Қазақ индустриясы дамуының негізгі факторы - экономиканы әртараптандыру және мамандану


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Бөлім:

Қазақстан және болашақ

Тақырып:

Қазақстан экономикасы

Тақырыпша:

«ҚР-ның қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың Қазақстан индустриясының болашағының жарқын болуына көмектесе ала ма? »

Мазмұны:

Кіріспе3

Негізгі бөлім4

Зерттеу сұрақтары4

Зерттеу әдісі5

Зерттеу қорытындысы7

Бағалау9

Қорытынды11

Қолданылған әдебиеттер:13

Қосымша деректер:14

Кіріспе

Қазіргі таңда әлем елдері жаңа сындар мен қатерлерге бетпе-бет келуде, бұл сындардан мүжілмей өту үшін ел экономикасы берік, мақсаты айқын болуы қажет. Сонымен бірге әлемді 5 жыл титықтатып келе жатқан жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың әсері елдердің даму үрдісіне кері әсер етуде, ал сол экономикалық дағдарыстан құтылу үшін елдегі әрбір реформа, стратегия және мемлекеттік бағдарламалардың орны ерекше. Реформа , бұл- мемлекеттік жүйеде әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрғыдын өзгеріске енгізу үшін жасалған заң жобасы, ал белгілі бір мекеменің немесе елдің болашағының жарқын болуы үшін жасалған нақты практикалық істер жиыны стратегия болып табылады. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Ал Қазақстан осы аталғандарды негізге отырып, өзіндік бренд қалыптастыра отырып, әлем сахнасында ойып тұрып орын тепкісі келеді, сол үшін әлеуметтік, экономикалық бағдарламалардың ұзын толқынын қабылдап жатыр. Бұл бағдарламалардан біз не күтеміз? Даму ма, әлде бос әурешілік пе?

Қазіргі таңда Қазақстан халқы тұрақты-үдемелі даму үстінде, бірақ осы күнге дейін елімізде қабылданған реформалар мен жобалардың қазақ индустриясының қарыштап дамуына тигізген пайдасы қандай? Индустрия - белгілі бір елдің экономикалық әлеуетін, инфрақұрылым жағдайын, мәдениет деңгейін технологиялық тұрғыдан дамыту құрылымы. Елді технологиялық тұрғыдан дамыту, еңбек капиталын тиімді пайдалану, өнім сапасын арттыру сияқты біршама мемлекетке маңызды шараларды қолға ала отырып, даму үдерісін жеңілдетін тамаша жол болмақ. Осы бағытты ұстана отырып елдегі индустрия түрлерінің маңызын талдау өте маңызды іс, сонымен бірге елдегі реформалардың индустрия саласына тигізер әсері қандай болмақ осы бөлігі маған өте маңызды.

Бұл тақырыпты таңдауда негізгі бірінші себеп, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуде реформалардың маңызын білгім келді, себебі әрқашан халық жағдайы ең басты рөлді алады. Сонымен бірге елімізді дамыған пост-индустриялы елдермен салыстыру менің мақсатым, себебі «көш жүре түзелер» демекші алда көш бастаған алып державалардан сабақ ала отырып, олармен тығыз байланыста болу әрқашан маңызды. Еліміз тәуелсіздік алғанына 24 жыл болып отыр, осы жыл аралығында әлем мойындаған 50 елдің санатына қосылғанға реформалардың маңызын түсіну болды.

Осы себептерді негізге ала отырып зерттеудің нақты және идеал болуы үшін өзіме зерттеу сұрақтарын белгіледім.

  • Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік және саяси реформалардың ел экономикасы мен индустриясының дамуына тигізер әсері қандай?
  • Индустрияландыру ел негізін нық болуына көмек бере ала ма?
  • Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың Қазақстан индустриясына тигізетін ықпалы жоғары ма?
  • Экономикалық реформалардың Қазақстан халқының біртұтас "Мәңгілік ел" болуына көмектесе ала ма?

Жұмыс барысы елдегі мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларға негізделе отырып жасалады және осы жобалардың қаншалықты Қазақстан индустриясына тигізер ықпалын, сонымен бірге Қазақстанның геосаяси жағдайын бағалауға жұмсалады. Қазақстанның ұлттық құндылықтарының сақталу деңгейі және арнайы экономикалық аймақтар мақсатын зерттеп, нақты әсеріне көз жеткіземіз.

(392 сөз)

Негізгі бөлім

Зерттеу сұрақтары

"Толық тәуелсіз болу үшін экономикада тәуелсіз болуын керек" - бұл сөз Түркияның баға жетпес тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ел халқына арнаған сөзі. Бұл арқылы не білеміз? Ел нарығын әлемдік аренаға таныту үшін ең бірінші экономикалық әлеуетті күшейту керек, осы арқылы ел жағдайы түзелетіні айдан анық, бірақ экономиканы мықтап қолға алу үшін ел индустриясын мамандану қажеттілігі туындары анық, яғни Қазақстан жолы қандай болмақ? Бұл сұраққа еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев "Қазақстан жолы " еңбегінде Азия жолбарыстарының экономикасының қарыштауына көмек берген жол - жеке бастамаға басымдық беру болып табылғанын айқын, ашық түрде сипаттайды. "Қазақстан-2050" стратегиясында ғылыми экономикалық дамуды баса назар аудара отырып, инновациялық дамуға көшу керек. Инновациялық даму дегеніміз- жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты.

Бұл даму жолын ең алғаш қолданған «Азия жолбарыстары» болды, Сингапур елінің экономикасын шыңға жеткізген Ли Куан Ю Алматыға келген сапарында жас экономистер алдында “Ел болашағының жарқын болуы адамдардың пейілі мен ерік жігеріне қарай өзгеріске ұшырайтынын айтып өтті, сонымен бірге жеке бастамаға аса мән беру елдің дамуына өте жоғары деңгейде ықпал етеді”-деп айтқан болатын, яғни ғылыми техникалық революция ғана елдің тұрақты түрде үдемелі дамуға жол ашатыны бүкіл әлемге аян болды.

Мұстафа Ататүрік пен Петр І өз елдерін жоғарғы деңгейге жеткізу үшін ашық есік саясатын жүргізді, яғни батыстану реформасын жүргізді. Олар сырттан келген инвестиция әсірінен ел экономикасын, әлеуметтік жағдайды және өндіріс деңгейін жоғарғы деңгейде дамыта білді, бірақ бұл жүргізілген реформаларына тән ортақ кемшілік - олар жергілікті халықтың мәдениетін (тілін, дәстүрін, өнерін, менталитетін) негізге алмай өркениетті елдердің мәдениетін трансформациялау арқылы қоғамды дамытамыз деп түсінді. Ең маңызды нәрсе - нәсіл тазалығы , осы үрдіс дұрыс сақтала алмады, бұл құбылыс Қазақ жерінде де қайталануда, себебі елдегі идеологияның дұрыс қалыптаспауы нәтижесінде мәдениет саламызда кемшіліктер тізбегі кездесу үстінде. Реформа жасайтын қоғамның ішкі даму заңдарын толық түсінбей өзгертудің пайдасынан зияны көп.

Бұл негізгі кемшілік Ресей мен Түркияны дамыған Канада, Финляндия, Жапония елдерінің қатарына қоса алмады. ҚР-ның тұңғыш президенті Н. Назарбаев өз сөзінде біздің даму мақсатымыз - “Мәңгілік ел” деп ашып айтқан, яғни біздің даму жолымызды дұрыс қалыптастыру үшін Жапония және Германия елдерінен үлгі алуға болады, біздің индустриямызды жоғарғы дамыту жолымыз, бұл- орта және шағын бизнесті дамыту.

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикалық әлеуетіне дағдарыс әсерін біршама шығын әкелуі мүмкін, бірақ «Самұрық Қазына» әл-ауқаттық қоры көмегімен ел экономикасын түзеуге мүмкіндік мол. «Нұрлы жол болашаққа-бастар жол» жолдауында дағдарыс мәселесі анық түрде айтылып өтті, бұл жолдаудың негізгі мақсаты дағдарыс қаупін сейілту және ел қаржысын ұтымды пайдалана отырып, орта және шағын бизнесті дамыту болды. Бірақ, ел экономикасын тұрақтандыру үшін шикізат өндіруден гөрі дайын өнім жасауға әрекет ету керек, сонымен бірге ішкі саудаға көңіл бөлу, яғни шетел нарығына тәуелсіз болу. Қазақ индустриясы дамуының негізгі факторы-экономиканы әртараптандыру және мамандану.

(424 сөз)

Зерттеу әдісі

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың Қазақстан индустриясының болашағына тигізер әсерін білу болғандықтан, бұл зерттеу жұмысын әсерлі ету үшін бірнеше зерттеу әдісі қолданылды.

Осы зерттеу жұмысын нақты нәтижесін қалыптастыру үшін мектеп оқушыларынан арнайы сауалнама жүргізілді, сол сауалнама барысында көптеген оқушылар белсенді түрде жауап бере отырып, өзіндік пікірлерін айтып өтті. Сонымен бірге жауап берушілермен зерттеу барысында тығыз байланыс орнатылып, олардың ой-кеңестері арқылы зерттеу жұмысы дұрыс жүргізілді. Зерттеу сауалнамасына негізінен 51 саналы адам қатысты, олардың 90 пайызы 14-30 жас аралығындағы жастар болып табылады. Негізгі артықшылықтарына жеке идеялық қорлардың мол болуы және экономикалық белсенді халықтың тез сауалнамаға араласуы. Олардың пікірін қорытындылай келсек, жауап берушілердің 70 пайызы “Қазіргі таңда Қазақстан индустриясының алған бағыты дұрыс, осы арқылы экономикасы бәсекеге қабілетті 30 ел қатарына қосылуға болады” дейді. Бірақ, жауап берушілердің қалған бөлігі “Қазақстанның индустриясын дамыту үшін жүргізіп отырған саясаты дұрыс емес, себебі халық менталдық жаһандануға ұшырауда, сонымен бірге ел экономикасы шикізат шығаруға тәуелді және еліміздегі индустрия саласы шетел компанияларына тәуелділігі өте жоғары” деген баға беріп өтті. Жауап берушілердің 3 % жауап беруден бас тартты.

Зерттеудің нәтижелі болуы үшін мемлекеттік сайттарға сұрақтар тасталды, яғни жұмыс барысына саяси белсенді адамдар араласты және ел жастары Қазақстанның идеялық және еңбектік ресурсы болғандықтан, негізгі респонденттер жастар болды. Зерттеу жұмысын анығырақ болуы үшін белгіленген адамдардан арнайы сұхбат алынды, бұл сұхбат барысында ел экономикасын арттырушы факторлар мен индустрия салаларындағы болып жатқан жайттарға дискуссия болып өтті. Дискуссия арқылы жеке адамдар өздерінің ой-пікірлерін ортаға сала отырып, қорытынды шешімдер қабылдады, сонымен бірге респонденттер саладағы кемшіліктер мен мүмкіншіліктерді ашық түрде жеткізе білді. Көптеген сұхбат берушілер Қазақстанның индустриясының дамуына реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың маңызы зор, сонымен қатар ел экономикасының алға жылжуына тікелей себепші ұзақ мерзімге бағытталған стратегиялардың алатын жөні бөлек екенін айтып өтті.

  • Қазақстан Республикасының индустриялық әлеуетінің деңгейі қандай?
  • Индустрияландыру жобасының халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуде маңызы жоғары ма?

Осы сияқты сұрақтардан бірнеше сұрақ қойылды және респондентердің негізгі Қазақстан индустриясы туралы ойын білу мақсатында «Қазіргі таңда Қазақстан индустриясына қандай баға бересіз?» деген сұрақ қойылған болатын, оған көп сұхбаттасушылар «Қазақстан тәуелсіз ел болғанымен де, индустриясы шетел инвестиция мен қаржысына тәуелді, бірақ бүгінгі күнгі реформалар мен бағдарламалар Қазақстанды әлемге танымал экономикасы берік державаға айналдыратыны сөзсіз» - деп айтты. Бұл жүргізу әдісі менің ой- санама осындай қорытынды түзуге әкелді. Зерттеу әдісін сараптай келсек негізгі реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың Қазақстан индустриясында нені қалыптастыратынын білдім.

Зерттеу жұмысын аргументтер мен факттар арқылы дұрыс тұжырымдама жасау үшін мектеп, қала кітапханаларына және ресми мемлекеттік сайттар көмегіне жүгіндім. Қазіргі күнде бір ғана Батыс Қазақстанға салынған қаржының 56 пайызын шетел инвесторлары беруде, ал мемлекеттік органдарға 3 пайызы ғана тиесілі екен. Сонымен бірге Қазақстанның инновациялық белсенділігі 8 пайызды құраған. Бұл көрсеткіштер елдің сыртқы саясатын айшықтап көрсетеді, егер дұрыс пайдалана алмасақ ел дефольтқа ұшырап дағдарыс тауқыметін тартары сөзсіз. Бірақ қазіргі кезде арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы - Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға көмек беретін негізгі кепіл. Ел индустриясына біршама талдау жасау мақсатында біршама кітаптар тобын оқып шықтым және индустрия саласына етене араласу үшін мемлекеттік бағдарламалар «Жол картасы- 2020», «Өнімділік-2020», «Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту- 2020» оқып шығып, олардың жоспарын толық талдап шықтым. Мемлекеттік сайттар көмегімен елдегі индустрия деңгейін білуге және ел экономикасына ықпалын түсіндіруге әсер ете білді.

Бұл жүргізілген методтарды жан-жақты талдай келе қазір қабылданған реформалар, стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардан Қазақстан индустриясының күтер мүмкіншіліктері мен қауіп-қатерлері:

(504 сөз)

Зерттеу қорытындысы

Зерттеу әдістерін қорытындылай келсек, бұл жұмысқа Шымкент қаласының экономикалық, әлеуметтік жағдайларына жауапты комитеттер араласты, бірақ бұл тек бір аумақта жүргізілді, бұл мемлекеттік деңгейде елдің индустриялық әлеуетін толық қамти алмағандықтан зерттеу барысының басты кемшілігі болды. Сонымен бірге зерттеу барысынын басым бөлігі жастар арасында болғандықтан, яғни экономикалық және саяси білімнің жетіспеушілігі айқын байқалды, мемлекеттік органдардың белсенділік танытпауы зерттеу жұмысын толық нәтижелі болуына барьер болды. Дегенмен, зерттеу әдісінің 3 жақты түрде жүргізу зерттеуге керек мәліметтерді мол болуына көмек берді, яғни идеялық тәуелсіздік болды. Сауалнама жүргізу жастардың ойын толық жеткізуге және зерттеудің демократиялық тәуелсіз болуына әкеле білді, сонымен бірге мемлекеттік маңызы бар тұлғалармен сұхбаттасу индустриялық әлеует деңгейін білуге және зерттеудің шынайылық мөлшерін арттыруға көмек бере алды.

Зерттеу барысында белгіленген сұрақтарға жүргізілген әдістер арқылы толық жауаптар алуға мүмкіндік берді!

  • Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік және саяси реформалардың ел экономикасы мен индустриясының дамуына тигізер әсері қандай?

Сауалнама мен сұхбаттасу қорытындысы бойынша қазіргі таңда сенімді де, саралы реформалар мен арнайы жүргізілген мемлекеттік бағдарламалардың арқасында экономикасы берік елге айналып отырмыз. «Бизнестің жол картасы-2020» және «Үдемелі индустриялы-инновациялы даму» жобаларының ел дамуына тигізген әсері мол болды, бірақ ел ішіндегі кейбір реформалардың кемшілігі халықтың әлеуметтік дамуына әсер етуде. Мысалы: көлік логистикасын дамыту үшін жүргізілген Еуро-4-ке өту халық жағдайы үшін кері ықпал етті және де Кеден одағының сараламай оған кіру Қазақстанға Ресей нарығына тәуелділікті арттырды. Реформа жасайтын қоғамның ішкі даму заңдарын толық түсінбей өзгертудің пайдасынан зияны көп.

  • Индустрияландыру ел негізін нық болуына көмек бере ала ма?

Индустрияландыру ел экономикасының көтерілуіне нақты мүмкіндік береді, сонымен бірге ел халқының тұрмыстық әлеуетін көтереді, яғни елдің технологиялық құрылымын арттырады. Эксперттердің айтуы бойынша елдегі жүргізілген индустрияландыру елдегі сауда қатынастарын реттеп қана қоймай, елдегі халықтардың бірін-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге сауалнаманы қорытындылай келсек Жастардың пікірі бойынша Қазақстан шикізат өндірісіне көп көңіл бөлуде, соның әсерінен ел халқының сапасыз шетел тауарына деген сұранысы жоғары болып отыр, бірақ технологиялық әлеует әлі қалыптаспады. Бірақ Елбасымыз соңғы жолдауында көлік логистикасын дамыту туралы қадап айтқан болатын, сонымен бірге әр облыс әкіміне ел халқын Ұлттық өніммен қамтамасыз етсін деген жарлық шыққан. Бұл кемшіліктер нақты қолға алынса ел экономикасының нық болып қалыптасатынына сенім білдірем.

  • Экономикалық реформалардың Қазақстан халқының біртұтас "Мәңгілік ел" болуына көмектесе ала ма?

Сауалнама нәтижесіне сүйенсек экономикалық реформалар тек қана елдің саяси ахуалын және өндірісін дамыту үшін жүргізіледі, сонымен бірге реформалардың мәңгілік ел болуға жәрдемі өте жоғары мысалға алар болсақ соңғы он жылдықта жасаған реформалар елдің саяси аренада көпвекторлы саясатын дамытуға көмек бере білді және халықтың тұрмыстық әлеуетін көтере білді Жан басына шаққандағы ЖІӨ 13609, 6 долларды құраған бұл көрсеткіш ел экономикасын берік ұстауға көмек береді, бірақ сауалнама нәтижесі бойынша инновациялық даму ел экономикасын тұрақты даму концепциясын толық жүргізуге мүмкіндік сыйлайды.

Қорытындылай келгенде бүкіл зерттеу жұмысы тек қана экономиканың өсуі халықтың менталдық жаһандануға тап болатынын көрсетті сонымен бірге елдің дамуы бағыты-тұрақты даму концепциясы. Жастар идеялық ресурс және бейімділгіш, оларды инновациялық ашылуларға пайдалану қажет. Ел мүмкіндігін толық қамту үшін дамыған елдерден үлгі алу және сапаны арттыру керектігін сауалнама сұхбат нәтижелері көрсете білді.

(477 сөз)

Бағалау

Зерттеу жұмысы нәтижелі болды, себебі қолданылған әдістер өз жемісін бере отырып, алдыңғы зерттеулерді талдай отырып жасалды. Зерттеуге баға берер болсақ, интернет арқылы көптеген мәліметтер мен мақалалар табылды. Зерттеу жұмысы барысында ақпараттардың қарама қайшы келуіне жол бермеу үшін тек қана мемлекеттік, ресми сайттар мен кітаптар қолданылды. 3 методты қолдану арқылы белгіленген ақпараттарды топтастыру арқылы жұмысқа бағалау жасалынды.

(Бұл PEST талдау сауалнама, жеке бас ойым және «Даму» стратегиясының тұжырымдамалары арқылы жасалынған )

PEST -факторлары
Мүмкіндік туғызады
Қауіп қатер әкеледі
PEST -факторлары: Саяси факторлар
Мүмкіндік туғызады:
  • Заңнамалардың бірізділігі және кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар
  • Самұрық Қазына АҚ-дағы қаржы қорының болуы дағдарыс уақытында ел экономикасын берік ұстауға мүмкіндік береді
  • Мәдени іс шараларды, халықтың идеологиялық білімін жетілдіру
  • Елдің геосаяси жағдайының тұрақтылығы
  • Өндірісті мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау
Қауіп қатер әкеледі:
  • Заңнаманы, оның ішінде банктік, салық, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы және т. с. с. салалардағы заңнамаларды өзгерту.
  • Кейбір кәсіпкерлікке бөлінген кредиттеуді қатайту және банк заңнамасына өзгеріс енгізу
  • Кейбір заңнамаларды қалыптастыруда ұжымдық жұмысқа көп көңіл бөлінуі
  • Ел шекарасының ЕЭО аймағындағы ашық болуы және еңбек ресурстарының көп келуі
PEST -факторлары: Экономикалық фактолар
Мүмкіндік туғызады:
  • Экономиканың өсуін және еліміздің экономикасын әртараптандыруды, оның ішінде жеке кәсіпкерлік секторының өсуі және оның экономикадағы рөлін күшейту есебінен жалғастыру
  • Экономиканың шикізат емес секторындағы кәсіпкерліктің артуын қамтамасыз ету.
  • Әлемдік деңгейге сәйкес келетін жаңа технологияларды, инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және енгізу, қолдағы бар технологияларды жаңғырту, өнеркәсіптің негізгі салаларының инновациялық дамуы
  • ЕДБ өтімділігін және олардың ЖКС кредиттеу мүмкіндіктерін меншікті қаражат есебінен қалпына келтіру
  • Дүниежүзілік сауда ұйымына болжамды кіруі
  • Аумақтық интеграциялану елдің экономикасын қарқынды жүргізеді және елдердің тәуелділік деңгейі төмендейді
Қауіп қатер әкеледі:
  • Әріптес - ЕДБ халықаралық рейтингтік агенттіктермен кредит рейтингілерінің төмендеуі
  • Өнеркәсіп секторы мен инновациялық саладағы ШОК даму қарқынының төмендігі.
  • импорттың өсуі есебінен ішкі сұраныстың отандық тауарларға қысқаруы
  • Шағын кәсіпорындарды орта кәсіпорындарға түрлендіру тетіктері мен шарттарының жоқтығы.
  • Қәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шараларының жетіспеушілігі.
  • Қуат көзі құнының жоғарылығы.
  • ішкі нарықтың шектеулілігі және әлемдік өткізім нарығынан тыс болуы.
  • Ғаламдық экономиикалық дағдарыстың қайталану мүмкіндігі
PEST -факторлары: Әлеуметтік факторлар
Мүмкіндік туғызады:
  • Қалың бұқараны кәсіпкерлік қызметке тарту.
  • Жеке кәсіпкерлікте жұмыс істеп жүрген тұрғындардың табысының өсуі.
  • Қолданыстағы жұмыс орындарының санын сақтап қалу және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарының санын арттыру
  • Елдегі Ассамблеяның сенімді қызметі елдегі халықтар бірлігін сақтап тұруы
  • Әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту
Қауіп қатер әкеледі:
  • Аудандық деңгейдегі кәсіпкерлердің табыстылық, кредит қабілеттілік деңгейінің төмендігі
  • Кәсіпкерлердің біліктілік деңгейінің төмендігі.
  • Аймақтардағы кәсіпкерлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы
  • Даму институттарына сенімсіздігі
  • бизнесті жүргізу бойынша құзырет деңгейінің төменділігі
  • Жастардың кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қызығушылықтарының төмендігі
PEST -факторлары: Технологиялық факторлар
Мүмкіндік туғызады:
  • Кәсіпкерлікті интернет технологиялар, мобильді технологиялар және заманауи өзге ақпараттық технологиялар, электрондық коммерция жүйесі негізінде ақпараттандыру және дамыту бағдарламаларын енгізу.
  • Кәсіпкерлер үшін заманауи өндіріс технологиялары мен жоғары тиімділікті жабдықтардың пайда болуы
  • ҒТР жасау
  • Сапаны тексеруде белсенді және обьективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану
Қауіп қатер әкеледі:
  • Заманауи ақпараттық технологиялардың халық арасында сұранысқа ие болмауы
  • БАҚ-тың ақпараттарды өңдеудегі технологиялық кемшіліктерінің мол болуы
  • Негізгі жұмысты атқаратын ғылыми зертханалардың дұрыс автоматтандырылмауы және технологиялық жетіспеушілік

(501 сөз)

Қорытынды

Зерттеу барысында көптеген ақпараттар жинақталды, сонымен қатар бұл ақпараттардың барлығы негізгі зерттеу сұрақтарына толыққанды жауап беруге мүмкіндік берді, яғни зерттеу жұмысы нәтижелі аяқталды.

Қазақстан жүргізіп жатқан реформалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүйесі экономикалық әлеуетті нығайтуға қаншалықты көмек беретіні зерттеу барысында толық талқыланды. Осы мәліметтерді пайдалана отырып және PEST-талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін саралай келе еліміздің даму бағытында мына ұсыныстарды қосқым келеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
Туризм кластерінің даму ерекшеліктері
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Мемлекеттің даму институттары
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz