Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Реферат
Пәні:
Тақырыбы:жер құқық

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар
I.Кіріспе
1.Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің жалпы ережелері.
II.Негізгі бөлім:
1.Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.
2.Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық.
3.Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылық.
4.Қазақстан Республикасының жер заңдары бойынша мүліктік жауаптылық.
5.Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек оң салдарын алу мақсатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады.Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұқсат етілмеген әрекеттерді-тыйымдарды жасағаны және өз міндеттерін заңға сәйкес орындауға тиіс субъектінің кері,негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады.Сол себепті,бұл заңды жауаптылық абстрактілік емес құбылыс,ол тек заңнамадағы құқық бұзушылықтармен ғана байланыста болады.Жер туралы заңнама-бұл жерді меншік құқығының,жер пайдалану құқығының объектісі ретінде де,мемлекеттік баскару мен қорғаудың объектісі ретінде де нысаналы пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар кешенін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Жер туралы заңнаманың нысандары болып Жарлық,Заң және ҚР Жер кодексі табылады.Жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықты қолданудың міндетті шарты болып құқық бұзушылықтың Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының нормаларымен емес,тек жер туралы заңнаманың нормаларымен байланысы табылады.Сондықтан,жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың шектері ҚР Жер кодексінің нормаларымен шектеледі. Сол себепті де,ҚР Жер кодексінің 168-бабында көзделгендей,жер зандарынын бұзылуына кінәлі жеке және занды тұлғалар,мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.Бұл жерде жер туралы заңнама кінәлі тұлғалардың жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілігі Қазақстан Республикасынын заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылатынына ерекше мән береді.ҚР 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Жер туралы жарлықтың 118-бабына сәйкес,лауазымды тұлғалар және азаматтар жер туралы заңнаманы бұзғаны және жер ресурстарына зиян келтіргені не зиян келтіруге нақты қауіп төндіргені үшін заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік,материалдық,әкімшілік және қылмыстық жауаптылыкка тартылады:жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар осы құқык бұзушылыктың нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.Тәртіптік,әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту кінәлі тұлғаларды келтірілген зиянның орнын толтыру міндетінен босатпайды.Жер туралы заң тек мына жағдайды көрсетіп өткен:жер зандарын бұзғаны үшін кінәлі жеке және занды тұлғалар,мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасынын заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша жауаптылыққа тартылады.Бұл заң жауаптылықтың түрлерін көрсетпеген.Алайда,мұндаЖер туралы жарлықта көзделмеген мәселе-жер заңдарын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың жауаптылығы қарастырылған.ЕгерЖер туралызаң мен жарлыктың нормаларын салыстыратын болсақ,онда бұларда жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық субъектілерін анықтаудың әртүрлі тәсілдері бар екенін байқауға болады.Аталған екі актіде де белгіленген ортақ норма:ҚР заңнамасының қандай нормаларымен және қандай тәртіпте қарастырылатынына және туындайтынына қарамастан,жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық орын алады.
Негізгі бөлім
1.Құқық салаларында реттеу әдістері де,оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары да,ең алдымен,салалық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастарының шеңберімен анықталатын өзіндік мазмұнымен және пайдалану жағдайларымен ерекшеленеді.Бұдан шығатын қорытынды,құқықтық реттеу әдістері мен оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың пәнінен ажыратылмайды.Бұл ретте құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың әдісіне де,пәніне де бағынады және оларға қызмет етеді.Олар өздерінің бағыты бойынша қорғау қатынастарының шеңберін реттеуге ғана емес,сонымен қатар,жалпы мағынадағы құқықты мемлекет үшін қажетті бағытта дамытуға,оның негізгі мақсатына жетуге жағдай жасауға арналған.
Ерекше атап өтетін жайт,жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және жер қорғауды реттей отырып,олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеу міндетін жүктеу,меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру;жерге қатысты заңсыз мәмілені жарамсыздеп тану,заңсыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру(жерлерді жаңғырту),ескерту және жазалау сияқты әдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді.Жер зандарының нормалары талаптарды орындау мен сақтауға,яғни,субъектілердің тиісті жүріс-тұрысына қарай бағыттала отырып жасалған.Алайда,жер зандарының қандай да бір нормаларына қатысты тиісті жүріс-тұрыс ережелерінің бұзылуы орын алған жағдайда (құқық бұзушылықтар),олардың салдарын арнайы ескерту және мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен жоюға байланысты қатынастар туындайды.Бұл жерде ескеріп өтетін жайт-жалпы ескерту шаралары(превенциялар) әрқашанда құқық нормаларынан көрініс табады(мысалы,ҚР Жер кодексінің 65-бабы).Құкық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады:жер-құқықтық, әкімшілік,мүліктік-жер-құқықтық,қыл мыстық,тәртіптік,жарғылық-тәртіптік -еңбек жауаптылығы.
2.Соңғы жылдары жер-құқықтық әдебиетінде жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлерінің қатарында жер-құқықтық жауаптылық тұрақты орын иеленген.Бұған дейін заңды жауаптылыктың бұл түрін бір ғалымдар жоққа шығарса,енді біреулері оның бар екенін дәлелдеуге тырыскан.Қазіргі кезде жер заңдарының мазмұнына көз жүгіртсек,жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылықтың заңды түрде көрініс тапканына күмэнда-нудың орынсыз екенін байқауға болады.Сонымен катар,жер-құкығы эдебиетінде жер зандарын бұзғаны үшін занды жауаптылыктың арнайы түрі туралы да көзкарас бар.Мысалы,Б.В. Ерофеев атап өткендей,ерекше нормативтік құқықтық актілерде көзделген арнайы жауаптылыктың түрлері азаматтық-құқықтық(мүліктік) және жалпы жауаптылықтың басқа да түрлерінің жүйесіне сәйкес келмейді.Жер учаскесін өз бетімен пайдаланғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа қарағанда өзгеше,себебі,жер-құқықтық жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзімі көзделмеген,ал әкімшілік жауаптылыққа тартуда ескіру мерзімі бар-жағдай анықталған күннен бастап 2 айдан кем емес уақыт,жер-құқықтық жауаптылығы бірқатар әрекеттер жүйесін қарастырады(өз бетімен салынған құрылысты бұзу,өз бетімен алынған жер учаскесін пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру,межелік белгілерді қалпына келтіру және т.б.).Б.В.Ерофеевтің бұл көзқарасы Ресей Федерациясының жер заңдарының құқықтық негізіне алынған.Қазақстан Республикасының жер заңдарында жоғарыда аталған әрекеттер жүйесі-өз бетімен салынған құрылысты бұзу,өз бетімен алынған жер учаскесін пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру,межелік белгілерді қалпына келтіру көзделмеген,алайда мұндай нормалар Қазақ КСР-нің 1990 жылғы 26-қарашадағы Жер кодексінде болған.Бұл кодексте басқа да нормалар,соның ішінде өз бетімен алынған жер учаскелерін қайтару тәртібі туралы нормалар да көрініс тапқан.Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-93баптары жер заңдарын бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың екі түрін қарастырады:
1)ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске,егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе,бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.Бұл кезеңге учаскені игеруге қажетті уақыт,сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді(ҚР ЖК 92-бабы).
2)егер учаскені пайдалану ҚР Жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының өзгеде зандарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса,атап айтқанда,егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса,Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтуралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін(ҚР ЖК 93-бабы).
ҚР Жер кодексінің 92-бабында қарастырылған бірінші жағдайда заңды жауаптылықтың субъектілері болып тек жер пайдаланушылар ғана емес,сонымен қатар,жер учаскелерінің меншік иелері-азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар да табылады.Бұл бап бойынша жер учаскесі меншік иесінің заңды жауаптылығы бұған дейін жер заңдарында қарастырылмаған болатын.ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес,Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиіс.Меншік субъектілері мен объектілері,меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері,оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.ҚР Конституциясының 14-бабына сәйкес,заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Сол себепті,ҚР Жер кодексінің 92-бабының нормалары ҚР Конституциясының нормаларына сәйкестендірілген.ҚР Жер кодексінің 93-бабына сәйкес жауаптылықтың субъектісі ретінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар болуы мүмкін. Мақсаты бойынша пайдаланбаган немесе жер зандарын бұза отырып пайдаланған жер учаскесін алып кою тәртібі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген.Жоғарыда аталып өткендей,меншік иелері мен жер пайдаланушылардан ҚР Жер кодексінің 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.ҚР Жер кодексінің 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдалану кажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін және осы уақыт ішінде жер учаскесінің меншік иесі не жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағдайда ғана берілуі мүмкін.ҚР Жер кодексінің 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан,талап-арыз беруден кемінде үш ай бұрын меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға ҚР заңдарының бұзылуын жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін ғана және осы мерзім ішінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскені пайдалану кезінде ҚР заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берілуі мүмкін.Егер меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатка сай пайдаланбауында болса,алып қою туралы талап-арыз бергенге дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші бойынша жеручаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселені қарауға міндетті.Бұл жағдайда учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешілмеген кезде ғана талап-арыз берілуі мүмкін.ҚР Жер кодексінің 92 және 93-баптарында аталған негіздер бойынша сот шешімімен учаскені меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып койған жағдайда жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы(жер учаскесінің мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты)ҚР азаматтық іс жүргізу және атқарушылық заңдарында белгіленген тәртіппен ашық сауда-саттықта сатылады.Сатудан түскен сома,учаскені алып қою шығыстары шегеріле отырып,бұрынғы меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға төленеді.Бір жыл ішінде кемінде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейін ондай жер учаскесін немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкін болмаған жағдайда жер учаскесі сот шешімімен арнайы жер қорына,қосылады (ҚР ЖК 94-бабы).ҚР Жер кодексінің 96-бабыМеншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесін бағалау деп аталады,ал бұл баптың мәтінінде былай делінген;Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы нарықтық құны бойынша бағаланады.Ал құқықтың объектісі болып нақты жер учаскесі табылатындықтан,бұл баптың редакциясын келесі мазмұнда берген жөн болар еді:Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесінің құнын бағалау оның нарықтық құны бойынша жүргізіледі.ҚР Жер кодексінің 95-бабы заңдарда көзделген жағдайда жер учаскесін тәркілеуді көздейді. ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда,қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі сот тәртібімен санкция түрінде ақысыз алып қойылуы мүмкін.Бұл жағдайда жер учаскесін алып қою қайтарымсыз сипатқа ие:ол тек қана қылмыстық тұрғыда жазаланатын іс-әрекеттерге қатысты қолданылады.Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті,сотталған адамға жеке меншік құқығымен тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын,онда үйі мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелері,сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскелері ҚР қылмыстық атқару заңдарында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленбеуте тиіс.Тәркіленген жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылады.Тәркілеу объектісі болып табылатын мұндай жер учаскелері не жер пайдалану құқығы ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен сатылуы мүмкін (ҚР Жер кодексі 96-бабы).
3.Қазақстан Республикасының жер заңдары жер туралы заңнаманың нормаларының талаптарын орындамаумен немесе бұзумен байланысты тәртіптік әрекеттердің тізімін қарастырмайды.Онда тек жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар,мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазакстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпте жауапты болады деп атап өтілген.Мұндай заңшығарушы актілердің қатарынан ҚР 1999 жылғы 10-желтоқсандағы Еңбек туралы заңын атауға болады.Бұл Заңның 10-тарауында жұмысшыны көтермелеу және жазалау шаралары көзделген.Аталған Заңның 94-бабында еңбек тәртібін бұзудың анықтамалары және тәртіптік жазалардың тізімі берілген.Еңбек тәртібін бұзу деп өзіне жүктелген еңбектік міндеттерді жұмысшының кінәсі бойынша орындалмауын немесе тиісті түрде орындалмауын атайды.Заң жер құқығы қатынастары саласындағы құқықбұзушылықтардың белгілі біртүрлерін атаумен шектелмейді.Сол себепті, жұмысшының жұмыс уақытында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты жасаған кез келген құқық бұзушылығы еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырудың объектісі болып табылады.Жұмысшыға еңбектәртібін бұзғаны үшін жаза қолданудың негіздері болып мыналар табылады:
1)жұмысшы мен жұмыс берушінің еңбек шартымен,бұйрығымен және т.б. рәсімделген еңбек байланысы;
2)жұмысшы еңбек процесінде тиісті тәртіпте орындауға міндетті еңбек міндеттемелерінің ресми түрде жүктелуі;
3)егер еңбек тәртібін бұзу орын алса,ол заңмен белгіленген мерзім ішінде қарастырылуы тиіс.
Ұжымдық шартты бекіту кезінде жұмыс берушілер жұмысшылардың құқықтарын шектей алмайды және еңбек жағдайын нашарлатуға,ҚР заңдарымен белгіленген кепілдіктерді бұзуға жол берілмейді.Ауыл шаруашылығында және шаруашылықтың бірқатар салаларында еңбек қатынастарын реттеу 6 ай мерзімнен аспайтын маусымдық жұмыстармен байланысты және үй жұмысшыларынын еңбегі жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында бекітілген жеке еңбек шартымен ерекшеленеді. Жеке еңбек шартымен реттелмеген мәселелер орын алған және маусымдық және үй жұмысының сипатына қайшы келмейтін жағдайда оларға Еңбек туралы заннын күші таралады.Еңбек тәртібін бұзғаны үшін,яғни,жұмысшының өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазаның келесі түрлерін қолдана алады.
1)ескерту;
2)сөгіс;
3)жеке еңбек шартын бұзу.
Енбек тәртібін бұзғаны үшін жеке еңбек шартын тоқтату үшін,заңдардың талаптарына сәйкес,осы әрекет бірнеше рет орын алуы тиіс және еңбек міндеттерін өрескел түрде бұзу сипатында болуы тиіс.Тәртіптік жазаларды қолдану үшін мыналар қажет:
1)жұмысшыдан жазбаша түсіндірме талап етілуі тиіс;
2)тәртіптік жаза құқық бұзушылық аныкталған күннен бастап бір айдың ішінде тағайындалады және құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай уақыт өткен соң тағайындалмайды;
3)әрбір құқық бұзушылық үшін тек бір әкімшілік жаза тағайындалады;
4)тәртіптік жаза тағайындау туралы бұйрық жазаға тартылған жұмысшыға қол қою арқылы жарияланады;
5)тәртіптік жаза тағайындау кезінде жұмыс беруші жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын,оны жасау жағдайларын,жұмысшының оған дейінгі жүріс-тұрысын, оның еңбекке деген қатынасын,сонымен қатар,тәртіптік жазанын жасалған құқық бұзушылыққа сәйкестігін ескеруі тиіс(ҚР Еңбек туралы заңының 94-бабы).
Тәртіптік жазаға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.ҚР Еңбек туралы заңымен қарастырылмаған тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді.Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тартудың негіздері,шарттары және процессуалдық ерекшеліктері ҚР Президентінің 1999 жылғы 31-желтоксандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазалар тағайындау туралы ережеде де анықталған.Тәрітптік жауаптылыққа тартудың негізі ретінде мемлекеттік қызметшінің қызметтік тергеудің нәтижесінде анықталған әрекеттері болуы мүмкін.Еңбек туралы заңда еңбек тәртібін бұзу жөніндегі мәселені жұмыс берушінің кәсіподақ органдарына беру құқығы көзделмеген. Жұмысшының тәртіптік жауаптылыққа тартылуы,негіздер болған жағдайда,оны жауаптылықтың басқа да түрлеріне(азаматтық-құқықтық материалдық,әкімшілік, қылмыстық және т.б.)тартудан босатпайды.Жарғыны,Ережені басшылыққа алатын жұмыс берушілер өздерімен енбек құқығы қатынастарындағы жұмысшыларға еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану кезінде ҚР Еңбек туралы заңының осы мәселеге қатысты талаптарын да орындауы тиіс.
4.Жер құқығы әдебиетінде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зияндарды өтеуді азаматтық-құқықтық жауаптылықтың бір түрі ретінде қарастыру орын алып жатады.Мұндай көзқарастың өзі негізсіз.
Біріншіден,жауаптылықтың түрлері тиісті заңдармен көзделуі тиіс.Мысалы,ҚР Президентінің 1995 жылғы 22-желтоқсандағы Жер туралы жарлығында жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтардың қатарында азаматтық-құқықтық емес, материалдық жауаптылық көзделген.2001 жылғы 24-қаңтардағы Жер туралы заң заңды жауаптылықтың ешбір түрін қарастырмаған,тек былай деп атап өтеді:Жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар ҚР заңдарында көзделген тәртіпте жауаптылыққа тартылады.Аталған заңның қорытынды ережелеріне сәйкес,бұл заң өзі күшіне енгеннен кейін туындаған жер қатынастарына қолданылады.Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады:аталған заңның барлық нормалары,соның ішінде,меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу негіздерін көздеген 119-баптың нормалары және зияндарды өтеу тәртібін көздеген 120-баптың нормалары азаматтық-құқықтық емес,жер-құқықтық нормалар.
Екіншіден,азаматтық заңнама жер заңдарын бұзғаны үшін мүліктік(материалдық) жауаптылық пен шығындарды(зиянды) өтеу туралы арнайы нормаларды көздемейді. Егер белгілі бір құқықтық қатынастар жер заңдарымен реттелмесе ғана,азаматтық заңнаманың нормалары қолданылуы мүмкін.
Үшіншіден,жер заңдарының нормалары жер учаскелерінін,меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зияндарды өтеу мәселесін реттеу үшін жеткілікті.
Төртіншіден,жер заңдарында зияндардың алдын алу мен олардың салдарын жоюға, субъектілердің,меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою кезіндегі зияндарды толық көлемде өтету құқықтарына,олардың басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға және т.б. байланысты міндеттері,қағидалар жинақталған.
Бесіншіден,жер заңдарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және орман қорының жерлерін ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты мақсаттар үшін алу кезіндегі ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу деп аталатын зияндарды өтетудің ерекше түрі белгіленген.Азаматтық заңнамада өндіріс шығындарының (зияндарының) мұндай түрі қарастырылмаған,ол өз мақсаттары және міндеттері бойынша азаматтық заңнама субъектілерінің құқықтарына сәйкес келмейді.
Алтыншыдан,жер заңдары азаматтық заңнамаға қарағанда жеке меншіктегі,жер пайдаланудағы және уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерін алып қою кезінде олардың иелеріне зияндарды толық көлемде өтеумен қатар,олардың қалауы бойынша басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ережелері, түрлері
Жер құқығы қатынастар
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Жер заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негіздерін айқын анықтау
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
ЖЕР ІС ЖҮРГІЗУ НОРМАЛАРЫ – ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ
Пәндер