Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс екі бөлімнен және бірнеше кіші бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ курстық жұмыс кіріспе, қорытынды және пайдаланылған ідебиеттер тізімі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Морфологияны оқыту барысында оқушылардың белсенділігін арттыру;
- Морфологияны оқыту аясында ойын элементтерін қолдану;
- Қазақ тілі морфологиясының зерттеу аясын талдау;
- Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру мәселесін көтеру.
Курстық жұмыстың құндылығы: Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады.
Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні: Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады.
Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т. б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т. б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемалардың) ұғымын жетік меңгеру үрдісі оқушылардың абстракциялы ойлаудың дамуын, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. Тіл ойдың мазмұны, тікелей шындығы.
Сөздің мәні ойдан көрінеді. Ой тіл арқылы жеткізіледі, айтылады, сөз арқылы безендіріледі. Әрбір ой міндетті түрде белгілі сөздік материалда пайда болады. Сөз материалдық болмыстың баламасы. Ой пайда болса, ол белгілі, нақты сөздік формада білінеді, көрінеді. Тіл мен ойлау-адам миының үлкен жарты шарларының қабығында үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әрекеті.
Сөйлеу мен тілдің дамуы танымдық іс-әрекет негізі. Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар мектеп оқушыларының сөз мәнінің қандай екендігіне қарамастан, сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады. Сөзді жетерліктей терең ұғына білу тек арнаулы оқыту жағдайларында қалыптасады. Тіл еліктеу үрдісінде дамиды . Ана тілін үйренудің заңдылығы қабілеттердің даму үрдісінде ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады:
1. Сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті, сөздің дыбысын артикуляциялау, интанация элементтерін моделдеу және оларды есту.
2. Дыбыс кешендері мен интанациялары тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну.
3. Сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау.
4. Сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрлерін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.
- ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІМорфологиян оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер және олардың тиімді жолдары
Морфология (биология) - ағзаның пішіні мен құрылымы туралы ғылым. Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы - морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.
Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер. Жалаң сөздер құрамы жағынан түбір тұлғалар мен қосымшалардан құралады. Түбірлер сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді де, қосымшалар түбірге неше түрлі грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы, ұйымдастырушылардың бірі деген сөз тіркескендегі алғашқы сөз ұйым+дас+тыр+у+шы+лар+дың болып 7 бөлшектен тұрады. Мұндағы ұйым - негізгі түбір, -дас - сөзжасам қосымша, -тыр - өзгелік етіс жұрнағы, -у - қимыл есім жұрнағы, -шы - сөзжасам жұрнақ, - лар - кептік жалғауы, -дың - ілік септігі жалғауы. Бұлардың әрқайсысының өзіндік лексикалық және грамматикалық мағыналары бар.
Қазақ тілінде морфология атауы мен зерттеу нысандары түрліше аталып және анықталып келді. Сол басы даулы басталған мәселенің әлі күнге дейін шешімі толық табылды деп айта алмаймыз. Өткенге көз жіберсек, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А. Байтұрсынов еңбегінде «морфология» деген термин қолданылмайды, морфологияның зерттейтін объектілерін «сөз тұлғасы», «сөз мағанасы» деп береді. Яғни, ғалым нақты атап көрсетпесе де, этимология деп қабылдағанды дұрыс көреді. Себебі, оған дейінгі ғалымның негізге алған еңбектерінде кейде фонетика саласы грамматиканың бір бөлігі ретінде енгізілсе, морфология «этимология» деп аталып, оған синтаксистің кейбір элементтері де кіреді. ХІХ ғасырдың аяқ кезіне дейін этимологияны грамматиканың бір тарауы, оның нысаны - фонетика мен морфологияның негізгі ережелерін зерттеу деген түсінік қалыптасқаны белгілі.
Профессор Қ. Жұбанов морфологияны «сөз құрылысы» деп алып, «сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз» [2, 163 бет] деп анықтама берсе, С. Аманжолов «морфологияның қарайтын объектісі - сөздің құрылысы, құрамы, өзгерісі» деп, «оның себебі ‑ әр тілде жаңа сөз тудыру жолы әр түрлі» [3, 66 бет] деген уәж айтады. К. Аханов «сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ілім» [4, 269 бет] деген анықтама береді. 1967 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы» (І бөлімінде) және «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы А. Ысқақовтың «сөз және оның формалары туралы ілім» [5, 10 бет] деген анықтамасы қазіргі таңда негізгі бағдар ретінде қолданыста. Бұл оқулықтың морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын еңбек екендігінде күмән жоқ. Онда сөз және оның морфологиялық құрылымынан бастап, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, сөз таптары мен олардың жасалу тәсілдеріне қатысты мәселелер ғылыми тұжырымдар арқылы нақты көрсетілген.
Н. Оралбай «тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін, яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым» [6, 4 бет], Т. Сайрамбаев «Морфология - әрбір тілдегі сөз таптары туралы ғылым, ол тілдегі бүкіл сөздердің мағыналық жиынтығы, ол он сөз табына қатысты сөздердің ішкі құрамын зерттейді», Б. Қасым «морфема ретіндегі сөз және сөздің формалары, сөз тұлғаларын білдіретін грамматикалық мағыналар туралы ілім» [7, 197 б. ] деген анықтама береді.
А. Салқынбай «Сөз құрамы» терімсөзін (термин - автор) морфологияның баламасы ретінде қабылдап, оған ерекше терімдік мағына береміз. Сөз құрамы - сөз таптарын біріктіретін, олардың грамматикалық тұлғалары мен категорияларын, сөздің тұлғалануын зерттейтін грамматиканың бір саласы» [8, 198-199 бет] деп жаңа балама ұсынады.
Морфология грек тіліндегі morphe - форма және logoz - ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни, сөз формасы, тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым. Тілші - ғалымдардың анықтамалары бойынша, тіл білімінің морфология саласы сөздерді жеке алып қарастырмай, оларды жалпы алып, сөз топтарына топтастырып, әр сөз табының өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін қарастыратын ғылым. Жеке дара тұрғандағы сөздің лексикалық мағынасы болғанымен, басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін грамматикалық мағынаны қажет ететіні белгілі. Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да сөздердің байланысуынан анық аңғарылады. Екеуінің де обьектісі - сөз. Морфология осы сөздердің формасын, яғни, сөздің негізгі түбірін, сөздің түрлі қосымшалар қосылғандағы түрлерін, сөз тіркестерін тексеретін ғылым. Сонымен қатар, тілдегі сөздердің атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлу, әр сөз табына тән категорияларды анықтау міндетін де қоса атқарады.
Десек те, соңғы кезде морфологияның зерттеу аясы тарылып барады. Морфологияның зерттеу нысаны болып табылатын қосымшаларды сөзжасамға бөліп, ал жалғауларды синтаксистің үлесіне тиесілі деген пікірлер бой көтеріп келеді. Осы мәселеге қатысты профессор‑ғалымдар да өз күмән-күдіктерін де жариялаған болатын.
Профессор Б. Момынова «Соңғы жылдардағы ғылымның дамуына сай сөзжасам сала ретінде жеке бөлініп шықты. Жеке сала болып таныла бастаған сөзжасамның аналитикалық, синтетикалық және лексика-семантикалық тәсілдері осыған дейін жекелеген сөз таптарының грамматикалық сипатын тудырушы амалдар ретінде, мысалы, қосымшалар арқылы туындауы (синтетикалық) және сөздердің қосарлануы, бірігуі, тіркесуі (аналитикалық) жеке сөз таптарының аясында қарастырылды. Яғни есім сөздерден етістік тудыратын қосымшалар немесе етістіктен зат есім, сан есім, т. б. жасайтын жұрнақтар, есім сөздерден зат есім, сын есім, үстеу тудыратын жұрнақтар, т. б. сөз таптарына байланысты ескерілді. Сонымен бірге сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, ескі мағынасының мүлдем жойылып жаңа мән иеленуі, трансформациялану нәтижелері лексика деңгейінде тіліміздің сөздік қорының лексикалық деңгейде баюы деп танылды, әлі де солай деп саналғанмен, осыған дейінгі морфологияға байланысты принципті түрдегі ұстанымдар (сөз тудырушы жұрнақтарға, сөз таптарының жасалу жолдарына, т. б. қатысты) айқындығын жоғалтқандай әсер тудыра бастады» [9, 6 бет] деп сөздерді сөз топтарына бөлудегі үш принциптің бірі - морфологиялық принциптің бағдары өзгеріп бара жатқандығын айтса, профессор Т. Сайрамбаев «Морфология: кеше, бүгін» атты мақаласында: «Жұрнақ түбір күйіндегі сөз таптарының аясын кеңейтуші, жаңартушы, олардың санын көбейтуші қасиетімен ерекшеленеді. Жұрнақтардың осындай қасиеті бола отырып, сөзжасам пәнінің дүниеге келуі морфология саласына үлкен қиындық тудыруда. Солай болатын болса:
- морфология саласының аясы тарылады;
- морфология қосымшалардан тек жалғаулармен ғана шектеледі;
- зат есімнен зат есім, басқа сөз табынан зат есім тудыру мәселесі ескерусіз қалды.
- басқа сөз таптары да осылай;
- бір сөзде, мысалы білімсізге - сөзіндегі қабаттасып келген жұрнақтар бұл сөзден алынып, сол сөздің түбіріне тек жалғау жалғасақ қандай күйге түспек?
- жұрнақсыз әр сөз табына қатысты сөздер не болмақ ?
- жұрнақсыз әр сөз табының не болатынын ойлау керек. Сонда қозылы қойдан қозысын ажыратқан кезде екеуінің маңырағанындай, әр сөз табы өзінің аясын көбейтуші жұрнақтардан мүлдем қол үзбей ме?
Ал осыдан сөзжасамнан не ұттық?» [10, 232 бет] деген мәселені ашық қойып, қосымшасынан айырылған морфология саласының келешегіне жанашырлық танытады. Ғалымдар бұл мәселені орынды көтеріп отыр. Қазіргі таңда күмәнді мәселенің басы ашылмаса, морфологияның келешегі де, зерттеу нысандары да бұлыңғыр болып, ертеңгі ұрпақ алдында көптеген сұрақтарға жауап таба алмауымыз мүмкін.
Кезінде Ы. Е. Мамановтың: «Қазақ тілінің, басқа түркі тілдері сияқты, сөздерінің морфологиялық құрылысын тануда ең басты роль атқаратын оның алуан түрлі аффикстері болып саналады» деген пікірі қазір де негізге алынғанымен, одан бергі жылдарда сөздердің морфологиялық құрылымы, олардың сөз тудыру, форма тудыру тәсілдері мен жүйелері өздерінің даму процесін бастан кешірді.
Морфологияда басы ашылмай жатқан мәселе жетерлік. Мақаламызда морфология саласына, оның зерттеу нысанына қатысты ғалымдардың айтқан ой - пікірлерін, тұжырым, қағидаларын қайта қарауды, тереңірек зерттеуді қажет ететін тұстары бар екендігіне көз жеткіздік.
- Морфологиян оқытудың ұстанымдары
Грамматика сабақтарынң мазмұны морфология, синтаксис бойынша негізгі мағлұматтардың ғылым негіздерінің жинтығы болады, бұл мағлұматтар қазақ тілдерінің грамматикалық құрлысы туралы толық түсінік береді. Грамматикадан берілетін білім мектеп бағдарламасымен белгіленеді.
Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Мектепте оқущылар қазақ тілінің грамматикалық құрлысымен, морфология және синтаксиспен сипаттамалы түрде танысады, сөздердің түрленуі, сөз тіркестері мен сөздердің сөйлемде қолданылуыжайында негізгі грамматикалық ережелерді үйренеді
Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық қМектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі.
Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт [4, 269 бет] .
Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т. б зат есім екенін білед [4, 269 бет] .
Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т. б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету. ұрлысының негізін қалайды.
- Морфологияны оқыту аясында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану
Морфологиялық жәшік әдісі немесе көп өлшемдік матрица әдісі (Ф. Цвики) . Жаңа, кездейсоқ және ерекше идеяларды белгілі және белгісіз элементтердің әр түрлі комбинацияларын құру арқылы табу. Элементтердің әр түрлі комбинацияларынан алынатын белгілер мен байланыстардың талдауы проблемаларды анықтаумен қатар жаңа идеяларды іздестіруде де қолданылады.
Креативті әдістер оқушылардың тұлғалық білімдік өнімін құруға бағытталған. Басты нәтижесі жаңа өнімді алу болып табылады.
Ойлап табу әдісі - бұл олардың белгілі бір саналы іс-әрекетінің нәтижесіндегі оқушыларға белгісіз алдыңғы өнімін құру тәсілі. Әдіс келесі амалдардың көмегімен жүзеге асады:
- Жаңа объектіні құру мақсатында бір объектінің сапасын екінші объектінің сапасымен орнын басу;
- Басқа ортадағы объектінің қасиетін табу;
- Оқылып жатқан объектінің элементін өзгерту және жаңа, өзгертілген объектінің қасиетін бейнелеу.
Бейнелі сурет әдісі оқылып жатқан объектінің қабылдау және түсіну оқушыда сол объекті қабысып біріккендей, біртұтас бөлінбегендей әсер күй туғызады. Нәтижесінде оқушыда гүлдің, ағаштың, бұлттың, жердің немесе бүкіл Ғарыштық бейнелі суреті пайда болады. Адамға танылатын объектінің тұтас бейнесін бере және құра білу өте маңызды болғандықтан, оқушыларға табиғаттың немесе бүкіл негізгі терминдердің көмегімен табиғаттың іргелі негіздерін, олардың арасындағы байланыстарды көрсету ұсынылады. Осындай жұмыс кезінде әр оқушы әр түрлі ауқымды ойлап, ғылымның әр саласына өз білімдерін қатыстырып қана қоймайды, бейнеленетін шындықтың мәнісін біледі және сезінеді де. Мұндай тапсырманы жылына 2-3 рет ұсына отырып, оқушылар әлеміндегі өзгерістерді бағалауға, оқыту процесінде қажетті түзетулерді енгізуге болады.
Гиперболизация әдісі. Таным объектісі кеңейеді немесе кішірейеді, оның жеке бөлімдері немесе сапасы: ең ұзын сөз, ең кіші сан ойлап табылады, үлкен бастарымен немесе қысқа аяқтарымен басқапланеталықтар бейнеленеді; ең ащы қияр немесе ең тәтті шай дайындалады. Мұндай елестетулердің бастау нәтижесі шындықтан қиялға шығу негізінде баланс жасайтын «Гиннес Рекордтарын» беруі мүмкін.
Агглютинация әдісі. Оқушыларға шындыққа жанаспайтын сапаларды, қасиеттерді жалғастыру, мысалы, ыстық қарда, күз шыңын, жоқтың көлемін, тәтті тұзды, қара түсті, әлсіздіктің күшін, жүгіріп жүрген ағашты, ұшып жүрген аюды, мияулап жүрген итті бейнелеу ұсынылады. «Мимен шабуылдау» (С. А. Осборн) . Әдістің басты мақсаты - ойлау инерциясынан және стереотиптердің талқылауынан қатысушыларды босату нәтижесіндегі идеялардың мүмкіндігінше көпшілігін жинау. «Шабуыл» дайындықтан басталады - дайындау жөніндегі сұрақтарға тез жауап табу. Содан кейін тағы да қойылған мақсат нақтыланады, қарастыру барысы ескеріледі, сонан соң - старт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz