Пестицидтерді қолданғанда еңбек қорғау жұмыстары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

РЕФЕРАТ

Такырыбы: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Пәні: Еңбекті қорғау

Дайындаған:

Тексерген:

Жоспары:

1. Кіріспе5

I-тарау Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
  1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 6

1. 2 Еңбекті қорғау 9

II-тарау Өндірістік жарықтандыру

2. 1 Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері __ 11

Пайданылған әдебиеттер12

Кіріспе

Еңбек қорғау - адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп тудырмау шараларын қарастыратын жүйе. Негізгі еңбек қорғау жағдайлары конституция, заңдардың жекелеген кодекстерінде көрсетілген. Сонымен қатар бұл жүйеде арнайы қауіпсіздік және санитарлық гигиеналық көрсеткіштер ескеріледі.

Еңбек қорғау заңдылықтары барлық кәсіпорындар мен шаруашылықтарда еңбектің зиянды жағдайларын болдырмауға немесе азайтуға міндетті жүктейді. Ауыл шаруашылығында жұмыстың қауіпсіздігі мен зияндылығын болдырмауға бірінші кезекте басшылар, мамандар мен ауыл шаруашылығындағы кәсіподақ қызметтеріне байланысты.

Пестицидтерді қолданғанда еңбек қорғау жұмыстары:

Ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нұсқаудың барлық талаптаарына, еңбек гигиенасына, шаруашылықтың тазалығына, өрт қауіпсіздігіне, химикаттарды сақтауда, қоршаған ортаны қорғау, химикаттарды тасымалдау және оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау басты мәселелері болып табылады.

Өсімдіктің аурулары, зиянкестер мен арамшөптерге қарсы күресу үшін ауыл шаруашылығында химиялық күресу жолдары көп қолданылады. Химиялық шаралар кең ауқымдылығымен, жоғарғы тиімділігімен ерекшеленеді. Бірақ кейбір пестицидтер адамдарға, араларға пайдалы, ал буын аяқтыларға, жануарларға, құстар мен балықтарға улы әсер етеді. Бірқатар пестицидтердің жанғыштық, ұшқыштық қасиеттері қоршаған ортаны ластайды.

Кейбір пестицидтердің химиялық әсерлі заттары тұрақты болып, организмге қоршаған ортада жинақталғыштық қасиеті бар. Соған байланысты, пестицидтерді қолдануда, тасымалдауда, сақтауда барлық ережелерді қатаң сақтау керек. Пестицидтерді организмге қауіпті әсерінің дәрежесін 4 класқа бөледі:

1. Өте қауіпті;

2. Қауіптілігі жоғары;

3. Қауіптілігі орташа;

4. Қауіптілігі аз.

Еңбектің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге және оны жеңілдетуге шаруашылықты кешенді механикаландыру және ауыл шаруашылық машиналар мен құрал саймандарды қолдану маңызды роль атқарады.

Шаруашылықта өсімдік қорғау шараларына байланысты жұмыстарды өсімдік-қорғау агрономиялық басшылығымен жүргізіледі. Жұмыс істеуге кәмелетке толған, медициналық тексеруден өткен адамдарға ғана жіберіледі. Жұмысшыларды жұмысқа кіріспес бұрын өсімдік қорғау мамандарының нұсқауларымен танысып, қауіпсіздік техникасы журналына қол қояды, мас күйіндегі адамдар жіберілмейді. Жұмыс орында жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Тамақтануға, ішуге, темекі тартуға болмайды. Химикаттармен жұмыс істеуге жұмысшыларға арнайы киімдер: комбинизон, фартук, резеңке етік, әмбебап респиратор РУ60 М ГОСТ 172697, көзілдірік, қолғап беріледі. Жұмысшыларға, сонымен қатар, дәрі-дәрімектер таза сүлгі мен сабын берілуі тиіс.

Жабық алаңда пестицидтерді қолданғанда қауіпсіздендіру талаптары:

Пестицидтерді қолданумен байланысты жұмыстарды арнайы мамандандырылған бригадалар жүргізеді. Өңделген жабық жайда белгі соғып қауіпсіздендіру белгісін қою керек. Белгіде өңдеу жүргізілген күнді белгілеу қажет. Жабық және ашық жағдайдағы көкөніс дақылдарының барлық түрлерін өңдегенде жұмысты арнайы зауытта жасаған препараттан жасайды. Өңдеу жұмысы кешке жүргізіледі. Жұмысты ерітінді арнайы орында, арнайы жабдықталған заправка жасайтын пункттарда жасалынады.

Бүріккіштің резервуарында ерітіндіні қолмен толтыруға болмайды. Пестицидтермен өңдегенде, жұмысшылар бір-бірімен 5-6 метр қашықтықта жүру керек. Өңдеу жұмысынан кейінгі күту мерзімі пестицидтердің түрлеріне, препарат шығымына, ауада рұқсат етілген концентрациясына байланысты. Препараттарды сыртқы қораптан алатын не машинаға тиейтін арнайы алаң болуы керек. Ол тұрған ел орталығынан, мал фермаларынан, су көзінен және дән, пішен, шөп қоймаларынан 200 м қашықтықта орналасуы керек [47] .

Улы дәрілермен жұмыс істегеннен кейін, ең алдымен қолды кальциленген сода аралас сумен (0, 5 кг соданы бір шелек суға ерітіп) жуып, содан кейін респираторды, әдейі киген киімдерді шешеді. Шешкен киімді тазалап, тұрақты орынға қояды. Бұндай киімдерді үйде немесе қоғамдық орындарда сақтауға болмайды. Пайдаланған киімдерді бірден суға салып жібітіп, сосын қайнатып, сода салған сабынды сумен жуады.

Агрохимикаттың қалдығын басқа тұрған препараттармен бірге арнайы орынға қойып, жабық жерде сақтайды. Бұл улы химикаттардың қорабында жазылған этикеткасы болып, онда дайындалып шыққан уақыты, препараттың аты, пайдалану мөлшері жазылады.

Кенеттен уланған адам байқалса, оған дереу бірінші жәрдем көрсету қажет, ол адамды ауасы жақсы желденіп тұрған жерге апарып, респираторын, киімін шешіп, бірінші көмек ережелері бойынша шара қолданылады. Егер де көзге ерітіндінің тамшысы тисе, сумен бірнеше рет жуу керек. Асқазанға химикат енсе, 2-3 рет 6-10 стақан жылы марганец қосылған су ішкізіп, құстыру керек. Бірінші көмектен кейін жақын жердегі дәрігерлік бөлімге шұғыл жеткізіледі

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Әрбір жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге және ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. Және де қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды. Жұмысқа қабылданған адамдар олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкер жұмысқа жіберілмеуі керек.

Қызметкерлердің: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге, өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға, денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа, жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар. Ал Жұмыс берушілер: профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге, нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге, басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға, қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуге, авариялық жағдайдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті.

Еңбекті қорғау

Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау

  1. құқықтық
  2. медициналық
  3. экономикалық
  4. техникалық құрамдас элементтерден тұрады.

Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

  1. Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
  2. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
  3. Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
  4. Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады: • еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан; • ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан; • әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан; • өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен; • қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.

Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.

Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді - қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері

  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жағдайын бақылауды жүзеге асырады ; жұмыс орындарындағы және ұжым территориясындағы зиянды өндірістік факторлар туралы жұмысшыларға ақпарат беру ;
  • Жұмыс орындарындағы кез келген қауіптердің алдын алып, техникалық жабдықтарды қауіпсіз етуп жаңартаып отыруы тиіс ;
  • Жаңа технологияларды енгізу кездерінде жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясында нормативтер мен ережелерге сай оқытуды ұйымдастару ;
  • Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты шаралар өткізуге қаражат бөлу ; жұмысшыларды өз қаражаты есебінен арнайы киімдермен, аяқкиімдермен және өзін өзі қорғаудағы жеке жабдықтармен қамтамасыз ету ;
  • өнідірістік процестер мен жұмыстардың қауіпсіздігіне байланысты жұмысшыларды арнайы сақтандыру құжаттарымен қамтамасыз ету ;
  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы жауапты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты білімдерінөкілетті органдар бекіткен ережелерге сәйкес тексеру ;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз қаражаты есебінен мерзімдік бақылаулар мен медициналық тексеруден өткізу, сонымен қатар кәсіби ауырулар туындаған жағдайдағы басқа қызметке ауыстыру ;
  • Жұмысшылардың санитарлы - гигиеналық жағдайын, профилактикалық жұмысқа қажетті жабдықтармен, медициналық аптечкамен, басқа да залалсыздандыру құралдарымен сонымен қатар арнайы киімдер мен аяқкиім жөндеуді қамтамасыз ету ;
  • Ұйым территориясының еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың қауіпсіздік жағдайын бақылау үшін мемлекеттік өкілетті органдардың территориялық бөлімшелеріндегі заңды тұлғаларды ерікті кіргізуі тиіс, сонымен қатар өнідірсте болған сәтсіз жағдайларды, ауруларды зерттеу үшін ;
  • өкілетті орган мен оның аймақтық өкілдіктерін ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру ;
  • мемлекеттік еңбек инспекторларын қабылдау және орындау ;
  • Өндірістегі болған қайғылы жағдайлар мен кәсіби аурулар туралы есеп, сараптама мен тіркеу жасау ;
  • Мерзімдік қызметкерлердің қатысуымен бес жылда бір рет өндіріс нысандарын еңбек жағдайына байланысты аттестациялау, сонымен қатар жаңа технологиялар келіп, модернизация жүрген кездері міндетті аттестациялау ;
  • Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес жұмысшы денсаулығы мен өміріне келген зияндарды өтеу ;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы негізіндегі тәртіп бойынша өндірісте болған қайғылы жағдайларды зерттеуді қамтамасыз ету ;
  • еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы ережесі мен нормаларына сәйкес эксплуатациядағы барлық негізгі қорларды әкелу ;
  • еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне келген зияндарға жауапкершілікті сақтандыру ;
  • жұмысшылар мен мамандардың зиянды және қауіпті жағдайларында гигиеналық білімін арттыруды қамтамасыз ету ( жалпы және кәсіби аурулар жөніндегі санитарлық минимум ) ;
  • басқа тұлғаларды жарақаттау факторлары мен апат жағдайларын алдын алулы жүзеге асыруды қамтамасыз ету ;
  • зерттеу басталғанға дейін егер ол адам өміріне қауіпсіз болса, апат болған сәтті сақтау, егер сол жағдайды сақтау мүмкіндігі болмаса, сол сәтті есте сақтау үшін сызбалар немесе фотосуреттер пайдалану;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауын дақылының өсіру технологиясы
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты шаралар өткізуге қаражат бөлу
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
Түркістан облысы Жетісай ауданында зығыр дақылын өңірге байланысты өсіріп-өндіру технологиясын жан жақты зерттеп, толықтырып жазу
Жүзім - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік
Пестицидтер және химиялық құрамы
Негізгі химиялық топтар
Топырақ ресурстары мен ластануы жайлы
Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары
Топырақ эрозиясы және оның алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz