Ұйымға мүше мемлекеттер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Бөлім: Геосаясат және Қазақстан
Тақырып: Қазіргі заманғы геосаясатқа кіріспе
Тақырыпша: ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ МЕН САЯСАТЫНДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

\

Мазмұны

Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
В.Зерттеу әдісі 9
С.Зерттеу қорытындысы. Анализ 14
Д.Бағалау 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер: 20
Қосымша беттер 20

Кіріспе
25жыл көлемінде Қазақстан әлемдік аренада өзінің белсенділігімен бой көрсетіп келеді.Мұндай белсенділік елдің ішкі және сыртқы саяси қатынастардың берік әрі мықты болуының нәтижесінде жүзеге асатыны мәлім.Өткен уақыт ішінде Қазақстанды 180 ден астам мемлекет таныды.120 елмен дипломатиялық байланыс орнатып, 40-тан астам мемлекетпен консулдық байланыс орнатты.Осындай қарым-қатынас орнатуда халықаралық ұйымдардың маңызы зор.Сондай ұйымдардың бірі Шанхай Ынтымақтастық ұйымы болып табылады.
1996 жылы Қазақстан,Қытай,Ресей,Тәжікстан,Қыр ғызстан мемлекеттерінің бастамасымен Шанхай бестігі ұйымы құрылған болатын. 2001 жылдың 1 маусымында Өзбекстан елінің қосылуы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деген атпен тұрақты жұмыс жасайтын, мүше елдер арасында сенім мен достықты нығайтатын,саяси және экономикалық қатынастарды жақсартуға,технологиялық мүмкіндіктерді арттырумен қатар қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған үкімет-аралық ұйым болып қалыптасты. Аталмыш ұйымға мүше, бақылаушы және серіктес мемлекеттер бар.
Ұйымға мүше мемлекеттер: Қазақстан,Қырғызыстан,Қытай,Өзбекст ан,Ресей,Тәжікстан,(2016жылдан бастап) Үндістан,Пәкістан
Ұйымға бақылаушы мемлекеттер:
Ауғанстан,Беларусь,Моңғолия,Иран.
Ұйымға серіктес мемлекеттер:
Әзірбайжан,Армения,Камбоджа,Непал,Т үркия, Шри-Ланка[1]
ШЫҰ-ның еліміздің саясаты мен экономикасындағы рөлі өзекті болып табылады. Себебі елдің ілгерілеп дамуы,әлемдік деңгейде өзге мемлекеттермен терезесі тең болуында, өмір сүріп жатқан халықтың ынтымақтастығы, бейбіт өмір сүруі,адамның өмір сүруіне кері ықпал ететін процесстердің орын алмауы,мемлекеттің экономикалық даму деңгей әрқашан актуалды болып табылады.
Аталған тақырыпты таңдауға түрткі болған себептер көп. Ең алдымен, бұл тақырып жеке басымның қызығушылығынан пайда болды. Әрқашан экономикалық немесе политикалық тақырыптарға белсене ат салысқанды ұнатамын. Осы аталмаш ұйымның нәтижесінде еліміз қандай жетістіктерге қол жеткізді? Сонымен қатар елімізде қандай өзгерістер орын алды? Экономикамыз бен саясатымыздағы рөлі кандай? Деген сұрақтар қызығушылығымды арттырды. Екіншіден, ШЫҰға мүше мемлекеттермен байланысымызды білгім келді.Теледидардағы аталмыш ұйымға байланысты жаңалықтар менің назарымды аударды. Сонымен қоса, ғаламтор бетіннен ұйымдар жайлы ақпараттар легін іздеп жатқанда, Швейцариялық Zurich университетінің зерттеушісі Стефен Арис өзінің зерттеу жұмысында Шанхай ұйымы туралы бірқатар мәліметтерді атап өтуі,осы тақырыпты таңдауыма себеп болды. Осы қызығушылықтардың нәтижесінде төмендегі бірқатар сұрақтар пайда болды:
* Шынхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдерді қандай ортақ мақсат біріктіреді?
* ШЫҰ-ның Қазақстанның экономикасындағы рөлі қандай?
* ШЫҰ-ның еліміздің саясатындағы рөлі?
Негізгі бөлім
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық ұйымына ерекше мән береді.Оны сыртқы және ішкі саясаттағы негізгі басымдық ретінде қарастырады.Оны Н.Назарбаевтың ШЫҰ жер шарының 40 пайыз тұрғындарының (Азияның көп бөлігі) басын қосқан ұйым екенін, болашақта Шанхай рухын сақтап қалуды атап өттіп,аталмыш ұйым консенсус (ынтымақтастық) негізінде көптеген туындаған мәселелердің оң шешімін табудағы маңызы зор екендігін айтып өтті.
Аталған ұйымның қызметтеріне:
* Әскери-саяси,әскери-техникалық ынтымақтастық;
* Аймақтағы экологиялық мәселелер шешімін табу;
* Аймақтық экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық өзендер;
* Инвестиция сферасына тиімді жағдай жасау;
* Энергетикалық,транспорттық қызметтегі ынтымақтастық;
* мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық байланысты нығайту;
* саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру салаларында тиімді байланыс орнату;
* ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.[2]

Осы қызметтердің негізінде Қазақстан өзінің біршама экономикалық,саяси және өзгеде салаларды ілгері дамытты.Бұл Қазақстанға оң әсер еткен тұс болып табылады.Келесі кезекте экономика және саяси сферадағы ШЫҰ негізінде іске асырылған бірқатар іс-шараларды айтып өтуге болады.

Жалпы ұйым ең алғаш шекаралық бекітулерді жүзеге асырған болатын. 1998 жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан бастап шекаралар айқындалды.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға
жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен
мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен - 7,5 мыңнан астам шақырым, Түркменстанмен - 400 шақырым, Өзбекстанмен - 1660 шақырым. Осы шекаралар жұмысындағы негізгі рөлді ШЫҰ атқарды.[3]

Кейінірек, Қорғас ынтымақтастық орталығы осы ШЫҰ арқасында құрылды. Ең алдымен бұл жер саяси тұрғыдан бөлінді. Орталықтың жалпы көлемі 4,63шаршы км болды.Келісімшарт яғни территориялық бөлініс бойынша Қытай мемлекеті 3,43 шаршы км иеленсе, Қазақстан 1,2 шаршы км иеленді.Бұл өз кезегінде аймақтағы экономикалық алмасулар негізін қалап екі ел арасындағы сауданың қарқынды түрде жүруіне ықпал етті.
Саяси тұрғыдан, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы әрекеттері,бірлікті сақтау, қауіпсіздікті тұрақтандыру жұмыстарын атап өтуге болады.Бұл сфералар Қазақстан үшін тиімді болып табылады.Бұл ретте Қазақстан үшін ШЫҰ-ның саяси тұрғыдағы рөлі жоғары екендігін аңғаруға болады.Себебі Қазақстанның әскери капиталы өзге көршілес мемлекеттермен салыстырғанда аз болып келгендіктен сырттан келген қауіпті сейілту немесе оны болдырмас үшін ШЫҰ-ға мүше елдермен тығыз әскери қарым-қатынас орнатуды мақсат тұтты. Себебі Қазақстанда әскери солдаттар саны бар жоғы 8-ақ млн. Ал көрші мемлекеттер бұл көрсеткіштен бірнеше есе үлкен көрсеткішке ие. Сонымен қатар бұл қазіргі таңда өзекті саяси байланыстардың бірі болуда. [4]

Жаһандық 10 сын-қатердің қатарына Н.Назарбаев жаңа әлемдік тұрақсыздықты енгізген болатын.Бұл тұрғыда елдерге қауіп төндіретін терроризммен күрес жұмысында өз белсенділіктерін ШЫҰ елдері көрсетуде. Соңғы жылдары терроризм мен экстремизм белең алуда. Халықтың қауіпсіздігін сақтауда ШЫҰ өте белсенді жұмыс атқаруда. Әрбір мемлекет өздерінің әскери байланыстарын күшейтіп, терроризмді көздегендерге тікелей қарсы тұруда.Бұл іс-әрекеттердің атқарылуына 2012 жылы ШЫҰ мемлекеттері терроризммен қарсы күрес жобасының қабылдануы бірден-бір себеп болды. 2013 жылдан бастап бұл жоба қарқынды жұмыс атқарылды.Теократты ислам мемлекетін құруды көздеген радикалды топтар барша Орталық Азияны шарлауда. Алайда әрбір ел өздерінің территориялық әскери қуатын іске қосып барынша қарсы тұруда.Бұл тұста ШЫҰ саяси күшті рөлге ие. Белгілі бір мемлекетте осындай келеңсіз оқиға орын алса Шанхай ұйымы тарапынан материалдық көмектер көрсетіледі. ШЫҰға мүше-мемлекеттер лаңкестікпен күресте күш біріктіріп, олардың ешқайсысы өз территориясында басқа мемлекеттің егеменділігіне, қауіпсіздігі мен қоғамдық құрылымына нұсқан келтіруші әрекеттерді болдырмайды
Жалпы Қазақстан көптеген елдермен саяси-дипломатиялық қатынастарды орнатқан болатын. Қазақстан,Қырғызыстан,Қытай,Өзбекст ан,Ресей,Тәжікстан, Үндістан,Пәкістан елдерімен және де өзге де мемлекеттермен тығыз саяси байланыстарды орнатты.Бұл мемлекеттер арасында түрлі конференциялар өткізіліп отырады.
Трансшекаралық өзендердің қозғалысы да саяси нәтижелерге толығады. Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды құрамдас болігі болып табылады. Тараптар осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және қорғау, олардың ластануы мен сарқылуын болдырмау мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылуда.
2013 ж. 19-20 тамыздағы Қазақстанға ресми сапары барысында ҚХР Сыртқы министрі Ван И былай деп мәлімдеді: Егер трансшекаралық сулар туралы айтсақ, Қытай Қазақстанның мүддесіне нұқсан келтіретін ешнәрсе жасамайды. Біз, екі тараптың күш салуымен осы мәселені міндетті түрде абыроймен реттеудің жолын табамыз және екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер біздің екі халықты тығыз байланыстыратын түйіннің болатынына сенімдімін.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапарында (2015 ж. 30тамыз - 3 қыркүйек) екі ел басшылары қол қойған жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияда трансшекаралық өзендер мәселесіне ерекше назар аударылған.Бұл саяси өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Егер де бұл мәселе шешілмесе мемлекеттер арасында саяси кикілжің туады. Қазақстанның жер беті су ресурстары орташа сулылық жылдары 100,5км3 болады, бұл су көлемінің тек 56 км3 мөлшердегі су республика аумағында құрастырылады. Қалған су көлемі - 44 км3 көршілес мемлекеттерден келеді, атап айтқанда: Қытайдан - 18,9 км3, Өзбекстаннан - 14,6 км3, Қырғызстаннан - 3,0 км3, Ресейден - 7,5 км3.Қазақстан халқының саны 18 миллионнан астам, осының 43% ауылдық жерде тұрады, халық үшін 8 су бассейны бар, оның 7-сі - трансшекаралық өзендік бассейндер. Бірақ республикадағы ауыл тұрғындарының тек 60%-зы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып суды пайдалану мүмкідігіне ие болған. Демек, сумен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік стратегиялық міндеттердің бірі болып саналады.[5]
Аталмыш ұйымның еліміздің экономикасы мен саясатындағы рөлі жоғары болып табылады. Оған көптеген атқарылған іс-шаралар легі дәлел бола алады. Мәселен, Қазақстан экономикасы күн сайын ірі тенденцияларды байқатып келеді. Бұл да осы ұйымның әсері бар. ШЫҰ мемлекеттері арасында тиімді экономикалық байланыстар орнатылуда. Бірінші экономика,одан кейін саясат деп топшылайтын ҚР Президенті экономикаға үлкен мән беріп қарайды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер 2006 жылы ШЫҰ-ның кәсіпкерлер комитетін түрде құрды. Осы сынды қол қойылған құжаттар мен қабылданған шешімдердің саны мен мазмұнынан алып қарайтын болсақ, ШЫҰ ұйымға мүше мемлекеттер арасында экономикалық байланысты дамытуға көп көңіл бөлгендігін байқай аламыз. ШЫҰ бірнеше жылдар бойы жүргізген қажырлы ізденістері мен тәжірибелерінің нәтижесінде экономикалық ынтымақтастықтың стратегиялық қадамдарын белгіледі.
Үшінші қадамда, жағдай пісіп жетілген кезде еркін экономикалық аудан құрып, сауда, тауар, капитал, сервис және техникалар сол өңірде еркін айналымға қосылатын болу.

Екінші қадамда, сол негізде әр саладағы экономикалық-техникалық ынтымақтастықты күшейту, ынтымақтастықтың негізін бекемдеу, мүше мемлекеттердің халықтарына ынтымақтастықтың игілігін сезіндіру;
Бірінші кезекте:тиімді ынтымақтастықты өрістету, әр сала бойынша ынтымақтастықты дамытудағы кедергілерді тазарту- жою;

Қазіргі таңда ШЫҰ экономикалық ынтымақтастығының басты міндетті - оңтайлы ынтымақтастықты өрістету, оған негізгі инфрақұрылымдарды жақсарту.Жоғарыда пайымдалған ШЫҰ аясында жасалған жоспарлар мен қол қойылған экономикалық ынтымақтастық келісімдер негізінде, Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық байланыстардың дамуының ең негізгілерін мысалға келтіруге болады.
2004 жылы маусымда Қазақстан және Қытай қатынастарының шеңберінде,үкіметтер арасында жасалған келісім-шарттар негізінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастық коммитеті құрылды. Бұл ынтымақтастық қатынас қос тараптың барлық сфераларын қамтыды. Осының негізінде тиімді қарым-қатынас орнатылды.Бұл өз кезегінде ШЫҰ-ның да рөл ойнайтындығын көрсетеді.Бұл комитет екі жақтылы қатынастардың барлық саласын қамтыды.
2006 жылы 20-қаңтарда Қазақстан мен Қытай үкіметтері қол қойған Қазақстан мен Қытай саудасын дамыту келісімшарты негізінде, Шығыс Қазақстан шекарасынан Майқапшағай - Жеменей (Зимунай) шекара сауда орталығы құрылды. Сонымен қатар, Алакөл-Жаркент еркін экономикалық аудандары құрылды.Сонымен қатар, Батыс Қытай- Батыс Еуропа тас жолын да атап айтуға болады.
Батыс Қытай - Батыс Еуропа еліміздің экономикалық сипатында жетекші рөлге ие болып табылады. Бұл халықаралық транзиттік автожол,өткен ғасырлық Ұлы жібек жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы. Бұл транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан президенті Н.Назарбаев жолдауында бекітілді.[6]
Кейін 2008 жылы 22 қыркүйекте Ресей Федерациясымен, 2009 жылы 16 сәуірде ҚХР Коммуникация министрлігімен Батыс Еуропа - Батыс Қытай автокөлік дәлізін құру жайлы меморандумға қол қойылды.Санкт-Петербург пен Чженчжоу аралығындағы 8445 км-ді,10 тәуліктік сапарды қамтиды. Транссібір темір жолымен екі қала арасын, яғни 11500км-ді 14 тәулік ішінде жүріп өтуге болады,ал теңіз жолы бұдан да ұзаққа созылады.
Қазақстандағы ұзындығы 2787км және 5 облыс арқылы өтеді. Ал 2233 км Ресей , 3425 км ҚХР еншісіне тиесілі. Қазақстан аумағынан өтетін жобаның жалпы құны 825,1 млрд теңгені құрайды. 2015 жылы нақты іске қосылды.[7]
Қазіргі таңда қарқынды жұмысы арқылы еліміздің экономикасы және де көптеген елдермен экономикалық байланысты орнықтыруға септігін тигізуде.
Сонымен қатар 2018 жылдың 22 қаңтарында ШЫҰ мен банктердің серіктестігі нәтижесінде ШЫҰның форумдарындағы жиі талқыланатын инфрақұрылым, құрылыс және тағы да басқа сфераларды қамтитын декларациялар өз шешімін таппақ. 80млрд доллар және 114 млрд қытай ақшасы бөлініп, олар осы қаражат нәтижесінде шағын бизнесті және де жоғарыда аталып өткен салаларды толық қамтитын болады деп Қытай Ұлттық банкінің Президенті Чжэн Чжицзе мәлімдеген болатын.[8] Нәтижесінде ШЫҰ жоспарлары іс жүзінде де көрініс табады. Мысалы Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 9,2 млрд долларды құраған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 39,2 пайызға артқан.Сонымен қатар инвестиция саласында да Қытайдың Қазақстанмен байланысы артуда.2017 жылғы ақпараттарға сүйенсек , 15,2млрд доллар Қытай Қазақстанға инвестиция құйған.Олар жоғарыда аталып өткен салаларды қамтиды:мұнай өндірісі,тау-кен өндірісі, инфрақұрылым және т.б.
Қазақстан мен Қытай үкіметтері 2006 жылы 10-қаңтар күні Стратегиялық ынтымақтастықты онан нәрі атқарудың бірлескен мәлімдемесін жариялады. Сол негізде іске асырлған Атасу-Алашаньку мұнай құбыры екі елдің энергетика саласында өзара тыйымды ынтымақтастығының жарқын мысалы болып табылады. Қазақстан ұлттық Казмұнайгаз копаниясы мен Қытайдың ұлттық мұнай газ компаниясы бірлесіп жасаған табиғи газ құбырының бірінші кезектегі құрылысы 2010 жылы аяқтап, қолданысқа енді. Бұл құрылыстың екінші кезекті құрылысы 2012 жылы аяқталып,қолданысқа берілді. Нәтижесінде табиғи газдың тасымалдану қуаты 30 млрд текше метірге жетті. Бұл жерде байқайтынымыз ШЫҰ ат салысуының арқасында Қазақстанда көптеген орындар мен елдің дамуына қажетті салалар қолға алынғанын байқауға болады.
Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы ынтымақтастығы Алматы облысындағы Мойнақ Гидроэлектрстанциясының құрылысы арқылы жүзеге асуда. Бұл ШЫҰ шеңберінде ұйымға мүше мемлекеттер банктері бірлестігі инвестиция салған алғашқы ірі құрылыс болып табылады. Нәтижесінде ШЫҰ мемлекеттерінің үміттері ақтала отырып. Аталмыш ГЭС өз жұмысын бастап аудан мен ауылдарды сумен қамтамасыз етіп отыр.[8]
В.Зерттеу әдісі
Зерттеу жұмысының мақсаына сай ақпарат жинау әдістері бірнеше кезеңдерден тұрды. Бұл әдістер көмегімен жиналған ақпараттарды сараптап, тақырып бойынша жеткілікті деңгейде сенімді ақпараттарды жинауға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде ғаламтор көзінен жалпы ШЫҰ жайлы көптеген деректер жиналды. Оның құрылуы,мақсаты,міндеті, жоспары ,атқарылған жұмыстары Қазақтсан экономикасы арасындағы және политикасындағы негізгі атқарылған қызметтері көптеген статистикалық мәліметтер және т.б. ақпараттар жиналды. Бұл кезеңде жиналған деректер алдыңғы бөлімдерде жазылды. Екінші кезеңде экономика және политика саласындағы білікті мамандардан сұхбат алынды. Үшінші кезең ғаламтор арқылы сауалнама жүргізіліп, барша халықтың ойларын, әсіресе экономика мен саясаттан тәжірибесі мол тұлғалардан сауалнама көбірек алынды.
Бірінші әдісте, ғаламтор желісі, кітаптардан ШЫҰ ның еліміздің экономикасындағы және саясатындағы байланыстары жайлы және де өзге де ақпараттарға қол жеткіздік. Алайда негізінен, дәл осы Шанхай ұйымы туралы нақты ақпараттарды жинау қиынға соқты, себебі кітаптар мен газеттерде дәл осы ұйым туралы тек жалпыхалыққа белгілі ақпараттар ғана берілген, оның ішінен әсіресе ұйым барысында жасалған жұмыстар,меморандумда қабылданған құжаттар жариялана бермейді. Сол себепті ақпараттың ең көп жарияланатын жер ғаламтор көзі болғандықтан, ғаламтордан ақпарат жинау тиімді болды. Алайда,сенімсіз әрі дәлелсіз ақпарат жариялаған парақшалардан қажетті ақпараттарды жинақтау жұмысты қорытындылауда қате нәтижелерге әкеліп соғады.Осы тұста ақпараттың шынайлылығын тексеруде CRAAP әдісі қолданылды . Бұл әдіске Астанада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары
Мәселенің өзектілігі
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Дүниежүзілік сауда ұйымының мәнi, қағидалары және әлемдік саудадағы рөлі
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Ислам конференциясы ұйымы
Қазақстан ислам конференциясы ұйымымен ынтымақтастығы туралы
Пәндер