ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Реферат
Тақырыбы: Микроклиматтық еңбек шарттарының гигиена нормаларына әсері
Пәні: Еңбекті қорғау
Тексерген:
Орындаған:
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Өндірістік гигиена және санитария ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары ... ... ... ... ... ..7
3. Гигиена және еңбек қорғау бойынша негізгі заңдық құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ...8
4. Өндірістік микроклимат, қолайсыз микроклиматтық жағдайларымен байланысты аурулардың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
5. Өндірістік бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
6. ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... 15
7. АДАМ ОРГАНИЗМІНІҢ ТЕРМОРЕТТЕМЕСІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .16
8. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
9. Жұмыс орнындағы микроклиматты нормалау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ...17
10.ӨНДІРІСТЕ МИКРОКЛИМАТ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
11. ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫ НОРМАЛАУ ТЕРМИНДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
12. МИРКОЛИМАТТЫҚ ЖҰМЫСШЫҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Кіріспе
Микроклимат (грек. mіkros - кіші және климат) - жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Еңбек гигиенасы - профилактикалық медицинаның ғылыми нормативтерді және кәсіптік аурулар мен еңбек жағдайларының жұмысшыға көрсететін әсерінің, басқа да қолайсыз салдарларының алдын алу құралдарын ғылыми негіздеу мақсатында адам организміне еңбек үрдісі мен өндіріс ортасы факторларының әсерін зерттейтін бөлімі Еңбек гигиенасы өндірістегі еңбек жағдайларын зерттейді. Еңбек жағдайлары - әлеуметтік-экономикалық үрдістердің әсерімен қалыптасатын өндірістік факторлардың жиынтығы болып табылады.
Бірқатар өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылатын ауаның төмен температураларымен сипатталады (тоңазытқыштар, кеме жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту бөлімі, тез бұзылатын тағам сақтайтын қоймалар және басқалар). Бұл цехтардағы ауа температурасы 0ºС жақын болуы мүмкін.
Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының - ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады.
Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекшеленеді және ол өндіріс үрдісінің сипатына, сыртқы метеорологиялық жағдайларға, ауа алмасуының ұйымдастырылуына, т.с.с. байланысты болады. Көптеген өндірістерде (ыстық цехтар) технологиялық үрдіс барысында қызған қондырғылардан, балқыған және барынша қызған металдардан, шыныдан, ауаға өткен ыстық булар мен газдардан бөлінетін жылу есебінен ауа мен қоршаған нысандардың ысып кетуіне алып келетін жағдайлар туындайды.
Өндірістік гигиена және санитария
Еңбек гигиенасы -- қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.
Еңбек гигиенасы санитарлық - гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария -- зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін.
Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады.
Төмен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады.
Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды.
Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі СЭТ өндірістік объектілерді жобалау (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында).
Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.
Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ деп атайды.
Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары олардың технологиялық процесстер және зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді. Кәсіпорынның топтық сәйкестігіне байланысты қорғау аймақтары орналастырлады, олар мынаған тең: бірінші топ үшін -1000, екіншіге -500, үшішісі үшін -300, төртіншісі үшін -100, бесіншісі үшін -50 м.
Кәсіпорындарды санитарлық топтастыру, өндірістердің және объектілерді технологиялық процесстермен, өндірістегі зиянды заттардың қайнар көзі болып табылады, сонымен қатар санитарлық - қорғау аймақтардың мөлшерлерінің сәйкестігіне СЭТ өндірістік объектілерді жобалау (ҚР ДСМ №334, 08.07.05 бұйрығында).
Шаңның, шуылдың және басқа да өндірістік зиянды заттардың болуы кезінде, шаң ұстайтын қондырғы қолдану қажет, арнайы тазалайтын құрылғыларды құрастыру, учаскілерге бөлу, мұнда шуыл деңгейі жоғары болған кезде қолданылады.
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жазықтықты жоспарлау кезінде санитарлық және от пен жарылуларға қарсы қажетті талаптарды қамтамасыз ету қажет.
Құрылыс алаңдарының тиісті аумақтары нормаға сәйкес биіктікті тігінен жоспарлау кезінде алынады. Өндірістегі аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдар қамтамасыз етілуі қажет, адамдардың өту және автокөліктердің ғимараттарға өту жолын қамтамасыз ету, өндіріс мақсаттары үшін ғана емес, сонымен қатар өртсөндірушілерге де немесе әр - түрлі апаттардың алдын алу шаралары кезінде де қолайлы болуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын аумақтарында кем дегенде екі шығатын жол болу керек.
Қалған барлық алаңдар көгалдандырылған болуы тиіс.
Көгалдандырылған, және көркейтілген аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдарды тек қана жүруді ғана қамтамасыз етпей, сонымен қатар осы кәсіпорын ауданындағы ауа тазалығына да жағдай жасау болып саналады.
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы - бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады. Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылулық сәулеленудің қарқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.
Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар - бұл микроклимат параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен кезде жылуды реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.
Ауа температурасы - көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін.
Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады.
Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысын 0,15мс жылдамдығында сезеді, сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 360С кем температурадағы ағын адамды сергетеді, ал 400С жоғары температурада - жайсыз сезінеді.
Ағза энергиясының шығындарынан байланысты ГОСТ 12.1.005-76 жұмыстың үш категориясын қарастырады. Орындалатын жұмыстың категориясынан байланысты микроклимат параметрлерінің жіберілетін мәндері 2 кестеде келтірілген. 2 кестедегі мәліметтерді пайдаланған кезде жылдың жылы мерзімінде ауаның ортатәулік температурасы 100С жоғарыны құрайтынын, ал жылдың суық кезеңінде - 100С және одан да төмен болатынын ескуеру керек. Оңтайлы салыстырмалы ылғал 40-60%де болады.
Еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
Өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Адам агзасы қоршаган ортамен түракты жылу алмас жаглайында болады. Бұл процесте нсгізгі рөлді адамның жылу реттеуі негізгі орын алады. Ол коршаган ортамен жылу алмасуды реттеп отырады жэне дене темтературасын 37°С жуык, сақтаі отырады. Адам агзасының қоршаган ортага жылу беруі киік, конвекция (таралу), қоршаган беттерге сэулелену, тері бетіне і ылгалдың булануы аркылы жүреді. Жылудыц бір бөлігі демалаты і ауаны жылытуга кетеді.
Жылуалмасу процесіне ортаның (микроклиматтын) метеорологиялык жағдайлары жэне жүмыс сипаты эсер етеді.
Микроклимат (грекше Micros - шагын + климат ) - адам агзасыныц жылу алмасуына эсер ететін шектелген кецістіктеіі физикалық факторлардың кешені.
Өндірістік бөлмелердін микроклиматы бул - ауа козгалысыны \ ылгалдыльны мен жылдамдыгы. температурамен қосылгандагы адам ағзасына, сондай-ақ коршаган орта температурасы эрекегімеі аныкталатын бөлмелердін ішкі климаты.
Оңтайлы микроклимат жагдайлары - жылу реттеу реакциясының күштеуінсіз климат параметрлерінің косындысында ацам агзасына ұзак және жүйелі әсерінде ағзаның қалыпты функционалдык жэне жылу жағдайын камтамасыз етеді.Олар жылылық сезімін қамтамасыз етеді жэне жұмыс қабілетін арттырады.
Колжетімді микроклимат жагдайлары физиологиялык бейімделу мүмкіндік шектерінен аспайтын, адамга үзак және жүйелі эсер ететін микроклимат параметрлерімен сипатталады. Бүл ретте денсаулық жағдайларының закымдануы немесе бұзылуы болмайды, бірақ колайсыздау жылулық сезінулер, кеңіл күйдің нашарлауы жэне жүмыс қабілетінің төмендеуі болуы мүмкін. Бүл нормалар эзірге казіргі гехниканың оңтайлы нормаларын қамтамасыз ете алмау себептсрінен болады. Әр түрлі тағайынды нысандар үшін микроклиматтың санитарлык нормаларын эдетте жылдың суық жэне жылы кезеңдері үшін эзірлейді, ал кей жағдайларда климаттык зоналар бойынша жасайды.
Жылдын жылы кезеңі сырткы ауаның орта тэуліктік температурасымен сипатталады, ол 10°С жэне одан жоғары болуы кажет. Жылдың салқын кезеңі орта тәуліктік 10°С төмен болуымен сипатталады.
Тұрғын үйлердің жэне қоғамдық бөлмелердің микроклиматы олардын тагайыны жэне орындалуымен ондағы жылу, желдету, ауа баптаумен анықталады. Түрғын үй адам баласының жер шарындағы барлык өңірлерінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Өңірдің ауа райына және қоршаған ортамен түргын жайдың жылу алмасуында тұргын үйдің төрт типін ажыратады: ашык, жартылай ашық, жабық жэне оқшауланган.
Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары
1 талап
1 класс - 1000 м 2 класс - 500 м 3 класс - 300 м 4 класс - 100 м 5 класс - 50 м
2 талап Құрылыс алаңындағы салынатын ғимараттың тығыздығы төмендегідей болу керек:
1) астық өңдеу өндірісінде тығызық 40 пайыз;
2) консерві, шарап, кондитер өндірісінде тығыздық 50 пайыз;
3) нан өндірісінде 45 - 50 пайыз;
4) май өндірісінде 30 - 35 пайыз болу керек.
3 талап Өндіріс алаңын жобалау кезінде төмендегі шаралар ескеріледі:
1) қатынас жолдарын дұрыс игеру;
2) жауын - шашын суларын аймақтан алшақтау;
3) темір жолдарды ескеру;
4) алаңда бір жағына қарай еңкіштігін ескеру;
5) аяқ жолдарды ескеру және түрлі нұсқамалар қою.
Жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны.
Әр қызметкердің жұмыс орны - түрлі жұмыс бабының бір немесе бір-неше түрін орындауға бөлінген мекеменің бір бөлігі. Ол бөлмелер машиналармен, аппараттармен, агрегаттар немесе станоктармен т.б. мекемеге керекті қауіпті техника түрлерімен қамтамасыз етіледі. Қанша қауіпті техника болғанымен ол орында қауіпсіздік шаралары басым болу керек. Ол үшін мекеме әр техника құралдарының талаптарын, ережелерін қатаң түрде сақтауға тиіс. Сондықтан әр мекеменің тұрған орны, санитарлық гигиенасы, әр техниканың орнықты болуы, қауіпсізідік шараларына қарсы құрал - жабдықтары мен арнайы киімдері және ереже талаптары алдын - ала қарастырылса, қызметкерлерге мекеменің көрсеткен ең 1-ші жеңілдігі деуге болады.
Өндіріс ғимараттарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Өндірістік ғимараттар стандарт бойынша қойылған талаптарға сай болу керек.
Ол өндірісте қанша адамның жұмыс істеу санына байланысты өндірістік нормалар бекітіледі, және де, ер адамдар қанша әйелдер саны қанша соған байланысты күнделікті тұрмысқа қажетті - себезгі, гардероб, дәретхана, демалыс бөлмелері, асхана т.б.бөлімшелер тұрғызылады.
Құрылыс бөлімшелерінің көлемі 15 м3-тан көп болмау керек. Әр жұмысшыға 4,5 м2 бөлмелердің биіктігі 4,8 - ден өте биік болмау керек, қоймалардың биіктігі 3 м-ден кем болмау керек. Еденмен негізгі салмақ көтергіш элементтердің арақашықтығы 2,1 м. Еденмен инженерлік жүйелердің арақашықтығы (газопроводные) 1,9 м кем болмау керек. Сонымен қатар бөлме ішіндегі қысым ылғалдылығының, ауаның тазалығы, гигиеналық талаптарға сай болу керек.
Гигиена және еңбек қорғау бойынша негізгі заңдық құжаттар
Еңбекшілердің денсаулықтарын қорғау, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби ауруларды және өндірістік жарақаттарды жою мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі түрлерінің бірін құрайды.
Еңбекшілердің еңбекке және демалысқа, әлеуметтік сақтандыруға, тегін медициналық көмекке, еңбек пен денсаулықты қорғауға құқықтары ҚР Конституциясында бекітілген. Денсаулықты қорғауға деген құқық, тегін білікті медициналық көмектен өзге, қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны дамытумен және жетілдірумен: кең ауқымды профилактикалық шаралар өткізумен; қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралармен; оқумен және еңбекке баулуымен байланысты емес балалар еңбегіне тыйым салуды қоса отырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы туралы ерекше қамқорлықпен; ауруға шалдығудың алдын алуға және оны төмендетуге, азаматтардың белсенді өмірін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өрістетумен қамтамасыз етіледі. Конституция - нақтылы құжаттар осыған қарай құқықтық негізделген .
ЕТЗН-де санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік сипаты және барлық мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың денсаулық қорғау жөніндегі шаралардың орындалуы үшін жауапкершілігі ерекше атап көрсетілген.
Заңдардың негізінде қаулылар, нормалар, стандарттар және басқа да заңдық құжаттар жасалады және қабылданады.
