Мақал - мәтелдердің шығу тарихы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі»
МКҚК
Тілдер және әдебиет кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН БАЙЫТУ
Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Пәні: Әдебиетті оқыту әдістемесі
Орындаған: Әміржан Ф. Ж.
Ғылыми жетекшісі: п. ғ. м. Жоламанова Т. М.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы
Кафедра жетекшісі г. ғ. м. Абиева К. Қ.
Хаттама № 20___ж.
Көкшетау, 2019.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мақал-мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың өңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағына қарамай әдетті сөз есебінде айтылады»-деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап шешен тілімен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады.
Зертеудің мақсаты:
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу және олардың қолданыс аясын анықтау. Халқымыздың баға жетпес асыл мұрасын оқушылар арасында дәріптеу. Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталып, мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорды байытудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу ;
- Қолданыс қызметін саралау;
-
Сөздік қорын байытуға қатысты жұмыс түрлеріне тоқталу;
-
Мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорды байытудың ерекшеліктерімен таныстыру;
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс бір негізгі бөлім мен бірнеше кіші бөлімнен құралған. Сондай-ақ курстық жұмыс кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Мақал-мәтелдердің түп негізі - түркі тілдерінде
Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл да мол мұрасы, небір бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Халық жыраулары, жыршылары, шешендері, ертекшілері ауыз әдебиетін сонау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізе білді. Қоғамдық әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны мен формасы, айтылуы жағынан байып, дамып отырған. Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан жанр түрі - мақал-мәтелдер. "Мақал-мәтелдер - халық творчествосының ең көне түрі. Сонымен қатар олар көне заманда туылған күйі қатып - семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған. [9] Халық тұрмысындағы әрбір елеулі кезең, жаугершілік, шапқыншылық болсын, той-думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш - реніш, мұң мен зар, азат пен рахатты кездер түрлі айтушыларды өңдеулерінен өтіп қалыптасқан мақалға айналған, "-дейді Ә. Диваев. [5] Түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда қыруар еңбек сіңірген академик В. В Радлов (1837-1918) - қазақ сахарасының әрбір сөзі мен жырын, жұмбақтары мен мақал-мәтелдердін асыл лағыл тасқа балап, ерінбей жинап, моншаққа тізген. Мақал-мәтелдерді зерттеуде Ә. Диваевтің рөлі күшті. Халық арасынан жинаған мақал-мәтелдерін ол 1900 жылы жеке кітапша етіп шығарады. Ал 1905 жылы Тоқболатов жинап берген қазақ мақал-мәтелдерінің жиырма алтысын "Туркестанские ведомостиге" бастырады. Ә. Диваев мақал-мәтелдерінің кездескен барлық нұсқаларын толық қамтып жазуды мақсат еткен. Қазақ мақал-мәтелдерін елу топқа бөліп қарастырған (әйелдер туралы, жанұя туралы, ағайын-туыстық туралы, ер-жігіттік туралы т. б. ) . Қазақ мақал-мәтелдерінің кеңінен тарауына би-шешендер маңызды рөл атқарған. Олардың айтқан сөздерін бір-біріне үлгі етіп, өсиет ретінде таратқан. Ағайын арасындағы татулық, өнеге туралы ойларын алға тартып, тәрбие құралының бірі ретінде пайдаланған. "Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін". "Абысын татау болса, ас көп", "Ағайынның азары болса да, безері болмайды" деп бірлік, ынтымаққа шақырған.
"Өткен іске өкінбе", "Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле", "Сыртынан көріп, ішінен түңілме, қарасын көріп, күшінен түңілме", "Ауру астан", "Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, тамағыңды тый", "Жасыңда салақ болсаң, бара-бара былық боларсың", "Өнерлінің өрісі ұзақ"" деп өсиет қалдырған.
Сонымен қатар кейбір орыс тілінен ұтымды аударылған мақалдар өзіндік орнын тапқан. Мысалы, "Дружно, но не грузно" деген орыс мақалын "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп аударып, қолданып жүр. [2]
1. 2 Мақал-мәтелдердің шығу тарихы
Қожа Ахмет Ясауи бабамыз бір күні шәкірттерімен сұхбат құрып отырып:
- Мұхамбет пайғамбар миғражға көтерілген сапарында Алламен дидарласып, тілдескен екен. Сол кездесуде тоқсан тоғыз мың түрлі сөз айтылыпты. Оның отыз үш мыңы шариғат, отыз үш мыңы тариқат, отыз үш мыңы хақиқат екен. Мұнша көп сөз бір кітапқа сыймаған. Сол себепті де халық арасына кеңінен таралмапты. Сендер бүгін осы жерде әрқайсысың бір ауыз аталы сөзден айтыңдар. Мағынасы Құран аяты мен пайғамбар хадисімен үндесіп жатсын. [16] Бұл асыл сөздер кейінгі ұрпаққа жәдігер болып қаларлық болсын. Сендердің сөздерің миғраждағы сұхбаттың көлеңкесі сияқты боп, жұрт аузында қалсын, - дейді. Шәкірттері олай болса ол сөздерді қалай етіп қалдырсақ дұрыс болар, - деп Әзірет Сұлтанның өзінен сұрайды.
Ясауи ұстаз: - Мақал деп айтылатын сөз болсын. Шаруа көшсе байиды, дәруіш кешсе байиды. Уақытсыз ерден, бақытсыз ұрғашы артық, - дейді.
Сонда бір шәкірті: - Ақылды ерден иман қашып құтылмас, - десе, және біреуі іліп әкетіп:
- Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар, - депті. Тағы біреуі іркілместен:
- Дінде жүріп дос ізде, дұшпан өзі-ақ табылады, - дейді. Келесі отырғаны:
- Ер азаматтың кеудесі жүкті болмаса әйелі әулие тумас, - дейді. Енді бірі:
- Азамат ердің ішіне ат басындай шер өсер, - депті. Осылайша кезегімен мынадай мақалдар айтылып кете барыпты: - Байқамаса жүрек те кірленеді, кірленсе қара тастай түрге енеді.
- Жігіттің де жігітін ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтан бар.
-Ниет етсең, шөптен де жақсылық табасың.
-Отбасы ала болса кереге басы сайын пәле болады.
- Әулиеге екі дүние бір қадам.
- Пәлегі таза қауынның түйнегі жақсы болар, жүрегі таза адамның түйгені жақсы болар.
- Қолы ашықтың жолы ашық.
- Аллаға сенген құстай ұшады, адамға сенген мұрттай ұшады.
- Елдің ынтымағын ойламаған адам, Алланы бір деп біле алмайды.
- Қырықтың бірі Қыдыр, мыңның бірі уәли болар.
- Жұдырығы қаттыдан, жүрегі қатты жаман.
- Астан кедей қылса да, бастан кедей қылмасын.
- Күпірлік қылсаң, иығыңды зіл басар. Шүкірлік қылсаң, көкірегіңнен жын қашар.
- Ниеті тәуір жігіттің жүрісінде мін болмас, айтқанында зіл болмас, көңілінде кір болмас.
- Ер жігітке өлім барда қорлық жоқ.
- Бидайдың кеудесін көтергені дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені ақылының жоқтығы.
- Адамды күншіл қылатын - құштарлық пен іштарлық.
- Жетектесе ұятың, жетегінде жүре бер.
- Ұғымы жоқтың - жұғымы жоқ.
- Көкірегі көр болса, екі көзден пайда кем.
- Жетесінде жоқ болса, айтқан сөзден пайда кем.
- Қарт болуға бала кезден дайындал.
- Тонын айналдырсаң жүні шығады, ішін айналдырсаң жыны шығады, әйтеуір айналдыра берсең, періштенің де міні шығады.
- Есті білімін көтереді, надан көкірегін көтереді, ақымақ тұмсығын көтереді.
- Адам кейде азаптан ғибрат алады, рақаттан зақымданады.
- Шүкір қылған адамның, төрт жағы да - құбыла, айналасы - шұғыла.
- Ең алдымен нәпсі қуды жүгенде, содан кейін бар-жоғыңды түгенде.
- Жүрегі таза болса адамның, періштеден айырмасы болмайды.
- Қарыздың ең ауыры да, ең үлкені де - уәде.
- Опасызбен жолдас болма, дәміңді татып та кетеді, үйіңде жатып та кетеді, бәлеге шатып та кетеді, тар жерде сатып та кетеді.
- Қыз баланың қымбаты мен қимасы - ұяты мен ибасы.
- Әдепсіз әйелдің қолында әдепті қыз өспейді.
- Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол.
Олардың қызметін қылып жүрген біреуі, сөз таба алмай отырып қалыпты. Содан шәкірттер жиналып:
- Егер жанымызда жүрген қуыс кеуде болатын болса, мұны ертіп не қыламыз? Қол-аяғын байлап суға тастайық, - деп, оған жабыла кетеді. Сонда қорқып кеткен ол:
- Ей, Алла терең батырып, көп қорқытады екен-ау. Өзің құтқар, - деп шыңғырып жібереді. Құрдастары:
- Болды босатайық. Бұл да бір ғибратты сөз айтты, - депті.
Шәкірттердің айтқан сөздері мақал-мәтел деп, Құран мен хадистің астарлы сыры айтылған жер кейін келе Сырдария аталыпты. [5]
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық. Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол», ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» дейтін мақал-мәтелдерді байқауға болады. Бұл деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Шоқан Уәлиханов. [7] Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді. Ш. Ахметовтың құрастыруымен шыққан «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясында» бірнеше тақырыптағы мақал-мәтелдер берілген. Сонымен қоса, қазақ мақал-мәтелдерін жинап, жариялауда: Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Ы. Алтынсарин, Я. Лютшь, Ф. Плотников, И. Гродеков, А. Васильев, П. М. Мелиоранский, Ә. Ә. Диваев, Н. Ф. Катанов, Н. Н. Пантусов, В. В. Катаринский, Ө. Тұрманжанов, М. Әлімбаев, Ә. Нұршайықов, Н. Төреқұловтарды атап көрсетуге болады. Қазақ халық ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетте 1879 жылы Орынборда шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ы. Алтынсариннің хрестоматиясының алатын орны ерекше. Бұл хрестоматияда берілген мақал-мәтелдер бірнеше тақырыптарға бөлініп, жүйелі түзілген. [15]
Жоғарыда аталған жинақтарда берілген түсінік дәрежесіндегі бірен-саран шағын алғы сөздерде, жалпы халық ауыз әдебиеті жайында жазылған шолу мақалаларда айтылғаны болмаса, қазақ мақал-мәтелдері қырқыншы жылдарға дейін арнайы сөз болып зерттелген емес. Бұл кезеңдерде М. Әуезовтің 1927 жылғы «Әдебиет тарихында», С. Сейфуллиннің «Таңдамалы шығармалар» жинағында мақал-мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы ретіне аталып, топтап мысалдар келтірілген. Мұнда Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдерді шешендік сөздердің бір саласы ретінде қарастырған. [9] М. Әуезов 1940 жылдардың басында «Қазақ халқының эпосы және фольклоры» атты зерттеуінде қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің тұлғасы өлең түрінде жасалатын, мазмұны халықтың негізгі кәсібі малшылықпен байланысты болатын екі ерекшелігіне көңіл бөлген. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын мағынасында «Қазақ әдебиетінің тарихында» басылған Б. Шалабаевтың «Мақал-мәтел» атты ғылыми очеркінен басталады (Алматы, 1948) . Кеңес дәуіріндегі мақал-мәтелдерді жинау, жариялау жұмысы, әсіресе 50-жылдары әбден қанат жая бастады. Мақал-мәтел осыған дейін, көбінесе республикалық газеттер бетінде ғана жарияланып келсе, енді «Қызыл ту», «Оңтүстік Қазақстан», «Ленин жолы», «Есіл правдасы», «Коммунизм жолы» сияқты облыстық газеттерде де жиі жарияланып, жарық көре бастаған. Мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеп талдағандардың бірі - Мәлік Ғабдуллин. Ол «Қазақ халық ауыз әдебиеті» атты еңбегінде қазақ мақал-мәтелдерін жинап, бастырушыларды атай кетіп, оның жанрлық табиғатын, әдеби-әлеуметтік мәнін анықтайды. Н. Төреқұловтың 1957 жылы шыққан «Қанатты сөздер» атты жинағына бірнеше мақал-мәтелдер енген. Соңғы кезеңдерде балаларға арналып шығарылған жинақтарда мақал-мәтелдер көптеп кездеседі деп айтуға боларлықтай. Оларға М. Жаманбалиновтың, Қ. Баянбайдың, Е. Елубаевтың, С. Қалиевтің, Е. Ерботинның, Б. Кірісбаевтың, т. б. жинақтарын атап көрсетуге болады. Осындай мол меңгерілген рухани мұра Абайдың болашақ туындылары мен шығармашылығында көрініс тапқан. Мысалы: «Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде «не күн туды басына», «сабыр түбі - сары алтын», «ауру да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп» деп кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың қара сөздерінде, оның ішінде «отыз тоғызыншы» қара сөзінде: «Ағайынның азары блоса да, безері болмайды», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Ал, «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққан туралы» атты еңбегінде 10 мақал талданған. [7] Мақал адам өмірінің барлық саласын қамтыған. Алайда заман талабына сай өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, еңбек туралы айтылған мақалдардан халықтың оған деген көзқарасын білуге болады. "Еңбегі бардың - өнбегі бар", "Еңбек түбі - мереке", "Бейнет түбі - зейнет", "Бейнетсіз рахат жоқ", "Еріншекке ошақтың екі бұты айшылық жер". Сонымен қатар мал сырын жақсы білетін қазақ төрт түліктің өзіне тән қасиетін де атап өткен. "Мал бақсаң қойдан бақ, май кетпейді шараңнан", "Ат шаппайды, бап шабады". "Жатқанға жан жуымас, Жалқауға жан жуымас", "Ұрыға мал құтаймас", "Жортуылшының басы жолда қалады". "Жылқы - малдың патшасы" деп ойын анық аңғартып отырған. Бір айта кетерлігі, қазақ мақал-мәтелдерінің басты ерекшелігі қанша уақыт өтсе де мәнін жоймаған, ескірмеген, - дейді филолог. [19]
1. 3 Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz