Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері . . . 5
1. 2 Тәрбие үдерісінің құрылымы . . . 13
ІІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖОБАЛАУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МҮҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ
2. 1 Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері16
2. 2 Бастауыш мектеп оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КІРІСПЕ
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпактың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзкарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Балалық шақ бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
Тәрбиенің сан-салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын күнделікті өміріміздегі карапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - бастауыш мектеп болып табылады. Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де, зерделілігі де анағұрлым жоғары болмақ.
Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл баланың кішкене кезінен бастау алып, өмір баспалдақтарында шындалып, біртіндеп қалыптасатын қасиеті.
Ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда бүгінгі қоғамның барлық күшін жалпы оку-тәрбие саласына жұмылдыруымыз керек.
Адамгершілік тәрбиенің ең жоғарғы түрі - бауырмалдык, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, интернационалдық қасиетті қастерлеу.
Халық бала тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп ескен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асырып келеді. Оған айқын айғақ елімнің бостандығы мен ар-намысы үшін құрбан болған азамат соғысының ардагер батырлары мен кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан мыңдаған қазақтың батыр ұл-қыздарының ерлік істері айғақ бола алады.
Адам бойына жақсы мінез-құлық қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаға да байланысты, оку-білім тәлім-тәрбие мәселесіне байланысты.
Ертеңгі болашағымыз бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Шәкірттің рухани жандүниесін бүкіл әлемдік біліммен сусындатып, туған халқының ғасырлар бойы жинақтаған қазынасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық өнегелерін санасына құйып, ұлы Абай айтқан «Көкірек көзін оята» тәрбиелеу ата-анадан басталып, мектепке жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы болып саналады. Өз жеткіншегін жан-жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын мақсаттарының қатарына жатқызуға тиісті. Еліміздің тәуелсіздігі, оның болашағының берік те тиянақты, тамыры болуы жас ұрпақтың ұлттық санасынын дамуына, өз еліне, өз жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімнің тереңдігіне байланысты екені баршаға белгілі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына тиісті тәрбие жұмысы
Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:
- Тәрбие жұмысының теориялық аспектілерін зерттеу;
- Тәрбиенің жалпы заңдылықтарына талдау жасау;
- Тәрбиенің басты принциптерін ашу;
- Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету;
- Бастауыш мектеп тәрбие әдістерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу;
- Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ерекшелігіне талдау жасау.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмысы.
Зерттеу әдістері: педагогикалық процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық негіз.
Зерттеу болжамы: бастауыш сыныптарда тәрбие жұмысын жүргізу ерекшелігін жетік зерттеп танып білу арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларында тәрбие жұмысында табыстылыққа жетуге болады.
І БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері
Тәрбие оқу проці секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процес. Егерде тәрби жұмысының формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «Тәрбие жұмысының формасы», «Тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т. б. Соған орай «педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т. с. с.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысның формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп - бұл тәрбие процесінің мазмұнда өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым қатнастары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, пндогоикалық талдауын анықтайды.
«Тәрбие шарасы» топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысын жеке бір актісі ретінде қарастырылады (Н. Е. Щуркова бойынша ) .
«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады - үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылар) және тәрбиеленушілердің (И. П. Иванова бойынша) .
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық - бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылыпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді. Белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т. б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т. с. с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды» - тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек үстел, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т. с. с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады [5] .
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В. А. Сухомлинский былай дейді: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті». Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелегсн оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мсн кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке-дара топтық, көпшілікформалары) және төрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетика- лық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық жіктеу ұсынылады. Ол мынандай болады:
I. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газстін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек азаматтарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және жауынгерлермен) .
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру тақырыптық, шолулық, жедел хабар.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын үйымдастыру.
8 . Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол , футбол, шаңгы тебу т. с. с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмаңдар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік , көркемөнер, спорттық, өлкетану, жас техниктер т. б.
12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
13. «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту,
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жүмыстарын ұйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.
20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу [9] .
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады. Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі кызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар, ең алдымен оқушылардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруғаболады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындақтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, енбек, шығармашылық.
Сабақтан тыс тәрбие жүмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды тудыру, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формада қолданылады. Мысалы, «Не? Қашан? Қайда?» - викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т. с. с.
Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық-ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісуін болдырмау үшін нәтижелі. Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады. Мысалы: әртүрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.
Спорттық-сауықтыру әрекеті. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жұмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы мен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Спорттық-сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне-өзі қызмет көрсету. Әрекеттің бүл түрі мүғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Дегенмен де оның күш қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жүмысының нәтижесіне бағытталады. Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады. Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығын сақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың, болмаса мектепті» күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын атқару барысында атқарылады.
Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершіліқ, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Адамгершілік сана адамгершілік түсінікті және мінез-құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т. б. формалар арқылы қалыптасады [2] .
Тәрбие жүмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынандай болып келеді.
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат - педагоггардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, «Жаңа жыл бал-маскарады», «Қайырымдылық акциясы», «Ғылыми апталық» т. с. с.
Мақсат - тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, ейткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты оқушылардың музыкалық мөдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне: 1) оқушылардың музыкалық талғамы жөне қызығушылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т. с. с) ; 2) музыка жайында көзқарастарын және түсінікгерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру) ; 3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мүғалімнің сөзі, -оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу) .
2. Тәрбие жұмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырыптық сағат, демалыс кеш, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол.
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезендері:
- шараның басталуы, психологиялық көңіл-күйді орнықтыру: әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ немесе үнтаспа ойнату;
- ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі , шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері;
- қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т. с. с.
5. Педагогикалық талдау жүмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т. с. с.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:
1. Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүр. Мысалы, егер мектепте оқуда басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жүмысында таным аспектісі басым болады т. с. с.
2. Оқушылардың жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.
3. Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі т. с. с. Егерде мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын таңдайды. Басқадай мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және
шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық-сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады.
Оқу қызметі секілді тәрбие үдерісі де белгілі формада ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп тәрбиесі сабақтағы оқу үдерісімен байланысты жүргізіледі. Дегенмен, сабақтан, сыныптан тыс ерекше жұмыс формалары да қолданылады - олар педагогикада тәрбиелік істер деп қабылданған [10] .
Тәрбиелік істер - тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекеттерін ұйымдастыру және оларды жүзеге келтіру формасы. Тәрбиелік істер - жарқын еңбек пен ойынға, шығармашылық пен жолдастық қатынасқа, өмірлік арман мен қуанышқа толы бірлікті қызметтің орындалу формасы. Бұл формада тәрбиешілердің өз оқушыларымен араласа әрекетке келу шарттары, құрал-жабдықтары мен тәсілдері бір-біріне ауысып, ажыралмас бірлік, тұтастыққа түсіп жатады. Тәрбиелік істердің басты ерекшеліктері - қажеттілігі, пайдалылығы, орындалу мүмкіндігінің болуы. Әрқандай тәрбие үдерісі үздіксіз өтіп жататын тәрбиелік істер тізбегінен құралады.
Тәрбиелік істер негізінде екі мүдде көзге түседі - іс-әрекеттік және кешендік. Алғашқысының тәрбие алдына қоятын талабы - оқушылардың әрқилы іс-әрекеттерін ұйымдастыру: танымдық, еңбектік, қоғамдық, көркемөнерлік, спорттық, құндылықты бағытталған еркін қарым-қатынас түзу, ал екіншісінің алға тартатыны - барша іс-әрекет түрлерін табиғи бірлікке келтіре пайдалану. Тәрбиелік іс бір мезеттің өзінде инабаттық, эстетикалық, еңбектік, сана-сезімдік ықпалдардың бірдей әсерінде болады.
Орындалатын нақты іс міндеттері басым келген тәрбие мақсаты (әдетте, бұл инабаттық тәрбиесі) анықтайды. Әрқандай істе тәрбиенің жалпы бағытымен (ақыл-парасәт, дене шынықтыру, еңбектік және т. б. ) сәйкес өзекті тұжырым ажыралады. Тәрбиелік іс міндеттерінің мағынасын ұғу - оның тиімділігінің басты шарты. Ол міндеттер ептілікпен түсінімге келтіріліп, оқушылар санасына жеткізілуі қажет. Өз ой, көзқарасыңызды балаларға таңушы болмаңыз, қажетті шешім қабылдау керектігін балаларға ұқтырыңыз, шешімді балалар өз «еншісі» деп сезінетін болсын. Тәрбиелік істің қас жауы - енжарлық. Оқушылар мінез-құлығына жіті назар салсаңыз, олардың өздері-ақ нені өзгерту керектігін жайып салады. Тәрбиелік істер ойсыз еліктеуді көтермейді, оларға тән ерекшелік - икемшілдік пен кең әрекет өрістілігі. Сыныптардың, жеке балалардың бір-біріне ұқсамастығын, қайталанбас өзгешеліктерін молынша пайдалануға тырысыңыз. Қандай да істі жобалай отырып, есіңізде болсын - бір сыныпта оңды іске асырылған тәжірибе екінші топта жарамды қайталануы неғайбыл. Жағдайға байланыстырылып, ретке келтірілмеген жоспар, жоба еліктеумен қолданылса, істің нәтижесіз болары айтпаса да, түсінікті.
Тәрбиелік істердің көп түрлі болғаны жөн. Жарқын, тартымды істерді балалар есінде үзақ сақтайды, сондықтан бір істі көп мәрте қайталап, оқушыларды жалықтырудың қажеті жоқ, оның пайдасы шамалы. Тәрбиелік істер көңіл-күй көтерудің қуатты себепшісі. Сезім толғанысына түскен бала әрқандай ықпалды қабылдағыш келеді. Қай тәрбиелік істе болмасын, бала көңіліне жақын, оның жан әуенімен үндес жәйттерді ірік-тей білу шарт. Сол арқылы баланың ұнамды мінез бітістерін дамытып, орнықты өмірлікбағдарын қалыптастырып, қоршаған болмыс шындығын дұрыс тануға баулу қажет. Бұл тәрбиелік іс мәдениетінің басты шарты.
Тәрбиелік істі жоспарлауда педагог тәрбиеленушілердің дайындық деңгейін арқау етеді, олардың жас және даралық ерекшеліктерін барынша ескереді. Күрделі, балаларға түсініксіз педагог бастамасы, ненің, не үшін және неліктен олай істеу қажеттігін жөнді аңғармағандықтан, тәрбиелік іс формальды шараға айналады. Басты мақсаттары мен атқарар қызметтеріне орай тәрбиелік істер келесідей бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы, эстетикалық, танымдық, спорттық-дене шынықтыру, экологиялық, еңбектік ж. т. б. Әлбетте, мұндай ажыратуды шартты деп қарастырған жөн, себебі әрқандай тәрбиелік істің мақсаты кешенді, көп тарапты [5] .
Тәлім-тәрбие шараларын талдау үлгісі:
1. Тәрбие шарасының тақырыбы, түрі, бағдарламасы, жоспары, кім өткізеді, мақсаты, оқушылардың жасы, сыныбы, тобы, өткізілу орны.
2. Шараны өткізу жағдайы (бөлменің ыңғайлығы, қажетті құралдардың болуы) .
3. Шара жайлы оқушылардың хабардар болу деңгейі, олардың дайындығы, жасының ескерілуі т. с. с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz