Жануарлардағы аусылдың әледегі таралу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
1
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
2
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
3.1
Этиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
3.2
Жануарлардағы аусылдың әледегі таралу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
8
3.3
Эпидемиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
4
Патологогиялық анатомиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
5
Аусылды балау және емдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
5.1
Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
5.2
Иммунитет ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
6
Аусыл ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

18
6.1
Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

21
6.2
ЖАО ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
6.3
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспектор ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

23
6.4
Қолайсыз пунктте ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

24
6.5
Кәсіпорындарда аусылдың таралуын болдырмау ... ... ... ... ... ... .. ... ..
26
6.7
Аусыл бойынша қолайлы аймақта жүргізілетін іс-шаралар ... ... ... ...
27
7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28
8
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
Мазмұны

Кіріспе
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың инфекциялық және инвазиялық ауруларының алдын алу. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2010-2011 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы бОлғандыктан онын құрамдас бөлігінің бірі -- ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Аусыл -- жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Бұл аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол енеке, антилопа және т.б. ауырады. Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары, желін, тұяқ арасы, жұлық, миокард, бұлшық еттің везикулярлы күлдіреуікті зақымдануларымен сипатталады. Табиғи жағдайларда аусыл вирустарын ірі қара, қой, ешкі, шошқа қабылдағыш келеді. Әсіресе, жас төлдер бұзаулар мен торайлардың ауруға бейімділігі өте көп болады. Аусылмен буйболдар, бұғылар, бұландар, қабандар, бөкендер де ауырады. Ал, жылқы мен тауыққа аусыл жұқпайды.
Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде (Қорқыт Ата кітабында) айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады. Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас үшін тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен жараға сортаң балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп ысады. Ал оңтүстіктегі қазақтар тілдің астындағы көк тамыр мен таңдайды жуан бізбен шабақтап қанататын болған. Аяғына шыққан аусыл жарасына қотыр майын (карбол қышқылын қазақ арасындағы атауы) жағады. Аусылдың түйеде қағын және теңге деген түрі бар. Теңге тиген малдың тілінде дөңгелек, қызыл жаралар пайда болып, жұтқыншаққа қарай шабады. Ондайда мал аузын тұз араласқан шайырмен ысқылап, сиырдың шикі сүтін тамызады. Түйе аусылы Торғай облысының Ақтөбе, Николаевск уездерінде жиірек, Ырғыз бен Торғайда аз кездесетін себебін жергілікті қазақтар соңғы уезд аумағында ащы оттың басым екендігімен байланыстырған.
Аусылдан сақтану үшін ауырған сиыр сілекейін ыдысқа жинап алып, сумен сұйылтып, жас торпақтардың аузына жағу арқылы індет зілін жеңілдетуге жағдай жасайды. Аусылдан сақтандыру үшін әртүрлі вакциналар мен гипериммунды қан сарысуы қолданылады. Ауырып жазылған малда пайда болған иммунитет 1 жылға созылады. Аусылдың бip типпен ауырған мал басқа типтерден сақтай алмайды. Яғни вирустың басқа түрлеріне қарсы иммунитет пайда болмайды Негізінен аусыл вирусын жұқтырушы көздері -- ауру немесе ауырып жазылған мал болады. Ауырып жазылған малдың организмінде аусылдың вирусы 8-12 ай бойы сақталады. Мұндай малдың ет өнімінде де аусылдың вирусы болады. Ауру малдың организмiнен вирустар сыртқа сілекейі, несебі, сүті, нәжісі арқылы шығады Курстық жұмыстың мақсаты -- аусыл ауруына қарсы ветеринариялық санитариялық іс-шараларын зерттеу.

Әдебиетке шолу
Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады. Вирус Леффлер және т. б. 1898 ж. ашылған.
1546 жылы ол ірі қара малға зақым келген және аусылға тән белгілермен қоса жүретін ауруды сипаттады. Неміс зерттеушілері аусылдың қоздырғышы вирус екенін анықтады. Олар микробиологияда жаңа дәуірді ашып, ветеринариялық және медициналық вирусологиядан бастау алды. Аусыл вирусының көптеген түрлерін француз ғалымдары А. Карре мен А. Балле 1922 жылы орнатты. Пруссияда, Жоғарғы санитарлық алқаның ресми қаулысына сәйкес, ірі қара малдың аусылына қарсы егу жүргізілді. Оның принципі дені сау жануарлардың аусылымен жұғу болып табылады, ол арқылы арқасының астына ауру жануарлардың сілекейіне суланған мақта-мата жіп енгізген. Ресейде аусылға қарсы малдарды егу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (1909), сілекей ауру жануарлардың сілекейіне суланған жіптің құлақ қабыршағы арқылы тартылуы ұсынылды. Жануарлардың аусылдың ерекше алдын алу үшін алғашқы вакцинаны 1934 жылы Ф. И. Ганзен мен В. Иенсен алды. Аусылдың эпизоотиясы мен панзоотиясы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде КСРО аумағында бірнеше рет байқалды. Осының барлығы аусылмен күрес жөніндегі іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу, ветеринариялық қызметтің, ғалымдар мен тәжірибелік мамандардың осындай қауіпті ауруды жою және алдын алу бойынша күш-жігерін шоғырландыру қажеттігін талап етті. Осы мақсатта 1958 ж. КСРО АШМ Бүкілресейлік аусыл ғылыми - зерттеу институты, қазіргі федералды мемлекеттік мекеме "жануарлар денсаулығын қорғау Федералдық орталығы" (ФГУ "ВНИИЗЖ") құрылды. 1995 жылы "ВНИИЗЖ" ФГУ ХЭБ "Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ елдері үшін аусыл бойынша ХЭБ аймақтық референттік зертханасы"халықаралық мәртебесі берілді. Аталған зертхана аусылдың алдын алу жөніндегі іс-шараларды Беларусь Республикасында ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
ҚР ауылшаруашылығы жануарларының аусыл ауруы бойынша 1971-2012 жж аралығында сау емес елді мекендер тіркелу динамикасына қарап сау емес мекендер саны 1971-1974 жж кезеңінде максималды болған , осы кезеңде инфекцияның 281 ошағы тіркелінген, сосын 2001 ж дейін осы көрсеткеіштің төқмендеуі орын алады, яғни ауру спорадиялық сипатта өрбиді, ал сосын 2007 ж дейін тыныштық байқалған.
ҚР аумағында аусыл таралу ауқымын анықтау жұмыстары көрсеткеніндей 1971-2012 жж кезеңінде аусыл бойынша ең сау емес Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстары саналады, мұнда сау емес елді мекендер саны тиісінше 104 және 158 болған.
Ал, аусыл бойынша сау емес елді-мекендер санын тіркеу көрсетуінше 2007 ж ауру өршуі бой алған әрі осы көрініс өсетіні байқалған. Өкінішке орай мұнан кейінгі жылдары бұл қауіп расталды да келесі 4 жылда республикада жаңа аусыл ошақтарын тіркелуінің оң динамикасы байқалды, айта кетері ауру байқалулары еліміздің орасан зор қашықтықтарды қамтитын әр өңірлерінде байқалған.
Мысалы, 2007 жылы аусыл байқалуының 1 оқиғасы тіркелінсе (Ақмола облысы), 2011 жылы 6 жаңа ошақ тіркелген (2 - Батыс-Қазақстан және 4 - Шығыс-Қазақстан облыстарында). Ал, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында республика Шығыс-Қазақстан, 4 - Алматы және 3 - Жамбыл облыстарында)
Қазақстан Республикасы аумағында 2000-2010 жылдар аралығында аусылдан 18 сау емес елді мекен тіркелінген . Негізінен осындай мекендер Қазақстаннның оңтүстік-шығыс өңірлерінде байқалған.
- ауру пайда болып, таралуының жоғары дәрежедегі қауіпті аймағы (Атырау, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары);
- орташа қауіп дәрежесіндегі аймақ, ол аусыл бойынша біршама сау болуымен сипатталып, таралу алмайтын бірен-саран ауру ошағының тіркелуі түрінде байқалады;
- ауру пайда болып, таралуының жоғары дәрежедегі қауіпті аймағы, оған малшаруашылығын жайылым пайдалана отырып жүргізу жүйесі және шекаралас мемлекеттермен тығыз қатынаста болу тән.
Осы аталған аймақтардың бәрінде аусыл ауруының байқалу қауіптерінің тұрақты (перманентті) аумақтарын аса бөлініп көрсетілген: шекаралас мемлекеттермен шектесетін аудандар; аусыл ауруы вирусымен жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен мекемелер төңірегіндегі аумақтар; халықаралық әуежайлар маңайындағы аудандар; жануар текті импорттық шикізаттарды өңдеумен айналысатын теміржол стансалары, еткомбинаттары және кәсіпорындары; республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы елді-мекендер.
Эпизоотологияда аймақтарға бөлуді аумақтарды жануар аурулары таралу қарқынына байланысты және табиғи ошақтардың кеңістіктік құрылымдарына қатысты аймақтарға бөлу деген түсінік қалыптасқан.
ХЭБ жер беті жануарларының жерүсті санитариялық кодексіне сәйкес (2003 ж.): Аймақтарға бөлу дегеніміз - халықаралық сауда-саттық үдерісін жүргізу мақсатында елдегі географиялық аумақты өзінің ветеринариялық-санитарлық статусына сәйкес бөлуі

Негізгі бөлім
Этиологиясы
Қоздырушысы - Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.
Төзімділігі. Вирус эфир мен хлороформға төзімді. 1% фенол ерітіндісі мен 75° этил спирті белсенділігін жоймайды. Лизол мен толуолдың басқа вирустар мен бактерияларды өлтіретін концентрациясына төтеп береді. Ол ортаның рН-на сезімтал. 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық қасиетін тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктің қабығында вирустың төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жайылымда келесі жылғы жайылым маусымына дейін сақталады, сарқын суда жылдың суық мезгілінде 100 күннен артық, жаздың күні 21, күзде 49 күн сақталады. Малдың үстіндегі жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде 70 күнге дейін сақталады. Сүтте аусылдың вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-та 15 минутта, 80-100°С-та бірнеше секундта белсенділігін жояды. Сойылған малдың етінде вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт қышқылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Тұздалған және кептірілген өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады.
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі қолданылатын хлорлы әк (5%), фенол (1%) және креолин (5%) ерітінділері бірнеше сағаттан соң ғана өлтіреді. Ең жақсы дезинфектант 1-2 % формаль- дегид, 2 % күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30 минут ішінде өлтіреді.

Жануарлардағы аусылдың әледегі таралу

Қандай да бір географиялық аймақтағы кез-келген инфекциялық аурудың эпизоотиялық жағдайы тұрақты, біркелкі болмайтыны белгілі, себебі эпизоотиялық жағдайға әрдайым оның басты және қосымша қозғаушы күштері әсерін тигізіп отырады.
Әлемдегі аусыл бойынша 2011 жылы эпизоотиялық жағдай күрделі де қауырт болып қала беруін жалғастырған. Аталған аурумен күресу тұрғысындағы қарқынды халықаралық, өңірлік және ұлттық шараларға қарамастан әлемнің 100 астам дамыған елдері аусылдан сау болмай отыр, бұл жануарлар мен жануар текті өнімдерді, шикізаттардың сауда саттығындағы тежеуілдеуші факторды құрайды.
Ал, 2009 жылғы мәліметтер бойынша ХЭБ 174 мүшелері ішінде 64 мемлекет ХЭБ Халықаралық комитеті тарапынан вакцинациясыз аусылдан сау деп танылған. Ал, 1 мемлекет вакцинация жасалуын ескере отырып сау деп танылған, 5 мүше-елдің аумақтарында жекелеген өңірлерге қатысты аусылдан вакцинация қолдану арқылы сау аймақтар бар деп танылған. Вакцинациясыз аусылдан сау аймақтар статусы 10 ел мен олардың аумақтарына берілген. Африка мен Азия континентінің көптеген елдері аусылға қатысты эндемиялы болып қала беруде, ол елдерде жыл сайын инфекцияның жаңа ошақтары бой алып отырады.
Мәселен, жүргізілген талдау барысында 2011 жылы аусылдан жер шарының 4 континентіндегі 19 ел сау емес деп танылған: Еуропа, Азия, Африка және Оңтүстік Америка (5 кесте).
Бұл жерде ең қауырт эпизоотиялық жағдай Азия континентінде сақталып қалғанын атау керек, мәселен 10 сау емес елде 269 инфекция ошақтары тіркелінген, олардың 244 Солтүстік (139) және Оңтүстік Корея (105) үлесіне келеді.
Аусыл ауруы пайда болуының басты себебі - шекаралас сау емес елден енуі, ең алдымен жануарларды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды заңға қайшы жолдармен енгізу, кездейсоқ түрде жануарлардың жайылымдарда, су ішу орындарында байланысқа түсуінен, сонымен қатар туризм, сапар шегу, автотранспорттың, оның ішінде жүк көліктерінің көп мөлшерде енуі, адамдардың жаппай қоныс аударулары, соғыс конфликтері т.б. Аурудың таралуына жеткіліксіз иммундық жағдай немесе оның жануарлар бойында аусылға қарсы профилактикалық вакциналаудың қысқартылуынан (жартылай өткізілуі), я болмаса мүлдем болмауынан иммунитеттің қалыптаспауы ықпал етеді.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы жануарларының аусылы эпизоотологтар мен инфекция танушы мамандар үшін басты мәселелердің біріне айналып отыр.
Инфекция таралу ареалы шекараларының кеңейуі негізінен өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру деңгейінің нашарлауына байланысты. Ұлыбритания, Франция, Нидерланды т.б. сынды әлемнің көптеген өңірлері ондаған жылдар бойы аталған аурудан ада болған, ал бірнеше апта ішінде эпизоотияның ауқымдылығын мойындауға мәжбүр болып, шұғыл эпизоотияға қарсы аусылды жою шараларын өткізе бастаған.
Көптеген елдердің басшылары жыл сайын АҚШ жүздеген миллион долларын инфекцияны жою мен оның одан әрі таралуының алдын алу шараларына жұмсайды. Бүкіл әлемнің эпидемиологтары аса қауіпті аурулар пайда болуына, таралуына жолбермейтін, жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы қолданылып келген шаралар жүйесін қайта қарастыру кезеңі жеткенін түсінді. Әлемде өтіп жатқан ішкі саяси, геосаяси және экономикалық өзгерістер қазіргі жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық шараларды өткізу үшін жаңа нормалар мен ережелер қабылдануы керектігі өзекті мәселе екендігін білдіре түсуде. Климаттық және географиялық бөгеттер жануарлар ауруларының таралуы үшін мемлекеттік шекараға қарағанда үлкен кедергі болып табылады, ал тұрғындар шоғырлануы тығыздығы, инфекция қоздырушыларының таралуы, жануарлардың аусып қозғалулары, мал шаруашылығын жүргізу әдістері тәрізді факторлар аурулар пайда болуына қатысты ұлттық, сондай-ақ халықаралық ауқымда да маңызды саналады.
Еуропада аусылға қарсы шектелінген жануар бастарын жүйелі вакцинациялау үш елде өткізіліп келген: Ресей, Албания, Швейцария. Ал, Оңтүстік Америка мен Азияның экономикалық тұрғыдан дамыған елдерінде жануарларды аусыл ауруына қарсы кеңінен вакцинациялау ісі қолданылып келеді. Кейбір аусыл ауруы үнемі тіркелетін, экономикалық тұрғыдан дамыуы кеш қалған елдерде вакцинаны шектелген түрде ғана пайдаланады немесе тек асыл тұқымды жануарларды ғана иммунизациялайды, ауырған жануарларды емдеу ісімен айналысып сауыққандарын табындарда қалдырып отырады. Орын алып отырған жағдайда осылай жасалуы мәжбүрлі болып отырған аталған стратегия, осы елдердің барлық аумақтары бірнеше жылдар бойы аусыл ауруынан стационарлық сау емес деп танылуына әкеліп соқтырады.
Қазіргі уақытта әлемнің әр елдерінде аусылмен күресу және оны профилактикалау бойынша негізгі үш шаралар жүйесі өткізіледі:
- жануарларды вакцинациялау саясатынан бас тарту, ал аусыл орын алған жағдайда - сау емес елді мекендерде және қауіп төнген аймақтарда қатаң карантиндік шараларды ұстана отырып барлық сезімтал жануар бастарын ауру ошақтарында ("стемпинг-аут") сою (жою) шараларын өткізу;
- жануарларды профилактикалық иммунизациялаудан бас тарту, ал аусыл орын алған кездері - ауру байқалу ошағында лажсыз айналдыра вакцинация өткізу арқылы жануарларды сою (жою) шараларын өткізу;
- жалпы ел аумағында немесе белгілі бір аймақтарда жануарларды жүйелі профилактикалық иммунизациялау, ал аусыл орын алған жағдайда - айналдыра вакцинациялау өткізу арқылы ауру жануарларды сою (жою) шараларын өткізу.
Аусылға қарсы өткізілетін қандай да бір шаралар жүйесінің тиімділігіне қатысты ХЭБ ресми материалдарына салыстырмалы талдау жасаған кезде эпизоотологиялық негізделген, рационалды және экономикалық тиімдісі барлық ел аумағында, немесе белгілі бір аймағында жануарларды жүйелі профилактикалық иммунизациялау шарасын өткізу, ал аусыл орын ала қалған жағдайда - айналдыра вакцинациялау өткізу арқылы ауру жануарларды сою (жою) шарасын жүргізу ең тиімді екендігін дәлелдеп берген. Аусылға қарсы жүргізілетін шаралардың тиімді болуы диагноз қою жылдамдығына, яғни диагностикалық зерттеулердің тиімді өткізілуіне байланысты екенін де атап өткен жөн.
Аусылдың таралуы көбіне шаруашылық және экономикалық байланыстарға, мал шаруашылығын жүргізу әдісіне, жануарлар орналасу тығыздығына, тұрғындардың қоныс аудару дәрежесіне, азықтарды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды дайындау, сақтау және өңдеу жағдайларына байланысты өтеді. Жайылымдық мал шаруашылығы жүргізілуі аймақтарында аусыл аууруы байқалулары мерзімдік жайылымдарға айдап жеткізу кезеңдеріне тап келіп жатады. Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан Республикасымен шекараласатын аусылдан сау емес елдер елімізге аталған аурудың халықаралық байланыстар есебінен, сонымен қатар қоныс аударатын жануарлармен, жыл құстарымен ену қауіпі көздері болып саналады.
Аусылдың байқалып, таралуында маңызды фактор жабайы жануарлар екені де белгілі. Әлемнің көптеген елдерінде аталған аурудың орын алуы жабайы жұптұяқтылармен байланысты. Жабайы тұяқты жануарлар, әсіресе бөкендер көптеп тіркелетін елдер, өңірлер аусыл бойынша инфекция ошақтары болып табылады.
Сондай-ақ, аусыл таралуына әсер ететін тағы бір жайт континт ішіндегі жабайы жануарлардың көптеген елдердің аумақтары арқылы алыс қашықтықтарға қоныс адарып отыруы.

Эпидемиологиясы
Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы жэне көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусыл-мен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл қоздырушысының бастауы - ауырған, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі жэне вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қоражай, әр түрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар, малды өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді.
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі.
Ол жағдайда жүрек қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады да, мал қатты күйзелген жағдайда болады. Әсіресе маститтің жіті түрі жиі байқалып, сүт беруін тоқтатып, мал жатып қалады. Аусыл қатерлі өрбігенде 7-14-ші күндерінде мал кенеттен өліп, өлім 70-100%-ға жетеді. Аусылдың қатерлі өрбуі әсіресе жас төлде жиі кездеседі. Бұзаудың денесінің ыстығы көтеріліп, қатты әлсіреп, күйзеледі, кейде гастроэнтерит, тахикардия, жүрек параличі байқалады. Ауырған бұзау әдетте 12-36 сағат ішінде миокардиттің әсерінен өліп кетеді.

Патологогиялық анатомиясы

Аусылға ерекше тән өзгерістер - көп қабатты эпителиймен жабылған кілегейлі қабықтарда афталардың (везикулалық бөртпе) пайда болуы. Афта -сопақша немесе жарты шар пішінді, әркелкі көлемді күлдіреуік. Өте майда көкпәр түйіріндей афталар қойдың ауыз куысы кілегейлі қабығында, өте көлемді - тауық жұмыртқасындай афталар ірі қара малдың тілінде және тұмсығында байқалады. Афта қуысы сұйықпен толған. Бұл сұйық мөлдір, сарғышта, лайсаңда (лейкоциттер араласқанда), кызғылтта (эритроциттер араласқанда) болады. Афта ішіндегі экссудат молайып, қысымның артуы, механикалық әсерлер (күйіс қайтару, азықты шайнау, т.6.) афтолардың жарылып, сұйықтың төгілуіне әкеледі. Афталар орнындагы қып-қызыл әркелкі пішінді ойдымдар көп ұзамай әуелі катарлы ipiңді экссудатпен, сосын сарғыш-қоңыр қабыршақпен бүркеледі. Қолайлы болған жағдайда, 7-10 күн ішінде ойдымдар жазылып кетеді де, олардың ойпаңдау орны жарты жыл бойы куқыл түсімен ерекшелінеді. Іріңдеткіш бактериялардың, некроз бактерияларының әсерінен сырқаттық процесс кейде асқынып, іріңді қабынуға, ойылымдарға ұласады да, кейін тыр-тықтанып барып жазылады.
Көбінесе вирус тек көп қабатты эпителийді ғана закымдап, мал 3-4 апта ішінде сауығып кетеді. Бұл қатерсіз аусылдан байқалатын бірен-саран жануар өлімі сырқаттық процестің асқынуына байланысты болады. Мысалы, аңқасы зақымданған мал шөп жеп, су ішкенде қақaлып-шашалуы салдарынан аспирациялық бронхопневмонияға ұшырап барып өлуі мүмкін. Күлдіреуіктер мен ойдымдар тілдің ұшын, бетін, қызыл иекті, таңдайды, ерінді, ұртты зақымдайды. Күлдіреуіктердің бір-біріне қосылуы кейде тіл беті мен өңештің жұтқыншаққа жалғасып жатқан жерлері жамылғы эйтелийінің түгел сыдырылып түсуіне әкеледі. Мес қарындағы азықпен қажалған афталар жарылып тез арада ойдымдарға айналады, ал жалбыршақ қарындағы ойдымдар некроз бактериялары әсерінен өлі ошақтарға айналуы мүмкін. Ұлтабар мен аш ішектің кілегейлі қабықтары катарлы, қатарлы-қанараласа қабынып, қызарады, ісінеді, көптеген нүкте қанталауларға ұшырайды. Ұлтабардың кілегейлі қабығында ойылымдар мен қара-қошқыл қабыршақтар болуы мүмін. Қанның араласуынан бұл мүшелердегі сұйық әдетте қызғылт болады.
Кейде кеңсірік, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронх кілегейлі қабықтарында қанталаулар, кішкене күлдіреуіктер мен ойдымдар байқалады. Көкірек пен құрсақ қуыстары ылғалды қабықтары астында, эпикардта, эндокардта нүкте және жолақ қанталаулар кездеседі. Өкпе әдетте қаны молайып, қызарады, домбығады, интерстицийлік эмфиземаға ұшырайды. Әрдайым тұяқтар ашасында, жұлығында, майөкше терісінде туындайтын күлдіреуіктер механикалық себептер әсерлерінен тез жарылып, қып-қызыл баяу жазылатын ойдымдарга айналады. Тұяқтардың мүйізгек кебістері астындағы эпидермисте туындайтын күлдіреуіктер тұяқ терісінің серозды қабынуына, мүйізгек кебістің теріден бөлектенуіне әкеледі. Тұяқтар аймағындағы қабыну процесі зияндылығы шартты микробтар әрекетінен көбінесе ұшынып, тізеге, тілерсек буынға дейінгі аумақты қамтитын флегмона, іріңді артриттер туындауы, сүйектің өліге ұшырауы, тұяқтың мүйізгек кебісінің сыдырылып түсуі, олар септикопиемияға ұласып, малды өлімге әкелуі мүмкін. Терісі күлдіреуіктер мен зақымданған желiн паренхимасы әдете серозды қабынады, кейде процесс асқынып, іріңді мастит туындайды. Зақымданған мүшелерге өңірлік лимфалық түйіндер (бастағы, сирақ - аяқтардағы) әрдайым серозды қабынып, ұлғаяды, домбығады, қызарады.
Аусылдың бір-екі аптаға созылатын қатерлі түрі жүрек және қаңқа бұлшық еттерін көп ошақты альтеративтік қабынуға ұшыратып, көбінесе малдарды өлімге әкеледі. Мал өлімінің тікелей себебі - жүректің салдануы. Мұндай жануарларда, әсіресе бір-ер күнде өліп кететін бұзауларда, тері мен кілегейлі қабықтардың зақымдану деңгейі төмен болады. Альтеративтік миокардитке ұшыраған жүректің шымылдығын, сол жақ қарыншасы қабырғасын тіліп көргенде жүрек етінің көптеген сұрғылт немесе сұрғылт-сарғыш түсті, айқын шектелмеген, әркелкі көлемді ошақтар мен жолақтар есебінен шұбарланғаны көрінеді. Микроскоппен кардиомиоциттердің бүлініп, нәруыздық дистрофияға, майлануға, лизиске ұшырағаны, түйір-түйір, кесек-кесек болып ыдырағаны анықталады. Әдетте бұл зақымдану ошақтарын гистиоциттер, лимфоциттер, фибробластар, т.б. торшалар шоғырлары жайлайды, бүлінген ет талшықтарында кальций тұзы шөгеді (дистрофиялық әктену). Мал сауығып кеткен болса, жүрек етіндегі зақымдану ошақтары тыртықтанып жазылады. Белсенді қызымет атқаратын сауыр-сан, иық, қабыртқа аралық, тіл және шайнау бұлшық еттері зақымданып, оларда миокардтағыдай өзерістер туындайды. Зияндылығы шартты микробтар әрекетінен қаңқа бұлшық еттеріндегі дерттік процесс іріңдеп қабынуға шіріп ыдырауға ұласуы, қан тамырлары зақымданып, гематомалар туындауы мүмкін. Өлекседе септицемияға тән өзгерістер байқалады.

Аусылды балау және емдеу
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады. Аусыл ең алғаш байқалғанда міндетті түрде қоздырушы вирусты бөліп, оның типі мен вариантын анықтайды, Ол үшін кемінде 5 г афтаны тең мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6 фосфат буферінің қосьшдысынан даярланған консервантқа салып зертханаға жібереді. Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), диффузиялық преципитация реакциясы (ДГІР), қосалқы гемаглютинация реакцтясы (ҚГАР), комлпемент байланыстыруды тежеу реакциясы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясы (БР) қолданылады. Бұл реакцияларда аусыл вирусының барлық типтері мен варианттарының лапинделген штамдарынан даярланған инфекциялық қасиеті жок антигендер қолданылады. Ал ҚГАР-да танинденген, формалинденген гипериммунды қан сарысуымен сенсибизацияланған қойдың эритроциті (антиденелік диагностикум) қолданылады. Аусыл вирусының типтері мен варианттарын айқындау үшін биосынама да қолданылады. Қазіргі уақытта бүл мақсатта ірі қара өте сирек пайдаланылады да, әдетте 4-6 күндік бала тышқандарды, салмағы 500 г кем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдардағы аусыл ауруының қоздырушысы
Ірі қара малының аусыл кезінде ветеринариялық шараларды ұйымдастыру
«бұзау аусылы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Аусыл ауруы
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Ауру ашатұяқтыларға тән
Аусыл ауруының анықтамасы
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Жұкпалы ауруларды дауалау шаралары
Қазақтың ақбас сиыры
Пәндер