Апаттар мен жарақаттанудың себептері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Реферат

Тақырыбы: Апат пен жарақатттанудың пайда болу қаупі
Пәні: Еңбекті қорғау

Тексерген:
Орындаған:

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Жарақаттанудың алдын-алу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Құрылыстың қауіпсіздігі: жұмыс орнында жарақаттанудың алдын алудың төрт әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4. Апаттар мен жарақаттанудың себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
5. Қолайсыз атмосфера - құбылыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
6. Жарақаттанудың алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Кіріспе

Жарақаттану тұрғындар денсаулығының негізгі аурушаңдық көрсеткіштеріне, еңбекке қабілеттіліктің тұрақты және уақытша жоғалуына және мүгедектік пен өлім-жітім шығындарын ұлғайтатын патология болып табылады. Осы мақалада жарақаттанудың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы әлеуметтік- медициналық мәселелер бойынша әдеби шолу келтірілген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының 2017 жылғы ресми мәліметтеріне қарағанда жыл сайын тұрмыстық жарақаттардан 1,8 миллион адам қазаға ұшыраса, оның ішіне кіретін жол-көлік апатының нәтижесінде 1,25 миллионға жуық адам өлім- жітімге ұшырайды екен. Жол-көлік апатынан туындайтын жарақаттар 15-29 жастағы жас адамдардың өлім-жітімінің басты себебі болып табылады. Жол апатынан туындайтын өлім-жітімнің 90%-дан аса оқиғасы әлемдегі көлік құралдарының шамамен жартысына тиесілі болғанына қарамастан, осы оқиғалар табыс деңгейі төмен және орта елдерде орын алады. Әлемде жолда қаза табатын адамдардың жартысы жол тәртібін сақтамаушылар, оның ішінде жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен мотоцикл жүргізушілері болып табылады. Болжам бойынша жол тәртібін бұзудан жол-көлік оқиғасының саны өсіп, 2030 жылға қарай өлім-жітім себебінің маңызы бойынша жетінші орынды алатын болады.
Жарақаттану барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қатерлі қауіп төндіреді. Жыл сайын әлемде әр түрлі жарақаттардың салдарынан 5 млн. адам көз жұмады - бұл шамамен жалпы өлім санының 9 пайызын құрайды. Көбінесе адамдар өзінің бейғамдығы мен абайсыздығы немесе біреудің қылмыстық немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан жарақат алады, мүгедек болып қалады, өмірінен айырылады.
Қауіптілікті болдырмау үшін: аяқ астына мұқият қараңыздар; аяқты кең баспай, ақырын басыңыз; аяқтың үшімен, артымен баспай, табанға толық басыңыз; тазаланбаған көшелерді және тайғақ жерлерді айналып өтіңіз; құм себілген жаяужолдармен жүріңіз; аяқ киімнің табанына зімпаралы қағазды немесе жабысқыш пластырь жабыстырыңыз; табаны кедір-бұдыр аяқ киім киген дұрыс болар; бойжеткен қыздарға көктайғақ кезінде жоғары, жіңішке биікөкшені ұмытқан жөн болар.
Көшеде, өндірісте, отбасында жазатайым жағдайдың болуы туралы әрбір хабарлама қайғылы сезім тудырады. Әсіресе бала қаза тауып, жараланса, екі есе ауыр тиеді. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, бір біріне құрметпен қарау міндеті сақталса, жазатайым оқиғалардың болу ықтималдығы айтарлықтай аз болар еді.

