Мұнай кен орнын игеруге енгізу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Реферат
Пәні:Мұнай газ саласында қоршаған ортаны қорғау
Тақырыбы: Кенорынды игеру туралы байланысқан жүйелер дегенімз не ?

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мұнай және кен орындарын игеру дегеніміз?
Мұнай кен орнын игеруге енгізу
Мұнай-газ кеніштерін газ арынды режимінде игеру
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанда мұнай көп уақыттан бері өндіріледі жəне пайдаланады, дегенмен мұнай кен орындарын қарқынды игеру XIX-ғасырдың аяғы XXғасырдың басынан басталған 1899 жылдың 13 қарашасында Қарашұңғылда 40 м тереңдіктен №7 ұңғымадан жеңіл мұнайдың бірінші фонтаны атқылағаны белгілі. Сол күннен Қазақстан Республикасында мұнай өнеркəсібінің дамуы басталады. 1911 жылы Доссор кен орыны Қазақстанда бірінші болып өңдірістік игеруге еңгізіледі. Республикадағы мұнай өндіру өнеркəсібі соғысқа дейінгі жылдары қарқынды дамыды. Жаңадан өнеркəсіп объектілері жəне жаңа мұнай кен орындары ашылды (Байшұнас, Ескене, Шұбар Құдық, Сағыз, Жақсымай). Гурьевте мұнай жабдықтарын шығаратын механикалық зауыт салынды, орталық ғылыми -лабораториясы құрылды. Ұзындығы 847 шақырым Каспий-Орск мұнай құбыры мен Қандыағаш-Гурьев темір жолы іске қосылды. Құлсары кəсіпшілігіне нұсқа сыртынан су айдау жəне компрессорсыз газ айдау əдістері енгізілді. XX ғасырдың 60-жылдардың ортасына дейін республикада мұнай өндіру баяу дамыды. Орта жылдық өнім өндіру 1,5 млн тоннадан аспады. Жалғыз мұнай ауданы Ембі бассейні болды. Манғышлақ түбегінде 50 - жылдардың соңында терең барлау ұңғыларын бұрғылау жұмыстары жүргізіле бастады, соның нəтижесінде Өзен жəне Жетібай ірі кен орындары ашылды.1961 жылы Жетібай кен орнынан бірінші фонтанды ұңғымадан мұнай алынды. Аз уақыт ішінде жаңа кен орындарды игеру басталды. МанғышлақМақат темір жолы салынды. "Мангышлакнефть" кəсіпшілік бірлестігі құрылды, 1965 жылдан бері осы жердегі ашық кен орындарды игеру басталды. Өзен кен орнындағы ең негізгі құрлымдар мұнай құбырлары мен қабат қысымын ұстауға арналған су айдау құрлымдары, Өзен-Жетібай-ГурьевСамара мұнай құбырының бірінші тізбегінің ұзындығы 712 шақырым ӨзенГурьев бөлігі 1969 жылы іске қосылды. Бұл мұнай құбыры парафинді мұнайды алыс ара-қашықтықтарға тасымалдау мəселесінің бір беткей жаңа шешімі болды. Бозащы түбегіндегі жаңа мұнайлы аймақтарды игеру өнім өндірудің өсуін қамтамасыз етті. Қаражанбас жəне Қаламқас кен орындары пайдалануға енгізілді. Олардың ерекшелігі өнімді қабаттың терең жатпауы, мұнайының меншікті салмағы жəне құрамындағы ванадий үлесінің жоғары болуында.. Мұнай-газ саласында мыңдаған адамдар жұмыс істеп өздерінің үлесін қосуда. Сонымен қатар, салаға ірі жетекші шетелдік компаниялар инвестицияларын тартуда. Келтірілген маңызды проблеманы шешу салаға заманауи мамандарды дайындауды қажет, оларды технологиялық жəне техникалық жетістіктермен таңыстыру, өндіріске еңгізуді талап етеді.

Негізгі бөлім
Мұнай кен орындарын игеру деп құрамында көмірсутектер жəне олармен қоса жүретін пайдалы қазбалары бар заттарды жер қабатынан алудың ғылыми негізделген үдерісін айтады. Бұл үдеріс кен орнын бұрғылауды жəне мұнай мен газ қорларын игеруді қамтиды. Мұнай кен орындарын игеру тау-кен ғылымдарына жатады. Тау-кен ісі - адамзаттың ең ежелгі мамандықтарының бірі. Адамзат пайдалы қазбаларды тауып, оларды қолдануды тас жəне қола ғасырларда бастаған. Адамзаттың дамуындағы осы кезеңдердің атауы тастан, қоладан жасалған құралдарды табу мен дайындаумен, яғни тау-кен ісімен байланысты. Аздап кейінірек ХІХ ғасыр соңында мұнай өндіру үшін ұңғымалар құрыла бастады. Бірінші ұңғыма 1865 жылы екпінді əдіспен Кубаньдағы Кудако өзенінде А.Н. Новосильцев тарапынан бұрғыланды. 1871 жылы механикалық əдіспен Бакин ауданында ұңғыма бұрғыланды. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап, əсіресе ХХ ғасырдың басында ұңғымаларды механикалық əдіспен бұрғылау тез дамыды, жəне Ресейдегі мұнай өдіру қарқынды түрде көбейді, бірақ барлама жəне мұнай өңдіруші ұңғымалар санының көбеюіне қарамастан, ХХ ғасырдың басында мұнайды өндірудің табиғи режимдерінде кен орындарын өндіру ретсіз жолмен іске асырылды. Сол жылдары мұнайды өңдірудің ғылыми негіздері болған жоқ, десе де мұнай өндірудің түрлі мəселелерімен: оның туындауы мен геологиясы, сынау мен тасымалдау, қайта өндіру жəне пайдалану жолында Ресейдегі көптеген атақты ғалымдар мен инженерлер жұмыс жасады, олардың қатарында: Д.И. Менделеев, А.М. Бутлеров, И.М. Губкин, В.Г. Шухов болды. ХХ ғасырдың 2-шы жылдарының басында да мұнай қабаттарының физикасы мен механикасы, олардан мұнай мен газды алу жайлы көптеген негізгі пайымдаулар белгісіз болды жəне қолданылмады. Соның өзінде фильтрацияның негізгі заңы 1856 жылы француз ғалымы Анри Дарси тарапынан су тазалаушы фильтрлерде судың қозғалысын үйрену кезінде ашылған болатын. Соңынан белгілі болғандай мұнайдың орнатылған жəне орнатылмаған фильтрациясының теңдеулері ХІХ ғасырдың басында ашылған Лаплас пен Фурьенің математикалық физика теңдеулерімен ұқсас болып шықты. Бірақ та бұл теңдеулер мұнай кен орындарын өндіруде ХХ ғасырдың 30-жылдарында қолданыла бастады. Мұнай жəне газ кен орындарын өндіру теориясындағы басты жетістіктердің бірі - мұнай мен газды ұңғыма аузына жылжытатын негізгі күштердің анықталуы, яғни мұнай жəне газ кен орындары режимдері жайлы ғылым негізінің салынуы болды. Бұл ғылымның пайда болуына И.М. Губкин, Л.С. Лейбензон, И.Н. Стрижов, А.П. Крылов, С.А. Христианович, Ф.А. Требин, Б.Б. Лапук, И.А. Чарный, В.Н. Щелкачев сынды ғалымдар үлкен үлес қосты. 30 жылдардың ортасында мұнай кен орындары режимдерінің теориясы айтарлықтай дамыды. Мұнай қабаттарының серпімді режим теориясының жəне сұйық газ режимі теориясының негізі салынды. Айтып өтетін жайт, осы ғасырдың 20-жылдарының басында Л.С. Лейбензон газ фильтрациясының диффериенциалды теңдеуін тауып, газ кен орындарын өндірудің негізін қалады. Осы ғасырдың 20-жылдары жəне 30-жылдарының басында мұнай кен орындарын өндіруді болжау негізінен өндірудің бастапқы кезіңінде алынған уақыттағы өндіру көрсеткіштерінің нақты тəуелділіктерін құру, осы көрсеткіштерді статистикалық тұрғыда өндіру жəне оларды болашақта экстраполяциялау жолымен жүргізілді. Фильтрация теориясының математикалық əдістері сол уақытта Н.Е. Жуковский, Н.Н. Павловский тарапынан біршама дамытылды, бірақ мұнай ісінде қолданысын тапқан жоқ. Осы теория əдістерін мұнай кен орындарын өндіруде дамуына жəне пайдаланылуына американдық ғалым Маскеттің атақты еңбектері біршама əсер етті. 30-жылдардың соңында жəне 40-жылдардың басында қол жеткізілген мұнай мен газ фильтрация теориясы саласындағы жəне оны мұнайды өндіруге арналған есептеулерге қолданудағы біршама жетістіктерге қарамастан мұнай кен орындарын өндіру тəуелсіз инженерлік пəн ретінде енді ғана қалыптасып келеді. Аталған еңбектің жарық көруі мұнай кен орындарын өндіруді қабатқа сумен толтыру жолымен əсер ету арқылы біршама дамуына ықпал жасады. 40-жылдардың соңы жəне 50-жылдардың басында мұнай кен орындарын өндіру саласында зерттеулер санының күрт өсуімен, осы саладағы жаңа бағыттарды дамытуымен ерекшеленеді. Аралас - сукернеуіш жəне сұйық газ режимдерінде мұнай кен орындарын өндірудегі мəселелердің шешімдері ұсынылды. Маңызды зерттеулер жүргізіліп, мұнай кен орындарын жылу арқылы, қабаттарға жылусақтағыштар мен ішкі-қабаттық жануды енгізумен байланысты жүретін өндірудің дамуына əсер еткен инжинерлік шешімдер берілді. Сол жылдары бүкіл əлемде жерден мұнайды алудың көмірсутектік ерітінділермен, полимерлік жəне мицеллярлы-полимерлік ерітінділер арқылы мұнайды қабаттан ығыстырып шығару секілді физико-химиялық əдістерінің дамуына айрықша көңіл бөлінді. Мұнай кен орындарын өндірудің күрделі үдерістерін есептеу тек қана қабаттардағы көп ағымдардың есебін ғана емес, ондағы көп компоненттіліктің, фазалық ауысымдардың, қабаттағы фильтрленіп жатқан заттар қасиеттерінің өзгергіштігін, яғни көп фазалы көп компонентті фильтрация теориясын қолдану есебін де талап етті. Мұнай кен орындарын өндіру - ғылымның қарқынды дамып келе жатқан саласы. Оның кейінгі дамуы қабаттан мұнайды алудың жаңа технологияларын қолданумен, қабат ішіндегі үдерістердің өту сипатын анықтаудың жаңа əдістерін пайдаланумен, ұлттық шаруашылықтың ұқсас салаларының мəліметтерін есепке алумен кен орнын бақылау мен өндіруде заманауи əдістерді қолданумен, пайдалы қазбаларды өндіру үдерістерінде автоматтандырылған басқару жүйесін қолданумен, қуатты ЭЕМ-дерде іске асырылатын, анықтайтын модельдер негізінде қабаттар құрылысының жəне оларда жүретін үдерістер сипатын бөлшектік есебі əдістерінің дамуымен байланысты болады. Мұнай кен орындарын өндіру адамзаттың табиғатқа елеулі əсер етуімен байланысты жəне сол үшін жерді жəне қоршаған ортаны қорғау бойынша бекітілген заңдарды сөзсіз ұстануды талап етеді. Мұнай кен орындарын өндіру бойынша барлық жобалық құжаттар мұнайды, суды герметикалық жинауды, өндірілетін суды тазалауды жəне соңынан оны қабатта қолдануды, мұнай газын пайдалануды, қабаттардан мұнайды көп өндіру үшін қолданылатын химиялық заттардың регенерациясын жəне олардың кейінгі қолданылуын қарастыратын тұйық өндірістік циклдерді пайдалану жолымен жер, су, ауаны қорғауға байланысты бөлімдерді міндетті түрде қамтуы керек. Кен орнынан барынша толығымен мұнайды, газды жəне конденсатты бөліп алу - жерді тиімді қолданудың негізгі бағыты. Ұлттық шаруашылықтың барлық кезеңдерінде, сонымен қатар мұнай жəне газ кен орындарын өндірудің барлық технологиялық үдерістерінде қуатты сақтаушы шараларды іске асыру маңызды рөл атқарады. Көмірсутектердің босқа жануының алдын алу үшін өндірілетін мұнай мен газдың тоннасына кететін энергия шығынын азайтатын мұнайды жердің беткі қабатына көтеруді, мұнай мен газды дайындау мен тасымалды күндіз жүргізуге тырысу керек. Мұнай кен орындарын өндіру оқу пəні ретінде инжинерлік пəндер санатына жатады. Оған мұнай кен орындарын сапалық, сандық жағынан үйрену, сонымен қатар инжинерлік шешімдерді сипаттау емес, сандық түрде берілетін жобаларды дайындау да жатады. Мұнай кен орындарын өндіру курсында кешенді түрде геологияның, геофизиканың, қабат физикасының, жерасты гидрогазомеханикасының, таукен жыныстарының механикасының, ұңғыны пайдалану технологияларының жəне мұнайды өндіру жүйелерінің, экономиканың жəне жоспарлаудың көптеген маңызды жағдайлары қолданылады. Оқулықта курстық жəне тəжірибелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай - газ кеніштерін газ арынды режимінде игеру
Мұнай кен орындарын игеру
Кен орнын игеру және қазіргі жағдайы
Қорларды есептеу
Қабаттарды өндіруді талдау
Кен орынды игеру жүйесі. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
Каспий аймағының экологиялық мәселелері және себептері
Жаңажол кен орны жайлы
Су айдау
Ұңғымалар қорын пайдалану коэффициенті
Пәндер