрық райдағы етістіктердің құрамында бұйрық мағынасын білдіретін көрсеткіш болмаса да, бұйрық мағынасы бар. Мағына бар жерде ол мағынаны білдіретін тілдік таңба болады, ол - міндетті заңдылық болып табылады. Сондықтан бұйрық мағынасы болғандықтан, бұл етістіктердегі бұйрық мағынаны білдіретін қосымшаның жоқтығы нөлдік морфема арқылы беріледі.

Бұйрық рай мағынасы аналитикалық формант арқылы да жасалады. Бұйрық рай жасайтын аналитикалық формант мыналар: -ушы болма, -а көр, -а көрме.

-ушы болма аналитикалық форманты қимылдың жасалуына тыйым салуды білдіреді. Мысалы: Сен Жанаттың көзінше жылаушы болма.

-а көр, -а көрме аналитикалық форманттары өтіну, бұйыру сияқты мағыналарды білдіреді. Мысалы: Мені мынадай іске жолата көрмеңіз.

Бұйрық райлы етістік әртүрлі мағыналық реңкте қолданылады, олар:

1. Бұйрық мағынаға:бұйрық, команда, жарлық, тапсырма сияқты мағыналық реңктер жатады: Осы өлеңді ертең жаттап келетін бол!

2. Талап ету. Бұл мағыналық топқа талап ету, күштеу, қорқыту реңктері жатады. Мұнда қимылды орындату мақсаты көзделеді: Дереу кабинетіме кіріңіз!

3. Тыйым салу. Бұл мағыналық топқа қимылдың жасалуына қатты тыйым салу, өтіну түрінде тыйым жасау жатады: Жылаушы болма!

4. Өтіну. Өтінуге бұйрық райдың өтіну, жалбарыну, жалыну реңктері кіреді: -Жамила, мені де ала кетіңдерші!

5. Тілек мәніне алғыс, тілек, бата жатады. Жолдарыңыз ақ болсын!

6. Кеңес мәні сөйлеушінің көмекші, ақылшы болғысы келген ниетінен туындайды: - Жандарым, аптықпаңдар, жүректеріңді басыңдар.

7. Қарғыс мағынасы: Көзің аққыр, көзің шықсын![4, 89-92 б. ]

Қалау рай сөйлеушінің қимылды жүзеге асырғысы келетін ниетін, ықыласын, ойын білдіретін етістіктің түрі. Қалау рай субъектінің қимылдың жасалуын тілейтінін, ұнататынын білдіреді.

Қалау рай жасайтын көрсеткіштер: 1) -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы: барғайсың, отырғайсың 2) -ғай еді (-қай еді, -гей еді, -кей еді) аналитикалық форманты: алғай еді, біткей еді. 3) -са игі форманты: сұранса игі еді, жіберсе игі еді

4) -са еді форманты: бұйырса еді, сұраса еді

5) -са екен форманты: жетсе екен, барсам екен, қараса екен.

Қалау рай тұлғалы етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсыз сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы, Менің оқығым келеді. [6, 8-б]

Шартты рай екінші қимылдың жасалу-жасалмауына шарт болатын қимылды білдіретін етістік. Шартты райлы етістік бар сөйлемде екі етістік болады, бірі екінші қимылдың шарты болып келеді. Бұл шартты райлы етістіктің шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемде қолданылуын қалыптастырды. Шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемде шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып келеді. Мысалы:Абай осы жолы сол сөз қайта шықса, келісуге аттанбақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Етістікті мектепте оқыту
ЕТІСТІК. ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Етістік категориялары
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)
Етістіктің зерттелуі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz