Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Тексерген:
Орындаған:

Мазмұны

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

2. Сыбайлас-жемқорлық деген не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әрбір азаматтың міндеті ... ... .4
4. Терминология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
5. Жемқорлықтың жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
8. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
9.Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.д. ХХІV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады.
XIII ғасырда парақорлық туралы мағұлматтарды орыс халқының шежірелерінде де көптеп кездестіреміз. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазған. Оның немересі Иван Грозный 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді.А.М. Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды.1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті, алайда патша екі министірді -- Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді.1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5 және 7 баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6 -- бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген.I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді. I Петр парақор, сұғанақтық және бопсалаушыларға ықпал жасаумен мемлекеттік қызмет істерінде тәртіп жүргізуге тырысты.
Қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың қауіпті нысаны -- парақорлықтың таралғанын ескере отырып, I Петр 1713 жылы 23 тамыздағы Жарлығымен пара алумен қатар, пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізген. Осындай ұқсас құбылыстың алдын алу үшін ақша алғандармен, ақша бергендерді аямай қамшымен дүре соғады және әйелдері мен балаларын Азов каторгасына жібереді, және барлық қалаларға, селоларға былай жариялау керек: Кімде-кім осылай алдағы уақытта тағы жасаса, оны аямай, өлім жазасына кеседі деп Жарлықта жарияланған

Сыбайлас-жемқорлық деген не?
"Сыбайлас-жемқорлық" деген "параға сатып алу", "пара" ретінде, corruptio деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ corrumpire түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу" деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР "Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: "...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу".
Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әрбір азаматтың міндеті.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде Таза сессия штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Елдің болашағы - жас ұрпақтың қолында!
Терминология.

Коррупция термині латын тілінің corrutpere деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу дегенді білдіреді, параға сатып алу терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.
Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің Қазақстан-2050 стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті. Жастар, сендердің жалпы күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жеңуге де қажет білімдерің жетерлік. Сендердің жемқорлыққа қарсы күресуге негізделген қызығушылықтарың да бар.Көбіне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа екі негізгі кейіпкер қатысады: үкімет және жеке меншік секторы. Қағида бойынша азаматтар жемқорлықтың бас құрбанына айналады.Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Жемқорлықтың жіктемесі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл - ...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы.
БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану.
Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.
Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп саналатын нәрселер:
Заттар - ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар, жер учаскелері және өзге жылжымайтын мүлік.
Қызмет түрлері және олжа - емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды өтеусіз немесе төмен бағамен төлеу.
Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?
Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады:
- Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне техникалық байқаудан ешбір қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім.
- Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан кімге жаман болды?
Ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін жаман ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіріп, жат етуі мүмкін.
Жете түсініп көруге тырысайық. Барлығымыз да түрлі салық төлейміз.Алайда табыстың бір бөлігін мемлекетке бере отырып, біз оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететіндігін ескереміз: тегін білім алу, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Егер мемлекеттік қаражатты сыбайлас жемқорлық тәсілмен бөлсе, не болар еді?
Мысалы: Мемлекеттік орган аурухана салу немесе оны жөндеуден өткізуге келісімшарт жасасады. Шарт жасасу кезінде жеке мемлекеттік қызметкер шартты онымен сенімдік қарым-қатынасқа түскен фирма өкілдеріне ұсыну үшін олардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жемқорлық іс-әрекеттердің алдын алу
Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
«НҰР ОТАН» ХДП ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КӨШБАСШЫСЫ
Сыбайлас-жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
Этникалық ерекшелігі
Кадрлық резервті қалыптастырудағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Пәндер