Пресвитерандық шіркеуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Христиан діні

Тексерген: Орындаған:

Мазмұны

1. Кіріспе . . . 3

2. Христиан дінінің шығу тарихы . . . 4

3. Қазақстандағы православие . . . 5

4. Католицизмнің Қазақстанда таралуы . . . 6

5. Протестантизм . . . 6

6. Қорытынды . . . 8

7. Қолданылған әдебиеттер . . . 9

Кіріспе

Христиан діні(гр. Хрютос, Khristos, сөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраhимдік дін (грекше Хрютос, (Khristos) ағылшын тілінде anointed-орыс тілі помазанный-қазақша басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіh шалу) -Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеситік дін. Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2. 2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді. Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1. Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн) ;

2. Апостолдардың арнаулы хаттары;

3. Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;

4. ақыр заман туралы өсиет.

Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегіндей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империясының жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өміріңде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т. б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткенің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4-6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин(330-390), Григорий Нисский(335-394), Василий Кессарийский(330-394) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5-ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабер, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9-11 ғасырларда Христиан діні Батыс шіркеуі(католиктер) және Шығыс шіркеуі (провославтар) болып екіге бөлінді

Христиан дінінің шығу тарихы

Біздің дәуірімізге дейнгі 6-2ғғ Вавилион, парсы, македон басқыншылығынан және жателдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық яхудеилер(еврейлер) аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Б. д. д. 140 жылдан бастап, тәуелсіз Иудеяны маккавей(хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар, тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Ал б. д. д. 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының бір бөлігіне айналады. Иудея мен Самария өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланады. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес-Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтеді. Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралады. Бұл яхудилердің діни ұлттық топтары-хасидейлер мен фарисейлер(жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін жат-жерліктердің ықпалына қарсы күресің, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырады. Жергілікті дәстүрлерімен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі біздің дәуіріміздің 1 ғасырларда Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның(машиах) құдай белгісі бардың келетінін және оның яхуди халқын құтқарып, яхуди патшасы болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді. Шығыстың әтүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмайды, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермейді. Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан діні шығады. Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдында тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятады. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергіліктіті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланады. Олар жергілікті би өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болады. Дегенмен, көп ұзамай христиан дінін уағыздаушылар көбейіп оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастайды. Христиан діні догматикасы 4-6 ғасырларда қалыптасса, онда каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин(330-360), Григорий Нисский(335-394), Василий Кессарийский(330-397) маңызды рөл атқарады. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленеді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмайды.

Қазақстандағы православие

Православие діні - Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт. Православие діні елімізде Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы кезіндегі әскери қоныстарда пайда болды. Оңтүстік аймақтарда алғашқы әскери діни қауымдар (кішкентай шіркеулер, сиыну үйлері) 1866 жылы Түркістан мен Шымкентте пайда болған. 1871 жылы Түркістан Епархиясы құрылған болатын. 1872 жылы Верный және Жетісу епархиялары тарапынан құрылған кафедраға қазақстандық архиерейлердің алғашқысы - архиепископ Сафония (Сокольский) сайланып, ол осы қызметін 1877 жылға дейін атқарды. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шіркеулер салу XIX ғасырдың 80-ші жылдары басталды. Осылайша, 1901 жылдың өзінде Сырдария облысында күйдірілген кірпіштен қаланған сегіз шіркеу болған. ХХ ғасырдың басында Түркістан (құрамына Қазақстанның көптеген аумағы кірген) аумағында 391 мың православ христиандар мен 306 шіркеу болған. 1917 жылы кеңестік биліктің орнауымен жетпіс жылды қамтыған ауқымды атеистік күрес басталды. Бұл күрес шіркеулерді жою, діни басшылықты қудалау, шіркеу меншігін тәркілеу секілді әрекеттерді қамтыды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орыс православ шіркеуі тарапынан жауынгерлердің рухын көтеретін отансүйгіштік шақырулардың болуымен дінге қатысты белгілі жеңілдіктер басталды. Бұл фашист басқыншыларға қарсы халықтың рухын көтерді. Осы кездері Қазақстанда қайтадан шіркеулер ашыла бастады. Православтық өмір салтын қайта орнына келтіру республикамызда 1945 жылы басталды. Осы жылы қасиеттілер қатарына қосылған, митрополит Николай (Могилев) алғашқы билеуші архиерейі болған Алматы және Қазақстан епархиясының негізі қаланды. Ислам мен православие еліміздің маңызды рухани өміріне арқау болғандығы жайлы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет айтып өткен болатын. Діни сенім бостандығына құқық беру толыққанды рухани өмірге оралуға мүмкіндік берді. 2012 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының талаптарына сәйкес, республикада діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісі жүргізілді. Қазіргі таңда Қазақстанда Митрополиттік аймақ республикалық діни бірлестігін, сондай-ақ 9 епархияны қосқанда православ шіркеуінің 329 діни бірлестіктері қызмет етеді. Православ қауымдастықтарының едәуір басым бөлігі Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында тіркелген. Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан бастап Орыс православ шіркеуі, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ мемлекеттің серіктесі болып, қоғамдағы тұрақтылық пен конфессияаралық бейбітшілікті сақтауға бағытталған саясатта ерекше маңызға ие болуда. Қазіргі таңда Қазақстанда православ шіркеуінің 329 діни субъектісі және 295 православиелік діни ғимараттары қызмет етеді. Сонымен қатар, елімізде Армян апостолдық шіркеуі және 5 түрлі бағыттағы православ шіркеуі қызмет етеді.

Католицизмнің Қазақстанда таралуы

1991 жылы Рим Папасы Иоанн Павел ІІ Қазақстан мен Орта Азия үшін Апостолдық Әкімшілік құрды. Епископ Ян Павел Ленга бұл Әкімшіліктің әкімшілігі болып сайланды.

1997 жылы Орта Азия республикаларының приходтары Қазақстанның Апостолдық Әкімшілігінің қарамағынан шығарылып, «suiiuris» (өзінің құқығы), яғни өзін-өзі басқару мәртебесін алды.

1999 жылы Қазақстандағы Апостол Әкімшілігін Қазақстанның Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Қарағанды епархиясына өзгертті, сонымен қатар, үш жаңа: Астана, Алматы және Атырау Апостол әкімшілігі құрылды.

Сонымен қатар, мұндай құрылымдар Қасиетті Тақ тәжірибесінде экстраординарлы болып табылады және барлық жерде епархиялар мен архиепархияларға алмастырылуы тиіс.

Протестантизм

Протестантизм - православие мен католицизмнен кейінгі христиандықтың негізгі діни ағымдарының бірі. XVI ғасырларда Еуропаның бірқатар елдерінде реформацияның нәтижесінде ауқымды антикатоликтік қозғалыс кезінде пайда болды. Лютерандық

Лютерандық - неміс реформаторы Мартин Лютердің (1483-1546) іліміне негізделген протестанттық шіркеу.

2016 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша Қазақстан Республикасында 13 Інжілдік-лютеран шіркеуі тіркелген.

Баптизм

1860 жылдың аяғы мен 1870 жылдың басында Ресей жерінен Қазақстан мен Орта Азияға шаруалар мен саудагерлердің қоныс аударуы алғашқы евангелдік топтардың пайда болуына негіз болды.

2016 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша ҚР 174 ІХБ субъектісі тіркелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Православие діні
Орыс православие шіркеуінің дамуы
САЕНТОЛОГИЯ ШІРКЕУІ ДОКТРИНАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Әлемдік мәдениет бойынша жобалық жұмыс
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жалпы сипаттамасы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы
Қазақстандағы православие
Латвия елінің архитектурасы
Қазақстандағы православие тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz