Вибрацияның адамға әсері түрліше



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Реферат
Тақырыбы: Шу мен діріл деңгейлерін бақылау әдістері
Пәні: Еңбекті қорғау

Тексерген:
Орындаған:

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Шу мен діріл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Шудан, дірілден сақтану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Шу мен дірілдің организмге зияндылығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4. Шу мен дірілдің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

Кіріспе

Діріл (вибрация) - дененің механикалық тербелісі. Ал жалпы анықтамасы былайша сипатталады: вибрация ( латынша Vibratio -- тербеліс, діріл) -- механикалық тербеліс немесе қатты денелердің тербелісі. Діріл жайлы тар мағынада механикалық тербеліс деп қарастырып адамға деген зияндары жайлы айтады. Бұл кезде жиіліктік диапазон 1,6-1000 Гц аралығын қамтиды.
Виброметрдің көмегімен бірнеше параметрлерді өлшеуге болады: Дірілдің жалпы деңгейін Түрліше түйіндердің және механизмдердің (жылдамдық, үдеу, ауысу) дірілін және т.с.с. Шығу көздері: Локальді вибрация, қолдан жасалған, механизмделген құрал арлқылы адамға беріледі; Локальді вибраци, қолдан жасалған, мехенизмделмеген құрал арқылы адамға әсер етеді; 1-ші категориялы жалпы вибрация- транспорттық вибрация, адамға транспорттық жабдықталған жұмыс орнында беріледі. Мысалға: трактор, жүк көліктері, скутер, мотоцикл арқылы әсер етеді; 2-ші категориялы жалпы вибрация -- транспорттық-технологиялық вибрация, өндірістік орындардан әсер етеді; 3-ші категориялы жалпы вибрация -- технологиялық вибрация, стационарлы машиналы жұмыс орындарынан әсер етеді; Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердегі сырттан әсер ететін жалпы вибрация.Мысалға көшеден өткен трамвай; Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердегі іштен әсер ететін жалпы вибрация. Мысалға: лифт, мұздатқыш;
Нормаланған технологиялық вибрация да локальді вибрация секілді әр октавті жолақта (1,6 - 1000 Гц) орташа квадратталған виброжылдамдығымен (1,4 -- 0,28) 10-2 мсек, және логарифмдік виброжылдамдық деңгейімен (115 -- 109 Дб) сондай-ақ виброүдеуімен (85 -- 0,1 мсек2) бағытына байланысты туындап отырады.
Вибрацияның адамға әсері түрліше. Толық денеге сіңген бе немесе бөлшнгі әсер еткен бе, жиілігіне, ұзақтығына, күшіне тәуелді. Вибрация әсері ми шайқалуымен шектелуі мүмкін немесе бүкіл денеге әсер етіп ауруға шалдықтыруы мүмкін. Көбінесе қарапайым халық вибрацияны (дірілді) шумен қатар немесе шу ретінде есептеп зиянын таниды. Вибрацияның ауыр зардаптарынан нервтік жүйенің немесе жүрек ауруларын я болмаса инвалидтік халге дейін жететін ауруларын жатқызуға болады.
Вибрация -- жоғарыда көрсеткеніміздей дененің механикалық тербелісі. Дірілді өлшеу үшін арнайы құрылғы - вибро өлшегіш, яғни виброметр пайдаланылады. Виброметрдің көмегімен түрлі параметрлерді өлшеуге болады: дірілдің жалпы деңгейін, түрлі түйіндер мен мкеханизмдердің (жылдамдық, үдеу, орналасу(ауысу)) вибрациясын және т.б. Виброметр сондай-ақ көліктік құрылғының дірілін өлшеуге және подшипниктерді жылдам тексеруге бағытталады.
Діріл үдеуі - діріл әсерінен нүктенің немесе жүйенің қозғалысының үдеуі
Дірілге шыдамдылық -діріл пайда болған жағдайларда объектінің (заттың) белгілі бір қасиеттерді сақтау қабілеті.

Шу мен діріл

Шу дегеніміз адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс.
Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Дыбыстың қысымы деп, оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы паскальмен (Па) өлшенеді.
Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Втм2 пен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы 1 толқуы 1 Гц тең.
Адамның жәй сөйлескендегі дыбыстың орташа деңгейі 40 децибелл болып есептеледі.
Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген. Ол, жиілігі төмен шулар-40-100 дб, жиілігі орташа шу-85-90 дб, жиілігі жоғары шу-75-85 дб дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумометр) өлшейді. Ойлау арқылы жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшері барлық жиілікте 60 дб-ден аспауы керек.
Діріл дегеніміз машинаның, немесе оның кез келген бөлшектерінің, сондай-ақ олар орналасқан жердің серіппелі толқуы
Дірілдің екпіні оның амплитудасы мен жиілігіне байланысты.
Дірілдің деңгейі 16-20 Гц-тен асқанда дыбыс пайда болады, ал жылдамдығы 1 мс болғанда денені ауыртады, нерв жүйелері мен жүрек буын жүйелеріне әсер етеді.
Дірілдің деңгейі түрлі виброметр, вибрографтармен (ВР-1) өлшенеді және шу мен діріл өлшегіштерімен қорғайтын аяқ киім, қолғап, резина төсегіштер т.с.с қолданылады.

Дірілдің екпінін анықтау
Амплитудасы, мм
Жиілігі, Гц
Жылдамдығы, ммс
Дц
1,300
2
11,2
107
0,300
4
5
100
0,050
8
2
92
0,030
16
2
92
0,010
31,5
2
92
0,006
63
2
92

Шудан, дірілден сақтану жолдары

Діріл және шуылдың пайда болуына әкеп соқтыратын: бұрғылау сораптары, зертхана қондырғылары, дозаторлық құрылғылар, дірілді алаңдар, құрылыс машиналары,компрессорлар және бульдозерлер және т.б.
Мұндай жердегі жұмыстарға жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдерді пайдалануға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамында В витаминдері болуы керек. Дірілді жерде смена уақытының 23 бөлігінде ғана жұмыс істеуге болады және әр сағат сайын 10-15 минут демалыс жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір сменадан артық қалып жасауға болмайды.
Еңбек режимін жасаған кезде дірілдің әсер етуі және онымен байланыссыз басқа жұмыстар орындау ұзақтығының қатынасы 1:2 қатынасынан кем болмау жағын қарастыру керек. Мысалы, қол машинасының санитарлық діріл нормасы 9 Дб-ға дейін артқанда машинананы жұмыс тәртібін 10 минуттан соң басқа жұмыстармен ауық ауық алмастыру пайдалы (10+20+10+20+10+20+10=100 мин). Жұмыстың басқа уақытында (480-100= 380м) дірілмен байланыссыз жұмыс істеу қажет.
Бұл жұмыстарда жұмыс істеу үшін қосымша арнайы киімдер, мәселен, дірілден қорғайтын аяқ киім, қолғап, резеңке төсегіштер т.с. қолданылады (көкірекше, белдік, арнайы костюмдер).дірілден қорғану қолғаптары жұмысқа ыңғайлы болуы шарт. Оның мықты материалы теріні тітіркенуден және ылғалдан сақтайды. Дірілден сақтану киімдерін таза теріден тігеді. Ол 11 Гц жоғары жиілікті өткізеді. Дірілден қорғану киімдері 16;31; 5; 63 Гц және 7..10 дБ жиіліктермен өтеді.
Дірілдің зиянын азайту әдістерін екі топқа бөледі. Бірінші - дірілді күшейтетін әдісті азайтып, оны болдырмау, екінші - дірілді әлсірететін жолдарды қарастырып, машинамен байланысын және құрылыс конструкциясын қарастыру.
Машина шуларын және дірілін азайту үшін бөлшектерді ауыстыру керек. Бөлшектердің дірілін серіппемен немесе басқа да заттарды қолдану арқылы бәсеңдетуге болады.
Егер бөлшек сыртында шуыл көп болса, онда қаптаманы пайдалану керек.Соғылысатын бөлшектер тұтқыр сұйықтарымен майланады, ал дірілдейтін және шуылы бар бөлшектерді май ваннаға салады.
Егер шуылды қалыпты жағдайға дейін азайту мүмкін болмаса, онда машина конструкциясына шуыл көзін оқшаулайтын немесе шуыл жұмысын жұтатын құрылғылар енгізіледі. Ол үшін шуыл тудыратын жабдықты тұтастай дыбыс оқшаулайтын қаптамаға салады және оның басқару жұмысын автоматтандырады: дыбыс оқшаулайтын қаптамада қажет тесіктердің ішін дыбыс жұтатын материалдармен қапталған каналдар түрінде орындайды.
Діріл және шуылдың ауа жүргіш және құбырмен таралуын бәсеңдету үшін оларды резеңкеден жасалған түтік арқылы желдеткіштерге және сораптарға қосады. Шығатын шуылды азайту үшін ғимараттар ішінде төбесін және қабырғаларын дыбыс жұтқыш материалдармен қаптайды. Жұмыс орнында дірілді азайту үшін амортизаторлы жұмсақ орындықтар қолданады.

Шу мен дірілдің организмге зияндылығы

Өндірісте қолданылатын көптеген машиналар, механизмдер, құралдар кей жағдайларда біркелкі теңестіріліп құрылған агрегаттар болып келе бермейді. Сондықтан олардың жұмыс істеу барысында әдетте шу мен дірілдер пайда болады.
Шу мен діріл зияндылық болып есептеледі, организмге ұзақ уқыт бойы әсерін тигізетін болса денеде әр-түрлі аурулар туғызуы мүмкін.
Шу адамның еңбекке қабылетіліғін азайтады, тез шаршаушылық пайда болады. Қатты ту (шуыл) бас ауыруы, қорңыныш сезім, ұйқы қашу, ашушаңдық, тұрақсыз эмоциялық күй тағы басқа жағымсыз жағдайлар туғызады. Шу адамның сергектігін, психиялың реакциясын, жұмыс кезінде қателіктерді көбейтеді бұның бәрі сәтсіз оқиғалар туғызуы мүмкін.
Қатты шудың салдарынан құлақтың есту қабілеті кемиді біртіндеп саңыраулық пайда болуы мүмкін.
Шудың әсерінен адам организмінде бірнеше функцияналдық өзгерістер болады: нерв жүйесінде, жүрек тамыр жүйесінде, тыныс алу және ас қорыту органдарында, заттар алмасу процесінде т.б.
Шулы жұмыстарды істейтін адамдардың арасында гастритпен язва аурулары көп кездеседі. Сонымен шу адам организміне паталогиялық өзгерістер туғызып, кәсіби аурулар пайда болады, бұл ауруларды шуыл аурулары деп атайды.
Дірілдердің салдарынан қажығанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлменің ауа температурасын анықтау
Механикалық тербеліс
Шу мен вибрацияның адамға әсері
Өндірістік кәсіби аурулар
Жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу
Тербеліс ауруы
«физикалық жүктемемен шақырылатын кәсіптік аурулар. діріл ауруы»
Қарапайым вибрациялық антенналар
Мұнай тасымалдау стансаларының диагностика жүйесі
Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары
Пәндер