Жарақаттанудың алдын-алу

Жарақаттану барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қатерлі қауіп төндіреді. Жыл сайын әлемде әр түрлі жарақаттардың салдарынан 5 млн. адам көз жұмады - бұл шамамен жалпы өлім санының 9 пайызын құрайды. Көбінесе адамдар өзінің бейғамдығы мен абайсыздығы немесе біреудің қылмыстық немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан жарақат алады, мүгедек болып қалады, өмірінен айырылады.
Жарақаттар бөлінеді:
Өндірістік - өнеркәсіптік; ауыл шаруашылықтық; құрылыстық; көліктік жарақат: жұмысшының өндірісте және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамауына байланысты туындаған жарақат. Негізгі себептері - бұл жұмыс орнын ұйымдастыру мен ұстаудағы, техника қауіпсіздік ережелерінің сақтаудағы кемшіліктер; жұмыс орындарын дұрыс жарықтандырмау; өндіріс аумағының былығуы және ластануы; тұрмыстың қанағаттанарлықсыз жағдайлары; алкогольдік мастану.
Өндірістік емес: тұрмыстық; көшелік; жол-көліктік; спорттық; мектептік; балалар жарақаты және басқалар. Олар өндірістік қызметтен тыс зардап шеккен жазатайым оқиғаларға: үйде, аулада, жеке гаражда және т.б. байланысты.
Адамдардың жарақаттану және қаза табу деңгейін төмендетуге не мүмкіндік туғызады?
Біріншіден, оларды бұзу үшін қауіпсіздікті, қауіпсіздік ережелерін сақтау және арттыру үшін жауапкершілік шараларын қамтамасыз ету керек;
Екіншіден, кең бұқаралық тұрғындардың салауатты және қауіпсіз өмір салтына насихаттау жүргізу, алғашқы көмек көрсете білуге ықпал ету керек.
Қауіптілікті болдырмау үшін: аяқ астына мұқият қараңыздар; аяқты кең баспай, ақырын басыңыз; аяқтың үшімен, артымен баспай, табанға толық басыңыз; тазаланбаған көшелерді және тайғақ жерлерді айналып өтіңіз; құм себілген жаяужолдармен жүріңіз; аяқ киімнің табанына зімпаралы қағазды немесе жабысқыш пластырь жабыстырыңыз; табаны кедір-бұдыр аяқ киім киген дұрыс болар; бойжеткен қыздарға көктайғақ кезінде жоғары, жіңішке биікөкшені ұмытқан жөн болар.
Егер Сіз сонда да көшеде тайғанап құласаңыз және аяқ-қолыңыздың жіті түрде ауырғаның сезсеңіз, өзіңіздің күйіңізді бағалау маңызды.
Сынықтың немесе буын шығудың басты белгілері: қатты ауырсыну; өсе түскен ісік; зақымдалған аяқ-қолдың қысқаруы және оны дұрыс қозғау мүмкіндігі болмау.
Ми шайқалудың белгілері: естен тану (кейде тек аз сәтте); жүрек айну; бас ауруымен байқалады.
Қалай да болсын әрі-бері өтушілердің назарын аударуға, көмек сұрауға тырысыңыз. Олар жедел жәрдем шақырып, немесе жақын травматологиялық орынға жетуге көмектесу керек.
үлкендерге: Абай даңғ.-18, Буров к.-61,
балаларға - АжӘО Утепов к. -37.
Жазатайым оқиға міндетті түрде травматологиялық орынға немесе жедел жәрдемге жүгінумен аяқталады. Тек жеңіл соғып алу кезінде ғана дәрігердің көмегіңсіз амалдауға болады: ауырған жерге суық салыңыз, ол ісік пен ауырғанды азайтады, және көгерген жерді сорып алу үшін жақпа май немесе гель жағыңыз. Ауырған жерді жылытуға болмайды, әсері тікелей қарама-қарсы болады.
Көшедегі жарақаттанудың алдын алу бойынша маңызды шаралардың бірі - тұрмыстық маскүнемдікпен күрес, өйткені көшедегі жарақаттар жиі адамның мас күйінде болады.
Қарт адамдар жарақатының алдын алу.
Осы жарақаттардың себебін ішкі және сыртқыға бөлуге болады.
Ішкі себептері тірек-қозғалыс аппараты, көру және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жас өзгерістеріне байланысты.
Сыртқы себептер қауіпсіз қозғалысты дұрыс ұйымдастырмауға, төмен тұрғын үй қауіпсіздігіне, ыңғайсыз аяқ киімге, жылжыту көмекші құралдарының жоқтығына (таяқ, ағашаяқ) және т.б. байланысты.
Егде және кәрі жаста неврологиялық және қан жолдары ауруының, тірек-қозғалыс аппаратының патологиясы негізінде жүріс-тұрыс мәселелері: бұлшық еттер атрофиясы, буындардың ауруы, олардың икемділігінің жоғалуы пайда болады.
50 пайыз құлау жағдайлары үйде, әсіресе жуынатын және жатын бөлмелерінде болады. Көп қарт адамдар жарақатқа куәліктерсіз ұшырайды, сондықтан тез көмек ала алмайды.
Қарт адамдар жарақаттануының алдын алу бойынша ұсыныстар.
Егде жаста жарақаттардың, құлаудың, мертігудің алдын алу көбінесе адамның өзіне, өмір салтына, мінезіне және назарына байланысты. Осыған байланысты ұсынылады:
Дер кезінде жүрек-қан тамырлары, артроз, остеопороз ауруларын анықтау және емдеу.
Уақытылы және неғұрлым тиімді көзілдірік немесе есту аппаратына тапсырыс беру үшін, көру және есту қабілетін жиі тексеріп отыру қажет.
Үй жағдайында дәрігердің тағайындауы бойынша тепе-теңдік және бұлшық ет жаттығуларын, сондай-ақ күнделікті жүрісті орындау.
Тұрғын үй-жайларында оңтайлы температураны ұстау қажет, өйткені оның елеулі түрде ауытқуы мидың қан қысымы айырмасын нашарлатады, ол үйлесімді қозғалыстардың бұзылуына әкеліп соғады.
Жиі серуендеу, жүзу, жеңіл гимнастикамен айналысу сергектік және қозғалғыштықты сақтауға көмектеседі.
Тәуліктің қараңғы уақытында, ауа райының өте суық кезінде, қар жауған және көктайғақ кезінде үйден шығу орынсыз. Қысқы уақытта серуендеу кезінде құлаудың алдын алу үшін, таяқ қолдану немесе жақын туыстармен қыдыру орынды, әсіресе көшені өткенде, баспалдақпен көтерілу, түсу кезінде бұл өте маңызды.
Тәуліктің қараңғы уақытында үйге қайтқанда, бағдарды адам көп жүретін және жарығы бар орындарда таңдап, жақын туыстар және достармен бірге жүру орынды.
Аяқ киімді дұрыс таңдау маңызды. Ол тар болмауы тиіс, бірақ тым үлкен мөлшерде емес, жұмсақ және кедір-бұдыр табанды болуы керек.
Қарт адам тұратын бөлмедегі жиһаз да маңызды рөл атқарады. Мысалы, кереует 60 сантиметрден төмен болмауы, креслолар шұңқыр болмауы керек, креслолар жұмсақ, басқа тірек болу үшін, арты биік болуы керек. Төсектен тұрғанда, шалт қозғалудан сақ болу керек.
Жарақат алу кір жуу, суға шомылу кезінде болуы мүмкін, сондықтан ваннаға суды туыстар немесе қызмет көрсетуші қызметкерлер құю керек. Жуынатын бөлме тұтқалармен, ваннаның шетіне бекітілген тірекпен және арнайы орындықтармен жабдықталуы керек. Жуынатын бөлменің еденіне резина төсеніші төселуі керек.
Қарт адамдар үнемі өз күштері мен ағза мүмкіндіктеріне сенуі керек. Қарт адамдардың жарақаттануын азайту, бұл санаттағы адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық жасау кезінде ғана емес, осы азаматтардың өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне мұқият қарау арқасында болады.

Жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу

Әлемде жыл сайын жол апаттарында шамамен 1,3 млн. адам өледі, ал 20 млн-нан 50 млн адамға дейін жарақат алады немесе мүгедек болып қалады.
Жол-көлік оқиғасының (ЖКО) қатері мен зақымданудың ауырлығын төмендету үшін олардың тиімділігі дәлелденген түрлі іс-шаралар қолданылады.
Қалалық жолдар бойында велосипедшілерге арналған арнайы жолдардың бөлінуі, велосипедшілер арасындағы өлім санын қысқартуға мүмкіндік берді.
Күндізгі уақытта жағылған шамдармен жүру ЖКО санын 10-15 пайызға төмендетті.
Алдыңғы орында отырған жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін пайдалануы жарақаттың барлық түрлер санын 40-50 пайызға азайтты. Белдіктер мен қауіпсіздік жастығының үйлесімі жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы өлім санын 68 пайызға азайтты.
Егер бала машина жүрісі бойынша отырса, балалар креслосын пайдалану барлық жарақаттар санын 34 пайызға, ауыр жарақаттар санын 60 пайызға төмендетеді, ал егер бала машина жүрісіне қарсы отырса, барлық жарақаттар санын 76 пайызға, ал ауыр жарақаттар санын 92 пайызға төмендетеді.
Мотоциклшілер мен велосипедшілер шлемін пайдалану жарақат алған тұлғалардың санын 20 - 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Көшеде, өндірісте, отбасында жазатайым жағдайдың болуы туралы әрбір хабарлама қайғылы сезім тудырады. Әсіресе бала қаза тауып, жараланса, екі есе ауыр тиеді. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, бір біріне құрметпен қарау міндеті сақталса, жазатайым оқиғалардың болу ықтималдығы айтарлықтай аз болар еді.

Құрылыстың қауіпсіздігі: жұмыс орнында жарақаттанудың алдын алудың төрт әдісі

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәліметі бойынша, әр жеті секунд сайын жұмысшыға зиян келеді. Осы ықтимал қауіп-қатерлерді мойындау және өзіңіздің ғана емес, әріптестеріңіздің де қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін әдеттегі ережелерді сақтау өте маңызды. Мұнда құрылыс қауіпсіздігі туралы ең жақсы тәжірибеге қатысты кеңестер берілген және кез-келген жазатайым оқиғаларды олар пайда болмай тұрып қалай тоқтатуға болады.
Дұрыс қауіпсіздік техникасын киіңіз
Бұл оңай жұмыс сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл жиі еленбейді. Қатты шляпалар мен болаттан етіктен бастап респираторлық маскаларға дейін тиісті қауіпсіздік құралдарын кию - жұмыс орнында апатсыз және жарақатсыз болудың ең сенімді тәсілдерінің бірі. Құрылыс индустриясындағы кез-келген жұмыс немесе жоба өзінің жеке қондырғысы мен құралдарын талап етеді. Сіз кедергілерді шешіп жатырсыз ба, бетон орнатасыз ба, тек тиісті қорғаныс құралдарын ғана емес, сонымен қатар оның дұрыс орналасқандығына көз жеткізіңіз.
Мысалы, қамтамасыз етілмеген тыныс алу маскасы улы шаң бөлшектерінің ағып кетуіне жол ашып, тыныс алу органдарының ауруларына әкелуі мүмкін. Басқа бос жабдық пайдаланылып жатқан құрылғыларға түсіп кетуі мүмкін және сізге қауіп төндіруі мүмкін. Дұрыс қауіпсіздік техникасын қолдана отырып, сіз осы жағдайлар үшін жақсы жабдықталасыз.
Қолданар алдында материалдарды тексеріп алыңыз
Меншікті жоюды немесе құрылыс материалдарын жоюды талап ететін құрылыс жұмыстары үшін операторлар сақ болу керек. Ескі үйлерден немесе құрылыстардан материалдар жинамас бұрын, бұл заттар улы заттардың бар-жоғына тексерілуі керек. 1980 жылдарынан бұрын құрылымдардың көпшілігі құрамында қауіпті адам канцерогендері бар элементтер, соның ішінде асбест пен қорғасынның іздері жасалды.
Құрылыс жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зертханаға болжамды заттарды зертханаға жіберу ұсынылады, өйткені бұл объектте асбест бар-жоғын білудің ерекше әдісі. Қорғасын және формальдегид сияқты басқа да қауіпті заттарды зерттеуге болады. Операторлар бұл заттарды өздігінен жоюға тырыспауы керек және жұмыс орнының жай-күйін сақтау үшін оларды жою үшін лицензияланған топты пайдалану ұсынылады.
Өзіңіздің жұмыс сайттарыңызға кедергі жасаңыз
Денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі басқарма мәліметтері бойынша, 2018-да барлық оқиғалар мен жарақаттардың 31% -ы сырғып кетулер, сапарлар және құлау салдарынан болған. Жарақаттың бұл түрін болжайтын жазатайым оқиғалар жұмыс орнында санитарлық тазалық пен қатер туралы ескертетін қауіпсіздік белгілеріне қатысты абайсыздыққа тән. Әрбір жұмыс күнінен кейін жұмыс орындары тазаланып, болуы мүмкін апаттар мен жарақаттардың алдын алу өте маңызды.
Нормаларды орнында ұстаңыз
Жоба жетекшілері мен құрылысшылар жұмыс орындарында қауіпсіздік апаттары болған кезде үнемі саясат жүргізіп отыруы керек. Жоба басталған кезде жарлықтар шығару қарапайым болғанмен, ережелерді ұстану және олардың қатаң сақталатындығына кепілдік беру қызметкерлер арасындағы оқыс оқиғалар мен жарақат алудың алдын алу үшін өте маңызды. Егер біз еңбек жағдайларын қауіпсіз әрі жағымды етіп жасауды қолға алсақ, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жарақаттану оқиғаларын азайтуға болады. Ол қауіпсіздіктің мықты басшылығымен және қауіпсіз қауіпсіздік мәдениетімен басталады және аяқталады.

Апаттар мен жарақаттанудың себептері.

Өндірістегі қайғылы оқиға деп, жұмыс жасаушы өзінің міндеттерінатқару кезінде немесе басқарушы тапсырған жұмыстарды атқару кезінде оған қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуі оқиғаларын айтамыз. Қайғылы оқиғаның әсерінен адам жарақаттанады, яғни сырттан болатын әрекеттерден ағза ұлпаларының зақымдалады немесе қызметі бұзылады.
Қайғылы оқиғалардың болу себептері:
1. Ұйымдастырушылық: еңбекті қорғау ережелерін үйретудің сапасыздығы мен болмауы, жұмыс жасау жобаларымен таныстырудың болмауы мен сапасыздығы, еңбекті қорғау нұсқауларының болмауы, жұмыс жасау мен демалу режимінің талапқа сай болмауы, жұмыс орнын, жаяу адам мен көлік қозғалысын дұрыс ұйымдастырмау, жеке қорғану құралдарының, арнайы киімдердің жұмыс талаптарына сәйкес болмауы, жөнделмеген болуы немесе тіптен жоқ болуы.
2. Техникалық себептер конструкциялық, технологиялық және қызмет көрсетудің жетіспеушілігі болып бөлінеді. Конструкциялыққа сайман құрылысының қауіпсіздік ережесіне сай болмауы, технологиялыққа өңдеу, тасымалдау режимдерінің дұрыс таңдалмауы, ал техникалық қызмет көрсетудің дұрыс болмауына жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізу жұмыстарының мерзімдерінің сақталмауы жатады.
3. Санитарлық-гигиеналық: қолайсыз метео жағдайлар, шаң-тозаң, газдану, нашар жарықталу, сәуле, т.б.
4. Психофизиологиялық: еңбектің ауыр әрі шиеленіскен болуы, шаршау, ұқыпсыздық.
Жарылу қаупі бар құрылыс ғимараттарын қорғау.
Барлық ғимараттар мен тұрғын жайлар 5 категорияға бөлінеді:
А - жарылу-өрт қаупі бар. Жанғыш газдар бөлінетін технологиялық процестер жүретін ғимараттар, тез тұтанатын газдар 28° С; Р - 5 кПа-дан жоғары;
Б - 28° С тез тұтанатын газдар пайдаланылатын, жарылғыш және өрт қауіпті қоспалар түзілетін, 5 кПа-дан жоғары жарылыс қысымы пайда болатын ғимараттар;
В - бір-бірімен және оттегімен қосылған кезде тез тұтанатын жанғыш және қиын жанатын сұйықтар, қатты жанғыш заттар пайдаланылатын технологиялық процестер жүретін ғимараттар. Бұл категориялар А және Б категорияларына жатпайтын болса. Бұл категория - өрт қаупі бар категория.
Г - жанғыш емес заттар мен материалдар жанғыш, ұнтақталған немесе ерітілген жағдайда пайдаланылатын технологиялық процестер жүретін ғимараттар.
Д - қатты жанғыш емес заттар мен материалдар салқын күйінде пайдаланылатын технологиялық процестер жүретін ғимараттар (металдарды механикалық өңдеу).
Жарылу - орасан зор жылу және газ заттарын шығарып, қирату күшін туғызатын өте тез жану процесін айтады.
Жану температурасы - зат ашық от көзінен тұтанып, ол жойылғаннан кейін де жана беретін минимальдық температура.
Өздігінен жану температурасы - ашық от көзі болмаса да, химиялық реакция әсерінен оның ауадағы тұтануы пайда болатын минимальдық температура. Жанғыш газдар мен шаңның жарылуының концентрациялық шегі болады.
Жарылу қаупі бар аймақ - қалыпты технологиялық процесс өту кезінде де, апаттық жағдайларда да жарылғыш қоспалар пайда болатын ғимараттар, оның бөлігі немесе ғимараттан тыс жерлер. Газдар үшін:
В-І, қалыпты жұмыс режимінде жарылғыш қоспалар тудыратын жанғыш газдар немесе ТТС булары пайда болатын ғимараттар.
В-Іа, апаттық жұмыс режимінде жарылғыш қоспалар тудыратын жанғыш газдар немесе ТТС булары пайда болатын ғимараттар.
В-Іб, В-Іа-ға ұқсас, бірақ аздаған мөлшерде жарылғыш қоспалардың пайда болу процесі мен олармен жұмыс ашық от көздерінсіз жүргізілетін аймақ.
В-Ів, В-І-ге ұқсас, тек аздаған мөлшердегі жарылғыш қоспалардың пайда болу процесі мен олармен жұмыс ашық от көздерінсіз жүргізілетін аймақ.
В-Іг, апаттық жұмыс режимінде жарылғыш қоспалар тудыруға қабілетті жанғыш газдар немесе ТТС булары пайда болатын аймақ немесе ғимарат (сыртқы электр құрылғыларының айналасы).
В-ІІ апаттық жұмыс режимінде жанғыш қоспалардың пайда болуынан технологиялық процесс операцияларын жүргізгенде орын алатын жарылу қаупі бар аймақ.
В-ІІа, апаттық жұмыс режимінде жанғыш қоспалардың пайда болуынан технологиялық процесс операцияларын жүргізгенде орын алатын жарылу қаупі бар аймақ.

Қолайсыз атмосфера - құбылыстары

Адамзат қолайсыз атмосфера құбылыстарының әсеріне ұшырайды.
Қолайсыз атмосфера - құбылыстары - бұл адамдардың өміріне және шаруашылық іс-әрекетіне теріс ықпал ететін ауа райы құбылыстары. Қолайсыз атмосфера құбылыстарын шартты түрдегі жауын-шашын және желмен байланысты құбылыстарға бөлуге болады
Қар жауу - бұл 12 сағат не одан да көп уақыт бойы қалыңдығы 12 - 20 мм қар түсетін жауын-шашын мөлшері . Қатты және өте қатты қар жауу көбінесе боранмен қатар жүреді. Апатты қар жауу кезінде автокөлік және теміржол көліктерінің жұмысы қиындайды. Байланыс және электр желілері үзіледі. Ағаштардың ұшар басы сынады. Құрылыс нысандары мен коммуналдық шаруашылықтардағы жұмыстар кешігеді. Кей жағдайда адамдар қаза болады.
Нөсер жауын - жоғары қарқындылықпен (кейде 100 ммсағ-қа дейін) ерекшеленетін жауынның түсуі. Бұл жауындар ылғалды төсеме беткейдің ыстық ауа райында қатты қызуының нәтижесінде пайда болады .
Ылғал булана отырып жоғарыға көтеріледі, сұйылтылады және ылғалға қаныққан бұлттардан нөсер болып жауады. Нөсер жауынның түсу ұзақтығы орта есеппен бірнеше минуттан 1 - 2 сағатқа дейін болады. Алайда кейде мұндай жауын-шашын бірнеше тәулікке де созылуы мүмкін. Нөсер жауын кезінде бұлттылық айтарлықтай ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жарақаттанудың алдын алу шаралары
Өндірістік жарақаттар және кәсіби аурулар туралы негізгі түсініктер
Өндірістік жарақаттанудың техникалық себептері
Апатты жағдайдың сипаттары
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұрғылау ұңғымаларының классификациясы
Құбыр арқылы тасымалдаудан гөрі танкер арқылы тасымалдаған жеңіл
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Еңбек қорғаудың құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері
Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
Пәндер