Физиканың оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Жаратылыстану-математика факультеті

Физика-математикалық пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Физикалық есептердің оқыту үрдісіндегі рөлі

5В011000-Физика

Орындаған: Абдисаматова Г.М.

Ғылыми жетекшісі: Қосжанова А.Г.

Қостанай 2019
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
Физикалық есептердің оқыту үрдісіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
-
1.1
Физикалық есептердің маңызы және классификациясы ... ... ... ... ...
4
1.2
Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі ... ... ... ... ...
9
1.3
Есептерді шығару алгоритмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2
Физикалық есеп жəне оны шығарудың тəртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
2.1
Эксперименттік есептердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
2.2
Эксперименттік есептердің дұрыс шығарылуын тексеру ... ... ... ... ...
18
2.3
Сапалық есептерді сабақта қолдану әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ..
19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23

КІРІСПЕ
Қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған міндет, оқушыларға белгілі бір білім жүйесін беріп қана қоймай, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Қазіргі физиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің арақатынасын айқындай түсуде. Ол оқушының дербестігін,танымдық қажеттілігімен, интелектуальдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Мектеп курсында физикадан есеп шығару - оқу жұмысының қажетті элементі. Мектептегі физика пәнін оқытудың негізгі міндеттеріне оқушыларға білім жүйесін меңгеріп қоймай, олардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру жатады. Сонымен қатар, оқытудың аса маңызды міндеттерінің бірі ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер туралы түсінік беру, бұл әдістерді меңгеруге жәрдемдесу болып табылады. Физика есептерін шешудің үлкен білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мәні бар екендігі бәрімізге мәлім. Мазмұны бай, терең білімге лайықтап құрылған, кішігірім ғылыми проблема тәрізді есептерді шешіп, есеп мазмұнында келтірілген физикалық құбылыстарды жан-жақты талдап, оның ерекшеліктеріне тоқталып, тиісті баға беру әдістемелік жағынан ұтымды болады.
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кездерінде және сыныптан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Физика есептерін шығару білім алушылардың оқу материалдарын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызады, олардың алған білімдерін пайдалана білу қабілетін қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар, есептерді шығару білім алушылардың өздігінен ойлануын, қиыншылықтарды жеңуге деген жігерін және табандылығын арттыру құралдарының бірі болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі.

Мақсаты: әртүрлі физикалық есептердің маңызы мен құрылымдық ерекшеліктерін талдай отырып, есеп шығару сабақтарын өткізудің әр түрлі әдістерімен танысу.
Міндеттері:
1. Физикалық есептерге теориялық және әдістемелік тұрғыдан сипаттама беру.
2. Физикалық есептерді шығарудың тәртібі, тәсілдері мен әдістемесін ашып көрсету.
3. Физикалық есептердің тәсілдеріне мысалдар келтіру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады
Зерттеудің пәні: Физиканың оқыту әдістемесі.

1. Физикалық есептердің оқыту үрдісіндегі рөлі.
1.1 Физикалық есептердің маңызы және классификациясы

Физикалық есеп дегеніміз - ол оқушының алдына қойылатын қандай да бір проблема. Оны шешуде белгілі бір логикалық ақыл-ой қызметі, жүзеге асып, физикалық эксперимент жасалынып, математикалық аппарат қолданылады.
Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдеріне және сыныптан тыс жұмыстарында орындалынады. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады.
Физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді.
3) мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, еңбек-жігерлерін қайрайды;
4) физикалық ұғымдарды, оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;
5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
6) сабақта проблемалық жағдаяттар қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;
7) физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындаға өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі;
8) оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады, тереңдетеді;
9) пәнаралық байланысты күшейтуге ықпал жасайды;
10) оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.
Физикалық есептер мазмұнына (тараулар, абстрактылы және нақты), зерттеу мақсатына және зерттеу тереңдігіне, шығарылу тәсіліне, күрделілігіне қарай жіктелінеді.

Физикалық есептерді шығару субъектінің ойлау қарекетінің негізгі түрлеріне байланысты жіктелінуі

Физика есептерін шығарудың әдістері
аналитикалық
синтетикалық
синтез
Талдау(анализ)
Ойлау қарекетінің түрі
аналитикалық-синтетикалық
Физика есептерін шығарудың әдістері
аналитикалық
синтетикалық
синтез
Талдау(анализ)
Ойлау қарекетінің түрі
аналитикалық-синтетикалық
Физикалық есептерді шығару жолдары:
Есеп шығару
логикалық
математикалық
экспериментальдық
арифметикалық
алгебралық
графиктік
геометриялық
Есеп шығару
логикалық
математикалық
экспериментальдық
арифметикалық
алгебралық
графиктік
геометриялық
Есепті шығарудың логикалық әдісі берілген есептің шешуін сапалық деңгейде орындауды талап етеді.
Математикалық әдісті қолдану арқылы есеп шығарылғанда физикалық шамалардың арасындағы байланыстар сандық деңгейде анықталынады. Физикалық шамалардың арасындағы байланысты тәжірибе қою арқылы анықтау эксперименттік әдіс арқылы жүзеге асады.
Есеп шығарудағы іс-әрекет есепті шығару жоспарын анықтаудан, осы жоспарды жүзеге асыруын, жауабын табудан тұрады.
Есепті талдау нәтижесі есеп шығаратын субъектінің біліміне, тәжірибесіне байланысты. Л.М. Фридман есеп шығарудағы мынадый іс-әрекеттерді көрсетеді:
1) есептің мазмұнын талдау;
2) шығару жолын іздеу;
3) шығару жоспарын жүзеге асыру;
4) есептің шығарылуының дұрыстығын тексеру.
Мектепте физикалық есептерді шығаруда алгоритмді қолдану кең орын алған. Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмі:
1) есептің шартын мұқият оқып, онда сөз болып отырған процесті, не құбылысты анықтау;
2) есептің негізгі талабын орындау үшін қажетті қандай шамалар берілген немесе қосымша қандай шамалар қажет екенін анықтау;
3) шартты белгілер арқылы есептің шартын қысқаша жазу;
4) қажет болса, есептің мазмұнына сәйкес сурет салу;
5) есепті қандай әдіспен және қалай шығару керек екенін анықтау (жоспар құру);
6) есеп мазмұнында сөз болып тұрған процесті сипаттайтын теңдеулерді жазу;
7) есепті жалпы түрде шығару яғни есептің талабына сәйкес белгісіз шаманы анықтайтын теңдеуді қорытып шығару;
8) есептің шығарылуының дұрыстығын тексеру (өлшем бірліктер арқылы);
9) белгісіз шаманың мәнін есептеп, анықтап алынған мәннің дұрыстығына көз жеткізу;
10) есептің жауабын жазу.
Есеп шығару ойлау қабілетін дамытудың негізгі бір әдісі болып табылады. Ойлау қабілетінің дамуы сыныпта есеп шығаруды ұйымдастыруға байланысты. Әзір формулаға физикалық шамалардың сан мәнін қойып есептеу немесе сынып оқушылараның көпшілігінің шығара алмайтындай есептер беру, бір оқушының тақтаға шығып есеп шығаруы, ал қалғандары оны көшіруі оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытпайды. Тәжірибе көрсеткендей көптеген оқушылар есепті шығаруға қиналады. Оқушыларда физикалық есептерді шығару дағдылары мен іскерліктері қалыптаспаса олардың пәнге деген қызығушылығы, өз күштеріне деген сенімдері жойылады.
Оқушылардың есеп шығара алмауларының себептері көп. Оның бірі оқушыларға шығаруға берілетін есептердің белгілі бір жүйеде жинақталмауы және неғұрлым көп есеп шығарса, соғұрлым автоматты түрде есеп шығару ептіліктері қалыптасады деп ойлап, үйге көп есеп берілуі. Негізгі басты себеп оқушыларды физикалық есептерді шығару әдістеріне үйретпеу.
Кейбір есептерді шығару әдісі алгоритмдік әдіске жатады. Мощанский В.Н. мен Гутман В.И. есептерді шығарудың алгоритмдік әдісін оқушыларға үйретуді ұйымдастыруды былай ұсынады: сынып оқушылары 2-3 есеп шығарғаннан кейін оқытушының басшылығымен осы есептерді шығарудың әдісін құрайтын қадамдарды оқушылар өздері анықтап, осындай типті есептерді шығарудың алгоритмін құрайды. Содан кейін оқушылар осы әдісті саналы түрде түсініп, меңгеруі үшін тақтада 1 не 2 есеп шығарылады. Әрі қарай есептер шығару оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиісті. Осы авторлар сабақта есеп шығаруды ұйымдастырудың мына формаларын көрсетеді:
а) мұғалімнің есепті шығаруды әңгімелеу әдісімен түсіндіру;
ә) есепті шығаруға бүкіл сынып оқуышларын қатыстыра отырып, тақтаға бір оқушыға шығарту;
б) есепті шығару жолдарын сынып оқушыларымен коллективті түрде талдап, содан кейін олардың өз беттерімен дәптерлерінде шығарту;
в) барлық сынып оқуышларының өз беттерімен есеп шығаруы; есепті шығару барысында кездесетін қиындықтарды кейбір оқушылардың немесе оқытушының түсіндіруі мүмкін;
г) есепті сынып оқушыларының бүтіндей өз бетерімен шығарып, дұрыстығын ауызша немесе жазбаша тексереді.
А.В. Усова мен А.А. Бобров оқушыларға есепті шығару іскерлігін қалыптастырудың мынадай әдістерін көрсетеді:
1-әдіс - дәстүрлі әдіс.
1. есепті шығару жолдарын мұғалімнің өзі шығарып көрсетеді;
2. есепті шығару әдісін бүкіл сынып оқушыларымен талдап, бір оқушы тақтаға шығып, шығарып, қалғандары оны көшіреді;
3. үйге берген тапсырманы өз беттерімен шығаруы;
4. бақылау жұмысын өз беттерімен орындау.
2-әдіс:
1. берілген тақырыпқа шығарылатын есептерді шығарудың жалпы тәсілдерін мұғалім көрсетеді;
2. бір типті есептерді шығарудың жалпы тәсілдерін қолданып, ұжымдық түрде шығару;
3. есептің шарты мен шығару жолын ұжымдық түрде талдағаннан кейін оқушылардың әрі қарай өз беттерімен шығаруы;
4. есептің шартын өз беттерімен талдап, шығару жолдарын белгілеп, түгелімен есепті өз беттерімен шығаруы;
5. үйге берілген есепті өз беттерімен шығаруы;
6. бақылау жұмысын өз беттерімен шығару.
3-әдіс - алгоритмдік әдіс. Бұл әдісті қолдану есеп шығартуға үйрету белгілі бір жүйемен жүзеге асады.
1. бір типті бірнеше есептерді ұжыммен шығару;
2. мұғалімнің басшылығымен осы типті есептерді шығарудың ортақ жалпы әдісін анықтап, есепті шығарудың алгоритмін құру;
3. есепті ұжыммен шығару нәтижесінде құрастырылған алгоритмді меңгеру;
4. осы алгоритмді қолданып, оқушылардың өз бетімен есеп шығаруы;
5. үйге берілген тапсырмадағы есептерді өз беттерімен шығаруы;
6. бақылау жұмысын өз беттерімен орындау;
Сонымен алгоритмдік әдісті қолданып есеп шығартқанда:
1. жаңа типті есептерді шығару жолын мұғалім тақтаға шығарып көрсетіп түсіндіреді;
2. есеп шығару жолдарын ұжыммен талдауы;
3. тақтадағы шығарылған есепті жауып қойып, оқушылардың осы есепті дәптерлеріне өз беттерімен жазып шығаруы;
4. келесі есептерді өз беттерімен шығаруы;
5. есептерді шығаруыдң алгоритмін оқушылардың өз беттерімен құрып, осы типті есептерді шығарудың ең қолайлы, тиімді жолдарын анықтау;
6. үш деңгейлі есептерді өз беттерімен шығару.
Есеп шығару барысында оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу деңгейі өскен сайын, сол типті есептерді шығарудың алгоритмін олардың есте сақтап меңгеруі жүзеге асады.
Физикалық есептерді мазмұнына қатысты физиканың жеке тарауларына (механика, оптика, т.т.) қарай және де тарихи, политехникалық мазмұнды, қызықты, шығармашылықты, экспериментті, кешенді болып бөлінеді.
Эксперименттік есептер мына, типтес болып та келеді:
1) "Пружинаны белгілі маштаппен теңдей өлшем бірліктеріне бөліп (градуиовка), оның ұзаруы мен оған түсірілген күштің байланыстылығын көрсететінін формуланы өрнектеңіз".
2) "Берілген сұйықтың тығыздығын ареометрдің жәрдемімен анықтаңыз".
3) "Физика кабинетіндегі электр қоңыраудың істейтін моделі гальваникалық элемент, кілт, сымдар берілген, Электрқоңырау бір ақ рет шылдырауы үшін электр тізбекті қалай қосу керек? Оның сұлбасын сызып көрсетіңіз"
Қызықты физикалық есептер көп кездеспейді. Оған мынадай есеп мысал бола алады:
"Болат стерженнің екі ұшын да бірдей магниттік полюске магниттеуге болады ма? Егер болса, калай? Егер болмаса, неге?"
Шығармашылық есептердің ерекшелігі зерттеуішлік ("Неге?" деген сұраққа жауап беретін) және конструкторлық ("Қалай істеу керек?" деген сұраққа жауап іздейтін) есептер болыл екі түрге бөлінеді.
Өндірістік-техникалық (политехникалық) мазмұнды есептер физика сабақтарында көп шығарылады. Бір мысал:
"Шахтаға массасы 280 кг лифт бірқалыпты үдемелі қозғалыспен түсірілді. Ол 10 с ішінде 35 м тереңдікке түседі. Лифт канатының керілуін табыңыз."
Бұл есептердің 2-3 түрі бір есепте бірігіп келсе, оны аралас (біріктірілген) кешенді есеп деп атайды, олар көп кездеседі.
Барлық физикалық есептер берілу шарты бойынша текстік, эксперименттік, графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді. Дидактикалық, мақсатта олар қарапайым, жаттығу, күрделі (біріктірілген) есептер болып саналады. Карапайым(оңай) есептер 2 формула мен заңдылықтарды, жеңіл экспериментті пайдалану арқылы шығарылады. Жаттығу есептері көбінесе жаңа материалды бекітуде сұрақ ретінде шамасы 10 Н күш әсер еткенде дене 0,2 мс2 үдеу алады. Дененің массасын анықтаңыз."). Ал "қиын" (күрделі) есептерді шығаруда бірнеше бөлімдердің заңдары мен формулалары, қорытындылары мен эксперименттік дағдылары пайдаланылады.
Есепті шығаруға қажетті мәліметтерді графикті талдаудан алатын болсақ, ондай есептерді графиктік есептер деп атаймыз. Мысалы: "Графиктеріне қарап қозғалыс түрлерін анықта".

Қорытынды: Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады. Себебі ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдерінде және сыныптан тыс жұмыстарында орындалынады. Физикалық есептер мазмұнына, зерттеу мақсатына және зерттеу тереңдігіне, шығарылу тәсіліне, күрделілігіне қарай жіктелінеді.

1.2 Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі
Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің мынадай түрлері кездеседі:
1. Арифметикалық тәсілде есептер математикалық теңдеулер құрылмай, арифметикалық амалдардың жәрдемімен, сұрақтар қою арқылы шығарылады. Бұл тәсіл, мысалы жылу мөлшерін анықтауда көп қолдапылады.
2. Алгебралық тәсіл физикалық формулалардың негізінде математикалық теңдеулер құру арқылы есептер шығарғанда қолданылады. Мұндай есептер физиканың әр тарауында көп. Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады.
3. Геометриялық тәсіл физикалық есептерді шығаруда фигуралардың геометриялық және тригонометриялық қасиеттерін қолдану қажет болған жағдайда пайдаланылады. Мұндай тәсіл кинематика, статика, электростатика, фотометрия, геометриялық оптика тарауларына есептер шығаруда көп қолданылады.
4. Графитік тәсіл арқылы есептер шығарылғанда, олардың жауаптары, түрлі графиктерді талдау негізінде алынады.
Негізінен физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын графиктерді зерттеуді талап ететін есептер графиктік есептер болып табылады. Кейбір есептерде график есептің шартында берілсе, кейбір есептерде оларды салуды көздейді. Есептің шарты график арқылы берілсе, оқушылардың оқу танымдық әрекеті графикті оқудантұрады. Яғни есептің талабын орындау үшін қажетті физикалық шамалардың мәндерін графиктен алады.
Егер график есептерді шығарудың әдісі болса, онда оқушы оны салады.
Оқушыларда графиктік есептерді шығару қалыптасса, онда мектептегі физика курсының басқа тарауларында (динамика, термодинамика, электр тогы) графиктік әдісті қолданып есеп шығару оқушыларға қиындық туғызбайды. Себебі мұндай есептерді шығарудың ортақ жалпы әдістері бірдей.
Кинематика тарауында қозғалыстағы дененің орташа жылдамдығын анықтауды қажет ететін есептердің түрлері бар.
Орташа жылдамдықты табу үшін дененің жүрген жолы қажет. Оны жылдамдықтың уақытқа тәуелділігін сипаттайтын графиктен табады. t, с Графиктен дененің жүрген жолы тәуелділікt1 t2 ті сипаттайтын сызық пен уақыт осімен шектелген фигураның ауданына тең болады.Мысалы: есептің шартында суретте жылдамдықтың t уақытқа тәуелділігін көрсетілгін график берілген.
Орташа жылдамдықты табу үшін дененің жүрген жолын табамыз. Оны анықтаудың екі тәсілі бар: аналитикалық және графиктік.
Аналитикалық тәсіл бойынша:
1) 0 мен t1 аралығында қозғалыс бірқалыпты үдемелі болғандықтан, үдемелі қозғалыстың формуласы арқылы S1-ді анықтап алады.
2) t1мен t2 аралығынад қозғалыс бірқалыпты S2-ні анықтайды.
3) S= S1+S2табады.
Графиктік тәсіл бойынша: дененің жүрген жолы тәуелділікті сипаттайтын сызық пен уақыт осімен шектелген фигураның (трапеция) ауданы арқылы анықтайды.
Бұл есептен оқушы гафиктік тәсіл тиімді екенін көреді.
5. Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің негізінде шешіледі.
6. Аналитикалық тәсілде есептің мазмұны жеке қарапайым элементтерге жіктеліп, жан-жақты талданып, соның негізінде табуға қажетті шаманы бірден анықтаудың зандылықтары қарастырылады (жалпыдан жекеге көшу). Яғни есептің жауабына қатысты формуланы бірден тауып аламыз да, оған берілген мәндерді қойып есептейміз. Мұндай тәсілді сыныптағы оқушылардың білім дәрежесі (логикалық ойлауы мен математикалық ебдейлігі) жоғары болған жағдайда қолдану тиімді, әйтпесе, күрделі физикалық құбылыстарды дұрыс талдап, оған қатысты формулаларды түрлендіріп, керекті ең соңғы теңдеуді шығарып алу балаларға қиынға соғады.
7.Синтетикалық тәсілмен (жекеден жалпыға көшу) шығарғанда, есептің берілгендері бойынша қандай шамаларды алдымен табуға болса, соны ретімен анықтап, ең ақырында ғана есептің шешуіне жетеміз. Бұл тәсілдің әдістемелік қолайлылығы, берілген сан мәндері арқылы алғашында мүмкін болған шамаларды оңай анықтап, есептің жауабына бірте-бірте келеміз, яғни ғылымдағы "қателесу жөне байқап керу" әдісіне ұқсас. Есепті шешудегі аралық кезеңдерді дұрыс талдай білуді талап етеді.
8. Көп жағдайда физикалық есептер біріккен түрде аналитикалық - синтетикалық тәсілмен де шығарылады, ал кейде 4-5 тәсілдер араласып-қосылып, кешенді формада да шешіледі.
Физика есептерін шығаруда анықтамалық кестелер, логарифмдік сызғыш, микрокалькулятор, перфокарта, тексеру оқыту машиналары, арнаулы дидактикалық тапсырмалар мен программаланған сын жұмыстары жайлы оқу құралдар кең қолданылуы керек.
Жалпы алғанда, физика есептерін шығарудың әдістемесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
Мысалы: массасы 200кг лифт кабинасы бірқалыпты үдемелі қозғалып шахтаға түседі. Бірінші 10сек 35 м жол жүрсе тростың керілу күші қандай?
Есепті шығарудың аналитикалық әдісі:
1) есептің мәтінін оқу және талдау, терминдер мен шамалардың мәндерін түсіндіру.
Мәтінді кітаптан 1-2 рет оқу. Талдауды мынадай сұрақтарға жауап алу арқылы жүргізуге болады: 1) Есепте қандай нысан берілген? (нақты берілген нысан-тросқа ілінген лифт кабинасы; нақты берілмеген нысан-жер). 2)Лифт қалай қозғалып барады? Ол қандай қозғалыста? 3)10 секундта қандай тереңдікке түскен? 4)есептің талабы қандай?(Нені табуды сұрайды?) лифтіге қандай күштер әсер етеді? (тростың керілу күші Ғк, , ауырлық күші- mg,) олар қалай бағытталған?
2) есептің шартын жазу, тиісті сурет-сұлбаларды салу.
3) физикалық мағынасын ашу мақсатында есептің мазмұнын (құбылыстарды, процестерді) талдау, есепті шығаруға қажетті ұғымдар мен заңдарды қайталап, еске түсіру.
Ньютонның екінші заңы бойынша
ma=mg+Fk
Қозғалыс бағытында алынған осьтегі осы күштердің проекциясы арқылы жазсақ: mа= mg- Fк
Осыдан тростың керілу күші F к = mg- mа.
4) физикалық константа g= 9,8 мс2 (кестеден алынды) Бір қалыпты үдемелі қозғалыс үшін a=2ht2 және mg мен mа күштерді табу арқылы, F к табылады. Ғк = m(g-2ht2 )
Есепті шығарудың синтетикалық әдісі:
Бұл әдіспен есепті шығару есепте айтылатын нысанды сипаттайтын нақты берілген шамалардың арасындағы байланысты, содан кейін олармен анықталынатын шаманың (есептің талабы) арасындағы байланыс анықталынады. Жоғардағы есеп синтетикалық әдісіпен шығарылса:
1) есепте бірқалыпты үдемелі қозғалыс қарастырылады (V0 = 0) Демeк, а = 2Һt2
2) Бұл үдеуді беретін күш лифт кабинасына әсер ететін күштердің тең әсерлі күші. Лифт кабинасына әсер ететін күштер: ауырлық күші мен тростың керілу күші.
Сондықтан Ньютонның екінші заңы бойынша:
ma=mg+Fk
Қозғалыс бағытында алынған осьтегі осы күштердің проекциясы арқылы жазсақ: mа= mg,- Fк
Осыдан тростың керілу күші F к = mg- mа= m(g-2ht2 )

Қорытынды: Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің арифметикалық, алгебралық, геометриялық, графикалық,эксперименттік, аналитикалық, синтетикалық түрлері кездеседі. Көп жағдайда физикалық есептер біріккен түрде аналитикалық - синтетикалық тәсілмен де шығарылады, ал кейде 4-5 тәсілдер араласып-қосылып, кешенді формада да шешіледі.
1.3 Есептерді шығару алгоритмі.
Физика есептерін жүйелі түрде шешу - тақырыпқа сай заңдардың физикалық
мазмұнын тереңірек түсінуге көмектеседі, оларды нақтылы жағдайда қолдана
білу мәселелерін үйретеді.
Алгоритм математика мен информатиканың кеңінен тараған негізгі
түсініктерінің бірі. Көптеген жайттарда алгоритм түсінігі электронды
есептеу машиналарына сәйкес пайда болады деген пікір дұрыс емес. Алгоритм түсінігі электронды есептеу машиналарынан бірнеше ғасыр бұрын пайда болып,өмірде қолданылып келеді.
Алгоритм, алгорифм (Орта Азия математигі әл-Хорезмидің араб есімінің
латынша algorithmi деп берілуінен шыққан) - алғашқыда берілген
мағлұматтармен бір мәнде анықталатын жауап алу үшін қай амалды қандай
ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу
(математикалық есеп қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау,ғылыми-зертханалық жұмысын жүргізу және т.б.) тәсілдерінің нақты сипаттамасы.
Алгоритм математика мен кибернетиканың ең маңызды түсініктерінің бірі.
Алгоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады. Алдын ала не істеу
керек екені нақты көрсетілген есептеу процесі жалпы алгоритм деп аталады.
Есептеу қалай болса да, бастапқы мәндерден бастап, сол арқылы толық шыққан нәтиже шыққанша жүргізіледі. Алгоритм түсінігінің басына алгоритмдік процеспен бірге мүмкін болатын бастапқы мәліметтер жиынтығының нұсқамасы және шешуін алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір алғашқы мәліметтердің жиынтығына қолданылған алгоритм нақты бір нәтижеге келмеуі немесе есептеу барысы шешілмей тоқталуы мүмкін.Егер есептеу үрдісі белгілі бір шешім алумен аяқталса, онда алгоритм мүмкін болатын бастапқы мәліметтерге қолданыладыдеп ұйғарылады.
Алгоритм - қазіргі математикада, оның ішінде электронды машинада
қолданылатын негізгі түсініктерге жатады. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық
мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған алгоритммен есептеледі.
Алгоритмді енгізу оқушыларды күрделі есептерді шығарудың жалпы әдісімен қаруландырады. Есеп шығару процесі қиын кезеңдерге бөлуге болады:
1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, түсініксіз сөздердің
мағынасын жеткізу. Бұған көп назар аударылуы қажет. Оқушы есепте
көрсетілген физикалық құбылыстар мағынасын дұрыс түсініп, қойылып
отырған есеп шарттарын нақты түсінуге тиіс. Есептің берілу шартына
сәйкес әр сұраққа үлкен мән беріп, есептің шығарылуына байланысты
берілген мәліметті толық көлемде ала білуін үйренуі тиіс. Есептің
сөзбен берілуінде ешқашан артық шама берілмейді, сол себептен айқын
және жасырын түрде беріліп тұрған ешқандай шама ескертусіз қалмауы
керек.
2. Есептің шартын қысқаша жазып, суреті болса, салу керек.
3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын
физикалық үрдістер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың
арасындағы тәуелділікке назар аудару. Есептің шартында берілген
шамаларды қарастырғанда олардың физиканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің көкейтестілігі
Молекулалык физика пәні
Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді пайдалнудың негіздері
Қазақстан, Ұлыбритания және Канада елдерінде жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану пәнін оқыту ерекшеліктері (салыстырмалы сипатта)
Оқыту әдістерінің классификациясы
Термодинамика тарауын оқыту әдістемесі
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым саласы, оқытудың негізгі мәселелері мен тәсілдері
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері
Пәндер