Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігіне сипаттама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Реферат
Пәні: Кәсіби бағытталған шетел тілі
Тақырыбы: Шет тілін үйрену жолдарының түрлі әдістері

Тексерген: Орындаған:

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 4
1.2 Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді, жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушыларды білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол , әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді деп көрсетеді Е.М.Верещагин[1, 48 б.]
Оқу процесін тиімді әрі белсенді етуге бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарының көптігіне, әртүрлі инновациялық тәсілдердің пайда болуына және олардың оқу процесіне енгізілуіне қарамастан, оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді шетел тілі сабақтарында қолдану өз алдына толық қаралған жоқ. Осы мәселенің шешімін табуға үлес қосу біздің жұмысымыздың өзектілігін көрсетті де, зерттеу тақырыбын Көркем мәтіндер негізінде шет тілін оқытуда тілдік оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін (құзыреттілігін) қалыптастыру деп алуға себеп болды.
Соңғы он жылдықта болып жатқан мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалық байланыстың дамуы және мәдениеттер диалогы белсенділігінің артуы да шетел тілін меңгерудің прагматикалық құндылығын арттырып, шетел тіліндегі қарым-қатынас үшін игеруді негізге алуды көрсетті. Оқушылардың үйреніп жүрген шетел тілінің, яғни сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мүмкін емес.
1.1 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне сипаттама
Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген интеграциялық процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтік мәдени кеністіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы - жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иегерімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қолға алынуда. Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Г.Грушиевидская, В.Д.Попков, А.П.Садохин, С.Г.Тер-Минасова, С.Г. Агапова, Е.В.Милосердова, П.В.Сысоев, Н.В.Елухина, Э.П.Комарова, Н.Г.Баженова, М.В.Бергельсон) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы - тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады деген тұжырымға келуге болады. Мысал келтіретін болсақ, атақты кеңес заманының ғалымы Е.М.Верещагин және В.Г.Костомаров мәдениет терминіне бірнеше анықтама берген, оларды атап өтсек:
:: Мәдениет-бұл қоғамның мәдени әдет-ғұрыптарын құрайтын материалдық және рухани дамудағы жеткен табыстарының жиынтығы.
:: Мәдениет-бұл тарихи экономикалық базис негізінде жинақталған қоғамның материалдық және рухани құндылықтары.
:: Мәдениет-бұл адамдар қоғамының өндірістік, қоғамдық және рухани өміріндегі жеткен жетістіктерінің жиынтығы.
:: Мәдениет-бұл кез-келген саладағы ой әрекеті мен шаруашылық әрекетіндегі даму дәрежесі.
:: Мәдениет-бұл білімді адам қажет ететін өмір жағдайының бар болуы.
Ал атақты ленгвист С.Г.Тер-Минасова және В.Г.Костомаровтың ойларын құптай келе, өзінің мәдениетке берген анықтамаларын одан ары кеңейткен:
:: Мәдениет-бұл білімділік, оқымыстылық.
:: Мәдениет-бұл белгілі бір уақыттағы белгілі бір адамдар тобының жалпы әдет-ғұрыптары мен сенімдері, олардың өмір сүру салты.
:: Мәдениет-бұл өзінің идеяларымен, өмір сүру салтымен, өнерімен қабылданатын белгілі бір қоғам.
:: Мәдениет-бұл белгілі бір халықтың белгілі уақыт ішінде жеткен жетістіктері мен салт-дәстүрлері.
:: Мәдениет-бұл белгілі қоғамда өз орнын тапқан белгілі бір ойлар, салт-дәстүр және өнерден құралады.[16;12]
Тілдің анықтамасы туралы ойларын жинақтай келе ф.ғ.д., профессор С.Г.Терминасова өз еңбегінде тілге төмендегіндей анықтамаларды берген:
:: Тіл дегеніміз-бір халықтың сөздерінің жиынтығы және өз ойларын дұрыс жеткізу үшін сол сөздердің құрылған қосындысы;
:: Тіл дегеніміз-адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыруға қажет белгілер жүйесі;
:: Тіл дегеніміз-адамдар ұжымының негізгі қарым-қатынас құралы болып өзіне-өзі пайда болған семиологиялық жүйелердің бірі. Бұл жүйе сонымен қатар дүниетанымды дамытатын және мәдени, тарихи салт-дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға көмектесетін дүние;
:: Тіл дегеніміз-қоғамдағы адамдардың екі жақты түсіністігін қамтамасыз ететін, ойлау процесін ақиқаттайтын және қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын дауысты белгілердің және грамматикалық құралдың тарихи пайда болған дүниесі;
:: Тіл дегеніміз-қарым-қатынас мақсатында сөздерді пайдалана алу мүмкіндігі;
:: Тіл дегеніміз-бұл ұлттың немесе халықтың қолданатын ерекше сөздер жүйесі.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегерлері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады. Мәдениеттегі тілдің рөлін төмендегі анықтамалардан байқауға болады. Тіл дегеніміз:
:: Мәдениеттің айнасы, себебі онда тек қана адамды қоршап тұрған орта ғана емес, сонымен қатар сол елдің менталитеті, оның ұлттық мінез-құлқы, салт-дәстүрі, нормалар мен рухани байлықтарының жүйесі көрінеді;
:: Мәдениет ошағы себебі халық жинақталған барлық материалдық және рухани байлықтар, білім мен дағдылар тілдік жүйеде, яғни фольклорда, кітаптарда, ауыз және жазба әдебиетінде жиналды;
:: Адамның жеке басын куәландыратын мәдениет құралы, себебі адам тіл арқылы өз халқының менталитетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін өз басына сіңіреді.
1.2 Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқытудың психологиялық өзегінде жатыр. Әрине оқытуды ұйымдастыру процесі кезінде әрбір әдіскер ең алдымен оқытудың лингвистикалық, психологиялық және де әдістемелік негіздерін есепке ала отырып жүргізеді. Ал жалпы қарастырғанда оқыту пәні түрлі ғылымдармен байланысты қаралып, сараланып жатады. Өйткені әрбір зерттеу мәселені бірнеше қырларынан қаралып, мән-мағынасы ашылуы тиіс. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі контекстінде шетел тілін оқыту психологиялық қырынан ашылып ұйымдастырылса, белгілі бір құзырлылық (біліктілік) деңгейіне жету жолы анық болар еді деп пайымдаймыз. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар психологиялық негіздемелерді есепке алып жүзеге асырылған және де көптеген эксперименттер негізін құрайды. Сондай-ақ біздің қарастырып отырған зерттеу мәселесі де психологиялық сараптама елегінен өткені белгілі. Алайда, нақты белгілі бір инновациялық технология арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында біз өзіміз үшін аталған мәселеге қарасты психологиялық негіздеменің жаңа бір қырларын түсінуге тырысып бағарымыз анық және де зерттеу мәселесінде оны басшылыққа аламыз. Сонымен қатар осы уақытқа дейін қарым-қатынас түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде де бір жақты көзқарас жоқ. [26].
Қарым-қатынас түсінігінің аясы өте кең болып табылатын процесс. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Дәл осы жағдаятта біз мәдениетаралық қарым-қатынас сипатын, феноменін ерекшелеп отырмыз. Әдістемлік тұрғыдан алғанда қарым-қатынасты белгілі бір кодталған белгілерді бір субъектіден келесі бір субъектіге белгілі бір нақтыланған мақсатқа сай жеткізу, өзара алмасу; үш жақты процесс болып табылады: ақпарат беру, ақпарат қабылдаужәне өзара пікір алмасу деп берсек. Психологиялық тұрғыда тұлғаның қажеттілігінен туындаған, демек бірлескен әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекетке, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі дейді. [27; 25]. Мәдениетаралық контекстте қарым-қатынас лингвомәдени, әлеуметтік-мәдени сонымен қатар инофондық сипаттағы мәліметті қабылдаумен байланысты. Берілген анықтамада қажеттілік, қабылдау, түсіну ұғымдарына көңіл бөлсек, қарым-қатынастың мақсаты айқындала түседі. Мәдениетаралық қарым-қатынас ол әрекет. Ал әрбір әрекетке бағыттайтын ең алдымен оған деген түрткі. Адамның қажеттілігі - оның өмір сүру көзі. Заман талабы адамға өз қажеттіліктерін байлайды. Қазіргі таңда әлеммен ашық түрде байланыс арқылы өмір сүріп жатқан заман. Жаңа деңгейлер жаңа қажеттіліктер болып жетелейді. Ал мәдениетаралық қарым-қатынаста өзге ел құбылысын қабылдау не болмаса сол елдің табиғатын түсіну маңызды емес пе? Бұл тұста психологиялық факторлар әдістеме негізін толықтыра түседі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Ол мидың күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі [27]. Қабылдауда өзге мәдениет құбылысы, яғни қарым-қатынас барысында өзге мәдениет өкілінің түр-сипаты, қозғалысы, ым-ишара, дене қозғалысы, қылығы адамның миына тұтас күйінде беріледі. Өзге мәдениет талдау мен саралау елегінен өткізіп барып, белгілі бір бейне сипатының миымызда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары
Оқушылардың мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
АУДАРМАШЫ - КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Рухани - адамгершілік тәрбие
Қазақстанда қазіргі кездегі тәрбие жұмысының басым бағыттары
Мәдениетаралық қарым-қатынас
Пәндер