Еңбекті қорғау және гигиена бойынша іс-әрекетті реттеп отыратын заңдардың сегіз деңгейі бар:
I - ж о ғ а р ғ ы д е ң г е й - бұл біздің еліміздің мемлекеттік биліктің жоғарғы ұйымы - ҚР Жоғарғы палатасы қабылдаған заңдары (ҚР Конституциясы, Еңбек туралы заңдардың негіздері және Еңбек туралы және денсаулық сақтау туралы заңдардың Кодексі)
II - д е ң г е й - ҚР президенті және ҚР Министрлер Кабинеті бүйрықтары,қаулылары.
III - д е ң г е й - тек ҚР Министрлер Кабинет3нің Мемлекеттік санитарлық қадағалау туралы Ережені бекітетін қаулы. Әдетте, Министрлер Кабинетінің денсаулық сақтау жөніндегі қаулыларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен қосарландыра қайталанып отырады.
IV - д е ң г е й - бұл Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитет және басқа министрліктер, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ), санитарлық нормалар (СН), нормативтік құжаттар.
V - д е ң г е й - ҚР Министрлер Кабинетінің Мемлекеттік стандарттар комитетінің құжаттары.
VI - д е ң г е й - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және басқа ведомстволар бекіткен ведомствоаралық заңдық құжаттар.
VII - д е ң г е й - Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтары секілді ведомстволық құжаттар Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар туралы ережені бекіту туралы бұйрық, Жұмысқа орналасар кезінде міндетті алдын ала тексерулерді және еңбектің зиянды және қолайсыз жағдайларының әсеріне ұшырап отыратын еңбекшілерді мерзімді медициналық тексерулерді жүргізу туралы бұйрық, сондай-ақ ҚР ДСМ бекіткен сан көптеген нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар және хаттар, гигиеналық талаптар.
VIII - д е ң г е й - халықаралық конвенциялар, шарттар, декларациялар, ережелер және келісімдер.
Өздерінің қызметінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына көбінесе III - VII-деңгейлердегі заңдық құжаттарға арқа сүйеуге тура келеді.
Н. Ф. Измеров және Ю. Г. Широков Халықаралық еңбек ұйымы Энциклопедиясында жылы атап көрсеткеніндей, іс-тәжірибеде өндірісте еңбек жағдайларын сауықтыру жөніндегі іс-әрекетті реттеп отыратын ресми құжаттардың үш тобымен істес болуға тура келеді. 1-ші топқа өндірістің барлық салаларына қатысты бар республикалық нормативтік құжаттар: санитарлық нормалар, ережелер, Шектеулі-жол берілетін концентрациялар, Шектеулі-жол берілетін деңгейлер,ҚДӘШ (ОБУВ)және т.б., сондай-ақ құрылыс нормаларында және ережелерінде, ЕҚЖС стандарттарында және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негіз қалаушы құжаттарында бар (мысалға, жұмысқа тұрған кездегі алдын ала және мерзімді медициналық тексерулер туралы) және кейбір өзге директивалық құжаттарда бар заңдық талаптар жатады.
2-ші топты өндірістің жекелеген салаларына арналған санитарлық ережелер мен стандарттар құрайды
3-ші топқа белгілі бір мәселелер бойынша ғылыми зерделеулердің нәтижесі болып табылатын және құрамында еңбек жағдайларын сауықтыру бойынша нақтылы талаптар мен ұсыныстар бар, сан көптеген және өзінің мазмұны бойынша әр алуан нормативтік-әдістемелік құжаттар жатады.
Республикалық заңдық құжаттармен қатар, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында еңбекті қорғау және гигиена бойынша 1200 астам ведомстволық нормалар, талаптар, ережелер қолданылады.
Еңбекті қорғау жөніндегі салалық ережелерді және нормаларды салалық кәсіподақтардың орталық комитеттерімен бірлесе (немесе келісе) отырып, тиісті министрліктер (ведомстволар) мен мемлекеттік қадағалау органдары (Мемлекеттік тау-кен - техникалық қадағалау) бекітеді. Бұл құжаттар сондай-ақ белгіленген ретпен санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келісіледі.
Құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) қалалар мен елді мекендерді, кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды және инженерлік жабдықты жобалауға және тұрғызуға, олардың сметалық құнын анықтауға негізгі талаптарды белгілейді.
ҚНжЕ төрт бөлімнен тұрады: I - жалпы ережелер; II - жобалау нормалары; III - жұмыстарды жасау және қабылдау ережелері; IV - сметалық нормалар мен ережелер. Әр бөлім осылар өз бетінше басылып шығарылатын жекелеген тарауларға бөлінеді.
Еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігерлер Құрылыс нормалары және ережелерінің келесі тарауларын бәрінен де кеңінен қолданады: Өнеркәсіп кәсіпорындарының бас жоспарлары; Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік ғимараттары; Табиғи және жасанды жарықтандыру; Ауаны жылыту, вентиляциялау және кондиционерлеу, Шудан қорғау; Әкімшілік ғимараттар мен бөлмелер; Ауылшаруашылық кәсіпорындарының бас жоспарлары; Құрылыс салып біткен кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды пайдалануға қабылдау, Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды тұрғызуға жобалау-смета құжаттарының құрамы, оларды жасап шығару, келісу және бекіту реті туралы нұсқау .
Құрылыс нормалары және ережелерінен өзге, жобалаудың жекелеген мәселелері бойынша технологиялық жобалау нормалары, өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары және т.с.; өнеркәсіптің жекелеген салаларының кәсіпорындарын, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, конструкциядағы және инженерлік жабдықтағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың нормаларын және ережелерін белгілейтін нұсқаулар және т.б. шығарылады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары (ЕҚЖС). Әлемдік стандарттау тәжірибесінде алғаш рет (70-ші жылдардың басынан бастап) біздің елімізде, осымен еңбек қауіпсіздігінің жалпы да, жеке де талаптары мерзімі шектелген, стандарттардың арнайы жүйесі жасалған. Осы стандарттар жүйесінің міндеті жобалаушылар үшін орындауға міндетті болатын, өндірістік жабдықтарға, өндірістік үрдістерге қауіпсіздіктің жалпы талаптарын, жұмыс істеушілерді қорғау құралдарына талаптарды, қауіпсіздікті бағалау әдістерін белгілеу болып табылады. Өлшеу әдістеріне қойылатын талаптарды, қауіпті және зиянды қасиеттерге ие заттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік талаптарын белгілейтін стандарттар бар. Мысалға, Жұмыс аймағының ауасы. Жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар, Зиянды заттар. Классификациясы және қауіпсіздіктің жалпы талаптары, Биологиялық қауіпсіздік. Жалпы талаптар; Діріл. Жалпы қауіпсіздік талаптары; Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары және т.б.
Басқа стандарттардың орындалуына секілді, Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттарының талаптарының орындалуына бақылау жасалуын ҚР Мемлекеттік стандарт комитеті қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттарының Мемлекеттік стандарттары салааралық сипатқа ие, олардың талаптарының орындалмауы заңмен қудаланады. Мемлекеттік стандарттар оқтын-оқтын қайта қарастырылуға және дәлдеп отырылуға тиіс (әр 5 жыл сайын).
Санитарлық нормативтер еңбек гигиенасы жөніндегі заңдардың аса маңызды негізі және еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігердің іс-әрекет етуіне басшылық болып табылады. Санитарлық нормативтердің қатарына зиянды химиялық заттардың (өнеркәсіп уларының) шектеулі-жол берілген концентрациялары, әртүрлі физикалық факторлардың (шудың, дірілдің, ионданушы және ионданбайтын сәулеленулердің, адамның жылу күйінің және т.с.) шектеулі-жол берілетін деңгейлері жатады.
Бірыңғай және анық, дәл ойластырылған әдістемелік қағидалар бойынша (әртүрлі жаруаларға жасалған эксперименттерде анықталатын өзгерістердің шектілігі және гигиеналық маңыздылығы, медициналық талаптардың техникалық талаптардың алдында басымдылығы және т.б.) жасалатындықтан және заңдық ретпен бекітілетіндіктен (жалпы деңгейде және кей кездері ЭӨК аясында), еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық нормативтер әлемдегі ең прогрессивті, сан көптеген және ғылыми негізделген нормативтер болып табылады.
Қазіргі таңда, жаңа химиялық заттардың үнемі енгізіліп отырғандығына қарамастан, біздің елімізде өнеркәсіпте бәрінен кең қолданылатын 1,5 мыңнан аса зат, яғни олардың көпшілік бөлігі нормаланған. Қазіргі уақытта қолданылып отырған ШЖбК тізіміне қосымша, ҚР бас санитарлық дәрігері жыл сайын улы газдардың, булардың және шаң-тозаңның (аэрозольдардың) жаңа ШЖбК-ның қосымша тізімдерін бекітіп отырады.
Сондай-ақ өнеркәсіпте қолданылатын физикалық факторлардың көпшілігіне шектеулі-жол берілетін деңгейлерге нормативтер бар.
Өнеркәсіпте пайда болып отырған жаңа зиянды факторларға нормативтерді негіздеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz