Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Қазақстан Теніз Университеті

Реферат

Пәні - Енбекті қорғау
Тақырыбы - Адамдардың апат ошағында болу шегін анықтау



Тексерген -
Орындаған -

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Адамдардың апат ошағында болу шегін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру..6
1.3.Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе
Қатты әсер ететін улы заттыңқопарылатын және өртенетінматериалдар мен өнімдердің технологиясын қолданатыннемесе шығаратын объектілер аса қауіпті. Осы материалдардың және өнімдердің қорыбарнемесе сақтайтын қойма, темір жол станциалары менпорттар да қауіпті объектілерге жатады.
Төтенше жаюғдай салдарын жою мерзімі шартты түрде екі кезеңге бөлінеді.
- құтқару және басқа шолужұмыстарды жүргізумерзімі;
- экономика мен халықтың қалыпты тіршілігін қалпына келтіру мерзімі.
Аварияны жою кезінде мынадайшаралар өткізіледі.
- объекті төңірегінде тұратын халыққа, құрамаларды және объект жұмыстарымен қызметтеріне пайдаболған аварияның қауіпті салдары туралы хабарлау.
- авария болған объектіні жеке барлау
- зардапшегушілерге медициналық көмек көрсету жәнеоларды емдеу мекемесіне апару.
Аварияболған бойда құрамалар қатарына кіретін жұмысшылар мен қызметшілер жиналатын орынғакешікпей келуге міндетті, ол барлық қалғандары авария жою, объектілердегі зардап шеккендерді құтқаружөніндегі жұмысқа дайын болуы тиіс. Авариясалдарын жою жеткілікті күш пен қаражатболған жағдайда бүкіл объектіде бір уақытта немесе оның жекелеген учаскелеріндежүргізілуі мүмкін.
Апат кезіндегі әрекеттер. Өте үлкен далалық және орман өрттері бірқалыпты, бірақ қала тұрғындары тығыз тұратын аудандағы шыққан өрттермен салыстыруға болмайды. Жанған ғимараттың тұйықтығы және осымен байланысты адамдар тығыздығы, үрей, оттың тіке (жоғарғы және төменгі қатарға қарай) тарауы, сиитетикалық заттар жанғанда бөлініп шығатын улы заттар -- міне осылардың барлығы қалаға сәйкес өрттердің, орман ие далалық өрттерден айырмашылығы бар екендігін көрсетеді. Кей жағдайда от дүние-мүлікті жалмайды, тұрғын үйлер, мектептер, қоғамдық құрылыстар қирап бүлінеді, күйік, жарақат ала отырын, кейде опат болып адамдар қайғы-қасірет тартады.
Адамдардың опат болуыныңнегізгісебебіоттегіқоспасым ен улану. Ол қанның қызыл түйіршіктерінебелсенді әсер етеді,нәтижесінде қып-қызыл болған дене организмді оттегімен қамтамасыз ету мүмкіндігін жоғалтады.Сөйтіп өрттенқазатабатын адамдардың жартысынан астамы оттегі қоспасынан уланудан және! оттегінің жетіспебуінен опат болады.
Өрттің пайда болуыныңсебптеріөтеәртүрліэлектр сымдарының тұйықтадуы, газ плитасын дұрыс пайдаланбау, электр приборларын қараусыз қалдыру электр жүйесінекөп күш түсуі, жылу жүйес інің бұзылуы, тоқыма ағаш өңдейтін, ұн тарататын өнер - кәсіп, кәсіпорындарындағы шаң - тозаңдар. "апат" және "қирап-бүліну" ұғымдары-ның анықтамасына тоқталуға, олардың арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, түсілдіру керек. Бұл ретте, қазіргі уақьгтта шаруашылықтың көптеген объектілері химия өндіріс өнімдерінің көп көлемін өндіріп, сақтайтындығын немесе технологиялық процесте пайдаланылатындығын атап өту қажет. Осы өнімдердің кейбіреулері өзінің қасиеті жағынан адам денсаулығы үшін зияндыжәне тіпті қауіптіболып келеді.
Бұл оқушылардың қорғанушарадарынуақытылы қолдануы және жеке қауіпсіздігі қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдерді дұрыс пайлана білуі үшін керек.

Адамдардың апат ошағында болу шегін анықтау
1.1. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы.
1.2. Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру.
1.3.Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары.

1.1. Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Апаттық -құтқару жұмыстары дегеніміз адамдарды, материалдық жәңе мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар болып табылады.
Апаттық -құтқару қызметі негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын апаттық -құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы.
Апаттық -құтқару қызметі дегеніміз бірыңғай жүйеге функционалдық біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған, азаматтық қорғаудың ұйымдық-біріктірілген басқару органдарының, апаттық -құтқару құралымдары мен құралдарының жиынтығын құрайды [2, 35 б.].
Оның ішінде; байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар.
Апаттық -құтқару құрамасы негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе апаттық -құтқару қызметінің құрамына енетін құрылымды құрайды.
Апаттық -құтқару құралымы - апаттық -құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған апаттық -құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі, ал әскерилендірілген апаттық -құтқару бөліміне - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен апаттық - құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйымды жатқызады.
Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер жатады.
Қазақстан Республикасында апаттық - құтқару қызметтерi мен құралымдарына тұрақты штат негiзiнде - кәсiби апаттық - құтқару қызметi мен құралымдары, оның iшiнде өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, жедел медициналық және психологиялық көмек, әуе-құтқару, әскерилендiрiлген тау- кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару және басқа төтенше ахуалдар саласындағы басқа мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелерді және ерiктi негiзде - ерiктi апаттық - құтқару құралымдары, оның iшiнде ерiктi өртке қарсы және суда құтқару құралымдары жатады.
Кәсiби апаттық -құтқару қызметтерi мен құралымдары:
- республикалық мемлекеттік (оның iшiнде қауіпті өндірістік объектілерде авариялық-құтқару және профилактикалық жұмыстарын орындайтын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ бекітілген аумақтарда апаттық - құтқару жұмыстарын орындайтын мемлекеттік мекемелер) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша;
- объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн ұйымдарда Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген өздерінің немесе шартты жағдайларда апаттық -құтқару қызметi мен құралымдары мiндеттi түрде болуы көзделген) - объект басшысының шешімі бойынша құрылады.
Кәсiби апаттық - құтқару құралымдары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi және құтқарушыларды даярлау бағдарламалары бойынша оқытудан өтеді.
Апаттық -құтқару қызметтерін тiркеу:
- апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдары авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік негізінде міндетті тіркелуге жатады.
- апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган жүргізеді.
Апаттық -құтқару қызметтерінің қызметiне мыналар жатады:
- апаттық - құтқару қызметі мен құралымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, тиісті ережелерді, жарлықтарды, қағидалар мен басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады;
- кәсіби апаттық - құтқару қызметтері тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ өрттерді сөндірумен және алғашқы медициналық көмек көрсетумен байланысты жұмыстар мен төтенше және апатты ахуалдарда жүргізілетін басқа апаттық -құтқару жұмыстарын жүргізеді;
- кәсiби апаттық - құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызметтің басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар сондай-ақ ерiктi апаттық -құтқару құралымдарына оларды төтенше ахуалдарды жоюға тартқан кезден бастап қойылады;
- кәсiби апаттық - құтқару қызметтерi мен құралымдарының тұрақты дайындығы кәсiби даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi және өз өкілеттігі шегінде уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау және тексерулер барысында тексеріледі;
- азаматтық қорғау күштерінің жедел көлігі дыбыс шығару және жарық беру дабылдары бар арнаулы аспаптармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.
Апаттық - құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiруін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдарының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiру шартары:
- төтенше ахуалдар салдарын жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;
- апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдары жұмысының нормативтiк құқықтық базасын құру;
- мемлекеттік емес өртке қарсы және апаттық - құтқару қызметтері, құралымдары және мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшелері арасындағы өзара іс-әрекеттерді пысықтау болып табалады.
(Қосымша 10 кесте)

1.2. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу
және ұйымдастыру
Төтенше жағдайларды жою дегеніміз апаттық -құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу болып табылады.
Төтенше жағдайларды жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар деп апаттық -құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызметті айтады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу ол күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға кемек көрсету бойынша, төтенше жағдай оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
Төтенше жағдай зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соғанбайланысты тәуекелділікке негізделеді, сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру.
Адамдар құтқару төтенше жағдай жою әдірісін бір бөлігін құрайды, олар өз арабайланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жіктеледі:
- құтқару;
- арнаулы (жедел);
- қосалқы.
Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
- зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.
Арнаулы (жедел) жумыстар мыналарды қамтиды:
- өрт сөндіру;
- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
- осал құрылыстарды күшейту.
Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.
Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:
- алаңдарды тазалау;
- техника орнату;
- қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
- жұмыс орындарын жарықтандыру;
Адамдарды құтқару жұмыстары күні-түні ауа райының кез келген жағдайында орындалады. Құтқару жұмыстардың ұзақтылығына кері әсер ететін бірсыпыра қауіпті факторлар бар, соның ішінде өрт факторлары (жылу сәулелері, түтіндену және газдану), аумақ пен ғимараттардың қатты әсер ететін улы заттармен зақымдануы және т.б.
Көлікпен қамсыздандыру шаралары және Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекеттері көшіртетін халықты дер кезінде әкету, құтқарушыларды жылдам жүмыс орны мен қоныстану ауданына жеткізу, қалалардан материалдық құндылықтарды әкетуАзаматтық қорғаныс күштерін төтенше жағдай аудандарына тасымалдау мақсатында ұйымдастырылады.
Көлікпен қамсыздандыруды Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай көлік қызметтері, Азаматтық қорғаныс көлік құрамалары, министрліктер мен ведомстволардың, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан нысандардың көліктік ұйымдары жүргізеді.
Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекеттерін материалдық-техникалық қамсыздандыру Азаматтық қорғаныс басқару органдары мен күштерін өз уақытында және тұрақты әзірлікте ұстау, төтенше жағдай аймағында, зақымдану ошақтарында құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде оларды әзірлікке жедел келтіру мен Азаматтық қорғаныс күштерін қамсыздандыру мақсатында ұйымдастырылады.
Гидрометеорологилік (метереологиялық) қамсыздандыру Азаматтық қорғаныс шараларырын орындау кезінде метереологиялық және гидрологиялық қауіпті құбылыстар мен ауа райының элементтерін жан-жақты есепке алу мақсатынды жүргізіледі.
Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекеттері мен гидрометеорологиялық шараларды қамсыздандыруы гидрометеорологиялық және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қамтитын арнаулы органдар мен құрылымдар атқарады.
Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға тіршілік қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыскерлік жағдайын кетеру шаралары қолға алынады.
Бұл жиынтық мыналарды қамтиды:
тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен және де күнделікті қажетті бар қүралдарымен қамсыздандыру;
бактерологиялық, химиялық, радиоактивті зақымданудан азық-түлікті, су қоймалары және су беру жүйесін қорғау;
тұрғындарды коммуналды-тұрмыстық қамсыздандыру;
тұрғындардың медициналық қамсыздандыру;
Төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет тәртібін жасау және өз уақытында орнату;
тұрғындарды санитарлық түрғыдан қарау;
әзір өнімдерді, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, көлікті, аумақты залалсыздандыру бойынша жұмыс жасау;
түрғындарға нақты ақпарат беру;
адамдардың моралдық-психологиялық және психологиялық тұрақтылығына көмек беру шараларын жасау;
тұрғындарды еңбек ету мүмкіншілігімен қамсыздандыру.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дәрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жеделжетуде мақсатталады.
Зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады:
-радиацияның және өрттің жайын анықтау;
-қорғану құрылым жайында анықтау;
-азап шеккендерді іздеу;
- өртті таратпау;
- жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау;
- бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу;
-оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу;
- радиациямен зақымданған және радиоактивті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру
Төтенше жағдайлардағы зақымдану ошақтары және құтқару жұмыстары
Талас өзенінің гидрологиялық сипаттамасы
Атмосфераның негізгі ластану көздері
Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері туралы
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының мiндеттерi
Өрттің шығу қаупі
Мұнай ұғымы
Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару
Ластаушы заттар мен токсиканттар
Пәндер