Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі . Қазақ тілі сабағында түрлі дидактикалық ойындарды өткізу арқылы жұмыс жүргізіліп, мазмұны түсіндіріледі. Мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие процесінде әрқайсысының іс-әрекеттерінің айырмашылықтары мен өздерінің ерекшеліктері болады. Алайда олар бөлінбестей байланыста біртұтас оқу-тәрбие процесіне қатынасады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ тілі сабағын оқытуда дидактикалық ойындарды қолдана отырып сабақты қызықты және белсенді өткізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану;
  2. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың түрлері;
  3. Дидактикалық ойындардың қолданылу мақсаты;
  4. Дидактикалық ойындардың басқа да түрлері.

Оқыту мұғалімнің ерекше бағдарлы мақсат көздейтін қызметі ретінде оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық, шығармашылық қабілеттілікпен қаруландыратын кең мағынасындағы тәрбиенің біртұтас маңызды бөлігі болып табылады.

Оқыту барысында оқушылардың рухани және дене күш қуаттарын дамыту кеңінен қарастырылған. Оқытудан басқа іс-әрекет түрлерінің де баланың таным түсінігін арттыратынын, сапалық қасиеттерін қалыптастыратыны белгілі болған. Олардың бірі ‒ ойын.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама ма?» ‒ деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керектігін білген.

Балалардың жас ерекшеліктеріне орай ойын түрлерінің басымдылығы байқалады. Ойын түрлеріне қарай балалардың көптеген қасиеттерін дамытуға бағытталады. Оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек бұлардың әрқайсысы негізгі әрекет болып табылып, белгілі бір функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу білім алу мен іскерлік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндіріледі. .

Қазіргі таңда оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын рөлінің ерекше екендігін ұмытпаған жөн. Заман ағымына орай сабақта және сабақтан тыс оқушылардың шұғылданыстарында оларды білімдендіру мен сапалық қасиеттерді қалыптастыруды дидактикалық ойындармен байланыстыру мұғалімнің негізгі міндеті болып отыр.

Бәрінен де бұрын ойын оқыту, қатынас құралы және өмір тәжірибесін жинақтаудағы күрделі әлеуметтік-мәдени феномен болып табылады.
Ойындағы қиындық оның түрлерінің әртүрлілігімен, қарсыластардың қатысу әдісімен, ойынның жүргізілуімен анықталады. Ойын ‒ оқытудың таптырмайтын элементі.

Ойын процесінде:

- жүргізудің ережелері меңгеріледі;

- әртүрлі үлгідегі экономикалық және әлеуметтік институттардың, фирмалардың, мекемелердің, ұжымдардың, топтардың мүмкіндіктері қарастырылады;

- ойындағы белгілі бір мақсатқа жету үшін оған қатысушылар бірлескен ұжымдық іс-әрекет жасауға дағдыланды. Оқушының жеке мінез-құлқы қалыптасады;

- мұғалімдер мен оқушылардың және қосымша пайдаланған көрнекі құралдардың ойынға қосқан үлестерінен мәдени дәстүр қалыптасады. Адамдар ойынды ежелден-ақ оқыту әдісі ретінде, алдыңғы ұрпақтың жастарға беретін тәжірибесі ретінде қолданып келген. Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде, мектепте ойын кең көлемде қолданылады. Қазіргі оқу ісін күшейту мен оқушылардың белсенділігін арттыру жұмысын алға қоятын мектептерде ойын мынандай жағдайларға қолданылады:

- тақырыптарды, тіпті оқу пәнінің бөлімдерін, мағлұматтарды меңгеру үшін өзіндік технология ретінде;

- жалпы технологияның элементі ретінде;

- сабақ немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау) ;

- сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде.

"Ойындық педагогикалық технологиялар" ұғымына кең көлемді әдістер мен әртүрлі педагогикалық ойындар формасындағы педагогикалық процестерді ұйымдастыру тәсілі енеді. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның айырмашылығы, ол оқу-танымдық бағыттылықпен сипатталады және нақты қойылған оқыту мақсаты мен оған дәлелденген педагогикалық нәтижелерге сәйкес келетін маңызды белгілер тән болады. Оқудың сабақтық үлгісінде ойын түрлері мен жағдайларын іске асыру мынадай негізгі бағыттарда жүзеге асырылады:

- оқушылар алдына ойын тапсырмасы формасындағы дидактикалық мақсат қойылады;

- оқу ісі ойын ережелеріне бағынады;

- оқу материалдары оның құралдары ретінде қолданылады;

- оқу ісіне дидактикалық тапсырмаларды ойын тапсырмаларына ауыстыратын жұмыс элементі енгізіледі;

- дидактикалық тапсырмалардың жетістікте орындалуы ойын нәтижесімен байланыстырылады.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып тілдік қорын дамыту. Дидактикалық ойындар және олардың түрлері

Ойын ‒ бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Балалардың ойлауын, қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар [5, 86 ] .

Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып, отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады [5, 86] . Сондықтан сол мемлекеттің стандартқа сай, жан ‒ жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.

Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізу керек. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі.

Қай сабақ болмасын, оқушыларды ізденіске шығармашылыққа баулуы керек. Бүгінгі күн талабы да мұғалімдерден осыны талап етуде. Оны жүзеге асырудың бірден - біржолы ‒ сабақ процесінде ойын технологиясын тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштатастырып, ой-өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді. Ойын технологиясын бір жүйеде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізген дұрыс. «Ойын» технологиясының мақсаты ‒ оқушыларға жаңа білім ‒ білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.

“Ой - ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын - ойын.

Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Себебі ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, қана қоймай ойлау қабілетін арттырады. Сөздік қорларын да молайтып, сауатты жазуға да баулиды және өтілген тақырыптарды меңгеруге үлкен әсер етеді.

Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.

Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру және тілдік қорын дамыту. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат ‒ ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу [5, 86 ] .

Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі ‒ сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын рөлі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл-ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл ‒ сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік дағдының қалыптасуына әсер етеді.

Сабақта грамматикалық ойын түрлерін, дыбыстарды меңгерту мақсатында жиі қолдануға болады. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Қазақ тілінің фонетика саласын оқытқанда әрбір жаңа тақырыпты өткізу барысында тақырыпқа сай әр түрлі әдіс ‒ тәсілдермен шеберлікпен грамматикалық ойындарды ойнатуға болады. Фонетика саласы бойынша жүргізуге болатын ойын түрлері өте көп. Мысалы:

а) . «Адасқан әріптер» ойыны

1. р, ш, а (шар)

2. е, т, е, р, к (терек)

3. м, қ, а, л, а (қалам)

4. ө, з, к (көз)

5. м, і, л, і, б (білім)

6. о, қ, л (қол)

7. қ, с, а, б, а (сабақ)

ә) . «Кім шапшаң?» ойыны

1. А әрпінен басталатын қала аттарын айт. Мысалы: Ақтау, Астана т. б.

2. Б әрпінен басталатын тағам атаулары. Мысалы: бауырсақ, бөлке, балмұздақ т. б.

б) . «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылар дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.

в) . «Ойлан тап» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.

г) . «Сөзді тап» ойыны. Ойынның мақсаты, оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Қ Қ

Қ Қ

Қ Қ

Қ Қ

К К

К К

К К

(Жауабы; қызық, қазақ, қалақ, қырық, кесек, кезек,, кебек)

«Буын» тақырыбына мынадай ойын түрін қолдануға болады:

«Ойлан, тап»

1. Бір буынды, тұйық буынға мысал келтір. (ет, жап, шөп, хат)

2. «ла» буынына аяқталатын екі буынды сөз ойла. (айла, ойла)

3. «А» әрпінен басталып, «А» әрпінен аяқталатын бір буынды сөз ойла. (ала, ана)

4. «Т» әрпінен басталып, «Т» әрпінен аяқталатын бір буынды бітеу буынға мысал келтір. (торт, тат, төрт)

Лексика саласы бойынша:

1. «Кім тапқыр?» ойыны ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып жазу.

1. Үйдің . . . - . . . қыс түскенде білерсің. (ыстық-суығын)

Кімнің . . . - . . . іс түскенде білерсің. (дос-қасын)

2. Ашу - . . . , ақыл - . . . (дұшпан, дос)

2. «Жұбыңды тап» ойыны

(мақал-мәтел тақырыбында қолданылады)

Әртүрлі қағаздарда мақалдар беріледі. Мақалдың сыңарлары екі қағазда болады. Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе аралас сөздерден мақал құрастыру керек. Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға болады. Дәл, нақты, дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанады.

Сонымен қатар, сабақта түрлі кестелерді пайдалануға да болады. Кестелер арқылы «Кім жүйрік?» ойынын жүргізуге болады. Оқушылар септіктер мен танысқан кезде, сұрақтарын, жалғауларын еске сақтап, мысалдар келтіріп қалай меңгергендігін көрсете алады.

Орфографиялық ойындар:

Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анықталуына оқушыны жаттықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығуларды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады:

І кесте

әл, ал, ол, он, күл.

ел, іл, ет, ес, от.

ІІ кесте

ұйыр, үйір, жиыр, сүйір.

Тас, тос, төс, бас, бос.

ІІІ кесте

Үшкір, тұмсық, сұр, шымшық.

Сордан, ұшты құрт, шымшық т. б.

Бұл таблица бойынша оқығанда әуелі баяу, кейін жылдамырақ оқуды талап ету нәтижелі болады. Оқушылар мұндай жаттығуларды бар ықыласымен беріле орындайды, әрі мәнерлеп оқуға жаттығады. Нәтижеде тіл дамыту жұмысы іске асып отырады.

  1. Сөздің әрбір әріпінен сөз тудыру ойыны. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді. Оқушылар өз бетінше жұмыс орындайды. Мысалы:
  2. Әсем қандай қыз?
  3. Ә ‒ әдемі, әдепті.
  4. С ‒ сұлу, сүйкімді.
  5. Е ‒ еңбекқор, елгезек, епті.
  6. М ‒ мейірімді, мәдениетті.

Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып өз бетінше құрастыру. Сонымен мұғалім оқушыларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құратуды да өз бетінше орындауға болады. Мысалы: оқушылар «Әсем»деп ат қойып мәтінді құрастырады.

«Әсем». Әсем әдемі, әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді, қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Әсемнің мінезі жайдары. Әсемнен мықты дос шығады.

Дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. Өмip тәжірибесін бip жүйеге келтіруге үйрету, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бipaқ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық ‒ оңай жолмен; қажеттілер ‒ қызық жолмен беріледі;

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың нeгiзiн заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бip нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», «Мен не icтep едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.

4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың нeгiзгi ерекшелігі ‒ логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бip сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады. Ойындардың ішінде дидактикалық ойындардың маңыздылығы жағынан өзгелерінен бөле-жара айтуға болады. Бipaқ, бip ескертетін нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерін қолданудан аулақ болған жөн. Әр ойынның өз peтi бар. Әpбip мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет, ic-қимыл бола отырып, сонымен бipre оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бipaқ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады. Балаларды оқытып-тәрбиелеуде педагог балалар игере алатындай ойынның бағдарламалық мазмұнын жоспарлайды, дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерді белгілейді [15, 52] .

Ойында педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиелеп балаларды ойнауға, А. С. Макаренконың сезімен айтқанда, "Жақсы ойын" жасауға үйретеді.

Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түciнiri айқындалып, тереңдей түседі.

Ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бipгe өзінше бip белсенді танымдық ic-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кipicтipiп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде қалыптасады деп алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әcepi, беретін білімi, тәрбиеге ықпалы әртүрлі болады. Мемлекетіміз осының бәрін ecкepiп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өpici қабілетінің дамуы бұл сабақтың aлғa қояр мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды көздейді.

Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.

Қоғамымыздың ipгeciн, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта дидактикалық ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар. Оның негізгі мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз бетінше ізденуге баулу болып табылады.

Қaзipгi заман талаптарына сәйкес мектептен барлық буын оқушыларының білімін дидактикалық ойын түрлері тұрғысынан дамыту, жетілдіру ‒ педагогика ғылымының міндеті болып табылады [19] .

Осыған орай білімнің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгi әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек. Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың жеке басының ерекшелігі есепке алынуы тиіс.

Қaзipгi iзгілендipy заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады

Ойын ‒ кәсіби және отбасылық өмірдің мектебі, адамдық қатынастың мектебі. Бірақ жай мектептен оның айырмашылығы, адам, ойын барысында білім ала отырып, белгілі бір жетістіктерді үйренгенін де байқамай қалады. Жай мектептерде білімнің қайнар көзін көрсету қиын емес. Ол мұғалім ‒ оқытушы адам. Оқыту ісі монолог үлгісінде (мұғалім түсіндіреді, оқушы тыңдайды) және диалог үлгісінде (мұғалім бақылау мақсатында оқушылардан сұрайды немесе оқушы бір нәрсені түсінбеген жағдайда мұғалімнен сұрайды) жүргізіледі. Ал ойында оқытушы адам және жеңіл меңгерілетін білім көзі жоқ. Оқыту іс-әрекет тілінде дамытылады, барлық ойынға қатысушылар бір-бірімен белсенді қатынас нәтижесінде оқиды және оқытылады. Ойындық оқыту баланы жалықтырмайды. Ойын негізінен еркін және қалаулы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Ойындық әдістер оқытудың ерте кезеңіндегі ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсендіктерін ынталандырудың құралы ретінде
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz