Майдың алмасуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Реферат
Пәні: Термодинамика және жылутехникасы
Тақырыбы: Термодинамика-ағзадағы энергия, жылу және зат алмасу процестері жөніндегі ғылым

Тексерген:
Орындаған:

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Ағзадағы энергия және оның алмасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.Тірі организмдердегі жылу алмасу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3.Тірі организмдердегі зат алмасу процессі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0

Кіріспе

Энергия - ғылымдағы өте маңызды физикалық түсінік болып табылады. Энергия деп физикада материяның қозғалысының әр түрлі формаларының жалпы шамасын көрсететін скалярлық физикалық өлшемді айтамыз.
Жүйенің энергиясы дегеніміз сол жүйенің белгілі бір жұмыс жасауға қабілеттілігі. Қандай да болмасын термодинамикалық күйде болатын кез келген термодинамикалық жүйенің толық энергиясы болады.
W - толық энергия
Толық энергия мынадай құраушы бөліктерден тұрады:
1.Жүйенің механикалық қозғалысынан кинетикалық энергиясынан Wмех
2.Сыртқы күш өрісіндегі(гравитациялық, электромагниттік) жүйенің потенциялық энергиясы Wn
3.Ішкі энергия U
W = Wмех + W n + U
Дені сау ересек адамның дене температурасы +36,5°С+36,9°С. Бір тәуліктің ішінде де дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене температурасының +43°С көтерілуі немесе +25°С төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз дене температурасын бірқалыпты сақтауға бағытталған физиологиялық үдерістерін жылуды реттеу дейді. Дене температурасының тұрақтылығы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды тері арқылы шығарады. Адамның бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13 500 Дж болса, оның 80%-ы тері арқылы сыртқа бөлінеді.
Зат алмасу дегеніміз - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы.Организмдегі зат алмасу тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Тірі организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тіршілік етеді, өсіп жетіледі және өледі. Зат алмасу физиологиялық - ас қорыту, сіңіру, бөліп шығару, физикалық-химиялық-сорбция, диффузия, биопотенциалдар, биохимиялық-заттардың синтезделуі, ыдырауы, өздігінен- өзі құралуы сияқты т.б әртүрлі кейде қарама-қарсы процестерді айтамыз.

Ағзадағы энергия және оның алмасуы
Дененің немесе термодинамикалық жүйенің ішкі энериясы деп оның термодинамикалық күйіне байланысты ғана болатын энергияны айтады. Ішкі энергия жүйені құрайтын барлық бөлімдердің қозғалыс және әрекеттесу энергиясынан тұрады. Мыс, көп атомды молекуладан тұратын газдың ішкі энергиясы мынадай энергия жиынтығынан тұрады:
1.Молекуланың жылулық бағытталған және айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы.
2.Молекуладағы атомның тербелмелі қозғалысының кинетикалық және потенциялық энергиясынан
3.Молекула аралық әрекеттесулерден туындаған потенциялық энергиядан
4.Атом дар мен иондардың, электрон қабықтарының энергиясынан
5.Атом ядроларындағы нуклондардың әрекеттесуінің кинетикалық, потенциялық энергиясынан.
1847жылы неміс физигі және физиологы Герман Фон Гельмгольц (1821 - 1894) энергияның сақталу заңын тұжырымдады. Изоляцияланған жүйенің толық энергиясы тұрақты болады ,энергия сақталады.Энергия бір формадан екінші формаға мыс, кинетикалық энергиядан потенциялық энерияға ,ешқандай шығынсыз ауыса алады.
Дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды. Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады.
Эволюциялық баспалдақта энергия алмасуының күші термодинамикалық жүйе күрделенген сайын кенет арта түседі.Мұны Рубнер константасының артуы анық көрсетеді:
R=itm

t- күнмен есептегенде тіршілік ұзақтығы

m- кг алынған салмақ

i- 24 сағ кал.алынған оттегінің пайдаланылған мөлшері

Тірі организмдердегі жылу алмасу
Адам денесінде жылу екі жолмен реттеледі. Біріншісі -- химиялық жол, екіншісі - физикалық жол.
Химиялық жолмен жылудың реттелуі зат алмасу кезінде ағзада түзелетін жылу мен бұлшықеттердің жұмысына байланысты. Бұл тағамның құрамындағы ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінетін энергия арқылы реттеледі.
Физикалық жолмен реттелуі ағзада пайда болған энергияның сыртқы ортаға жылу түрінде бөлінуі арқылы жүзеге асады. Оған теріден судыңтер арқылы булануы мысал болады. Тері арқылы ағзадағы жылудың реттелуі тер бездерінің, қантамырлардың, тері шелмай қабатының қатысуымен жүреді.
Ағзадағы жылу денеге қан арқылы таралады. Терідегі жүйке талшықтарының тітіркенуінен зат алмасу қарқыны өзгереді. Мысалы, сыртқы орта температурасы көтерілсе, зат алмасубәсеңдейді де, қантамырлар кеңейеді. Теріге көп мөлшерде қан ағып келіп, теріде температура көтеріледі де бұл кезде сыртқа көп жылу бөлінеді. Осылай ағза өзін қызып кетуден қорғайды. Егер сыртқы орта температурасы ағзаның дене температурасынан төмен болса, қантамырлар тарылады. Бұл кезде теріге қан аз келеді де, ағзада жылу сақталып, өзін тым салқындап кетуден сақтайды. Ағзадан жылудың бөлінуі тек сыртқы ортаның температурасына ғана байланысты емес. Кейде адамның көңіл күйіне де сәйкес жылудың бөлінуі өзгереді. Мысалы, кейбір адамдар қатты ашуланған кезде терісі қызарып не бозарып кетеді. Бұл да теріге келетін қан мөлшерінің өзгеруіне байланысты. Тері арқылы жылудың реттелуі тікелейжүйке және эндокриндік жүйелердің бақылауы арқылы жүзеге асады.
Термодинамика заңдары тек өлі табағатқа ғана жарамды деп ойлау ағаттық болар еді. Термодинамика заңдарын тірі табиғатқа да пайдалануға болады. Ол үшін термодинамикалық жүйе деп нені айтатынымызды келісіп алайық. Классикалық физиканың термодинамикасындағы ғылыми көзқарас бойынша жабық системадағы (жүйеде) қайтымсыз процестер энергияның минимум (азаятын), ал энтропияның максимум (өсетін) бағытында жүреді. Сөйтіп, система тепе-теңдік күйге ұмтылады.
Ал, биологиялық система ашық жүйе. Ол тепе-теңдік күйде болмайды. Осындай системадағы қайтымсыз процестерге классикалық термодинамиканың заңдарын қолдануда қажетті теорияға кейбір толықтырулар енгізілген. Нәтижесінде қайтымсыз процестердің термодинамикалық теориясы жасалынып, дамып келеді. Оны Ашық системаның қайтымсыз процестерінің термодинамикасы деп атайды.
Системаның стационар күйінде қайтымсыз процестер жүріп тұру үшін оны сипаттайтын термодинамикалық шамалардың сан мәндері ұзақ уақыт өзгермеуі шарт. Мысалы, тірі организм өзін қоршаған ортамен зат және энергиямен алмасады. Демек, ауадан оттегін, қоршаған ортадан коректік заттарды және бірнеше энергия түрлерін қабылдайды да, сол ортаға метаболизм нәтижелерімен қоса жылу бөліп шығарып, жұмыс та атқарады. Сонда организмнің жеке органдары мен тканьдарының температурасы және оның (ішкі құрылымындағы) тыныштық биопотенциалдары, осмос қысымдары, биологиялық сұйықтардың тұз құрамдары, қышқылдығы ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады. Сөйтіп, биологиялық системаның физикалық және химиялық қасиеттерінің ұзақ уақытта өзгеріссіз сақталатын күйін оның стационар күйі дейді. Стационар күйде системадағы физикалық және химиялық процестердің жүру жылдамдықтары тұрақты болады. Стационар күйде жүретін процестер термодинамикалық тепе-теңдік күйге жақын немесе одан алыс та болуы мүмкін. Организмге келіп түскен тамақтан пайда болатын энергияның мөлшері организм жұмыс істегенде кететін энергияның мөлшеріне тең. Шамамен алғанда берілген энергия 7857 кДж денеден бөлінген энергияға 7771 кДж тең екен. Олай болса организм энергияның жаңа көзі болып табылмайды. Осыдан, термодинамиканың бірінші бастамасы биологиялық жүйелерге де жарайды деген қорытындыға келеміз. Термодинамиканың екінші заңы өмірде болатын процестердің бағыты жөнінде мағлұмат береді. Бұл заңның негізін салушы Карно. Оны сипаттайтын бірнеше анықтама бар:
Клуазиус анықтамаасы: Жылу ешқашан да суық денеден ыстық денеге берілмейді.
Планк анықтамасы: Қыздырғышты суыту арқасында алынған жылу мөлшерін түгелімен жұмысқа айналдыру мүмкін емес. Температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге жылу беріледі. Яғни жылу берілу бір бағытта жүреді. Мысалы ыстық дене алып оны суық денемен түйістерсек, онгда осы екі дененің температурасы теңеседі. Сонда энергия ыстық денеден суық денеге беріледі. Кері процесс жүруі мүмкін емес. Ендеше бұл қайтымсыз процесс.
Жан-жануарлардың организмінен бөлініп шыққан энергия оны қоршаған ортаға таралып кетеді. Осы энергияны өлшеу үшін биологиялық калориметр деген қолданылады. Биологиялық калориметр қабырғалары жылу өткізбейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нәруыздардың алмасуы
Липидтер
Зат алмасудың тиіптік бұзылуының патологиясы
Организмдегі энергиялық өзгерістер
Бейорганикалық заттың алмасуы
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылысы және жіктелуі
Май мен көмірсуының алмасуы
Липидтер туралы
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме
Зат және энергия алмасулары
Пәндер