Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика жоғары мектебі факультеті
Педагогика және практикалық психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жеткіншек жастағы балалардың даму ерекшеліктері

Жұмыс авторы: Сыйқымбай Нұрай
Ғылыми жетекші:

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ..
1.1. Жеткіншек жастағы балалардың дамуының әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының айрықша белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3.Жеткіншек балалардың ұжымдағы алатын рөлі мен қарым-қатынасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Психикалық дамудың қозғаушы күштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2.Жеткіншек балалардың танымдық қасиеттерін қалыптастыру ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...24

КІРІСПЕ
Зерттеу өзекілігі. . Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси амалы атты Қазақстан халқына Жолдауында - Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық, қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керектігі - көрсетілген [1].Мектеп психологиялық қызметінің алдында күрделі тұрған күрделі проблемалардың бірі-жеткіншек жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету. Әсіресе, мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін осы жас кезеңнің ерекшеліктерін және әр жеткіншектің өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеп, анықтау қажет. Жеткіншек жас өтпелі кезең, қиын жас, пуберантты жас деген сөздермен аталып, осы кезде балалардың ересектікке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтарды ескере отырып, әр баланың басында болып жатқан проблемасына толық түсінуге негіз болатын арнайы әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, жұмыс жасай алуы қажет. Тек соңғы уақыттарда жарық көрген С.Х.Бектенгалиева, Н.Қ.Дгарова, Л.К.Көмекбаеваның Психологиялық қызметті ұйымдастыру, Ш.Е.Рсмаханбетованың Тәжірибиелік психология кітаптары жеткіншек жастағы балалардың қыр-сыры болмаса да, оларда кездесі жатқан қиыншылықтар мен дамуындағы ерекшеліктер айтылған болатын. Жалпы жеткіншек жастағы балалар жайлы нақты әрі толық мәліметтерді көрсететін құрал жоқ деп айтсақта болады. Осы жұмысқа біршама даярлықтан өту үшін курстық жұмыс тақырыбын Жеткіншек жастағы балалардың даму ерекшеліктері деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншек жастағы балалардың даму ерекшелігін теориялық негізде қарастыра отырып, мектеп психологы жүргізетін жұмыс бағыттары мен зерттеу әдістерін жүйеге келтіру.
Зерттеудің нысаны: Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Жеткіншек жастағы балалардың ерекшеліктерін дамыту процесі
Зерттеу болжамы: Егер мектеп жасындағы жеткіншек балалардың психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы көрініс беретін ерекшеліктері зерттелініп, қорытындысында балалардың психологиялық портреті жасалынып, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтіріледі.
Зерттеу міндеттері:
-жеткіншектердің даму ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық қызмет көрсету проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау;
-жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көсету жолдарын анықтау;

Зерттеу әдістері: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге бақылау, эксперимент, Стреляу әдістері, Әлеуметтік мазасыздану шкаласы және басқа әдістемелер көмегімен зерттеу, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижесінде түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған материалды жинақтау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: жеткіншек жастағы балалардың даму ерекшелігіне психологиялық талдау жасауға М.Қ.Бапаева, О.С.Сангилбаев, И.А.Әбеуова, А.Н.Соловьев, И.Г.Чеснова, И.С.Кон, Л.И.Божович, Л.С.Выготский Л.С, Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея, Ж.А.Жүсіпова , Ә.Ж.Алдамұратов тұжырымдамалары қарастырылған.

Зерттеу базасы: Тілендиев атындағы облыстық мектеп интернаты

1 ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Жеткіншек жастағы балалардың дамуының әлеуметтік жағдайы
Жеткіншек кезеңі-балалық шақтың соңы, балалық шақтан жастық шаққа өтпелі кезең. Ол әдетте, 10-11 жастан 14-15 жасқа дейін хронологиялық жасқа сәйкес келеді. Оқушының орта сыныптардағы оқу іс-әрекетінің негізінде қалыптасқан рефлексия қабілеті оның өзіне бағытталады. Жеткіншек өзін ересекпен және едәуір кішкентай балалармен салыстырып, өзінің бала емес, дұрысы ересек екенмін деген қорытындыға келеді. Жетіншек өзін ересек сезініп, айналадағылардың өзінің дербестілігі мен маңыздылығын мойындағанын қалайды.
Жеткіншектің негізгі қажеттіліктері-құрдастарымен қарым-қатынаста болғысы келуі, дербестілік пен тәуелсіздікке, ересектерден оңашалуға тырысу, өзге адамдардың тарапынан құқықтарының мойындалуын қажетсінуі.Есею сезімі-жеткіншек кезеңінің бастапқыдағы психологиялық симптомы. Д.Б.Элькониннің пікірінше, есею сезімі жеткіншектің өзін басқалармен салыстыратын, меңгеру үлгілерін анықтайтын, басқа адамдармен қатынастарын қалыптастыратын, өз іс-әрекетін өңдейтін сананың жаңа құрылымдары.
Жеткіншек кезеңнің өтпелі өзгерістері биологиялық ерекшеліктермен де анықталады. Бұл қарқындылығы гормоналды тасқын ұғымына сәйкестендірге болатын жыныстық жетілу кезеңі. Дене, физиологиялық, психологиялық өзгерістер, сексуалды әуестіктің пайда болуы, жан-жақты даму үстіндегі жеткіншекті өзі үшін де бұл кезеңдң тым күрделендіріп жібереді. Алайда, мәдениеттанушы антропологтардың еңбектерінде қарапайым мәдениеттерде жеткіншек кезеңіндегі дағдарыс пен оған байланысты тұлғааралық және тұлғаішілік қақтығыстардың болмайтындығы көрсетілген.Ол мәдениеттерде ересек пен баланың мінез-құлықтары мен міндетері қарсылықта емес, байланыста қарастырылады. Бұл дағдарыстар биологиялық шарттылығы, генетикалық бағдарламалануы, оның жыныстық жетілу үрдісімен тікелей байланысы жайлы болжамды жоққа шығаруда. Сонымен бірге, әлеуметтік факторлар алдыңғы жоспарда қарастырылады.
XVII-XVIII ғасырларға дейін жеткіншек кезеі ерекше жас кезеңі ретінде ажыратылмаған, оның қазіргі мәртебесі салыстырмалы түрде жақын арада қалыптасқан тарихи құрылым. XIX ғасырда көптеген елдерде мектептегі жүйелі құрылым енгізіледі. Мұндай жаңалық баланың өміріндегі экономикалық тәуелділік кезеңінің біршама артуына және оның ересек адамға тән рөлдерді қабылдау сәтінің кешеуілдеуіне ұласты. Жеткіншек кезеңнің шекарасы мен мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тарихи кезеңнің ерекшеліктеріне, жеткіншектің ересектер әлеміндегі қоғамдық ұстанымына және сол жеткіншектің өміріндегі нақты жағдайларға тығыз байланысты болады[1].
Сол себепті де жеткіншек жас шамасы өтпелі кезеңі ретінде балалық шақ пен ересектің үлкен айырмашылығы айқындалатын, ересектер мен балаларға ұсынылатын нормалар мен талаптардың айырмашылығы көрініс беретін индустриалды қоғамда толыққанды ажыратыла бастаған болатын. Жеткіншек жас шамасы психологияның өзегін құрайтын нағыз есею кезеңі болып табылады. Оны көптеген ғалымдар зерттеп, өз еңбектерінде жеткіншек тұлғасының дамуы, өзін-өзі тұлғалық анықтауытуралы мәселелерді көптеп көтерген болатын.
Жеткіншек кезеңін адамның сана-сезімінің жетілуі мен өз бетінше екінші рет дүниеге келу сәті ретінде алғаш рет Ж.Ж.Руссо ажыратып, көрсетеді. Жеткіншек жас шамасы психологиялық өзегін құрайтын негізгі идеялар С.Холлдың Есею атты еңбегінде баяндалады. С.Холл жеткіншектің кезеңнің өтпелілігі, толқын мен тегеурін кезеңі жайлы түсінінікті қалыптастырады. Ол дамудың аталмыш кезеңінің мазмұндық-жағымсыз сипаттамаларын құрастырады. К.Левин жеткіншектің балалар әлемі мен ересектер әлемінің арасындағы - екі мәдениеттің тұрғысында айқындалатын маргиналдығын сөз етеді. Жеткіншек балалар мәдениеттің мүшесі болғысы келмегенімен, шынайы ақиқаттың тарапынан қарсылыққа тап болып, әлі де ересектер қоғамдастығына ене алмайды. Бұл жәйт өмірлік кеңістіктердің алмасуында когнитивті дисбаланстың, бағдарлардың, жоспарлардың, мақсаттардың белгісіздігінің орын алуына ұласады.
Жеткіншек тұлғасының дамуы психологиялық тұрғыда З.Фрейд және А.Фред еңбектерінде де талданып, сипатталады. Жеткіншек кезеңіндегі жыныстық жетілу, сексуалды қуаттың толқыны тұлға құрылымдарының арасындағы бұрында қалыптасқан тепе-теңдікті құлдыратып, балалар қақтығысы жаңа қуатпен қайта жанданады. Э.Эриксон жеткіншек кезеңі мен жасөспірімдік шақты адамның өзін-өзі тұлғалық анықтау, ұқсастығын ұғыну міндеттерінің шешіміне қол жеткізудің орталық кезеңі ретінде қарастырады.
Кеңестік психологияда жеткіншек кезеңдегі дамудың заңдлықтарын ұғынудың негіздері Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Т.В.Драгунова, Л.И.Божович, Д.И.Фельдштейн, Г.А.Цукерман және т.б. еңбектерінде көрініс табады. Жеткіншек кезеңін жиі дағдарыс, қалыпты патология кезеңі ретінде талқылап, оның екпінді ағымын, жеткіншектің өзі әрі өзімен қарым-қатынастағы ересектер үшін күрделілігін сөз етеді. Д.Б.Эльконин, керісінше жеткіншектің өзін тұрақты кезең ретінде қарастырып, дағдарыстарды ажыратады. Жеткіншек кезеңі психикалық даму кезеңі ретінде баланың қоғамдағы дербес орнын іздеуімен байланысты жаңа сапалы әлеуметтік ұстанымына көтерілуімен сипатталады. Жоғары талаптар, өзінің мүмкіндіктері жайлы әрдайым орынды бола бермейтін түсініктері жеткіншектің ата-аналармен, ұстаздарымен сансыз дау-дамайларға, қарсылық мінез-құлқына әкеледі[2].
А.Г.Ковалев еңбектерінде жеткішктегі психикалық процестер, психикалық күйлер мен психикалық қасиеттердің интергралды құрылымы ретінде көрінеді. Күйлер тұрақт психикалық қасиеттері құрылғанғадейін баланың дамушы тұлғасын толығымен сипаттайды. Күйлерінің ауысуы бала тұлғасының, яғни жеткіншектің бет-бейнесін өзгертеді. Нқаты жағдайларда күйлердің бірі орнығып, оның мінезінің кейбір ерекшеліктерін анықтауы мүмкін. Өз кезегінде белсенділік деңгейі тұлғаның қандай да бір әлеуметтік құндылығын анықтайды да, адам дамуының ішкі субъективті жағдайларын құрайды. Жеткіншектер даму процесінде психикалық қасиеттері бір-бірімен белгілі түрде байланысады, сонан соң күрделі құрылымдар түзіледі. А.Г.Ковалев әр түрлі жеткіншек бойындағы қасиеттрді компоненттерге бөле отырып, өз пікірін өзгертпей, құрылым синтезі арқылы байланыстырып, оның кемелденуі мен дамуын қамтамасыз еткен болатын[3].
Жеткіншек жастағы балаларды көптеген ғалымдар зерттеп, өз пікірлерін ұсынған. Бірі-жеткіншектің психикасы, ал басқа бірі жеткіншектің мінез-құлқы немесе басқа да ерекшеліктерін анықтаған болатын. Ол зерттеулер тек теория түрінде ғана емес көптеген практикалық дәлелдемелерге сүйене отырып негізге арналған. Кейбір мәліметтерде жеткіншек кезеңді өтпелі кезең деп атаған. Себебі, жеткіншек жаста көп балалар бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа өткен оқушылар болып табылады. Олардың өз ортасына бейімделуі және жаңадан енгізілген сабақтарға үйренісуімен тығыз байланыста болғандықтан жеткіншек жас маңызды кезеңдердіңң бірі болып келеді.
1.2.Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының айрықша белгілері
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы 10-15 жас ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.Жеткіншектердің мінезіндегі мұңдай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір зандылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндеп осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағаңда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Сонын әсерімен баланың мінезінде ашушандық, қызбалық пайда болады.Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қа жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жеткіншек шаққа өткен кезде оның нерв жүйеснің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақьшау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді.. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді[4].
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзің қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасьш орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдьгқ құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол -айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін киналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы -қоғамның алғашқы ұжымы болатын -- отбасы., бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін бірі -- жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеткіншекдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі -- өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатындсын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен карым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка -- адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жеткіншектер қоғдмдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншекдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жеткіншекдерге тән.Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектін досы -- ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалдтын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол -- жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жеткіншек шактың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады[5].
Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жеткіншектердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жеткіншектің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.Демек, осы жастағы оқушьшармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жеткіншектер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына тандау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады. Адам онтогенезіндегі ең күрделі кезеңнің бірі - жеткіншек жас болып табылады. Бұл кезеңде бұрын қалыптасқан психологиялық құрылымдардың қайта құрылуы ғана жүріп қоймай, сонымен бірге жаңа білімдер қалыптасып, саналық көзқарастар мен әлеуметтік ішкі ыңғайланудың қалыптасуының жалпы бағыттылығы өседі. Жеткіншек жасының өзіне тән ерекшелігі оқу үлгерімінің төмендеуі, жұмыс қабілетінің түсуі, тұлғалық ішкі құрылымындағы дисгормония, мініз-құлықтың қарсыласқан негативті сипаты бұл жас сатысын ішкі және сыртқы қатынастардағы бағдарлануды жоғалтқан, Мен және әлемнің бөліну сатысы деп айтуға болады.
Жеткіншектердің дамуындағы психологиялық күшіне абстрактілі логикалық ойлау формасының күрделенуі, эмоциялық сферасының дифференциалдануы, ерік белсенділігінің ұлғаюы жатады. Жеткіншек кезеңінде өзіндік сана деңгейі тек рефлексия актілерімен сипатталып қана қоймайды, сонымен қатар өзін-өзі саналы ұғыну өзбеттілік процесіне айналады. Әдетте бұл жастағы балаға өзіне белгілі психикалық қасиеттердің интегралды байланысын саналы ұғыну тән[6].
Психологиялық қасиеттер мен сапалардың бірлігі тұтастай модель ретінде қарастырылады. Осының негізінде жеткіншек өзінің басқа адамдармен қатынасын, өзіне-өзі қатыстылығын құрады. Жеткіншек кезеңіндегі өзіндік сананың дамуының бір негізгі тенденциясы - бұл құбылыстармен, ересектермен қарым-қатынас барысында және оқу іс-әрекеттерінің бағаларын интеграциялау кезінде қалыптасқан толымды немесе аффективті тәжірибелерді интеграциялау болып табылады.Бұл интеграцияның ядросы ересектік сезім. Ересектіктің критерийі (белгілері) өзін-өзі қабылдауы мен бағалауы шындықта жүзеге асыру болып табылады.А.Н. Соловьева өзіндік бағалаудың дамуының 4 деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгей - процессуальді ситуативті деңңгей, өзінің мінез-құлықтарын өзінің қасиеттерімен байланыстырмайды. Өзіндік бағалау тек іс-әрекеттің сыртқы жанама нәтижелері негізінде жүзеге асады. Өзіндік сананың бұл даму деңгейі мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп кезеңі оқушыларына тән.
Екінші деңгей - сапалы ситуативті деңгей. Бұл тұлғаның өз құлықтары мен спаларының арасында байланыс құрылады, бірақ бұл байланыс тікелей түзу сызықты болады. Бұл деңгей кіші жеткіншектер жас кезеңіне тән. Үшінші деңгей - сапалы консервативті деңгей - тұлғаның мінез-құлықтары мен қасиеттері арасындағы түзу сызықты (тікелей) байланыс жойылады, тұлғаның қасиеті шындық ретінде қабылданады. Өзіндік дамудың бұл деңгейі жоғары жеткіншектер мен кіші жасөспірімдерге тән. Төртінші деңгей - сапалы динамикалық деңгей. Бұл тікелей жасөспірім кезеңіне тән.
И.С. Кон өзіндік бағалаудың негізгі механизмдерін көрсетеді:
-- басқа адамның субъектіге берген бағасын қабылдау; -- әлеуметтік салыстыру; -- өзіндік атрибуция (мұнда индивид өзінің құлықтарын әртүрлі ситуацияларда бақылай және бағалай отырып өзі туралы және өзінің ішкі күйлері туралы мәселені қамтиды). Көптеген маңызды эксперименттік зерттеулерде индивидтің өзінің психикалық күйі толығымен сыртқы ақпараттарға сүйене отырып бағаланатынын дәлелдейді.Жеткіншектер бірінші кезекте қарым-қатынас сферасындағы мінез-құлықтың әртүрлі формаларына байланысты қасиеттерді саналы ұғынады. Бұл әрине өзіндік бағалау өзгермейді деген сөз емес, оның динамикасы әртүрлі факторларға байланысты жоғары өзіндік бағалау тұрақты болса, ал төмен және орташа өзіндік бағалау біршама динамикалы болып келеді. Дегенмен жоғары өзіндік бағалауда тұлғамен арнайы педагогикалық жұмыс жүргізуі жағдайында едәуір динамикалы болуы мүмкін. Психологиялық зерттеулерде жеткіншектердің адекватты өзіндік бағалау мәселесі соңғы орынға қойылмаған.Бұл жас кезеңінде ең өзекті мәселе өмір жолын таңдау болып табылады. Л.И. Божович өтпелі дағдарыс кезеңінің аяқталуы өзіндік анықталу ұғымын білдіретін жеке тұлғалық құрылымының пайда болуымен ұласатындығын көрсетеді. Өзіндік анықталу процесінде өзіндік бағалау айрықша мәнге ие[7].
Жеткіншектердің өз мүмкіндіктерін ұғынумен байланысты ұмтылулары, өзін тұлға ретінде бекітулері мен ересектердің еркіне байланысты мектептегі жағдайының арасындағы ажыраулар өзіндік бағалаудың маңызды терең дағдарысына әкеледі. Жеткіншектердегі негативті өзіндік бағалау оның өмірлік тонусына әсер етеді. Оның негізгі себебі жеткіншектердегі қоғамдық мойындау қажеттіліктерінің қанағаттанбауына байланысты. Осы жағдай олардың өзіндік анықталуын жасанды түрде тежейді, сондықтанда олар жеке бастық интимді қатынасқа, құрбыларымен, әртүрлі формальды топтармен қарым-қатынасқа жақын болады.Осы қатынастар олардың мінез-құлқындағы агрессиялыққа, мазасызданудың жоғарлауына, жауыздыққа, тұйықтыққа әкеледі. Жеткіншектер белсенді жаңа әлеуметтік позицияларды алуға ұмтылады, өзінің менін ересектер әлемінде бекітуге тырысады. Жеткіншектер ересектерге еліктей бастайды. Жеткіншектің тұлғалық дамуы өзіндік сана бағалауы, жеке бастық рефлексиясы, өзіне және басқаларға қатынасы қызығулары, идеалдары өзгереді. Жеткіншек жасының алғашқы сатысында (10-11 жас) өзін қабылдау ерекшеленеді, мінез-құлықтың теріс жақтарын көп бағалайды, яғни теріс эмоциялық фон орнайды. Балаларда өзіндік бағалауға деген өткір қажеттілік және өзін бағалауды білмегендіктен соған қиналысы пайда болады.Келесі сатыда (12-13) өзіне және басқаларға деген теріс қатынас сақталдаы және қоршағандардың бағалауынан тәуелді болады.Осы жастың келесі сатысында (14-15) оперативті өзіндік бағалау туындайды, сол уақыттағы өзіне деген қатынасты жеткіншек өзі бағалайды. Бұл өзіндік бағалау идеалды форма болып табылатын тұлғалық қасиеттермен, мінез-құлықтың нормаларымен өзінің жеке бастық ерекшеліктерін салыстыруға нешізделеді. Жеткіншектердің өзіндік санасының маңызды механизмі жеке бастық рефлексия, яғни жеткіншектің өзінің және басқалардың ішкі әлемін ұғынуы. Өзінің жеке басына сын көзбен қарай бастайды.Жеткіншек жасындағылардың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына психологтің әсері зор. Өзіндік бағалау оқушының өзінің жеке бас ерекшеліктерін білуде, тұлғасының дұрыс дамуында адекватты (барабар) болғаны өте маңызды. Баланың өзіндік бағалауы, оның өзіне қатынасын және өзін қабылдауын, көбінесе оның мінез-құлқы мен үлгерімін анықтайды[8].
1.3.Жеткіншек балалардың ұжымдағы алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Қабілет мәселесінің психологиялық – педагогикалық мазмұны
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Даму психологиясы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жеткіншек шак және онын ерекшеліктері
ЖеткIншектердIң даму ерекшелIктерIнIң кейбIр мәселелерI
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Пәндер