Қозғалыс реакциясының жасырын уақыты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. СПОРТШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ САПАЛАРЫ КӨРСЕТКІШТЕР ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
0.1 Спортшылардың жылдамдық күш сапасын дамытудың негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
0.2 Дене жаттығуларының адам организмінің физиологиялық жүйелеріне
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ САПАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ САНДЫҚ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
2.1. Квалиметрлияның негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2.Еркін күреспен айналысатын спортшылардың гемодинамикалық көрсеткіштерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

КІРІСПЕ

Денені тәрбиелеу жүйесі қоғамдағы әр адамның денесін тәрбилеуде жеке басының дарынын, қабілетін арттыруды көздейді. Әсіресе өмірде керекті жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік және басқа да дене сапасын арттыруға күш салады. Адамның осы қабілеттері негізгі қимыл мүмкіншілігі болып табылады. Осы қимылдар арқылы адамның дене дайындығын едәуір жақсартуға болады. Дене қуатының қасиетінің әрекетті даму және тәрбиелеу деген терминдер қолданылады.
Даму термині дене қуатының қасиетінің табиғи өзгеру сипатының, ал
тәрбиелеу қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді.Дененің сапалық қасиетіне - күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік, ептілік жатады.
Күш дегеніміз - спортшының сыртқы карсылықтарды жеңуі кабілеттілігі немесе оған бұлшық ет күшінің қарсы тұруы. Жылдамдық дегеніміз - спортшының ойындағы әл-қуаттан туатын қозғағалыстың аз уақыт ішінде атқаратын қызметін айтамыз.
Ептілік қозғалыс қабілеті дегеніміз шапшаң, дәл, нақтылы мақсатқа сәйкес, үнеммен өзгермелі жағдайда қозғалыс міндеттерін шешуі болып табылады.
Иілгіштік - шұғылданушының қозғалысты үлкен амплитудамен (теңселу шегі, арасы) орындау қабілеті болып табылады. Спорттық төзімділік дегеніміз - организмнің ұзақ уақыт жұмыс істеген кезінде пайда болған шаршауға қарсы тұру қасиеті. Күш және оны тәрбиелеу әдістемесі Күш деген сөз әртүрлі мағына берілуіне байланысты ғылыми тұрғыда оған әртүрлі түсініктеме беруге болады. Күштің бір мағынасы қозғалыс механикасының заңдылыктарын оқытса екінші мағынасы дене тәрбиесі ілімінде физиология мен антропология саласының зерттеу пөні болын есептеледі.

І. СПОРТШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ САПАЛАРЫ КӨРСЕТКІШТЕР ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
1.1.Спортшылардың жылдамдық күш сапасын дамытудың негізгі
ерекшеліктері

Күш дегеніміз - адамның сыртқы қарсылықтарды жеңу кабілеттілігі немесе оған бұлшық ет күшінің қарсы тұруы. Дене дайындығында күшті дамытудың екі түрі бар.
1. Кез-келген қимыл қозғалысты; шартты түрде орындау үшін белгілі бір дәрежеде дамыған дене күші болуы керек.
2. Күштің болуы басқа да дене салаларының пайда болуына негіз жасайды. Күш әртүрлі жағдайда пайда болады, оның бірінші түрі бүлшық ет өзінің қалпын өзгертпей пайда болуы, мысалы: қолды алға түзу ұстап 2 кг салмақ түсірсек, онда 2 кг күш пайда болады, ал ол салмақты өсіретін болсақ күште өседі. Бұл статикалық жағдайда пайда болған күш деп аталады. Күштің пайда болуының екінші түрі бұлшық еттің тартылу немесе қысқару кезінде пайда болса, ал үшінші түрі қозғалыс жағдайында өседі. Күш қабілетін өсіру үшін бұлшық етке қызу жұмыс істету арқылы денеге күш жиналады.Егер адам қимыл- қозғалыстар жасап әртүрлі салмақтағы денені бір жерден екінші жерге таситын болса, онда жұмсалатын күштің мөлшері де өзгеріп отырады. Тасылатын салмақтың үздіксіз өсуі, жұмсалатын күштің мөлшерсіз өсуіне жол бермейді. Салмақ өте көп қосылған жағдайда күш оны орнынан қозғалта алмайтын жағдайға душар болады.Бұл жағдайда күштің салмаққа тәуелді екені көрінеді. Егер дененің салмағы үлкен болса, оған жұмсалатын күштің мөлшері өзгеруші салмаққа байланысты болмай, тек адамның білек кушіне байланысты болады. Мысалы: спортшының ядроны итеруге жұмсалатын күші штанганы көтеруге кеткен күшпен салыстырғанда әжептәуір кем болады. Тәжірибе жүзінде орындалатың жаттығуларды алатын болсақ күшпен жылдамдықтың арасында кері қатынасты байланыс болатыны белгілі. Мысалы: штанга көтеруде салмақ аз болса, көтерілу жылдамдығы жоғары болады, ал салмақ ауыр болса, онда көп күшпен әсер ету мен қатар көтерілу жылдамдығы өте төмен болады. Осы айтылған жағдайға біайланысты күш қабілетін негізінен меншікті күш және жылдамдық күші, деп екіге бөліп қарастырылады. Адамдардың күшін анықтағанда салыстырмалы күш түсінігі қолданылады. Ол адамның меншікті салмағының көтерген максималды салмаққа қатынасы арқылы анықталады. Мысалы: салыстырмалы күш көрсеткішін (коэффициентін) анықтау үшін спортшының салмағы 70 кг болса максималды көтерген салмағы 140 кг болса, салыстырмалы күш көрсеткіші 2- ге тең болады. Бірақ та меншікті салмақ өскен сайын салыстырмалы күш көрсеткіші төмендей бастайды. Адам денесінің көп жағдайда өсуіне байланысты, бұлшық ет күшінің аз болуы да ықтимал.
Сондықтан кейбір спорт түрлерінде жеңістерге жету үшін максимальды күш деңгейінің жоғары болуына көп көніл бөлінеді. Ал, сонымен қатар спорттың көп түрлерінде өз денесін кеңістік көлемінде ауыспалы жағдайда орналастыруда немесе дене салмағының әртүрлі болуына байланысты салмақ категориясының көрсеткіштерімен де шектеледі. Күш сапасын өсіретін жаттығулардың өзі екі түрде қолданылады: изотонды (динамикалық қозғалыста) және изометриялық (статикалық жағдайда) изотонды жағдайда бүлшық егтердің қысқаруы немесе ұзаруында олардың зорлану күші өзгермейді.
Ал, изометриялық жағдайда бүлшық еттердің зорлануы өседі. Мысалы: штанганы қол созылған күйде ұстап түру гимнастикада "бүрыш" немесе "крест" жасап козғалмай тұру т.с.с. Осы жаттығуларды орындайтын спортшының салыстырмалы күш көрсеткіші бірден жоғары немесе оған жақын болу керек, тек сол жағдайда ғана спортшы аталған жаттығуды дұрыс орындай алады. Жоғарыда айтылған күш көрнісінің бір түрі оқыс күш (взрывная сила). Бұл спортшылардың жаттығуларды орындау барысында аз уақыт ішінде өте үлкен көлемде күш көрсетуі. Бұл күш биіктікке секіргенде, штанга көтергенде т.б. жаттығуларды орындағанда көрінеді. Күш сапасын тәрбиелеу жолындағы негізгі мақсат адамның жан-жақты және жоғарғы көрсеткішті қозғалыс қабілетін арттырумен қатар дененің басқада саналарына пәрменді түрде әсер етіп дамыту. Күш сапасын тәрбиелеуде қолданылатын құралдарға негізінен үдемелі қарсыласу мен күшпен орындалатын жаттығулар жатады. Ол жаттығулар екі топқа бөлінеді.
1. Сырттан түсетін күш әсері. Оған заттардың салмағы, қарсыласының қарсылық әрекеті, серіппелі заттардың көрсеткен күші және сыртқы ортаның кедергісі (қармен жүгіру, суда, құмда жүгіру т.с.с.) жатады.
2. Адамның меншікті салмағына түсетін ауырлық күш әсерін жеңу мен қоса сырттан әсер етуіші қосымша салмақпен денеге ауырлық түсіру. Мысалы: қолға гир алып жүгіру, белге қорғасынды белдік салып тартылу т.с.с. Адамның күш сапасын тәрбиелеудің бірден-бір нақтылы әдістемелік жағдайды оның үдемелі қарсыласу кезіндегі күш кұрамын, керекті шамасын белгілеу болып табылалы да, бұлшық ет күшімен, әртүрлі қуатта қимыл козғалысын орындауды түсінуден бастап шешіледі. Көптеп күш қуатын жұмсамай бұлшық ет күшін көбейту, жұмыстың әртүрлі қуатта орындалуы, козғалыстың физиологиялық ерекшеліктерін түсіндірсе де ұтымды көрсеткішке жете алмайтындығы мәлім. Мысалы, әлі келетін салмақты 25 реттен котерудің орнына 15-18 реттен ұзақ уақыт бойы көтерсе де, күштің өспейтіндігі белгілі. Егер де адам жүйелі түрде көтеретін ауыр салмақтың жартысын ғана көтеретін болса, оның бұлшык етіне ешқандай күш қосылмайды, ал көтеретін салмақ 20 реттен төмен болса, онда бастапқы күштің өзі де төмендейді. Бұл уақьпта ет күшінің азаюы, жалпы бұлшық еттердің жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан дененің қозғалыс күшін тәрбиелеп көбейтуде оған салмақтың белсенді әсер ететін шамасын табу керек.
Күшті тәрбиелеуде, шамадан тыс берілген салмақпен жатгыққанда, оның пайдасы шамалы екені, ал ортадан жоғары, шамасы келетін салмақпен жаттыққанда айтарлыктай көрсеткшітерінде өзгеріс болатыны белгілі. Күш өскен сайын берілетін салмақта өсуге міндетті жэне көтерілген салмақ максимальды салмактың 80-90% шамасында болуы шарт. Жоғарыда айтылып кеткендей максимальды күш қуатын тәрбиелеудің әртүрлі жолдары бар.
1. Ортадан жоғары салмақгы шамасы келгенше қайталап көтеру.
2. Сыртқы қарсылықты барынша көбейту (динамикалық немесе статикалық жағдайда).
3. Қарсылықты барынша жылдамдықпен жеңу.
Осыған байланысты күшті тәрбиелеудің әдістемелік үш бағытын аныктауға болады.
Адам бойындағы әл-қуаттан туатын қозғалыстың азғана уақыт ішінде атқаратын қызметін - жылдамдық дейміз. Ол қозғалыс реакциясын уақытымен анықталады да, пайда болуының өзі үш түрлі қимылдармен көрінеді:
1. Қозғалыс реакциясының жасырын уақыты.
2. Жекелен: қозғалыс жылдамдығы.
3. Қозғалыстың жиілігі.
Жылдамдықтың пайда болуы аталған үш жағдайдың бір-бір тәуелсіздігінен болады. Бұл әсіресе уақыт реакциясының көрсеткіштеріне тән, себебі көп жағдайда козғалыс жылдамдыктың көрсеткіштерімен өзара байланыста болмайды. Осы себепті аталған көрсеткіштерде әртүрлі жылдамдық бейімділігі болады. Осы үш көрсеткіштің қосындысы жылдамдықтың пайда болған кезеңдерін бағалауға мүмкіндік береді. Қысқа қашыктыққа жүгіруде оның нәтижесі спортшының мәредегі қозғалыс реакциясы сөреден тез шығумен жекеленген қозғалыс жылдамдығы (қол, аяқ жұмысы) және қозғалыстың (аяқ алысы) жиілігінс байланысты. Жоғағы жылдамдық кезіндегі орындалатын, қозғалыстардың екі түрлі фазасы болады:
1. Шапшандықты алу кезіндегі фаза.
2. Алынған жылдамдыктың тұрақгы болып қалу фазасы. Бірінші фазада сөреден шығу шапшандығының өсуі, ал екіншісінде одан кейінгі қашықтықтағы шапшандығы. Яғни тез арада қалған керекті жылдамдықпен белгілі қашыктықты жоғарғы шапшаңдыкпен жүгіріп өту. Бұл екі фаза бір-біріне тәуелсіз болады. Кейбір спортшының сөре жылдамдығы жоғары болып, қалған қашыктықтағы шапшандығы төмен немесе керісінше болады.
Негізінен адам жылдамдық кабілетін жақсы игеруге бейімделген. жағдайда шапшандықтың тікелей тасымалдануы тек дәлдігі ұқсас қозғалыстар арқылы жүзеге асады. Ұзындықка секіруші спортшының қысқа қашықтыққа жүгірістегі көрсеткішіне; ядро итергенде аяқтың бүгілу шапшаңдығы көп күш керек етеді, ал бұл қозғалыстар жүзуде немесе бокста өзіндік көрсеткіштерге жетуіне көп көмегін тигізеді, қозғалыс жылдамдығының реакциясы сезіну дайындығының жасырын уакытымен бағаланады. Ал, реакцияның өзі жай және күрделі реакция болып екіге бөлінеді.Жай реакция дегеніміз - алдын-ала қозғалысқа берілетін жауаптың белгілі болуы, яғни төтесінен берілген белгі. Мысалы: старттық пистолеттің атылуы. Қозғалыс реакциясының жылдамдығы спорттың қолданбалы түрінде маңызы зор. Көптеген жағдайларда белгіге жауап беру шамалы уақыт ішінде өтеді. Жылдамдықты дамытатын жаттығулар мен айналысу, жылдамдық реакциясының жәй түрін дамытады, ал оны кері бағытта тасымалдауға болмайды. Жаттығудың жылдамдык реакциясы тәжірибе жүзінде қозғалыс жылдамдығына әсерін тигізбейді. Қозғалыс жылдамдығының реакциясын көтеру - өте күрделі жұмыс. Тәжірибе жүзінде әңгіме секундтың ондық немесе жүздік бөлігін ұтуда жүргізіледі.
Спортпен шүғылданбаған адамның моторлық реакциясының орташа көрсеткіші 0,25 секунд болып 0,20-дан 0,35 секундқа дейінгі аралықта болса, спортшыларда 0,15-0,20 секунд, ал кейбіреулерінде 0,10-0,12 секунд болады. Қозғалыс реакциясының дыбыс сигналына кеткен уақыты жәй адамдарда 17-0,27 секунд болса, спортшыларда 0,05-0,07 секунд болады. Көп жағдайларда жылдамдық реакциясын әдейілеп дамытуға көңіл бөлмейді, (жалпы дене тәрбиесі) себебі оларға, дайындық кезіндегі жаттығуларды орындау жылдамдығын тасымалдау жолдарын да пайдалану жеткілікті болады. Әсіресе бағалы болып есептелінетін козғалыс жылдамдығы қолданбалы спорт ойындарының қозғалыстарындағы әртүрлі қимылдар. Жай жылдамдық реакциясын тәрбиелеуде көбінесе қайталау тәсілі кеңірек қолданылады. Бұл кенеттен берілген белгі бойынша жылдамдығын арттыру немесе сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жағдайдағы қозғалысының өзгеруі. Мысалы: сөрелік қозғалысты кайталау, мүғалімнің белгісі бойынша жүгіріс бағытын өзгерту, бокста белгілі ұру әдісінен қорғану т.с.с. Бүл әдістеме жаңадан бастаған спортшының дайындығында ғана жақсы нәтиже береді. Жай жылдамдық реакциясын тәрбиелеуде талдау әдісі де қолданылады, ол жай қозғалыстың өзін жеңілдетілген түрде екі бөліп орындайды. Мысалы: төменгі сөрелік қозғалыспен жүгіруді көмекші кұрал ретінде пайдалану т.с.с. Келесі әдіс сенсомоторлық деп аталады. Бұл жылдамдық реакциясымен қозғалыстың арасындағы секундтың ондық не жүздік бөлшегіндегі уақытты ажырата білу. Осындай қасиет спортшының жылдамдық реакциясының өте жоғары дәрежеде екенін білдіреді. Мысалы: бір жаттығуды орындау кезін үш сатыға бөлсек бірінші сатыда спортшы 5 метрлік қашықгыққа бар жылдамдығымен (берілген белгіге қарамай) жүгіреді. Әрбір жүгірістің уақытын мұғалім айтып отырады. Екінші сатыда жаттығудың екініші бөлігін бар жылдамдықпен орындайды. Мүғалім орындаушыдан осы жаттығуды орындауға қанша уақыт жұмсалғанын сұрайды, ол осы уақытты айтқан соң ғана мүғалім көрсетілген уақытын айтады, осы екі уақытты салыстыруда орындаушының уақыт бірлігін дұрыс қабылдау қасиеті қалыптасады.Үшінші сатыда осы жаттығуды әртүрлі жылдамдықпен орындау үсынылады, мүнда өз жылдамдығының реакциясын еркін басқаруға ие болады.

1.2. Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері

Бұлшық ет изометриялық жиырылу жағдайында максималды статикалық күшті көрсетеді. Бұлшық еттің максималды статикалық күші және максималды ерікті статикалық күші. Бұлшық ет изометриялық жиырыла отырып ол үшін мүмкін болатын максималды ширығуды келесі 3 жағдай бір мезгілде орындалғанда дамытады:
1) сол бұлшық еттердің барлық қозғалыс (моторлық) бірліктерінің (бұлшық ет талшықтары) белсенуінде;
2) оның барлық қозғалыс бірліктерінің толық тетанусы (сіресіп жиырылуы) режимінде;
3) тыныштықта ұзындыққа бұлшық ет жиырылуында. Осы жағдайларда бұлшық еттің изометриялық ширығуы оның максималды статикалық күшіне сәйкес келеді. Бұлшық еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің күшіне, жиілігіне және еттің құрылыс ерекшелігіне, функционалдық күйіне байланысты. Бұлшық ет мыңдаған ет талшықтары шоғынан (топтарынан) тұрады. Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе, бұған сәйкес бұлшық еттің жиырылу күші біртіндеп өседі, бірақ тітіркендіргіштің күші белгілі бірдеңгейге жеткен соң бұлшық еттің жиырылу күші одан әрі күшеймейді. Осыған орай тітіркендіргіштің ең төмен (минимальдік) және ең жоғары (максималдық) табалдырық күші болады. Бұлшық еттің құрамындағы моторлық бірліктің әр қайсысының қозу табалдырығы әр түрлі. Сол себепті минимальдік табалдырық ең қозғыш моторлық бірлікті қоздырады, ал максималдық табалдырық бұлшық еттегі барлық миоциттердің қозу табалдырығынан жоғары болатындықтан бәрін жиырылтады. Мұнымен бірге бұлшық еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Еттің оптимум және пессимум жиілігі болатыны және оның себептері белгілі. Ұзын ет талшықтары қысқаларына қарағанда қаттырақ жиырылады. Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды. Бұлшық еттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бәрі қатысады, қатаяды. Мұндай күшті максималдық күш (МК) дейді. Максималдық күш сол бұлшық етті құрайтын бұлшық ет талшықтарының санына және оның әр қайсысының жуандығына байланысты. Бұлшық еттің максималдық күшінің оның анатомиялық көлденеңінің ауданына қатысын бұлшық еттің салыстырмалы күші деп атайды. Бұл 1 см2 - да күш ньютон немесе килограммен өлшенеді (Нсм2 немесе кгсм²). Бұлшық еттің анатомиялық көлденеңі деп бұлшық еттегі барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын айтады, яғни бұлшық ет ұзындығына перпендикуляр жүргізілген оның көлденең кесіндісі ауданы ретінде анықталады. Мұнымен қатар бұлшық еттің физиологиялық көлденеңі немесе көлденең ауданы деген де ұғым бар. Егер бұлшық ет талшықтары бір-бірімен қатар (параллель) жатса, онда бұлшық еттің жинақы физиологиялық көлденеңі оның анатомиялық көлденеңіне тең болады. Ал бұлшық ет талшықтары құстың жүні тәрізді қисық орналасса, онда әр талшықтың қақ ортасынан өтетін көлденең сызығының ауданы (физиологиялық көлденең ауданы) анатомиялық ауданынан жоғары болады. Сондықтан мұндай бұлшық еттер күштірек келеді. Бұлшық еттің максималдық күшінің физиологиялық көлденеңіне қатынасы бұлшық еттің абсолюттік күші деп аталады. Ол шамамен 0,5-1 Нсм2 аралығында болады. Адамда бұлшық ет күшін өлшеу оның ерікті күш салып, қажетті бұлшық еттерді максималды жиырылтуға тырысуы кезінде жүзеге асырылады. Сондықтан адамның бұлшық ет күші туралы айтқанда максималды ерік күші (МЕК) туралы сөз болады (спорттық педагогикада бұл түсінікке бұлшық еттің абсолютті күші түсінігі эквивалентті қолданады).
Ол 2 топ факторларына байланысты:
1. Бұлшық еттік (шеткі);
2. Координациялық (орталық-жүйкелік).
МЕК анықтайтын бұлшық еттік (шеткі) факторларға мыналар жатады:
А) бұлшық ет ауырлығы әсерінің механикалық жағдайы, яғни бұлшық ет күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Рычагты түрде бекітілгенде еттің күші жоғары болады;
Ә) бұлшық ет ұзындығы, өйткені бұлшық ет ширығуы оның ұзындығына байланысты;
Б) бұлшық еттің көлденең қимасы (жуандығы), ол қаншалықты жуан болса, оның бұлшық ет күші де соншалықты жоғары болады;
В) бұлшық ет композициясы, яғни жиырылған бұлшық еттегі жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасы.
Координациялық (орталық-жүйкелік) факторларға бұлшық ет аппаратын басқарудың орталық-жүйкелік координациялық механизмдері - бұлшық ет ішілік және бұлшық ет аралық координация механизмдері жиынтығы жатады. Бұлшық ет ішілік координация механизмдері сол бұлшық еттердегі мотонейрондар импульсациясы саны мен жиілігін және олардың импульсациясының уақытпен байланысын анықтайды. ОЖЖ осы механизмдер көмегімен сол бұлшық еттердің МЕК реттейді, яғни осы бұлшық еттердің ерікті жиырылу күшінің қаншалықты оның МК-не жуықтығын анықтайды. Кез келген бұлшық ет тобының, тіпті бір буынның МЕК көрсеткіші көптеген бұлшық еттердің жиырылуы күшіне тәуелді болады. Бұлшық ет аралық кординация сол және басқа буындардағы қажетсіз антагонист бұлшық еттер белсенділігіне шек қоюда, қажет синергист бұлшық еттерді адекватты (барабар) таңдауда, аралас және т.б. буындардың бекітілуін қамтамасыз ететін антагонист бұлшық еттер белсенділігінің күшеюінде көрінеді. Сонымен, бұлшық еттердің МЕК көрінуі талап етілетін кездерде оларды басқару ОЖЖ үшін күрделі міндет болып табылады. Осыдан кәдімгі жағдайларда бұлшық еттің МЕК олардың МК-не қарағанда неліктен азырақ екені түсінікті. Бұлшық еттің МК мен олардың МЕК арасындағы айырмашылық күштік тапшылық (мұқтаждық) деп аталады. Бұлшық ет аппаратын орталық басқару неғұрлым жетілдірілген сайын сол бұлшық ет тобының күштік тапшылығы соғұрлым аз болады. Күштік тапшылық мөлшері үш факторларға байланысты:
1. адамның психологиялық, эмоционалдық күйіне;
2. бір мезгілде белсендірілетін бұлшық ет топтарының қажетті санына;
3. оларды ерікті басқарудың жетілдіру дәрежесіне. Бірінші фактор.
Адам кейбір эмоционалдық күй кезінде кәдімгі жағдайдағы оның максималды мүмкіндіктерінен асып түсетін күшті көрсете алатыны белгілі. Мұндай эмоционалдық (стрестік) күйге соның ішінде спортшының жарыс кезіндегі күйі де жатады. Эксперименттік жағдайларда МЕК көрсеткішінің айтарлықтай жоғарылауы, яғни күштік тапшылықтың азаюы зерттелушінің күшті эмоционалдық реакциясын тудыратын жағдайларда, оның күшті мотивациясы (әуестігі) кезінде байқалады. Мысалы, күтпеген қатты дыбыстан соң және де гипноз, кейбір дәрілік препараттарды қабылдаған кездерде де аңғарылады. Мұнда оң әсер (МЕК артуы, күштік тапшылықтың төмендеуі) жаттықпаған адамдарда күшті, ал жақсы жаттыққан спортшыларда әлсіз көрінеді немесе мүлдем көрінбейді.Бұл спортшыларда бұлшық ет аппаратын орталық басқарудың жетілуінің жоғары дәрежесін көрсетеді. Екінші фактор. Бірдей жағдайларда күштік тапшылық мөлшерін өлшеу неғұрлым бір мезгілде жиырылған бұлшық ет тобының саны көп болған сайын соғұрлым жоғары болады. Мысалы, тек қолдың бас бармағы иілуіне әкелетін бұлшық еттің МЕК өлшеген кезде түрлі зерттелушілерде осы бұлшық еттердің МК-нен 5-15% күштік тапшылық құрайды. Бас бармақ және оның шынашағының (фалангасының) бүгілуіне әкелетін бұлшық еттің МЕК анықтау кезінде күштік тапшылық 20% дейін артқан. Балтыр бұлшық еттері көп топтарының максималды ерікті жиырылуы кезінде күштік тапшылық 30% тең. Үшінші фактордың маңызы түрлі эксперименттермен дәлелденген. Мысалы, аяқ-қолдың белгілі бір қалпында жүргізілген изометриялық жаттықтыру сол қалпында өлшенген МЕК айтарлықтай жоғарылауына әкеледі. Егер өлшеу аяқ-қолдың басқа қалпында жүргізілсе, онда МЕК жоғарылауы айтарлықтай болмайды немесе мүлдем өспейді. Егер МЕК өсуі жаттыққан бұлшық еттердің (шеткі фактор) көлденең қимасының артуына ғана байланысты болса, онда ол аяқ-қолдың кез келген қалпында өлшеу кезінде байқалушы еді. Сәйкесінше, аталмыш жағдайда МЕК өсуі жаттығуға дейінгіге қарағанда дәл сол жаттыққан қалыпта неғұрлым жетілген бұлшық ет аппаратын орталық басқаруға байланысты. Координациялық фактор рөлі салыстырмалы ерік күші көрсеткішін анықтау кезінде де айқындалады. Ол МЕК көрсеткішін бұлшық ет көлденең қимасының мөлшеріне бөлумен анықталады. Изометриялық жаттығуларды қолдана отырып 100 күндік жаттықтырудан кейін жаттыққан қол бұлшық етінің МЕК 92%-ға, ал олардың көлденең қимасы ауданы 23%-ға өсті. Сәйкесінше салыстырмалы ерік күші орташа 6,3-тен 10 кгсм² дейін артты. Сонымен жүйелі жаттықтыру бұлшық етті ерікті басқарудың жетілуіне мүмкіндік жасайды. Жаттықпаған қол бұлшық етінің МЕК бұл қолдың бұлшық ет көлденең қимасының ауданы өзгермесе де соңғы фактор есебінен біршамаға артты. Бұл бұлшық еттерді неғұрлым жетілген орталық басқару симметриялық бұлшық ет топтарына қатысты көрінуі мүмкін екенін көрсетеді. Мұны жаттықтыру әсерін тасымалдау құбылысы дейді. Бұлшық еттің жылдам қозғалыс бірліктеріне ең жоғары табалдырық күші тән екені белгілі. Олардың бұлшық еттердің жалпы ширығуына үлесі мол, себебі олардың әрқайсысы көп бұлшық ет талшықтары құралады. Жылдам бұлшық ет талшықтарында көп миофибрилдер бар, жуандау және сондықтан олардың жиырылу күші баяу қозғалыс бірліктеріне қарағанда жоғары. Осыдан неліктен МЕК бұлшық ет композицияларына тәуелді екені түсінікті, яғни оларда неғұрлым жылдам бұлшық ет талшықтары көп болса, соғұрлым олардың МЕК жоғары болады. Спортшының алдында жарыс жаттығуларын орындау кезінде айтарлықтай бұлшық ет күшін дамыту міндеті тұрса, онда ол жаттықтыру кезінде жоғары бұлшық ет күшімен (оның МЕК 70%-дан аз емес) орындалатын жаттығуларды жүйелі түрде қолданып отыру керек. Бұлжағдайда бұлшық етті ерікті басқару, атап айтқанда негізгі бұлшық еттердің қозғалыс бірліктерінің, соның ішінде неғұрлым табалдырық күші жоғары, жылдам қозғалыс бірліктерінің көп мөлшерінің қатысуын қамтамасыз ететін бұлшық ет ішілік координация механизмдері жетіле түседі. Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігінің байланысы. Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігі (локалды төзімділік) көрсеткіштері арасында күрделі байланыс бар. Сол бір бұлшық ет тобының МЕК мен статикалық төзімділігі тура тәуелділікте байланысты: сол бұлшық ет тобының МЕК көп болған сайын соншалықты таңдалған күштенуді ұзақ ұстап тұруға болады (абсолютті локалды төзімділік). Түрлі зерттелушілерде бірдей салыстырмалы бұлшық ет (мысалы олардың МЕК- нен 60%) күштенуін дамытатын ерікті күш пен төзімділік арасындағы басқа байланыс эксперименттерде байқалған. Мұнда зерттелуші күшті болған сайын соғұрлым ол абсолютті мөлшері бойынша бұл күштенуді көбірек ұстап тұра алады. Бұл жағдайларда жұмыстың орташа шекті уақыты көбіне МЕК әр түрлі адамдарда бірдей болады (салыстырмалы локалды төзімділік). МЕК мен динамикалық төзімділік көрсеткіштері түрлі мамандандырылған спортшылар мен спортпен шұғылданбайтын адамдарда тура байланыста болмайды. Мысалы, ерлер арасындағы сияқты әйелдер арасында да диск лақтырушылардың аяқ бұлшық еттері неғұрлым күштірек, бірақ оларда динамикалық локалды төзімділік көрсеткіштері ең төмен болады. Орташа және ұзақ арақашықтықта жүгіретін желаяқтардың аяқ бұлшық еттерінің күші бойынша спортпен шұғылданбайтын адамдардан еш айырмашылығы жоқ, бірақ алғашқыларында динамикалық локалды төзімділік ерекше жоғары. Сонымен қатар оларда қол бұлшық еттерінің жоғары динамикалық төзімділігі байқалмаған. Бұлардың барлығы жаттықтыру әсерінің жоғары арнайылығын көрсетеді: спортшының жаттықтыру кезінде негізгі болып табылатын бұлшық еттердің функционалдық қасиеттері барлығынан көбірек жоғарылайды. Бұлшық ет күшін дамытуға бағытталған жаттықтыру бұлшық ет төзімділігіне айтарлықтай аз ықпал ете отырып, бұл сапаны арттыруға мүмкіндейтін механизмдерді жетілдіреді және керісінше.
Бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы. Бұлшық ет күші оның (жуандығына) көлденеңіне байланысты болғандықтан оның артуы сол бұлшық еттердің күшінің өсуімен сипатталады. Денені жаттықтыру нәтижесінде бұлшық ет көлденеңінің ұлғаюы бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы (гр. гипер-артық, көп, трофос-қоректену) деп аталады. Жоғары мамандандырылған ажыратылған жасуша болып табылатын бұлшық ет талшығы жаңа талшықтарды түзе отырып жасушалық бөлінуге қабілетті емес. Қандай жағдай болса да бұлшық ет жасушаларының бөлінуі орын алса, онда ол тек ерекше жағдайда және өте аз мөлшерде болады. Бұлшық ет жұмысы гипертрофиясы сондағы бұлшық ет талшықтарының жуандауы (көлемінің артуы) есебінен жүреді. Бұлшық ет талшықтарының айтарлықтай жуандауы кезінде жалпы сіңірлермен еншілес талшықтар түзе отырып,олардың механикалық бойлай ыдырауы мүмкін. Күштік жаттықтыру процесінде бойлай ыдыраған талшықтар саны артады. Бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының екі типін бөліп көрсетуге болады: саркоплазмалық және миофибрилдік. Саркоплазмалық жұмыс гипертрофиясы дегеніміз бұлшық ет талшықтарының көбіне саркоплазма көлемінің, яғни оның жиырылмайтын бөлімінің артуы есебінен жуандауы. Бұл тип гипертрофиясы жиырылмайтын, атап айтқанда бұлшық ет талшықтары митохондриялық белоктары және гликоген, азотсыз заттар, креатинфосфат, миоглобин т.б. сияқты метаболикалық резерв мөлшерінің жоғарылауы есебінен жүреді. Жаттықтыру нәтижесінде капиллярлардың санының айтарлықтай артуы да бұлшық еттердің кейбір жуандауын тудыруы мүмкін. Саркоплазмалық гипертрофияға баяу (І) және жылдам тотығытын (ІІ-А) талшықтар неғұрлым бейім келеді. Бұл тип жұмыс гипертрофиясы бұлшық ет күшінің өсуіне аз ықпал етеді, бірақ есесіне ұзақ жұмысқа қабілеттіліктерін айтарлықтай жоғарылатады, яғни олардың төзімділігін арттырады. Миофибрилдік жұмыс гипертрофиясы миофибрилдер саны мен көлемінің артуымен, яғни бұлшық ет талшықтарының меншікті-жиырылу аппаратымен байланысты. Мұнда бұлшық ет талшықтарында миофибрилдердің орналасу тығыздығы артады. Мұндай бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясы бұлшық еттердің максималды күшінің (МК) айтарлықтай өсуіне әкеледі. Және де бұлшық еттердің абсолюттік күші айтарлықтай артады, ал бірінші типті жұмыс гипертрофиясы кезінде ол мүлдем өзгермейді немесе тіпті біраз төмендейді. Миофибрилді гипертрофияға жылдам (ІІ-В) бұлшық ет талшықтары барынша бейім келеді. Бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы нақты жағдайларда олардың біреуі басым келетін екі аталған типтің комбинациясы ретінде болады. Жұмыс гипертрофиясының бірінші немесе екінші типінің дамуы бұлшық етті жаттықтыру сипатымен анықталады. Бұлшық етке салыстырмалы кішкене күш жүктемесімен әсер ету арқылы төзімділікті дамытатын ұзақ динамикалық жаттығулар ең алдымен жұмыс гипертрофиясының бірінші типін тудырады. Көп бұлшық ет (жаттықтырылған бұлшық ет тобының МЕК- нен 70% аса) күштенуімен жүретін жаттығулар, керісінше жұмыс гипертрофиясының екінші типінің айрықша дамуын мүмкіндейді. Жұмыс гипертрофиясының негізінде бұлшық ет белоктарының қарқынды синтезі және аздаған ыдырауы жатады. Сәйкесінше гипертрофияланған бұлшық етте ДНҚ және РНҚ концентрациялары қалыпты бұлшық етке қарағанда көп болады. Мөлшері жиырылатын бұлшық етте артатын креатин актин мен миозиннің синтезделуін күшейте отырып, осылайша бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының дамуына әкеледі. Бұлшық ет массасының көлемін реттеуде, атап айтқанда бұлшық ет гипертрофиясының дамуында аталық жыныс гормондары - андрогендер өте маңызды рөл атқарады. Ерлерде олар жыныс бездерінде және бүйрекүсті безінің қыртыс бөлімінде, ал әйелдерде бүйрекүсті безі қыртысында ғанаөндіріледі. Осыған сәйкес ерлер организмдерінде әйелдерге қарағанда андрогендер мөлшері көп. Бұлшық ет массасының ұлғаюындағы андрогендердің рөлі келесідей көрінеді. Бұлшық ет массасының жасқа байланысты дамуы андрогендер гормондардың өндірілуінің ұлғаюымен қатар жүреді. Бірінші елеулі көзге түсетіндей бұлшық ет талшықтарының жуандауы андрогендердің түзілуі күшейетін 6-7 жаста байқалады. Жыныстық жетілу басталуымен ұлдарда 11-15 жаста және одан кейінгі кезеңдерде де жалғасатын бұлшық ет массасының қарқынды өсуі басталады. Қыздарда бұлшық ет массасының дамуы негізінен жыныстық жетілу кезеңінде тоқталады. Мектеп жасында бұлшық ет күшінің өсуі де осыған сәйкес сипатта болады. Тіпті күш көрсеткіштерін дене өлшемімен коррекциялаудан кейін де күштік көрсеткіштер ересек әйелдерде ерлерге қарағанда төмен болады. Сонымен қатар егер әйелдерде кейбір сырқаттар нәтижесінде бүйрекүсті бездердің андрогендер бөлуі күшейе түссе, жақсы дамыған бұлшық ет рельефі пайда болады, бұлшық ет күші артады. Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде андрогендік гормондар (анаболик) препараттарын енгізу бұлшық ет белоктары синтезінің айтарлықтай интенсификациясын тудыратыны дәлелденген. Нәтижесінде жаттықтырылған бұлшық ет массасы және олардың күші артқан. Сонымен бірге қаңқа бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы андрогендік және басқа гормондардың (өсу гормондары, инсулин, тиреоидты гормондар) қатысуынсыз да жүруі мүмкін. Басқа жаттықтыру түрлері сияқты күштік жаттықтыру да бұлшық еттердегі жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының екі негізгі типтерінің арақатынасын өзгертпейді. Сонымен қатар ол жылдам гликолитикалық (ЖГ) талшықтар пайызын арттыра және сәйкесінше жылдам тотығу-гликолитикалық талшықтар (ЖТГ) пайызын азайта отырып екі жылдам талшықтар түрінің арақатынасын өзгертуге қабілетті келеді. Мұнда күштік жаттықтыру нәтижесінде баяу тотығытын талшықтарға (БТ) қарағанда жылдам бұлшық ет талшықтарының гипертрофия дәрежесі айтарлықтай жоғары. Ал төзімділікке жаттықтыру гипертрофияға бірінші кезекте баяу талшықтарды әкеледі. Бұл айырмашылықтар бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының дәрежесі жаттықтыру процесіне оның қолдану шамасына сияқты оның гипертрофияға ұшырау қабілеттілігіне де тәуелді екенін көрсетеді. Күштік жаттықтыру жылдам бұлшық ет талшықтары сияқты баяу бұлшық ет талшықтары да қатысатын қайталана максималды немесе оған жуық бұлшық ет жиырылуының салыстырмалы аз санымен байланысты. Бірақ аз қайталаудың өзі жылдам талшықтардың жұмыс гипертрофиясының дамуы үшін жеткілікті. Бұл жылдам талшықтардың баяу талшықтармен салыстырғанда жұмыс гипертрофиясының дамуына аса бейім екенін көрсетеді. Бұлшық еттердегі жылдам талшықтардың жоғары пайызы бағытталған күштік жаттықтыру кезіндегі бұлшық ет күшінің айтарлықтай өсуі үшін маңызды алғы шарты болып табылады. Сондықтан бұлшықеттеріндегі жылдам талшықтардың пайызы жоғары болатын адамдар күш пен қуаттылықты дамыту үшін неғұрлым жоғары потенциалдық мүмкіндіктерге ие. Төзімділікке жаттықтыру салыстырмалы аз күшті бұлшық ет жиырылуының қайталануының көп болуымен байланысты. Бұл негізінен баяу бұлшық ет талшықтарының белсенділігімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан жылдам, әсіресе жылдам гликолитикалық талшықтардың гипертрофиясымен салыстырғанда осы жаттықтыру түрінде баяу бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының неғұрлым айқын көрінуі түсінікті.
2. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялык, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар. Жылдамдықты- күштік сапаның (қуаттылықтың) физиологиялық негіздері Максималды қуаттылық (кейде жарылыс қуаттылығы деп те атайды) күш пен жылдамдықтың оптималды үйлесуі болып табылады. Қуаттылық лақтыру, секіру, қысқа қашықтыққа жүгіру, күрес сияқты көптеген спорттық жаттығуларда көрінеді. Спортшы неғұрлым қуаттылығын жоғары дамытса соғұрлым оның снарядты лақтыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылдамдық қабілеттерін дамыту негіздері
Жылдамдықты дамыту жаттығулары
Аяқты сырттан шалу
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Жүгіруден арақашықтық бойынша жаттығу
Дзюдошы – студенттердің дене қасиеттерін жетілдіру әдістері
Самбо күресінен спорт мектептерінде қосымша спорттық білім берудің педагогикалық негіздері
Химиялық реакциялардың энергетикасы
Қозғалыс сапалары кезеңдері
КҮШТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ДАЯРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КҮРЕСТІҢ РӨЛІ
Пәндер