Растрлық графика программалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда облысының білім басқармасы
М. Мәметова атындағы Қызылорда Педагогикалық жоғары колледжі ҚМКҚ

Реферат

Тақырыбы: Растрлық графика

Орындаған: Мырзамұрат Сымбат Манарбекқызы

Мамандығы: 0111000-Негізгі орта білім (0111093-Информатика пәні мұғалімі) (И-и-16)

Қабылдаған: Аймұхамбетов Досбол Юсупович (Информатика пәнінің оқытушысы)

Қызылорда, 2019 жыл

Мазмұны

І. РАСТРЛЫҚ ГРАФИКА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 3
ІІ. РАСТРЛЫҚ ГРАФИКАНЫ ВЕКТОРЛЫҚ ГРАФИКАМЕН САЛЫСТЫРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
III. РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕНІ ҚҰРУДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6



I. РАСТРЛЫҚ ГРАФИКА

Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық жəне екіншісі векторлық. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену, компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан жəне қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.
Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын əрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады жəне əр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен жəне көлденең орналасқан пиксельдердің саны) жəне əр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тəуелді болады. Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, əсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

1.1 Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, əдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің əр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп жəне сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) жəне полиграфиялық
басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық
редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен 3салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық

фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Растрлық графика. Нүктелердің жиынтығынан құралатын растрлық кескіндер үшін руқсат нүктелер саны (айыру қабілеті) ұғымы маңызды орын алады, ол ұзындық бірлігінде анықталған нүктелердің санын білдіреді. Мұнда оның төмендігі түрлерін ажыратады:
1) түп нұсқаның айыру қабілеті; (дюймдағы нүкте арқылы анықталады);
2) экрандық кескіннің айыру қабілеті (элементарлық нүкте - пиксель);
3) басылу кескінінің айыру қабілеті (дюймда сызық - миниатура).
Растрлық графиканың принципі қарапайым. Біріншіден, бұл мозаика, екіншіден, таспаларға салу - кескіндерді дайындық қатты қағаздарынан қабырғаға көшірудің тиімді əдісі.
Растрлық графика кескін құрайтын жүздеген, мыңдаған пиксельдермен жұмыс жасайды. Бірақ пиксельдер өздерінің қандай объектіні құрып жатқанын білмейді.
Растрлық графика программалары: Paint, (Fractal Design), Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photoshop. Растрлық кескін алудың аппараттық жабдықтары: сканелер, цифрлық фотокамералар, графикалық планшеттер, т.б..
Артықшылықтары:
1) Егер растрлық пикселдер өте кіші болса, онда растрлық кескіндер фотографиядан кем болмайды;
2) Растрлық суреттер принтермен оңай басылып шығады
Кемшіліктері:
1) Растрлық кескіндерді сақтау үшін жадыдан көп орын қажет;
2) Масштабтауда, бұруда жəне басқа түрлендірулерде растрлық кескіндер өте аз мүмкіндіктер береді.__

II. РАСТРЛЫҚ ГРАФИКАНЫ ВЕКТОРЛЫҚ ГРАФИКАМЕН САЛЫСТЫРУ

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Салыстыру критерийлері Растрлық графика Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну əдісі Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.
Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

III. РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕНІ ҚҰРУДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ

Компьютерлік екі өлшемді бейнелерді құруға арналған бағдарламалар арасындағы ең танымалы Fractal Pesign компаниясының Painter, Macromedia компаниясындағы FreeHand жəне Faueve Matisse. Painter пакеті сурет салудағы ең спектрлі құрылымдарды жəне түспен жұмысты жақсы иеленді. өзінің кезегінде FreeHand бағдарламасының соңғы нұсқасы бейнені жəне мəтінді редактрлеуді иеленді, сонымен қатар түспен жұмыс жасауға арналған құралдардан тұрады. Macintosh платформасында бейнені құруға арналған бағдарламалар ортасынан растрлық бейнені редактрлеуге арналған PixelPaint пакетін ерекше атауға болады. Silicon Graphics (SGI) графикалық станциясы үшін компьютерлік бейнелі бағдарламалыр арасынан үш өлшемді модельдегі шынайы уақыт режимында əртүрлі құралдармен жұмыс жасау мүмкіндігі бар Alser Wavefront компаниясының Studio Paint3D пакеті ерекше орын алады. Пакет бейненің шексіз қабаттарымен жұмыс жасайды жəне алдағы əрекеттерді ауыстырудың 30 деңгейінен тұрады. Adobe Photoshop. Кеңейтілген түрде растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі уақытта компьютерлік
графикада стандартты болып табылады.
Adobe Photoshop бағдарламасының барлық басты басқару элементтері меню жолында жəне саймандар понелінде орналасқан. Негізгі топты диалогтық терезе құрайды - құрал палитрасы:
:: қылқалам палитрасы құралдарды реттеу параметрін күйге келтіруін басқарады. Қылқаламды редактрлеу режимі палитрадағы бейнені екі рет шерткеннен кейін шығады. Ctrl батрмасын басқаннан кезде қылқалам жойылады. Палитраның бос жерін екі рет шерткен уақытта палитраға автоматты түрде қосылатын жаңа қылқаламды форматтайтын диалогтық терезе ашылады.
:: Параметрлер палитрасы ағымдағы құралдар қасиетін редактрлеу үшін
арналған. Оны меню жолынан ғана емес, құралдар панеліндегі құрал жұлдызшасын екі рет шертіп ашуға болады. Палитраны басқару элементінің құрамы таңдалған құралға байланысты.
:: Инфо палитрасы ақпараттық қолдау құралын басқарады. Бұнда: ағымдағы
тышан сілтеуішінің координаттары, ағымдағы белгіленген аумақтың көлемі, бейненің түс параметрлері жəне басқа мəліметтер анықталады.
:: Навигатор палитрасы бейненің əртүрлі бөліктері қарауға жəне көру масштабын өзгертуге мүмкіндік береді.
:: Синтез палитрасы ағымдағы түстің алдыңғы фонның түстік мəнəі анықтайды.
:: Каталог палитрасы қолданылатын түстердің жиынтығынан тұрады. Мұндай
жиынтықты жүктеуге жəне редактрлеуге болады. Алдыңғы фонның түсн жиынтық құрамыннан алуға болады.
:: Қабат (слои) палитрасы басынан бастап бейненің барлық қабатын басқаруға

арналған.
:: Каналдар палитрасы белгілеу, құру, көшіру жəне каналдарды жою, олардың
параметрлерін анықтау, орындарын ауыстыруға арналған.
:: Контурлар палитрасы құрылған барлық контурлар тізімінен тұрады.
:: Операций палитрасы макрокомандаларды құруға арналған.
Макрокомандаларды жазуға, орындауға, редакрлеуге, жоюға, файл түрінде сақтауға болады.
Бағдарламалық ортада бейнені өңдеуде негізгі топты Филтрлеу алады.
Векторлақ графикалық бағдарламалар
Қазіргі уақытта көптеген иллюстративтік графикалық пакеттер бар.
Графикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер графикасы
Графика түрлері: растрлық графика векторлық графика 3Д графика
Қолданбалы программалық жасақтама
Графикалық мәліметтердің бейнелену негізі
Мультимедиа технологиясы
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Компьютерлік графика бойынша
Графикалық кескіндерді сақтау форматтары
Полиграфиядағы дизайн элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері
Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері
Пәндер