Пайдаланушы интерфейсі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Реферат

Тақырыбы: Адам және машинаның өзара байланысы
Пәні: Еңбекті қорғау

Тексерген:
Орындаған:

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Адам-компьютер өзара әрекеттестігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Адам-компьютер өзара байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Адам-компьютер өзара әрекеттесуінің факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...6
4. Пайдаланушы интерфейсі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Кіріспе

Эргономика пәні адамды "Адам -машина -өндірістік орта" жүйесіндегі бас түйін ретінде қарайды. Жүйе қаншалықты күрделі болса, адами фактордың алатын орны соншалықты маңызды.
Адами фактор - бұл адамға тән психологиялық және психофизиологиялық қасиеттері мен олардың жұмыс жасау барысында көрінетін қасиеттерінің жиынтығы.
Машина - "Адам-машина-өндірістік орта" жүйесіндегі адам мен ол басқаратын объектілер арасындағы барлық заттар.
Өндірістік орта - зиянды өндірістік фактор мен қауіпті өндірістік фактор деңгейі, сондай-ақ машиналарды қолдану барысында пайда болатын параметрлер (діріл, шу, электр тогы ), сондай-ақ жүйеге сырттан түсетін ақпараттар ағыны.
Эргономика саласының мамандары жүйенің тиімді қызметіне кепілдік беретін үйлесімділіктің бес түрін атап көрсетеді: ақпараттық, биофизикалық, энергетикалық, кеңістікті-антропометрикалық және техника-эстетикалық.
Ақпараттық үйлесімділік.Күрделі жүйеде әдетте оператор техникалық процестерді ұдайы тікелей басқармайды. Көбінесе олар орындау орындарынан белгілі бір қашықтықта болады. Басқару нысандарын көріп тұрмауы, сезінбеуі, естімеуі мүмкін. Оператор приборлардың, экрандардың көрсеткіштерін, мнемосхемаларды көріп тұрады, процестің жүрісін хабарлап тұратын сигналдарды естиді. Бұл құралдардың бәрін ақпараттарды бейнелеу құралдары (АБҚ) деп атайды. Қажет болса, оператор жиынтығы сенсомоторлық алаң жасайтын рычагтарды, құлақшаларды, кнопкаларды, ажыратқыштар мен басқа да басқару органдарын пайдалана алады. АБҚ мен сенсомоторлық құрылғы - машинаның (кешеннің) ақпараттық модельдері делінеді. Солар арқылы оператор ең күрделі жүйелерді басқаруды жүзеге асырады.
Эргономиканың міндеті - машинаның қазіргі сәттегі ең қажетті сипаттарын бейнелейтін және, сонымен бірге, оператордың есі мен жадына артық салмақ түсірмей ақпараттарды қателеспей қабылдауы және өңдеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық модельді қамтамасыз ету. Бұл - өте күрделі міндет. Оператор жұмысының қауіпсіздігі, дәлдігі, сапасы, еңбек өнімділігі осыған байланысты болады. Басқаша айтқанда, ақпараттық модель адамның психофозиологиялық мүмкіндіктеріне сай болуы керек. Сондықтан, ақпараттық үйлесімділік талаптары осыған байланысты болады.

Адам-компьютер өзара әрекеттестігі

Машиналармен өзара әрекеттесу саласында адамның мүмкіндіктерімен шектеулерін жүйелі түрде пайдалану өткен жүз жылдықтың басында қол еңбегін қолданатын фабрикаларда басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауласушы жақтар анағұрлым тиімді қаруларды өндіруге тырысқандықтан соғыс өзара әрекеттесуді зерттеуге жақсы серпін берді. Бұл осы саланы зерттеушілер санының өсуіне алып келді және 1949 жылы Эргономиканы зерттеу қоғамы қалыптасты.
Әдетте, эргономика машиналар мен жүйелердің физикалық сипаттамаларын зерттеумен және олардың пайдаланушы жұмыстарына әсер ету қызметімен айналысады. Адамдық фактор да осындай проблемалармен айналысады. Эргономика, адамдық фактор ұғымдары бір мағынаны білдіреді, дегенмен адамдық фактор АҚШ-та қолданылады. Бұл екі пән де компьютер болсын немесе механизм болсын кез келген жүйелерде пайдаланушы жұмыстарын зерттейді. Компьютерлік пайдалану кең таратылғаннан кейін және адамдар мен компьютерлер арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеуге мамандандырылған зерттеушілер саны да арта бастағандықтан адам-машина өзара әрекеттесуі деген атпен белгілі пән адам-компьютер өзара әрекеттесуі деп аталатын болды.
Адам-компьютер өзара әрекеттесуі (АКӨӘ, ағылш. human-computer interaction - адам-компьютер өзара әрекеттесуі, HCI) - интерактивті компьютерлік жүйелерді дайындау, бағалау және енгізу әдістерін жетілдіру мақсатында қамтитын ғылыми бағыт.
АКӨӘ туралы айтылғанда үстелдік компьютердің жалғыз пайдаланушысы қарастырылмайды. Пайдаланушы ретінде жеке пайдаланушы, бірге жұмыс істейтін топ пайдаланушылары қарастырылады. Пайдаланушы - бұл технологияны пайдаланып жұмыс жасауды орындайтын адам.
Компьютер ретінде үстелдік компьютерден ірі көлемдегі компьютерлік жүйелерді немесе өндірістік үдерістерді басқару жүйелерінің технологиялары қарастырылады. Өзара әрекеттесу ретінде пайдаланушы мен компьютер арасындағы кез келген байланыс түсініледі. Мұндағы ең маңыздысы - нақты мақсаттарға жету үшін пайдаланушының компьютермен өзара қарым-қатынасы.
Бүгінгі таңда көптеген программалық өнімдердің шығуына қарамастан, олардың бірнешеуі ғана пайдаланушының шынайы практикалық программалық интерфейсін ерекшелей алды, ал жоғары практикалық деңгейдегі сапаға ие программалық өнімдердің саны одан да аз. Нағыз кәсіби өнімді жасау үшін бір интерфейс жеткіліксіз. Әмбебаптығымен және ауқымдылығымен ерекшеленетін эстетикалық тартымды интерфейс талап етіледі. Пайдаланушы интерфейстері ПҚ-ны жобалаушылар үшін маңызды кілттік момент болуы керек екендігі айқын.
Жобалаушылар пайдаланушыны, пайдаланушы қажеттіліктерін және оның жұмыс ортасын түсіне білуі керек. Компьютерлік жүйелер пайдаланушылардың тым көп ақпараттарды есте сақтауын талап етеді, олар аз ғана қателіктің өзіне төзімсіз келеді. Бұл және басқа да сұрақтар интерфейсті жобалау кезінде ескерілуі тиіс.
Өткен онжылдықтарда көптеген компьютер пайдаланушылары негізінен программистер және компьютерлік жүйелерді жобалаушылар болды. Демек, компьютерлік жүйені пайдаланушы адам жүйені жасаушы индивидуум ретінде басқа да келісімдер мен мәдениеттерге жүктелетін. Бірақ соңғы жылдарда компьютердің кәсіпқой маманы емес, пайдаланушылардың болуы кәдуілгі құбылыс болды. Нәтижесінде жобалаушы пайдаланушыға эквивалент болмайтын болды. Мұндай жағдайда жобалаушылар пайдаланушылардың дайындалып жатқан жүйеге қойылатын талаптары туралы, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы ақпарат беретін құрал-жабдықтар ортасы мен әдістеріне мұқтаж болады.

Адам-компьютер өзара байланысы

Адам-компьютер өзара әрекеттесуі термині пәннің жалпы анықтамасын береді, бірақ тақырыптың әмбебап пәндік сипатта-масын және шынайы күрделілігін бермейді. Тақырыптың көпқырлылығы бес анықтама беруге мүмкіндік жасайды, олардың әрқайсысы адам-компьютер өзара әрекеттесуінің бір аспектісі болады. Бұл анықтамалар зерттеудің әртүрлі облысын бейнелейді.
Программалық қамтамасыздандырумен аппараттық құралдарды зерттеу.
Компьютерлік интерфейстің аппараттық қамтамасыздандыруына пернетақта, тінтуір, жүйелік блок, монитор жатады. ПҚ пайдаланушыға көруге, естуге, белгілеуге, компьютер экранында қозғауға көмектесетін, сонымен қатар пайдаланушы жұмыс істейтін барлық ақпараттарды қамтиды, адам-компьютер өзара әрекеттесуі тек қана қазіргі кезде бар әрекеттесуді тудырушы, енгізу-шығару технологиясын зерттеп қоймай, сонымен қатар өзара әрекеттесуге әсер ететін дыбыстарды тану сияқты жаңа технологияларды да зерттейді. Мұндай зерттеулердің мақсаты - жаңа технологияларды әзірлеп және олардың ең жақсыcын пайдалануға ұсыну.
Сәйкестік модельдерін зерттеу.
АКӨӘ пайдаланушы ретінде компьютерлік жүйелермен өзара әрекеттесуін зерттейді. Компьютерлік жүйелердің модельдері пайдаланушы міндеттеріне сәйкес келуі керек. Сәйкестікке қол жеткізу пайдаланушы міндеті мен жүйе мүмкіндіктерін түсінуді талап етеді. Адам-компьютер өзара әрекеттесуі кезінде пайдаланушы іс-әрекетін сипаттау мен болжауға бағытталған зерттеу орталығында жүйемен жұмыс жасау үшін және пайдаланушы ретінде өз білімдерін қолдануда пайдаланушылардың білімдері қажетті.
АКӨӘ мәселеге сүйене отырып пайдаланушы білетін және көрсете алатын білімін модельдеу үшін әдістерді дайындаумен айналысады. Оның мақсаты - жүйелердің міндеттері мен пайдаланушы моделіне сүйене отырып, жобалаушыларға жүйені қолдануға керекті көптеген пайдалы жағдайларды қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Мәселелерді зерттеу.
Бұл жерде мәселелердің табиғаты, оның сипаттамалары мен пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері зерттеледі.
АКӨӘ мақсаты мәселелерді зерттеу мен оларды орындау әдістерін дайындау және пайдаланушылардың өз тараптарынан шамадан тыс күш талап етпейтін, мұқтаж болған ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету сияқты мәселелерден тұрады.
Программалық құралдардың пайдаланушы интерфейстерін дайындау саласындағы проблемаларын, негізгі идеяларын, интерфейс стандарттары мен принциптерін, ПҚ интерфейсінің сапасын бағалау әдістемесін білу адам-компьютер өзара әрекеттесуінің мақсаты болып табылады. Онымен эргономика, функциономика, юзабилити, интерфейс, пайдаланушы ұғымдары тығыз байланысты.

Адам-компьютер өзара әрекеттесуінің факторлары

HCI үшін маңызды факторлар:
- HCI эргономикалылығы;
- HCI ортасы (әрекеттесу ортасы, гиперпедиа және Web, байланыс құралдары);
- пайдаланушыға бағытталған жүйелерді дайындау және дамыту;
- пайдаланушы модельдері (қабылдау, моторика, ойлау, өзара әрекеттесу, жұмысты ұйымдастыру, алуантүрлілікке бейімделу);
- қолайлы пайдаланушы HCI дайындау принциптері;
- пайдалану жеңілдігін тексеру және критерийі.
Жоғарыда айтылған түсініктерді толығырақ қарастырайық және анықтайық.
Эргономика (грек. сөзінен érgon - жұмыс, nómos - заң) - заманауи өндіріс орындарының нақты жағдайларындағы адамды (адамдар тобын) кешенді зерттеумен айналысатын ғылыми пән.
Функциономика - эргатикалық жүйелердегі адам-оператордың іс-әрекетінің алгоритмдерін зерттейтін эргономика бөлімі.
Ол:
- эргономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін сынақ стендтерін және қондырғыларды модельдеуші тренажерларды дайындау;
- ақпаратты қабылдау жағдайы және осы түрдегі қызмет үшін бейімделу қабілеті мен шаршағыштығын зерттеу;
- басқару аясында адам-оператордың жұмыс істеу әдістемелерін дайындау;
- адам-оператордың психо-физиологиялық жағдайларын бақылау әдістерін дайындау.
Юзабилити (ағыл. сөзінен usability - пайдалылық) - қандай да бір заттың пайдаланылуында оның пайдалылық деңгейі. Сондай-ақ юзабилити деп пайдаланушы интерфейстерін, соның ішінде Web-интерфейстерін дайындаушыларының арасында белгілі бір ілімді айтады.
Юзабилити мағынасы бойынша - бұл ПҚ-ны дайындауға арналған эргономика бөлімі. Кейбір зерттеушілер эргономика физиологиялық қолайлылыққа тірек болатындықтан, ал юзабилити эргономикаға қарағанда психологиялық аспектілерді жоғары деңгейде қарастыратындықтан юзабилити мен эргономиканы бөлек ұғым деп санайды.
Қазіргі кезде юзабилити термині тұрмыстық электроника немесе байланыс құралы сияқты өнімдердің контекстінде эргономика сөзіне синоним ретінде жиі пайдаланылып жүр. Сонымен қатар ол кейде есік тұтқасы немесе балға сияқты механикалық объектілердің тиімділігіне қатысты да бейресми пайдаланылады.

Пайдаланушы интерфейсі

Программалық кешенді дайындаушылар көбінесе пайдаланушы интерфейсін жүйе қосымша ретінде функционалдығынан бөлек қарастырады. Программаны пайдаланушылар әдетте пайдаланушы интерфейсі мен жүйе функционалдығын бөлмейді. Пайдаланушылар үшін пайдаланушы интерфейс программа болып табылады. Егер интерфейсі жақсы болса, онда олар үшін программа жақсы және қолайлы болады.
Программаны пайдаланушы оның жұмысын басқаруға және қажетті нәтиже алуға мүмкіндік беретін программаның элементтер жиынтығын пайдаланушы интерфейсі (ПИ) ретінде түсінеміз.
Пайдаланушы интерфейсі көбінесе программаның сыртқы түрі ретінде түсініледі. Дегенмен пайдаланушы интерфейсі арқы-лы ғана жүйені тұтасымен түсінетіндіктен мұндай түсінік өте таяз болып саналады. Шындығында, ПИ пайдаланушының өзара әрекеттесуі мен жүйеге әсер ететін барлық дизайнның аспектілерін қамтиды. Бұл пайдаланушы көретін тек экран ғана емес. Пайдаланушы интерфейсі төменде келтірілген құраушылар жиынынан тұрады:
- жүйенің көмегімен пайдаланушылар шешетін тапсырмалар жиынтығы;
- жүйе пайдаланатын метафора (мысалы, MS Windows ОЖ-дағы жұмыс үстелі және т.б.);
- жүйені басқару элементтері;
- жүйе блоктары арасындағы навигация;
- программа экрандарының визуалды дизайны.
Пайдаланушы интерфейсінің дұрыс жобалануының маңыздылығы ақпараттық жүйені (АЖ) енгізген кезде мекеменің жалпы тиімділігі артады, бұл жерде көптеген зерттеу нәтижелері сауатты дайындалған ПИ қарапайым ендірілген АЖ-мен салыстырғанда тиімділікті едәуір арттыруға болатынын көрсетеді.
Пайдаланушы интерфейстерінің құрылымы мен жіктелуі.
Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті құраушыға программалық өнімнің эстетикалық тартымдылығына жауапты элементтер жатады. Белсенді элементтер есептеу модельдерінің операциялық және ақпараттық бейнелері мен пайдаланушы программамен басқаратын пайдаланушы интерфейсінің басқару құралдарына бөлінеді. Программалық өнімнің әртүрлі кластарының басқару құралдарының шамалы өзгешеліктері болуы мүмкін. Сондықтан интерфейстерді және олардың басқару құралдарын алдын ала жіктеуіміз қажет.
Бірінші деңгейде мұндай жіктеу адам-машина өзара әрекеттесуінің (4.1-кесте) базалық техникалық құралдарын пайдалануымен байланысты шыққан интерфейс кластарын бөліп алуға пайдалы болады. Осындай құралдардың тарихи пайда болуы пайдаланушы интерфейстерінің жаңа кластарын туындауына әкеледі. Алайда жаңа құралдардың пайда болуымен интерфейстердің ескі кластарын пайдалануды толығымен тоқтату міндетті емес. Интерфейс кластары өте кең ұғым болып табылады. Базалық интербелсенді құралдармен берілген кластардың ішкі кластарға бөлінуі ойға қонымды, мысалы графикалық кластарды алып қарастырсақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдаланушылық интерфейстердің классификациясы
Графикалық интерфейстер
Графикалық интерфейстер туралы
Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI)
Пайдаланушы интерфейсінің басқарушы құралдарын жіктеу
Басқару жүйелерінің интерфейстерін дамыту
Оқиғаларды өңдеу
құрылғының камерасын бағыттау арқылы пайдаланушыға фотосурет туралы ақпарат бере алатын мобильді қосымша құру
Бағдарламалау тілдерінің өркениеті
Сандық сұйық шығынөлшегіш үшін ақпараттық интерфейс құру
Пәндер